Б4. Жазылым.
1-тапсырма
Берілген тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
1-кіріспе – тақырып бойынша мəселе өзектілігі жазылады;
2-тақырып мазмұнына сай негізгі ақпарат беріледі, өз ойы дəлелденеді;
3-қорытынды – тақырып бойынша ой түйіні жазылады.
Тақырып: Денсаулық – зор байлық
Жоспар үлгісі
I. Таза ауа.
II. Тəн тазалығы.
1. Денені шынықтыру.
2. Жүзудің пайдасы.
III. Жан тазалығы.
2-тапсырма
Берілген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз.
Шағын шығарма мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен
құрылуы үшін қыстырма конструкциялар мен шылаулар, тірек сөздер жəне
сөз тіркестерін пайдалану қажет.
Шағын шығарманың көлемі 25-30 сөйлем болуға тиіс.
Тірек сөздер:
1 – демалу;
2 – ас сіңіру;
3 – ауа, күн, су;
4 – сол себепті;
5 – адам ағзасы;
6 – немесе;
7 – жаз күндері;
8 – шынығу;
9 – сонымен.
Мемлекеттік тіл саясаты
393
Библиография
[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап).
[2] «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде-
гі № 319-ІІІ Заңы.
[3] Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген).
[4] 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын
кеңейту мен оның бəсекелестігін арттыру тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен
мақұлданған).
[5] Қазтест жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен
бекітілген).
[6] Еуропалық тілдік портфелі, «Златоуст», 2006.
[7] Ф.Ш. Оразбаева, Т.Т. Аяпова, Р.С. Рахметова, У.К. Исабекова, К.Е.
Абиыр. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-əдістемелік кешендер. Алматы: -
Жазушы, 2007.
[8] В.С. Аванесов «Форма тестовых заданий». Мектеп, лицей, колледж
жəне ЖОО мұғалімдеріне арналған оқу құралы. М.: «Тестілеу орталығы»,
2006.
[9] Д.Х. Ақанова, А.М. Алдашева, З.К. Ахметжанова, Қ.Қ. Қадашева,
Э.Д. Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей.
Үшінші деңгей». Оқу кешені. – Алматы қ., «Арман-ПВ» басылымы, 2002.
[10] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «Қазақ тілі. Тестілеу
əдістемесі: көмекші құрал». – Астана, 2007.
[11] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу
теориясы мен практикасы: Көмекші құрал». – Алматы, «Құс Жолы», 2009.
Мемлекеттік тіл саясаты
394
ƏОЖ 811.512.122:81`37.046.16:006.354(574)
МСЖ
03.180
Түйінді сөздер: мемлекеттік стандарт, коммуникативтік құзыреттілік,
лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексикалық
минимум
Мемлекеттік тіл саясаты
395
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
ҚР СТ 1928-2009
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
Мемлекеттік тіл саясаты
396
Алғысөз
1 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ы. Алтын-
сарин атындағы Ұлттық білім академиясы» Республикалық мемлекеттік
қазыналық кəсіпорны ƏЗІРЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ұлттық тес-
тілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны ЕН-
ГІЗДІ
2 Қазақстан Республикасының Индустрия жəне сауда министрлігі
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасыныңнің 2009 жылғы
30 желтоқсанындағы № 647-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА
ЕНГІЗІЛДІ
3 Осы стандартта Орыс тілі шет тілі ретіндегі мемлекеттік білім беру
стандарттының (Базалық деңгей. Жалпы меңгеру) негізгі ережелері
ескерілген. (Базалық деңгей. Жалпы меңгеру).
4 Осы стандартта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №
319-ІІІ Заңының; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңының нормалары іске асырылған
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014
жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5
жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Бұл стандартқа өзгерістер енгізу жөніндегі ақпарат жыл сайын басып
шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» атты
ақпараттық сілтемеде, ал өзгерістер мен толықтырулар мəтіні – ай сайын
басып шығарылатын «Мемлекеттік стандарттар» атты ақпараттық
сілтемеде көрсетіледі. Бұл стандартты қайта қарастыру (ауыстыру)
немесе жоққа шығару жағдайында ай сайын басып шығарылатын «Мем-
лекеттік стандарттар» атты ақпараттық сілтемеде тиісті ескертпе
жарияланады.
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің
Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің рұқсатынсыз осы стан-
дартты ресми басылым ретінде толықтай немесе жартылай басып шығаруға,
көбейтуге жəне таратуға болмайды
Мемлекеттік тіл саясаты
397
Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі [1]. Қазақ тілінің
қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде
арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді
тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап қою, тіл қолданушының
өздігінен білім алуын ұйымдастыру, оның нəтижелеріне тұрақты бақылау
жасау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен,
əр деңгей түпкі мақсатына қарай тіл қолданушының коммуникативтік
құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді.
Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін бағалау, анықтау тіл-
дік тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [3].
Оқытудың нəтижесін бағалау əрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады.
Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға мо-
делін құрайтын негізгі компонент болып табылады.
Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойын-
ша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің
деңгейлері [6] 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Деңгейлер
Лингвистикалық
тұрғыдан
Лингводидак-
тикалық
тұрғыдан
Еуропалық
стандарт
деңгейлерімен
сəйкестігі
I. Қарапайым
деңгей
Вербалдық-
семантикалық
деңгей
«Бағдар» +
«Тілашар»
А-1; А-2
II. Базалық
деңгей
III. Орта деңгей
Когнитивтік
тезаурустық деңгей
«Тіл дамыту»+
«Тіл ұстарту»
В-1; В-2
IV. Ортадан
жоғары деңгей
V. Жоғары
деңгей
Мотивациялық-
прагматикалық
деңгей
«Тіл мəдениеті» +
«Тілдік тұлға»
С-1; С-2
VI. Жетік деңгей
Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы
ауызша жəне жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді
бағалаудың негізіне алынады. Бағалау деңгейлері тілді ауызша жəне жаз-
баша үйренудегі жүйені, дыбыстау жүйесін, тілде түрлі коммуникациялық
мақсаттағы қызметтерді атқаратын жалғаулардың қолданысын, сөздердің
жасалуын, кез келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін түсіне алуын,
Мемлекеттік тіл саясаты
398
сөздердің тура жəне ауыспалы мағыналардағы қолданысын меңгеруін, өз
мақсаты мен ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін, жаза жəне
айта алу деңгейін бағалауды көздейді. Бағалау барысында барлық лексика-
грамматикалық құрылымдар жəне сол құрылымдарды қамтыған тілдегі ма-
териалдар қабаты, оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып
түсінуі, дұрыс жазу деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппара-
тына негіз болады. Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін
тілді меңгеру əрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым
[7], лексика-грамматика пайдаланылады.
Қазақ тілінен білім беру мен бағалау қазақ тілін қолданушының қазақ
тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде жəне жазба тілде, ресми жəне ресми емес
қатынастарда, психологиялық күйдің барлық жағдайларында, күрделі ойлар
желісін білдіру мақсатында қолданылатын қарым-қатынас деңгейлерінде,
жазба қарым-қатынас барысында қолдана алу деңгейін анықтауға
бағытталады [2].
Мемлекеттік тіл саясаты
399
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
Енгізілген күні 2010-07-01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт қазақ тілін меңгерудің базалық деңгейі бойынша коммуни-
кативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді [4].
Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ
тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бағытында
өздерінің ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысанда-
рына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен ме-
кемелер қолдануға жəне сақтауға міндетті. Стандарт талаптары қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест тапсырмаларын қалыптастыруда
міндетті болып табылады [5].
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжат қажет:
ҚР СТ 1926-2009 Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік
құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру.
ЕСКЕРТПЕ
Осы
стандартты
пайдалану
кезінде
сілтемелік
стандарттардың жарамдылығын ағымдағы жылдың жағдайына қарай жыл
сайын басып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар»
атты ақпараттық сілтеме бойынша жəне ағымдағы жылда ай сайын басып
шығарылатын ақпараттық сілтемелерге сəйкестігін тексеру қажет. Сілте-
мелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда осы стандартты пайдала-
ну кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Сіл-
темелік құжат ауыстырылмай жойылған жағдайда сілтеме берілген ережесі
осы сілтемені қамтымаған бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ҚР СТ 1926-2009 бойынша терминдер қолданылады.
Ресми басылым
4 Қазақ тілін меңгерудегі базалық деңгейдің жалпы ережелері
Мемлекеттік тіл саясаты
400
Қазақ тілін базалық деңгейде меңгеру тіл қолданушының күнделікті
өзінің ең қажетті коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға
мүмкіндік береді.
Базалық деңгейдегі тілдік қарым-қатынастар жағдайлары тұрмыстық,
мəдени-əлеуметтік жəне білім салаларымен байланысты болады.
Бұл салалардағы тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік
құралдардың жиынтығы базалық деңгейдің коммуникативтік қажеттілігіне
сай шектелген болады.
Базалық деңгейдің сертификатын иелену тіл қолданушының жалпы
мəдени мақсаттарда қазақ тілін əрі қарай үйрену үшін жəне кəсіби қарым-
қатынаста тілдік құрал ретінде қазақ тілін пайдалану үшін қажетті жəне
жеткілікті білімінің бар болуын куəландырады (сертификаттың үлгісі A
қосымшасында көрсетілген).
Қазақ тілін жалпы меңгерудің базалық деңгейінде тілді білу үшін (қазақ
тілін қарапайым деңгейде меңгерген жағдайда) 180-200 оқу сағаты қажет.
4.1 Базалық деңгейдің сипаттамасы
Коммуникативтік құзыреттіліктердің бастапқы деңгейі тіл қолданушы
тұрмыстық, жалпы мəдени салаларда базалық коммуникативтік
қажеттіліктерді қанағаттандыра алатынын растайды. Тіл қолданушы өмірдің
негізгі салаларымен байланысты бөлек сөйлемдер мен жиі пайдаланатын
сөйлемшелерді түсінуі (өзі, өз отбасы мүшелері, жұмысқа орналасу жəне т.б.
туралы негізгі мəліметтер бере алуы); таныс немесе тұрмыстық тақырыптар
бойынша ақпаратпен алмасу міндеттерін орындай алуы керек. Өзі, өз туыс-
жақындары туралы дара сөйлемшелермен айтып бере алуы; күнделікті
өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алуы керек.
Базалық деңгейде қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері бойынша сипат-
тамасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
ТЫҢДАЛЫМ
Тіл қолданушы күнделікті тұрмыстық жағдайларда (отба-
сы, жұмыс, көлік жəне т.б. туралы) анық, жай айтылған
ақпараттарды түсіне алады. Өзіне қаратып жай айтылған
өтініштерді орындай алады. Қысқа айтылған хабарланды-
ру мен ақпараттардағы негізгі ойды түсіне алуы керек.
ОҚЫЛЫМ
Тіл қолданушы таныс, нақты, қысқа мəтіндер. Қарапайым,
қысқа мəтіндер, мысалы: жеке немесе іскерлік хаттар,
факстер, күнделікті, хабарландырулар, жарнама, т.б.
Тіл қолданушы қарапайым, қысқа мəтіндерді түсіне алады,
күнделікті қажетті ақпараттарды мəтін ішінен таба алуы
керек. Тіл қолданушы күнделікті тілдік қолданыстағы
жəне мамандыққа қатысты шектеулі мəтіндерді оқи алуы
керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
401
2-кесте (жалғасы)
Оқығанды жалпылама түсіну
Тіл қолданушы өте қысқа қарапайым мəтіндерді фраза
бойынша оқи отырып, таныс есімдерді, сөздерді жəне
қарапайым фразаларды қажеттілігіне сай қайта оқи оты-
рып түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы таныс тақырыпқа арналған нақты
ақпаратты қамтыған жəне күнделікті немесе кəсіби тілмен
жазылған қысқа, қарапайым мəтіндерді түсіне алады. Тіл
қолданушы көптеген тілдерде бірдей қолданыла алатын,
өте жиі қолданылатын сөздері бар қарапайым мəтіндерді
түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы күнделікті немесе кəсіби-бағдарлы тіл-
мен жазылған жəне нақты мəліметті беретін таныс
тақырыптағы қарапайым қысқа мəтіндерді түсіне алуы
керек.
Нұсқауларды оқу
Тіл қолданушы күнделікті немесе кəсіби-бағдарлы тіл-
мен жазылған жəне нақты мəліметті беретін таныс
тақырыптағы қарапайым қысқа мəтіндерді түсіне алуы
керек.
Ақпараттар мен аргументтер алу мақсатындағы оқу
Тіл қолданушы қарапайым жазба түрде берілген күнделікті
кездесетін хат, кітапша жəне қысқа газет мақалалардағы
ақпаратты көрсете алуы керек.
Хат-хабарды оқу
Тіл қолданушы таныс тақырыптағы стандартты шаблон-
мен жазылған қарапайым хаттарды жəне факстерді түсіне
алады (тапсырыс, бір нəрсені құптайтын хат, кепілхат
жəне т.б.). Қысқа қарапайым, жеке мақсаттағы хаттарды
түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы күнделікті өмір туралы бір-бірімен бай-
ланысты бірнеше сөйлем құрай алады: адамдар жұмысы
немесе оқу орны туралы, күнделікті оқиғалар, айналы-
сатын жұмысы жəне жеке тəжірибесі туралы қарапайым
сипаттаманы өте қысқа түрде жаза алады. Оқиғаларды ба-
яндайтын хат, кітапша, газет мақалалары у керек сияқты
қысқаша жазба материалдарын нақты ақпараттарды ажы-
рата алады. Теледидар бағдарламаларын оқиғалар туралы
репортаж жаңалықтарының негізгі ойын түсіне алуы ке-
рек (келеңсіз оқиғалар, т.б.).
Мемлекеттік тіл саясаты
402
ЖАЗЫЛЫМ
Тіл қолданушы күнделікті өмір туралы бір-бірімен байла-
нысты адамдар, жұмыс немесе оқу орны туралы бірнеше
сөйлем құрай алуы; күнделікті оқиғалар, айналысатын
жұмысы мен жеке тəжірибесі туралы қарапайым сипатта-
маны өте қысқа түрде жаза алуы керек.
Тіл қолданушы «жəне», «бірақ», «себебі», «сияқты»
жалғаулықтармен байланысқан сөйлемдер мен фразалар
қатарын жаза алуы керек.
АЙТЫЛЫМ
Тіл қолданушы таныс тақырыптарға қысқа, қарапайым
баяндама жасай алуы; баяндама бойынша сұрақтарға жа-
уап бере алуы; сұхбат барысында қайталау мен түсіндіруді
сұрай отырып, өзіне таныс тақырыптарға сұхбат беріп,
пікірталасқа, негізгі ойлар бойынша қатысымға түсе алуы
керек. Тіл қолданушы қарапайым ақпараттар алысуға
қатыса алуы; күнделікті əрекеттер бойынша сұрақтарға
жауап бере алуы; орын алған əрекет түрлері мен уақытты
өткізу туралы сұрақтарға жауап бере алуы керек. Тіл
қолданушы қарапайым нұсқау айтып, кеңес бере алуы;
қызмет көрсету саласында тауар түрлері туралы сұрай,
ұсына алуы; сапар туралы, қоғамдық көлік туралы
ақпараттарды сұрай алуы. Тіл қолданушы пошта, банк,
дүкенде ақпараттарды (бағасы, түрі, саны туралы) сұрай
алуы; қарапайым түрде сауда-саттық жасап, тапсырыс
бере алуы; өтініш айтып, уақыт, баға, сан туралы сұрай
алуы керек.
Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым жəне жазылым
бөліктері бойынша тест тапсырмаларының үлгілері Б қосымшасында кел-
тірілген.
5 Базалық деңгей талаптарының мазмұны
Базалық деңгейдің негізгі мақсаты – қарапайым жағдайларда қарым-
қатынас жасай алуға өзінің негізгі ойын, сезімін жеткізе алуға, ауызша, жаз-
баша материалды түсінуге қазақ тілінің жалпы механизмін түсінуге оқытып,
үйрету.
5.1 Коммуникативтік сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны
5.1.1 Интенциялар. Жағдайлар жəне қатысым тақырыптары.
5.1.1.1 Белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шеше алу үшін тіл
қолданушы төменде берілген сөйлеуге ұмтылыстарды ауызша айта білуі ке-
рек:
- коммуникацияға түсу, біреумен танысу, өзін таныстыру немесе басқа
адамды таныстыру, амандасу, қоштасу, біреуге қарата сөйлеу, алғыс айту,
Мемлекеттік тіл саясаты
403
кешірім сұрау, кешірім, алғысқа жауап беру, құттықтау, қайталамай айтуды
сұрау, тілек білдіру;
- сұрай білу, факт жəне оқиға, тұлға, зат, заттың немесе тұлғаның бар-
жоқтығын хабарлай алу; заттың саны, оның сапасы, кімдікі екендігі; əрекет,
уақыт, себеп немесе оқиға себебін хабарлай алу;
- тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс, шақыру, келісу, келіспеу, рұқсат, тыйым,
уəде, сенімсіздікті білдіре алу;
- өзінің қатынасын білдіру: тұлғаға, затқа, фактіге, əрекетке, оқиғаға баға
бере алу.
Базалық деңгейде тіл қолданушы төменде берілген жағдайларды ең
қажетті коммуникативтік ниеттерін тарата жəне бағыттай алуы керек:
- əкімшілік қызметте (деканатта, дирекцияда, кеңседе жəне т.б.);
- поштада;
- банкте, валюта айырбастау пункттерінде;
- мейрамханада, дəмханада, асханада;
- кітапханада;
- сабақта;
- қала көшелерінде, көлікте;
- саяхатта;
- емханада, дəрігерде, дəрісханада.
5.1.2 Сөйлеу біліктілігіне қойылатын талаптар
5.1.2.1 Тыңдалым
Тіл қолданушы жай сөйлемдермен мазмұндалған хабарлама неме-
се баяндау жанрындағы əдеби, ғылыми-көпшілікке жəне көркем стильде
құрастырылған (оқуға арналған) жəне жартылай аутентті мəтіндерді тыңдау
арқылы мəтіндегі тақырыпты, негізгі ойды жəне əрбір мағыналық бөліктегі
қосымша жəне негізгі ақпаратты толық нақты түсінуі керек.
Мəтін түрі: хабарлау, баяндау, аралас мəтіндер. Негізгі деңгейге сəйкес
лексика-грамматикалық материал негізінде құрастырылған немесе бейім-
делген сюжетті мəтіндер.
Мəтін тематикасы күнделікті қатысым жəне мəдени-əлеуметтік сала
үшін өзекті монолог немесе диалог түріндегі хабарлама, ақпарат сұрау.
Тілдік жəне құрылымдық ерекшеліктері:
- таныс грамматика;
- 2-3% таныс емес сөздер;
- сөйлеу қарқыны – табиғи (минутына 180-200 жəне одан көп буын);
- мазмұндау құрылымы – қарапайым ақпараттық немесе номинативтік
тақырыптар.
Түсіну деңгейлерін бағалау-түсіну сатысына байланысты деңгейлермен
бағаланады жəне мынадай түсінулер талап етіледі:
- фрагментарлық түсіну деңгейі;
- жалпы түсіну деңгейі;
- нақты, толық түсіну деңгейі.
Фрагментарлық түсіну сөз деңгейінде түсіну болып есептеледі жəне ол
«түсіну» ұғымының қарапайым деңгейіне жатады.
Мемлекеттік тіл саясаты
404
Жалпы түсіну деңгейінің қалыптасқаны мынадай жолдармен анықталуы,
тексерілуі қажет:
• жалпы сипаттағы сұрақтарға жауап бере алуы;
• таңдауға негізделген тест тапсырмаларына жауап бере алуы;
• негізгі мазмұнды қазақ тілінде жеткізе алу;
• негізгі фактілерді мəтінде берілген бірізділікпен санамалай алуы;
• негізгі мағыналық бөліктерге атау бере отырып, жоспар жасай алуы;
• тірек сөздерді ажырата алуы;
• негізгі тақырыпты жəне мəтін түрін анықтай алуы.
Мəтін көлемі: 80-120 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |