2. Құжаттама жасау тəртібі
Құжаттарды дайындау мен рəсімдеу қағидалары
8. Мемлекеттік ұйымдардың нормативтік жəне құқықтық актілерін
дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге
асырылады.
9. Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, орыс тілі ресми түрде
қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында көзделген
жағдайда басқа тілдер де қолданылады.
Мемлекеттік тілдегі құжаттың жəне орыс тілінде немесе өзге тілде
жасалатын теңтүпнұсқалы құжаттың əрқайсысы жеке бланкілерде (жеке
парақтарда) басылып шығарылады жəне бірыңғай деректемелермен
ресімделеді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1168
қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Құжат қағаз тасығышта жасалған жəне ресімделген кезде осы Үлгілік
қағидалардың 1-қосымшасына сəйкес құжат деректемелерінің орналасу
схемасына орай белгілі дəйектілігі бар деректемелер қолданылады.
11. Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері құжаттарды А4 (210х297
мм), А5 (148х210 мм) форматтағы қағаздық стандартты парақтарында
дайындай алады. Құжаттарды қағаздың парақтарында жасау кезінде:
1) құжатты шығарған ұйымның ресми атауы;
2) хаттардан басқа құжат түрінің атауы;
3) құжаттың күні;
4) құжаттың тіркеу нөмірі;
5) құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, қолы жəне қолының
толық жазылуы;
6) мөр бедері көрсетіледі.
12. Құжаттардың бланкілері А4 немесе А5 форматты қағаздың стандартты
парақтарында дайындалады. Бланкте жəне онсыз ресімделген құжаттың
əрбір парағында кемінде:
сол жағынан – 20 мм;
оң жағынан – 10 мм;
Мемлекеттік тіл саясаты
213
жоғарғы жағынан – 10 мм;
төменгі жағынан – 10 мм жиек болуы тиіс.
Екі жақты басып шығару немесе көшіру кезінде құжат парағының сыртқы
жағында тиісінше мөлшері кемінде:
сол жағынан – 10 мм;
оң жағынан – 20 мм;
жоғарғы жағынан – 10 мм;
төменгі жағынан – 10 мм жиек болуы тиіс.
13. Ұйымда құжаттардың мынадай бланкілері қолданылады:
1) осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сəйкес ұйым хатының
бланкісі;
2) осы Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сəйкес ұйым құжатының
нақты түрінің бланкісі;
3) осы Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сəйкес ұйымның жалпы
бланкісі.
Жалпы бланк нақты құжат түрінің бланкісін типографиялық басып
шығару орынсыз болған жағдайда қолданылады.
14.
Құжаттардың бланкілері типографиялық тəсілмен, жедел
полиграфиялық құралдардың көмегімен немесе құжатты дайындау кезінде
тікелей компьютермен басылып шығарылады.
15. Мемлекеттік ұйымдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы бейнеленген түрлі түсті құжаттарының бланкілерін тиісті қызмет
түріне лицензиясы бар полиграфиялық кəсіпорындар мемлекеттік
ұйымдардың тапсырысы бойынша дайындайды жəне есепке алынуы
тиіс, ол үшін құжат бланкісінің əр данасының сол жақ төменгі бұрышына
типографиялық тəсілмен немесе нумератормен нөмір, ал қажет кезде серия
қойылады.
16. Құжаттардың бланкілері қатаң түрде мақсатына сай қолданылуы
қажет жəне ұйым басшының тиісті рұқсатынсыз басқа ұйымдарға немесе
тұлғаларға берілмейді.
17. Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері бланктің орнына ұйымның
атауы бейнеленген мөртабанды қағаз парағының сол жақ жоғарғы бұрышына
оның бедерін қою арқылы қолдана алады.
18. Өкімдік құжаттарды қоспағанда, ішкі құжаттар А4 немесе А5
форматтағы қағаздың парақтарында құжат түрінің атауы көрсетіліп, осы
Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сəйкес мəтіні бір тілде жазыла
отырып жасалуы мүмкін.
19. Екі жəне одан көп ұйымдар əзірлеген құжаттарды (бірлескен бұйрық,
бірлескен шешім, бірлескен хат) ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланк қолданылмайды.
Дəрежелері тең екі жəне одан көп ұйымдар əзірлеген бірлескен құжатты
ресімдеген кезде ұйымдардың ресми атаулары ұйымдар атауларының
əліпбилік ретіне қарай бір деңгейде орналастырылады.
Екі жəне одан да көп ұйымдар əзірлеген бірлескен құжатты ресiмдеген
кезде ресми атаулар ұйымдар иерархиясының кiшiрею жағына қарай
жазылады.
Бірлескен құжат ұйымдардың мөрлерімен куəландырылуы тиіс.
Мемлекеттік тіл саясаты
214
Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар
20. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ұйымның құжат
бланкісіндегі бейнесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері
туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
талаптарға сəйкес орналастырылады.
21. Эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
бланкіге ұйымның құрылтай құжаттарына сəйкес орналастырылады.
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
Елтаңбасы
бейнеленген
бланкіге эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
орналастырылмайды.
22. Ұйымның ресми атауы құрылтай құжаттарына сəйкес ұйымдас-
тырушылық-құқықтық нысаны көрсетілген атауын қамтиды.
Ұйымның қысқартылған атауы ол құрылтай құжаттарында бекітілген
жағдайларда ғана келтіріледі жəне толық атауынан төмен жақша ішінде
жазылады.
Құрылымдық бөлімшенің атауы ол құжаттың авторы болған жағдайда
ғана көрсетіледі жəне ол ұйым атауынан төмен орналастырылады.
23. Ұйым туралы анықтамалық деректерде: почталық мекенжайы,
телефондардың, телефакстердің нөмірлері, электронды почтаның мекенжайы
жəне ұйымның қалауы бойынша басқа да мəліметтер көрсетіледі.
24. Ұйым шығаратын құжат түрінің атауы Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
25. Құжатқа қол қойылған күн (өкімдік құжаттар, хаттар, анықтамалар
жəне басқалар) немесе құжатта тіркелген оқиға (хаттама, акт жəне басқалар)
құжаттың күні болып табылады. Бекітілетін құжат үшін (ереже, регламент,
қағида жəне басқалар) – бекітілген күн.
Құжаттың күнін құжатқа қол қоюшы немесе бекітуші лауазымды тұлға
қояды. Құжаттың жобасын дайындау кезінде айы мен жылдың белгілері ғана
басылады.
Егер құжаттың авторы бірнеше ұйым болса, онда соңғы қол қойылған
(бекітілген) күн құжаттың күні болып есептеледі.
Ұйым ішіндегі құжаттың өтуі мен орындалуына (таныстырылуына)
байланысты қызметтік белгілерге күні мен қол қойылуы қажет.
Құжаттың күні араб санымен мынадай дəйектілікпен: жыл, айдың күні,
ай. Айдың күні мен ай жұп араб санымен нүкте арқылы бөлініп, жыл төрт
араб санымен ресімделеді.
Күнді сөз-сан тəсілімен жазу өкімдік, қаржылық сипаттағы мəліметтері
бар, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін анықтайтын құжаттарда,
нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда қолданылады жəне «1995
жылғы 05 сəуір» деп ресімделеді.
26. Құжаттың тіркеу нөмірі, құжаттың тіркеу-бақылау нысанындағы
реттік нөмірден тұрады. Басқа деректемелер (ұйымның істер номенклатурасы
бойынша істің индексі, хат-хабар нөмірі) ұйымның қалауы бойынша
қойылады.
27. Кіріс құжатының нөмірі мен күніне жасалған сілтемеде жауап беріліп
отырған құжаттың тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
28. Хаттан басқа құжаттардың барлық түрлерінде құжаттың жасалған
немесе басып шығарылған жері көрсетіледі. Өкімдік құжаттардан басқа ішкі
Мемлекеттік тіл саясаты
215
құжаттарда құжаттардың дайындалған немесе басып шығарылған жерін
көрсетпеуге болады.
29. Қол жеткізуді шектеу грифі құжаттың бірінші парағының жоғарғы оң
жақ бұрышында орналастырылады.
30. Құжаттар ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің,
лауазымды немесе жеке тұлғалардың атына жолданады.
Құжат ұйымның, оның құрылымдық бөлімшесінің атына жолданған
кезде олардың атауы кіші əріппен, жартылай қалың қаріппен атау септігінде,
құжат жолданған лауазымды тұлғаның атауы барыс септігінде жазылады.
Құжатты ұйым басшысына жолдаған кезде оның атауы адресат
лауазымының құрамына кіреді.
Құжатты жеке тұлғаның атына жолдаған кезде почталық мекенжайы
көрсетіледі. Ұйым ішінде хат алмасу кезінде лауазымды тұлғаның тегі мен
аты-жөнін барыс септігінде көрсетуге рұқсат етіледі.
Егер құжат біртекті ұйымдарға жолданатын болса онда, олардың адресаты
жалпыланып көрсетіледі.
Құжаттағы адресат төртеуден аспауы тиіс. Екінші, үшінші, төртінші
адресаттардың алдында «Көшірме» деген сөз көрсетілмейді. Адресаттардың
саны көп болса, онда құжатты таратудың тізімі (тізілімі) жасалады.
Құжатты тұрақты емес адресаттарға жолдаған кезде деректемелер
құрамына орындаушы ресімдеген «Адресаттың» почталық мекенжайы
кіреді. Почталық мекенжайдың элементтері Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекіткен почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сəйкес
дəйектілікпен көрсетіледі.
31. Құжатты бекіту грифі құжаттың бірінші парағының оң жақ жоғарғы
жағының бұрышына қойылады.
Құжатты нақты лауазымды тұлға бекіткен кезде бекіту грифі мынадай
элементтерден тұрады: «Бекітемін» (тырнақша қолданылмай кіші əріптермен
ресімделеді), лауазымның атауы, қолы, аты-жөні, тегі жəне бекіту күні.
Құжатты лауазымы тең екі немесе одан көп тұлғалар бекіткен кезде бекіту
грифі ұйымдар атауының əліпбилік тəртібімен орналастырылады.
Құжат қаулымен, шешіммен, бұйрықпен, хаттамамен бекітілген кезде
бекіту грифі «Бекітілді (ген)» деген сөзден тұрады, атау септігіндегі өкімдік
құжаттың түрінен жəне оның күні мен нөмірінен тұрады.
32. Бұрыштама құжаттың бірінші парағына, оң жақ жоғарғы бөлігіндегі
мəтіннен бос орынға қойылады. Бұрыштаманың құрамына орындаушының
(орындаушылардың) тегі, тапсырманың (тапсырмалардың) мазмұны,
орындалу мерзімі, қолы жəне күні енеді.
Орындалуына байланысты нұсқауды қажет етпейтін жəне орындалуының
үлгілік мерзімдері бар құжаттардың бұрыштамаларында орындаушы,
бұрыштама авторының қолы, күні көрсетіледі. Тапсырма екі жəне бірнеше
тұлғаға берілген жағдайда, егер бұрыштамада өзгеше көрсетілмесе,
тапсырмадағы бірінші көрсетілген тұлға жауапты орындаушы болып
табылады.
Негізгі орындаушы мен бірлесіп орындаушы өзіне тікелей бағынысты
тұлғаларға бұрыштама ретінде тапсырма бере алады. Бұл жағдайда
бұрыштама құжатта ресімделеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
216
Ұйымдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары бұрыштаманы,
бұрыштама қойған тұлғаның қолының астына кіріс тіркеу нөмірін, келіп
түскен күнінен жəне бұрыштама тиесілі құжаттың деректемелері туралы
белгілерді (авторды, құжаттың шығыс нөмірі мен күнін), сондай-ақ осы
тармақта көзделген деректемелердің басқа элементтерін көрсете отырып
жеке бланкiде (фишкада) рəсімдей алады. Басқа ұйымдарға жолданатын
тапсырма түріндегі бұрыштаманы БҚҚ қызметі тіркейді.
33. Құжат мəтінінің тақырыбы, құжаттың сол жақ жиегінің шетінен,
жартылай қалың қаріппен, сөздер тасымалданбай ресімделеді жəне əр жолда
35 белгіден артық белгі болмауы тиіс. Əділет органдарында мемлекеттік
тіркеуді қажет етпейтін құжаттарда тақырыптың көлемі 5 жолдан асқан кезде
тақырыпты құжаттың ортасына ресімдеуге рұқсат етіледі. Тақырыптың
соңынан нүкте қойылмайды.
Мəтінге қойылатын тақырып қысқа, мəтіннің мазмұнын дəл беруі тиіс.
Құжат түрінің атауымен келісілуі жəне «не туралы?» («кім туралы?»),
«нені?», «кімді?» деген сұрақтарға жауап беруі қажет.
10 жолдан аз мəтінге, сондай-ақ А5 форматтағы бланкта жасалған құжатқа
тақырып қойылмайды.
34.
Құжаттың орындалуын бақылау туралы белгі «Бақылау»,
«Контроль» «Бақылауға алынды», «Взято на контроль» сөздерімен немесе
мөртабандармен, «Б», «К» литерімен белгіленеді жəне құжаттың бірінші
парағының сол жақ жоғарғы жағында мəтін жиегінен бос жерге қойылады.
35. Құжаттың мəтіні сауалнама, диаграмма, кесте, байланысты мəтін
немесе көрсетілген нысандарды үйлестіруші ретінде ресімделеді.
Сауалнама нысаны белгілі бір белгілер жиынтығы бойынша бір объекті
туралы ақпаратты сан немесе сөз арқылы баяндау кезінде қолданылады.
Мəтінді сауалнама түрінде құрастырған кезде сипатталатын объектінің
атауы атау септігінде зат есіммен немесе екінші жақтағы етістікті сөз
тіркестерімен осы шақта не өткен шақтың көпше түрінде (бар, болған)
жазылады. Сөз арқылы жазылған сипаттама белгілер атауымен келісілуі
қажет.
Диаграмма нысаны ақпаратты сан немесе сөз арқылы баяндау кезінде
қолданылады. Диаграмма бөлінбеу жəне басқа бетке көшпеуі керек.
Кесте нысаны бірқатар белгілері бойынша бірнеше объектілер туралы
ақпаратты сан немесе сөз арқылы баяндауда қолданылады.
Кестелерде мəтінді бөліктерге бөлудің екі деңгейі бар: тігінен – баған
жəне көлденеңінен – жол. Кестенің бағаны мен жолдарын зат есімнің атау
септігінде жазылған тақырыбы болуы керек. Бағандар мен жолдардың
тақырыпшалары тақырыппен үйлесімді болу керек. Егер кесте бір беттен
аса басылатын болса, онда кесте бағандары нөмірленеді де келесі беттерге
олардың тек нөмірлері ғана басылады.
Байланысты əдетте мəтін екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлігінде себептер,
мақсаттар, құжатты жасаудың негізі, екінші (қорытынды) - шешімдер,
қорытындылар, өтініштер мен ұсыныстар көрсетіледі. Кейбір жағдайда
бірінші бөлігінде өтініштер, ұсыныстар, ал екінші бөлігінде негіздемелер,
айғақтар көрсетіледі. Мəтін бір қорытынды бөліктен (мысалы, бұйрық –
өкімдік бөлік айқындаусыз, хаттарда - өтінішті түсіндірусіз) тұруы мүмкін.
Мемлекеттік тіл саясаты
217
Бұрын шығарылған құжат негізінде немесе соны орындау үшін дайындалған
құжат мəтінінде олардың деректемелері: құжаттың жəне автор-ұйымның
атауы, күні, тіркеу нөмірі, мəтіннің тақырыбы көрсетіледі. Егер мəтін көлемі
жағынан ауқымды болса, бірнеше шешімдерден, тұжырымдамалардан,
ұсыныстар мен өтініштерден тұрса, онда оны бөлімдер мен тарауларға
бөлуге болады.
Құжаттағы тармақтар логикалық дəйектілікпен маңыздылығына қарай,
сонымен қатар мəселенің шешілу сатысының хронологиясы ескеріле отырып
орналастырылады. Мазмұны жағынан жақын, көлемі жағынан ауқымды
тармақтар тарауларға біріктірілуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше
тараулар бөлімдерге, ал бөлімдер өз кезегінде бөліктерге біріктірілуі мүмкін.
Көлемі жағынан ауқымды тараулар параграфтарға, ал ауқымды тараулар
осылайша кіші бөлімдерге бөлінуі мүмкін.
Тармақтар тармақшаларға бөлінеді. Тармақтар мен тармақшалардың
ішінде абзацпен бөлінетін бөліктер болуы мүмкін.
Бас əріптен басталатын бөліктің бірінші абзацынан басқа мəтіннің
мазмұны жағынан біртұтас, бірінші жолы азатжолмен бөлінетін жəне кіші
əріптен басталатын бөлігі абзац болып есептеледі.
Абзацтар (бөліктің бірінші жəне соңғы абзацтарынан басқа) үтір нүктемен
аяқталады. Құжаттардың мəтінінде абзацтарды сызықшамен немесе басқа
да белгілермен белгілеуге рұқсат етілмейді.
Құжаттың əр тармақшасы, тармағы, сондай-ақ параграфы, тарауы, кіші
бөлімдері мен бөлімдері араб санымен нөмірленеді.
Бір тармақтан тұратын құжаттың тармағы нөмірленбейді.
Тармақтардың, тараулардың жəне бөлімдердің нөмірленуі ретімен
жалғасады.
Тармақшалардың нөмірлері əр тармақ үшін жеке қойылады.
Құжаттағы əрбір бөліміндегі тарау параграфының нөмірленуі жəне кіші
бөлімдердің нөмірленуі ретімен жалғаспайды, дербес болады.
Тармақтағы тармақшалардың нөмірлері жақша арқылы бөлінеді: 1), 2),
3) жəне одан əрі.
Құжат мəтіні жазу машинкасында бір жарым жоларалық интервал арқылы
немесе компьютер техникасының құрылғылары көмегімен мөлшері 14 Тіmеs
New Roman қаріпімен жоларалық бір интервалда басылады. Жекелеген
жағдайларда (кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгіні,
ескертулерді жəне басқаларын ресімдеуде) қаріп мөлшері мен жоларалық
интервал өзгеше болуы мүмкін.
Құжатты екі жəне одан да көп парақта ресімдеу кезінде екінші жəне одан
кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер араб сандарымен парақтың жоғарғы
жиегі ортасынан тыныс белгісінсіз қойылады.
36. Құжаттың аталған мəтінінде қосымшаның бар екендігі туралы
белгіде парақтардың саны, данасы, орындалған тілі қойылады. Мəтінде
көрсетілмеген қосымшалар болған жағдайда олардың нөмірі, атауы, парақтар
саны, данасының саны жəне орындалу тілі көрсетіледі, егер қосымша
кітапшаланған болса, онда даналардың саны ғана көрсетіледі.
Егер құжатқа қосымшалары бар басқа құжат қоса берілсе, онда
қосымшаларының бар екендігі туралы белгілер мынадай түрде ресімделеді:
Мемлекеттік тіл саясаты
218
Қосымша: Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігінің
2011 жылғы 15 қаңтардағы № 3-5/151 хаты жəне оған қосымша, барлығы 7
парақ мемлекеттік тілде.
Егер қосымша құжатта көрсетілген мекенжайдың барлығына жолданбаса,
онда оның бар екендігі туралы белгіде оның қандай адресатқа жіберілгені
көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық, құқықтық актілерге қосымшада (бұйрық, өкім,
қағида, нұсқаулық, ереже, шешім) оның бірінші парағының оң жақ жоғарғы
бұрышында реттік нөмірі (егер қосымша біреуден артық болса), өкімдік
құжаттың атауы, оның күні мен тіркеу нөмірі көрсетіліп «Қосымша» деген
сөз жазылады.
37. Жоғары тұрған органдарға, өкілді, атқарушы жəне сот билігі
органдарына жолданатын құжаттарға ұйым басшысы немесе оның
тапсырмасы бойынша негізінде бірінші орынбасары қол қояды.
Ведомстволық бағынысты жəне басқа ұйымдарға, азаматтарға
жолданатын құжаттарға ұйымның басшысы, оның орынбасарлары немесе өз
құзыретіне сəйкес құрылымдық бөлімшелердің басшылары қол қояды.
Ұйым ішінде қалатын құжаттарға міндетті түрде қол қойылады.
Құжатта қойылған қолға:
1) құжатқа қол қойған тұлға лауазымының атауы, құрылымдық бөлімшенің
немесе ұйымның ресми атауы (егер құжат бланкіде рəсімделмеген болса);
2) тұлғаның жеке қолы жəне қойылған қолдың толық жазылуы (аты-жөні
мен тегі) енеді.
Құжатқа күн сəулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың
түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.
Құжатқа лауазымдары тең екі жəне одан да көп тұлғалар қол қойған кезде
олардың қойған қолдары ұйымдардың немесе құрылымдық бөлімшелердің
ресми атауларының əліпбилік ретімен орналастырылады.
Құжатқа бірнеше лауазымды тұлға қол қойған кезде олардың қойған
қолдары қызметтерінің лауазымдық иерархиясына сəйкес бірінен кейін бірі
орналастырылады.
Комиссия жасаған құжатта құжатқа қол қойған тұлғалар лауазымының
атаулары емес, олардың комиссия құрамындағы міндеттері көрсетіледі.
Ұйымның алқа органдарының (алқалар, кеңестер жəне басқалар)
құжаттарына төраға мен хатшы (төрағалық етуші жəне жазбаны жүргізуші
тұлға) қол қояды.
Дайындалған құжаттың жобасында лауазымды тұлғаның қойылған
қолы болмаған жағдайда, онда құжат оның міндетін атқарушы лауазымды
тұлғаның атына қайта ресімделуі қажет. Қол қойғанда «үшін» көмекші сөзін
қосуға немесе лауазым атауының алдына қиғаш сызық қоюға жол берілмейді.
Құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғалар лауазымының атауы жəне
қойылған қолдарды толық жазу кіші əріптермен жəне жартылай қалың
қаріппен ресімделеді. Ішкі құжаттарда лауазымның атауын көрсетпеуге
болады.
38. Құжат жобасын келісу құжатқа бұрыштама (ішкі келісу) немесе
келісу грифін (сырттай келісу немесе ұйымның консультативтік-кеңесші
жəне қоғамдық органдарымен келісу) қою арқылы ресімделеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
219
Қол қоюға ұсынылған құжатқа орындаушы (жауапты орындаушы) құжат
жобасы дайындалған құрылым басшысы, басқа да мүдделі лауазымды
тұлғалар, қажет жағдайда – ұйымның қаржы жəне заң қызметтерінің
басшылары, міндеттердің бөлінуіне байланысты ұйым басшысының
орынбасары бұрыштама қояды.
Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жобасына,
есептерге, хаттарға жəне басқалар) бастапқы бетінде қойылған қолдан төмен
қойылады. Өкімдік құжаттардың жобаларына бұрыштама бірінші данасына
қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне бұрыштама
қоюға рұқсат етіледі.
Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда
қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін жəне тегін) бұрыштама қоюшы
лауазымының атауын қамтиды. Құжат жобасына қатысты ескертулер, ерекше
пікірлер жəне толықтырулар жеке парақта ресімделеді, бұл туралы құжат
жобасында сəйкес белгі қою жасалады. Ескертулер құжатқа қол қоятын
басшыға баяндалады.
Құжатты сырттай келісу белгісімен ресімделеді, ол құжаттың соңғы
парағының сол жақ төменгі бұрышына орналасады жəне тырнақша
қолданылмай, кіші əріптермен ресімделетін «Келісілді» деген сөзден,
сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының атауынан (ұйымның атауын
қоса алғанда), жеке қолынан жəне оның толық жазылуынан мен келісу
күнінен тұрады.
Құжатты лауазымдары тең екі жəне одан да көп тұлғалармен келіскен
кезде келісу грифтері ұйымдардың ресми атауларының əліпбилік тəртібімен
орналастырылады. Құжат бірнеше лауазымды тұлғалармен келісілген
кезде келісу грифтері лауазымдарының қызметтік иерархиясына сəйкес
орналастырылады.
Егер келісу хатпен, хаттамамен немесе басқа құжатпен жүзеге асырылатын
болса, онда келісу грифінде құжат түрі, ұйым атауы, құжат уақыты мен
нөмірі көмектес септігінде көрсетіледі.
Құжатты бірнеше ұйыммен сырттай келісу осы Үлгілік қағидалардың
6-қосымшасына сəйкес келісу парағымен ресімделуі мүмкін. Бұл жағдайда
құжатта қойылған қолдан кейін «Келісу парағы қоса беріліп отыр» деген
белгі қойылады.
39. Мөр бедері лауазымды тұлғаның құжаттағы қолының түпнұсқа
екендігін куəландырады. Мөр бедерін лауазымның атауы мен қойылған
қолдың бір бөлігін қамтитындай етіп қою қажет.
40. Құжаттың түпнұсқамен сəйкестігін куəландыру үшін «Қолы» деген
деректеменің төменгі жағына «Көшірмесі дұрыс» (тырнақшасыз) деген
куəландыру жазбасы, көшірмені куəландырған тұлға лауазымының атауы,
оның жеке қолы жəне толық жазылуы, ұйым мөрінің бедері, куəландырылған
күні қойылады.
41.
Құжаттың орындаушысы туралы белгі «Орынд.» деген
қысқартылған сөзді, құжатты орындаушының тегін, атын, əкесінің атын,
оның телефон нөмірін, оның ішінде ішкі нөмірін, бар болған жағдайда
электрондық почтасының мекенжайын қамтиды жəне бұл құжаттың соңғы
парағының бастапқы немесе сыртқы бетінің төменгі сол жақ бұрышында
Мемлекеттік тіл саясаты
220
орналастырылады. Деректемелерді мөлшері 12 Тіmеs New Roman
қаріптерімен рəсімдеуге болады.
42. Құжаттың орындалғаны жəне оның іске жіберілгені туралы белгі
оның орындалғандығын растайтын құжаттың нөмірі мен күніне сілтемені
(мұндай құжат болмаған жағдайда - орындалуы туралы қысқаша мəлімет),
«Іске» деген сөзді, құжат сақталатын істің нөмірін жəне орындаушының
қолтаңбасын қамтиды.
Құжаттың орындалғаны жəне оның іске жіберілгені туралы белгі
құжаттың бірінші парағының бастапқы бетінің төменгі жиегіне қойылады.
43. Файлдың атауын, оператордың кодын, күнді жəне құжаттың əрбір
парағының сол жақ төменгі жиегіне қойылатын басқа да іздестіру деректерін
қамтитын белгі (колонтитул) құжаттың электрондық көшірмелерінің
сəйкестендіргіші болып табылады.
44. Құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі құжаттың бірінші
парағының бастапқы бетінің оң жақ төменгі бұрышына қойылады жəне кіріс
құжатының реттік нөмірін жəне келіп түскен күнін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |