Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77

4.2.2.8 Көмекші сөздер

Көмекші сөздердің түрлері: көмекші есімдер (мысалы, алды, арты, асты, 

үсті, басы, аяғы), көмекші етістіктер (мысалы, е, еді, екен, деді), шылаулар 

(мысалы, жəне, да/де/та/те, мен/бен/пен, бірақ).



4.2.3 Синтаксис

Жай сөйлем түрлері:

- хабарлы сөйлем (мысалы, Кешке жаңбыр жауады);

- сұраулы сөйлем (мысалы, Бүгін кешке жаңбыр жауады ма? Қашан жа-

уады?);

- бұйрықты сөйлем (мысалы, Ертең кешікпей кел! Ол да келсін!);



- болымсыз сөйлем (мысалы, Сабақ болмайды. Сабақ болған жоқ. Кешік-

кен мен емес);

- жалаң сөйлем (мысалы, Ата-анам ауылда. Олар сөйлесіп отыр);

- жайылма сөйлем (мысалы, Ағаштар көктемде гүлдейді);

- мезгілді, нысанды, мекенді көрсету (мысалы, Бүгін досыммен кездестім. 

Кездесу жазушылар үйінде болды).

Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі

Баяндауыштың  сөйлем  соңында  тұру  заңдылығы.  Анықтайтын  сөз 

анықталатын сөздің алдында тұру заңдылығы. 

4.2.4 Лексика

Қарама-қарсы мəндес сөздер (мысалы, үлкен-кіші, ұзын-қысқа).

Мағыналары ұқсас сөздер (мысалы, əдемі, сұлу т.б.).

Қарапайым деңгейдің лексикалық минимумы – 750-800 сөз. Бұл сөздердің 

үлкен бөлігі заттың атын білдіретін сөздер (40%) қимылды білдіретін сөздер 

(20%) жəне зат пен қимылдың сынын білдіретін сөздер –  (үстеулер, сын есім-

дер 20%) қалған бөлігі есім сөздер орнына жұмсалатын есімдіктер, көмекші 

сөздер.  Осы  деңгейдің  негізі  сөздік  құрамы  күнделікті  тілдік  қатысымды 

жəне мəдени-əлеуметтік саланы қамтиды.


Мемлекеттік тіл саясаты

358


А қосымшасы

(ақпараттық)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

__________ № __________



СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, əкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілігі бойынша 

_________________________  деңгейін  меңгергендігін  жəне  тест 

бөліктерінен мынадай нəтижелер көрсеткендігін растайды.

     Бөліктер                                 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1. Тыңдалым ______________________________________

2. Лексика-грамматика ______________________________________

3. Оқылым ______________________________________

4. Жазылым ______________________________________

5. Айтылым ______________________________________

Ұйым басшысы

____________________________ ______________________ 

қаласы     

 

________________  __________ 



200 _ ж. «___» _________________

Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________    ______________



Мемлекеттік тіл саясаты

359


Б қосымшасы

(ақпараттық)

Қарапайым деңгейге арналған тест үлгілері [8] - [11]

Б1. Тыңдалым

Аудиомəтін

– Аптаның үшінші күні қалай аталады?

1. Дұрыс нұсқасын табыңыз.

A) дүйсенбі 

В) сейсенбі 

С) сəрсенбі 

D) бейсенбі 

Аудиомəтін

– Жаныңыздағы қарындасыңыз ба?

– Иə.

2. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.



A) досым 

В) жерлесім

С) курстасым 

D) ағамның қызы



Аудиомəтін

– Қызым, қол жалғап жібере аласың ба?

– Жарайды, ата, мынауыңыз артық қой! 

– Мен қанша беріппін?

– 25 теңге беруіңіз керек, сіздерге жеңілдік бар ғой көлікте.

5. Диалог қайда өтіп жатыр?

А) дүкенде 

В) асханада

С) автобуста

D) кітапханада

6. Диалог мазмұны бойынша сұраққа дұрыс жауап таңдаңыз.

Қарт кісіге кім көмектесті?

А) қыз 

В) шал


С) бала

D) жігіт


Аудиомəтін

Шыңғыс  Айтматов 1929 жылы 12 желтоқсанда  Қырғыздың  Талас 

өңіріндегі Шекер ауылында өмірге келген. Əкесі Төреқұл белгілі қоғам, мем-


Мемлекеттік тіл саясаты

360


лекет қайраткері болған. Бірінші, екінші кластарды Мəскеуде бітірген, бұл 

кезде əкесі Төреқұл жоғары партия мектебінде оқыған. Оқушылық жылда-

ры негізінен Шекер ауылында өтеді. Мектептің алтыншы сыныбын бітірген 

соң  Жамбыл  мал  дəрігерлік  техникумына  оқуға  түседі.  Оны  үздік  бітіріп, 

Қырғыз  ауылшаруашылық  институтына  емтихансыз  қабылданады. 1953 

жылы оны үздік бітірген соң Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник 

болып  қызмет  атқарады. 1956-1958 жылдары  Мəскеудегі  Жоғары  əдебиет 

курсында  оқиды.  Тұңғыш  əңгімесі  «Əшім» 24 жасында  жарық  көрген. 

Шыңғысты  жазушы  ретінде  танытқан  «Жəмила»  повесі.  Ол  повесті  əуелі 

қырғызша жазып бастырды, артынша өзі орыс тіліне аударып, «Новый мир» 

журналына шығарды. 

Д. Ысқақұлы «Айтматов айдыны»

1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Ш.Айтматовтың Қазақстанда алған білімі – ... .

A) орта білім 

В) жоғары білім

С) бастауыш білім

D) арнаулы орта білім

2. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мəтіндегі негізгі ақпарат Шыңғыстың ... туралы.

A) туған жері 

В) білім алуы

С) шығармашылығы

D) қоғам қайраткерлігі

3. Сөйлемге қойылатын ең дұрыс сұрақты көрсетіңіз. 

  «Жəмила»  повесін  əуелі  қырғызша  жазып,  өзі  орыс  тіліне  аударып 

бастырған.

A) Повесті кім аударған?

В) Повесть қай тілде басылған?

С) Повестің бастырылу ерекшелігі неде

D) «Жəмила» повесі қай тілде жазылған?

Б2. Лексика-грамматикалық бөлік

1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Көкшетау... сұлу табиғатына тамсана қарадық.

A) -дің


B) -тің

C) -дың 


D) -тың 

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді табыңыз.

Анам емханада дəрігер ... жұмыс істейді.

A) бол 


Мемлекеттік тіл саясаты

361


B) болса 

C) болған

D) болып 

3. «Байрақ» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

A) алау 

B) жалау


C) таңба

D) елтаңба 

4. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.

Қыс түсе салысымен жер өзінің ақ көрпесін ... . 

A) жамыл

B) жамылу

C) жамылды 

D) жамылдырды

5. Сөйлемді қажетті қос сөзбен толықтырыңыз.

Жеңіс күні ардагерлер ... алаңға жинала бастады.

A) бетпе-бет

B) анда-санда

C) ауызба-ауыз 

D) топ-тобымен 



Б3. Оқылым 

1-мəтін.

Менің отбасым 

Менің алты балам – үш ұл, үш қызым бар. Үлкен қызым фортепиано сы-

ныбы  бойынша  консерваторияны  аяқтады,  Алматы  мемлекеттік  универси-

тетінде оқытушы. Бір ұлым менің жолымды қуып, қазір Алматы қалалық со-

тында еңбек етеді, ал екінші ұлым Алматы университетінің заң факультетін 

аяқтаған,  органдарда  жұмыс  істейді.  Ортаншы  қызым – «Қазақтелекомда» 

заңгер, кіші ұлым жуырда 15-ке келеді, 8-сыныпта оқиды. Тағы бір қызым 

жұбайыммен бірге бизнеспен айналысады. 

1. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз.

Бір қызым анасымен бірге ... .

А) консерваторияда істейді 

В) заң факультетінде білім алуда 

С) кəсіпкерлікпен шұғылданады

D) Алматы мемлекеттік университетінде сабақ береді

2. Мəтінге сəйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 

А) Ортаншы қызым – заңгер.  

В) Ұлым қалалық сот қызметкері.


Мемлекеттік тіл саясаты

362


С) Үлкен қызым жоғары оқу орнында сабақ береді. 

D) Бір қызым консерваторияда жұмыс істейді. 

3. Мəтін бойынша толық жəне нақты ақпаратты таңдаңыз.

А) Менде үш қыз бар.  

В) Менің алты балам бар.  

С) Менің ұл-қыздарым бар.  

D) Менің 3 ұл, 3 қызым бар.  

2-мəтін.

Асар

Асар – көпшіліктің жəрдемін пайдалану дəстүрі. Тез бітіруді талап ететін 

жұмыс кезінде ауылдастар, руластар, дос-жарандар жабыла жұмылып, істі 

тындырады. Мұндай іске қой тоғыту, қой қырқу, тай таңбалау, жылқы күзеу, 

үй көтеру, киіз басу, бие байлау, соғым сою, шөп шабу, той жасау, ас беру, өлім 

ұзату, келін түсіру, қыз ұзату т.б. жатады. Үй иесі көмекке келіп, қолқабыс 

жасағандарды тамақпен сыйлайды, бірақ көмек берушілер істеген жұмысына 

ақы алмайды. Асар алма-кезек болып тұрады. Соңғы кезде асардың мазмұны 

біраз  өзгеріп,  басқаша  сипат  алды.  Мысалы,  əкімшілік  орындары  асарды 

пайдаланып, сенбілік ұйымдастырып, ағаш кесу, қоршаған ортаны тазалау 

сияқты тегін жұмыстарды істетеді. Асар кей жерлерде «серне» деп аталады. 

1. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз. 

Үй иесі асарға келгендерді ... . 

А) тегін жұмыс істетеді

В) оларды пайдаланады 

С) басқаша қарсы алады

D) сыйлап, тамақтандырады 

 

2. Мəтінге сəйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.



А) Асар кезінде ауыл əкімшілігі үй иесіне көмек көрсетеді. 

В) Келін түсіріліп, қыз ұзатылғанда ауылдастар асарға келеді. 

С) Дос-жарандар үй тұрғызу кезінде асар ұйымдастырады.  

D) Асар кезінде көптеген жұмыстар атқарылады. 

3. Мəтінге сəйкес ақпаратты таңдаңыз.  

Соңғы уақытта асар кезінде ...

А) сенбілікке шығып, айналаны тазарту 

В) концерт ұйымдастыру 

С) үй тұрғызу, құрылыс жұмыстарын жүргізу

D) үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу 

                                                                жұмыстары атқарылады. 

4. Мəтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. 

А) Асар кезінде киіз қалай басылады?

В) Асар кезінде сенбілікке неше адам шығады?



Мемлекеттік тіл саясаты

363


С) Асар кезінде қандай жұмыстар атқарылады? 

D) Асар жылдың қай мезгілінде ұйымдастырылады? 

5. Мəтін бойынша толық жəне нақты ақпаратты таңдаңыз.  

А) Асарға жолдастар, жерлестер, туыс-жақындар ат салысады. 

В) Əкімшілік қызметкерлері мен əріптестер істі көмекке келеді.

С) Үй иесі көмекке келіп, ат салысады.   

D) Келген қонақтар көмек беріп, ат салысады. 

Б4. Жазылым

1-тапсырма

Коммуникативтік талапқа сай аудиомəтін тыңдау арқылы шығармашылық 

диктант жазыңыз.

Аудиомəтін

Достарым қайда екен?

Достың  көп  болғаны  жақсы  ғой.  Менің  достарым  аз  емес.  Мен  кей-

де  балалық  шақтың  қызықтарын  бірге  бөліскен  достарымды  сағынамын. 

Балалық шақ деген тəтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. 

Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент 

шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.

Мен  бастауыш  сыныпты  Алматы  облысы,  Қарасай  ауданы,  Қарқаралы 

ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996-2000 жылдар аралығы еді. 

Біздің сыныптың оқушылары тəртіпті де, тəрбиелі еді. Əрі бəрі шеттерінен 

өнерлі  балалар.  Əсіресе,  Аян  мен  Серік  «өте  жақсыға»  оқыған.  Біз  үнемі 

футбол  ойнап,  спортпен  айналыстық.  Аян  мейірімді  де,  ақылды.  Мен  оны 

осы қасиеттері үшін де жақсы көретінмін. Бүгінде оның қайда екенін білмей-

мін, оларды сағынып, іздеп жүрмін. 

2-тапсырма

Диктант  мəтініндегі  мəселеге  байланысты  берілген  сұрақтар  негізін-

де  сөздердің  баламасын  тауып,  сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстыра  өз 

пікіріңізді жазыңыз. Баяндау толық, жеткілікті, ойға, көңілге қонымды бо-

луы керек. Мəтіндегі сөйлемдерді сөзбе-сөз жазуға болмайды. 

Тапсырманы орындау уақыты – 10-15 мин.

1. Автордың дос туралы ойы қандай?

2. Қай кезгі достарын сағынады?

3. Автор бастауыш сыныпты қайда оқыған?

4. Аян қандай бала?

5. Сіз достарыңызды не үшін жақсы көресіз, сағынасыз ба?

3-тапсырма

Ұсынылған сұрақтарға сүйене отырып, жазбаша диалог құрастырыңыз.



Мемлекеттік тіл саясаты

364


Тапсырманы орындау уақыты – 5 мин.

Сізге  Қазақстаннан  іссапармен  келетін  əріптесіңіз  телефон  соқты  деп 

ойлаңыз. Мына əрекеттерді орындаңыз:

1. – Қай күні келетінін қазақша сұраңыз.

...

2. – Ұшақ  рейсі  қашан  болатыны  туралы  сұраңыз,  оны  əуежайда  күтіп 



алуға уəде беріңіз.

...


3. – Қонақ үйге тапсырыс беру туралы сұраңыз жəне сəт-сапар тілеңіз.

...


4. – Қонақ үйге екі адамдық орынға 4 тəулікке тапсырыс беріңіз.

...


Мемлекеттік тіл саясаты

365


Библиография

[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап).

[2] «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

№ 319-ІІІ Заңы.

[3]  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 2001-2010 жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  (Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2001 

жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген).

[4] 2007-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  тілді  қолдану  аясын 

кеңейту  мен  оның  бəсекелестігін  арттыру  тұжырымдамасы  (Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен 

мақұлданған).

[5]  Қазтест  жүйесін  енгізу  мен  дамыту  тұжырымдамасы  (Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен 

бекітілген).

[6]  Еуропалық тілдік портфелі, «Златоуст», 2006.

[7] Ф.Ш. Оразбаева, Т.Т. Аяпова, Р.С. Рахметова, У.К. Исабекова,         К.Е. 

Абиыр. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-əдістемелік кешендер. Алматы: - 

Жазушы, 2007.

[8]  В.С.  Аванесов  «Форма  тестовых  заданий».  Мектеп,  лицей,  колледж 

жəне  ЖОО  мұғалімдеріне  арналған  оқу  құралы.  М.: «Тестілеу  орталығы», 

2006.

[9]  Д.Х.  Ақанова,  А.М.  Алдашева,  З.К.  Ахметжанова,  Қ.Қ.  Қадашева, 



Э.Д. Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. 

Үшінші деңгей». Оқу кешені. – Алматы қ., «Арман-ПВ» басылымы, 2002.

[10]  З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «Қазақ тілі. Тестілеу 

əдістемесі: көмекші құрал». – Астана, 2007.

[11] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу 

теориясы мен практикасы: Көмекші құрал». – Алматы, «Құс Жолы», 2009. 



Мемлекеттік тіл саясаты

366


ƏОЖ 811.512.122:81`37.046.16:006.354(574)               МСЖ

 

03.180

Түйінді  сөздер:  мемлекеттік  стандарт,  коммуникативтік  құзыреттілік, 

лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексикалық 

минимум 


Мемлекеттік тіл саясаты

367


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік

тілдік құзыреттіліктері

ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙ

Жалпы меңгеру

ҚР СТ 1927-2009

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті

(Мемстандарт)

Астана

Мемлекеттік тіл саясаты

368


Алғысөз

1 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ы. Алтын-

сарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы»  республикалық  мемлекеттік 

қазыналық кəсіпорны ƏЗІРЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ұлттық тес-

тілеу  орталығы»  республикалық  мемлекеттік  қазыналық  кəсіпорны  ЕН-

ГІЗДІ

2  Қазақстан  Республикасының  Индустрия  жəне  сауда  министрлігі 

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті Төрағасынынің 2009 жылғы 

30  желтоқсандағы  № 647-од  бұйрығымен  БЕКІТІЛІП  ҚОЛДАНЫСҚА 

ЕНГІЗІЛДІ

3  Осы  стандартта  Орыс  тілі  шет  тілі  ретіндегі  мемлекеттік  білім  беру 

стандартынтардың  (ІІІ  сертификациялық  деңгей.  Жалпы  меңгеру)  негізгі 

ережелері ескерілген (ІІІ- сертификациялық деңгей. Жалпы меңгеру). 

4  Осы  стандартта  «Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы» 

Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі  № 151 Заңының; 

«Білім  туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 

319-ІІІ  Заңының; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 

2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңының нормалары іске асырылған

5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014 

жыл

   ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 

жыл

6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ                                        

Осы  стандартқа  енгізілетін  өзгерістер  туралы  ақпарат  жыл  сайын 

басып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар»  

ақпараттық  сілтемелерінде,  сондай-ақ  өзгерістер  мен  түзетулердің 

мəтіні – ай сайын басылатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық 

сілтемелерінде жарияланады. Осы стандарт қайта қаралған (өзгертілген) 

немесе жойылған жағдайда, тиісті хабарлама ай сайын басылатын «Мем-

лекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланады. 

Осы  стандарт  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  жəне  сау-

да  министрлігінің  Техникалық  реттеу  жəне  метрология  комитетінің 

рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай жəне бөлшектеліп басылып 

шығарыла, көбейтіле жəне таратыла алмайды


Мемлекеттік тіл саясаты

369


Кіріспе

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі [1]. Қазақ тілінің 

қоғамдық  қызметін  кеңейтіп,  оның  маңызын,  қажеттілігін  табиғи  түрде 

арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді 

тиімді  жүзеге  асыру,  оқыту  сапасына  қатаң  талап  қою,  тіл  қолданушының 

өздігінен  білім  алуын  ұйымдастыру,  оның  нəтижелеріне  тұрақты  бақылау 

жасау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен, 

əр  деңгей  түпкі  мақсатына  қарай  тіл  қолданушының  коммуникативтік 

құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді. 

Коммуникативтік  құзыреттіліктің  даму  деңгейін  бағалау,  анықтау,  тіл-

дік  тұлғаның  қалыптасу,  даму  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  береді  [3].   

Оқытудың нəтижесін бағалау əрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады. 

Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға мо-

делін құрайтын негізгі компонент болып табылады. 

Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойын-

ша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің 

деңгейлері [6] 1-кестеде  көрсетілген.

1-кесте

Деңгейлер

Лингвистикалық 

тұрғыдан

Лингводидак-

тикалық тұрғыдан

Еуропалық 

стандарт 

деңгейлерімен 

сəйкестігі 

I. Қарапайым 

деңгей

Вербалдық-



семантикалық 

деңгей


«Бағдар» + 

«Тілашар»

А-1; А-2

II. Базалық 

деңгей

III. Орта 



деңгей

Когнитивтік 

тезаурустық деңгей

«Тіл дамыту»+

«Тіл ұстарту»

В-1; В-2


IV. Ортадан 

жоғары 


деңгей

V. Жоғары 

деңгей

Мотивациялық-



прагматикалық 

деңгей


«Тіл мəдениеті» + 

«Тілдік тұлға»

С-1; С-2

VI. Жетік 

деңгей

Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы 



ауызша  жəне  жазбаша  қолданыстағы  құрылымдары  тілді  меңгеруді 

бағалаудың  негізіне  алынады.  Тіл  меңгеру  деңгейлерін  бағалау  тілді  ауыз-

ша  жəне  жазбаша  үйренудегі  жүйені,  дыбыстау  жүйесін,  тілде  түрлі 

коммуникациялық  мақсаттағы  қызметтерді  атқаратын  жалғаулардың 



Мемлекеттік тіл саясаты

370


қолданысын, сөздердің жасалуын, кез-келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін 

түсіне  алуын,  сөздердің  тура  жəне  ауыспалы  мағыналардағы  қолданысын 

меңгеруін,  өз  мақсаты  мен  ойын  жеткізуде  тілдік  құрылымдарды  қолдана 

білуін, жаза жəне айта алу деңгейін анықтауды көздейді. Бағалау барысын-

да  барлық  лексика-грамматикалық  құрылымдар  жəне  сол  құрылымдарды 

қамтыған  тілдегі  материалдар  қабаты,  оларды  бағаланушының  тыңдап 

түсінуі,  меңгеруі,  оқып  түсінуі,  дұрыс  жазу  деңгейін  игеруі,  сөйлей  білуі, 

айта  білуі  бағалау  аппаратына  негіз  болады.  Тіл  білімі  ғылымында  тілдік 

тұлғаны  қалыптастыру  үшін  тілді  меңгеру  əрекетінің  түрлері:  тыңдалым, 

оқылым, жазылым, айтылым [7], лексика-грамматика пайдаланылады.

Қазақ тілінен білім беру мен бағалау тіл қолданушының ауызекі сөйлеу 

деңгейінде жəне жазба тілде, ресми жəне ресми емес қатынастарда, күрделі 

ойлар  желісін  білдіру  мақсатында,  жазба  қарым-қатынас  барысында  қазақ 

тілін қолдана алу деңгейін анықтауға бағытталады [2]. 



Мемлекеттік тіл саясаты

371


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік 

тілдік құзыреттіліктері

ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙ

Жалпы меңгеру

Енгізілген күні 2010-07-01

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт қазақ тілін меңгерудің жоғары деңгейі бойынша коммуни-

кативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді [4].

Стандарт  ережелерін  Қазақстан  Республикасында  азаматтардың  қазақ 

тілін  меңгерудегі  коммуникативтік  тілдік  құзыреттіліктерi  бағытында 

өздерінің  ведомстволық  бағыныштылығына,  ұйымдық-құқықтық  нысанда-

рына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен ме-

кемелер қолдануға жəне сақтауға міндетті. Стандарт талаптары қазақ тілін 

меңгеру деңгейін бағалау жүйесі Қазтест тапсырмаларын қалыптастыруда 

міндетті болып табылады [5].



2 Нормативтік сілтемелер 

Осы  стандартты  қолдану  үшін  келесі  сілтемелік  нормативті  құжат 

қажетті: 

ҚР  СТ 1926-2009 Қазақ  тілін  меңгерудің  коммуникативтік  тілдік 

құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру. 

ЕСКЕРТПЕ  Осы  стандартты  пайдалану  кезінде  сілтемелік  стандарттар 

мен  жіктеуіштердің  қолданысын  ағымдағы  жылдың  жағдайы  бойын-

ша    «Стандарттау  жөніндегі  нормативтік  құжаттар»  жыл  сайын  басылып 

шығарылатын  ақпараттық  көрсеткіш    жəне  ағымдағы  жылда  жарияланған 

ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш бойынша тексерген 

дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты 

басып шығару кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу 

керек. Егер құжат ауыстырусыз жойылса, оған сілтеме берілген ереже осы 

сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет