Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


А қосымшасы (ақпараттық) Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77

А қосымшасы

(ақпараттық)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

__________ № __________



СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, əкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша 

___________________ деңгейін меңгергендігін жəне тест бөліктерінен мы-

надай нəтижелер көрсеткендігін растайды.

     Бөліктер                                 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1.  Тыңдалым _______________________________________

2.  Лексика-грамматика _______________________________________

3.  Оқылым _______________________________________

4.  Жазылым _______________________________________

5.  Айтылым _______________________________________

Ұйым басшысы

____________________________                __________________ қаласы 

 

________________    ___________              «___» ____________ 200 _ ж.



Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________    ______________


Мемлекеттік тіл саясаты

382


Б қосымшасы

(ақпараттық)

Жоғары деңгейге арналған тест тапсырмаларының

үлгілері [8] - [11]

Б1. Тыңдалым

Аудиомəтін 

– Өзіңіз жəне кəсіпкерлігіңіз жөнінде айта өтсеңіз? 

– Мен 1943 жылы Таутүргенде, кішкене ғана елді мекенде дүниеге келдім. 

1950-ші жылы Күлəш Байсейітова атындағы музыка мектебіне қабылдандым. 

Етек жауып, ес білген соң музыканың жолы мендік еместігін түсінсем керек, 

мектеп бітірісімен политехникалық институтқа құжаттарымды тапсырдым. 

–  Мен  кəсіпкерлікке  зейнетке  шыққан  соң  бетбұрдым.  Қазақстан  Те-

мір жолының 250 қызметкері бар үлкен кір жуу мекемесі бұрыннан көзіме 

түсіп жүрген. Тəуекелге бел буып, банктен несие алып, аталған өндірісті 98

млн-ға сатып алдым. Ішіндегі құрал-жабдықтардың бəрін жөндеттік. Қиындық-

тардың бəрін жеңіп, ісіміз оңға басып, екі жарым жылда несиеден құтылдық. 

– Бұрынғы мəдениет қызметкерін кəсіпкерлік орта жатсынған жоқ па? 

–  Мен  мəдениет  саласында  жүргенде  техникалық  құрал-жабдықтарға 

жауап  бердім.  Жылуды  қалай  келтіру,  тоқ  өткізу,  құжатнама  т.б.  мен 

бес  саусағымдай  біліп  алғанмын.  Осы  тəжірибем  мен  ЖОО-да  оқыған-

тоқығандарым іске жарап жатты. 

–  Мəдениет  пен  кəсіпкерлік  салаларында  жүрген  азаматтардың  өзара 

айырмашылықтары қандай? 

–  Менің  ойымша,  кəсіпкерліктегі  адамдар  өте  жан-жақты  жəне  білімді 

болуы керек. Егер мен тек музыкант болсам, осы істі алып кетуім неғайбыл 

еді. Техникалық білімім болғаннан кейін кəсіпкерлік оңай тиді. 

– Өмірлік тəжірибеңіз баршылық. Дағдарыс кедергілерінен өтер тұстағы 

кеңестеріңіз қандай? 

–  Дағдарыс  əркез  болады.  Дағдарыстың  ең  жаманы – отбасындағы 

дағдарыс. Үйіңнің түтіні түзу шықпаса, ісің де оңбайды. Қазіргі экономикалық 

дағдарысқа жатыпішерлер, жалқау адамдар ұшырайды. 

– Кəсіпкерлікті енді бастайын деп жатқан азаматтарға қандай кеңес бере 

аласыз? 


–  Кəсіпкерлікте  сауда-саттық  үлкен  пайда  əкелмейді.  Ол  тек  күн  көру 

үшін кəсіп. Енді уақытқа сəйкес тауар өндіру қажеттілігі туындады. Соған 

көңіл бөлу керек. Халыққа қызмет көрсету саласы да ақсап тұрған сала. 

«Дарабоз» журналынан Х.Смағұловпен сұхбат

1. Диалог бойынша сөйлемді толықтырыңыз. 

Кəсіпкердің алғашқы білімі ... болды. 

A) музыкалық 

В) техникалық 

С) экономикалық

D) педагогикалық 


Мемлекеттік тіл саясаты

383


2. Диалог мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Сұхбат беруші зейнетке шыққанға дейін ... жұмыс істеді. 

A) құрылыста 

В) өнеркəсіпте 

С) білім саласында

D) мəдениет саласында

3. Сөйлемді дұрыс толықтырыңыз

Кəсіпкердің пікірінше, оның кəсіпкерлікпен айналысуында ... ролі басым 

болды. 

A) техникалық білімінің 



В) зейнеткер болуының 

С) кəсіпкерлік тəжірибесінің

D) музыкалық сауаттылығының

4. Диалогтағы қосымша ақпаратты көрсетіңіз. 

A) кəсіпкерлерге кеңес 

В) дағдарыс жайлы пікір

С) кəсіпкерге қажетті ерекшеліктер 

D) кəсіпкердің өмірі мен кəсіпкерлік

5. Диалог мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Оның пікірінше, ... үлкен табыс əкелмейді.

A) саудамен айналысу 

В) халыққа қызмет көрсету 

С) тұтыну тауарларын шығару

D) шағын кəсіпкерлікпен айналысу 



Аудиомəтін

Есенгүл  Кəпқызы:  –  Гендерлік  саясат  қажет  пе?  Қажет  болса,  қандай 

деңгейде, не үшін?



Ардақ Мұхаметжанқызы– Əйел теңдігі, əйелдің қоғамдағы орны, қыз 

бала тəрбиесі біз үшін өзекті мəселе. 



Қамаш  апа:  –  Əйел  жүрген  жерде  жұмыс  жақсы  істелінеді.  Меніңше, 

əйел жұмыс істей алмайды дегендер мүлдем қателеседі. 



Есенгүл Кəпқызы: – Қазір қоғамда бойдақ қыз-жігіттердің саны көп. Олар 

еркіндікте жүргісі келеді. Сосын отбасы жауапкершілігін мойнына алғысы 

келмейді. 

Ардақ  Мұхаметжанқызы:  –  Қыздар  неліктен  тұрмысқа  шықпайды? 

Өзім солармен пікірлескенде, кейбірі «Не көп, ажырасқандар көп, солардың 

қатарында болғым келмейді» дейді. Бұдан басқа, əлі күнге баспана, жұмыс, 

денсаулық  мəселесі  шешімін  таппай  отыр.  Сол  себептен  де  олар  көбіне 

жүрексініп қалады. 

Жадыра  Нармаханова: –  Мүмкін  біз  гендерлік  саясатты  дұрыс 

түсінбейтін шығармыз. Біздің дəстүрімізде қазақ əйелінің ең басты міндеті – 

ана болу. Бала сүйіп, оны тəрбиелеу. Кеңестік кезеңде де əйел теңсіздігі көп 

айтылды. Қазақтың тарихында «Əйел – үйдік қазығы, еркек – үйдің азығы» 



Мемлекеттік тіл саясаты

384


деген.  Ер  азамат  отбасын  қамтамасыз  етіп  отырған.  Ал  қазір  ананың  өзі 

бала тəрбиесіне онша назар аудармайтын болды. Гендерлік саясаттың бізге 

əкелген кері əсері осы сияқты. 

Ардақ  Мұхаметжанқызы: –  Гендерлік  саясатты  енгізуді  балабақшадан 

бастау  керек.  Қыз  бала  кішкентайынан  ана  болуға  тəрбиеленуі  керек.  Ұл 

бала  отбасының  асыраушысы,  қорғаны  болуға  тəрбиеленуге  тиіс.  Саясат 

сонда ғана қыздың да, ұлдың да санасына сіңіп өседі. 



Е.Кəпқызы: – Қазақтың саны алпыс пайызға енді ғана жетіп отырған кез-

де əйел затының таққа, билікке ұмтылуы бала туу санын шектемей ме?



Ардақ Мұхаметжанқызы: – Ниет болса, қазақ саны да өседі. Мемлекет 

басына жүз əйел шықса да, олар демографиялық саясатты шешпейді. Бірақ 

олар өзге əйелдерге жағдай жасайды. 

Есенгүл  Кəпқызы:  –  Бүгінгі  жастар  гендерлік  саясатты  теңестіру  деп 

түсінеді. Жаныңда ер-азаматың болмаса, сен терезеңді кіммен теңестіресің?



Ардақ Мұхаметжанқызы: – Егер күйеуіңнің деңгейі өзіңнен төмен бол-

са, оны өзіңмен теңестіруің керек. Гендерлік саясат - біреуді кемсітіп, төмен 

түсіру емес, терезесі тең дəрежеде өмір сүру. 

«Гендерлік саясат жəне қазақ əйелі» «Түркістан» газетінен

1. Полилог бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Журналистің екінші кезекте көтерген мəселесі ... .

А) гендерлік саясаттың қазаққа қажеттілігі

В) гендерлік саясат жəне жалғызбастылық 

С) гендерлік саясаттың демографияға əсері

D) жастардың гендерлік саясат жайлы түсінігі

2. Полилог мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. 

Cұхбатқа  қатысушылардың  бірінің  пікірінше,  гендерлік  саясаттың  кері 

əсерінің көрінісі ... .

А) əйелдің күйеуін кемсітуі

В) əйелдің билікке ұмтылуы

С) əйелдердің бала тəрбиесінен алшақтауы

D) əйелдердің азаматтық некемен өмір сүруі

3. Полилог мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Сұхбатқа  қатысушылардың  ойынша,  гендерлік  тəрбиені ... бастаған 

дұрыс.

А) сəби кезден



В) мектеп жасында

С) отбасын құрарда

D) кəмелетке толғаннан

4. Гендерлік мəселе жөнінде сұхбатқа қатысушылардың ортақ пікірі –

А) гендерлік саясаттың кері əсері

В) гендерлік саясаттың қажеттілігі



Мемлекеттік тіл саясаты

385


С) гендерлік саясаттың қазақ əйелдеріне зияны 

D) гендерлік саясаттың демографиялық саясатқа əсері



Аудиомəтін

Астанадағы  Бейбітшілік  жəне  келісім  сарайына  ұқсас  əлемде  сəулеттік 

діни  ғимараттар  жоқ.  Əрине,  бір  шаңырақтың  астында  əртүрлі  діни 

дəстүрлерді жинақтайтын ғимараттар болғанымен, Қазақстан ғибадатханасы 

мəнді келіссөздер жүргізетін бірден бір мұнара болып табылады. Сондықтан 

мұнда  əртүрлі  əлемнің  дəстүрлі  діндерінің  жиналуы  жəне  Мəдени 

мұражайдың,  Өркениет  университетінің, 1500 орындық  опера  театрының 

ашылуы өте орынды.

Пирамиданың  бірегей  авторы  сəулетші – философ,  жоғары 

технологиялардың  меңгерген,  өзінің  туындыларын  тарихи-мəдени  ортаға 

əсемдікпен енгізуге тырысатын Норман Фостер. Ол Жапон сəулетшісі Кисё 

Курокава сынды əлемнің əйгілі он сəулетшілерінің қатарына кіретін сəулетші. 

Норман  Фостер  Еуропа,  Азия  жəне  Америка  қалаларында  бой  көтерген 

ғимараттардың авторы. Ол Трафальгар алаңын, Британ музейін, Берлин Рей-

хстагіндегі жаңа парламентін, Гонконгтың «Чех Лап Кок» əуежайын, «Гон-

конг жəне Шанхай банкін», Франкфурттегі банк ғимараттарын жəне тағы да 

басқа құрылыстарды жобалаған. 

Сарай  шартты  түрде  көлденеңнен  екі  бөлікке  бөлінген.  Оның  төменгі 

қабатының  қырық  жеті  метрі  табиғи  тастармен  қапталған  жəне  терезелері 

жоқ.  Рухани  конфессиялардың  кеңселері  бірнеше  қабаттарда  орналасқан. 

Сонымен қатар діни басқосуларға арналған жалпы көлемі 1200 шаршы метр-

ді  құрайтын  төрт  зал  орналасқан.  Сарайда  көрме  залы,  қысқы  бау-бақша, 

VIP-залдары,  кеңсе  бөлмелері  жəне  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясына 

арналған мəжіліс-залдары, баспа-орталықтары, мейрамхана, дəмхана бар.

Пирамида  Есілдің  оң  жəне  сол  жақ  жағалауын  қосады.  Болат,  алю-

миний,  арнайы  əйнектік  көркемдеу,  бірегей  техникалық  ойлар,  сəулет 

жаңалықтары  құрылысқа  қандай  да  бір  сиқырлы  бейне  бергенін  көреміз. 

Көрмелік  лифт  адамдарға  жасыл  алаңдар  мен  пирамиданың  күмбезінен 

түсетін сəуле əсемдігін тамашалауға мүмкіндік береді. Ең қызығы, толқынды 

табалдырықтармен  «Астананың  асылған  бауының»  арасымен  жоғарыға 

жаяу  көтерілген.  Сондай-ақ,  Фостердің  ұлы  Пирамидасын  Есілдің  екі 

жағалауынан да көруге болады.

1. Мəтіндегі негізгі идеяны табыңыз

A) Сарайдың əдемілігін көрсету

B) Норман Фостердің жобаларымен таныстыру

C) Сарайдың орналасқан орны туралы ақпарат беру

D) Бейбітшілік жəне келісім сарайының маңызын түсіндіру

2. Мəтіннің мақсатын айқындаңыз

A) Сəулет өнерін насихаттау

B) Норман Фостермен таныстыру

C) Əлемдегі ірі құрылыстарды насихаттау

D) Сарайдың ішкі, сыртқы құрылысымен таныстыру



Мемлекеттік тіл саясаты

386


3. Мəтін мазмұнына қатысты қосымша ақпаратты табыңыз

A) Сарай екі бөлікке бөлінген.

B) Сарайда көрме залы, қысқы бау-бақша бар.

C) Пирамида Есілдің оң жəне сол жақ жағалауын қосады.

D) Пирамиданың авторы – əлемге əйгілі сəулетші Норман Фостер.

4. Мəтіннің соңғы мағыналық бөлігінде не туралы айтылған?

A) Пирамиданың ішкі бөліктері

B) Пирамиданың сыртқы кереметтері

C) Бейбітшілік жəне келісім сарайы –діни ғимарат

D) Норман Фостердің жобасымен салынған əлемдегі құрылыстар

5. Мəтіннің екінші  мағыналық бөлігінде не туралы айтылған?

A) Пирамиданың авторы

B) Пирамиданың ішкі көрінісі

C) Пирамиданың сыртқы көрінісі

D) Астананың көрікті ғимараттары 

Б2. Лексика-грамматикалық бөлік

1. Əрекеттің қалай болғанын көрсететін сөйлемді табыңыз. 

A) Қонақ жігіттің өнеріне риза болдық.   

B) Қонақ жігіттің өнерін тамашаладық. 

C) Қонақ жігіттің өнеріне риза болып қол соқтық. 

D) Қонақ жігіттің өнерін тамашаладық, қол соқтық. 

2. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз.

“Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге,” – деген Абай.

A) Абай ерінбеу керектігін айтқан.

B) Абай ғылымның кітаптан шығатынын айтқан.

C) Абай кітапты ерінбей оқып көру керектігін айтқан.

D) Абай ерінбей ғылымды оқып игеру керектігін айтқан.

3. Дұрыc нұсқасын табыңыз.

Бүркіт алысқа … , заңғар биікке … , зымырап көзге көрінбей … .

А) ұшып, көтеріліп, самғап 

В) ұшты, көтерілді, самғады  

С) ұштық, көтерілмек, сағамақ

D) ұшады, көтерілмек, самғамай

4. Мына мысалдағы ойды басқаша білдіру үшін баламасын табыңыз.

“Дəмнен артық ештеңе жоқ”, –  дейтін əжем.

А) Дəмнен артық мүмкіндік жоқ екенін əжем  айтты. 

В) Дəмнен артық бірдеме бар екенін əжем айтатын. 

С) Дəмнен артық ештеңе жоқ екенін əжем айтатын.

D) Дəмнен артық ештеңе жоқ екенін əжем жазды.


Мемлекеттік тіл саясаты

387


5. Автордың өз сөзін көрсетіңіз.

М.Шаханов ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, өмір сүрудің қажеті жоқ 

екендігін жазған.

A) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса да, өмір жалғасады». 

B) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, өмір сүрудің қажеті жоқ». 

C) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылмаса, мен үшін өмір сүру аса қажет». 

D) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, мен үшін өмір сүру мүмкіндігі 

бар».


Б3. Оқылым

1-мəтін

668 жыл. Шығыс Ұрым (Рим) империясы Византияның астанасы. Конс-

тантинопольда Юстиан екіншінің патшалық құрғанының төртжылдығы той-

ланып жатты. Осындай шақта ұлы шаһар қапелімде дүрлігіп кетті. Бұның се-

бебі мынада болатын: кенеттен шығыс жақтағы дарбазадан жал-   құйрықтары 

сүзілген шетінен сұлу сəйгүліктерін мінген, түстері қатқыл бір топ салт ат-

тылар енді. Олар астарындағы аттарын арындатып той дастарханынан ма-

сайып, бейқам тұрған легионерлерге ырық берер емес. Тура императордың 

сарайына  қарай  тартты.  Ілгеріректе  Ескендір  Зұлхарнайынның  шатырына 

атпен кіріп: «Біздерде ат пен адамды ажыратпайды, сондықтан астымыздағы 

тұлпарларымызбен қай жерде де біргеміз», − деп ақыратын сақтардың батыр 

патшасы Темірді естіген екен. Бұлар да жолдағыларды қақ жарып қақпаның 

алдынан  бір-ақ  шықты.  Көзді  ашып-жұмғанша  аттарынан  лып  етіп  түскен 

олардың  жартысы  көліктерін  шылбырынан  ұстап  тұра  қалды.  Қалғандары 

қадамдарын нық басып император Юстиан екіншінің алдына жетті. 

− Біздер Сейхун дарияның арғы бетіндегі Тұран деген жерді мекендеген 

түркі деген халықпыз. Шабысқалы келген жоқпыз. Сіздермен сауда-саттық 

жасаймыз. Өзара қарым-қатынас орнатамыз. Табысқалы келген елшілерміз, 

- деп салт аттылардың басшысы қолындағы қамшысын кеудесіне апарып іл-

типатпен иілді. 

Оның  сақал-шашы  ағарған.  Бірақ  кескін-кейпінде  қарттықтың  бір 

қылауы  байқалмайды.  Бойы  шынардай  тіп-тік.  Сырт  көзге  асқан  тəкаппар 

қарияның кішіпейілдігіне императордың іші жылып жүре берді. Бұл жұмыр  

жердің батысы мен шығысын жалғастырған Ұлы Жібек жолының ашылуына 

себеп болған Тұран түркілерінің елшілері еді. Күнбатыс елдеріне шығатын 

қақпа Константинопольге жіберген алғашқы елшілік келген еді. Қит еткенді 

қағазға түсіріп əдеттенген римдіктер осы елшілік туралы кейін өте көп жаз-

ды. Солардың біздерге жеткендерінің арасында көңіл аударғаны − Менандр 

Протектордың  еңбегі.  Осы  еңбекте: «көшпенділердің  елшілері  шеттерінен 

шымыр, олардың əрқайсысы күшті деген екі-үш легионерге татитын деген 

сөздер бар.

Бұл  көшпелі  түркі  тайпаларының  батыстағы  елдермен  қарым-қатынас 

орнату жолындағы үшінші рет талпынуы болатын. Алғашқыда түркілердің 

керуенін  парсы  патшасы  Лаврос  Византияға  жеткізбеді.  Екінші  елшілік 

қарақшыларға тоналды. Тек үшінші керуен ғана Византияға жетті. Соғды  са-

трапы Маниах бастаған қарсы елшілікті Тұран түркілеріне жібереді. Осыдан 



Мемлекеттік тіл саясаты

388


бастап  Тұран  түркілері  мен  Византия  арасында  өзара  келісім  мен  татулық 

орнап, екі ел алыс-беріс қатынастарын нығайтты. 

1. Мəтінге байланысты сөйлемді аяқтаңыз.

Алты жүз алпыс сегізінші жылы Юстиан II патша болғанына ... .

А) екінші жыл еді 

В) 4 жыл толған еді

С) 2 патшалық тойлаған еді

D) 14 жылдығы тойланып жатты

 

2. Сөйлемді толықтырыңыз. 



Салт аттылар шаһарға … кірді.

А) батыс дарбазадан 

В) шығыс дарбазадан 

С) оңтүстік дарбазадан

D) солтүстік дарбазадан

3. Сөйлемді аяқтаңыз.

Салт аттылар аттарынан ... .

А) сəнді, əдемі түседі 

В) тез, жылдам түседі

С) баяу, ақырын түседі

D) ыңғайлы, қолайлы түседі

4. Мəтін мазмұнына сай дұрыс нұсқаны көрсетіңіз.

Басшының қолында ... .

А) найза 

В) қылыш 

С) шоқпар

D) қамшы

6. Мəтінге сəйкес дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Басшы ... императорға иіледі.

А) дереу, тез

В) құрметпен

С) амалсыздан

D) қорыққаннан

7. Мəтін бойынша көп нүктенің орнына дұрыс нұсқасын қойыңыз.

Император қарияны ... .

А) ызаландырады

В) жек көріп қалады 

С) жақсы көріп қалады

D) тыңдағысы келмейді

8. Дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Ұлы Жібек жолы ... байланыстырады.


Мемлекеттік тіл саясаты

389


А) алыстағы елдерді 

В) жақындағы елдерді 

С) батыс пен шығысты

D) оңтүстік пен солтүстікті

9. Мəтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

… Византияға жетті.

А) Бөтен керуен 

В) Екінші керуен

С) Үшінші керуен

D) Алғашқы керуен

10. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.

Тұран түркілері мен Византия қатынастарын … .

А) жақсартты 

В) тоқтатты 

С) азайтты 

D) кейінге қалдырды



2-мəтін

Сөйлесу  мəдениетінің  құпияларын  түйсіну,  игеру  ісімен  адамзат  сонау 

бағзы замандардан бері айналысып келеді. Əсіресе, бұл ретте ежелгі Греция-

да  өркен  жайған  сөз  өнері  дəстүрінің  алар  орны  ерекше  болды.  Эллиндер 

сөйлеу мəдениеті жайлы ілімдерін басқа халықтарға кеңінен таратты. Грек 

этикеті сол замандарда халықаралық эталон дəрежесінде танылды. 

Гректер этикеті бойынша елші өзі əңгімелесіп отырған адамдардың сөзін 

бөлмей, өзіне айтылған нəрсенің бəрін төзіммен тыңдауға міндетті болды. 

Бірақ  ол  ережені  білмейтін  Рим  елшісі  гректердің  Филипп  Македонский 

сынды патшасының алдында оның сөзін бөліп қояды. Айбынды патша бұған 

қатты ашуланады. Алайда ол өз-өзін іркіп, елшіге сыпайы түрде ғана былай 

депті: «Мен сені бір жолға, біріншіден – жастығың, екіншіден – əдемілігің, 

үшіншіден – римдік болғаның үшін кешіремін». 

Бірде Сократқа одан шешендік өнерді үйренгісі келген жас шəкірт келеді. 

Осы мақсат үшін ол Афиныға алыстан жол азабын шегіп жеткен екен. Алай-

да жас жігітпен сəл уақыт əңгімелескеннен кейін Сократ оның оқу ақысын 

басқалардан  екі  есе  көп  төлеу  керектігін  айтыпты. «Неге?», - жас  шəкірт 

осылай сұрақ қойған.

– Өйткені менің саған екі ғылымды бірдей үйретуіме тура келіп тұр, - деп 

жауап береді философ, - тек сөйлей білу ғылымын ғана емес, сабыр сақтап, 

тыңдай білу ғылымын да.

Сөзге  қонақ  бермейтін  мылжыңдар  арасындағы  ең  төзуге  болмайтыны 

–өзімшіл мақтаншақтар. Олар əдетте өздерінің сөздеріне өздері рақаттанып, 

ешкімді елемей, маңайындағылар оны қалай қабылдап жатқанымен жұмысы 

болмастан, бет алды сөйлей береді. Қазақтың «Қысыр сөзге мініп, қысырақ 

қумас болар» дегені осындай адамдарға арналса керек.

Жұрт алдында сөйлеген кезде, бас қосуларда отырғанда өзін басқалардан 

ерекшемін,  артықпын,  сондықтан  басқалардан  көп  сөйлеуге  тиіспін  деп 



Мемлекеттік тіл саясаты

390


ойлау  əбестік.  Кез  келген  ортада  əңгімені  жөн-жосығымен  айтып,  жұртты 

жалықтырмай  отыратын  адамға  деген  ықылас  ерекше.  Əдетте  əдепті  адам   

сөз есуге құмар адамдардың мүлт кеткен жерлерін байқамаған сыңай таны-

тады. Егер оны түзету қажет болса, мұны кішіпейілділікпен сөз иесін рен-

жітіп алмайтындай етіп жеткізуге  тырысады. Əркім де қателесуі мүмкін. 

Егер əңгіме барысында сізге белгілі жайлар айтылып жатса, əңгіме айтып 

отырған  адамның  сөзін  бөлмей,  оны  аяғына  дейін  төзіммен  тыңдау  керек. 

Егер  өзіңіздің  əңгімеңіз  жұртты  қызықтырмай  жатса,  оны  жалғастырудың 

қажеті жоқ.

Басқа адамдар айтқан пікірлер мен сөздерді ойланбастан жоққа шығарып, 

шыдамсыздық  таныту  əдетте  шектен  тыс  қызба,  не  психикалық  жағынан 

ұшқалақ, иə болмаса тəрбиесіз адамның тірлігі.

Қазақтың: «Сөз сүйектен өтеді», - деп айтуы бекер емес. Жөнсіз, орынсыз 

айтылған, ауыздан ашумен шыққан сөз жүрекке мұз болып қатады. Адамды 

ренжітеді, қапаландырады, қасірет шектіреді. Қазіргі медицина ғылымында 

дөрекі  сөз,  тіл  тигізу,  ренжітуден  туған  жағымсыз  эмоциялар  денсаулыққа 

зиянды əсер ететіндігін, əсіресе, жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары ауру-

ларын өршітіп, жалпы адам ағзасына көп залал келтіретінін анықтап отыр. 

Академик  И.П.  Павловтың  адамның  денсаулығын  қорғауда  жақсы  көңіл-

күйдің рөлі зор екендігіне назар аударғаны бекер емес. Ал академик А.А. Бо-

гомолец болса, бұл мəселе туралы: «Ұзақ өмір сүрудің басты факторларының 

бірі – əдептілік жəне адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу», - деп 

атап көрсетеді. 

Өзін-өзі  игере  білетін  адам  еш  уақытта  да  балағатқа  балағатпен  жауап 

бермейді. Ондай адам əр түрлі келеңсіз жағдайларда  ұтымды жауап тауып, 

мəселені ұрыс-керіссіз шешуге тырысады. 

Стефан  Цвейг  мынадай  бір  қызық  фактіні  мысалға  келтіреді.  Бірде 

əлемге аты əйгілі Наполеон бүкіл сарай адамдарының ортасында Талейранға 

айқайлап,  оны  ең  жаман  сөздермен  балағаттап: «Ұрысың,  ант  ұрғансың, 

опасызсың, ақшаға туған əкеңді сатып жіберетін алаяқсың», - деп тілдепті. Ал 

император сарайының ақылды да айлалы тұлғаларының бірі, Францияның 

бірінші дипломаты Талейран болса, бұл сəттерде селт етпестен, өзіне айты-

лып жатқан балағат сөздердің бірін де естімегендей тəкаппар, маңғаз күйде 

тұра беріпті. 

1. Сөйлеу мəдениетіне 

А) заман этикеті бəріне эталон болды 

B) адамдар ерте бастап назар аударды 

C) тек ежелгі гректер елінде көңіл бөлінді

D) эллиндер басқа халықтармен бірлесе кірісті

2. Басқаларға сөйлеуде үлгі болған

А) грек этикеті 

B) мəдениет құпиялары 

C) эллиндердің дəстүрлері

D) Греция елінің дəстүрлері 



Мемлекеттік тіл саясаты

391


3.  Əңгімелесіп  отырған  адамның  сөзін  бөлмей  тыңдау,  содан  соң  өз 

пікіріңді айту

А) əрбір грекке міндеттелді 

B) Рим елшісіне жүктелді

C) грек патшасына да тиесілі  

D) жастыққа, əдемілікке, римдік екендігіне байланысты 

   

4. Афины ойшылына шəкіртті 



А) өз пікірін іркілмей айту 

B) сөйлей жəне тыңдай білу 

C) əңгімелесу мен оқы ақысын төлеу

D) көп уақыт сөйлеу мен өз ойын дəлелдеу өнерін үйретуі керек болды.

5. Денсаулықты қорғауда маңызы зор 

A) адамдарды ренжітпеу 

B) адамдармен тіл табысу мəнері 

C) толқынды эмоциялармен өмір сүру

D) адамдардың жақсы көңіл-күйін бақылау

6. Қысыр сөзге мініп, қысырақ қумас болар

A) бет алды сөйлемейтіндерге 

B) орынсыз сөйлейтін адамдарға 

C) маңайындағылардың сөзіне рақаттанатындарға

D) маңайындағылар оны қалай қабылдап жатқанына көңіл бөлетіндерге 

айтылған.

7. Бас қосуларда əдетте ықылас ерекше 

A) нақты, орынды сөйлейтін 

B) сөйлейтін адамның сөзін бөлмейтін 

C) ұзақ, қызықты жайттарды баяндайтын

D) жөн-жосығымен, дəлелдеп, өзі сөйлейтін адамдарға ауады.

8. Естіген, білгеніңді айтып отырған кісіге

A) сөзін бөліп, ескерту 

B) өз пікіріңізді айтуыңыз 

C) əңгіменің соңына дейін тыңдау 

D) əңгіме қызықтырмайтынын білдіру керек.

9. Таспен атқанды, аспен атады

А) ұшқалақтар 

B) өзі-өзін игере алатын адам 

C) тағатсыздық танытатын адам

D) балағатқа балағатпен жауап беретіндер 

10. Императордан тілдемені естіген елші

А) сабырлық танытты

B) ақшаға бəрін сататын ақылды тұлға 


Мемлекеттік тіл саясаты

392


C) маңғаз да, балағат сөздерге шыдамды

D) бүкіл сарай адамдарының ортасында тəкаппар еді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет