Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Бұйрықтарды дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет25/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77

Бұйрықтарды дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

45. Бұйрықтармен құқықтық сипаттағы, сондай-ақ жедел, ұйымдастыру, 

кадр  бойынша  (жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру,  міндеттерді  қатар  атқару, 

жұмыстан босату; аттестаттау, біліктілігін арттыру, атақ беру; тегін ауыстыру; 

көтермелеу,  марапаттау,  тəртіптік  жаза  қолдану;  еңбекақы  төлеу,  сыйақы 

беру,  түрлі  төлемдер;  қызметкерлер  демалысының  барлық  түрлері;  негізгі 

қызмет бейіні бойынша кезекшіліктер, іссапарлар) жəне ұйым жұмысының 

басқа  да  мəселелері  жөніндегі  шешімдер  осы  Үлгілік  қағидалардың 

7-8-қосымшаларына сəйкес ресімделеді.

Бұйрықтың деректемелері:

 1)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблема, 

логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);

 2)  ұйымның ресми атауы;

 3)  құжат түрінің атауы;

 4)  бұйрықтың күні;

 5)  бұйрықтың тіркеу нөмірі;

 6)  бұйрық шығарылған жер;

 7)  мəтіннің тақырыбы;

 8)  мəтін;

 9)  қолы;

 10)  бұйрықты келіскендігі туралы белгі;

 11)  мөр бедері болып табылады.

 Бұйрықтардың  жобаларын  бөлімшелер  ұйым  басшысының,  оның 

орынбасарының  тапсырмалары  негізінде  немесе  бастамашылық  тəртіппен 

əзірлейді жəне енгізеді. Кадр мəселелері жөніндегі бұйрықтардың жобаларын 

тиісті  құжаттардың  (жеке  еңбек  шарттары,  өтініштер,  баяндау  (қызметтік) 

жазбалар, ұсынымдар жəне басқалар) негізінде кадр қызметі дайындайды.

 Бұйрықтардың жобаларына жəне олардың қосымшаларына орындаушы 

жəне жобаны енгізген бөлімше басшысы, жобада міндеттер мен тапсырмалар 

көзделген  бөлімшелердің  басшылары,  сондай-ақ  БҚҚ  қызметі  мен  заң 

қызметінің  басшылары,  міндеттерінің  тағайындалуына  байланысты  ұйым 

басшысының орынбасары бұрыштама қойылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

221


 Бұйрықтың жобасын келісу кезінде туындаған келіспеушіліктер жобаға 

қоса  берілетін  анықтамада  баяндалады.  Егер  келісу  процесінде  бұйрық 

жобасына қағидаттық сипаттағы өзгерістер енгізілсе, онда ол пысықталып, 

қайта келісуден өтеді.

 Бұйрықтар күші бірдей мемлекеттік жəне орыс тілдерінде ресімделеді.

 Шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік  субъектілері  бұйрықтарды  жасау  кезінде 

мемлекеттік немесе орыс тілін немесе іс жүргізудің басқа тілі қолдана алады.

 Бұйрықтар бір күнтізбелік жыл шегіндегі реттік нөмірмен нөмірленеді. 

Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтар тиісті журналдарда 

(деректер  базасында)  жеке  тіркеледі.  Жеке  құрам  бойынша  бұйрықтардың 

реттік нөміріне сызықша арқылы «ж/қ» немесе «к» литерлері қосылады.

 Бұйрықтардың  көшірмелері  немесе  олардың  көбейтілген  даналары 

мөрмен  куəландырылады  жəне  орындаушы  жасаған  жəне  қол  қойған 

таратылу тізіміне сəйкес адресаттарға жолданады.

 Бұйрықтың  мəтіні  əдетте  екі  бөліктен  тұрады:  айқындаушы  (кіріспе) 

жəне өкімдік.

 Айқындаушы  (кіріспе)  бөлікте  бұйрықты  шығаруға  негіз  болған 

мақсаттар мен міндеттер, фактілер мен оқиғалар баяндалады. Егер бұйрық 

басқа  құжаттың  негізінде  шығарылса,  онда  айқындаушы  бөлікте  аталған 

құжаттың ілік септігіндегі атауы, оның авторы, күні, нөмірі мен тақырыбы 

көрсетіледі.  Əділет  органдарында  тіркелген  нормативтік  құқықтық  актіге 

сілтеме жасалған кезде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.

 Бұйрық жобасындағы кіріспе «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен аяқталады, 

ол  бас  əріптермен,  жартылай  қалың  қаріппен  жазылады  жəне  оны  басқа 

жолға тасымалдауға болмайды.

 Өкімдік бөлік əрбір іс-қимылды орындаушыны жəне орындалу мерзімін 

көрсете  отырып,  тапсырылатын  іс-қимылдарды  санамалап  келтіруді 

қамтуы  тиіс.  Өкімдік  бөлік  тармақтарға,  тармақшаларға  жəне  абзацтарға 

бөлінуі  мүмкін.  Тармақтар  мен  тармақшалар  араб  санымен  нөмірленеді. 

Абзацтардың алдына сызықша немесе басқа белгілер қойылмайды.

 Біртекті  сипаттағы  іс-қимылдар  бір  тармақшада  келтірілуі  мүмкін. 

Орындаушылар ретінде құрылымдық бөлімшелер немесе нақты лауазымды 

тұлға  көрсетілуі  мүмкін.  Өкімдік  бөлігінің  соңғы  тармағында  бұйрықтың 

орындалуын бақылау жүктелетін құрылым немесе лауазымды тұлға туралы 

мəліметтер болуы мүмкін.

 Жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру,  еңбек  шартын  бұзу  туралы  бұйрықтар 

өкімдік бөліктен ғана тұруы мүмкін.

 Қызметкерлерді  кадр  мəселелері  жөніндегі  бұйрықтармен  таныстыру 

«құжатты  келіскендігі  туралы  белгі»  деген  деректемеден  төмен 

немесе  бұйрықтың  сыртқы  бетінде  қойылатын  қызметкердің  қолымен 

куəландырылады.

 «Құжатқа  қосымшаның  бар  екендігі  туралы  белгі»  деректемесі  бұйрық 

мəтінінен кейін дербес ресімделмейді.



Хаттаманы дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

46.  Хаттама  кеңес  (отырыс),  жиналыс  кезінде  жазылған,  баяндама  мен 

сөйлеген  сөздерден  ұсынылған  тезистерді,  анықтамаларды,  шешімдердің 


Мемлекеттік тіл саясаты

222


жобалары мен хаттама мəтінінің құрылымына сəйкес басқа да материалдардың 

негізінде осы Үлгілік қағидалардың 9-қосымшасына сəйкес жасалады.

 Ұйым ішінде жасалған жəне оның шегінен шықпайтын хаттама бланкіде 

рəсімделмеуі болады.

Хаттама деректемелері:

 1)  ұйымның жəне (немесе) құрылымдық бөлімшенің ресми атауы;

 2)  құжат түрінің атауы;

 3)  күні;

 4)  хаттаманың тіркеу нөмірі;

 5)  хаттама шығарылған жер;

 6)  бекіту грифі (кейбір жағдайларда);

 7)  мəтіннің тақырыбы;

 8)  мəтіні;

 9)  қолы болып табылады.

 Ұйымдарда  хаттамалар  толықтай  немесе  қысқаша  нысанды  басылып 

шығарылуы мүмкін.

 Хаттаманың толық мəтіні əдетте екі: кіріспе жəне негізгі бөліктен тұрады.

 Кіріспе  бөлігінде  хаттаманың  тақырыбынан  кейін:  отырыс  (жиналыс) 

төрағасының  (төрағалық  етушінің)  жəне  хатшының  тегі  мен  аты-жөндері, 

қатысушылардың тізімі немесе егер қатысушылардың саны 10 адамнан асса, 

қатысушылардың қоса берілген тізіміне сілтеме көрсетіледі.

 Тұрақты  жұмыс  істейтін  алқалы  орган  отырысының  хаттамасында 

алқалы  органның  қатысқан  мүшелері  əліпбилік  тəртіппен  тегі  бойынша 

дербес  жазылады.  Олардан  кейін  лауазымы  мен  ұйымның  атауын  көрсете 

отырып шақырылғандардың тегі жазылады.

 Кіріспе  бөлік  күн  тəртібінің  əрбір  тармағы  бойынша  баяндамашы 

көрсетіле отырып, маңыздылығына қарай тəртібімен санамалап келтірілген 

күн  тəртібімен  (қаралатын  мəселелердің  тізбесімен)  аяқталады.  Əр  мəселе 

араб  санымен  нөмірленеді  жəне  оның  атауы  абзацтан,  үлкен  əріппен 

басталып, «туралы»  деген  көмекші  сөзбен  аяқталуы  тиіс.  Жекелеген 

жағдайда күн тəртібі хаттамаға қоса берілуі мүмкін, ал хаттаманың өзінде 

мəтіннің алдында «Күн тəртібі қоса беріліп отыр» деген жазба жасалады.

 Хаттаманың  негізгі  бөлігі  күн  тəртібінің  тиісті  тармақтарына  сəйкес 

келетін  бөлімдерден  тұрады.  Əрбір  бөлімнің  мəтіні:  бас  əріптермен  жəне 

жартылай  қалың  қаріппен  жазылатын  ТЫҢДАДЫ – СӨЗ  СӨЙЛЕДІ – 

ҚАУЛЫ ЕТТІ (ШЕШТІ) деген схема бойынша құрастырылады.

 Баяндамалар мен сөйлеген сөздердің негізгі мазмұны хаттама мəтінінде 

орналастырылады  немесе  оған  қоса  беріледі;  соңғы  жағдайда  мəтінде 

«Сөйлеген  сөздердің  мəтіні  қоса  беріліп  отыр»  деген  сілтеме  ресімделеді. 

Қабылданған  шешім  толық  басылып  шығарылады,  қажет  жағдайда  дауыс 

берудің қорытындысы келтіріледі.

 Талқылау кезінде айтылған ерекше пікірдің мазмұны хаттама мəтінінде 

тиісті қаулыдан (шешімнен) кейін жазылады.

 Қысқаша хаттаманың мəтіні де екі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлігінде күн 

тəртібі көрсетілмейді.

 Қысқаша  хаттаманың  негізгі  бөлігі  қаралып  отырған  мəселелерді  жəне 

олар жөнінде қабылданған шешімдерді қамтиды.


Мемлекеттік тіл саясаты

223


 Мəселелердің атауы нөмірленеді жəне үлкен əріптен басталып, «туралы» 

деген көмекші сөзбен аяқталады, орталықтандырылып басып шығарылады 

(əр жолдың басы мен соңы орналасу аймағының шекарасынан тең аралықта) 

жəне  соңғы  жолдың  төменгі  жағынан  бір  сызықпен  сызылады.  Сызықтың 

астыңғы жағында аталған мəселенің талқылауында сөз сөйлеген лауазымды 

тұлғалардың тегі көрсетіледі, кейіннен мəселе бойынша қабылданған шешім 

көрсетіледі.

 Хаттаманың  тақырыбына  алқалы  қызмет  түрі  мен  алқалы  органның 

атауы атау септігінде көрсетіле отырып (қызметкерлердің жиналысы, кеңес 

отырысы жəне басқалар) енгізіледі.

 Хаттамаға отырысқа төрағалық етуші мен хатшы қол қояды, хаттаманың 

Отырыстың күні хаттаманың күні болып табылады. Егер ол бірнеше күнге 

созылса, онда сызықша арқылы отырыстың басталған жəне аяқталған күні 

көрсетіледі.

 Хаттамаларға іс жүргізу жылының шегінде хаттамалардың əр топ бойынша 

жеке-жеке реттік нөмір беріледі: жиналыстар, кеңестер, алқалық отырыстар 

хаттамалары,  техникалық,  ғылыми  жəне  сараптамалық  кеңестердің  жəне 

басқаларының  хаттамалары.  Бірлескен  отырыстардың  хаттамаларында 

отырысқа қатысқан ұйымдар хаттамаларының реттік нөмірлерінен тұратын 

құрамдас нөмірлер болады.

 Хаттамалардың көшірмелері немесе қабылданған шешімдер хаттамадан 

үзінді  көшірме  ретінде  мүдделі  ұйымдар  мен  лауазымды  тұлғаларға 

таратылу  көрсеткішіне  сəйкес  жіберіледі.  Таратылу  көрсеткішін  қаралған 

мəселені  əзірлеген  құрылымдық  бөлімшенің  жауапты  орындаушысы 

жасап,  қол  қояды  жəне  құрылымдық  бөлімшенің  басшысы  бекітеді. 

Хаттамалардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелері ұйым мөрімен 

куəландырылады.

Акті дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

47.  Акт  жалпы  бланк  негізінде  актінің  осы  Үлгілік  қағидалардың10-

қосымшасына орай акт үлгісіне сəйкес ресімделеді. Ұйым ішінде жасалған 

жəне оның шегінен шықпайтын актіні бланкісіз ресімдеуге болады.

 Акт деректемелері:

 1)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблема, 

логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);

 2)  ұйымның ресми атауы;

 3)  құжат түрінің атауы;

 4)  күні;

 5)  актінің тіркеу нөмірі (индексі);

 6)  акті шығарылған жер;

 7)  бекіту грифі (кейбір жағдайда);

 8)  мəтіннің тақырыбы;

 9)  мəтіні;

 10)  қолы болып табылады.

 Акт мəтіні екі бөліктен: кіріспе, айқындаушы бөліктен тұрады.

 Кіріспеде  акті  жасаудың  негізі  көрсетіледі,  жасаушылар  жəне  қажет 

жағдайда қатысқан тұлғалар санамалап келтіріледі.

 Актінің айқындаушы бөлігінде: атқарылған жұмыстың мəні мен сипаты, 

белгіленген фактілер жазылады, тиісті деректер келтіріледі.


Мемлекеттік тіл саясаты

224


 Актіде  тұжырымдамалар,  ұсынымдар,  орындалуы  тиіс  іс-шаралар 

көрсетілуі  мүмкін.  Мəтіннің  соңында  қойылатын  қолдардың  алдында 

акті  данасының  саны  мен  олардың  орналасқан  жері  туралы  мəліметтер 

орналастырылады.

 Актіге комиссия төраға жəне мүшелері қол қояды. Комиссия мүшелерінің 

тегі əліпби тəртібімен көрсетіледі. Қолтаңбаны ресімдеу кезінде қол қоюшы 

тұлғалардың лауазымдары көрсетілмейді.

 Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  жағдайда  акт 

бекітіледі.

Анықтаманы дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

48. Анықтамамен қандай да бір фактілер мен оқиғаларды сипаттау жəне 

растау ресімделеді. Ұйымнан тыс жерлерге жолданатын анықтамалар жалпы 

бланкте  осы  Үлгілік  қағидалардың 11-қосымшасына  сəйкес  ресімделеді. 

Ішкі  анықтамалар  бланк  қолданылмай  стандартты  парақтарда  рəсімделуі 

мүмкін.


Анықтаманың деректемелері:

 1)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблема, 

логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);

 2)  ұйымның ресми атауы;

 3)  құжат түрінің атауы;

 4)  күні;

 5)  анықтаманың тіркеу нөмірі (индексі);

 6)  шығарылған жері;

 7)  адресат;

 8)  мəтіннің тақырыбы;

 9)  мəтіні;

 10)  қолы;

 11)  келісу туралы белгі (кейбір жағдайда);

 12)  мөр бедері (қажет жағдайда);

 13)  орындаушы туралы белгі болып табылады.

 Анықтама  мəтіні  бірнеше  бөлімдерден  тұрады,  кестелерді,  түсіндірме 

жазбаларды, сілтемелерді қамтиды, қосымшалары болады.

 Азаматтарға  жұмыс  орнын,  лауазымын,  жалақысын  растау  туралы 

берілетін анықтамалардың жəне басқа да мəтіндері осы Үлгілік қағидалардың 

12-қосымшасына  орай  анықтамалардың  үлгісіне  мəліметтер  хабарланатын 

адамның тегі, аты, əкесінің аты атау септігінде көрсетіледі.

 Мəтіннің соңында немесе оң жақ жоғарғы бұрышында анықтама берілетін 

ұйым көрсетіледі.

 Мұндай  анықтаманың  мəтінде: «осы  анықтама», «расында  тұрады 

(оқиды, жұмыс істейді)» деген орамдар қолданылмауы тиіс.

 Егер анықтамаға орындаушы қол қойса, онда «орындаушы туралы белгі» 

деректемесі көрсетілмейді.

Хатты дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

49. Сұраулар салулар, хабарламалар, келісімдер, талаптар (рекламация), 

тапсырмалар, хабарлар, еске салу, жауаптар, өтініштер, пікірлер, ұсыныстар 

(оферта),  ескертулер,  хабарлаулар,  шақырулар,  растаулар  жəне  басқалар 

хаттың мазмұны болуы мүмкін.

 Ұйымның хаттары бланкта осы Үлгілік қағидалардың 13-қосымшасына 

сəйкес:


Мемлекеттік тіл саясаты

225


 1)  жоғары тұрған ұйымдар тапсырмаларының орындалуы туралы жауап 

ретінде;


 2)  түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалардың сұрау салуларына жауап ретінде;

 3)  бастамашылық хат ретінде;

 4)  əр түрлі құжаттарға ілеспе хат ретінде дайындалады.

 Бланкке  кіретін  деректемелерден  басқа,  хат  жазған  кезде  мынадай 

деректемелер  ресімделеді:  адресат,  тақырып,  мəтін,  қосымшалардың  бар 

екендігі  туралы  белгі  (егер  олар  болса),  қолы,  құжаттың  орындаушысы 

туралы белгілер.

 Бір жəне одан көп ұйымдардың басшылары қол қоятын қызметтік хаттар 

А4  форматтағы  қағаздың  парақтарында  рəсімделеді.  Бұл  ретте,  хатқа  қол 

қойған  ұйымдардың  атауы  туралы  мəліметтер  «қолы»  деректемесіндегі 

лауазымның атауына енеді.

 Хатты  келіскендігі  туралы  белгі  ұйымда  қалатын  данасына  қойылады. 

Мұндай хаттың даналарына да ұйым басшысы қол қоюы қажет.

 Жауап  хаттардың  дайындалу  мерзімі  тапсырмаларды,  сұрау  салуларды 

орындаудың  қазіргі  мерзімі  негізінде  басшының  бұрыштамасымен  немесе 

бұрыштама  авторының  шешімімен,  сондай-ақ  белгіленген  регламентке 

сəйкес  белгіленеді.  Бастамашылық  хаттарды  орындалу  мерзімдерін 

ұйымдардың немесе құрылымдық бөлімшелердің басшылары анықтайды.

 Хаттың мəтіні əдетте бір немесе екі мағыналық бөліктен тұрады.

 Бір  бөліктен  тұратын  хат – бұл  түсіндірмесі  жоқ  өтініш,  кіріспесіз 

ескертулер, негізсіз хабарламалар жəне басқалар.

 Егер  хаттың  мəтіні  екі  бөліктен:  айқындаушыдан  жəне  қорытындыдан 

тұратын  болса,  бірінші  бөлікте  себебі,  негізі  немесе  хат  жасаудың  негізі 

баяндалады,  хатты  дайындауға  негіз  болған  құжатқа  сілтеме  жасалады. 

Абзацтан  басталатын  екінші  бөлікте  тұжырымдар,  ұсыныстар,  өтініштер, 

шешімдер орналастырылады.

 Мəтіннің  кері  құрылымы  (қорытынды – айқындаушы)  бас  тарту 

хаттарында қолданылуы мүмкін.

Хаттарда баяндаудың мынадай нысандары пайдаланылады:

 1)  көпше  түрдің  бірінші  жақтан («ұсынуды  сұраймыз», «Сіздерге.... 

жіберіп отырмыз»);

 2)  жекеше  түрдің  бірінші  жағынан («жіберуді  сұраймын», «қажет  деп 

санаймын»);

 3)  жекеше түрдің үшінші жағы («министрлік қарсы емес»).



3. Құжаттаманы басқару тəртібі

Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар

50.  Ұйымда  құжаттың  жасалған  немесе  алынған  сəтінен  бастап 

орындалғанға,  жіберілгенге,  істерді  қалыптастырғанға  жəне  ұйымның 

мұрағатына  тапсырылғанға  дейінгі  олардың  қозғалысы  құжат  айналымын 

құрайды.

 51.  Құжат айналымының көлемі бір ай, бір тоқсан, бір жыл ішіндегі кіріс, 

шығыс,  ішкі  құжаттардың  жəне  олардың  көшірмелерінің  жалпы  санымен 

анықталады.

 Құжаттар  санын  есепке  алудың  бір  бірлігі  ретінде  басып  шығару  жəне 

көбейту кезінде жасалатын көшірмелерін есепке алмағандағы құжаттың өзі 

алынады. Құжаттардың көбейтілген көшірмелері жеке есептеледі.


Мемлекеттік тіл саясаты

226


Кіріс құжаттарын өңдеу тəртібі

52. Ұйымға қағаз тасығышта келіп түсетін құжаттар бастапқы өңдеуден 

өтеді, алдын ала қаралады, тіркеледі, басшылық қарайды жəне орындаушыға 

жіберіледі.

 53.  Құжатты қабылдауды, бастапқы өңдеуді жəне алдын ала қарауды БҚҚ 

қызметі орталықтандырып жүзеге асырады.

 54.  Кіріс құжаттарын бастапқы өңдеу салымдарды жеткізудің дұрыстығын 

жəне  тұтастығын  тексеру,  ұйымға  құжаттардың  келіп  түсу  фактісін  тіркеу 

жəне оларды мақсаты бойынша беруге дайындау болып табылады.

 Құжаттар  салынған  конверттерді  БҚҚ  қызметі  ашады,  құжаттардың 

мақсаты бойынша жеткізу дұрыстығы, қамтамасының бүтіндігі тексеріледі.

 Егер  құжат  түгел  болмаса  немесе  бүлінгені  анықталса,  оның  соңғы 

парағының төменгі жиегіне, сондай-ақ ТБН-ге тиісті белгілер қойылады жəне 

еркін нысанда үш данада акті жасалады. Бір данасы жөнелтушіге жіберіледі, 

екіншісі - БҚҚ  қызметінде  қалады,  үшіншісі – құжатты  орындаушыға 

беріледі. Жөнелтушінің мекенжайын, құжаттың жөнелтілген жəне алынған 

күнін  конферт  арқылы  ғана  анықтауға  болатын  жағдайда,  сондай-ақ  жеке 

құжаттар келіп түскенде олар жойылмайды.

 «Жеке өзіне» белгісі бар конверттер ашылмай мақсаты бойынша беріледі. 

Қате түскен хат-хабарлар почта бөліміне қайтарылады.

 Алынған  (тіркелетін  жəне  тіркелмейтін)  құжаттарға  келіп  түскен  күні 

көрсетіліп, ұйымның тіркеу мөртабаны қойылады.

 55.  Келіп түскен құжаттарды алдын ала қараудың басты мақсаты – ұйым 

басшылығының міндетті түрде қарауын талап ететіндерге жəне мұны талап 

етпейтіндерге  бөлу.  Басшылықтың  міндетті  түрде  қарауын  талап  етпейтін 

құжаттар тікелей құрылымдық бөлімшелерге немесе жауапты орындаушыға 

жолданады.

 56.  Құжаттарды алдын ала қарау, олардың мазмұнын, авторлығын, ұйымда 

белгіленген  міндеттердің  бөліну  негізіне  қарай  қойылатын  мəселелердің 

күрделілігі жəне жаңашылдығы тұрғысынан жүзеге асырылады.

 57.  Басшылықтың  міндетті  түрде  қарауына  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Əкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен, 

Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің  Кеңсесінен,  орталық  жəне 

жергілікті мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған ұйымдардан, жеке жəне 

заңды тұлғалардан келіп түскен құжаттар жатады.

 58.  Тұлғалардың  өтініштері  (ұсыныстар,  арыздар,  шағымдар,  лебіздер 

жəне  сұрау  салулар)  ұйымға  келіп  түскен  күні  бір  орталықтан  есепке 

алынады жəне ТБН-ға тіркеледі.

 Лауазымды тұлғалар тұлғаларды жеке қабылдаған кезде алған жазбаша 

жəне ауызша өтініштер де жалпы құжаттардан бөлек орталықтандырылып 

тіркелуге тиіс.

 59.  Жеке  тұлға  өтініштерінің  тіркеу  нөмірлері  автор  тегінің  бастапқы 

əріпінен, ТБН-дегі реттік нөмірінен жəне «ЖТ» əріптік индексінен тұрады.

 Заңды  тұлға  өтініштерінің  тіркеу  нөмірлері  өтінішке  қол  қойған 

лауазымды тұлға тегінің бастапқы əріпінен, жəне ТБН-дегі реттік нөмірінен 

жəне «ЗТ» əріптік индексінен тұрады.

 Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АБМ» əріптік индексінен жəне ТБН-

дегі реттік нөмірінен тұрады.



Мемлекеттік тіл саясаты

227


 60.  Күнтізбелік  бір  жыл  ішінде  өтініш  қайталанып  түскен  жағдайда 

«екінші», «үшінші»  жəне  тағы  солай  көрсетіліп,  алғашқы  өтініштің  тіркеу 

нөмірі  қойылады,  ал  ТБН-де  алғашқы  құжаттың  нөмірі  көрсетіледі. 

Қайталанған өтініштің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында жəне 

ТБН-ға  «Қайталанған»  белгісі  қойылады.  Қайталанып  түскен  өтініштерге 

алдыңғы өтініштерді қарау материалдары қоса беріледі.

 Бір тұлғаның бір мəселе бойынша бұрынғы өтініші бойынша қабылданған 

шешімге шағымданған, бұрын жіберілген өтінішінің уақтылы қаралмағаны 

туралы  хабарланған,  егер  ол  келіп  түскен  уақытынан  бастап  белгіленген 

қарау мерзімі өтіп кеткен болса, бірақ өтініш беруші жауап алмаса, бұрынғы 

өтінішті қарау жəне шешу кезіндегі басқа кемшіліктер көрсетілсе, кемінде 

екі рет түскен өтініші, қайталанған деп есептеледі.

 61.  Бір  тұлғаның  бір  мəселе  бойынша  əртүрлі  адресаттарға  жолданған 

жəне қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері қиғаш сызық (бөлгіш) 

арқылы  қойылатын  реттік  нөмір  қосылып,  бірінші  өтінішінің  тіркеу 

нөмірімен есепке алынады.

 62.  Құжаттарды  алдын  ала  қарау  кезінде  оларды  тіркелетін  жəне 

тіркелмейтін етіп сұрыптау жүргізіледі. БҚҚ қызметінде тіркеуге жатпайтын 

құжаттардың  болжамды  тізбесі  негізінде  осы  Үлгілік  қағидалардың 

14-қосымшасына сəйкес əзірленеді жəне оны ұйым басшысы бекітеді.

 Тіркелмейтін  құжаттар  ұйымның  тиісті  құрылымдық  бөлімшелеріне 

беріледі.

 63.  Тіркелетін құжаттар тіркеу-бақылау нысанымен тіркеуге алынғаннан 

кейін ұйым басшысының, құрылымдық бөлімшенің (лауазымды тұлғаның) 

қарауына беріледі.

 Келіп түскен құжатты кідіртпей орындау қажет болған жағдайда құжатты 

ұйым басшы қарағанға дейін орындаушыны оның мазмұнымен таныстыруға 

рұқсат етіледі.

 64.  Ұйым басшысы қараған құжаттар БҚҚ қызметіне қайтарылады, онда 

бұрыштаманың мазмұны ТБН-ге енгізіледі жəне орындаушыға қол қойылып 

тапсырылады.

 Орындалуы  ведомстволық  бағынысты  ұйымға  (дарға)  немесе  бірнеше 

құрылымдық бөлімшелерге жүктелген құжат ТБН-нің тиісті белгісі қойылған 

көшірмелері  бір  уақытта  тапсырылады.  Түпнұсқа  бұрыштамада  бірінші 

тұрған орындаушыға беріледі.

 Келіп  түскен  жеделхаттарға  күні  мен  қабылданған  уақыты  қойылып, 

қол  қойылып  қабылданып  алынады,  тіркеледі,  содан  кейін  басшыға  жəне 

орындауға беріледі.

 Келіп  түскен  телефонограмманың  мəтінін  қабылдап  алушы  жазып 

(басып) алады, тіркейді жəне жедел түрде жолданған басшыға беріледі.

 Телефонограмманы 

қабылдау 

кезінде 

мəтіннен 

басқа 

келесі 


деректемелерді:  жіберушіні,  құжат  түрінің  (телефонограмманың)  атауын, 

күнін,  индексін,  құжатқа  қол  қойған  тұлға  лауазымның  атауын,  аты-жөні 

мен тегін жазып алу қажет. Бұдан басқа, телефонограмманы жіберген жəне 

қабылдап алған тұлғалардың лауазымдары мен тегін, қабылдау-беру сағатын 

жəне минутын көрсету қажет.

 65.  Мəселелерді шешу кезінде орындаушы қосымша құжаттар жасамай 

құжатқа жəне ТБН-ге: құжаттың келіп түскен күні туралы (егер құжат келіп 


Мемлекеттік тіл саясаты

228


түскен  уақыт  пен  орындаушыға  жолданған  уақыт  ішінде  аралық  пайда 

болса),  аралық  орындау  күні  туралы  (мəліметтер  сұрату,  телефон  арқылы 

сөйлесу жəне басқалар), түпкілікті орындаудың күні мен нəтижелері туралы 

белгі қояды.

 Құжаттағы барлық белгілер мəтіннен бос орында орналастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет