Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

хымызды оятамыз. Ұлттық санамызды қалыптастырамыз. Халықтың 

болашағы саналатын келер ұрпақ та қазақтың мемлекеттік рәміздерін 

қадірлеп өсуі керек. Өкінішке орай, қазіргі таңда ұлттық нышанымыз-

ды аяқ асты қылып жүрген жастар да бар. Мәселен, көк тудың суретін 

неше  түрлі  тәтті  кәмпиттердің  қағазына  салады.  Ал  ол  қағаз  болса, 

қоқыс  жәшігінде  немесе  аяқ  астында  жатады.  Сондай-ақ,  көк  тудың 

суретін жеңіл автокөліктің артына салу үрдісі де халық арасында кең 

жайылған.  Бұл  қалай  болғаны?  Сонда  ұлттығымыз,  азаматтығымыз 

қайда қалды? Бұл азаматтығымызға үлкен сын. 

Біз  тәуелсіздікке  аңсап,зарығып  жеттік.  Енді  сол  тәуелсіздіктің 

қасиетті  белгілерін  де  ерекше  қадірлеуіміз,  қастерлеуіміз  керек. 

Әрбір  азамат  Қазақстанның  туын,  елтаңбасын,  әнұранын  тұмардай 

қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналар тұсы – осы! Бұл баға жетпес 

байлығымыздың қадіріне жете білейік.

Аманбек Жансая 

10 класс Каракиянский район, с. Мунайшы



Моя родина-Казахстан

Казахстан-страна больших возможностей, всего более двух десят-

ков лет назад ставшая независима. Её развитие идет большими темпа-

ми. Сейчас мы только дети, но уже сейчас устроим планы на будущее, 

мечтаем кем-небудь стать в жизни, чтобы приносить пользу государ-

ству,  приумножать  богатства  нашей  Родины.  Хорошо  учиться,  быть 

добрыми и щедрыми, уважать пожилых людей и сверстников. Многое 

должно нас интересовать, мы не должны быть «глухими» к бедам и 

страданиям  людей.  Что  в  жизни  нужно  человеку?  Конечно,  чтобы 

люди, засыпая, были бы уверены в том, что их жизни, их будущему ни-

чего не грозит. Мир и согласие на земле-вот самое главное для каждо-

го человека. Мы уверены в своем будущем

Моя  малая  родина-просторные  степи  на  берегу  седого  Каспия. 

Я родилась, живу в этих бескрайних просторах. Щедрая земля, на ко-

торой я живу дает моей стране нефть-«черное золото». Нелегок труд 

нефтяников,  которые  из  недр  земли  достают  так  необходимое  нам 

полезное ископаемое. Запасы нефти, газа не безконечны, поэтому мы 

должны очень бережно относиться ко всему тому, что так щедро дарит 

нам земля. Каждую каплю нефти мы должны использовать с пользой, 


443

Сочинения школьников Мангистауской области

обдуманно. Моему краю необходимо построить заводы, которые пере-

работывали бы нефть, газ и получали все необходимое на своей земле. 

Этим предстоит заняться мне, моим сверстникам. Так хочется, чтобы 

наш Казахстан был одно из самых процветающих стран мира. Мы, мо-

лодое поколение, сделаем все, что от нас требуется, чтобы эта мечта 

сбылась. 

 Вот какой мой Казахстан: мирный, свободный, богатый, многона-

циональный. Разве можно не любить такую страну? Мы гордимся про-

шлым нашей страны посвятим жизнь её настоящему во имя нашего 

общего будущего.

Аманқос Дарын

7 сынып, Бейнеу лицейі

Бейнеу ауданы

Жетекшісі: Айсұлтанова Бағила



Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге

Сан  ғасырлық  тарихымызда  мақтан  тұтар,  бүгінгіміз  бен 

келешегіміз  үшін  ғибрат  алар  оқиғалар  мен  ел  тағдырын  өз 

тағдырынан  биік  қойған,  ұлтының  тұтастығын,  жерінің  бүтіндігін 

мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі 

алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-

қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін 

еш  жауға  бастырмай,  шыбын  жанын  шүберекке  түйіп,  қасық  қаны 

қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.

Қазақ  халқының  тарихына  көз  жіберсек,  сонау  Күлтегін,  Білге 

қаған,  Тоныкөктен  бастап  жерін,  елін,  тілін,  ділін  қорғауда ғы  өшпес 

ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері 

түркі  халқына  тән  негізгі  ырымдар.  Халқымыз дың  бойындағы 

отансүйгіштік  құндылық тарды  ұрпақтан-ұрпақ қа  беріліп  отыр ған 

заңдылық  тұрғысынан  да  қарауға  болады.  Бұған  дәлел  көне  түркі 

зама нынан бастау алған патриоттық құн ды лық Күлтегін жазбаларын-

да былай деп суреттеледі: “Елте ріс қағанның алғырлығы, еліне деген 

сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу 

қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио тизм сезімдері бүгін ғана 

пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет 

деуге болатын дығын көрсетеді. 


444

Казахстан, армия, патриотизм

  ...Туған  жерге  деген  ыстық  сезім,  ата мекенге  деген  құрмет  пен 

қадір  қа сиет  тұтуды  Ұлы  дала  ойшылдары  Қор қыт  Ата,  әл-Фараби, 

Жүсіп Бала сағұни, Мах мұд Қашқари және т.б. айтқан бола тын. Ақын-

жыраулар  халыққа  өне ге лі  сөздерімен  ықпал  етіп,  олар ды  іргелі  ел, 

берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хан-

дар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық тарға бірге аттан-

ды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін 

жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел 

қайғысын бөлісті.

Жоңғар  шапқыншылығы  ке зін дегі  халықтың  береке  бірлігін, 

Отанға адалдығын сақтау, намыс ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан 

аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының 

қасиетті  борышы  екен дігін  Шалкиіз,  Ақтамберді,  Бұқар  жырау,  Шал 

ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. 

Қазақтың  айбынды  ақын дарының  бірі  –  Махамбет  Өтеміс ұлы 

қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты 

бақытқа жеткізуді арман дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай 

мен  халықтың  ерлі гін,  олардың  адамгершілік  қа сиеттерін  жыр  етті. 

Өз  халқына,  ұлтына  деген  пат риоттық  сезімді  қазақ  ағартушы лары 

Ш.Уәли ханов, Ы.Алтын сарин, А.Құнанбаев шығармала рынан да көруге 

болады. Қазақта ең алғаш қазақ бала лары үшін халық мұрасына, салт-

дәстүріне,  ерлік,  адамгершілік  тәрбиесіне  негіздей  отырып,  оқулық 

жазған  Ы.Алтынсарин  болды.  Ол  көшпенді  елдің  бала сына  ғылым-

білім, өнер үйретуді армандады. 

Абай  Құнанбаевтың  еңбекте рін  зерделеп  қарайтын  болсақ,  жа-

старды  ерлік  рухта,  патрио тизм ге  баулып,  намысын,  ар-ожданын, 

адамгершілік  қасиет терін  тудыратын  жыр  жолдарын  кездестіреміз. 

Оның  “Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп”  деген  сөзі,  барша 

жұртшылықты жаула су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті 

өмір сүруге шақы рады. 

...Қай  кезде  де  азаматтың  өз  Отаны  алдында  парызы  болады. 

Азаматтың  қасиетті  борышының  бірі  –  Отан  алдындағы  парызын 

өтеу.  Кез  келген  адам  бейбіт  заманда  да  Отанын  қорғай  алады.  Ол 

дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, са-

лауатты  перзенті  бола  алу.  «Отан  үшін  отқа  түс,  күймейсің»  деген 

екен батыр Бауыржан Момышұлы. Бұлай деп текке айтпаған. Өйткені 

Отан  үшін  еткен  еңбегің  ешқашан  ұмытылмайды.  Біздің  ата-баба-

мыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы 

– Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты 



445

Сочинения школьников Мангистауской области

– ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте 

өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында 

жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.

Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан бо-

лады»  деген  мақал  бар.  Жастар  өз  Отанының  нағыз  патриоты  бола 

алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі ке-

рек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере 

аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік бола-

ды. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар 

барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.

Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген 

қасиет  тұтқан  ел.  Батырларымыз  бастаған  қазақ  халқы  Отанын, 

жерін,  ұлтын  жаудан  қорғаған  еді.  Оны  Қазыбек  би:  «Біз  қазақ  де-

ген  мал  баққан  елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай,  жай  жатқан  елміз.

Елімізден құт  береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын 

деп, найзаға үкі таққан елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басы-

мыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-

тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай 

білген  елміз.Атадан  ұл  туса,  құл  боламын  деп  тумайды,  анадан  қыз 

туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, 

жерін  қорғаудағы  қажырлығын,  жанын  аямайтын  патриоттығын, 

такаппарлығын сипаттаған еді.

Демек, біз – аманатты арқалаған баһадүр бабалардың ұрпағымыз! 

Бабалар салып берген сара жолдың иесіміз. Толарсақтан саз кешіп, ат 

ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып, ерлеулі атқа қонған 

батыр  да  қайсар  қазақтың  жалынды  ұрпақтарымыз.Олай  болса,  ба-

балар  рухына  бас  ие  отырып,  егемендікті  сақтау,  тәуелсіздігіміздің 

тұғырын тереңнен бекіту қасиетті борышымыз саналады емес пе?!

Андрейқызы Назира

 9- сынып оқушысы, № 2 орта мектебі Мұнайлы ауданы



Елім – деп соғар жүрегім

Туған  жер,  атамекен  әр  адамның  тағдырын  құрайды.  Тек  одан 

барлық  алғаныңды  көңіл  сүзгісінен  өткізіп,  бал  жинаған  арадай, 

жүрегіңе  құя  білуің  шарт.  Туған  жерді  сүю  дегеніміз  өмір  бақи  өз 

жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап оты-


446

Казахстан, армия, патриотизм

рып  алсақ,ақпайтын  көл  секілді,  өз -өзімізбен  тұйықталып,  әлемдік 

даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік. Десе де, жер шарының 

қай  ендігі,эквадордың  қай  белдеуінде  жүрсең  де,қайта  саған, 

сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. 

Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. 

Өйткені  өзге  топырақ,  өзге  ауа,өзге  су  оның  орнын  толтыра  алмақ 

емес.


«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім 

жоқ» -деген Мұхтар Әуезов бекер айтпаса керек. Өз туған жеріңе де-

ген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай 

тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.

Елге, жерге деген махаббатты осылай бағалау керек. Елін, жерін 

сүйетін  адам  туған  топырағының  кешегісін-бүгінімен,  бүгінгісін 

ертеңімен  жалғастыра  алады.  Отанын  қастерлеп,  білімі  мен  еңбегін 

елінің  мүддесіне,  игілігіне  жұмсайды.  «Отан-оттан  ыстық»,  «Ер  ел 

үшін туады, ел үшін өледі»,-дейді.

Біздің  халқымыздың  атамекенді  ардақтау  сезімі  өте  терең,олар 

үшін  туған  жерді  қасиет  тұту-қанға  сіңген  мінез,  ежелгі  дәстүр.  Бұл 

таным  біздің  қанымызда  ана  сүтімен  тараған,  ана  сүтімен  дарыған. 

Байтақ  ел,  күн  сәулетті  Қазақстан  бүгінде  дамудың  даңғыл  жолына 

түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі 

ұлттардан құралған халқының ауызбіршілігі мен аты шықты.

Ең  бастысы,  қазақ  халқымен  бірге  әр  түрлі  этностардың  да  От-

аны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық 

пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен 

діндердің  үйлесімді  дамуына  қамқорлық  жасаудың  жарқын  үлгісін 

көрсетіп  берді.  Елордамыз  ел  кіндігі  Арқа  төрінде  ту  тіккелі  бері 

тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына 

айналды. Астана – елдің жүрегі! Біз жаңа ғасырға, жаңа мың жылдыққа 

өркениетті  ұлт  ретінде,  тарих  сахнасына  егеменді  ел  ретінде  ендік. 

Әлемдік  қауымдастықтың  көшіне  жеке  керуен  болып  қосылдық. 

Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей 

елтаңбамызды,  желбіреген  көк  байрағымызды  көргенде,  әуеленген 

әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім 

билейді. Мұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! 

Мен  өз  ойымды  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Отаны  бірдің  – 

тілегі бір, жүрегі бір»,-деген сөзімен аяқтаймын.



447

Сочинения школьников Мангистауской области

Әлібекова Аида

9 сынып, № 2 орта мектеп Жаңаөзен қаласы 

Жетекшісі: Жанова Гүлбаршын

Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты

Қазақстан  Республикасының  Президенті  және  жастар  саяса-

тына  тоқталсақ,  біз,  тәуелсіздік  бесігінде  тербеліп  өскен  бақытты 

қазақ  елінің  ұландары,  мемлекетіміздің  қазіргі  жетістіктері  – 

бұл  партиямыздың  басшысы,  әлем  таныған  ірі  саяси  қайраткер, 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

басшылығымен  жүргізіліп  жатқан  сан  алуан  реформалардың  заңды 

нәтижесі  екенін  мақтан  тұтамыз.  Себебі,  елімізде  қазіргі  таңда  әр 

жас  азаматтың  толыққанды  дамуына  арналған  жан-жақты  тетіктер 

жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Мәселен,  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан,  мемлекет  жа-

стар  мен  жас  отбасылардың  экономикалық  ахуалын  жақсарту  мен 

табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін 

енгізу,  басқа  да  экономикалық  көмек  түрлері  арқылы  білім  алу 

мүмкіндігін  кеңейту,  іскерлік  белсенділігін  арттыру,  тұрғын  жайы 

мен  үй  шаруашылығын  толыққанды  жабдықтау  үшін  құқықтық, 

ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. 

Мысалы,  студенттерге  жол  ақысының  жеңілдігінің  қолданылуы, 

еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық 

несиелеу,  жас  мамандарды  еңбек  нарығында  қамтамасыз  ету 

жолындағы  мемлекеттік  ықпалдасу  тетіктері,  ауыл  жастарына 

берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, 

жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін 

атап  өтуге  болады.  Ғылым-білім,  мәдениет  пен  өнер  саласындағы 

талантты  жастарды  қолдауда  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 

Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр. Өйткені, Қазақ 

елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның 

ғылым  мен  мәдениеттегі  өрелі  жолын  лайықты  жалғастыратын  да 

осы бүгінгі толқын – жастар болмақ.

«Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  қоры»  қоғамдық 

қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов бол-

ды. Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне 

тоқталсақ: қор қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан мемлекеттігін 

нығайтуға,  отансүйгіштікті  қалыптастыруға,  қоғамымыздың  әрі 



448

Казахстан, армия, патриотизм

қарай  демократия-ландырылуына,  еліміздің  мәдени,  экономикалық 

және  саяси  саладағы  халықаралық  байланыстарының  одан  әрі  да-

муына  атсалысу.  Қазақстанның  ішкі  саясаты  мен  халықаралық  аре-

нада  жеткен  жетістіктерін  еліміздің  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  есімімен  байланыстырамыз.  Н.Ә.Назарбаев 

жаңа  қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасуына,  халықтар  достығын 

нығайтуға,  еуропалық  және  азиялық  мәдени  байланыстар  мен 

экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес 

қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің 

әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның 

сан  қырлы  қызметін  ғылыми  тұрғыда  сараптау  және  насихаттау 

мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің 

бірі болып табылады.

«Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  қоры»  қоғамдық 

қоры 2011  жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім кон-

ференциясына  қатысушылар  адамзаттың  басын  біріктіретін  –  білім 

ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін 

бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.

Мәселе,  солардың  алғашқы  қадамына  қолдау  көрсетіп,  көмек 

жасауда.  Осы  мақсатта  Қор  жанынан  республикамызда  және 

шет  елдердегі  ғылыми-зерттеу  орталықтарында  жұмыс  істейтін 

отандық  ғалымдардан  кеңес  құрылды.  Қызметінің  басты  бағыты  – 

мемлекеттік  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  саясаттың 

маңызды  мәселелері  жөнінде  ұсынымдар  дайындау  болып  табыла-

тын  жас  ғалымдар  кеңесі  ғылымды  дамытуға,  оны  алға  апарар  та-

лантты  жастардың  ғылымға  келуіне  қамқорлық  жасау  мақсатында 

бірқатар  бағдарламаларды  жүзеге  асырады.  Мұндағы  мақсат  – 

жастардың  ғылымға  деген  ынта-ықыласын,  кәсіби  біліктілігі  мен 

шығармашылық  қабілетін  арттыруға  қолдау  көрсету,  сол  арқылы 

еліміздің  интеллектуалдық  әлеуетін  көтеру  ісіне  қызмет  ету. 

Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-

зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты 

ғылыми-зерттеу,  сараптау,  әлеуметтік  және  бизнес-жобаларға  тарту. 

Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар 

– бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби 

тұрғыда  көрінуіне,  өсуіне  жол  ашу,  сонымен  қатар  еліміздің  даму 

болашағы  үшін  құнды,  бағалы  идеяларды  ынталандыру,  алға  апару 

мүмкіндігі болып табылады.


449

Сочинения школьников Мангистауской области

Әлімжанова Гүлназ

 7 сынып, № 3 орта мектеп Мұнайлы ауданы

 Жетекшісі: Оразова Гүлсара

Отан

Отан! Осы сөзді естігенде маған бір ой келуші еді. Отан менің кімім? 

Отан – анам, әкем, бауырым, досым,-дейді. Сонда ол солардай қымбат 

болғаны ма? Дәл осылай ойлаушы едім. Бұл сұрақтардың жауабын енді 

тапқандаймын. Отан расында бізге өте қымбат екен. Осыны білгеннен 

кейін «Отан» деген сөзді естігенде бойымды ерекше әсер билейді. Мен 

Отанымның  көк  шөбінен,  заңғар  тауынан,  мөлдір  бұлағынан,  ашық 

аспанынан  бойыма  қуат,  нәр  аламын.  Тек  осы  аспанды  басқа  елдің 

азаматшасы ретінде тамашалауға қорқамын. Мен бірде ашық аспанда 

жарқыраған күнге, шайдай ашық түнде жарық айға ұзақ қарап тұрдым. 

Сонда менің ойыма келгені мен бақытты жан екенмін, менің өмір 

бойы  жолым  болып  келеді  екен.  Былай  емес  пе?  Аспанда  самсаған 

жұлдыздар көп, аспан сонысымен әдемі, бірақ самсаған жұлдыздардың 

ішінде  бір  жұлдыз  ерекшеленіп  тұрады.  Менің  де  әлем  аспанында 

жарқырап өзінің орынын алған Қазақстандай елім бар. Міне, мен осы 

себепті бақыттымын. Төгілген күн сәулесінің нұрына шомылған алып 

та  әсем  ғимараттарды,  күннің  сәулесіне  шағылысқан  әсем  жерлерді 

көргенде.

Отанымның сұлулығына тағы бір мәрте көзім жетеді. «Отанымның 

бар  жәндігін  сүйемін  қыбырлаған»  деген  өлең  тіркестерін  енді 

түсінгендеймін. Мейлі, ол құрт-құмырсқа болсын, мейлі ол жусаны бол-

сын,  ол  елімдікі.  Кез-келген  адамға  елінің  кез-келген  нәрсесі  қымбат. 

Бұл сөзсіз. 

Қазақ жастары нағыз патриот жастар. Бұған біздерге үлгі болған 

Қайрат,  Ләззат,  Сәбина  секілді  аға-апаларымыздың  елі  үшін  жанын 

беріп, өшпес ерлік көрсеткендігі дәлел. Кез-келген уақытта қазақ жаста-

ры Отаны үшін отқа да, суға да түсетініне сенімдімін. Себебі біз Бөгенбай, 

Қабанбай, Наурызбай секілді батырлардың ұрпақтарымыз. Иә, әркімге 

өз елі қымбат, өз елі әдемі. Бірақ Қазақстаннан алған әсер басқа елде 

қайталануы мүмкін емес. Мен өз Отаныма пайдамды тигізетін адам бо-

лып өсемін. Бұл Отанымның алдында борышымды өтеуге кішкене бол-

сын септігін тигізер деп ойлаймын. Мен өз елімді сүйемін, өз елім үшін 

бәрін істеуден, өмір бойы сүюден ешқашан жалықпаймын. Себебі менің 

Отаным бұған әбден лайық!



450

Казахстан, армия, патриотизм

Бақтығали Әсема

10 сынып, № 1 орта мектеп Жаңаөзен қаласы

 Жетекшісі: Уразалиева Гүлайым

 Ұлы – Қазақ елі

Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тари-

хы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен 

өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан бо-

лар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол 

даланың  тарланына  айналған  қазақ  үшін  дархан  даласынан  артық 

қымбат не болсын?! Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға 

қанат қағып, қалықтап ұшқан сәтінде өзін қалай еркін сезінсе, табиғат 

берген  жаратылысына  сай  тіршілік  етсе,  сол  табиғаттың  ажырамас 

бөлігі  адам  да  дәл  солай  тумысынан  еркіндікті  аңсайды,  азат  өмір 

сүруге құштар. 

Алайда  қазақ  ұлтының  тағдыры  еркін  өмірге  қиян-кескі  күрес 

пен көптеген құрбандықтың арқасында ие болды. Қазақ ұлты тари-

хында өлшеусіз қиындықты басынан өткерді, аяусыз езгіге ұшырады. 

Азғындардың  озбырлығына  тап  келіп,  билік  үшін  тартысқан 

жандардың  кәріне  ілінді.  Тарихтың  өткен  беттері  қазақ  үшін  ұлты 

жолында  құрбан  болған  арыстарының  қанымен  жазылып,  жасы-

мен жаңғырды. Дегенмен «тәуелсіз» деген ұлы атауға ие болу үшін, 

«қазақ» деген атына сай болу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм 

өз  жандарын  құрбан  етті.  Талай  боздақтарымыз  халқын  бостандық 

таңына жеткізуді армандап, сол жолда шәһит болды. Ұлтымызды түп 

тамырымен жою мақсатында жасалған түрлі әккі әрекеттер, саясатта 

орын  алған  қу  тірліктер  ұрпақ  санасына  жойқын  соққы  бергенімен 

халқымыздың діні мен тілін жоюға шамасы жетпеді. 

Бабалар  аңсаған  ұлы  арманның  арайлы  таңы  1991  жылы  16 

желтоқсанда өз шуағымен бүкіл қазақ елін нұрландырды. Міне, биыл 

азаттықтың  ақ  таңының  атқанына  еңселі  23  жыл.  Бұл  жылдардың 

ішінде қазақ елінің жеткен жетістіктері жетерлік. Қазақ елі достығы мен 

бірлігі жарасқан әлемге танылған бейбіт елдің біріне айналды. Қазақ 

халқының  осы  ұлы  жеңісін  дүние  жүзі  мойындады.  Бостандықтың 

белгісі ретінде Сарыарқаның төрінен тәуелсіз елдің тұңғыш асқақтаған 

астанасы бой түзеді. Бұл елбасының ойға алған ұлы табыстарының бірі 

болды. Сәулеті мен дәулеті жарасқан еңселі елордаға әлем халықтары 

«Бейбітшілік қаласы» деген атау берген болатын. 



451

Сочинения школьников Мангистауской области

Тәуелсіз ел екендігімізді дәлелдейтін мемлекеттік нышандар да 

халқымыздың  қадір  тұтып  қастерлейтін  құнды  дүниелерінің  бірі. 

Мемлекеттік  ту  мен  елтаңба  1992  жылдың  маусымында  бекітілсе, 

Мемлекеттік  Әнұран  2006  жылы  қабылданған  болатын.  Тамыры 

тереңдерден бастау алатын бұл нышандардың мәні мен маңызы ерек-

ше.  Бабаларымыздың  жорыққа  аттанғанда  туды  ең  алдыңғы  шепте 

көтеріп шығуы да тегін емес. Елге белгілі батыр адамдар ғана туды 

ұстау мәртебесіне ие болып, оның айбарлы рухына жауапты болған. 

Бәлкім, осыдан болар шайқас алаңында жаудың көзін жою емес, оның 

туын құлату жеңістің белгісі саналған. 

Елдің таңбасы да дәл осындай құрметке ие. Оны тек лауазымды 

адамдар мен хан ғана тиісті дәрежеде пайдаланған. Ту мен елтаңбаның 

тарихы хандық дәуірде де ерекше құрметке бөленіп, оны тегіс жұрт 

қадір тұтқан. Бүгінгі ұрпақтар да осыны санасына сіңірсе екен. Елдің 

ұлылығын  дәріптейтін  асыл  бейнелер  барда,  елдің  келбеті  анық, 

келешегі кемел. 

Қазақ елі! Әрдайым әр қазақтың жүрегінде жалындаған ұлы есім. 

Тарих  –  тереңіне  үңілсек  дәл  осы  есім  қазақтарға  қастерлі  болған 

қымбат  дүние  еді.  Дүрбелеңі  мен  зобалаңы  көп  Кеңес  Одағының 

отарына  айналдық,  жерімізге  жан-жақтан  сансыз  ұлт  өкілдері 

қоныстандырылды, кесапаты көп озбырларды айдауға әкелді, сөйтіп 

қазақтың жазира даласы бір мезетте күңіреңкі қалыпқа еніп, лагерьге 

айналды. Осы оқиғалардан кейін тарихтың келесі толқыны «Қазақстан» 

атты  мемлекетпен  толықты.  Яғни,  Қазақстан  көп  ұлтты  бауырына 

басқан  үлкен  жанұяға  айналды.  Бірақ  қазақи  құндылықтарға  бай, 

естілу сазы мен айтылу назы бөлек «Қазақ Елі» атауы қайта жаңғырса, 

онда  қазақ  халқы  нағыз  қазақи  сарында  болар  еді.  Бұл  елбасының 

ұсынысы болатын. Халық та оның осы ойына бірден-ақ ризашылық 

танытты. Шіркін, қазақ сол баяғы кең сахараның иесі болған сәттегі 

ұлы есімін қайта иемденсе, бабалар салған ұлы мақсат-мұраттарының 

шыңына бір қадам болсын жақындарма еді!? 

Қазақ даласы бауырында талай мықтыларды туғызып, олардың 

өнегелі өмір жолына куә болған тарихи сахна. Ол – төрткүл дүниені 

дүбірлетіп, өз үстемдігін орнатқан Әмір Темірдің елі, ол – құлдықтан 

хандыққа  дейін  жеткен,  сонау  Мысыр  еліне  әмірін  орнатқан 

Бейбарыстың елі. Осындай тарихи тұлғалардың ізі қалған киелі дархан 

даламыз қазақ үшін өткені мен бүгіні һәм келешегі. Онда ертеңгі күні 

қазақ ұрпақтары бейбіт өмір сүріп, билік ететін болады. Сондықтан да 


452



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет