Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

сол дамыған елдермен иық тіресіп жатса, Қазаққа одан үлкен қандай 

бақ керек!..

Шіркін, мен кейде сол бақытқа еріксіз сүйсініп: «Мәңгілік елім –

мәңгілік  жолға  басқан  қадамың  сәтті  болсын!»  -  деп,  айғай  салғым 

келеді. Мен – қазақпын! Менің Мәңгілік жолым енді басталды. Ендеше, 

Мәңгілік Ел– Мәңгілік болашағын жасар болса, Мәңгілік тілі, діні, ділі 

болуы керек. Ол- халық қанымен біте қайнасып,, Тәуелсіздік тұғырын 

Мәңгілік сақтауға ел болып, жұрт болып, сол сапарға сәтті қадам басу 

керек!


Барша Қазақстандықтарға тілерім: мәңгілік жол – Мәңгілік елдің 

ақ жолы болсын! Сол жол – елімді, жерімді, тек адастырмай, биік бе-

лестен, биік белестен, үлкен арманмен үлкен бақыт жолының куәгері 

болайық!


Ибрагим Айнагүл

7 сынып, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі 

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы

Жетекшісі: Шопанова А.И.



Рахмет, Анашым!

Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз 

анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анама маған сыйлаған мәнді 

өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім 

келеді.

Жер бетінде анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әр 



сәбидің  дүние  есігін  ашқанда  өз  анасы  болады.  Бұл  әлемде  қанша 

ана  болса  да,  барлығының  тілеуі  бір.  Олар  балаларының  мейірімді, 

адал,  адамгершілік  қасиеті  мол,  кішіге  қамқор  боларлықтай  азамат 

болғанын қалайды және сол жолға түсуі үшін еңбегін аямай жұмсайды. 

Мен осы өмірге шыр етіп келгеннен бері асыл анамның аялы алақаны 

мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиыншылықты сезінбей 

өсіп келемін. Біздің отбасымыздың ұйытқысы – анамыз! Егер анамыз 

бір жерге бір-екі күнге қыдырып кетсе, үйіміз жылусыз қалғандай бо-

лады. Ал қайтып келгенде мәз -мейрам болып қуанамыз.

Осы  аяулы  жанды  кейде  ренжітіп  та  аламыз.  Оған  орынсыз  та-

лаптар  қойып,  еркелігімізді  асырып  та  жібереміз.  Дауыс  көтеріп 

жатқандарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың 



463

Сочинения школьников Мангистауской области

іштей  қиналатынын  кейбіреуіміз  ойламаймыз.  Кейде  қателігімізді 

түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім сұраймыз. Қанша қателікке 

ұрынсаң да жүрегі кең ана әрқашан кешірімді болады.

Ана  –  барлық  қиындықты  жеңетін  сарқылмайтын  күш  иесі. 

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана.

Ана! Жалғыз ғана сөз... Дегенмен де жарық жалғанда кез келген 

адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. 

Тіпті,  көк  аспан  да  ана  жайлы  терең  ойға  батып,  үнсіз  мөлдіреп 

тұрғандай  сезіледі.  Дүниеде  ана  махаббатынан  қасиетті  нәрсе  жоқ. 

Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.

Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы 

да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ 

сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. 

Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «Ана». Міржақып Дула-

тов айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ой-

лап жүретұғын абзал жанды адам – «ана».

Баласының алдына қойған мақсатына жетуі үшін ана өз жанын 

қиюға  да  дайын.  Ана  баласының  үлгілі  азамат  болып  өсуі  үшін  бар 

күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған та-

лай ақын әнін арнап, талай жазушы қалам тербеген. Соның ішінде, ана 

тақырыбына ұзақ жылдар бойы қалам тербеген жазушы Ғ.Мүсірепов 

еді. Оның «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» атты аудармалары 

мен  «Ананың  анасы»,  «Ашынған  ана»,  «Ананың  арашасы»,  «Ер  ана», 

«Ақлима»,  «Ұлпан»  сияқты  шығармаларын  атауға  болады.  «Анаңды 

Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың!» де-

ген  дана  қазақ  халқы.  Шынында  да,  осыншама  қиналып,  көз  жасын 

төге  жүріп,  бізді  өсірген  анаңа  қолыңнан  келгеніңнің  бәрін  істесең 

де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. 

Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызыңды өтеу. Қаншама 

байлық  иесі  болсаң  да,  әлемге  әйгілі  адам  болсаң  да,  анаңды,  оның 

саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойғы борышың.

Қай  адам  қолынан  келген  сый-құрметін  жасамады  десеңші, 

шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. 

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. 

Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана махаббаты, 

сүйіспеншілігі жер жүзін жаулап келе жатқан қаһарлы әмірші Ақсақ 

Темір мен Жалпақ батырға қарсы шығып, тізе бүктіреді. Тіпті: «Менің 

атым – әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Ана-



464

Казахстан, армия, патриотизм

мен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел 

ботам, өзіме!» - деген сөздермен жауын тұқыртып, баласын құтқарады. 

Сонымен қатар, Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесіндегі ананың 

мәңгүрт баласы үшін қалай шырылдап, қанша қиындықтарға тап бол-

са да бәріне шыдап, баласының жолында жанын құрбандыққа шалған 

ана махаббатының шексіздігі осыған дәлел бола алады.

Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлу рухани күш пен ерен еңбек. 

Өз  баласын  бағып-қағуда  өзін  ұмытып  барлық  күш-жігерін  сарқа 

жұмсайды.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ 

сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың 

бақытты  болуын  ойлау  керек.  Себебі,  ең  бақытты  адам  –  анасы  бар 

адам... Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі ке-

рек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген 

тамақ да, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Шоқан мен Абайдың бойына ұлылықтың дәнін сепкен аналары 

Айғаным  мен  Зерені,  Елбасымыз  Нұрсұлтандай  азаматты  дүниеге 

әкелген Әлжан ананың өмірін ғибрат ету бүгінде қажет.

Ана  –  үйдің  берекесі,  қыз  баланың  өнегесі,  шаруаның  несібесі. 

Ананың көзінен нұр төгіліп, жан жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен 

жылынып,  асыл  ананың  құшағында  мейір  алып  жүрген  біз  –  алтын 

анамызды  мәңгі  қастерлеп,  еңбегін  бағалап  өтейікші.  Мен  анашыма 

шексіз жылылық сыйлап, жаныма демеу болғаны үшін алғыс айтамын.

Жер бетінде жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! 

Мен де өз анама ризашылығымды білдіріп, Алладан анамның аман бо-

луын тілеймін!

Иванқызы Шұғыла

11 сынып, Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы 

Түпқараған ауданы 

 Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.



Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Қазақ  халқының  ХХ  ғасырдағы  ақыны,  жазушысы,  белгілі 

сәулеткер  Сайын  Назарбекұлы  1941  жылы  2  қаңтарда  Маңғыстау 

өлкесінің  Тиген  ауылында  дүниеге  келген.  Ол  1958  жылы  Ұштаған 

орта  мектебін  бітіріп,  біраз  жылдар  бойы  жүргізуші  болады.  1964 


465

Сочинения школьников Мангистауской области

жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер-

құрылыс факультетін бітіріп, 1964-1969 жылдары Маңғыстау мұнай 

өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980-

1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы 

Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап 

жарыққа  шығару,  өлкенің  зираттық  сәулет  ескерткіштерін  дүние 

жүзіне  танытарлық  түрлі  түсті,  бірнеше  тілді  кітап  альбом  шығару, 

өнерді  дамыту  және  сол  мақсаттарды  орындау  үшін  «Маңғыстау 

мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта 

«Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл 

мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары 

«Маңғыстау  мұралары»,  С.  Жаңғабылұлының  «Аманат»  кітаптарын 

жарыққа шығарды.

2002  жылы  Л.И.  Гумилев  атындағы  Ұлттық  Еуразия 

университетіне  қызметке  шақырылған  ол  ұлттық  этнография  са-

ласында  еңбек  етіп,  «Қазақтың  киіз  үйі»  атты  зерттеу  жұмысын 

аяқтады. «Адай шежіресі» атты сегіз томдық еңбектің жинақталып, 

жазылуына басшылық етті.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған. 

Қазақстан  жазушылар  одағының,  Қазақ  Халық  «Экология» 

академиясының  мүшесі.  «Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері» 

атағының  иегері.  Атырау  облысының  Махамбет  ауданы,  Шығыс 

Қазақстан облысының Абай аудандарының «Құрметті азаматы», Се-

мей мемлекеттік пединститутының құрметті профессоры, жан жақты 

талант  иесі.  Туған  жер  түлегі  Сайын  ағамен  сұхбаттың  реті  келіп 

қалып еді.

– Сәлеметсіз бе, Сайын аға. Сіздің еңбектеріңізге тәнті болған мен, 

өзіңізбен сұхбаттасқалы отырмын.

Сайын аға, бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен 

табандылық  қажет  дейді.  Енді  сіз  бір  жұмысқа  кірісер  алдындағы 

тәуекелділігіңіз жөнінде айтып берсеңіз.

– Амансың ба, шырағым. Егер де мал керек болса, қолөнер керек. 

Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана 

нағыз  өнерге  жатады.  Істі  бастамас  бұрын  жан-жақты  ойланамын. 

Мүмкін тәуекелшілігім осы шығар... 

– Таңдап алған тағдырыңыз сәулеткерлікпен қатар ақындықтың 

ақ жолы болды. Бойда бұл қасиеттің бар екенін қашан білдіңіз?

– Мен осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазу-

мен де жұмыстанамын. Алғашқы 4-5 шумақ өлеңімді 46 жасқа толған 



466

Казахстан, армия, патриотизм

кезімде жазған екенмін. Шамасы, поэзия мені сүйген болуы керек. Әлі 

күнге дейін қаламымның сиясы сарқырған емес.

–  Сіз  бір  сұхбаттыңызда  Сарайшықтан  басқа  да  көне  қалаларға 

(Отырар,Түркістан, Тараз) ескерткіш орнату ойыңызда бар екенін ай-

тыпсыз. Енді сол ойыңызды қашан жүзеге асырасыз?

– Сол кезде айтқанмен де, қазір ол ойды қозғап жүрген жоқпын.

– Осы қос өнеріңіз балаларыңызға , немерелеріңізге дарыған ба?

–  Мен  өзім  күй  тыңдаудан  ләззат  аламын,  күйдің  әсерінен 

көптеген  ойлар  да  туындап  жатады.  Жиенім  Абай  қазіргі  таңда  Ал-

матыда, консерваторияда домбыра факультетінде оқиды. Домбырада 

жақсы ойнайды. Ал, ұлым Нұрлан сәулетшілік өнерімді жалғап келеді. 

Өнер идеясыз өмір сүре алмас дегендей мен Нұрланға ескерткіштер 

бастауда  бағыт  беріп  отырамын.  Сарайшық  ескерткішінің  сызбасын 

мен сызып көиек бердім, бірақ құрылысшысы Нұрлан болатын.

–  Бүгінге  дейін  жасалған  дүниелеріңіздің  ішінде  ойыңыздан 

шықпай қалғаны бар ма?

– Жоқ. Біткен істің міні жоқ,

Бітірген ердің кемі жоқ,- дегендей осы еңбектерімнен рақат ала-

мын.


–  Мына  суреттерге  қарағанда  Әбіш  ағамен  жақсы  араласатын 

сияқтысыз. Байқағаным өлеңдеріңіздін көпшілігі Әбіш Кекілбаев пен 

Абай Құнанбаевқа арналған. Бұл жөнінде не айта аласыз?

–  Абайдың  бір  өлеңі  мың  қасиетке  татиды.  Сондықтан  кез  кел-

ген істі бастар алдында Абай шығармаларын оқып, жігерленемін. Ал 

, Әбішке келер болсақ, ол да Маңғыстау жерін бүкіл әлемге танытып 

жүрген ірі тұлғалардың бірі. Жаныма жақын тартар себебім, Әбіштің 

жарымен  бір  ауылда  өсіп,  бір  сыныптың  түлектері  болдық.  Сол 

достығымыз олар отасқаннан кейін де жалғасып келеді.

–  Өнерде  орны  биік  танымал  сәулеткер  –  ақын,  ал  өмірде,  яғни 

отбасыңызда  қандай  отағасысыз?  Бала  тәрбиесіндегі  сіздің  роліңіз 

қандай?


– «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» дегендей мен 

ешуақытта ата-анамды ренжітіп көрген емеспін. Сол айтқандай бала 

тәрбиесіне ерекше көңіл бөлемін. Ұлым Нұрланға өзімнің бойымдағы 

бар  имандылықты,  адалдықты,  жанаршылықты  бере  алдым  деп 

ойлаймын.  Нұрланым  ешқашан  менің  сөзімді  жерге  тастаған  емес. 

Құдайға  шүкір,  қазіргі  таңда  алты  немерем,  екі  жиен  немерем  бар. 

Мен немерелеріме қазақтың ұлы есімдерін қойдым және де есімдерге 

сәйкес жасалған ескерткіштер де бар. 



467

Сочинения школьников Мангистауской области

–Аға, менімен риясыз әңгімелескеніңізге көп рақмет! Үлгілі әке, 

кемеңгер ата болуыңызға тілектеспін. Отбасыңызда тек шаттық пен 

береке болсын!  

 

– Рақмет, айналайын! Сенде бақытты бол. 



Исмаилов Гани

7 класс, школа № 6 Мунайлинский район

Руководитель: Отимова З.Ю.

Моя Родина - Казахстан

Я  горжусь  своей  Родиной.  Это  многонациональное  государство 

Казахстан.

Оно занимает девятое место в мире по величине территории! Ка-

захстан-большое государство, постронное в непростых природных ус-

ловиях. Это степи, полупустыни и пустыни.

Казахстан обрел независимость около двадцати лет назад, после 

распада Советского Союза. Но национальную культуру Казахстана еще 

много веков назад стали создавать кзахи, кочевники, которые боль-

шую часть жизни проводили в седле. Бескрайние степи и полупуст-

ным,  заросшие  типчаком,  ковылем,  тирсиком  и  полынью,  стали  их 

единственным богатством.

Сейчас в нашей стране проживают люди разных культур: казахи, 

русские, узбеки, украинцы, уйгуры, татары и другие. Каждый житель 

Казахстана  знает  казахский  язык-это  язык  казахской  нации.  Также 

офицальным  языком  признан  русский,  как  язык  межнационального 

обшения. Люди в Казахстане живут свободно. Здесь много земель, а 

людей на них приходится немного.

Большинство жителей Казахстана живут дружно, понимая, то эта 

наша общая Родина. Не зря 1 мая в стране отмечается День единство 

народа Казахстана, а христианское Рождество и исламский Курбан айт 

вместе являются государственными праздниками.

Хотя климат в нашей стране считается заслушливым и не очень-

то ласковым к людям, Кзахстан богат полезными ископаемыми. Еще 

в Казахстане находится знаменитый «космический город» Байконур, 

откуда стартуют в космос российские ракеты. Такого уникального го-

сударства, как Казахстан, больше нет нигде в мире!


468

Казахстан, армия, патриотизм

Кенжеғұл Айзанат

11 сынып Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

Жетекшісі: Үсенбаева Гүлзипа

Мен Қазақстанның патриотымын

Тәуелсіз  Қазақстан!  Атыраудан  Алтайға  дейін  созылып  жатқан 

осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде та-

лай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» 

соғыстар,  елінің  бірлігі  мен  бүтіндігін  ойлаған  жыраулар,  халқы 

үшін  қасқайып  қиындыққа  қарсы  тұрған  небір  ұлы  тұлғалар  өтті. 

Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. 

Тарих  қойнауына  көз  жіберсек,  кешегі  өткен  Қаракерей  Қабанбай, 

Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-

қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген. 

Кешегі тарихта қара таңба боп жазылып қалған Ұлы Отан соғысы 

туралы  тарихи  шығармалар,  кинофильмдер  сол  жылдардағы  Отан-

Ана үшін болған ұлы күрестің сұрапыл күндерін көз алдыңа әкеледі. 

Әділеттілік  қашанда  жеңері  қақ,  бірақ  Жеңіс  күні  миллиондаған 

адамдардың  көз  жасымен,  қайғы-қасіретімен  келді.  Өмір  мен  өлім 

ортасында  жүріп,  Отаны  үшін  кеудесін  оққа  төсеген  қаншама 

ағаларымыз,  әкелеріміз  көз  жұмды.  Жыл  асқан  сайын  сол  қасіретті 

күндерді  көзімен  көрген  қарияларымыздың  қатары  сиреп  бара 

жатырғаны, әрине, өкінішті... Алайда, қай уақытта да олардың ерлік ісі 

бүгінгі ұрпақ есінде ұмытылмай қала бермек.

Ал, кеше ғана желтоқсанның ызғырық желімен бірге орталықтың 

солақай саясатына қарсы шыққан ұлтымыздың өрімдей ұл-қыздары 

ше? Батыр бабаларымыздың қанымен, еркіндікке шақырған құдіретті 

үнімен бойға сіңген патриоттық сезім оларды алаңға алып шықты. Бұл 

күндердің бүгінде Тәуелсіздік күні болып аталып өтілуі де олардың 

ерлік істеріне деген үлкен құрмет деп білеміз.

Міне, осылайша ел үшін, елдік үшін күрестегі бабалардың басы-

нан кешкен қиындықтарын, «тар жол, тайғақ кешуін» көз алдыңнан 

өткізе  отырып,  жат  жұрттықтардан  жер-суын,  ұлан-асыр  даласын 

қан  төгіп,  қайсарлықпен  қорғап  қалған  ерліктерін  сезінгенде  тұла 

бойыңды өзгеше бір мақтаныш сезімі билейді екен. Бұл – сенің бойыңа 

ұялай  бастаған  Отаныңа,  туған  жеріңе,  тарихыңа,  ана  тіліңе,  салт-

санаңа деген ерекше құрмет. Бұл – сені еліңнің ар-намысын қорғауға, 

халқың  үшін  қызмет  қылуға  жетелейтін  ерекше  күш.  Осы  бір  асқақ 



469

Сочинения школьников Мангистауской области

сезім  арқылы  «Отан  оттан  да  ыстық»  деген  сөздің  құдіретін  ұғына 

бастағандай боласың.

Мен бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын. Ата-бабамыздың 

ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген тәуелсіздігінің 

арқасында  Қазақстан  бүгінде  әр  таңын  амандық  пен  бейбітшілікте 

қарсы  алады.  Отанымның  тыныштығы  мен  елімнің  тәтті  ұйқысын 

Отанымыздың  қырағы  ұландары  күзетіп  тұр.  Еліміздің  түкпір-

түкпірінде  Отанына,  Қазақстан  халқына  қызмет  етуге  даяр  қазақ 

әскерлері  еліміздің  қорғанысы  мен  ұлттық  қауіпсіздігін  қорғауда. 

Жыл  сайын  олардың  қатары  білімді,  жалынды  жастар  қатарымен 

толығып отырады. Өйткені, Отанды қорғау жәнен Қазақстан Қарулы 

Күштерінде қызмет ету – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті пары-

зы.


«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»-дегендей, Отансыз өмір, От-

ансыз қуаныш жоқ. «Туған жер, туған тіл, туған дәстүр, салт-сана және 

туған тарихың – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес 

–  күрестердің  ұлысы!»,-деп  Мұхтар  ағамыз  жырлағандай,  оларсыз 

біздің рухымыз биік самғамақ емес.

Қазақстан  халқы  осынау  жылдар  ішінде  қол  жеткізген 

жетістіктеріміз  бен  толағай  табыстарымызды  саралап,  алдағы 

жарқын болашаққа Елбасының тың жобаларымен жаңаша бағдар жа-

сауда. Еліміздің болашағына, нұрлы келешегіне сеніммен көз жібере 

отырып, ұлан-байтақ Отанымыздың гүлденуіне сапалы білім, саналы 

тәртібімізбен өз үлесімізді қосамыз. Біздің мақсатымыз – халқымыздың 

Отанды  сүюге  тәрбиелейтін  дана  сөздері  мен  өсиеттерінің  өресіне 

жетіп,  еліміздің  айбынды  жерін,  айдынды  көлін,  аспанмен  таласқан 

асқақ  тауларын  әрқашан  қызғыштай  қорып,  тәуелсіздігіміздің  туын 

мәңгі биікке көтеруү

Тәуелсіз елімнің көгінде желбіреген көгілдір түсті туынан көзімді 

айырмай,  қолымды  жүрегіме  қойып  тұрып,  елдік  пен  ерлік  жыры  – 

Әнұранымды сәңгі асқақтата шырқаймын. Себебі мен кешегі Абайдай 

даналар,  Мұқағалидай  ақындар  сүйген  елді  Мағжан  сенген  азат  жас 

ретінде сүйемін! 



470

Казахстан, армия, патриотизм

Коляева Баян, 

8 сынып оқушысы

Маңғыстауым киелі мекенім

Туған  жер  –  адам  өмірінде  киелі  орын  алады.  Мен  туған  өлкем 

Маңғыстау  туралы  толғасам  алдымен  362  әулие  мекендеген  киелі 

аймақ  екенін  айтамын.  Менің  Маңғыстауымда  Қазақстанның  жеті 

кереметінің  бірі  –  Бекет  Ата  жерасты  мешіті  Оғыланды  шоқысына 

қашалған, үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-

сәулет  ескерткіш  орналасқан.  Бекет  ата  1750  жылы  туылып,  емші, 

көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын 

жақсы  білген  ғұлама  ретінде  аты  танылған.  Бұхарада  оқып,  ілім 

жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті 

дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты 

ғимараты  маңында  Бекет  ата  пайдаланған  бұлақтар,  құдықтар  бар. 

Атақты «Маңғыстау» дастанының авторы Түмел Балтабасүлы:

 Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері,

 Кетіріп, кіндік қанын жуған жері.

 Кіндігін қожа-молда қолмен кесіп,

 Тамырын тарамыспен буған жері,

-  деп  толғайды.  Заманымыздың  заңғар  жазушысы,ұлы  ойшыл 

Әбіш Кекілбаев «Ұлы Баба әлсізге - медет, күштіге - айбар, зарыққанға 

- жебеу, тарыққанға - демеу, асқанға - тосқан, сасқанға - сая, ұрпаққа - 

ұстаз, ұлысқа - ұран, ел иесі, жер киесі» болған және бола да береді деп 

ойлаймын.

Менің  кішкентай  кезімнен  Бекет  ата  есімі  санамда  киелі  сөз 

есебінде қалыптасқан. Біз маңғыстаулықтар, атаның есімі аталса, ке-

неттен бір тың күш қосылғандай, әлі күнге дейін жадырап, арқаланып 

тұрамыз. Аталарымыз бен әжелеріміз қиналса да, қуанса да, «Иә, Бе-

кет», - деп атаның аруағына сиынатын болған. Осы бір аяулы есім та-

лай жанды қысылғанда қолтығынан демеп, қуанғанда қасында болды. 

Обал, сауапқа көп мән бермеген қатыгездеу қоғамда өмір сүргенімен, 

ата-әжелеріміздің  имани,  мұсылманшылық  бағытта  берген  тәлім-

тәрбиесінің арқасында жүрегіміздегі Аллаға деген, Пір атамызға деген 

сенімімізге нұқсан келтірмей,әлі күнге дейін Атаға деген махаббаты-

мызды биік ұстап келеміз.


471

Сочинения школьников Мангистауской области

Ата 63 жасына келгенде қайтыс болады. Бекет ата денесін осы же-

расты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап жасаған бөлмеге 

орналастырған  екен.  Маңғыстаулық  ақын,  Қазақстан  Мемлекеттік 

сыйлығының  иегері  Есенғали  Раушановтың:  «Ата  көзі  тірісінде  та-

лай  жерге  құдық  қаздырып,  мешіттер,  сағаналар  салдырғаны  анық. 

Сол  ескерткіштердің  ең  үлкенін  қайда  салдырды?  Меніңше,  Ата  ең 

үлкен  ескерткішін  ұрпақтардың  жүрегіне  орнатты:  «атаны  іздесек, 

жүректерден іздейік!» - деген сөзі мен үшін Бекет атаға деген үлкен ма-

хаббаттан туған шын сөз деп есептеймін. Осы күндері Атаның басына 

дүние жүзінің бұрыш бұрышынан келіп тәуіп етіп, ауру сырқауларына 

шипа тауып кетіп жатырғандар қаншама?! 

Менің Маңғыстауымда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Адамзат 

баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол 

біздің қазақтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, 

осы  өлкелерге  тағдыр  алып  келген  барлығына  құшағын  кең  жай-

ып,  пейілін  кеңге  салатын  Қазақ  халқының  мінезінен  жаралған. 

Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен 

салт-дәстүрін  білуі  керек.  Қазақстанда  тұратын  барлық  халықтың 

татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан 

жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта 

гүлденудің  маңызды  талабы.  Бірлік,  ұлтаралық  келісім  және  саяси 

тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Осы үшбұрышты мықтап 

орнықтырған  кемеңгер  –  іздің  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев,  ол  –  дана 

адам,  шебер  саясатшы,  нағыз  отаншыл.  Елбасымыздың  ерен  еңбегі 

тәуелсіздіктің туы желбірегеніне 20 жылдан асса да тұғыры мықты 

көкбайрағымыз қисаймастан көк аспан астында желбіреп тұр. Алдағы 

уақытта да солай болады деген нық сенімдемін. Н.Ә.Назарбаев биылғы 

Жолдауында  Қазақстанды  әлемнің  ең  дамыған  30  елінің  қатарына 

енгізу  бойынша  алдағы  басты  міндеттерді  айқындап  берді.  Соның 

барлығы  қазақстандықтардың  өмірін  жақсарту  және  елдің  дамуы-

мен қатар жүруі тиіс. Ол үшін әрбір қазақстандық аянбай еңбектеніп 

жұмыстануы қажет деп ойлаймын.

Қазір  егемен  еліміздің  ең  бай  өңірі,  экономикалық  даму 

тұрғысынан  алдыңғы  қатардың  бірі  болып  отырған  қазыналы 

Маңғыстауым  –  «Жеті  жұрт  келіп,  жеті  жұрт  кеткен»,  шытырман 

оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы 

өңір. Осы өлкемнің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу 

бүгінгі біздер – жастардың міндеті.

 


472


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет