Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын əкімшілік



Pdf көрінісі
бет21/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77

Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын əкімшілік 

мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімі 2000 жылғы 21 қыркүйек N 117-ө

«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 4-бабына  сəйкес  əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілердің 

мемлекеттік  тілді  меңгеруіне  қажетті  ұйымдастырушылық,  материалдық-

техникалық жағдайлар жасау мақсатында орталық жəне жергілікті атқарушы 

органдардың басшыларына мыналар ұсынылсын:

1.  Еңбекақы  төлеу  қоры  үнемделген  жағдайда  сыйлықақы  беру  жəне 

лауазымдық  жалақыға  үстеме  белгілеу  кезінде  мемлекеттік  тілде  құжат 

дайындауды  жүзеге  асыратын  əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілерді 

материалдық көтермелеу мүмкіндіктері көзделсін.

2.  Əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілерді  материалдық  көтермелеуге , 

ұсынуға  қызметтік  міндеттерін  тұрақты  түрде  орындау  процесінде 

нормативтік  құқықтық  кесімдер  жобаларын  əзірлеу,  келісімдер,  шарттар, 

есеп-статистикалық,  қаржылық,  техникалық,  өзге  де  қызмет  құжаттамасы 

мен  хат-хабарларды  мемлекеттік  тілде  əзірлеу  жөніндегі  табысты  қызмет 

негіз болып саналсын.

 

Премьер-Министр



 

Мамандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К.



Мемлекеттік тіл саясаты

184


Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, 

темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен 

стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау 

беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрип-

циясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, 

мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру 

қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 

1996 жылғы 5 наурыз № 281

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 24.04.2013 № 395 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi).

 

  Ескерту.  Тақырыбы  жəне  мəтiнiне  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Үкiметiнiң 

03.07.2002 № 717 қаулысымен.

  »Қазақстан  Республикасының  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылымы  туралы» 

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 

ережелерiне сəйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

Қоса  берiлiп  отырған  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 

əуежайларға,  порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына, 

метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, 

сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипция-

сын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемле-

кет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидалары 

бекiтiлсiн.

  Ескерту.  Кiрiспеге  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Үкiметiнiң 24.04.2013 № 395 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi).

 

 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi 


Мемлекеттік тіл саясаты

185


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1996 жылғы 5 наурыздағы 

№ 281 Қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға,

темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен

стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау 

беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрип-

циясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, 

мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру 

қағидалары

  Ескерту.  Қағидалар  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкiметiнiң 24.04.2013 № 395 



қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

1.  Осы  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əуежайларға, 

порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына,  метропо-

литен  стансаларына,  автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-

географиялық  жəне  мемлекет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау 

беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипция-

сын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет 

қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмiн  беру  қағидалары 

(бұдан  əрi – Қағидалар) «Қазақстан  Республикасының  əкiмшiлiк-

аумақтық  құрылысы  туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан 

Республикасы  Заңының 10-бабының 3) тармақшасына  сəйкес  əзiрлендi 

жəне Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, 

темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансала-

рына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне 

мемлекет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  (бұдан  əрi – объектiлер) 

атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта  атау,  олардың  атауларының  транс-

крипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, 

мемлекет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмiн  беру 

тəртiбiн айқындайды.

2.  Объектiлерге  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк 

заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың 

есiмдерiн беру кезiнде мынадай талаптар ескерiлуге тиiс:

1) тарихи, географиялық, табиғи жəне мəдени ерекшелiктердi ескеру;

2) əдеби тiл нормаларына сəйкестiк;

3) жеке адамның есiмiмен аталған, ол берiлген (өзгертiлген) күннен бас-

тап кемiнде он жыл өткен соң берiлген есiмдi қайта атау, оны өзгерту;


Мемлекеттік тіл саясаты

186


4) аса көрнектi мемлекет жəне қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мəдениет 

қайраткерлерiнiң  жəне  Қазақстан  Республикасы  мен  əлемдiк  қоғамдастық 

алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап 

кемiнде бес жыл өткен соң олардың есiмдерiн беру;

5)  бiр  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктiң  шегiндегi  елдi  мекендерге,  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мəрте ғана беру.



2.  Объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта  атау,  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемле-

кеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмдерiн беру тəртiбi

3.  Объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта  атау,  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк 

заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың 

есiмiн беру үшiн тiлдердi дамыту саласындағы уəкiлеттi органға (бұдан əрi – 

уəкiлеттi орган) мынадай құжаттар ұсынылады:

1)  орталық  мемлекеттiк  органдар,  облыстың,  республикалық  маңызы 

бар  қаланың  жəне  астананың  жергiлiктi  атқарушы  органдарының 

қолдаухаты;

2)  орталық  мемлекеттiк  органдардың  қарамағындағы  объектiлер-

дi  қоспағанда,  объектiлерге  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мем-

лекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке 

адамдардың  есiмдерiн  беру  туралы  облыстың,  республикалық  маңызы  бар 

қаланың  жəне  астананың  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдарының 

бiрлескен шешiмi;

3) физикалық-географиялық объектiлердi қоспағанда, объектiлерге атау 

беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрип-

циясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет 

қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру бойынша заңды 

тұлғаның ұжымы өткiзген жиналыстың хаттамасы;

4)  физикалық-географиялық  объектiлердi  қоспағанда,  объектiге  атау 

беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрип-

циясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемле-

кет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмiн  беру  бойынша 

объектiнiң бiрiншi басшысының ұсыныс хаты;

5)  объектiлерге  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық 

материалдар (мəлiметтер, мұрағаттық жəне басқа да деректер);

6) анықтамалық материалдар қоса берiлген, осы Қағидалардың 2-тармағы 

3) жəне 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектiге, мемле-

кеттiк заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есiмiн беру (қайта 

атау) ұсынылатын тұлғаның өмiрбаян деректерi;

7) объектiге атау беру жəне қайта атау, сондай-ақ оның атауының транс-

крипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мем-

лекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру жөнiндегi 

қаржыландыру көздерi туралы мəлiметтер.


Мемлекеттік тіл саясаты

187


4. Уəкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде тиiстi құжаттарды Республикалық 

ономастика комиссиясының (бұдан əрi – Комиссия) қарауына жолдайды.

5.  Комиссия  келiп  түскен  құжаттарды  қарағаннан  кейiн  он  жұмыс  күнi 

iшiнде  уəкiлеттi  органға  объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмiн беру жөнiндегi қорытынды (бұдан əрi – қорытынды) жол-

дайды.


6.  Уəкiлеттi  орган  үш  жұмыс  күнi iшiнде  Комиссия  қорытындыларын 

орталық  мемлекеттiк  органдарға,  облыстың,  республикалық  маңызы  бар 

қаланың жəне астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жолдайды.

7.  Комиссияның  оң  қорытындысын  алған  жағдайда  орталық  мемлекет-

тiк  органдар,  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың 

жергiлiктi  атқарушы  органдары  Комиссия  қорытындысын  қоса  бере  оты-

рып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне объектiлерге атау беру, сондай-

ақ  оларды  қайта  атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау 

мен  өзгерту  жəне  объектiлерге,  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет 

қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру жөнiндегi қаулы 

жобасын енгiзедi.

8.  Объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта  атау,  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк 

заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың 

есiмiн беру Комиссия қорытындысының негiзiнде Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң қаулысымен жүзеге асырылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

188


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық

терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сəуiрдегi

№ 367 Қаулысы

  Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 



қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі 

Қазақстан  Республикасы  Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына  сəйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  Ескерту.  Кіріспе  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 24.04.2013 № 397 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Қоса беріліп отырған:

1)  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  жанындағы  Республикалық  тер-

минология комиссиясының құрамы;

2)  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  жанындағы  Республикалық  тер-

минология комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 2. Алынып  тасталды - ҚР  Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен 



(24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 

 «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекет-

тiк  терминология  комиссиясы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Министр-

лер  Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы  № 744 қаулысы  (Қазақстан 

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат); 

  «Қазақстан  Республикасы  Министрлер  Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 

маусымдағы № 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан 

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).



 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi 

Мемлекеттік тіл саясаты

189


Қазақстан Республикасы 

 Үкiметiнiң

 1998 жылғы 21 сəуiрдегi

 № 367 қаулысымен

 бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық

терминология комиссиясы туралы ереже

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 



қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терми-

нология  комиссиясы  (бұдан  əрі – Комиссия)  экономиканың,  ғылымның, 

техниканың, мəдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің термино-

логиялық  лексикасы  саласында  ұсыныстар  əзірлейтін  консультациялық-

кеңесші орган болып табылады.

 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 2. Комиссия  өз  қызметiнде  Қазақстан  Республикасының  Конституция-

сын,  заңдарын,  Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен  Үкiметiнiң 

актiлерiн,  өзге  де  нормативтiк  құқықтық  актiлердi,  сондай-ақ  осы  Ереженi 

басшылыққа алады. 

 3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен 

бекiтiледi. 

 4. Комиссия өз қызметiнде: 

 байырғы қазақ лексикасы (кəсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, 

ауызекi тiл үлгiлерi жəне т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану; 

 басқа түркi тiлдерiнiң оң тəжiрибесiн термин шығармашылығында пай-

далану; 


  халықтардың  арасындағы  экономикалық,  мəдени,  ғылыми-техникалық 

байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi 

қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына 

бағындыру жолымен iске асырылады; 

  ғылымның,  техниканың  салалық  аяларында  семантикасы  немесе  ны-

саны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, 

сондай-ақ  ұлттық  жəне  интернационалдық  терминдердiң  табиғи  тепе-

теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады. 



 2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi 

 5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi: 

отырыстарда  мақұлданған  терминдер  мен  номенклатураларды  қарау 

жəне бекiту; 



Мемлекеттік тіл саясаты

190


экономиканың,  ғылымның,  техниканың  жəне  мəдениеттiң  түрлi  сала-

лары  бойынша  комиссия  бекiткен  терминдердi  бюллетеньдер  мен  салалық 

терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-

ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 

  терминдер  мен  номенклатуралардың  практикалық  пайдаланылуы  мен 

қолданылуының  дұрыстығы  мен  дəйектiлiгiн  айқындау  мақсатында,  қажет 

болған  жағдайда  қазақ  тiлiнiң  терминологиясын  құру  жəне  жетiлдiру 

жөнiндегi  ұсыныстарды  дайындау  үшiн  ғалымдарды,  газеттер  мен  жур-

налдар  редакцияларының,  теледидар  мен  радио  хабарын  таратудың,  кiтап 

баспаларының,  сондай-ақ  республиканың  мүдделi  министрлiктерi  мен 

ведомстволарының қызметкерлерiн тарту; 

 экономиканың, ғылымның, техниканың жəне мəдениеттiң тиiстi салала-

ры бойынша терминология секцияларын құру.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20 № 208, 

2005.04.01 № 295, 2008.06.11 № 577 Қаулыларымен.

 3. Жұмысын ұйымдастыру 

 6. Комиссияның  отырысы  оның  төрағасы  бекiтетiн  жұмыс  жоспарына 

сəйкес жүйелi түрде өткiзiледi. 

 Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп 

саналады.

7.  Комиссияның  хатшысы  Комиссияның  жұмыс  жоспарын  əзірлеуді 

қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.

 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 



қаулысымен.

7-1.  Қазақстан  Республикасы  Мəдениет  министрлігінің  Тіл  комитеті 

Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссияның  жұмыс  органы  комиссия  жұмысын  ұйымдастырушылық-

техникалық  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асырады,  оның  ішінде  комиссия 

отырысының  күн  тəртібі  бойынша  ұсыныстарды,  қажетті  құжаттарды, 

материалдарды  дайындайды,  олар  комиссия  отырысы  өткізілгенге  дейін 

үш  жұмыс  күні  қалғанда  хаттама  жобасымен  қоса  комиссия  мүшелеріне 

жіберілуі тиіс.

Ескерту.  Ереже 7-1-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

2008.06.11 № 577 қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 

№ 329 қаулысымен.

8.  Комиссия  шешімдері  ашық  дауыс  беру  арқылы  қабылданады  жəне 

оларға  комиссия  мүшелерінің  жалпы  санының  көпшілігі  дауыс  берсе, 

қабылданды  деп  есептеледі.  Дауыс  беру  комиссия  отырысында  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы  № 247 қаулысымен 

бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-

кеңесші  органдар  мен  жұмыс  топтарын  құру  тəртібі,  қызметі  мен  тараты-

луы туралы нұсқаулыққа (бұдан əрі – Нұсқаулық) қосымшаға сəйкес нысан 

бойынша  дауыс  беру  парағын  толтыру  жолымен  өткізіледі.  Дауыстар  тең 

болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.



Мемлекеттік тіл саясаты

191


Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген 

жағдайда,  ол  жазбаша  түрде  жазылуы  жəне  Нұсқаулықтың 24-тармағында 

көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

  Комиссия  отырыстарын  өткізу  нəтижелері  бойынша  жəне  дауыс  беру 

парақтарының  негізінде  үш  жұмыс  күні  ішінде  хаттама  жасалады,  оған 

төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс  беру  қорытындысы  бойынша  хаттама  жобасының  мазмұны 

өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған 

редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібе-

реді.


Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні 

ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.



 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 

қаулысымен.

8-1.  Дауыс  беру  парақтарымен  қоса,  комиссия  материалдары  мен 

хаттамалық шешімдерін есепке алуды жəне сақтауды комиссияның жұмыс 

органы жүзеге асырады.

  Ескерту.  Ереже 8-1-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

09.04.2014 № 329 қаулысымен.

 9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. № 208 қаулысымен.

 10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. № 208 қаулысымен.

11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне 

есеп бередi.


Мемлекеттік тіл саясаты

192


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық

ономастика комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сəуiрдегi № 368 

Қаулысы

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 



қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

«Қазақстан  Республикасының  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылысы  туралы» 

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына 

жəне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі 

Қазақстан  Республикасы  Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына  сəйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  Ескерту.  Кіріспе  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 24.04.2013 № 397 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономас-

тика комиссиясы құрылсын.

 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 



қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық оно-

мастика комиссиясының құрамы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық оно-

мастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін.



 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 

қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 3. Алынып  тасталды - ҚР  Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен 



(24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 4. Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 2-қосымшаға  сəйкес  кейбiр 

шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. 


Мемлекеттік тіл саясаты

193


Қазақстан Республикасы

 Үкiметiнiң

 1998 жылғы 21 сəуiрдегi

 № 368 қаулысымен

 бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық

ономастика комиссиясы туралы ереже

  Ескерту.  Ереже  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 24.04.2013 № 



397қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 1. Жалпы ережелер 

 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық оно-

мастика  комиссиясы  (бұдан  əрi – Комиссия)  Қазақстан  Республикасының 

аумағындағы  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елді  мекендердің  құрамдас 

бөлiктерiне,  əуежайларға,  порттарға,  теміржол  вокзалдарына,  темір-

жол 


стансаларына, 

метрополитен 

стансаларына, 

автовокзалдарға, 

автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемлекет  меншігіндегі 

басқа да объектілерге атау беру жəне оларды қайта атау, олардың атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттік заңды тұлғаларға, 

мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұрасының құрамдас бөлiгi 

ретiнде  тарихи  атауларды  қалпына  келтiру,  сақтау  бойынша  бірыңғай 

көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар əзiрлейтiн консультациялық-

кеңесші орган болып табылады.

2.  Комиссия  өз  қызметiнде  Қазақстан  Республикасының  Конституция-

сын,  Қазақстан  Республикасының  заңдарын,  Қазақстан  Республикасының 

Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер-

дi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен 

бекiтiледi.

4.  Қазақстан  Республикасы  Мəдениет  министрлігінің  Тіл  комитеті 

Комиссияның жұмыс органы (бұдан əрі – жұмыс органы) болып табылады.

Комиссияның  жұмыс  органы  комиссия  жұмысын  ұйымдастырушылық-

техникалық  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асырады,  оның  ішінде  комиссия 

отырысының  күн  тəртібі  бойынша  ұсыныстарды,  қажетті  құжаттарды, 

материалдарды  дайындайды,  олар  комиссия  отырысы  өткізілгенге  дейін 

үш  жұмыс  күні  қалғанда  хаттама  жобасымен  қоса  комиссия  мүшелеріне 

жіберілуі тиіс.

 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 

қаулысымен.


Мемлекеттік тіл саясаты

194



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет