Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


 Орта деңгей талаптарының мазмұны



Pdf көрінісі
бет43/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77

5 Орта деңгей талаптарының мазмұны

5.1 Коммуникативтік сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны

 

5.1.1 Жағдайлар жəне қатысым тақырыптары

Белгілі бір коммуникативтік талаптарды шеше алу үшін тіл қолданушы 

төменде берілген сөйлеуге ұмтылыстарды ауызша айта білуге тиіс:

-  коммуникацияға  кіру,  біреумен  танысу,  өзін  жəне  өзгені  таныстыру, 

амандасу, қоштасу, біреуге сөйлеу, алғыс айту, кешірім сұрау, алғысқа жəне 


Мемлекеттік тіл саясаты

429


кешірімге қайыра сөйлеу, құттықтау, қолдау, əңгіме тақырыбын өзгерту, на-

зар аударту, қайталауды сұрау, қайта сұрау, ескерту, əңгімелесуді аяқтау; 

- ақпаратты сұрау жəне хабарлау: сұрақ қою жəне оқиға немесе факт, адам, 

зат,  адамның,  заттың,  бар,  жоқтығы  туралы,  саны,  сапасы,  заттың  кімдікі 

екендігі,  əрекеттің,  оқиғаның  уақыты,  орны,  себебі,  мақсаты,  əрекеттің 

мүмкіндігі, қажеттігі, ықтималдылығы, мүмкін еместігі туралы;

- өзінің қатысын: затқа, фактіге, оқиғаға, жасалған қадамға, артықшылығын 

білдіру, бағалауын білдіру;

-  тілек-ниетін,  өтінішін  (талабын),  кеңес,  ұсыныс,  шақыруын,  келісу, 

келіспеуін, тыйым, рұқсатын, уəде, сенімсіздік, күдігін білдіру; 

- өзінің көзқарас, қатынасын білдіру: тұлғаны, затты, фактіні, оқиғаны, 

жасалған қадамды бағалау; кінəлауын, таңдануын, көңілін, артықшылығын 

айту, білдіру.

Тіл  қолданушы  өзінің  негізгі  коммуникативтік  ниеттерін  мынадай 

қатысым жағдайларында бағыттай алып, тарата алуы керек:

-  əкімшілік  қызметте  (деканатта,  дирекцияда,  кеңседе,  қызметте  жəне 

т.б.);

- дүкенде, киоскіде, кассада; 



- поштада;

- банкте, валюта айырбастау пункттерінде; 

- мейрамханада, дəмханада, асханада;

- кітапханада;

- сабақта;

- қала көшелерінде, көлікте;

- театр, көрме, мұражайда;

- емханада, дəрігерде, дəріханада;

- телефонмен сөйлесу жағдайлары;

- қонақ үйде;

- вокзалда, əуежайда. 

Тіл қолданушы осы деңгей үшін өзекті тақырыптар аясында ауызша жəне 

жазбаша сөйлеу қатысымын жүзеге асыра алуы керек:

- өмірбаян: балалық шақ, оқу жəне жұмысы, қызығушылығы, отбасы;

- оқу жəне жұмысы (оқу немесе жұмыс орны, мамандық таңдау жəне т.б.) 

оларға көзқарасы;

- білім жүйесі, Қазақстандағы мектеп, колледж, институт, университет;

- мемлекеттік тілдің өмірдегі ролі, қазақ тілін оқу; 

- өмір сүру дағдысы (жұмыс тəртібі, демалыс, əріптестер мен достармен 

қатысымы);

- бос уақыты, демалыс, қызығушылығы, айналысатын мəселелері (өнер, 

спорт, саяхат т.б.);

- қала, ел астанасы, туған қала, қала мəдениеті жəне қала туризм орталығы 

ретінде, қазіргі қалалардың мəселелері, қала жəне ауыл өмірі; 

-  ел,  Қазақстан,  оның  аймақтары,  туған  ел:  география,  экономика, 

мəдениет;

- Қазақстанның жəне туған елдің, əлемнің белгілі мəдениет жəне ғылым 

қайраткерлері;

- табиғат, табиғат жəне адам, жер-ана, экология.


Мемлекеттік тіл саясаты

430


5.1.2 Сөйлеу біліктілігіне қойылатын талаптар

5.1.2.1 Тыңдалым 

Диалог 

Тіл  қолданушы  есту  арқылы  диалогтың  негізгі  мазмұнын,  оған 

қатысушылардың коммуникативтік ниетін түсінуі керек.

Диалог тақырыбы тілдік қатысымның тұрмыстық жəне мəдени-əлеуметтік 

салаларына байланысты.

Диалог көлемі: кем дегенде 10-12 репликадан тұруы керек.

Таныс емес сөздер: 2% 

Сөйлеу қарқыны: минутына 120-200 сөз. 

Монолог

Тіл  қолданушы  есту  арқылы  монологтық  сөйлеудегі  тақырыпты,  негіз-

гі  ойды  жəне  əрбір  мағыналық  бөліктегі  қосымша  жəне  басты  ақпаратты 

толық, терең, нақты түсінуі керек. 

Толық,  нақты  түсіну  деңгейінің  қалыптасқаны  мынадай  жолдармен 

анықталады, тексеріледі:

- жалпы мазмұнға жəне жекелеген деталь/фактілерге қатысты сұрақтарға 

жауап;


- кеңейтілген жоспар жасай алуы;

-  суреттерге,  сызбаларға,  тірек  сөздерге  немесе  жоспарға  қарап  қазақ 

тілінде əңгімелей алуы;

- мəтінді драмалай алуы;

- мəтінге резюме/бағалау жасай алуы;

- тексерудің вербальді емес амалдары: сызбалар, кестелер т.б. жасай алуы;

- мəтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, оларға атау бере алуы;

- мəтін кейіпкерлерінің қадамдарына баға бере алуы.



Мəтін түрі: хабарлау баяндау, сипаттау, сондай-ақ пайымдау элементтері 

бар аралас мəтіндер.



Мəтін көлемі: 120-200 сөз.

Таныс емес сөздер: 3%-ға дейін.

Сөйлеу қарқыны: минутына 120-200 буын.

5.1.2.2 Оқылым 

Тіл қолданушы:

- оқылымның əр түрлі стратегиясын пайдалана білуі; 

- мəтін тақырыбын анықтай алуы, оның негізгі идеясын түсінуі;

-  мəтіндегі  негізгі  жəне  қосымша  ақпаратты  толық,  нақты  жəне  терең 

түсінуі;


- ақпаратты, автор бағалауын, қорытындысын түсіне алуы керек.

Оқылым түрі: мазмұнды жалпы қамти алу, зерттей оқу. 

Танысып  оқу  хабарлама,  шолу,  ғылыми-танымдық  сипаттағы  жарияла-

нымдар, көркем əдебиет шығармаларынан үзінділерді оқу барысында дамиды.



Зерттеп оқуға интервью, репортаж, нұсқау, көркем проза үлгілерін оқу 

ұсынылады. 



Мемлекеттік тіл саясаты

431


Ізденіп оқу мерзімді басылымдардағы жəне публицистикадағы мақала, 

жарияланымдарды оқу барысында өткізіледі.



Мəтін түрі: хабарлама, баяндау, сипаттау, сондай-ақ пайымдау элемент-

тері  бар  аралас  мəтіндер.  Аутентті  мəтіндер  ұсынылады  (бейімдеудің  кіш-

кене  мөлшері  бар,  берілген  деңгейдің  лексика-грамматикалық  материалы 

ескерілген).



Мəтін көлемі: 150-250сөз.

Таныс емес сөздер: 5-7%-ға дейін 

Оқылым жылдамдығы: зерттей оқу – минутына 40-50 сөз; мазмұнын 

жалпы қамти оқу – минутына 80-100 сөз.



5.1.2.3 Жазылым 

Тіл  қолданушы  коммуникативтік  тапсырмаға  сəйкес  ұсынылған 

тақырыпқа шығармашылық сипатта монологтық сөйлем құрай алуы керек. 

Орта деңгейде төмендегідей біліктілік қалыптасуы керек:

- адресатқа оқиға т.б. туралы өзінің пікірін/бағасын білдіре отырып, не-

гізгі ақпаратты хабарлай алуы;

- оқыған/тыңдалған мəтіндерден негізгі мəлімет/фактілерді жазбаша жаза 

алуы;


- жоспар немесе тезис жаза алуы;

- талқыланып отырған тақырып/мəселе бойынша жүйелі жазбаша баян-

дай алуы керек.

Шығармашылық  сипаттағы  жазбаша  монологтық  айтылым  оқылған, 

тыңдалған  мəтін  негізінде  коммуникативтік  тапсырмаларға  сəйкес  болуға 

тиіс.


Мəтін түрі: баяндау, сипаттау, хабарлау, сондай-ақ пайымдау элементтері 

бар  аралас  мəтіндер.  Аутентті  мəтіндер  ұсынылады  (бейімдеудің  кішкене 

мөлшері болады). 

Мəтін тақырыбы: мəдени-əлеуметтік салаға байланысты.

Ұсынылатын дыбысты мəтін көлемі: 150-250 сөз. 

Ұсынылған  дыбысты  мəтіндегі  таныс  емес  сөздер: 3%, жазбаша 

мəтінде – 5%. 

Тіл қолданушы жазбаша мəтіні қазіргі қазақ тілінің нормаларына сəйкес 

рəсімделуі керек. Шығармашылық сипаттағы мəтін көлемі 20 сөйлемнен ас-

пауы керек. 

Тыңдалуы: 2 рет.

5.1.2.4 Айтылым 

Диалог

Тіл қолданушы:

-  əңгімелесуде  айтылымның  мазмұнын  түсініп,  белгілі  бір  жағдайдағы 

оның коммуникативтік ниетін анықтай алуы;

- əңгімелесушінің репликаларына реакция білдіре алуы;

- тілді меңгерудің осы деңгейі үшін өзекті сөйлеу, өзінің коммуникативтік 

ниетін білдіре алуы керек.


Мемлекеттік тіл саясаты

432


Диалог түрлері: диалог-сұрау, диалог-хабарлау, диалог-бұйрық. 

Тіл қолданушы айтылымы қазіргі қазақ тілінің нормасына сай рəсімделуі 

керек, сондай-ақ сөйлеу этикетінің нормаларына сай болуы керек. 

Монолог

Тіл қолданушы өз бетінше ұсынылған тақырыпқа жəне коммуникативтік 

тапсырмаға сəйкес байланысты логикалы сөйлей білуі қажет.

Репродуктивті типтегі оқылған немесе тыңдалған мəтін негізінде əр түрлі 

мағыналық  құрылымдағы  жəне  коммуникативтік  бағыттағы  монологтық 

сөйлем құра білуі, тыңдалған немесе оқылған мəтіннің негізгі идея, мазмұнын 

жеткізіп, мəтіндегі фактіге, оқиғаға, кейіпкерге, олардың қадамдарына өзінің 

жеке көзқарас, қатынасын білдіруі керек.



Ұсынылған мəтін көлемі: 150-250 сөз.

Ұсынылған мəтіндегі таныс емес сөздер – 3%.

Ұсынылатын мəтін түрі баяндау, сипаттау, хабарлау, сондай-ақ пайымдау 

элементтері бар аралас мəтін түрі. Аутентті мəтіндер ұсынылады (бейімдеудің 

ең кіші мөлшері болады).



5.2 Тілдік құзыреттілік мазмұны

Тіл қолданушы орта деңгейде осы тармақшаға сəйкес келесі тілдік мате-

риалдарды меңгеру қажет.

5.2.1 Фонетика. Графика

Алфавит. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң, үнді, жуан, жіңішке. 

Дыбыстар тіркесі. Сөз, буын, үндестік заңы. Прогрессивті ассимиляция. Рег-

рессивті ассимиляция. 



5.2.2 Морфология  

5.2.2.1 Сөздердің құрамы 

Негізгі түбір, туынды түбір, жалғау, жұрнақ. Көпшілікке белгілі сөзжасам 

модельдерін тану:

- зат есім: -шы, -ші, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары – оқушы, 

оқулық, адалдық, жастық; 

- сын есім: -қы, ғы, -кі, -гі, -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары – таулы, 

ақылды, қысқы, жазғы, тəртіпті, талантты, білімді; 

- етістік -ла, -м, -да, -де, -та, -те жұрнақтары – тазала, тəрбиеле, сырла, 

тұзда, шегеле, ойла.

5.2.2.2 Зат есім

Жанды, жансыз зат есімдер. Зат есімнің септік жалғаулары. Септіктердің 

қолданылуы, мағынасы. 

Септік жалғауларының негізгі мағыналары 3-кестеде көрсетілген:



Мемлекеттік тіл саясаты

433


3-кесте

Септік 

атаулары

Мағыналары

Атау

септік

-  номинатив  (атауларда) (тақырып  атауында,  этикеткаларда)  Ор-

фографиялық сөздік (мысалы, Қазақ əдебиеті. «Еңлік» кафесі).

Идентификациялық модельдерде предикат ретінде: 

(мысалы, Бұл – орфографиялық сөздік иесі).

- предикативтік белгінің иесі (субъективті): 

а) акционалдық белгі (мысалы, Əкем жазып отыр);

ə) ситуациялық белгі иесі (мысалы, Əкем ұйықтап жатыр. Алма 

гүлдеп тұр);.

б) квалитативтік белгі иесі (мысалы, Əкем шыдамады);

в) квалитативтік бағалау белгі иесі (мысалы, Əкем-

құрылысшы. Итбалық – сүтқоректі);

- қаратпаларда;

- айналадағы ортаны сипаттайтын модельдерде (мысалы, Туған 

жер, саған рахмет. Дала. Аяз. Жел).

Ілік 

септік

- заттың біреуге тəуелділігін білдіреді (посесив);

- заттың (жақ, тарап) анықтамасы;:

- бүтіннің бөлшегі (мысалы, Мынау ағамның үйі. Ақан серінің 

Құлагері.  Мынау – қаланың  орталығы.  Мынау  Қазақстанның 

рəміздері. Қауынның бір тілігі. Алманың бір бөлігі).



Барыс 

септік

- адресат (тақырыптарда, адрестерде);

- модельді құрылымдарда субъект Посессор;

- тиесілі, жатады сияқты етістіктермен келген құрылымда ба-

рыс септік – субъект посессор

Генетикалық ұқсатуды білдіреді (шектеулі)

- квалитативтік субъект;

-  экспрессивті-модальдық  құрылымдарда  мүмкін  (потенциал) 

субъекті: (Анаға  сəлем.  Парламентке.  Ақын  Сырбай  Мауле-

новке.  Қырманымызға,  жас  жазушыларға.  Елге  мамандар  ке-

рек. Маған білім қажет. Құрылысқа жақсы мамандар жетпей-

ді. Маған кітап жетпеді. Бұл заң бойынша саған тиесілі. Осы 

жолы мен сізге көмекші бола алмаймын. Əкесіне ұқсайды, жоқ 

атасына ұқсайды. Оған балаға тəн аңғалдық жарасады. Балаға 

аңғалдық  тəн,  қарттарға  даналық  жарасады.  Жақсылыққа 

жақсылық – əр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі. 

Заманына қарай заңы. Аңқау елге – арамза молда. Есептемеген-

ге бəрі түгел);.

-  салыстыру,  ұқсату  мəнінде: (зат  пен  құбылыс  арасындағы 

сəйкестік  қатынасын,  себептілік  қатынасты).  Гипотеза  факті-

ге қарама-қарсы (мысалы, Бала үлкендерге еліктейді. Бөлтірік 

қолға  үйретуге  қарсылық  білдіруде.  Бір  көлем  екіншіге  тең.

Жеңістің 40 жылдығына. Республика мерейтойына. Бүгін істеу-

ге болатын жұмысты ертеңге қалдырма. Қысқа дайындық бас-

талды. Екінші жартыжылдыққа газетке жазылу басталды).


Мемлекеттік тіл саясаты

434


Табыс 

септік

-  іс-қимылдың  объектісін  білдіреді  (мысалы,  Кітап  оқыдым. 

Мына кітапты саған алдым. Абайдың үш өлеңін жатқа білемін);

- мекенді білдіреді;

- мезгілді білдіреді (тақырыптарда).

Жатыс 

септік

- табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды:

- жас кезеңі локатив (тақырыптарда) (мысалы, Алматыда тұрам. 

Су  астында.  Ашық  аспан  астында.  Сəрсенбіде  келемін.  Жек-

сенбіде. Мерекеде. Соңғы минутта. Алыс жылдарда. Жиырма 

екі  нөл-нөлде  түңгі  кезекті  алмастыру.  Жаңбыр  алдында.  Да-

уыл  соңында.  Мереке  қарсаңында.  Төртте  жиналыс.  Соғыста 

қайтыс болды. Блокадада көп адам аштықтан өлді. Ыстықта да, 

аязда  да  жұмыс  істедік.  Он  бесінде  ойнақтаған  лақтай.  Отыз 

бесінде ел танығыш əнші болды. Шетелде. Бұрылыста. Астана 

мен Алматының арасында).

Шығыс 

септік

- əрекеттің қимылдың қай жерден басталғанын білдіру;

- салыстыру мағынасын білдіреді;

-  заттың  не  нəрседен  істелгенін  білдіру,  кісінің  тегін  білдіру. 

(мысалы,  Үйден  келдім.  Бетегеден  биік  жусаннан  аласа.  Ай-

жан Сəуледен биігірек. Атадан алтау, анадан төртеу. Кірпіштен 

жасалған. - əрекеттің қимылдың қай жерден басталғанын біл-

діру);


- салыстыру мағынасын білдіреді;

-  заттың  не  нəрседен  істелгенін  білдіру,  кісінің  тегін  білдіру. 

(мысалы, Үйден келдім. Бетегеден биік жусаннан аласа.  Ай-

жан Сəуледен биігірек. Атадан алтау, анадан төртеу. Кірпіштен 

жасалған).

Көмектес 

септік

- іс-қимылдың қандай құралмен атқарылғанын білдіру;

- іс-қимылдың амалын білдіру;

- іс-қимылға ортақ субъектіні білдіру: (мысалы, Пышақпен кес-

ті.  Поезбен  келді.  Шыдамдылықпен  жеңді,  ынтасымен  істеді. 

Əкесімен ақылдасты).



5.2.2.3 Есімдік 

Есімдіктердің қолданылуы, мағынасы (жіктеу, сілтеу, белгісіздік, жалпы-

лау есімдіктері).

5.2.2.4 Сын есім. Түрлері. Шырайлары

Жай  шырай,  салыстырмалы  шырай,  күшейтпелі  шырай,  күрделі  сын 

есімдер.

5.2.2.5 Сан есім

Есептік жəне реттік сан есім. Сан есімдердің қолданылуы. 



5.2.2.6 Етістік 

Шақ категориясы. Есімше, көсемше. Етістің мағыналары.



Мемлекеттік тіл саясаты

435


5.2.2.7 Үстеу 

Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл, мекен, мөлшер, қимыл-сын, топтау, 

мақсат, себеп-салдар үстеулері.

5.2.2.8 Демеуліктер, жалғаулықтар, септеуліктер

Ыңғайластық,  қарсылықты,  талғау  мəнді,  себеп  мəнді,  шарт  мəнді 

жалғаулықтар. 

Септеуліктер: барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер. Шығыс сеп-

тігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер. Көмектес септікндегі сөзбен тірке-

сетін септеуліктер.



5.2.3 Синтаксис 

5.2.3.1 Жай сөйлем түрлері

Хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  болымды,  болымсыз,  екі  компонентті 

сөйлем, бір компонентті сөйлемдер.

5.2.3.2 Сөйлемдегі субъект жəне предикат туралы ұғымдар 

Грамматикалық, логикалық субъект:

- зат есім, есімдік атау септікнде 

- зат есімнің сан есіммен, сын есіммен 

тіркесі

Айжан (ол) билейді.



Екі кітап оқыдым. 

Екі жігіт бірге оқиды.

Предикатты білдіру амалдары:

- ашық рай

- бұйрық рай

- сын есім арқылы 

Айжан университетте оқиды.

Оқыңыз.


Күн тамаша. 

Мына мақала қызық. 



5.2.3.3 Сөйлемдегі логикалық-мағыналық қатынастарды білдіру 

амалдары 

объектілік қатынастар 

Мен кітап оқимын.

Мен Қазақстан туралы оқимын.

- атрибутивтік қатынастар

Əдемі қыз. 

Ағамның кітабы.



кеңістік қатынастар 

Дəурен Астанада тұрады. 

Айжан алыста тұрады.

- мезгілдік қатынастар

Досым жазда келеді.

- мақсаттық қатынастар

Біз Алматыға оқу үшін келдік.

- себеп-салдарлық қатынастар

Ауырғандықтан сабаққа келе алмады.


Мемлекеттік тіл саясаты

436


5.2.3.4  Төл сөз. Төлеу сөз

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары.



5.2.3.5 Құрмалас сөйлемдер 

Салалас құрмалас сөйлемдер;

- ыңғайлас жалғаулықтар;

- қарсылықты жалғаулықтар;

- себептес жалғаулықтар;

- талғаулы жалғаулықтар;

- кезектес жалғаулықтар.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

- себеп-салдар бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- салыстырмалы бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер.

5.2.4 Лексика

Орта  деңгейдің  лексикалық  минимумы – 2500-3000 бірлікті  құрайды. 

Осы минимум аталған стандарттың минимум тақырыптық қатысымын жəне 

интенционалдық минимумын қамтамасыз етеді. Осы деңгейдің негізгі актив 

сөздігі тұрмыстық жəне əлеуметтік-мəдени саладағы қатысымға қызмет ете 

алады. 


Мемлекеттік тіл саясаты

437


А қосымшасы

(ақпараттық)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

__________ № __________



СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, əкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша 

_________________________  деңгейін  меңгергендігін  жəне  тест 

бөліктерінен мынадай нəтижелер көрсеткендігін растайды.

     Бөліктер                                 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1. Тыңдалым _____________________________________

2. Лексика-грамматика _____________________________________

3. Оқылым _____________________________________

4. Жазылым _____________________________________

5. Айтылым _____________________________________

Ұйым басшысы

___________________________  

 ______________________ қаласы 

_____________    ____________ 

«___» _______________ 200 _ ж.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________    ______________


Мемлекеттік тіл саясаты

438


А қосымшасы

(ақпараттық)

Орта деңгейге арналған тест тапсырмаларының 

үлгілері [8]- [11]

Б1. Тыңдалым 

Аудиомəтін

-  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі  мемлекеттік  бағдарлама  аясында 

қазақстандықтарға несиелендірудің қандай түрлерін ұсынады? 

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-

2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  қатысушыларына 

алдын ала тұрғын үй займдарын береді.

- Жылдық пайызы қанша болмақ?

- Теңгемен жылдық пайызы 4 пайызды құрайды.

Қандай келісім-шарттар бойынша жəне кімдерге ұсынады? 

- Бұл несиелер халықтың баспанаға аса мұқтаж азаматтарына ұсынылады. 

Жəне мемлекеттік қызметкерлер, жас отбасылар, мұғалімдер, дəрігерлер ала 

алады. 


- 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға 

несие беріледі ме? 

- Сондай-ақ, банк 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға 

қатысушыларға да 4 пайыз көлемінде қызмет көрсетеді.

1. Диалог бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша 

қазақстандықтарға ... несиелендіруді ұсынады.

А) тұрғын үйді 

B) кəсіпкерлікті

C) орта бизнесті

D) шағын бизнесті

2. Диалог мазмұнына сай сөйлемді толықтырыңыз.

2005-2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  қатысқан 

азаматтарға несие ... пайызбен беріледі.

А) он

B) бес


C) төрт

D) төрт жарым

3. Мəтінде жоқ ақпаратпен сөйлемді аяқтаңыз 

Бағдарлама бойынша тұрғын үй несиесін ала алатын азаматтар

А) жас отбасылар 

B) жеке кəсіпкерлер

C) дəрігер, мұғалімдер

D) мемлекеттік қызметкерлер



Мемлекеттік тіл саясаты

439


Аудиомəтін

– Бұл кітап мұражайының тарихы туралы не айтып бере аласыз? 

–  Алматы  қаласының  Республикалық  кітап  мұражайы 1978 жылы 

ашылған.  Бұл  бұрынғы  Кеңес  Одағындағы  Мəскеу  мен  Киевтен  кейінгі 

үшінші,  ал  күллі  кіндік  Азиядағы  жалғыз  кітап  мұражайы.  Мұражайдың 

алты залында түрлі халықтардың баспа ісі мен жазу тарихына қатысты экс-

понаттар қойылған. 

–  Мұражай  қорында  қандай  сирек  кездесетін  кітаптар  мен  құнды 

қолжазбалар бар?  

– Мұнда Құранның 98 түрі сақтаулы. Олардың ішінде он жетінші ғасырда 

алтын  сиямен  көшірілген  Құран  да  бар.  Ал,  кішкентай  сегіз  қырлы  Құран 

əлемде  екеу-ақ.  Соның  біреуі  осы  мұражайда  сақтаулы. 1831 жылы  молда 

Самарқанди  көшірген  Əлішер  Науаидың  құнды  қолжазбасы, 1891 жылы 

Қазан қаласында басылып шыққан Əбілғазы Баһадүрдің «Түріктердің тари-

хи шежіресі» атты кітабын жəне басқа да қисса дастандарды, шежіре жазба-

ларды осы мұражайдан көруге болды.

– Əңгімеңізге рахмет. 

1. Диалог бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Мұражайда ... қатысты экспонаттар бар.  

A) киіз үйге 

B) қарау-жарақтарға

C) ұлттық аспаптарға  

D) баспа ісі мен жазу тарихына

2. Диалог бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Аталған мұражай ... жалғыз кітап мұражайы.

A) күллі Азиядағы 

B) ТМД аумағындағы

C) Орталық Азиядағы

D) бұрынғы Кеңес Одағындағы

3. Қате пікірді табыңыз.

Мұражайдан ... құранды көруге болады 

A) 98 түрлі 

B) сегіз қырлы

C) алтын сиямен көшірілген

D) Молда Самарқанди көшірген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет