Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен əкесiнiң атын жазуға байланыс-
ты мəселелердi шешу тəртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы
№ 2923 Жарлығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының тегi мен əкесiнiң атын қазақша
жазу тəжiрибесiн қазақ халқының қалыптасқан тарихи дəстүрлерiне сəйкес
келтiру жөнiндегi көптеген өтiнiш-тiлектерiн ескере келiп, қаулы етемiн:
1. Ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен əкесiнiң атының жазылуын
қазақ тiлiне тəн емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алай-
да тегi мен əкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл ретте əкесiнiң
атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздерi
қосылып, бiрге жазылады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жəне жеке басының
куəлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уəкілетті мемлекеттік ор-
ган осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен əкесінің атының
жазылуын оңайлатылған тəртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне
өзгерістер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.02.04 № 265
Жарлығымен.
3. Азаматтың тегi мен əкесiнiң атының жазылуын өзгертуi оның құқықтық
субъектiлiгiн қозғамайды, яғни тегi мен əкесiнiң атының бұрынғы жазы-
луында алған құқықтары мен мiндеттерiн доғаруға немесе өзгертуге негiз
бола алмайды.
4. Азаматтардың тегiн, есiмiн, əкесiнiң атын өзгертуге байланысты қалған
барлық өзге мəселелер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiне сəйкес шешiледi.
5. Республика Үкiметi өзiнiң құқықтық нормативтiк актiлерiн жəне
республиканың орталық атқарушы органдарының актiлерiн осы Жарлыққа
сəйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
6. Осы Жарлық, 1996 жылдың 1 мамырынан күшiне енетiн 2-тармағын
қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мемлекеттік тіл саясаты
128
Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелер туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827
Жарлығы
Қазақстандық патриотизм мен кəсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы
адамзаттық ынтымақтастықты тəрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге
де мерекелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. Тақырыбына, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2003.11.15 № 1226 жарлығымен.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мемлекеттік тіл саясаты
129
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелердің
тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.10.2011 №
164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.28 № 372
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
01.03.2013 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі); 22.11.2013 № 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 № 716 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2014 № 814; 29.08.2014 № 900
Жарлықтарымен.
1.
Геолог күні
- сəуірдің бірінші
жексенбісі
2.
Ғылым қызметкерлері күні
- 12 сəуір
2-1.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
қызметі күні
- 21 сəуір
3.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 01.03.2013 N 511 Жарлығымен.
3-1.
Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні
- 21 мамыр
4.
Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық
құрбандарын еске алу күні
- 31 мамыр
5.
Химия өнеркəсібі қызметкерлерінің күні
- мамырдың соңғы
жексенбісі
6.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рəміздері күні
- 4 маусым
7.
Эколог күні
- 5 маусым
8.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
9.
Полиция күні
- 23 маусым
9-1.
Мемлекеттік қызметші күні
- 23 маусым
10.
Жеңіл өнеркəсіп қызметкерлерінің күні
- маусымның екінші
жексенбісі
11.
Медицина қызметкері күні
- маусымның үшінші
жексенбісі
12.
Байланыс жəне ақпарат қызметкерлерінің күні
- 28 маусым
13.
Дипломатиялық қызмет күні
- 2 шілде
Мемлекеттік тіл саясаты
130
14.
Ұлттық қауіпсіздік органдары
қызметкерлерінің күні
- 13 шілде
15.
Металлург күні
- шілденің үшінші
жексенбісі
16.
Көлік қызметкерлері күні
- тамыздың бірінші
жексенбісі
17.
Құрылысшы күні
- тамыздың екінші
жексенбісі
17-1 Шекарашылар күні
- 18 тамыз
18.
Спорт күні
- тамыздың үшінші
жексенбісі
19.
Шахтер күні
- тамыздың соңғы
жексенбісі
20.
Білім күні
- 1 қыркүйек
21.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
- қыркүйектің бірінші
жексенбісі
21-1. Отбасы күні
- қыркүйектің екінші
жексенбісі
22.
Қазақстан халқы тілдерінің күні
- қыркүйектің үшінші
жексенбісі
23.
Атом саласының қызметкерлерінің күні
- 28 қыркүйек
24.
Əділет органдары қызметкерлерінің күні
- 30 қыркүйек
25.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
26.
Машина жасаушы күні
- қыркүйектің соңғы
жексенбісі
26-1. Еңбек күні
- қыркүйектің соңғы
жексенбісі
27.
Мұғалім күні
- қазанның бірінші
жексенбісі
28.
Құтқарушы күні
- 19 қазан
29.
Əлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің
күні
- қазанның соңғы
жексенбісі
30.
Статистика күні
- 8 қараша
31.
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан
Республикасының қаржы саласы
қызметкерлерінің кəсіптік мерекесі
- 15 қараша
32.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
- қарашаның үшінші
жексенбісі
33.
Прокуратура күні
- 6 желтоқсан
34.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
35.
Энергетик күні
- желтоқсанның үшінші
жексенбісі
Мемлекеттік тіл саясаты
131
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 110 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1
ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
əрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа-
рын əзірлесін жəне бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған
мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне Бағдарлама-
ның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мемлекеттік тіл саясаты
132
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 110 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамы-
ту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
Əзірлеу үшін негіз
Бағдарлама
Қазақстан
Республикасы
Конституциясының 7, 93-баптарына;
«Қазақстан Республикасындағы тіл тура-
лы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына; Қазақстан Рес-
публикасы Президентінің 2010 жылғы 1
ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі Стратегиялық даму жоспарына;
«Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасы-
ның
Президенті
Н.Ə.Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сес-
сиясында берген тапсырмаларын орын-
дау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының
3-тармағына; Ел бірлігі доктринасы-
на; Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007
жылғы 21 қарашадағы
№
1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның
бəсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 -
2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына
сəйкес əзірленді
Бағдарламаны əзірлеу
үшін жауапты мемлекеттік
орган
Қазақстан Республикасы Мəдениет минис-
трлігі
Мемлекеттік тіл саясаты
133
Бағдарламаны жүзеге асы-
ру үшін жауапты мемле-
кеттік органдар
Орталық жəне жергілікті атқарушы орган-
дар
Бағдарламаның мақсаты
Қазақстанда тұратын барлық этностардың
тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін
нығайтудың аса маңызды факторы ретін-
де мемлекеттік тілдің кең ауқымды
қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді
тіл саясаты
Міндеттері
Мемлекеттік тілді оқытудың əдіснамасын
жетілдіру жəне стандарттау;
мемлекеттік
тілді
оқытудың
инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталан-
дыру;
мемлекеттік тілді қолданудың мəртебесін
арттыру;
мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру
жəне жүйелеу;
тіл мəдениетін жетілдіру;
коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс
тілінің қызмет етуі;
Қазақстандағы тілдік əралуандықты сақтау;
ағылшын жəне басқа да шет тілдерін оқып-
үйрену
Іске асыру мерзімі
2011 - 2020 жы лдар
бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар
екінші кезең: 2014 - 2016 жылдар
үшінші кезең: 2017 - 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Мыналарды:
мемлекеттік
тілді
меңгерген
ересек
тұрғындардың үлесін («Қазтест» тапсыру-
дың нəтижесі бойынша 2014 жылға қарай -
20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға
қарай - 95%);
мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген
мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға
қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралда-
рындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін
(2014 жылға қарай -53%, 2017 жылға қарай
- 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
Мемлекеттік тіл саясаты
134
тұрғындардың
ономастикалық
комиссиялардың жұмысындағы шешім
қабылдау
процесін
талқылау
кезін-
де
қоғамдық
қолжетімділік
пен
ашықтық
қағидаттарының
сақталуына
қанағаттанушылық дəрежесін (2014 жылға
қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020
жылға қарай - 90%);
қазақ тілінің реттелген терминологиялық
қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%,
2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай
- 100%);
республикадағы орыс тілін меңгерген ере-
сек тұрғындардың үлесін (2020 жылға
қарай - 90%);
ұлттық-мəдени бірлестіктер жанындағы ана
тілдерін оқытатын курстармен қамтылған
этностардың үлесін (2014 жылға қарай -
60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға
қарай - 90%);
республикадағы ағылшын тілін меңгерген
тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай -
10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға
қарай - 20%);
үш тілді (мемлекеттік, орыс жəне ағылшын)
меңгерген тұрғындардың үлесін (2014
жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%,
2020 жылға қарай - 15 %-ға дейін) ұлғайту.
Қаржыландыру көздері
мен көлемі
2011 -
2020 жылдары Бағдарламаны іске
асыруға республикалық жəне жергілік-
ті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тыйым салынбаған басқа да қаражат
жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірін-
ші кезеңін іске асыруға арналған мемлекет-
тік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946
мың теңгені құрайды. 2011 - 2020 жылдарға
арналған Бағдарламаны қаржыландыру
көлемі
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына сəйкес тиісті қаржы жылда-
рына арналған республикалық жəне жер-
гілікті бюджеттерді қалыптастыр у кезінде
нақтыланатын болады.
Кіріспе
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасы (бұдан əрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Конституциясының 7 жəне 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы
Мемлекеттік тіл саясаты
135
тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №
922 Жарлығыменбекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін-
гі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбе-
сін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Прези-
денті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессия-
сында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының
3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бəсекеге қабілеттілігін арттырудың
2007 - 2010 жылдарға арналғантұжырымдамасына сəйкес əзірленді.
Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл
құрылысын талдауға негізделген, тіл мəселелерімен айналысатын сарапшы-
лар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып əзірленген.
Бағдарламаны əзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл сая-
сатын жүзеге асыруға қатысты мəселелерінің құқықтық реттеу тəжірибесі
зерделенді.
Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту
мен қолдану жəне мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай
жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-
ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан əрі да-
муы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге еліміз-
де тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи
алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен
болатын.
Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық жəне рухани бірліктің
басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру əрбір
Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бəсекеге
қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын
ынталандырушы тетік болуға тиіс.
Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске
асырудың барлық кезеңіне арнап уəкілетті мемлекеттік орган əзірлейтін
жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шара-
лар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың
маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына не-
гізделген жəне азаматтардың рухани-мəдени жəне тілдік қажеттіліктерін
толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысты барлық
іс-шаралар Конституцияның 7-бабына жəне Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына ба-
рынша сəйкес түзілген.
Бағдарламаны іске асырудың нəтижелі болуы жоспарланған іс-шара-
ларды іске асырудың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті нормативтік-
құқықтық базаны жетілдіру жəне негізгі бағдарламалық іс-шараларды
Мемлекеттік тіл саясаты
136
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен
қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нəтижесіне қол жеткізу
үшін барлық мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері, оның
ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиіс.
Қазіргі ахуалды талдау
Тəуелсіз Қазақстанда оңтайлы əлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру
тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.
1997 - 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997
жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына жəне Тілдер-
ді қолдану мен дамытудың 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл
құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.
2001 - 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы
стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің
əлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту жəне нығайту, орыс тілінің
жалпы мəдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін да-
мыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша
«Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мəдени жобасын іске асыру жұмысы бас-
талды.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы
тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады:
- мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді:
қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 1178 (2001 жылмен салыстырғанда
876-ға өскен), мектептер - 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты),
101 мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды;
- іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсен-
ділікпен іске асырылып келеді (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі
құжаттардың үлес салмағы шамамен 67 %-ды құрайды);
- мемлекеттік тілді оқытудың əдістемелік базасы əзірлену үстінде (көп
деңгейлі оқу-əдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі
сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі жəне үштілді 8 салалық сөздік
жарық көрді);
- мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды
енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып
отырады (сервистің 20-дан астам түрі, əлемнің 50 елін қамтитын белсенді
тұтынушылар аудиториясы бар);
- мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік
бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан əрі - БАҚ) контентінде қазақ тілін-
дегі хабарлардың көлемі, сонымен қатар баспасөздегі мемлекеттік тілдің
үлесі 50 %-дан жоғары);
- шетелде тұратын отандастармен мəдени байланыстарды дамыту жəне
нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде;
- Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың
тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7516 мектептің 1524-і орыс
тілінде, 58-і өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-еуі тəжік тілінде оқытады,
Мемлекеттік тіл саясаты
137
2097-сі - аралас мектептер; 2261 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 272-
сі орыс тілінде, 3-еуі басқа тілдерде оқытады, екі тілде оқытатын мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 808; этномəдени бірлестіктердің 190
жексенбілік мектебінде 30 этностық топ ана тілін үйренуде; Қазақстандағы
50 театрдың 9-ы аралас тілде, 15-і орыс тілінде, 1-еуі - корей, 1-еуі - неміс,
1-еуі - өзбек жəне 1-еуі ұйғыр тілдерінде).
Алдағы онжылдықтағы (2011 - 2020 жылдардағы) тіл құрылысының
қисыны елімізде бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байла-
нысты.
Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің əркелкі деңгейі. Бұл про-
блемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай əдіснамасы мен
стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық
деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің
бірыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру про-
цесін ынталандыру жəне мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей
байланысты.
Елдің əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің
жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мəселелер, ең алдымен,
халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемле-
кеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның
жəне жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып
отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мəртебесін арттыру,
оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мəселелердің маңызды тізбе-
сі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз
дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын
алып отыр.
Қазақстан қоғамындағы тіл мəдениетінің төмендеуі. Аталған аспект
бойынша, терминология, антропонимика жəне ономастика салаларындағы
проблемалар, сөйлеу мəдениеті мен жазу жүйесін жетілдіру қажеттілігі,
сондай-ақ толерантты тілдік орта құру мəселесі лингвистикалық кеңістіктің
одан əрі дамуы жолында айтарлықтай қиындықтар туындатып отыр.
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау жəне
нығайтуқажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бəсекелестік
басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан
мəдениетінің тілдік əралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін
дамыту үшін жағдай жасауға жəне халықаралық іскерлік қарым-қатынас
құралы ретіндеағылшын жəне басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байла-
нысты проблемалар жиынтығы бар.
Осы проблемаларды шешудің жəне нормативтік-құқықтық базаны
жетілдірудің басым қажеттілігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен
міндеттерді көздейді.
Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары жəне
оны іске асыру нəтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды
факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз
ететін үйлесімді тіл саясаты.
Мемлекеттік тіл саясаты
138
Бағдарламалық мақсаттар:
1) мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы;
2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
3) дамыған тіл мəдениеті - зиялы ұлттың əлеуеті;
4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест»
бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша
емтихан тапсырудың нəтижесі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары
2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі
(2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі
контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020
жылға қарай - 70%);
тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім
қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық
қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дəрежесі (2014 жылға қарай
- 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға
қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020
жылға қарай - 90%);
ұлттық-мəдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстар-
мен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға
қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014
жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
үш тілді (мемлекеттік, орыс жəне ағылшын) меңгерген тұрғындардың
үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай
- 15%).
Міндеттер:
1) мемлекеттік тілді оқытудың əдіснамасын жетілдіру жəне стандарттау;
2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
4) мемлекеттік тілді қолдану мəртебесін арттыру;
5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру жəне жүйелеу;
7) тіл мəдениетін жетілдіру;
8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
9) Қазақстандағы тілдік əралуандықты сақтау;
10) ағылшын жəне басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |