2-мəтін
Банк
Банктер – ақша айналымын жəне несие қатынастарын жоспарлы
түрде қамтитын несие беру, есеп айырысу, касса операциялары арқылы
кəсіпорындардың шаруашылық қызметіне есеп жəне бақылау жүргізуді
жүзеге асыратын мекемелер. Банктер кəсіпорындар арасында материалдық
байлықтармен көрсетілген қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу-
ды, қаржы-банк жүйесінің есеп айырысуларын, сыртқы сауда мен шетелдік
мемлекеттермен басқа да экономикалық қатынастарға есептер айырысу-
ларды ұйымдастырады. Эмиссиялық касса орталықтары арқылы ақша ай-
налысын реттейді. Сонымен қатар қарыз беруші мен алушының арасында
делдалдық қызмет атқарады. Банктің түрлері көп: орталық ақша шығаратын,
сауда, жинақ, арнайы коммерциялық, жеке т.б.
Ұлттық табыс – өндіріске қажетті жəне қосымша еңбекті жұмсап
жаңадан жасалған құн. Бұл белгілі мерзім ішіндегі құн. Ол өзгермелі ка-
питалмен қосымша құннан тұрады. Өзгермелі капитал құнын (жалақыны)
алып тастағаннан кейінгі ұлттық табыстың бір бөлігі – таза табыс, ол ұлттық
табыс болады. Ұлттық табыс материалдық өндіріс саласында жасалады. Ол
елді қорландыруға жəне тұтынуға жұмсалады.
Табыс салығы – бұл бюджетке қаржы түсірудің əдісі. Салықтың жал-
пы мөлшері таза табыстың бір бөлігінен аспауға тиіс. Ауылшаруашылық
еңбеккерлерінен бөлек, жұмысшылар мен қызметкерлерден бөлек табыс
салық мөлшерлемесі алынады.
1. Мəтін мазмұнына сəйкес сөйлемді толықтырыңыз.
Банк кəсіпорынның шаруашылық қызметіне
А) жоспарлы түрде бақылау
В) қолма-қол ақша арқылы қадағалау
С) материалдық байлықтарды айырбастауды
D) касса операциялары арқылы есеп жəне бақылау жүргізеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
417
2. Мəтін мазмұнына сəйкес сөйлемді табыңыз.
Банктер кəсіпорындар арасында материалдық байланыстар мен
көрсетілген қызмет үшін, қандай есеп айырысуды ұйымдастырады?
А) несиеге
В) қолма-қол ақшасыз
С) келісім-шарт бойынша
D) экономикалық қатынасқа құрылған
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Банк қарыз беруші мен қарыз алушы арасында ... қызмет атқарады.
А) делдалдық
В) ағайынгершілік
С) аудармашылық
D) ақылдастырушылық
4. Мəтін мазмұнына сəйкес нұсқаны табыңыз.
Қосымша еңбекті жұмсап жəне өндіріске қажетті жаңадан жасалған бел-
гілі мерзім ішіндегі құн қалай аталады?
А) жеке табыс
В) ұлттық табыс
С) нақты пайда
D) мерзімдік табыс
5. Мəтін мазмұнына сəйкес нұсқаны табыңыз.
Бюджетке қаржы түсіру не арқылы жүзеге асады?
А) банк
В) касса
С) ұлттық пайда
D) табыс салығы
Б4. Жазылым
1-тапсырма.
Коммуникативтік талапқа сай аудиомəтін тыңдау арқылы шығармашылық
диктант жазыңыз.
Аудиомəтін
Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы əдемі көл. Суы тұщы жəне мөлдір. Көлдің ең
терең жерінде жəндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айнала-
сы – сыңсыған қарағайлы, қайыңды орман. Көкшенің əйгілі шоқылары
–«Жұмбақтас», «Оқжетпес» көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті
жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды.
Көлде əр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында көптеген де-
малыс орындары орналасқан. Ол-таза ауасымен, қымызымен емдейтін ірі
курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен əлем демалыс орындары
ішінде ерекше орын алады.
Мемлекеттік тіл саясаты
418
Бурабай көлі туралы көптеген аңыздар бар. Көкшетаудың, Бурабайдың
табиғаты туралы көптеген өлеңдер, эсселер, əңгімелер бар. Біз жанұямызбен
жылда осы көлдің жағасында демаламыз.
2-тапсырма.
Диктант мəтініндегі мəселеге байланысты берілген сұрақтар негізін-
де сөздердің баламасын тауып, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра өз
пікіріңізді жазыңыз. Баяндау толық, жеткілікті, ойға, көңілге қонымды бо-
луы керек. Мəтіндегі сөйлемдерді сөзбе-сөз жазуға болмайды.
Тапсырманы орындау уақыты – 10-15 мин.
1. Бурабай қай жерде орналасқан?
2. Бурабайда қандай шоқылар бар?
3. Бурабайдың табиғаты қандай?
4. Бурабай туралы қандай шығармалар бар?
5. Қалай ойлайсыз, Бурабай неге «Қазақстан Швейцариясы» деп аталды?
3-тапсырма.
Ұсынылған тірек-клишеге сүйене отырып, жазбаша диалог құрастырыңыз.
Тапсырманы орындау уақыты – 5 мин.
1. Əдемі көл.
2. Қайыңды орман.
3. Таза ауа.
4. Біріншіден.
5. Меніңше.
Мемлекеттік тіл саясаты
419
Библиография
[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап).
[2] «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде-
гі № 319-ІІІ Заңы.
[3] Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген).
[4] 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын
кеңейту мен оның бəсекелестігін арттыру тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен
мақұлданған).
[5] Қазтест жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен
бекітілген).
[6] Еуропалық тілдік портфелі, «Златоуст», 2006.
[7] Ф.Ш. Оразбаева, Т.Т. Аяпова, Р.С. Рахметова, У.К. Исабекова, К.Е.
Абиыр. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-əдістемелік кешендер. Алматы: -
Жазушы, 2007.
[8] В.С. Аванесов «Форма тестовых заданий». Мектеп, лицей, колледж
жəне ЖОО мұғалімдеріне арналған оқу құралы. М.: «Тестілеу орталығы»,
2006.
[9] Д.Х. Ақанова, А.М. Алдашева, З.К. Ахметжанова, Қ.Қ. Қадашева,
Э.Д. Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей.
Үшінші деңгей». Оқу кешені. – Алматы қ., «Арман-ПВ» басылымы, 2002.
[10] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «Қазақ тілі. Тестілеу
əдістемесі: көмекші құрал». – Астана, 2007.
[11] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу
теориясы мен практикасы: Көмекші құрал». – Алматы, «Құс Жолы», 2009.
Мемлекеттік тіл саясаты
420
ƏОЖ 811.512.122:81`37.046.16:006.354(574)
МСЖ
03.180
Түйінді сөздер: мемлекеттік стандарт, коммуникативтік құзыреттілік,
лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексикалық
минимум
Мемлекеттік тіл саясаты
421
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
ОРТА ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
ҚР СТ 1929-2009
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
Мемлекеттік тіл саясаты
422
Алғысөз
1 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің
«Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» pеспубликалық мем-
лекеттік қазыналық кəсіпорны ƏЗІРЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ұлттық тес-
тілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны ЕН-
ГІЗДІ
2 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігі
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасыныңнің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 647-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА
ЕНГІЗІЛДІ
3 Осы стандартта Орыс тілі шет тілі ретіндегі мемлекеттік білім беру
стандартыныңтың негізгі ережелері ескерілген. (I-сертификациялық деңгей.
Жалпы меңгеру).
4 Осы стандартта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №
319-ІІІ Заңының; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңының нормалары іске асырылған
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014
жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5
жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартқа өзгерістер енгізу жөніндегі ақпарат жыл сайын басып
шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» атты
ақпараттық сілтемеде, ал өзгерістер мен толықтырулар мəтіні – ай сайын
басып шығарылатын «Мемлекеттік стандарттар» атты ақпараттық
сілтемеде көрсетіледі. Осы стандартты қайта қарастыру (ауыстыру)
немесе жоққа шығару жағдайында ай сайын басып шығарылатын «Мем-
лекеттік стандарттар» атты ақпараттық сілтемеде тиісті ескертпе
жарияланады.
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің
Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің рұқсатынсыз осы стан-
дартты ресми басылым ретінде толықтай немесе жартылай басып шығаруға,
көбейтуге жəне таратуға болмайды
Мемлекеттік тіл саясаты
423
Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі [1]. Қазақ тілінің
қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде
арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді
тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап қою, тіл қолданушының
өздігінен білім алуын ұйымдастыру, оның нəтижелеріне тұрақты бақылау
жасау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен,
əр деңгей түпкі мақсатына қарай тіл қолданушының коммуникативтік
құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді.
Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін бағалау, анықтау тіл-
дік тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [3].
Оқытудың нəтижесін бағалау əрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады.
Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға мо-
делін құрайтын негізгі компонент болып табылады.
Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойын-
ша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің
деңгейлері [6] 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Деңгейлер
Лингвистикалық
тұрғыдан
Лингводидак-
тикалық тұрғыдан
Еуропалық
стандарт
деңгейлерімен
сəйкестігі
I. Қарапайым
деңгей
Вербалдық-
семантикалық
деңгей
«Бағдар» + «Тілашар»
А-1; А-2
II. Базалық
деңгей
III. Орта
деңгей
Когнитивтік
тезаурустық деңгей
«Тіл дамыту»+
«Тіл ұстарту»
В-1; В-2
IV. Ортадан
жоғары
деңгей
V. Жоғары
деңгей
Мотивациялық-
прагматикалық
деңгей
«Тіл мəдениеті» +
«Тілдік тұлға»
С-1; С-2
VI. Жетік
деңгей
Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы
ауызша жəне жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді
бағалаудың негізіне алынады. Бағалау деңгейлері тілді ауызша жəне жаз-
баша үйренудегі жүйені, дыбыстау жүйесін, тілде түрлі коммуникациялық
мақсаттағы қызметтерді атқаратын жалғаулардың қолданысын, сөздердің
Мемлекеттік тіл саясаты
424
жасалуын, кез келген сұрақ, сөйлем түрлерін түсіне алуын, сөздердің тура
жəне ауыспалы мағыналардағы қолданысын меңгеруін, мақсаты мен ойын
жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін, жаза жəне айта алу деңгейін
бағалауды көздейді. Бағалау барысында барлық лексика-грамматикалық
құрылымдар жəне сол құрылымдарды қамтыған тілдегі материалдар қабаты,
оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып түсінуі, дұрыс жазу
деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппаратына негіз болады.
Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін тілді меңгеру
əрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым [7], лексика-
грамматика пайдаланылады.
Қазақ тілінен білім беру мен бағалау қазақ тілін үйренушінің қазақ
тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде жəне жазба тілде, ресми жəне ресми емес
қатынастарда, психологиялық күйдің барлық жағдайларында, күрделі ойлар
желісін білдіру мақсатында қолданылатын қарым-қатынас деңгейлерінде,
жазба қарым-қатынас барысында қолдана алу деңгейін анықтауға
бағытталады [2].
Мемлекеттік тіл саясаты
425
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
ОРТА ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
Енгізілген күні 2010-07-01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт қазақ тілін меңгерудің базалық деңгейі бойынша коммуни-
кативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді [4].
Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ
тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерi бағытында
өздерінің ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысанда-
рына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен ме-
кемелер қолдануға жəне сақтауға міндетті. Стандарт талаптары қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест тапсырмаларын қалыптастыруда
міндетті болып табылады [5].
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжат қажет:
ҚР СТ 1926-2009 Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік
құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру.
ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтеме стандарттардың
жарамдылығын ағымдағы жылдың жағдайына қарай жыл сайын ба-
сып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» атты
ақпараттық сілтеме бойынша жəне ағымдағы жылда ай сайын басып
шығарылатын ақпараттық сілтемелерге сəйкестігін тексеру қажет. Сілте-
мелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда осы стандартты пайдала-
ну кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Сіл-
темелік құжат ауыстырылмай жойылған жағдайда сілтеме берілген ережесі
осы сілтемені қамтымаған бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ҚР СТ 1926-2009 бойынша терминдер қолданылады.
Ресми басылым
4 Қазақ тілін меңгерудегі орта деңгейдің жалпы ережелері
Қазақ тілін орта деңгейде меңгеру тіл қолданушы күнделікті өмірде қазақ
тілділермен тілдік қарым-қатынаста шектеулі, болжалды жағдайларда өзінің
ең қажетті коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бе-
реді.
Мемлекеттік тіл саясаты
426
Орта деңгейдегі тілдік қарым-қатынастар жағдайлары тұрмыстық,
мəдени-əлеуметтік жəне білім салаларымен байланысты болады. Бұл
салалардағы тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік құралдардың
жиынтығы орта деңгейдің коммуникативтік қажеттілігіне сай шектелген бо-
лады.
Орта деңгейдің сертификатын иелену тіл қолданушының жалпы мəдени
мақсаттарда қазақ тілін ары қарай үйрену үшін жəне кəсіби қарым-қатынаста
тілдік құрал ретінде қазақ тілін пайдалану үшін қажетті жəне жеткілікті
білімінің бар болуын куəландырады (сертификаттың үлгісі А қосымшасында
көрсетілген).
Қазақ тілін жалпы меңгерудің орта деңгейінде тілді білу үшін (қазақ тілін
базалық деңгейде меңгерген жағдайда) 220-240 оқу сағаты ұсынылады.
4.1 Орта деңгейдің сипаттамасы
Тіл қолданушы қазақ тілділермен тілдік қатысымға түскенде негізгі ком-
муникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы керек. Жұмыста, оқуда,
бос уақытта кездесетін əр түрлі тақырыптар бойынша əдеби тілде жасалынған
нақты хабарлардың негізгі ойларын түсінуі керек. Тіл қолданушы белгілі не-
месе өзін ерекше қызықтыратын тақырыптарға байланысы бар мəлімет бере
алуы тиіс. Өз таңданысын, əсерін, үмітін, ниетін, оқиғаларды сипаттап, келе-
шектегі жоспары мен пікірін негіздей білуі керек.
Орта деңгейде қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері бойынша сипатта-
масы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
ТЫҢДАЛЫМ
Тіл қолданушы радиодан, үнтаспадан таныс тақырып-
тарға анық жəне жай айтылған мəтіндердегі негізгі
мəліметтерді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша
радиодан бірқалыпты берілген ақпараттардан қажетті
мəліметтерді; өз кəсібі бойынша қарапайым жəне та-
ныс тақырыптарға баяндалған дəріс пен сұхбаттарды; өз
жұмысына, мектепке, демалысқа жəне т.б. жағдайларға
қатысты таныс тақырыптарда жиі кездесетін сұхбаттарды,
əңгімелерді таныс сұрақтар бойынша түсіне алуы қажет.
Тіл қолданушы қүнделікті қолданылатын материалдар,
мысалы, хаттар, буклеттер, қысқа ресми құжаттарды;
таныс оқиғалар мен олардың сипаттамасын тікелей бая-
ндайтын (мазмұндайтын) газет мақалаларын; анық
құрылған дəлелдемелер тізбектерді; əр түрлі сезімдер
мен тілектерді білдіретін жеке хаттарды; белгілі бір
қондырғыны (жабдықты) пайдалану жөніндегі нақты
баяндалған нұсқауларды оқи алуы қажет. Рет-ретімен
баяндалған мəліметтерді; жалпы түрде берілген аргу-
менттер тізбегін түсіне алуы керек (барлық бөліктерді
түсінуі міндетті емес).
Мемлекеттік тіл саясаты
427
2-кесте (жалғасы)
ОҚЫЛЫМ
Қарапайым
құрылымдарды
түсінеді.
Күнделікті
қолданылып жүрген материалдардан өзіне қажетті
ақпаратты таба алады. Ұзақ немесе бірнеше қысқа
мəтіндерден қажетті ақпаратты таба алуы қажет. Күрделі
емес мəтіндегі дəйектемелер тізбегін түсініп, қорытынды
жасай алуы қажет.
Жалпы бағдарламалық мақсаттағы оқылым
Тіл қолданушы керек ақпаратты табу үшін барынша
үлкен мəтінді қарап шыға алады, сондай-ақ нақты тап-
сырманы орындау үшін мəтіннің əр түрлі бөлігінен неме-
се əр түрлі мəтіндерден ақпарат жинай алады.
Тіл қолданушы күнделікті жазбаша материалдардан
өзіне өте қажетті ақпаратты мысалы, хаттардан жəне
қысқа ресми құжаттардан тауып, түсіне алуы қажет.
Тіл қолданушы нақты ақпарат мазмұны қызықты
тақырыптағы қарапайым мəтіндерді оқи алуы қажет.
Тіл қолданушы өзін қызықтыратын тақырыптағы
қарапайым мəтін мазмұнын толық түсіне алуы қажет.
Тіл қолданушы жолдасымен үнемі хат арқылы қарым-
қатынас жасауға мүмкіндік беретін ауқымдағы жеке
хаттардағы тілектер мен сезімдер, оқиғалардың сипатта-
масын түсіне алуы қажет.
Ақпараттар мен дəйектемелер алу мақсатындағы оқу
Тіл қолданушы белгілі бір көзқарасты дəлелдеуге
бағытталған негізгі қорытындыларды мəтіннен таба
алуы қажет.
Мəтінде баяндалатын тақырып төңірегіндегі талдаулар
тəртібін түсіне алады, бірақ əркез дəл түсінбеуі мүмкін.
Таныс тақырыпта жазылған шағын газет мақаласындағы
негізгі ережелерді таба алуы қажет.
Нұсқауларды оқу
Тіл қолданушы ережелерді түсіне алады, мысалы,
қауіпсіздік ережелерін олар қарапайым тілмен жазылса,
түсіне алуы қажет.
ЖАЗЫЛЫМ
Тіл қолданушы өзін қызықтыратын тақырыпқа қысқа,
қарапайым эссе жаза алуы қажет.
Тіл қолданушы өзінің қызметі шеңберінде кездесетін
күнделікті таныс немесе таныс емес мəселелер бойынша
жиналған деректі ақпараттар туралы өзінің пікірін еркін
хабарлап, қорытындылай алуы керек.
Тіл қолданушы күнделікті өмірде кездесетін ақпаратты
беретін жəне қолданылған əрекетті түсіндіретін қалпы
(форма) мен мазмұны стандартты өте қысқа баяндама
жаза алуы қажет.Нұсқауларды оқу
Мемлекеттік тіл саясаты
428
2-кесте (жалғасы)
Тіл қолданушы өзіне кеңінен таныс жəне қызықтыратын
мəселелерін, оның жекелеген элементтерінің қатарын
байланыстыра отырып, қарапайым мəтін жаза алуы ке-
рек.Тіл қолданушы ережелерді түсіне алады, мысалы,
қауіпсіздік ережелерін олар қарапайым тілмен жазылса,
түсіне аладуы қажет.
АЙТЫЛЫМ
Тіл қолданушы ауызекі тілде өзіне айтылған əңгімені
түсінеді, бірақ кейде қайталап сұрауы мүмкін. Сапар
кезінде кездесетін барлық жағдайларда сөйлесе алуы
керек. Шет елге сапар кезінде билік органдарымен
байланысқа түсе алуы керек. Поштада, банкіде, дүкендегі
жағдайларды тез шеше алуы керек. Арыз, өтініш бере
алуы керек.
Əр түрлі жағдайларда, таныс тақырыптарда («Отбасы»,
«Қызығушылық», «Жұмыс», «Саяхат», «Күнделікті
оқиға», т.б.) əңгімеге қатыса алуы керек. Өз ой-пікірін
еркін жеткізе алуы керек. Абстракті (мəдениет, фильм,
кітап, музыка т.б.) жəне өзінің кəсібіне байланыс-
ты тақырыптарға еркін сөйлесіп, ақпарат алмасып,
өз көзқарасын дəлелдей алуы қажет. Анық айтылған
əңгімені түсіне алуы қажет. Бірақ жекелеген сөздер
мен сөйлемдерді қайталап сұрауға мəжбүр. Кейде оның
айтқанын түсіну қиын. Таңдану, қуану, өкіну, қызығу
сияқты сезімдерді білдіре алады жəне оларға жауап
қайтара алуы қажет.
Таныс тақырыптағы əңгімеге дайындықсыз қатыса алуы
қажет. Анық, дəл сөйленген жағдайда достарымен бей-
ресми əңгіменің негізгі бөлімдерін түсіне алуы; өзінің
жеке пікірін білдіре алуы, немесе басқа адамның көз-
қарасын біле алуы керек. Қандай да бір іс-шараны
ұйымдастыру туралы мəселелерді шешу туралы өз
көзқарасын білдіре алуы керек.
Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым жəне жазылым
бөліктері бойынша тест тапсырмаларының үлгілері Б қосымшасында кел-
тірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |