Сборник методических разработок учителей алматы, 2016 1 (082) ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата18.01.2017
өлшемі1,65 Mb.
#2134
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ 

АНЫҚТАУДЫҢ ТИІМДІ  ЖОЛДАРЫ

Касенова  Венера  Серикказиновна

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

     «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, 

Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси 

экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді. «Баланы 

оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей   отырып   Эдгард 

Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды.               

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың 

қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер 

енгізілді.Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Барлық 

мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға 

тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және 

мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау 

үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.

       Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы 

орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, 

талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар 

балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.     Тәжiрибеге 

жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп 

стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде«жалпы мектептік саясатты»және орта буын 

деңгейінде«кеңейтілген»мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын 

көрсетеді. 

     Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ 

уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған 

мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл 

әрекеті басым болып келеді.

         Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін 

жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.

Дарынды және талантты оқушыларды айқындаудың жолдары:

1. Даралап оқыту;

2. Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;

3. Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;

4. Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым 

салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;

5. Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — 

дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және 

оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, 

оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін 

оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір 

әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

      Дарынды балаларды  оқытуда   Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы   

негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Сол себептен, әр 

оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана 

жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

     Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде 

бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық 

пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен 

танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап 

емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл 

дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері 

айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға 

жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. 



Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады:

·Шағармашылық   дарындық;

19


·Интеллектуалды, табиғи   дарындылық;

·Лидерлік   дарындылық.

      В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер  

деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің 

жиынтығының бірлігі деуге болады», — деп тұжырымдайды.

       Педагог баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуымыз керек. Кейбір 

балалар өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды 

немесе өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата-ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың 

құрбыларымен, сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз өте қажет. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің 

сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім 

сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. 

     Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп 

қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне 

байланысты.

        Дарынды және талантты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:

«Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен 

қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән 

берген. Сонымен,дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске 

сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда (оқушыларда) кездесетін 

қасиетті айтамыз.



ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ   ТИІМДІ   ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ  АРҚЫЛЫ  

ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА  БАУЛУ

Байқожаева  Ұлтуған  Мұхамыровна

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

 

   XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын



жүзеге   асыратын   білім   жүйесінің   ұйымдық   құрылымдарына   іздеу   болып   табылады.

 Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары .

   Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды

сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын

өзіндік   іздеу   арқылы   оқушы   шын   мәнінде   ойланады».   Осыдан   сын   тұрғысынан   ойлау   бағдарламасының

бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

        «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін-тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»

Альберт Эйнштейн дегендей мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына

сеніп тапсырылып отырған басты тұлға екені ұстаз екені де баршаға белгілі. Альберт Эйнштейннің пікірін одан

әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан бұл мұғалімнің

бағыттаушы,   ал   екінші   жағынан   оқушының   өзінің   ішкі   әрекеті.   Ол   оқушының   белсенді   білім   игеруі   мен

қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. 

        Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің

мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы

болды. Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының

барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы

қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.

Баланың   шығармашылық   іс-әрекеттерін,   ұлттық   мәдениет   пен   рухани   құндылықтарын   тәрбиелеу   ана   тілі

арқылы   жүзеге   асады.   Оқытатын   пәндердің   бәріне   бірдей   керекті,   бәрін   қаусырып,   орап   алатын   пән   екені

даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. 

        Ана тілін үйрену, сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, 

бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, меңгереді. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,

ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Шығармашылық сабақтар әр оқушының жеке қабілеттері мен 

мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Оқушының 

шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін әдіс-тәсілдерінің 

жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, 

білім алуға әрекеттенеді.

        Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, 

түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық 

технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу

үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама 

негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

20


2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

        Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын 

дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз 

ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын 

айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.

       Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қортындысын шығару. Оқыту үшін бағалау 

(формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, ым 

ишара арқылы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.

       АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, 

интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге 

дағдыландырады.

             Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында 

дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға 

қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып 

табылады.

          Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер 

таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық 

қамтылып шығады.

         Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез – келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға 

болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді, 

интертақтамен сабақ көруге дағдыланды, бағалау түрлерін пайдалана білді.

        Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын 

дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу 

кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.

• Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;

• Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;

• Оқуға ынта-ықыласы артты;

• Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;

• Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;

• Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;

• Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:

        Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, 

шығармашылығын ашу.    Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің   ғылымның   сарқылмас көзін ашудағы 

еңбектерін   жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең 

де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, 

дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

ҚАЗІРГІ  БІЛІМ  БЕРУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ  

ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ

Мырзағали  Айнұр  Қайырбекқызы

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

        Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру

мақсатында   елімізде   білім   берудің   жаңа   жүйесі   құрылуда.   Қазақстан     Республикасының     «Білім   туралы»

заңында   «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық     құндылықтар, ғылым мен

практика жетістіктері негізінде жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және кәсіби  шыңдауға бағытталған

білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке   адамның   шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін

дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін

жағдай   жасау   арқылы   интеллект     байыту»   делінген.   Бұл   еліміздің   болашағы   білім   беру  жүйесін   одан   әрі

жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге  асыру  тәрізді  мәселелерді және ұстаздарға өзінің білім,

білік сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге

асыратын кім?  Ол- жаңа  заман мұғалімі. Олай  болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – биік тұлға

ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметтері арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді.

Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады. 

21


          Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады.

Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары  жетілген

мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.

             Білімнің  сапасы, ең  алдымен, мақсаттың  және нәтиженің  сапасы,  одан  кейін  басқарудың, ұстаздың,

педагогикалық   әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа кезеңде

адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан   да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі   заман

мұғалімі  қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын

меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын  ұйымдастыра алатын  жаңашыл тұлға болуы  керек. Бүгінгі таңда

білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты,  жан-жақты маман болу мүмкін

емес. Осыған орай қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында  іздену

үстінде.   Білім   беру   жүйесіндегі     шешуші   жолдардың   бірі-   оқытуды   жаңаша     ұйымдастыру   немесе

технологияландыру деп түсінемін.

           Қазіргі заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын     педагогикалық

технологиялар  қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар оқыту  мен оқу  үрдісіне

енгізіліп, оң  нәтижелер  көрсетуде.

       Елімізде  білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек

қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру

жүйесіндегі   сабақ   берудің  жаңаша   әдісі  болып  отыр.  Елбасымыздың  Қазақстан  халқына   жолдауында    ХХІ

ғасырда  ақпараттық  қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді

шешу керектігін атап көрсетті: 

             Компьютерлік     телекоммуникациялар     бүгінгі     қоғамда     үлкен   қолданысқа   ие.   Мәселен,   бизнесте,

ақпараттық  құралдарда, ғылым мен  білімде. Қазіргі  заман  мұғалімі  тек  өз  пәнінің терең  білгірі болу емес,

тарихи-танымдық,   педагогикалық-психологиялық   сауатты,   саяси-   экономикалық   білімді   және   ақпараттық-

коммуникациялық     білімді   және   ақпараттық-   коммуникациялық   технологияны   жан-жақты   меңгерген,

ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып

келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды   қолданудың

сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты, онымен бірге білім

жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы)  енгізілді.

                   Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке

тұлғаның   жан-жақты   шығармашылық   тұрғыдан   дамуына   жол   ашуды   көздеп   отыр.   Бұл   міндеттерді   жүзеге

асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби құзыретті ұстаздар болмақ. 

               Сондықтан   педагогика   ғылымында   кәсіби   құзыреттілік   коммуникативтік,   ақпараттық,  регулятивтік,

операционалдық және интеллектуалды-педагогикалық   құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал, жаңа

қоғам  мұғалімі  тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім

құндылығын түсінетін, педагогикалық  технологияларды  меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде

кәсіби  құзыретті болуы тиіс

         Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін

анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері  күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі

қазіргі   кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне   айналып   отыр. Бәсекеге

қабілетті,   интеллектуалдық   күші   жетік   маман-кадрлар   болмай,   әлемдік   бәсекеге   төтеп   бере   алатындай

экономика   дамымайды.   Қай     заманда     да   өркениеттің   өрлеуі   интеллектуалдық   шығармашылық   қабілеттің

негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар,

дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға  арналған

іс-шаралардың  бәрі  де   ұстаздың     жаңашыл    педагогикалық  ойлауына,   жеке   адамды   дамыту  құралы   болып

табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби  шыңдалуына  негіз болады.

         Оқу мақсаты басымдылығының  өзгеруі білім мен тәрбие  мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңар-

тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді.

            Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге

қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың  білімділігін, жан-жақтылығын  және  кәсіби шеберлігін талап етері

сөзсіз. Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа   тәлім-тәрбие   береміз   деу

қазіргі  заман  талабына сай келмейді. Бұл  бізге үлкен  жауапкершілік  жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу –

біздің  міндетіміз.

         «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған

жас   ұрпақтың   меңгерген   біліміне,   алған     тәжірибесіне   байланысты   екеніне   еш   күмән   жоқ.   Бала   мектеп

табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы   бала   бойындағы   ынта   мен ерік, жігерді   ары

қарай   ұштай   білу   -   әр   ұстаздың   алдында   тұрған   үлкен   міндеті,   оны   атқару   барысында   ұстаз   балалардың

танымдық   оқу   іс-әрекетін   инновациялық   әдістерді,   ақпараттық   технологияларды   қолдану   арқылы   сауатты

ұйымдастыра және   басқара білуі тиіс.



   Нарықтық   қатынастар   негізінде   қалыптасып   келе   жатқан   Қазақстан   Республикасының   орта   білім   беру

жүйесіндегі негізгі қағидаттардың  бірі - оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір

мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып,  әрбір оқушының

22


шығармашылық шабытының шыңдалуына   жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет

шешіледі: ол Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның

өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

         ХХІ ғасыр- жаһандану заманы, біз өмір сүріп отырған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта.

Олай болса, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің

қажетті   деңгейіне   қол   жеткізуі   тиіс.   Сондықтан   білім   беруге   қойылатын   талаптар   үнемі   өзгеріп,   қазіргі

мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей

білуі, шығармашылықпен  ойлап, шешім  қабылдауы  және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.



ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

Жұпарбекова   Айгүл    Рысбекқызы 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі



Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіну; әр 

халықты, оның тілін, мәдениетін құрметтеу; туған жерін, өз Отанын сүюге, мақтан етуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, ақын-жазушылардың суреттері, интербелсенді тақта.

Мұғалім : Қазақстанның  мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  өз жолдауында «Ұлттық тіл- қазақ ұлтының рухани, мәдени 

байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру 

үшін, елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең 

алдымен, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет