4-бап. Бақылаудың жəне қадағалаудың қағидаттары мен мiндеттерi
1. Бақылау жəне қадағалау:
1) заңдылық;
2) бəрiнiң заң жəне сот алдындағы теңдiгi;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
4) жариялылық;
5) бақылаудың жəне қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелiлiгi;
6) мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының кəсiптiк бiлiктiлiгi мен
құзыреттiлiгi;
7) бақылау жəне қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз
лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны жəне
олардың өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
9) қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк;
10) мемлекеттiк органдар арасындағы бақылау өкiлеттiктерiнiң аражiгiн
ажырату;
11) адал тексерiлетiн субъектiлердi көтермелеу, құқық бұзушыларға
бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерiлетiн субъектiлер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын
дербес қорғауға қабiлеттiлiгiн арттыру;
13) мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жүйесiнiң есептiлiгi мен
ашықтығы;
Мемлекеттік тіл саясаты
88
14) тəуелсiздiк;
15) объективтiлiк жəне турашылдық;
16) дəйектiлiк қағидаттарына негiзделедi.
2. Бақылаудың жəне қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi,
алдау практикасының алдын алуды, табиғи жəне энергетикалық ресурстар-
ды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды əрi жеке
жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын
жəне заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн
жəне сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi
мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған
ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-
бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк
құқықтық актiлердi қоспағанда, жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру
жүргiзу тəртiбi мəселелерi бойынша заңға тəуелдi нормативтiк құқықтық ак-
тiлер қабылдауға тыйым салынады.
4. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн бақылау жəне қадағалау
мəселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
əзiрлейтiн мемлекеттiк органдар оларды кəсiпкерлiк жөнiндегi уəкiлеттi ор-
ганмен келiседi.
5. Жеке кəсiпкерлiктi бақылау жəне қадағалау Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес осы Заңның қосымшасында көрсетiлген қызмет салала-
рында жүзеге асырылады.
5-бап. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар
Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ал Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан
Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жарлықтарында жəне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында
белгiленедi.
6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды жəне қадағалауды
жүзеге асыруы кезiндегi жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты
бақылау жəне (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi,
қылмыстық қудалау, əкiмшiлiк iс жүргiзу жəне (немесе) құқық қорғау ор-
гандары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде
ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да
жағдайларда жүргiзедi.
7-бап. Бақылау
1. Бақылау iшкi бақылау жəне сыртқы бақылау болып бөлiнедi.
2. Iшкi бақылау – мемлекеттiк орган өз құрылымдық жəне аумақтық
бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдардың
Мемлекеттік тіл саясаты
89
жəне ұйымдардың мемлекеттiк орган қабылдаған шешiмдердi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асы-
ратын бақылау.
Iшкi бақылауды жүргiзу тəртiбi осы Заңның 8-бабында айқындалады.
Осы тармақтың күшi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сəй-
кес жүргiзiлетiн iшкi бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi
уəкiлеттiк берген орган жүзеге асыратын iшкi бақылауға қолданылмайды.
3. Сыртқы бақылау – бақылау жəне қадағалау органы тексерiлетiн субъек-
тiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабында көрсетiлген талаптарға сəйкестiгiн
тексеру жəне қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тəртiбi осы Заңның 10-бабында жəне 2-тара-
уында айқындалады.
Сыртқы бақылау нəтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттiк органдар өз
құзыретi шегiнде əкiмшiлiк, тəртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi
шегiнде тиiстi талап арызға бастамашылық жасайды жəне (немесе) Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
8-бап. Iшкi бақылау
1. Iшкi бақылау:
1) құқықтық актiлердiң орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық ак-
тiлерде көзделген iс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиiс iс-шаралар
қамтылған барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң жəне мемлекеттiк органның басшы лауазымды адамдарының
қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының
орындалуын бақылау болып бөлiнедi.
2. Iшкi бақылау:
1) қажеттi ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептердi жəне баяндамаларды тыңдау жəне
талқылау;
3) ревизия жəне құжаттамалық тексерудiң өзге де нысандары;
4) жергiлiктi жерлерге шыға отырып, тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тəсiлдер арқылы жүргiзiледi.
3. Iшкi бақылау мынадай өлшемдер:
1) құрылымдық, аумақтық бөлiмшелер, ведомстволық бағаныстағы
мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жəне лауазымды тұлғалар қызметiнiң
олардың алдына қойылған мiндеттерге сəйкестiгi;
2) орындаудың уақтылығы жəне толықтығы;
3) орындау кезiнде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргiзiледi.
4. Күшiне енген құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға
уəкiлеттi лауазымды тұлға не мемлекеттiк органның тиiстi құрылымдық
бөлiмшесi қажеттiгiне қарай бақылау жөнiндегi iс-шараларды əзiрлейдi.
Бұл ретте iшкi бақылауды жүзеге асыруға уəкiлеттi лауазымды тұлға не
мемлекеттiк органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесi оның орындалуы тура-
лы келiп түскен ақпаратты:
Мемлекеттік тіл саясаты
90
1) құқықтық актiнiң деңгейiн жəне орындалу сапасын;
2) құқықтық актiнi орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың се-
бептерiн жəне ауытқушылықтарды жою үшiн ықтимал шараларды белгiлеудi;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгiн;
4) құқықтық актiнi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн
нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгiн айқындау үшiн талдайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша əзiрленген ұсыныстар тиiстi
шешiм қабылдау үшiн мемлекеттiк органның басшылығына баяндалады.
Ақпаратқа талдау жүргiзген мемлекеттiк органның орындаушылары
қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.
5. Құқықтық актiде көзделген iс-шаралардың орындалуын бақылаудан
алуды жəне мерзiмдерiн ұзартуды мемлекеттiк органның басшылығы жүзеге
асырады.
6. Жоғары тұрған мемлекеттiк органның не орындаушы органның бақылау
қызметi құқықтық актiде белгiленген орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн
мемлекеттiк органның регламентiнде айқындалған тəртiппен орындаушыға
тиiстi жазбаша ескерту жiбередi.
Iшкi бақылауды ұйымдастырудың жəне жүзеге асырудың қосымша
мəселелерiн мемлекеттiк органның өзi не одан жоғары тұрған мемлекеттiк
орган айқындауы мүмкiн.
9-бап. Қадағалау
1. Қадағалау уəкiлеттi мемлекеттiк органның əкiмшiлiк iс жүргiзудi
қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шараларын қолдануы бо-
лып табылады.
Жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шаралары Қазақстан
Республикасының заңдарымен көзделедi жəне мемлекеттiк органдар, егер
тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн
қызметтерi) жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына,
бостандықтарына жəне заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен
денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiрген жағдайда қолданады.
2. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамасына сəйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын
жоғары қадағалау;
2) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бел-
гiленген тəртiппен жəне жағдайларда уəкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге
асыратын қадағалау болып бөлiнедi.
10-бап. Бақылау жəне қадағалау нысандары
1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау жəне қадағалау:
1) ұйымдастырылу жəне жүргiзiлу тəртiбi осы Заңда айқындалатын тек-
серулер;
Мемлекеттік тіл саясаты
91
2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше
көзделмесе, ұйымдастырылу жəне жүргiзiлу тəртiбi осы бапта жəне
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-
профилактикалық сипатта болатын бақылаудың жəне қадағалаудың өзге де
нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылаудың жəне қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде
тексерiлетiн субъектiнi алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статис-
тика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi органда тiркеу талап етiл-
мейдi.
Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiн бақылаудың жəне қадағалаудың өзге де
нысандарының қорытындылары бойынша олардың түрiне қарай, бұзушылық
анықталған жағдайда əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғамастан,
бiрақ тексерiлетiн субъектiге осы бұзушылықты жою тəртiбiн мiндеттi түрде
түсiндiре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды
жəне басқалары) жасалуы мүмкiн.
Осы тармақтың екiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Салық кодексi-
не сəйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлерiне қолданылмайды.
3. Бақылау жəне қадағалау органдары:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;
егер объектiнiң (субъектiнiң) орналасқан жерi бойынша оған барғанға
дейiн бiр тəулiк бұрын құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу
жөнiндегi органдарға мiндеттi түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру
құжаттарын (рəсiмдерiн) алумен (өтумен) байланысты болған;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың
тiреу жəне қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын
талаптарға сəйкес келуiне инспекция жүргiзу;
əлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi
бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылау;
iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның па-
трондары айналымы қағидаларын сақтау мəселелерi бойынша бақылауды
жүзеге асыруы;
арнаулы əлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойын-
ша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың жəне
қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына
сəйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
11-бап. Бақылау жəне қадағалау органдарының құзыретi
Бақылау жəне қадағалау органдары:
1) мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау саласындағы тиiстi бағыттағы
мемлекеттiк саясатты əзiрлейдi жəне iске асырады;
2) бақылау жəне қадағалау жүргiзудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгi-
зедi;
Мемлекеттік тіл саясаты
92
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес бақылау мен
қадағалауды ұйымдастырады жəне жүргiзедi;
4) өз құзыретi шегiнде бақылау жəне қадағалау саласындағы нормативтiк
құқықтық актiлердi əзiрлейдi жəне бекiтедi;
5) бақылау мен қадағалау тиiмдiлiгi мониторингiн ұйымдастырады жəне
жүргiзедi;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау жəне қадағалау органдарының
қызметiн өзара үйлестiрудi жүзеге асырады;
7) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жəне Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ЖҮРГIЗУ
ТƏРТIБI
12-бап. Тексерулердiң жалпы мəселелерi
1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау жəне қадағалау органдары
мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге
баруы;
2) бақылаудың жəне қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде
қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар
қажеттi ақпаратты сұрату;
3) осы Заңның 5-бабына сəйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы
ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты iс-əрекеттердiң бiрiн жасау
арқылы жүргiзетiн бақылау жəне қадағалау нысандарының бiрi.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Заңның 5-бабына сəйкес Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң
нысанасы болып табылады.
3. Осы Заңның 26-бабының 2 жəне 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда,
осы тараудың күшi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) кеден одағының кедендiк шекарасын жəне (немесе) Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде өсiмдiктер
карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында
бақылау жəне қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасында көлiктiк бақылау
бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы жүрiп өтуiне;
5) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi жəне сауда мақса-
тында теңiзде жүзу туралы заңдарына сəйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану
жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға жəне қадағалауға;
Мемлекеттік тіл саясаты
93
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру жəне пайдала-
ну талаптарын сақтауына;
7) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өткiзетiн iшкi
сауда объектiлерiнде, жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын өнiмдер мен
шикiзаттарды бiрыңғай технологиялық циклда өндiрудi, дайындауды (сою-
ды), сақтауды, өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария жəне
өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк бақылауды жəне қадағалауды
жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жəне мемлекеттiк орман қоры
аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
жəне орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануар-
лар жəне өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын
бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) карантиндiк аймақтарда жəне қолайсыз мекендерде жануарлардың аса
қауiптi аурулары бойынша iс-шараларды бақылауға жəне қадағалауға;
10) жеке жəне заңды тұлғалардың əуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi
жəне авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;
11) iшкi iстер органдарының жүргiзiлетiн жедел-профилактикалық iс-
шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш жəне улы заттардың, есiрткi,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық
заттардың жəне олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы
саласындағы бақылауға;
12) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асы-
ратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
на сəйкес орнатылған акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил
спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi
мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының
сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалауға;
14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республи-
касының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекет-
тiк бюджеттiң атқарылуы мəселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;
16) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
17) кəмелетке толмағандарға алкоголь жəне темекi өнiмдерiн сатуды,
кəмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тəртiбiн регла-
менттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
18) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң
электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан
асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам
магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану жəне олардың
техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға;
19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды
жəне жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
Мемлекеттік тіл саясаты
94
20) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда
жасауға;
21) орталық мемлекеттiк органдардың, мəслихаттардың жəне
əкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-
ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау талаптарын сақтауына;
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да əскерлерi
жəне əскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн
Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан
осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына жəне олардың
басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-
қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды
жүзеге асыруға байланысты бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыруға
қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде
туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес рет-
теледi.
5. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулер тəртiбiнiң ерек-
шелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту жəне тоқтата тұру мерзiмдерi тексеру-
лердi тағайындау, олардың нəтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан ке-
йiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 34-V
(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi),
2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
13-бап. Тəуекелдердi бағалау жүйесi
1. Мемлекеттiк органдар тексерiлетiн субъектiлердi тəуекел дəрежесiне
қарай жоғары, орташа не болмашы тəуекел топтарына жатқызады жəне олар
үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң:
1) жоғары тəуекел дəрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
2) орташа тəуекел дəрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
3) болмашы тəуекел дəрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес
кезеңдiлiгiн айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин
жəне өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық жəне мақта нарығы,
сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында осы Заңның 5-бабына
сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың
сақталуын тексеру үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң кезеңдiлiгi:
1) ветеринария, карантин жəне өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы,
астық жəне мақта нарығы саласында:
Мемлекеттік тіл саясаты
95
жоғары тəуекел дəрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
орташа тəуекел дəрежесi кезiнде – бiр жылда бiр реттен;
болмашы тəуекел дəрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға;
2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
жоғары тəуекел дəрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;
орташа тəуекел дəрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
болмашы тəуекел дəрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
3) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында:
жоғары тəуекел дəрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
орташа тəуекел дəрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
болмашы тəуекел дəрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.
Тексерiлетiн субъектiлердi тəуекел дəрежелерi бойынша бөлу салдар-
лардың ауырлығы тұрғысынан субъектiнiң маңыздылығы, осы Заңның 5-ба-
бына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талап-
тарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс
тексерулердiң нəтижелерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк органдар мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру
парақтарының нысандарына, тəуекел дəрежесiн бағалау өлшемдерiне, тек-
серулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарына қатысты актiлердi əзiрлейдi
жəне бекiтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |