жағдайлар жасау
Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»
Нысаналы индикаторлар:
республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020
жылға қарай - 90%);
ұлттық-мəдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстар-
мен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға
қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014
жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
үш тілді (мемлекеттік, орыс жəне ағылшын) меңгерген тұрғындардың
үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай
- 15%).
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі
Төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-
тілдік кеңістігінде орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі
жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.
Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-əдістемелік жəне зият-
керлік тұрғыдан одан əрі қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды
кəсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдауға Қазақстанның
ақпараттық кеңістігінде орыс тілін пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол
жеткізілетін болады.
2. Қазақстандағы тілдік əралуандықты сақтау
Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің
ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектеп-
терге оқу-əдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді
Мемлекеттік тіл саясаты
147
білетін тəжірибелі педагог мамандарды тарту жəне халықаралық тəжірибені, за-
манауи технологияларды пайдалану жоспарланады.
Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау жəне мəдениеттерді өзара
байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен
ақпараттық қолдау арқылы мəдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру,
этностардың тарихи жəне қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды
қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.
Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жəрдемдесу этностардың
мəдени жəне шығармашылық мүмкіндіктерін одан əрі іске асыру арқылы
жоспарланады.
3. Ағылшын жəне басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас
бөліктерінің бірі іскерлік жəне халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде-
гі шет тілдері болып табылады.
Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім
беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.
Шет тілдік мəдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкіметаралық келісім-
дер аясындағы мəдени-көпшілік іс-шаралар - Шет мемлекеттердің мəдениет
күндерін, көрмелер өткізу, көркем жəне деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде
көрсету көзделеді.
Нəтижелер көрсеткіштері:
ана тілдерін үйретуге арналған əдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-
мəдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017
жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын жəне басқа да
шет тілдерін үйрету қызметін ұсынатын, тілдерді оқытатын мемлекеттік
орталықтардың үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%,
2020 жылға қарай - 100%).
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) тілдерді одан əрі дамыту мен
қолданудың нормативтік құқықтық жəне əдіснамалық базасын жетілдіруге
бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді.
Мəселен, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандартта-
рын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің жəне олардың
қызметін рейтингтік бағалау ісінің құқықтық негізін əзірлеу жұмыстарын
жүзеге асыру қарастырылады.
Бұған қоса, əкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелеуді
қамтамасыз
ету
мəселесі
бойынша
ономастика
саласындағы,
терминологиялық лексиканы біріздендіру мəселесі бойынша термино-
логия саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекі
ақпаратты сəйкестендіруді жүзеге асыру мəселесі бойынша антропонимика
саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.
Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тіл туралы
заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан норма-
тивтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
148
Осы кезеңде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жет-
кізетін, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтауға жəне оқып-
үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық
шаралар кешені, сондай-ақ нəтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу
жүйесін енгізу көзделеді.
Екінші кезең (2014 - 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-
үйрену жəне қолдану саласында, сондай-ақ тілдік əралуандықты сақтауда
жаңа стандарттар, технологиялар мен əдістерді енгізу жөніндегі практикалық
шаралар кешенін іске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде
Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ісін жүргізу, сондай-ақ
олардың қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары басталады.
Мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру жүйесін құру жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру - мемлекеттік қызметшілердің, халыққа қызмет
көрсету жəне мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің
мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі міндетті төменгі талаптарды енгізу
көзделеді. Бұған қоса, мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол
жеткізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды
күшейтумен қатар, əзірленген нормативтік құқықтық базаның негізінде қазақ
тілінің терминологиялық қорын ретке келтіру, ономастикалық кеңістікті
жүйелеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар басталатын болады.
Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017 - 2020 жылдар) мемлекеттік
тілді меңгеру дəрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру
көзделеді.
Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тіл-
ге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан əрі сақтау
жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына жəне меңгерілу деңгейіне
жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.
Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттік тілді көпшіліктің
қолдануына қол жеткізу, сондай-ақ толерантты тілдік ортаны сақтау
жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Қажетті ресурстар
2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық жəне
жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады.
Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік
бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды.
2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті қаржы жылына
арналған республикалық жəне жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде
нақтыланатын болады.
Мемлекеттік тіл саясаты
149
Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму
тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 сəуірдегі № 552
Жарлығы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына
сəйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңдегі дамуын
қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға
дейінгі) даму тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ПрезидентіН.Назарбаев
Мемлекеттік тіл саясаты
150
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 18 сəуірдегі
№ 552 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1. Паспорты
2. Кіріспе
3. Жағдайды талдау
4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
5. Мемлекеттік этносаясатты қалыптастыру мен іске асыру бойынша
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары
5.1. Ұлттық бірлікті қалыптастыру саласында
5.2. Мемлекеттік этносаясатты іске асыруға қолдау көрсету саласында
5.3. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық
үлгісін жетілдіру саласында
5.4. Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын нығайту саласында
6. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі мен ресурстық қамтамасыз ету
7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нəтижелер
1. Паспорты
Атауы: Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму
тұжырымдамасы (бұдан əрі - Тұжырымдама).
Негізгі əзірлеуші: Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі.
Негізгі орындаушы: Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан əрі -
Ассамблея) Хатшылығы.
Іске асыру мерзімі: 2013-2020 жылдар.
2. Кіріспе
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы»Заңына, «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 149Жарлығына, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасына (бұдан əрі -
Доктрина), Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқынаЖолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяның
XIX сессиясында белгіленген қағидаттарды ескере отырып, Ассамблеяның
Мемлекеттік тіл саясаты
151
2020 жылға дейінгі даму стратегиясын пысықтау жəне қабылдау туралы
тапсырмаларына сəйкес əзірленді.
Доктрина халықтың бірлігін нығайтуға, демократияны, мəдениеттер
мен өркениеттердің үндесуін дамытуға бағытталған құқықтық, əлеуметтік-
экономикалық, саяси, мемлекеттік-басқарушылық шаралардың тұтас
жүйесін жасау үшін негіз болып табылады.
Бүгінгі таңда «Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы туралы
жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сəуірдегі № 856 Жарлығымен
бекітілген Ассамблеяның орта мерзімді кезеңге арналған (2011 жылға
дейінгі) стратегиясы (бұдан əрі - Ассамблея стратегиясы) іске асырылды,
негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді.
3. Жағдайды талдау
XXI ғасыр Батыс пен Шығыс мəдениеттері мен өркениеттері байланыс-
тарының, бүкіл əлемдегі этносаралық қарым-қатынастардың, полиэтносты
қоғамдардың ықпалдасуында жаңа көзқарастар қалыптастырудың мəселе-
лерін өткір қойып отыр.
Бұл ахуалда жүйелі жалпы өркениеттік дағдарыстың белгілері бар, оның
ішіне əлемдік қаржы дағдарысынан басқа энергетикалық, экологиялық,
азық-түліктік, əлеуметтік дағдарыстардың белгілері де кіреді.
Əлемнің көптеген елдерінде этносаралық жəне дінаралық қарым-қатынас
мəселелері тағы да күн тəртібіне шықты. Еуропадағы дəстүрлі құндылықтар
жүйелері мен Азия жəне Африка мемлекеттерінен шыққан, тез өсіп келе
жатқан этностық қауымдастықтар мəдениеті арасында жанжалдар туындау
мүмкіндігі ұлғайып келе жатқаны байқалуда. Ұлттық диаспоралардың өздері
тұрып жатқан елдің қоғамына сіңісіп кетуі күн өткен сайын күрделеніп
барады. Əлемнің дамуында мəдени полифонияның барған сайын дербес
ғаламдық құбылыс ретінде көрініс беретін кезеңі тақап қалды. Əлемнің
əр өңіріндегі жəне жекелеген мемлекеттердегі өмір салтын, дəстүрлерді,
мəдениетті, этностық бейнені бірыңғай ету мүмкін емес екендігі айқын бола
бастады. Бұл жағдай түсіністік таппаса, ғаламдық əлеуметтік, мəдени, діни
қарама-қайшылықтың өршуі ықтимал дүниеге айналады.
Бүгінде бүкіл əлемде қазіргі заманның өткір мəселелері бірлескенде
жəне консенсус негізінде ғана шешілуі мүмкін екендігі жөнінде түсінік
қалыптасып келеді.
Полиэтностық жəне поликонфессиялық құрамы ажырамас сипаты болып
табылатын Қазақстан үшін қоғамдық келісім, толеранттылық, полиэтносты
қоғамның ұйысуы, мəдениетаралық жəне өркениетаралық үндесу идеяларына
бейілдік - бұл аксиома.
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда ел азаматтарының
құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін демократиялық тетіктерді дамыту
міндеті тұрды. Бүгінде, Қазақстанның 22 жылдық тəуелсіз дамуынан кейін,
этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі
ажырамас бөлігі болып табылатын «қазақстандық даму жолы» бүкіл əлемде
мойындалып отыр.
Мемлекеттік тіл саясаты
152
1995 жыл еліміздегі саяси жүйенің түбегейлі реформаланып, Президент
Н.Ə.Назарбаевтың
бастамашылығымен
республиканың
этномəдени
орталықтары негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған жылы
болды. Бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, осыған
орай этносаралық қатынастар саласындағы саясат дəйекті демократиялық
сипат алды. Барлық азаматтардың этностық қатыстылығына жəне діни
сеніміне қарамастан теңдігі қоғамдық келісімнің негізгі қағидатына айналды.
Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін мемлекет, азаматтық қоғам
институттарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, бейбітшілік пен
қоғамдық келісім идеяларын қазақстандықтардың күнделікті өмірінің
ажырамас бөлігіне айналдыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізді.
Ол жұмыстың маңызды кезеңдері - Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сəйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы, Тіл саясатының
тұжырымдамасы, Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы» Заңы, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2010 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан - 2030»стратегиясы, «Қоғамды
идеялық тұрғыда ұйыстыру - Қазақстан дамуының басты шарты»
тұжырымдамасы қоғамдық беріктіктің қажетті қорын қалыптастыруға,
толеранттылықтың ресурсын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2002 жылдан бастап бұл жұмыс Ассамблея стратегиясы негізінде
жүргізілді.
Ассамблея стратегиясы ережелерін іске асыру Ассамблеяның жыл
сайынғы сессияларында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.
Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар
жоспарлары негізінде жүргізілді.
Ассамблея стратегиясын іске асырудың қорытындысында «Қазақстан-
2030» стратегиясы міндеттерін іске асырудағы Ассамблеяның рөлін арттыру
бойынша негізгі мақсатқа жəне төмендегі нəтижелерге қол жеткізілді:
1. Мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мəдениетінің өзекті рөлін арқау
ете отырып, азаматтық жəне рухани-мəдени біртұтастық негізінде, бұқаралық
қоғамдық санада ұлттық-мемлекеттік сəйкестік туралы тұжырымның нық
қалыптасуына қол жеткізілді;
этносаралық жəне конфессияаралық толеранттылық қағидаттары мен
нормалары бекітілді;
мемлекеттік органдардың этномəдени ұйымдармен өзара іс-қимылы
күшейтілді;
жүйелі негізде этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу əлеуметтік
шиеленіскен ошақтарды уақтылы анықтауға жəне оларды жою бойынша
шараларды қолға алуға мүмкіндік берді;
ғылыми-теориялық жəне институционалдық-тəжірибелік сипатта
этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі
қалыптасты жəне іске асуда.
2. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара
тиімді іс-қимылы қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 қаулысымен бекітілген Этносаралық
жəне конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Бағдарламаны
Мемлекеттік тіл саясаты
153
іске асыруға республикалық бюджеттен 948 млн. теңге жəне жергілікті
бюджеттерден 414 млн. теңге бөлінді.
2009 жылдан Ассамблея стратегиясын іске асыру мəдениет, ақпарат,
этносаралық келісім, тілдерді дамыту салаларындағы орталық атқарушы
органның 2009-2011 жж. 2011-2014 жж. жəне 2011-2015 жж. арналған
стратегиялық жоспарларының «Толерантты тілдік орта құру - Қазақстан
халқының бірігу факторы» жəне «Ұлттың тұрақты дамуы үшін мемлекеттікті,
халықтың бірлігін одан əрі нығайту жəне қоғамның бірігуін қамтамасыз
ету» деп аталатын 2-ші жəне 4-ші стратегиялық бағыттары аясында жүзеге
асырылуда.
3. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномəдени
бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру қамтамасыз етілді. Ассамблея
820 этномəдени бірлестіктің жұмысын үйлестіруде, оның ішінде 28-і
республикалық, бұлардың 324-і əділет органдарында тіркелген, қалғандары
олардың филиалдары болып табылады жəне жергілікті атқарушы органдарда
есепті тіркеуде тұр.
Олардың дамуына барлық жағдай жасалған, Астанада Бейбітшілік
жəне келісім сарайы, өңірлерде - этномəдени бірлестіктердің кеңселері
орналасқан Достық үйлері жұмыс істейді. Жұмыс жоспарлы негізде
жүргізіледі, этномəдени бірлестіктер жұмысы туралы деректер базасы
қалыптастырылған.
Этномəдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру үшін республикалық,
сондай-ақ Астана жəне Алматы қалалық, облыстық этномəдени бірлестіктер
басшыларымен жыл сайын семинар-кеңестер ұйымдастырылады. Өңірлерде
ассамблея кеңестерінің отырыстары жүйелі түрде өткізіледі, ол отырыстарда
Мемлекет басшысының Ассамблея сессияларында жəне жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларында қойған міндеттерді шешуге этномəдени
бірлестіктерінің атсалысуы талқыланып, тиісті əдістемелік ұсынымдар
əзірленеді.
Мемлекеттік органдарға консультациялық жəне əдістемелік көмек
көрсету үшін Ассамблея Хатшылығы мəдениет, ақпарат, этносаралық келісім,
тілдерді дамыту салаларындағы уəкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп,
жыл сайын этномəдени бірлестіктермен жұмыс жөнінде анықтамалықтар,
əдістемелік ұсынымдар мен құралдар əзірлейді, мұндай жұмыс өңірлерде
де жүргізіледі. Түрлі этностар мен нақты этномəдени бірлестіктердің
мəселелерін шешу жөніндегі жұмыс оларды Ассамблеяның мақсаты мен
міндеттеріне жету үшін біріктіруге мүмкіндік берді.
4. Этносаралық қатынастар саласындағы келеңсіз үрдістердің алдын алу
бойынша сақтандыру тетіктерінің жүйесін қалыптастыру жəне ықтимал
қатерлерді жою, сондай-ақ этностық факторды саясиландыруға жол бермеу
саласында этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу жүйесін нығайтуға
қол жеткізілді.
Уəкілетті мемлекеттік органдар: əлеуметтік өлшеулерді қоса алғанда
этносаралық қатынастарға (тоқсан сайынғы тəртіпте) мониторингті;
азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, тіл саясаты
саласында құқықтардың бұзылуын анықтауға жəне жоюға мониторингті;
этностық, діни жəне тілдік себептер бойынша азаматтардың құқықтарына
нұқсан келтіретін материалдарды анықтау жөнінде бұқаралық ақпарат
құралдарына мониторингті жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіл саясаты
154
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның
стратегиялық зерттеулер институты этносаралық қатынастардың көкейтесті
мəселелері бойынша жыл сайын бірқатар зерттеулер дайындайды.
5. Ассамблеяның қызметін жетілдірудегі жəне саяси жүйені демократия-
ландырудағы, қоғамдық дамудың көкейтесті мəселелерін шешудегі рөлін
арттыруда Ассамблеяны институционалдық тұрғыдан едəуір нығайтуға қол
жеткізілді.
Этносаралық қатынастар саласын реттеу бойынша нормативтік
құқықтық база қалыптастырылды. Оның негізін 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы қалады, онда этностық тегіне, əлеуметтік,
діни немесе басқа қатыстығына қарамастан елдің барлық азаматтары үшін
тең мүмкіндіктер жасау кепілдігі, сондай-ақ этносаралық қатынастарды
мемлекеттік реттеу тетіктері, қауымдастықтың азаматтық-саяси моделі
көрсетілген. Негізгі заң этносаралық келісімді бұзатын кез келген əрекетті
конституциялық емес деп таниды.
Көрсетілген конституциялық қағидаттар 1996 жылғы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сəйкестігін қалыптастыру тұжырымдама-
сында, 1996 жылғы Тіл саясатының тұжырымдамасында, Шетелде тұратын
отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы»Заңында мемлекеттік қазақ жəне ресми қолданылатын орыс
тілдерінің мəртебесі туралы мəселе құқықтық шеңберде шешімін тапты.
Ассамблеяның нормативтік құқықтық базасы жетілдірілді. Ол «Қазақстан
халықтары Ассамблеясын құру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығымен Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган
ретінде құрылды, оның Ережесі бекітілді жəне бірінші сессиясы шақырылды.
«Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998
жылғы 17 сəуірдегі № 3913 Жарлығымен Ассамблеяның қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Ақпарат жəне қоғамдық
келісім министрлігіне жүктеліп, Ассамблеяның атқарушы хатшылығы
Министрліктің құрылымдық бөлімшесі болып белгіленді.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Консти-
туциялық заңның қабылдануына байланысты жəне Ассамблея мəртебесін
көтеру мақсатында, «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы»
Қазақстан Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 3 қазандағы № 450 Жарлығымен, оған этносаралық
қатынастарды дамыту мен нығайту жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру
жəне ұлттық саясат мəселелері бойынша заң жобаларына қоғамдық-құқықтық
сараптама жүргізу жүктелді. Ассамблеяның жұмыс органы - Атқарушы
хатшылық Президент Əкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің құрамына, ал
өңірлік ассамблеялардың атқарушы хатшылықтары - Астана жəне Алматы
қалалары, облыстар əкімдері аппараттарының құрамына енгізілді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы Қазақстан халқы
Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекеттік тіл саясаты
155
2002 жылғы 26 сəуірдегі № 856 Жарлығымен Ассамблеяның орта мерзімді
кезеңге арналған стратегиясы қабылданды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын нығайту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сəуірдегі № 1561 Жарлығы
Ассамблея Хатшылығын Президент Əкімшілігінің дербес құрылымдық
бөлімшесі ретінде, ал оның жергілікті жерлердегі хатшылықтарын - Астана
жəне Алматы қалалары, облыстар, əкімдері аппараттарының дербес
бөлімшелері ретінде белгіледі. Өңірлік ассамблеялар хатшылықтары
меңгерушілерінің кандидатураларын Ассамблея Хатшылығымен келісу
тəртібі енгізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметіне этносаралық
қатынастар мəселелері жөніндегі зерттеу орталығын құру туралы мəселені
қарау жəне Ассамблея стратегиясын одан əрі іске асыру бойынша қажетті
шаралар қабылдау тапсырылды.
2007 жылғы Конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық
орган ретінде бекітті. Қазақстандық этностардың кепілді парламенттік өкіл-
дігі қамтамасыз етілді. Ассамблея сайлайтын Мəжілістің 9 депутаты Қазақ-
станның этностық топтарының мүдделерін тұтас білдірушілер болып отыр.
Конституциялық реформаға байланысты «Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 26 сəуірдегі № 856 Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 26 шілдедегі № 370 Жарлығына сəйкес, Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып қайта аталды. Жарлық
бойынша Ассамблея заңды тұлға құрылмайтын мекеме болып белгіленді.
2008 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы» Заңы қабылданды, ол бейбітшілік пен келісімді
нығайтудағы Ассамблеяның саяси мойындалуы мен рөлін айқындады,
оның қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді, орталық пен өңірлердегі
институционалдық жоғарыдан төменге қарай бірлігін қамтамасыз етті.
Жаңадан, республикалық этномəдени бірлестіктерден сайланатын, жыл
сайын Ассамблея сессияларында ауыстырылып отыруы тиіс Ассамблея
Төрағасының орынбасарлары институты құрылды. Заңға оның Парламент
Мəжілісіне 9 депутат сайлау конституциялық құқығы көрініс тапқан ереже
енгізілді.
Мемлекет басшысы 2010 жылғы 20 сəуірде Қазақстанның Ел бірлігі
доктринасын мақұлдады. «Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын іске
асыру жөнінде 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 468
қаулысымен тиісті іс-шаралар жоспары қабылданды. 2011 жылғы 25
мамырда «Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын іске асыру жөнінде 2011-
2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің № 576 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №
149 Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже» бекітілді.
Онда, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның консультативтік-кеңесші
құрылымдарының мəртебесі мен өкілеттілігі, оның мемлекеттік органдармен
жəне қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылының ерекшеліктері, Қазақстан
Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатын əзірлеу мен іске асыруға қатысу тəртібі көрсетілді.
Мемлекеттік тіл саясаты
156
Этностық қатынастар жөніндегі заңнамалық нормалар Қазақстан
Республикасының бірқатар заңнамалық актілерінде, оның ішінде қоғамдық
бірлестіктер, сайлау туралы, саяси партиялар туралы заңнамада бар.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құқықтық
құжаттарға қосылды.
Сонымен, мемлекеттік этносаясат азаматтардың этностық қажеттіліктері
мен мүдделерін іске асыруда барлық қажетті саяси-құқықтық жағдайды
қамтамасыз етуде.
Ассамблеяның инфрақұрылымын түбегейлі нығайту, оның азаматтық
қоғаммен жəне мемлекеттік билік жүйесімен бірігуі жүргізілді. Ассамблея-
ның жанында қоғамдық қорлар жұмыс істейді, көпфункционалды веб-
портал дамып келеді, «Достық-Дружба» журналы шығуда, Ұлттық
академиялық кітапханада Ассамблеяның этносаралық тақырып бойынша
ресми депозитарийі ашылды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясында Этносаралық жəне конфессияаралық
қатынасты зерттеу жөніндегі орталық құрылды. Мемлекеттік қызметшілер
мен этномəдени бірлестіктер өкілдері үшін «Қазақстанның мемлекеттік
этносаясаты: жаңа трендтер» атты оқыту жобасы əзірленді, қазақ жəне орыс
тілдерінде арнайы əдістемелік құрал дайындалып, басылып шықты.
Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі этносаралық қатынастарға
байланысты мəселелерді талқылаудың жəне шешудің əмбебап алаңына
айналды. Барлық өңірлерде ірі жоғары оқу орындары базасында ғылыми-
сарапшылық топтар құрылған.
Этносаралық қатынастар мəселелері бойынша Жетекші сарапшы-
журналистер клубы құрылды. Өңірлік деңгейде осы сияқты құрылымдар
бар, олар этносаралық толеранттылықты нығайту жəне ақпараттық жұмысты
қамтамасыз ету саласында белсенді жұмыс істеуде.
Ассамблея мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді. Бұл жұмыс
елдегі этносаралық келісімді қамтамасыз етудің ақпараттық, білім беру,
тəрбиелік, құқық қорғау, құқықтық, сондай-ақ халықаралық аспектілерін
қамтиды. Мəдениет, ақпарат, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, білім
жəне ғылым, сондай-ақ ішкі істер салаларындағы уəкілетті мемлекеттік
органдармен бірлескен іс-қимыл жоспарлары іске асырылды.
Ассамблеядағы осы түбегейлі өзгерістер халық бірлігін қамтамасыз ету
жөніндегі мақсатты саясатқа негізделген.
Нəтижесінде Қазақстан этносаясатының төмендегідей күшті жақтары
қалыптасты:
Біріншіден, ел басшылығының саяси жігерінің болуы нəтижесінде
этностық жəне діни қатыстылығына қарамастан азаматтық теңдікті іске
асырудың пəрменді тетіктері құрылып, жүйелі негізде жетілдіріліп келеді.
Екіншіден, қазақстандық үлгі азаматтық бастамашылық, азаматтық қоғам
институттары мен мемлекеттің сындарлы үн қатысуы негізінде «төменнен»
қалыптасып, елдің қоғамдық-саяси жүйесіне үйлесімді енгізілді.
Үшіншіден, этностық топтардың азаматтық-құқықтық, жəне қоғамдық
тұрғыдан алғанда жоғары мəртебесі Қазақстанның бірегей ерекшелігіне
айналды. Қоғамымызда азаматтың кез келген этносқа, оның дəстүрлеріне,
тілі мен мəдениетіне жататындығы əрдайым құрметке жəне сенімге ие.
Мемлекеттік тіл саясаты
157
Төртіншіден, қазақстандық этностар мүдделерінің өкілдігі жəне саяси
іске асуы жоғарғы мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуда. Ел Президенті
- Конституция кепілі Ассамблеяның Төрағасы болып табылады, осының өзі
оның аса жоғары мəртебесін көрсетеді.
Ассамблеяның жоғары органы - жыл сайын өткізілетін сессияның
шешімдері барлық мемлекеттік органдар тарапынан қаралуға міндетті.
Бесіншіден, Ел Парламентіндегі этностық топтардың тікелей кепілді
өкілдік етуі Мəжілістің 9 депутатын Ассамблеяның сайлауы арқылы
қамтамасыз етіледі, олар Парламентте барлық этностардың мүддесін
тұтастай білдіреді.
Алтыншыдан, қазақстандық үлгі негізінде «Саналуандық бірлігі» деген
жұмылдырушы ұстаным енгізілген. Этностардың тілін, дəстүрлерін жəне
мəдениетін дамыту ұмтылысына қажетті жағдай жасау жөнінде мемлекет
мақсатты қолдау көрсетеді.
Жетіншіден, Қазақстанның қағидатты ұстанымы бойынша, этностық
мəселелерді саяси мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
Этносаралық қатынастар саласындағы Қазақстанның саясатына
этностық азшылықтардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық
стандарттар шеңберіндегі барлық жалпыға танымал нормалар тəн.
Мемлекеттің этносаясатын нығайтудағы кезекті қадам Доктрина
болды, онда қазақстандық қоғамды одан əрі топтастырудың кезекті
негізгі мақсаттары белгіленген жəне полиэтносты қоғамды біріктірудің
жаңа дəрежесіне - ұлттық бірлікке қол жеткізу міндеті қойылған. Оның
қағидалары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, орталық
жəне жергілікті атқарушы органдардың 2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарларында ескерілген.
Доктрина Конституция қағидаларының үйлесімді дамуы болып
табылады. Сонымен қатар, ол этносаралық қатынастар саласындағы бірқатар
шығармашылық инновацияларды қамтиды. Ұлттық бірлесуді қамтамасыз
етудің бірқатар экономикалық жəне əлеуметтік алғышарттары да белгіленген.
Доктрина елдің үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының мақсаты
мен міндетіне толық сай келеді.
Доктринаның этностық азшылықтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі
жəне полиэтносты қоғамдарды біріктірудегі халықаралық тəжірибеге қосқан
маңызды үлесі - оның этностық азшылықтардың құқықтарын қорғау жəне
қамтамасыз ету саласындағы ЕҚЫҰ-ның біріктірілген стандарттарына
негізделгендігі, ал халықаралық ұсынымдар мен стандарттар жекелеген
заңдар деңгейінде іске асырылып отырған жоқ, олар ел дамуының
стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалған.
Тұтас алғанда, этносаралық қатынастар жəне қоғамдық келісім
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру нəтижесінде этносаралық
қатынастарды жəне қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің тиімді саяси-
құқықтық, институционалды-басқару негізі қалыптасты.
Сонымен қатар, ескеруді қажет ететін бірқатар объективті факторлар бар:
жаһандық сипаттағы факторлардың əсері салдарынан əлеуметтік
сұрақтардың шиеленісуі (əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, өңірде
жəне əлем бойынша əлеуметтік жəне əскери-саяси тұрақсыздықтың таралуы,
экстремистік жəне террористік көріністердің көбеюі);
Мемлекеттік тіл саясаты
158
əлеуметтік жіктелу мəселелері, жұмыссыздық жəне қылмыс, құқықтық
мəдениеттің төмендігі;
көші-қон процестерінің күшеюі жəне көші-қон ағысының сипаты,
сондай-ақ этнодемографиялық серпін.
Этносаралық келісімнің нығаюын жəне ұлттық бірліктің қалыптасуын
тежейтін субъективті факторлар мыналар болуы мүмкін:
халықты біріктіруші фактор, əлеуметтік ұтқырлықтың жəне əр азаматтың
бəсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылатын мемлекеттік тілді жекелеген
этнос өкілдерінің төмен деңгейде білуі;
қоғамның бір бөлігінің дүниетанымдық тұрғыдан енжарлығы, ұлттық-
мемлекеттік сəйкестік пен ұлттық бірлікті нығайту тетіктерінің əлсіреуі;
этносаралық қатынастарды саясиландыру əрекеттері.
Этносаралық қатынастардың ахуалына ықпал ететін сыртқы факторлар
болып мыналар табылады:
орталық азия өңіріндегі жетекші халықаралық субъектілердің геосаяси
мүдделері;
өңірде, оның ішінде Қазақстан шекарасынан тікелей жақын жерлерде
əскери-саяси жəне этностық тұрақсыздық факторларының болуы;
діни идеяларды жамылған экстремистік, террористік жəне радикалды
топтардың құқық бұзушылық əрекеттерінің өрістеуі;
əлемнің əр түкпірінде дəстүрлі құндылықтар жүйелері мен өскелең
ұлттық жəне мəдени-тарихи қауымдастықтар арасындағы жанжалды
жағдайдың өршуі;
көшіп-қонушыларға деген төзімділік шегінің жəне бұқаралық сана-сезім
толеранттылығының төмендеуі;
қазақстандық идеалдар мен құндылықтарға, дүниетанымға, дінге ықпал
ете алатын шетелдік ақпараттық ағындардың өсуі;
елдің заңнамасын сақтамайтын діни бірлестіктер мен ағымдардың
қызметі;
шет мемлекеттердің диаспоралық саясаты;
трансұлттық қылмыстың өсуі;
конфессиялар мен этносқа бағытталған ұйымдардың саясилануы.
Аталмыш факторлар Қазақстан Республикасындағы этносаралық
қатынастардың жай-күйіне, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық
келісімге, ұлттық бірлікті қалыптастыру процесіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Қазақстандық қоғамнан қоғамды түбегейлі əлеуметтік жаңғыртуға
негізделген азаматтық топтасу, құбылмалы əлемнің қатерлері алдында өз
бірлігінің мəнін түсіну талап етіледі.
Сондықтан мемлекеттік органдар, Ассамблея тарапынан дəйекті,
мақсатты жəне мəселенің алдын алатын мынадай жұмыстар жүргізу керек:
қоғамның əлеуметтік жаңғыруын қамтамасыз ету, азаматтардың
белсенділігін күшейту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру үшін
олардың еңбек, шығармашылық əлеуетін ашу;
барлық азаматтарға ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға
негізделген ұлттық бірлікті əрі қарай нығайту;
халық бірлігінің қажетті шарты жəне əлеуметтік, қоғамдық ұтқырлықты,
жеке бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің кепілі ретінде мемлекеттік
тілді барлық азаматтардың игеруі;
Мемлекеттік тіл саясаты
159
ұлттық
бірлікті,
ұлттық-мемлекеттік
сəйкестікті,
патриотизмді
қалыптастырудың, рухани-мəдени өзара іс-қимыл мен этносаралық
қатынастарды үйлестірудің тетіктерін одан əрі нығайту;
ұлттың тұтастығын қамтамасыз етуге, мемлекетті, қоғам мен отбасын
нығайтуға бағытталған дəстүрлерді, рухани жəне имандылық құндылықтары
мен дүниетанымдық негіздерді сақтау жəне нығайту;
сыртқы қатерлер мен əсерлердің ықпалын бейтараптандыру.
Келешекте Ассамблея этносаралық жəне қоғамдық келісімді қамтамасыз
ету тетігі болып қана қоймай, конституциялық орган ретінде азаматтық
қоғам институттары үшін басты үнқатысу алаңына, жалпы ұлттық маңызы
бар мəселелер бойынша азаматтық ынтымақтастықтың тетігіне айналады.
Ассамблеяның қоғамдағы жəне мемлекеттегі орны мен рөлін айқындауға,
этносаралық саладағы барлық тетіктерді жетілдіруге, олардың жаһандық
жəне ішкі өзгерістерге бейімделуіне, «Қазақстан-2050»Стратегиясының,
Доктринаның, Қазақстан Республикасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы
туралы»Заңының міндеттерін шешуге бағытталған жаңа тұжырымдамалық
көзқарас қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |