Сборник методических разработок учителей алматы, 2016 1 (082) ббк 74. 00


Подведение итогов. Награждение победителей



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата18.01.2017
өлшемі1,65 Mb.
#2134
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Подведение итогов. Награждение победителей.

12


СЧАСТЬЕ  ЧЕЛОВЕКА

Усенова  Жанар  Сагидуллаевна

Заместитель директора по ВР, 

 учитель  самопознании

Класс: 9  класс

Цель: углубить представления учащихся об общечеловеческой ценности «счастье».

Задачи:

- формирование осознанного стремления быть счастливым;

- развитие позитивно мировосприятия, способности радоваться жизни;

-   воспитание   активной   личности,   способной   ощутить   свою   творческую   состоятельность,   стремящейся   к

самовыражению, самосовершенствованию.

Организационный  момент. Круг  радости.

Урок начинается с традиционного приветствия учеников,  учитель  желает им успехов в учебе (передают друг-

другу сердечко  с наилучшими пожеланиями).

Позитивный настрой (под тихую, спокойную музыку)

          Концентрация на Свете. Учитель: Пожалуйста, сядьте удобно, спинку держите прямо. Руки и ноги не

скрещивайте,  руки можно положить на колени или на стол. Расслабьтесь. Пожалуйста, закройте глаза.

               Представьте, что солнечный свет проникает в вашу голову и опускается в середину груди. В середине

находится бутон цветка.   И под лучами света бутон медленно раскрывается, лепесток за лепестком. В вашем

сердце расцветает прекрасный цветок, свежий и чистый, омывая каждую мысль, каждое чувство, эмоцию и

желание.


               Представьте, что свет начинает все более и более распространяться по всему телу.  Он становится

сильнее и ярче. Мысленно опустите свет вниз по рукам. Ваши руки наполняются светом и освещаются. Руки

будут совершать только добрые, хорошие действия и будут помогать всем. Свет опускается вниз по ногам. Ноги

наполняются светом и освещаются. Ноги будут вести вас только к хорошим местам для совершения добрых дел.

Они станут инструментами света и любви.

         Далее свет поднимается к вашему рту, языку. Язык будет говорить только правду и хорошие, добрые слова.

Направьте свет к ушам, уши будут слушать хорошие слова, прекрасные звуки. Свет достигает глаз, глаза будут

смотреть только на хорошее и видеть во всем хорошее. Вся ваша голова наполнилась светом, и в вашей голове

только добрые, светлые мысли.

Свет становится все интенсивнее и ярче и выходит за пределы вашего тела, распространяясь расширяющимися

кругами.   Направьте   свет   всем   вашим   родным,   учителям,   друзьям,   знакомым.   Пошлите   и   тем,   с   кем   у   вас

временное непонимание, конфликты. Пусть свет наполнит их сердца. Пусть этот свет распространится на весь

мир; на всех людей, животных, растения, на все живое, повсюду…

Посылайте свет во все уголки Вселенной. Мысленно скажите: «Я в Свете… Свет внутри меня… я есть Свет»

побудьте еще немного в этом состоянии Света, любви и Покоя.

Теперь поместите этот Свет снова в ваше сердце. Вся Вселенная, наполненная Светом, находится в вашем

сердце. Сохраните ее такой прекрасной. Потихонечку можно открывать глаза. Спасибо.   

 

Деление на группы. (по геометрическим фигурам – круг, квадрат, треугольник  класс делится на 3 группы)

Проверка домашнего задания.  Для закрепления темы « О достоинстве человека» ученики должны заполнить

кластер. К слову «достоинство» найти близкие по значению слова.



Просмотр  видеофильма о  счастье  человека.

Учитель: - Ребята, посмотрев этот фильм, вы наверное, уже догадались, о чем мы сегодня будем говорить?

Наша тема сегодняшнего урока называется « Счастье человека».

Цитата урока:  Для введения в тему урока учитель предлагает ученикам подумать над смыслом изречения,

представленного в рубрике учебника «Цитата урока»:



Способ быть счастливым – сделать счастливыми других.  Р. Ингерсолл

Творческая деятельность  (работа в группе) Каждой группе раздаются заранее подготовленные на формате

стихотворение Э.Асадова «Аптека счастья». Создание  флипчарта.



 Аптека счастья.                    автор Эдуард Асадов.

Сегодня кибернетика повсюду.

Вчерашняя фантастика – пустяк!

А в будущем какое будет чудо?

Конечно, точно утверждать не буду,

Но в будущем, наверно, будет так:

13


Исчезнут все болезни человека.

А значит, и лекарства ни к чему!

А для духовных радостей ему

Открыт особый магазин-аптека.

Какая бы ни была у вас потребность,

Он в тот же миг откликнуться готов:

- Скажите, есть у вас сегодня нежность?

- Да, с добавленьем самых теплых слов!

- А мне бы счастья, бьющего ключом!

- Какого вам: на месяц? На года?

- Нет, мне б хотелось счастья навсегда!

- Такого нет. Но через месяц ждем!

Пусть шутка раздувает паруса!

Но в жизни нынче всюду чудеса!

Как знать, а вдруг еще при нашем веке

Откроются такие вот аптеки?!



Беседа:   Для дальнейшего развития представлений учащихся о нравственной основе ценности «счастье»  для

беседы даются  вопросы. 

Предлагаемые вопросы направлены на понимание и освоение содержания учебной информации.

- К нам пришло письмо от ваших сверстников из другой школы,   где есть определенные вопросы. Каждая

группа задает свои вопросы другой группе. 

(дети должны прочитать вопросы, обсудить в группе).

Успехом данной части урока может явиться коллективное рассмотрение учащимися новых граней ценности

«счастье» 

Что такое счастье?



В чем оно выражается?

Для чего человеку необходимо быть счастливым?



Когда человек счастлив?

Что нужно человеку для счастья?



Умеете ли вы радоваться жизни?



Учебная информация:  Чтобы сделать вывод размышлениям учеников в ходе обсуждения вопросов, учитель

подводит  их к осмыслению текста учебной информации:



Счастье – это состояние души, наполненной чувством радости.

По-настоящему человек счастлив тогда, когда его понимают и поддерживают окружающие его люди.

Задание:  В качестве творческого осмысления полученных знаний и для усиления связи с практикой жизни

можно предложить задание. Учитель раздает изречения группам, которые должны проанализировать, обсудить в

группе и написать в тетради свое утверждение. Один из представителей группы защищает свою точку зрения.

Самый счастливый человек тот, кто дарит счастье наибольшему числу людей. Д. Дидро

Счастье заключается не во всяком удовольствии,  а только в честном и благородном. Т.Мор.

В жизни есть только одно счастье – любить и быть любимым. Ж.Санд

Резюме «Дерево мудрости» (приклеивают стикеры)

В качестве обобщения по данной теме ученикам раздаются стикеры трех цветов (розовый, зеленый, желтый), на

которых они отвечают на следующие вопросы:

Что вы узнали на этом уроке?



Что хотели бы узнать нового о счастье?

Ваше мнение и предложение.



Групповое  пение:  Коллективно исполняется песня «Мы желаем счастья вам!»

 сл. И. Шаферана,  муз. С. Намина.

Домашнее   задание:  Напишите сочинение-размышление на тему: «Мое понимание человеческого счастья»

Круг «От сердца к сердцу».

Завершая урок, учитель приглашает всех в круг и благодарит за участие в уроке.

14


 МЕТАТАНУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУҒА 

МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРДІҢ БІРТҰТАС КЕШЕНІ

Тәуекелова  Гулбану  Қонысбайқызы

 Мектеп  әдіскері, қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

        Қазіргі таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағалайтын

болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және

кәсіби біліктілікке жету және жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру болып

табылады.

           XXI   ғасырда   әлемдегі   қайта   құрулар,   экономиканы   дамытудағы   жаңа   стратегиялық   бағдарламалар,

қоғамның  ашықтығы, оның  жедел ақпараттануы  мен  қарқынды дамуы  білім беруге қойылатын  талаптарды

түбегейлі өзгертті.

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті -

оқытудың   жаңа   технологияларын   енгізу,   білім   беруді   ақпараттандыру,   халықаралық   коммуникациялық

желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке

тұлғаны   қалыптастыруға,   дамытуға   және   кәсіби   шыңдауға   бағытталған   білім   алу   үшін   қажетті   жағдайлар

жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің

бірі   -   оқытудың   әдіс-тәсілдерін   үнемі   жетілдіріп   отыру   және   жаңа   педагогикалық   технологияны   меңгеру.

Дәстүрлі   оқыту   технологиясының   оқушылардың   ғылым   негіздерін   мемлекеттік   стандарт   деңгейінде   толық

меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде.

             Сондықтан     кез келген пәнді оқытуда өзекті мәселенің бірі – оқушыларды өзара іс-әрекет негізінде

оқытудеуге негіз бар. Бұл жерде оқушының белсенді іс- әрекет иесі де, мұғалімнің тек бағыттаушы, үйлестіруші

болатынын аңғару қиын емес. Бұл топтық және жұптық жұмыстарда анық көрінеді. Берілген материалды өздері

оқиды, талқылайды немесе постерге түсіреді, біреуді тыңдайды және біреуге түсіндіреді

             Метатану – яғни, жеті модульдің бірі.«Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріндегі», «Қалай оқу керектігін

үйрету» теориясына негізделген іс-әрекет. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе

олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады.

        Оқыту – оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас

кешені десек,«оқуды үйрету»мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырады.



           «Оқуды   үйретудің»қозғаушы   күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ

сонымен біргеоқуды үйрету дебар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап

осы сияқтытанымдық қабілетбар да, сол сияқтытанымды тануда бар.

Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

Екінші   тезис:Оқыту   оқушының   бастапқы   білімі   мен   дағдыларын   назарға   алып,   оларды   өрістетуді   мақсат

еткенде мәнді болады.

Үшінші   тезис:Осы   байланыстарды   дамытып,   нығайту   үшін   проблемаларды   шешу   үдерісін   толыққанды

қатыстыру қажет.

Төртінші тезис:Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.

Бесінші тезис:Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Алтыншы тезис:Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

Жетінші тезис:Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған

білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.

Сегізінші тезис: Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы

керек.

       Білімге бағдарланған оқу үдерісінде мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді.



Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-

ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды.

Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы

кезекті қадам.

           Метатанудың маңызды компоненттерінің бірі - бағалау болып табылады.  Мұғалімдер оқуды бағалаумен

(жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса

пайдалы құралға айналады. Мұнда оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «Оқу

қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді.

Оқушылардың   арасында   бірлескен   жұмыс,   бір-бірін   қолдау,   топтық   рух   мадақталады.   Олар   топпен   жұмыс

істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл

философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен

сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

           Оқу қағидаттарын оқытуда оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының айтарлықтай

бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау

15


және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың ең басты идеясы болып

табылады.   Оның   себебі,   метатанудың   жеке   адамға   бағдарланған   білімде   аса   маңызды   болып   есептелетін

компоненттерді, мәселен, білім беруді бағалау сияқты бөлшектерді қамтитындығында. Метатану дағдыларының

өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды,

пәндерді  және   пән  салаларын  жылдамырақ  оқуға  және   мұғалім  тарапынан   қосымша  назар  аударуды   талап

етпеуге жол ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға

білім алуында тәуелсіздік береді. Олар қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа

тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).

        Әдетте, топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер ол оқушының

мұғалімге аса тәуелді екендігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі

басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің

жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады.

Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критериі болып табылады. Дәстүрлі оқыту

модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады: ол білім міндеттерін және оларды іске

асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; міндетті шешу кезінде оқушыға жетекшілік етеді; жұмысқа жұмсалатын

уақыт   регламентін   белгілейді;   оқушының   жұмысы   жөнінде   баға   береді   және   пікір   айтады.   Осындай   типті

жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын

айқындайды, оқудың мазмұны мен регламентін таңдайды және күтілетін нәтижелерді өзі жоспарлайды. Мұндай

жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқару қызметіне тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар

және оларды белгілі бір жағдайларға қолдануға болады. Бірақ оқушылардың есейіп, білімнің күрделенуіне және

кәсіби қызметке тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады.

       Қарқынды   дамып   жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін

талап  етеді.  Сонымен,  жаңа   кезеңдерден   өтуіне   қарай   басқа  адамдарға  тәуелділігін   қысқарту қабілетіне  ие

болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені

болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы

тәуелсіздікті   көбірек   қажетсінеді;   оқытудың   әрбір   кезеңін   оқушы   тәуелді   жағдайда   бастайды,   содан   соң

(қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне

көтеріледі



ОҚЫТУ  МЕН  ОҚУ  ҮДЕРІСІНДЕГІ  ДИАЛОГТЫҚ  ОҚЫТУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қалығұлова  Багыйлаш  Талимовна

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» бірлестігінң  жетекшісі,

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

 

   Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының 



қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар 

қауымына үлкен сын.

        Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен жылдардағы заман талабы халық санасына салмақты 

өзгерістер енгізді. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш ұрған, ғылымы мен мәдениеті қатарласа дамып келе 

жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі-ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-

тәсілдер жинақтала бастады.Себебі  ХХI ғасыр білімді халықтың ғасыры болады.

      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, 

келешек жас ұрпаққа терең білім беру мен тәрбие беруді дамыту.

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық 

және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, ол міндеттер дарынды балаларды анықтап, оларға 

қолдау көрсетіп, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған білім беруді талап етіп отыр Қазіргі кезде 

заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық 

технология қолданылып келеді. «Технология» - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды 

білдіреді.     Мақсатты білім беру - технологияның басты белгілері. А. Байтұрсынов: «Оқытатын адам бала 

оқыту ғылымын жақсы білуі керек» - деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе - өз жұмыс орнында және бүкіл 

техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын 

қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтату. Бұл дегеніміз - білім беру саласындағы 

жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген 

теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

        Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалогтық әдісті қолдануды қазіргі білім беру 

талабында оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйе

ретінде қарастыруға болады.

       Диалог дегеніміз - ауызекі сөйлеу, пікір айту, топ мүшелері арасында білім алуда бірінің пікірін бірі тыңдап 

өз пікірін қосу, тақырыпты талқылау әркім өз пікірін еркін айтып, ортаға салу. Диалог барысында оқушының 

сөз мәдениеті, танымдылық белседілік нақты ой дәлділігі айқындалады.Бұл тұрғысында «Диалогтік оқыту 

16


арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін 

қалыптастыру.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат»,-деп 

К.Д.Ушинский өте орынды баға берген Диалогтық оқыту туралы ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар Мерсер 

мен Литлтон (2007) сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Олар өз еңбектерінде диалогтың

оқушы қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын да айқындап берді. 

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38бет)

        Александердің (2004) диалогтық оқытуға сәйкес сыныпты қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, 

оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныпта ұсынылған диалогтық оқытуына сәйкес 

жүзеге асады деп есептейді. Оқушылар көзбен көргені мен ауызша ақпарат көздерімен оқып үйренгенін ауызша 

түрдегі тікелей қарым-қатынаста жүзеге асырады және бір- бірін жетелейді.

        Диалогтық оқытуды бұрындары да сабақта пайдаланып жүргеніміз белгілі. Диалогтық оқытуды 

қолданудағы мақсатым: оқушылардың бір-бірімен бірігіп белсенді іс-әрекетке баруға, сабаққа деген 

қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік беру сияқты дағдыларды 

қалыптастыру және жетілдіру.

Зерттеу міндеттері : оқушылардың сабақтар жүйесінде оқу жетістіктерін есепке алу, оқушылардың диалогтық 

тәсілдерін жандандыру;

Күтілетін нәтиже : сабақ барысында оқушылардың не біліп, не білмейтіндігі анықталады; нақты білімдері 

тұжырымдалады;

         Диалог тәсілінің оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де маңызы мен пайдасы өте зор. Диалог – негізінде 

білім беру мен білім алу, оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтың 

шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал.

       Оқушылардың көбірек білетін адамдармен яғни мұғалімдермен, оқушылармен диалог жүргізу мүмкіндігі 

болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен диалогтік 

сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсетеді. Осыған дәлел ретінде мектептегі тәжірибе кезеңіндегі әдебиет 

сабақтарында диалог арқылы оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге, топтастыруға және 

толықтыруларына мүмкіндік берілді.

      Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып 

саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен 

оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар 

құрылады. Диалогтық сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты 

ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Белсенді сөйлеу 

әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.

БІЛІМ  БЕРУ  ЖҮЙЕСІНДЕ  ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  

ТИІМДІ  ҚОЛДАНУ – ЗАМАН  ТАЛАБЫ

Ақжолова  Сауле  Тұраровна  

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

          Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру

мақсатында   елімізде   білім   берудің   жаңа   жүйесі   құрылуда.   Қазақстан     Республикасының     «Білім   туралы»

заңында   «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық     құндылықтар, ғылым   мен

практика жетістіктері негізінде жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және кәсіби  шыңдауға бағытталған

білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке   адамның   шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін

дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін

жағдай     жасау арқылы  интеллект     байыту» делінген.  Бұл  еліміздің   болашағы  білім  беру  жүйесін   одан   әрі

жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге  асыру  тәрізді  мәселелерді және ұстаздарға өзінің білім,

білік сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге

асыратын кім?  Ол- жаңа  заман мұғалімі. Олай  болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – биік тұлға

ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметтері арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді.

Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады. 

          Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады.

Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары  жетілген

мұғалімнің шығар тауының биік  болу мүмкіндігі мол.

             Білімнің  сапасы, ең  алдымен, мақсаттың  және нәтиженің  сапасы,  одан  кейін  басқарудың, ұстаздың,

педагогикалық   әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа кезеңде

адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан  да мол деңгейде білім беру деген сөз.   Демек, бүгінгі  заман

мұғалімі  қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын

меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. 

      Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты,  жан-жақты

17


маман болу мүмкін емес. Осыған орай, қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру

мақсатында  іздену  үстінде. Білім беру жүйесіндегі  шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша  ұйымдастыру

немесе технологияландыру деп түсінемін.

  Қазіргі   заман   талабына   сай   білім   берудің   даму   бағыты   мен   тенденцияларын   қамтитын       педагогикалық

технологиялар  қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар оқыту  мен оқу  үрдісіне

енгізіліп, оң  нәтижелер  көрсетуде.  Елімізде  білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану

басты   мақсат   болып   отыр.Ол   тек   қана   техникалық   құрал   емес,   сонымен   бірге   жаңа   ақпараттық,

коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

     Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық

құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын

көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге  шетел

тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін

сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. 

   Компьютерлік  телекоммуникациялар  бүгінгі  қоғамда  үлкен қолданысқа ие. Мәселен, бизнесте, ақпараттық

құралдарда,   ғылым   мен   білімде.   Қазіргі   заман   мұғалімі   тек   өз   пәнінің   терең   білгірі     болу   емес,   тарихи-

танымдық,   педагогикалық-психологиялық   сауатты,   саяси-   экономикалық   білімді   және   ақпараттық-

коммуникациялық     білімді   және   ақпараттық-   коммуникациялық   технологияны   жан-жақты   меңгерген,

ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып

келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды   қолданудың

сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты, онымен бірге білім

жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы)  енгізілді.

   Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның

жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар

білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби құзіретті ұстаздар болмақ. 

  Сондықтан   педагогика   ғылымында   кәсіби   құзыреттілік   коммуникативтік,   ақпараттық,   регулятивтік,

операционалдық және интеллектуалды-педагогикалық   құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал, жаңа

қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім

құндылығын түсінетін, педагогикалық  технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде

кәсіби  құзыретті болуы тиіс.

     Әлемдік  бәсекелестік заманында әрбір адамның  білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік  мүмкіндігін

анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері  күн тәртібіне өткір қойылып, адамның  білімі мен біліктілігі

қазіргі   кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне   айналып   отыр. Бәсекеге

қабілетті,   интеллектуалдық   күші   жетік   маман-кадрлар   болмай,   әлемдік   бәсекеге   төтеп   бере   алатындай

экономика   дамымайды.   Қай     заманда     да   өркениеттің   өрлеуі   интеллектуалдық   шығармашылық   қабілеттің

негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар,

дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға  арналған

іс-шаралардың  бәрі  де   ұстаздың     жаңашыл    педагогикалық  ойлауына,   жеке   адамды   дамыту  құралы   болып

табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби  шыңдалуына  негіз болады.

   Оқу мақсаты басымдылығының   өзгеруі білім мен тәрбие   мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңар-

тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді.

   Жаңа   мазмұнды   оқытудың   нәтижелілігі   мұғалімнің   шеберлігі   мен   ізденісіне   көп   байланысты.   Бәсекеге

қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың  білімділігін, жан-жақтылығын  және  кәсіби шеберлігін талап етері

сөзсіз. Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа   тәлім-тәрбие   береміз   деу

қазіргі  заман  талабына сай келмейді. Бұл  бізге үлкен  жауапкершілік  жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу –

біздің  міндетіміз.

    «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас

ұрпақтың   меңгерген   біліміне,   алған     тәжірибесіне   байланысты   екеніне   еш   күмән   жоқ.   Бала   мектеп

табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы   бала   бойындағы   ынта   мен ерік, жігерді   ары

қарай   ұштай   білу   -   әр   ұстаздың   алдында   тұрған   үлкен   міндеті,   оны   атқару   барысында   ұстаз   балалардың

танымдық   оқу   іс-әрекетін   инновациялық   әдістерді,   ақпараттық   технологияларды   қолдану   арқылы   сауатты

ұйымдастыра және     басқара білуі тиіс.  Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан

Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі қағидаттардың   бірі - оқушылардың мүдделерін қолдау

болып   табылады.   Осыған   орай   әрбір   мұғалімнің   ең   негізгі   міндеті   әрбір   оқушының   білім   алуға   деген

қызығушылығын   арттырып,     әрбір   оқушының   шығармашылық   шабытының   шыңдалуына     жағдай   жасау.

Осының   негізінде   ең   негізгі   педагогикалық   міндет   шешіледі:   ол   Қазақстан   Республикасының   азаматын

қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

  ХХІ ғасыр- жаһандану заманы, біз өмір сүріп отырған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай

болса,   педагогикалық   және   ақпараттық-коммуникациялық   технологиялардың   үйлесуі   білім   беру   үдерісінің

қажетті   деңгейіне   қол   жеткізуі   тиіс.   Сондықтан   білім   беруге   қойылатын   талаптар   үнемі   өзгеріп,   қазіргі

мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей

білуі, шығармашылықпен  ойлап, шешім  қабылдауы  және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

18



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет