Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет22/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77

2. Негiзгi мiндеттерi

5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1)  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əкiмшiлiк-аумақтық  бiр-

лiктерге,  елді  мекендердің  құрамдас  бөлiктерiне,  əуежайларға,  порттарға, 

теміржол  вокзалдарына,  теміржол  стансаларына,  метрополитен  стансала-

рына,  автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне 

мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру жəне оларды қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың  есімін  беру,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  тарихи-

мəдени  мұрасының  құрамдас  бөлiгi  ретiнде  тарихи  атауларды  қалпына 

келтiру,  сақтау  бойынша  бірыңғай  көзқарасты  қалыптастыру  жөніндегі 

ұсыныстар əзiрлеу;

2) Қазақстан Республикасының ономастика мəселелері бойынша норма-

тивтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеу;

3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру 

жөнiндегі ұсыныстар əзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқықтары

6. Комиссия жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:

1) ономастика мəселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар əзірлейді;

2)  облыстарға,  аудандар  мен  қалаларға  атау  беру,  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  жəне  өзгерту 

жөнінде қорытындылар береді;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, те-

міржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншігіндегі  басқа  да  объектілерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есімін беру жөнінде қорытындылар береді;

4)  қаладағы  аудандарға,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  құрам-

дас бөлiктерiне атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атаула-

рының транскрипциясын нақтылау жəне өзгерту жөнінде қорытындылар 

береді;

5)  қаладағы  аудандарға,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 



астананың  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  жəне  өзгерту  бойын-

ша  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  ономастика 

комиссияларының қорытындыларына келісім береді;

6) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру 

жөнiндегі ұсыныстарды қарайды.

7. Өз міндеттері мен функцияларына сəйкес Комиссия:

1) орталық атқарушы жəне басқа да мемлекеттік органдармен жəне өзге 

де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;


Мемлекеттік тіл саясаты

195


2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ономастика мəселелері бойын-

ша  заңнамалық  актілерді  жетілдіру  жөніндегі  ұсыныстар  мен  ұсынымдар 

енгізуге;

3)  Комиссияның  құзыретіне  кіретін  мəселелер  бойынша  облыстық 

ономастика  комиссиялары  мен  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 

астананың ономастика комиссияларының төрағаларын, сондай-ақ мемлекет-

тік  органдардың  жəне  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  ұйымдарының 

өкілдерін  (келісім  бойынша)  Комиссияның  отырыстарына  шақыруға  жəне 

тыңдауға;

4) заңнамада белгіленген тəртіппен мемлекеттік жəне басқа да ұйымдардан 

Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға 

жəне алуға;

5)  Комиссияға  жүктелген  міндеттер  мен  функцияларды  жүзеге  асыру 

үшін қажетті өзге де құқықтарға құқылы.



4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

8.  Комиссия  төрағадан,  төраға  орынбасарынан,  Комиссия  мүшелерінен 

жəне хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табыл-

майды.


9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық 

етеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындай-

ды.

Комиссияның  хатшысы  Комиссияның  жұмыс  жоспарын  əзірлеуді 



қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.

 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 



қаулысымен.

10. Комиссия мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

 11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 қаулысымен;

 12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 қаулысымен;

13. Отырыстың күн тəртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын, Комис-

сия төрағасы айқындайды жəне нақтылайды.

 14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 қаулысымен;

15. Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет жəне Комиссияның төрағасы 

айқындайтын өзге де күндерде өткізіледі.

16. Комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының 

кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады.

17.  Комиссия  шешімдері  ашық  дауыс  беру  арқылы  қабылданады 

жəне  оларға  комиссия  мүшелерінің  жалпы  санының  көпшілігі  дауыс 

берсе,  қабылданды  деп  есептеледі.  Дауыс  беру  комиссия  отырысында 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы  № 247 

қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы 

консультациялық-кеңесші  органдар  мен  жұмыс  топтарын  құру  тəртібі, 

қызметі  мен  таратылуы  туралы  нұсқаулыққа  (бұдан  əрі – Нұсқаулық) 

қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  дауыс  беру  парағын  толтыру  жолы-

мен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім 

қабылданды деп есептеледі.


Мемлекеттік тіл саясаты

196


Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген 

жағдайда,  ол  жазбаша  түрде  жазылуы  жəне  Нұсқаулықтың 24-тармағында 

көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

Комиссия  отырыстарын  өткізу  нəтижелері  бойынша  жəне  дауыс  беру 

парақтарының  негізінде  үш  жұмыс  күні  ішінде  хаттама  жасалады,  оған 

төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс  беру  қорытындысы  бойынша  хаттама  жобасының  мазмұны 

өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған 

редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібе-

реді.


Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні 

ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

 Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 № 329 

қаулысымен.

17-1.  Дауыс  беру  парақтарымен  қоса,  комиссия  материалдары  мен 

хаттамалық шешімдерін есепке алуды жəне сақтауды комиссияның жұмыс 

органы жүзеге асырады.



  Ескерту.  Ереже 17-1-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

09.04.2014 № 329 қаулысымен.

18. Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мəселелерді қарау үшін 

қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.

19.  Комиссия  шешімдері  қорытынды  түрінде  ресімделеді  жəне  оған 

төраға, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

20. Қорытынды тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.



Мемлекеттік тіл саясаты

197


Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы 

органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек 

көрсету жəне лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу 

ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз № 1127



Ескерту.  Атауына  жəне  кіріспеге  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Үкіметінің 

2003.12.31. № 1385 , 2004.05.13. № 532 , 2007.09.11. № 793 қаулыларымен.

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттiк  бюджеті  жəне  Ұлттық  Банкiнiң  сметасы  (бюджетi)  есебiнен 

қамтылған  Қазақстан  Республикасы  органдары  қызметкерлерiне  еңбекақы 

төлеудiң  бiрыңғай  жүйесi  туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы  № 1284 

Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) жəне 4) 

тармақшаларына  жəне  «Əкімшілік  реформаны  одан  əрі  жүргізу  жөніндегі 

кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 

29 наурыздағы № 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына сəйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан 

Республикасы  органдарының  қызметкерлеріне  сыйлық  беру,  материалдық 

көмек  көрсету  жəне  лауазымдық  жалақыларына  үстемеақылар  белгілеу 

ережесі бекітілсін. <*>



Ескерту. 1-тармаққа  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Үкіметінің 2003. 12.31. № 

1385, 2004.05.13. № 532 , 2007.09.11. № 793 Қаулыларымен.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі 


Мемлекеттік тіл саясаты

198


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы

N 1127 қаулысымен

бекітілген



 Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен

 Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне

сыйлық беру, материалдық көмек көрсету жəне

 лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу

ережесі <*> 

Ескерту.  Тақырыбына  өзгеріс  енгізілді - ҚР  Үкіметінің 2003.12.31. № 

1385 , 2004.05.13. № 532 , 2007.09.11. № 793 Қаулыларымен. 



 

 Жалпы ережелер 

 1.  Осы  Ереже  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттiк  бюджетi  жəне  Ұлттық  Банкiнiң  сметасы 

(бюджетi)  есебiнен  қамтылған  Қазақстан  Республикасы  органдары 

қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 2004 жылғы 17 

қаңтардағы № 1284 жəне «Əкімшілік реформаны одан əрі жүргізу жөніндегі 

кейбір шаралар туралы» 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлықтарына 

сəйкес  лауазымдық  (қызметтік)  мiндеттерiн  тиiсiнше  орындағаны  үшiн 

қызметкерлердi  көтермелеу  жүйесiн  реттеу,  сондай-ақ  функциялары  мен 

міндеттерін  уақтылы  əрі  сапалы  орындауда  Қазақстан  Республикасының 

органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында 

əзiрлендi жəне олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, 

мемлекеттік  бюджеттің  есебiнен  қамтылатын  Қазақстан  Республикасы 

органдарының қызметкерлерiне қолданылады. <*>



Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. № 532 

қаулысымен .

1-1.  Қазақстан  Республикасы  органдарының  қызметкерлерiне  сыйлық 

беру,  материалдық  көмек  көрсету  жəне  лауазымдық  жалақыларына 

үстемақылар  белгiлеу  бюджеттік  бағдарламаны, (кішi  бағдарламаны) 

қаржыландыру  жоспары  бойынша  тиісті  көзделген  мемлекеттiк  бюджет 

қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. <*> 

Қазақстан  Республикасы  органдары  қызметкерлерінің  лауазымдық 

жалақыларына  үстемеақылар  сондай-ақ  мемлекеттік  органның  жəне  оның 

аумақтық  бөлімшелері  қызметкерлерінің  штат  санын  қысқарту  туралы 

шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз 

етуге  көзделген  жəне  штат  санын  қысқарту  нəтижесінде  босағандардың 

толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 

2003.12.31. № 1385 , 2004.05.13. № 532 , өзгерту енгізілді - 2007.09.11. № 

793 Қаулыларымен.



Мемлекеттік тіл саясаты

199


1-2.  Мемлекеттік  органдардың  қызметкерлеріне  сыйлық  беру, 

материалдық көмек көрсету жəне лауазымдық жалақыларына үстемеақылар 

белгілеу:

1) мемлекеттік орган басшысы - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) 

əкімшісінің  не  оны  алмастыратын  тұлғаның  (егер  осы  орталық  атқарушы 

органда  жауапты  хатшының  лауазымы  енгізілмеген  жəне  жауапты 

хатшының өкілеттіктері белгіленген тəртіппен жүктелген лауазымды тұлға 

анықталмаған жағдайда);

2)  жауапты  хатшының  орталық  атқарушы  органның  басшысымен 

келісілген;

3)  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жауапты  хатшының 

өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша 

жүргізіледі деп белгіленсін.

Ескерту. 1-2-тармақ  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 2007.09.11. 

793, өзгерту енгізілді - 2007.11.12. N 1069 Қаулыларымен.

2.  Осы  Ереженің 1-2-тармағында  санамаланған  тұлғалар  бұл  ретте  осы 

Ережені  басшылыққа  ала  отырып,  осы  органдар  қызметкерлеріне  сыйлық 

беру туралы Ережені дербес əзірлеуге жəне бекітуге құқығы бар.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 

Қаулысымен. 

 

Сыйлық беру шарттары 

 3.  Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нəтижелерін 

сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

1) мемлекеттік жəне еңбек тəртібін сақтау;

2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нəтижелері;

3)  лауазымдық  міндеттерді  үлгілі  орындау,  мінсіз  мемлекеттік  қызмет, 

ерекше  маңызды  жəне  күрделі  тапсырмаларды  орындау  жəне  жұмыстағы 

басқа да жетістіктері үшін;

4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген 

бөлімшелерінің  одан  əрі  қалыпты  (үздіксіз)  жұмыс  істеуі  оның  шұғыл 

орындалуына  байланысты  болатын  кезек  күттірмейтін  жəне  алдын  ала 

күтілмеген жұмыстарды орындау;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан 

Республикасы  Президентінің,  Үкіметінің  жəне  Премьер-Министрінің 

кесімдері  мен  тапсырмаларының  іс-шараларын  уақытылы  жəне  сапалы 

орындау;

6) мерейтой, мереке күндері;

7)  егер  осы  өкілеттіктер  қызметкерлердің  лауазымдық  міндеттеріне 

кірмесе  заң  жобаларын,  конвенцияларды,  келісімдерді,  шарттарды, 

нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде əзірлеу;

8) осы орган туралы Ережеге сəйкес тиісті органға жүктелген функциялар 

мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.

4. Қызметкерге:

1) оның алынбаған тəртіптік жазасы болған кезде;

2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса;

3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. 


Мемлекеттік тіл саясаты

200


 Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттары 

 5.  Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу: 

1)  өзінің  негізгі  жұмысынан  босамай,  қысқартылған  жəне/немесе 

уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны; 

2)  оған  міндеттердің  кеңейтілген  аясы  жүктелгені,  жоғары  кəсіптік 

деңгеймен  жəне  құзыреттілікпен,  оларды  практикада  табысты  қолданумен 

ұштасатын жұмыста жеткілікті тəжірибесі (өтілі) жəне дағдысы, сондай-ақ 

басқа да көрсеткіштері; 

3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді 

қолданғаны. 

Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан 

тұратын мəліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын 

қызметкерге  олардың  орындалған  көлеміне  қарай,  сондай-ақ  оның  кейбір 

құқықтарына шек қойылғаны жəне қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі 

мүмкін. 

Ескерту. 3) тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. 

793 Қаулысымен. 

 6.  Сондай-ақ,  үстемеақылар  қызметкерді  ақиқатты  жағдайларға 

байланысты  төмен  ақы  төленетін  лауазымға  (неғұрлым  жеңіл  жұмысқа) 

ауыстыру (тағайындау) кезінде: 

1)  еңбек  ету  кезінде  мертігу,  кəсіби  науқас  немесе  еңбек  қабілеттігін 

қалпына  келтіргенге  не  мүгедектік  белгіленгенге  дейін  осы  органда  еңбек 

міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы; 

2)  ауысқан  (тағайындалған)  күнінен  бастап  бір  жыл  ішінде  органды 

басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін.

 7.  <*> 

Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 

2004.11.15. N 1197 қаулысымен . 

 Материалдық көмек көрсету ережелері 

 8.  Қызметкерге  материалдық  көмек  көрсету  оның  ауыр  материалдық 

жағдайына байланысты мынадай: 

1)  оның  отбасы  мүшелерінің,  жақын  туған-туыстарының  (зайыбының, 

ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, 

толық туысты жəне толық туыс емес ағалары мен əпкелерiнiң, аталарының, 

əжелерiнiң, 

немерелерiнiң) 

немесе 

құда-жекжаттарының 



(ерлі-

зайыптылардың  ата-анасының,  аға-інісінің,  əпке-сіңлісінің,  балаларының) 

қайтыс болуы; <*> 

2) некеге тұру; 

3) бала туылған, бала асырап алған; 

4)  қосымша  қаржылық  шығындарды  талап  ететін  емдеу  жүргізілген 

(санаторийліктен  басқа,  стационарлық  немесе  амбулаторлық  емдеудің 10 

күнтізбелік күнінен астам); 

5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық жəне 

т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі жəне 

т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру; 

6)  қызметкердiң  зейнеткерлiкке  шығуы  жағдайларында  жүзеге 

асырылады. 


Мемлекеттік тіл саясаты

201


Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 

2003.12.31. N 1385 қаулысымен. 

  

Қызметкерлерге сыйлықты бекіту жəне төлеу, материалдық 

 көмек көрсету жəне лауазымдық жалақыларына үстемеақылар 

белгілеу тəртібі 

 9.  Қызметкерлерге  сыйлық  беру  жəне  лауазымдық  жалақыларына 

үстемеақылар  белгілеу  дербес  құрылымдық  бөлімшелер  басшыларының 

жазбаша ұсынысының негізінде осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған 

тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі. 

Құрылымдық  (аумақтық)  бөлімшелердің  басшыларына  сыйлық  беру 

жəне  үстемеақылар  белгілеу  орган  басшының  орынбасары  ұсынысының 

негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*.



Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 

Қаулысымен. 

 10.  Ұсыныста  қызметкердің  тегі  жəне  лауазымы,  сыйлық  (үстемеақы) 

беруге  негіздеме  мен  мөлшері  жəне  тəртіптік  жазасы  жоқтығы  туралы 

мəлімет көрсетіледі.

 11.  Қызметкерге  материалдық  көмек  көрсету  туралы  бұйрықты 

қызметкердің  жазбаша  өтінішінің  негізінде  не  осы  органда  құрылатын 

тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында 

санамаланған тұлғалар қабылдайды. 



Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 

Қаулысымен. 

 12.  Қазақстан  Республикасы  органдарының  қызметкерлеріне  сыйлық 

беруге,  материалдық  көмек  көрсетуге  жəне  лауазымдық  жалақыларына 

үстемеақылар  белгілеуге  мемлекеттiк  бюджет  қаражатын  бөлу  Қазақстан 

Республикасы  Қаржы  министрлігінің  нормативтік  құқықтық  кесімдерімен 

айқындалған  тəртіппен  Қазақстан  Республикасы  органдарының  бюджеттiк 

бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер 

енгізу жолымен жүргізіледі. <*> 



Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 

2003.12.31. N 1385 қаулысымен . 

Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 

қаулысымен . 

 13.  Сыйлық  беру,  материалдық  көмек  көрсету  жəне  үстемеақылар 

белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге 

асырылады: 

1)  жыл  бойы  үнемделген  мемлекеттік  бюджет  қаражатының  жалпы 

көлемінің 30%-ынан  аспайтын,  ал  желтоқсанда - бір  жылда  үнемделген 

қаражаттың толық көлемінде: 

- ел ішінде іссапарлар жəне қызметтік барулар; 

- елден тыс жерлерге іссапарлар жəне қызметтік барулар; 

- үй-жайларды жалдауға ақы төлеу; 

 - коммуналдық қызметтерге ақы төлеу; 

- байланыс қызметіне ақы төлеу; 

* Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарлары-

на) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін.


Мемлекеттік тіл саясаты

202


- көлік қызметіне ақы төлеу; 

- электр энергиясына ақы төлеу; 

- жылуға ақы төлеу; 

- ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды жəне басқа да негізгі 

құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу; 

- өзге де қызметтер; 

- ерекше шығыстар; 

- өзге де ағымдағы шығыстар; 

2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде: 

- негізгі жалақы; 

- өтемақы төлемдері; 

- əлеуметтік салық; 

-  автокөлік  құралдары  иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін 

міндетті сақтандыруға арналған жарналар;

-  мемлекеттік  мекемелердің  қызметкерлерінің  жеке  басын  мемлекеттік 

міндетті сақтандыруға арналған жарналар;

- өзге де тауарларды сатып алу; 

- қосымша ақшалай төлемдер. <*> 



Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 

2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 Қаулыларымен. 

 13-1.  Үстемеақылар  сондай-ақ  мемлекеттік  органның  жəне  оның 

аумақтық  бөлімшелері  қызметкерлерінің  штат  санын  қысқарту  туралы 

шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз 

етуге  көзделген  жəне  штат  санын  қысқарту  нəтижесінде  босағандардың 

толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 



Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. 

793 Қаулысымен. 

14.  Шығыстардың  қалған  түрлері  бойынша  мемлекеттік  бюджет 

қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге жəне 

үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. <*> 

Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 

қаулысымен.



 Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк 

əкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттiк бағдарламаны (кiшi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет