21-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң
үлгiлерiн iрiктеу тəртiбi
1. Бақылау жəне қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның
iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны нормативтiк құқықтық актiлердiң
жəне Қазақстан Республикасының нормативтiк құжаттарының өнiмге
жəне өнiмдердi сынақтан өткiзу əдiстерiне қойылатын талаптарға сəйкес
анықталады.
2. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi бақылау жəне қадағалау органының
лауазымды адамы тексерiлетiн субъект басшысының немесе өкiлiнiң жəне
тексерiлетiн субъектiнiң уəкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi жəне
өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен расталады.
Өнiмдердiң iрiктеп алынған үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген жəне
пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң
барлық даналарына өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам жəне
тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен жəне тиiстi түрде iрiктеп алын-
ған өнiмнiң үлгiлерiмен бiрге сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн
Қазақстан Республикасының заңнамасымен уəкiлеттiк берiлген ұйымға
жiберiледi.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъек-
тiде қалады.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiмдердiң
үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау жəне қадағалау органының лауа-
зымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiмдердiң үлгiлерiн сақтау жəне тасымалдау осы
үлгiлердi сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) жүргiзiлетiн өлшемдердi
өзгертуге тиiс емес.
Мемлекеттік тіл саясаты
104
Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп
алатын бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамы, олардың
сақталуын жəне сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына
уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет
қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нəтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Заңның 5-ба-
бына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен сараптама жүргiзу
жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъектi өз бастамасы бойынша Қазақстан Республи-
касының заңнамасына сəйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уəкiлеттi
ұйымда өзiнде қалған үлгiге сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау жəне қадағалау органы жəне тексерiлетiн субъект жүргiзген
сараптамалар нəтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тəртiбiмен
шешiледi.
22-бап. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны жəне күнi;
2) соның негiзiнде өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүзеге асырылатын
бақылау жəне қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi жəне күнi;
3) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамның
лауазымы, тегi, аты жəне əкесiнiң аты;
4) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң ата-
уы жəне орналасқан жерi;
5) тексерiлетiн субъект уəкiлеттi адамының лауазымы жəне тегi, аты,
əкесiнiң аты;
6) өндiрушiнi, өндiру күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң
жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiмдер үлгiлерiнiң тiзбесi
жəне саны;
7) буып-түю түрi жəне мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
23-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер
Тексеру жүргiзу кезiнде бақылау жəне қадағалау органы лауазымды
адамдарының:
1) егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан əрекет ететiн
лауазымды адамдардың құзыретiне жатпаса, осы Заңның 5-бабына сəйкес
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың орын-
далуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн жəне
өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеу сынамалары тексеру объектiлерi болып
табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiне, қоршаған орта объектiлерiн жəне өндiрiстiк орта
объектiлерiн зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргiзу үшiн
Мемлекеттік тіл саясаты
105
көрсетiлген үлгiлердiң, сынамалардың белгiленген нысан бойынша жəне
(немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеп алу
қағидаларында жəне олардың зерттеу, сынау, өлшеу əдiстерiнде, техникалық
регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста бола-
тын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу
қағидаларында жəне əдiстерiнде белгiленген нормадан асатын санда iрiктеп
алынуы туралы хаттамаларды ресiмдемей, оларды iрiктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, тексеру жүргiзу нəтижесiнде алынған жəне коммерциялық,
салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын
ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
6) осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр мəселе бойынша, белгiлi бiр
кезең iшiнде бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге қатысты
көрiнеу қайта тексеру жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен
шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқығы жоқ.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы рес-
ми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-
гiзiледi) Заңымен.
24-бап. Тексерулердi ресiмдеу тəртiбi
1. Тексерудiң нəтижелерi бойынша бақылау жəне қадағалау органының
лауазымды адамы екi данада тексеру нəтижелерi туралы актi жасайды.
Тексеру нəтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты жəне орны;
2) бақылау жəне қадағалау органының атауы;
3) оның негiзiнде тексеру жүргiзiлген, тексерудi тағайындау туралы актi
жасалған күнi мен оның нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, əкесiнiң аты (ол
болған жағдайда) жəне лауазымы;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, əкесiнiң аты (ол болған
жағдайда), тексерудi жүргiзу кезiнде сол жерде болған жеке немесе заңды
тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны жəне кезеңi;
7) тексерудiң нəтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар
туралы, олардың сипаты туралы мəлiметтер;
8) тексерiлетiн субъектi өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде
қатысқан адамның актiмен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы
туралы мəлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы
көрсетiледi.
Тексерудiң нəтижелерi туралы актiге олар болған жағдайда өнiмдердiң
үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу тура-
лы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) жəне сараптамалардың
хаттамалары (қорытындылары) жəне тексеру нəтижелерiмен байланысты
басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
Мемлекеттік тіл саясаты
106
2. Тексерудiң нəтижелерi бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар
болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың
өкiлдерi оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нəтижелерi
туралы актiге қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
3. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың
көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерi бар тексерудiң
нəтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу жəне анықталған
бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау жəне басқа да iс-
қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың
өкiлдерiне тапсырылады.
4. Тексеру нəтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерiлген
субъектi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қарсылықтар болмағанда тексе-
рудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлген мерзiмдердi
көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын
шаралар туралы ақпарат беруге мiндеттi.
5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу
кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау жəне қадағалау органдарының ла-
уазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi
есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын жəне актiде баяндалған деректер-
дi көрсете отырып, жүргiзiлген iс-əрекет туралы жазба жасауға мiндеттi.
6. Түпнұсқалық бухгалтерлiк жəне өзге де құжаттарды алып қоюға жəне
алуға тыйым салынады.
Түпнұсқалық құжаттарды алып қою жəне алу Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң нормаларына сəйкес, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн-
де көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Заңның 5-бабына сəйкес Қазақстан Рес-
публикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған
жағдайда тексеру нəтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
8. Тексерiлетiн субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген
тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нəтижелерi туралы
актiнiң тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
25-бап. Бақылау жəне қадағалау органдарының лауазымды
адамдарының тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар
фактiлерi бойынша қабылдайтын шаралары
Егер тексеру жүргiзу нəтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы
Заңның 5-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында бел-
гiленген талаптарды бұзушылықтардың фактiсi анықталған болса, бақылау
жəне қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған
бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өмiрiне, денсаулығына
жəне қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне
ықтимал зиян келтiрудi болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол
Мемлекеттік тіл саясаты
107
берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы
шаралар қабылдаған кезде бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан
Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда жəне тəртiппен
прокурорды хабардар етедi.
26-бап. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының бақылауды
жəне қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тексерiлетiн субъектiлерге бақылау жəне қадағалау жүргiзу кезiнде
мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсет-
кен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына жəне үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) қағаз жəне электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мəлiметтердi) не
олардың көшiрмелерiн тексеру нəтижелерi туралы актiге қосу үшiн алуға,
сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сəйкес автоматтандырылған
деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттiк органдардың жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың
мамандарын, консультанттарын жəне сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Тексерудi жүзеге асыратын бақылау жəне қадағалау органдарының ла-
уазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға жəне
өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Бақылауды жəне қадағалауды жүргiзу кезiнде бақылау мен қадағалау
органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң
құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексерудi осы Заңда жəне (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында белгiленген негiзде жəне тəртiппен қатаң сəйкестiкте жүргiзуге;
3) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген
жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
4) осы Заңның 5-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау
жəне жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
берiлген өкiлеттiктердi уақтылы жəне толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедер-
гi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мəселелер бойынша
түсiнiктер беруге;
6) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiге тексерудiң мəнiне
қатысты қажеттi ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тəртiппен жəне
мерзiмдерде тексерiлетiн субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нəтижелерi ту-
ралы актiнi беруге;
8) алынған құжаттардың жəне тексеру жүргiзу нəтижесiнде алынған
мəлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жа-
рияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
Мемлекеттік тіл саясаты
108
27-бап. Бақылау жəне қадағалау жүргiзу кезiндегі тексерiлетiн
субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Бақылау жəне қадағалау жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлер
мыналарға:
1) тексеру жүргiзу үшiн объектiге келген бақылау жəне қадағалау
органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге
қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не
өтiп кеткен, осы Заңда белгiленген мерзiмдерге сəйкес келмеген;
осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган белгiлi бiр мəселе
бойынша, белгiлi бiр кезеңде бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъек-
тiге қатысты көрiнеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы
Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тек-
серу тағайындалған;
осы Заңның 13, 14, 15-баптарында жəне 18-бабының 1-тармағында
көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе,
жасалған не əзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiште немесе хабар-
ламада, жеке, заңды тұлғалардың жəне мемлекеттiң құқықтары мен заңды
мүдделерiн бұзу туралы өзге де өтiнiштерде көрсетiлген уақыт аралығының
шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргiзуге тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу
тапсырылған;
осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды
қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын
бiрнеше тексерiлетiн субъектiлер көрсетiлген;
тексеру мерзiмдерi осы Заңда белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;
осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сəйкес осы Заңның талаптары
өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жiбермеуге;
2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актi-
де көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мəлiметтер бермеуге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нəтижелерi туралы ак-
тiге жəне мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-əрекетiне
(əрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тəртiппен шағым жасауға;
4) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн
субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын
орындамауға;
5) тексерудi жүзеге асыру үдерiсiн, сондай-ақ лауазымды адамның
қызметiне кедергi келтiрместен, аудиотехника жəне бейнетехника
құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргiзген
жекелеген iс-əрекеттерiн тiркеуге;
6) үшiншi тұлғалардың өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруi, сондай-ақ
үшiншi тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген
Мемлекеттік тіл саясаты
109
iс-əрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға
құқылы.
2. Мемлекеттiк органдар бақылау жəне қадағалау жүргiзген кезде тек-
серiлетiн субъектiлер:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тек-
серiлетiн субъектiнiң аумағына жəне үй-жайларына бақылау жəне қадағалау
органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын
сақтай отырып, бақылау жəне қадағалау органдарының лауазымды адамда-
рына қағаз жəне электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мəлiметтердi)
не олардың көшiрмелерiн тексерудiң нəтижелерi туралы актiге қоса тiркеу
үшiн табыс етуге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сəйкес
автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне
мүмкiндiк беруге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында оны алғаны ту-
ралы белгi жасауға;
4) жүргiзiлген тексеру аяқталған күнi нəтижелерi туралы актiнi алғаны
туралы оның екiншi данасында белгi жасауға;
5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
өзгеше көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;
6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объектi үшiн
белгiленген нормативтерге сəйкес зиянды жəне қауiптi өндiрiстiк факторлар
əсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы рес-
ми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-
гiзiледi) Заңымен.
28-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып жүргiзiлген
тексерудiң жарамсыздығы
1. Егер бақылау жəне қадағалау органы тексерудi осы Заңда белгiленген
тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптарды өрескел бұза
отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Заңның 5-бабына сəйкес
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тек-
серiлетiн субъектiлердiң бұзуының дəлелi болып табылмайды.
Тексерудiң жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның
немесе соттың оның күшiн жоюына негiз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң жарамсыздығына бай-
ланысты актiнiң күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы
өтiнiш берiлген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмi бұзылған жағдайда шешiм
тексерiлетiн субъектiнiң пайдасына шешiледi.
2. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргiзуге негiздiң болмауы;
2) тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;
3) тексеру жүргiзу туралы хабарлау мерзiмiнiң сақталмауы;
4) осы Заңның 23-бабының талаптарын бұзу;
Мемлекеттік тіл саясаты
110
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты
уақыт аралығын бұзу;
6) тексерiлетiн субъектiге тексеру тағайындау туралы актiнi табыс етпеу;
7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мəселелер
бойынша тексерулер тағайындауы;
8) тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны
құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркемес-
тен, тексеру жүргiзу жатады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы рес-
ми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-
гiзiледi) Заңымен.
29-бап. Бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдар мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, iс-
əрекетiне (əрекетсiздiгiне) шағымдану тəртiбi
1. Бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерiлетiн
субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тек-
серiлетiн субъектi тиiстi бақылау жəне қадағалау органының жəне (не-
месе) лауазымды адамның iс-əрекетiне (əрекетсiздiгiне) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жоғары тұрған мем-
лекеттiк органға не сотқа шағымдануға құқылы.
2. Тексерiлетiн субъектiнiң мемлекеттiк органдардың қылмыстық
iстi қозғаумен жəне тексеру жүргiзумен байланысты iс-əрекетiне
(əрекетсiздiгiне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс
жүргiзу заңнамасында белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады.
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының бақылау жəне қадағалау
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бақылау жəне қадағалау саласындағы
заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
жауаптылыққа əкеп соғады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тəртiбi
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5)
тармақшасындағы «сəйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң
тiркеу нөмiрi» деп есептелсiн.
Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2012.01.01
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мемлекеттік тіл саясаты
111
«Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк бақылау жəне
қадағалау туралы»
2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |