Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


-бап. Аудандық өкiлдi жəне атқарушы органдардың



Pdf көрінісі
бет10/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77

12-бап. Аудандық өкiлдi жəне атқарушы органдардың өкiлеттiктерi 

Аудандық өкiлдi жəне атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:

1) облыстық өкiлдi жəне атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық 

маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгi-

зедi;

2) облыстық өкiлдi жəне атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер 



немесе  ауылдар  категорияларына  жатқызу  туралы;  кенттердi  немесе  ауыл-

дарды  құру  немесе  қайта  құру,  олардың  бағыныстылығын  өзгерту,  оларды 

есепке алу жəне тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi;

3)  кенттер  мен  ауылдардың  басқару  органдарының  пiкiрiн  ескере  оты-

рып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi жəне өзгертедi;

4)  облыстық  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдарға  аудандардың  ауылдық 

округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi жəне 

атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою жəне 

олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

5-1)  тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескере  отырып,  облыстық  ономастика

комиссиясының қорытындысы негiзiнде аудандық маңызы бар қаланың құрам-

дас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;

6) <*>

7)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  жергiлiктi  өкiлдi  жəне 



атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Аудандық  атқарушы  органдар  аудан  шекараларындағы  қазiргi  жəне 

жаңадан құрылатын елдi мекендердi есепке алуды жəне тiркеудi жүзеге асы-

рады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.



Ескерту. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 

бастап  күшiне  енедi); 09.02.2009 № 126-IV  (қолданысқа  енгiзiлу  тəртiбiн 

2-баптан қараңыз); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа ен-



гiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай 

өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Мемлекеттік тіл саясаты

77

13-бап. Қалалық өкiлдi жəне атқарушы органдардың  өкiлеттiктерi 

Қалалық өкiлдi жəне атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:

1) облыстық өкiлдi жəне атқарушы органдарға қалаларды республикалық, 

облыстық  жəне  аудандық  маңызы  бар  категорияларға  жатқызу  туралы 

ұсыныстар енгiзедi;

2)  облыстық  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдарына,  ал  республикалық 

маңызы  бар  қаланың,  астананың  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдары  Қазақстан 

Республикасының Үкiметiне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiн-

де олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;

3)  қаладағы  аудандарды  құрады  жəне  таратады,  олардың  шекараларын 

белгiлейдi жəне өзгертедi;

4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi 

жəне атқарушы органдары:

тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық ономас-

тика комиссиясымен келiсiлген республикалық маңызы бар қалалардың, 

астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде республи-

калық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  қаладағы  аудандарына, 

құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жөнiндегi 

мəселелердi шешедi;

Республикалық ономастика комиссиясының қарауына əуежайларға, порт-

тарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына,  автовокзалдарға, 

автостансаларға,  метрополитен  стансаларына,  физикалық-географиялық 

жəне  мемлекет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру,  оларды  қайта 

атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту 

жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға 

жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5)  қаладағы  аудандардың,  алаңдардың,  даңғылдардың,  бульварлардың, 

көшелердiң,  тұйық  көшелердiң,  саябақтардың,  скверлердiң,  көпiрлердiң 

жəне қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы жəне оларды қайта атау, 

олардың  атауларының  транскрипциясын  өзгерту  жөнiндегi  жұмыстардың 

орындалуын қамтамасыз етедi;

6)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  жергiлiктi  өкiлдi  жəне 

атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 13-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Президентiнiң 19.12.1995 № 

2691  Жарлығымен;  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004№ 13 (01.01.2005 

бастап күшiне енедi); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа 

енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш 

ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

14-бап. Кент, ауыл, ауылдық округ əкiмiнiң өкiлеттiктерi

Кент, ауыл, ауылдық округ əкiмi:

1) аудандық өкiлдi жəне атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кент-

тер,  ауылдар  категорияларына  жатқызу  туралы,  оларды  тарату  жəне  қайта 

құру туралы ұсыныстар енгiзедi;



Мемлекеттік тіл саясаты

78

2)  тиiстi  елдi  мекен  халқының  пiкiрiн  ескере  отырып,  аудандық  өкiлдi 



жəне атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою 

жəне олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

3)  аудандық  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдарға  кенттердiң,  ауылдық 

округтердiң,  ауылдардың  шекараларын  белгiлеу  жəне  өзгерту  туралы 

ұсыныстар енгiзедi;

4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика 

комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  осы  елдi  мекендердiң  құрамдас 

бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi.

Ескерту. 14-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Президентiнiң 19.12.1995 

№ 2691 Жарлығымен;  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 09.02.2009 № 126-

IV  (қолданысқа  енгiзiлу  тəртiбiн  2-баптан  қараңыз); 21.01.2013 № 

72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi) Заңдарымен.

14-1-бап. Əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң 

құрамдас бөлiктерiне атау беру жəне оларды қайта атау, сондай-ақ 

олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезiн-

де тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескеру

1.  Əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiкте-

рiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транс-

крипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  кезiнде  тиiстi  аумақ  халқының  пiкi-

рiн  ескерудi  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  айқындайтын  тəртiппен 

жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.

2.  Тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескеру  қорытындылары  бойынша 

жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар бiрлескен шешiммен əкiмшiлiк-

аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, олар-

ды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 

мен  өзгерту  жөнiндегi  ұсыныстарды  тиiстi  ономастика  комиссияларының 

қарауына енгiзедi.

  Ескерту. 3-бөлiм 14-1-баппен  толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 

72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа 



енгiзiледi) Заңымен.

4-бөлiм. ƏКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МƏСЕЛЕЛЕРIН 

ҚАРАУ ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР

15-бап. Аймақтық деңгейде əкiмшiлiк-аумақтық құрылыс  мəселелерiн 

шешу үшiн қажеттi құжаттар мен  материалдардың тiзбегi

Аймақтық деңгейде əкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мəселелерiн шешу үшiн:

1)  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  шешiмi  немесе  облыстық 

өкiлдi жəне атқарушы органдардың мəселенi өз мəнiсiнде шешетiн (бiрлес-

кен) ұсынымы;


Мемлекеттік тіл саясаты

79

2)  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  енгiзiлетiн  ұсыныс  жөнiндегi 



тиiстi  өтiнiшi  жəне  оның  тиiмдi  екендiгiнiң  негiздемесi,  өзгертiлетiн 

аумақтың  көлемi,  онда  тұратын  халықтың  саны  туралы  мəлiметтер,  не-

гiзгi  заңды  тұлғалардың  тiзбесi,  олардың  өндiрiстiк  көрсеткiштерi, 

бұлардың  əрқайсысында  iстейтiн  жұмысшылардың  саны,  жергiлiктi  өкiлдi 

жəне  атқарушы  органдардың  құрылымы  мен  штаттары  туралы,  қайта 

ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мəселенi өз мəнiсiнде 

шешу үшiн қажеттi барлық басқа мəлiметтерi бар ұсынымы;

3)  жергiлiктi (облыстық,  аудандық,  қалалық)  өкiлдi  жəне  атқарушы 

органдардың,  кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер  əкiмдерiнiң  қаралатын 

мəселе жөнiндегi ұсыныстары;

4)  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктердiң  жаңа  шекаралары,  мəселенi  өз 

мəнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген 

схемалық  карта  қажет.  Картаға  Үкiметiнiң  өкiлi,  сондай-ақ  аумақтық 

қабылдайтын жəне беретiн өкiлдi жəне атқарушы органдардың басшылары 

қол қояды, қойылған қолдар мөрмен қуəландырылады;

5)  жүргiзiлетiн  қайта  құрулар  мен  аттарын  өзгерту  жөнiндегi  ғылыми 

сараптаманың актiсi жəне экономикалық есеп-қисап қажет.

Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 

№ 2691 Жарлығымен; 09.02.2009 № 126-IV  (қолданысқа  енгiзiлу  тəртiбiн 

2-баптан  қараңыз); 21.01.2013 № 72-V  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан 



кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

16-бап. Аумақтар шегiнде əкiмшiлiк-аумақтық 

құрылыс  мəселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар 

мен  материалдардың тiзбесi 

1) мəселенi өз мəнiсiнде шешетiн өкiлдi жəне атқарушы органның бiрлес-

кен қаулысы;

2) шешiлетiн мəселенiң мəнiсiне қатысты азаматтар конференцияларының 

хаттамалары;

3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның 

халқының  саны  туралы  мəлiметтер,  елдi  мекендердiң  өнеркəсiптiк  жəне 

басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мəселенi өз мəнiсiнде шешу үшiн 

қажеттi барлық басқа мəлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;

4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары жəне мəселенi өз мəнiсiнде шешу 

үшiн  маңызы  бар  өзге  де  жағырапиялық  деректерi  көрсетiлген  схемалық 

карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi жəне атқарушы органдарының 

басшылары қол қояды;

5)  жүргiзiлетiн  қайта  құрулар  мен  аттарын  өзгерту  жөнiндегi  ғылыми 

сараптаманың актiсi жəне экономикалық есеп-қисап. 


Мемлекеттік тіл саясаты

80

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы

3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі

1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде жəне басқа да тiлдер-

де таратылады.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сəйкес 

бұқаралық ақпаратты алу жəне оны тарату кезiнде əркiмнің ана тiлiн пайда-

лану құқығын қамтамасыз етедi.

3.  Алып  тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  отыз  күн  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гізіледі) Заңымен.

Ескерту. 3-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2005.07.08 № 67-ІІІ  Заңымен 

(Заңның  қолданысқа  енгізілу  тəртібін 2-баптан  қараңыз),  өзгеріс  енгізіл-

ді - 2009.02.06. № 123-IV (қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан қараңыз), 

2012.01.18  № 546-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік 

отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Мемлекеттік тіл саясаты

81

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасында  атап  өтілетін  мерекелердің 

құқықтық негіздерін айқындайды. 

1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер

Қазақстан  Республикасында  ұлттық  мерекелер,  мемлекеттік  мерекелер, 

кəсіби жəне өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал 

еткен,  ерекше  тарихи  маңызы  бар  оқиғалардың  құрметіне  Қазақстан 

Республикасында  белгіленген  мерекелер.  Ұлттық  мерекелерді  мейрамдау 

кезінде орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар 

өткізіледі.

Мемлекеттік  мерекелер - қоғамдық-саяси  маңызы  бар  оқиғаларға 

арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дəстүрлі түрде 

атап  өтетін  мерекелер.  Мемлекеттік  мерекелерді  мейрамдау  кезінде  ресми 

іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кəсіби  жəне  өзге  де  мерекелер - ұлттық  жəне  мемлекеттік  мерекелер 

мəртебесі  берілмеген,  азаматтардың  жекелеген  санаттары  атап  өтетін 

мерекелер.

2-бап. Ұлттық мерекелер

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап 

өтілетін 16-желтоқсан - Тəуелсіздік күні.

3-бап. Мемлекеттік мерекелер

Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  мерекелер - мына  күндері 

атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық əйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

6 шілде - Астана күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Ескерту. 3-бапқа  өзгеріс  енгізілді - ҚР 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа 

енгізілу  тəртібін 2-тармақтан  қараңыз), 2009.04.22 N 152-IV, 2011.12.14 N 



Мемлекеттік тіл саясаты

82

509-IV, 2012.10.19 N 43-V (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап 



қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Кəсіби жəне өзге де мерекелер

Кəсіби жəне өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік 

даталар болып табылады.

Мерекелік  даталар  тізбесін  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

белгілейді .

5-бап. Мереке күндері

Қазақстан Республикасындағы ұлттық жəне мемлекеттік мерекелер атап 

өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сəйкес мереке 

күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер 

болып табылады.

Демалыс жəне мереке күндері сəйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі 

жұмыс күні демалыс күні болады. 



6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы 

мереке  күндері  туралы» 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң  күші  бар 

Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 

ж., N 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын. 



Қазақстан Республикасының 

Президенті

Мемлекеттік тіл саясаты

83

Мəдениет туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

16-2) фильмге дубляж жасау – қатысушы адамдардың буындық артикуля-

циясына сай келетін аударма жолымен фильмнің дыбыстық қатарының тіл-

дік бөлігін синхронды түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық жəне 

өндірістік қызмет;

 11-бап. Азаматтардың мəдениет саласындағы міндеттері

Азаматтар:

1) Қазақстан Республикасының мəдениет саласындағы заңнамасының та-

лаптарын сақтауға;

2) тарихи жəне мəдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих жəне 

мəдениет ескерткіштерін, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;

3)  қазақ  халқы  мен  этностық  топтардың  ұлттық  мəдениетін  əдет-

ғұрыптарын,  салт-дəстүрлерін,  мемлекеттік  тілді  жəне  басқа  да  тілдерді 

құрметтеуге міндетті.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 

бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



28-2-бап. Фильмге прокаттау куəлігін беру

3. Фильмге прокаттау куəлігін алу үшін өтініш беруші:

1) уəкілетті орган басшысының атына өтінішті;

2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растай-

тын  құжаттарды;  шет  тіліндегі  құжаттарға  қазақ  жəне  (немесе)  орыс  тіл-

дерінде нотариат куəландырған көшірмесі қоса беріледі;

3) фильмнің аннотациясын;

4)  отандық  немесе  бірлесіп  түсірілген  фильмдерде  пайдаланылатын 

туындылар туралы мəліметтерді ұсынуы қажет.

 

28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі

1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  барлық  фильмді  прокаттау 

қазақ тілінде жəне басқа да тілдерде жүзеге асырылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

84

2.  Ұлттық  фильмдерді  прокаттау  қазақ  тілінде  жəне  қажеттігіне  қарай 



басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.

3. Шетел телеарналарынан ретрансляцияланған фильмдерді қоспағанда, 

прокаттау  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  аумағына  əкелiнетiн 

(жеткiзiлетiн)  барлық  фильмдерге 2012 жылғы 1 қаңтардан  бастап  қазақ 

тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.

Ескерту.  Заң 28-4-баппен  толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV 

(қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - 

ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 

отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Мемлекеттік тіл саясаты

85

Қазақстан Республикасының



Президентi 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау 

туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы

«Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413);

«Казахстанская правда» от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 1-құжат

Қолданушылар назарына!

Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

РҚАО-ның ескертпесi!

Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 31-б. қараңыз.

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  бақылаудың  жəне 

қадағалаудың  жалпы  құқықтық  негiздерiн  реттейдi  жəне  бақылау  мен 

қадағалау  қызметiн  жүзеге  асырудың  бiрыңғай  қағидаттарын  белгiлеуге, 

сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау 

жəне қадағалау жүзеге асырылатын жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары 

мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау жəне қадағалау органдары – заңнамаға сəйкес лицензиялау-

ды жəне (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын берудi, тiркеу есебiне 

қоюды, сондай-ақ тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабына 

сəйкес  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген  талаптарға 

сəйкестiгi нысанасына байқау жəне тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын мем-

лекеттiк органдар жəне олардың аумақтық бөлiмшелерi;

2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында 

көзделген,  тексерiлетiн  субъектiлерге  қоғамдық  қауiптi  салдарлардың 

туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында жəне 

тексерулердiң нəтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тəсiлдерi;

3)  мемлекеттiк  бақылау  (бұдан  əрi – бақылау) – мемлекеттiк  органның 

тексерiлетiн  субъектiлердi  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгiленген  талаптарға  олардың  қызметiнiң  сəйкестiгi  нысанасында  тек-

серу  жəне  байқау  жөнiндегi  қызметi,  оны  жүзеге  асыру  барысында  жəне 

нəтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы ша-

ралар қолданылуы мүмкiн;



Мемлекеттік тіл саясаты

86

4) мемлекеттiк қадағалау (бұдан əрi – қадағалау) – мемлекеттiк органның 



тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талап-

тарын сақтауын тексеру жəне байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру 

барысында  жəне  нəтижелерi  бойынша  құқық  шектеу  сипатындағы,  оның 

iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;

5)  тəуекел – тексерiлетiн  субъектiнiң  қызметi  нəтижесiнде  салдарының 

ауырлық дəрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, 

қоршаған  ортаға,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  заңды  мүдделерiне, 

мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

6)  тəуекелдердi  бағалау  жүйесi – бақылауды  жəне  қадағалауды  жүзеге 

асыратын  органның  тексерулердi  жоспарлау  мақсатында  жүргiзетiн  iс-ша-

ралар кешенi;

7) тексерiлетiн субъектiлер – қызметiне бақылау жəне қадағалау жүзеге 

асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк орган-

дар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi.



2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау жəне қадағалау

туралы заңнамасы

1.  Қазақстан  Республикасының  бақылау  жəне  қадағалау  туралы 

заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi жəне 

осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық ак-

тiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта 

осы  Заңда  қамтылғаннан  өзгеше  қағидалар  белгiленсе,  онда  халықаралық 

шарттың қағидалары қолданылады.



3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

 

1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында жəне осы Заңның 12-бабының



3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мəр-

тебесiне, меншiк нысанына жəне қызмет түрлерiне қарамастан, тексерiлетiн 

субъектiлерге бақылау жəне қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы 

қатынастарды реттейдi.

2. Осы Заңда:

1)  бақылау  жəне  қадағалау  органдары  жүзеге  асыратын  тексерулердi 

жүргiзу тəртiбi;

2)  бақылау  жəне  қадағалау  органдарының  тексерулер  жүргiзу  кезiндегi 

өзара iс-қимылының тəртiбi;

3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау жəне қадағалау жүргiзу кезiнде-

гi  құқықтары  мен  мiндеттерi,  олардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 

қорғау жөнiндегi шаралар;

4) бақылау жəне қадағалау органдарының жəне олардың лауазымды адам-

дарының тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.

3. Осы Заңның 4 жəне 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күшi:

1) инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге 

асыруға арналған келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;


Мемлекеттік тіл саясаты

87

2)  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  пайдалы  қазбаларды  барлауды, 



өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлауға жəне (неме-

се) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға жəне (немесе) 

пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған 

келiсiмшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;

3) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға байланысты қатынастарға 

қолданылмайды.

4. Осы Заңның күшi, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:

1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау 

жəне қадағалау;

3) сот əдiлдiгi;

4) жедел-iздестiру қызметi;

5) 

Қазақстан 



Республикасының 

мемлекеттiк 

құпиялар 

тура-


лы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.

5.  Осы  баптың 3 жəне 4-тармақтарында  көрсетiлген,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  қаржы  заңнамасы  талаптарының  сақталуына, 

қаржы  нарығы  мен  қаржы  ұйымдарын  бақылауға  жəне  қадағалауға 

байланысты  бақылау  мен  қадағалау  жүргiзу  кезiнде  туындайтын 

қатынастар  көрсетiлген  салалардағы  қатынастарды  реттейтiн  Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгiленедi.

Ескерту. 3-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - 2012.07.05 № 30-V  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет