Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9441
түріСборник статей
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

кесте 1 – Сұраққа жауаптар «Елдегі қоғамдық-саяси ахуал сiздi қызықтырама?»
Жа а
ы
а иан а ы
ал ан
й л ж н
л
л а а а ын а
ал ан
анны
жал ы %
а
а ы ын а ы
аныны жал ы %
анны жал ы %
1.
ызы амын,
ашан а а лы
ая и о и ала
а
м л мм н.
29,6%
Е л
й л
аз.
ы
а
ала ы
43,8%
23,6%
30,5%
22,8%
30,3%
2. Аз к
л
л м н,
i а н iз i ая и
о и ала
ы н м
а ыла о ы амын
64,3%
52,8%
69,2%
64,5%
62,8%
64,2%
3.Жо , ызы
аймын
5,1%
3,4%
5,8%
3,3%
14,2%
5,3%
сурет 1 – Диаграмма «Елдегi қоғамдық-саяси ахуал туралы жастардың ақпараттануының 
деңгейі» (сұрау барысындағы санның жалпы %).
ызы амын,
ашан а
а лы
ая и о и а а
Аз к
л
л м н,
а
н м
ая и
о и ала
ы
а ыла о ы амын
Жо
ызы
аймын
5,1%
29 6%
,
64 3%
,

331
Қазақстандық  жастар  арасында  бiздiң  ел  саяси  өмiрді  сипаттайтын  оқиғаларға  орнықты 
мүдде бар болатынын растайды.
Қазіргі қоғамда жастар түбегейлі қоғамдық ұстанымды еншілейді. Оның өмірлік мүдделері, 
талаптары, тұрмыс стилі қоғамның саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салаларындағы 
әлеуметтік үрдістер дамуының түпмәтінінде қаралады. Жастарды әрдайым нақты тарихи қоғам 
шеңберіндегі белгілі бір әлеуметтік топ ретінде бағалаған жөн. Олар қоғамның серпінді және 
жұмылғыш бөлігі болып табылады.
Бір жағынан жас адамдардың балалармен ұқсастығы көп: олар да қамқорлық пен қорғауды, 
қолдау  мен  ақыл-кеңесті  қажет  етеді,  әрі  өздері  осыларға  лайықты.  Әзірше  олар,  балалар 
сияқты, өмірдің ата-анасымен бірге тұратын, оқуын жалғастыратын кезінде тұр. Бұл жастардың 
жеке адам ретінде және қоғамның мүшесі ретінде қалыптасу үшін аса маңызды кезең. Екінші 
жағынан,  жастар  біртіндеп  ержетіп,  қабырғасы  қатаяды.  Енді  олар  ата-ана  шаңырағынан 
алыстап,  өзінің  әлеуметтік  ортасының  бір  бөлшегіне  айналады.  Сөйтіп,  жастар  айналадағы 
адамдардың  қауіпті  мінез-құлықтарымен  кездеседі,  кейде  қатерлі  шешімдер  қабылдауы  да 
мүмкін. Олар осылайша, еңбек нарығына шығуға әзірленеді, өзінің жеке үйі мен отбасын құруға 
ниет етеді. Жастар ең алғыр топ ретінде ішкі серпіеді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, сая-
си, экономикалық элементтерімен және басқа да құрылымдарымен қарым-қатынастарын, өзара 
байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Сонымен қатар осы буын қоғамдық-
саяси,  мәдени,  отбасылық  тыныс-тіршілікте,  еңбек  әрекетінде  әркелкі  белсенділік  деңгейін 
көрсетеді; қалыптасқан қажеттіліктеріне, алған машықтарына, білімдеріне, өзіндік мүдделеріне, 
құндылықты бағдарлануларына қарай әлеуметтік икемділік танытады.
Жастар  түбегейлі  қоғамдық  ұстанымды  еншілейді.  Оның  өмірлік  мүдделері,  талаптары, 
тұрмыс стилі қоғамның саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салаларындағы әлеуметтік 
үдерістер дамуының түпмәтінінде қаралады. Жастарды зерттеуге қатысты барлық қолданыстағы 
тәсілдер жас ұрпақты зерделеу мен зерттеудің әдіснамалық негіздерін тұжырымдауға мүмкіндік 
туғызады.  Негізгі  қағидаттарға,  ең  алдымен,  тарихи-талдамалық  тәсілді  жатқызуға  болады, 
соның аясында биологиялық жас ерекшеліктерін ғана есепке алу арқылы жастарды мезгілсіз 
мән-мағына ретінде қарамау керек. Жастарды әрдайым нақты тарихи қоғам шеңберіндегі белгілі 
бір әлеуметтік топ ретінде бағалаған жөн. Олар қоғамның серпінді және жұмылғыш бөлігі бо-
лып табылады.
Жас кезінде адам жеке тұлға ретінде қалыптасады, және дәл осы мерзімде оның өмірінде 
негізгі оқиғалар болады, оның еңбек жолы және ЖІӨ-ге қосқан үлесі әрі қарай көбінесе соларға 
байланысты болады. Оған білім алу, некеге тұру, балаларының дүниеге келуі және т.б. жатады. 
Осылардың барлығы көп адамның дәл осы жастық шағында болады.
Адам өміріндегі кезеңдерінің тізбекті ауысуы барысында оның дамуының кері айналмайтын 
кезеңдері жүзеге асады: балалық шақ, жасөспірім жас, кемел жас және қарттық. Уақыт өте олар 
бір-бірін алмастырады. Бір қарағанда адам жасы адам ағзасының өмірлік шектерін анықтаушы 
биологиялық индикатор ғана болып табылады. Бірақ та ол мүлдем бұрыс пікір. Адам ағзасындағы 
антропометриялық, физиологиялық және психологиялық өзгерістер біркелкі жүрмейді. Осыған 
байланысты адамды және оның іс-әрекетін зерттеу мәселелерімен айналысатын физиология, со-
циология,  статистика,  экономика  және  демография  сияқты  ғылыми  бағыттарда  адамның  жас 
шектерін анықтау кезінде сан алуан тәсілдемелер қолданылады.
Жастардың ұдайы даму қағидаты жастарды өздері тұратын қоғам жағдайларында қарауға 
мүмкіндік туғызады. Ал, бұл дегеніміз жас ұрпақтың өздерінің жастарына, алған білімідеріне, 
нақты  құндылықтарымен  нормаларына,  әлеуметтік  мақсаттарына  қарай  өзгеру  жағдайында 
екенін  білдіреді.  Жастардың  ойлаулары,  құндылықты  бағдары  мен  тәжірибелік  мінез-құлқы 
өмірлік кезеңінің біреуінен басқасына ауысу арқылы күн санап өзгеріп отырады, ал бір қоғамның 
ішінде бұл ұрпақтар арасындағы айырмашылықтарды айғақтайды. Бірақ осы айырмашылықтар 
қандай болса да, дегенмен мына фактіні теріске шығаруға болмайды, жастардың әрбір буыны 
біршама басқа әлеуметтік жағдайларда өседі, сондықтан да олар үшін мінез-құлықтың өзге, жаңа 

332
белгілері мен түрлері тән. Қоғамның түрлі деңгейлеріндегі әлеуметтік, экономикалық , мәдени 
және өзге де өзгерістер, сол ортада өскен жастардың да үнемі өзгеріп, жаңа құндылықтар мен 
өмір ұстанымдарының пайда болуына, үнемі алға ұмтылысын байқатады.
  Бүгінгі  таңдағы  Қазақстандағы  жағдай  ескіні  қайта  саралап,  жаңа  құндылықтарды 
жасақтайтын фундаменталды және жүйелік-құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Мұндай 
жағдайда бұрынғы ескірген көзқарастар мен стереотиптерге конформистік көңіл таныта бермейтін, 
инновациялық әрі шығармашылық потенциалға ие әлеуметтік топтардың қызмет әрекетіне аса 
зор мән беріледі. Сөзсіз, қазіргі кезде дәл осындай потенциалға ие бірден бір топ ол – жастар. 
Қазақстандық қоғамдағы жаңа замандағы жедел әлеуметтік, саяси, экономикалық қайтақұрулар 
мен  өзгерістер  қазақстандық  жастардың  дамуы  мен  әлеуетіне  (жағымды  немесе  жағымсыз) 
елеулі әсерін тигізеді. Жастардың қоғамда жүріп жатқан үдерістерге көзқарасын екі кезеңмен 
қарастыруға  болады:  бірінші  кезеңі  өмірлік  көзқарастарға,  құндылықтар  мен  ұстанымдарды 
мойындамау, жоққа шығару; екінші кезеңі нарық жағдайындағы қайта құруларға байланысты 
жастардың өзін-өзі тануға, жеке мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысы, жаңашылдықтарды та-
нып, білуге талпынысын байқауға болады. Бұл өзгерістер жүйелі түрде өтіп отырады. 
Кез-келген  қоғамда  әрбір  жаңа  ұрпақ  белгілі  әлеуметтік  жағдайларда  ғана  қалыптасып 
қоймайды, олар үшін белгілі-бір ұлттық ортада маңызды. Ол балалық кезден бастап экономикалық 
және  әлеуметтік  қарым-қатынастар  мен  идеологиялық  мекемелердің,  сондай-ақ  ұлттық  ерек-
ше  құбылыстардың:  өмір  салтының  өзіне  тән  сәттері,  халықтық  әдет-ғұрыптар,  мәдениет 
пен  тұрмыс  формасына,  ұлттық  тіл  байлықтарын  аға  ұрпақтан  қабылдау,  өз  халқының  руха-
ни бағалықтарына деген патриоттық сезім, өз халқына тән дәстүрлерді, әдептілік нормаларын, 
өмірлік қажеттіліктерін және т.б. әсеріне ұшырайды.
Үлкен тебіреністе отырып Қазақстан халқының жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиев бы-
лай деген еді: «Біз кішкентай болғанда, менің құрдастарым ақсақалдардың қолына су құйып, 
батасын алуды, үлкендерге домбырасын, бас киімін, қамшысын алып беруді аса жоғары дәреже 
көретін... Бізді үлкендерді сыйлауға үйретті». Яғни, қазақ жастарының ұрпақтан ұрпаққа беріліп, 
этно мәдениеті арқылы қалыптасқан жақсы қасиеттерінің бірі үлкенді сыйлау, құрметтеу болып 
табылады.
 
пайдаланған әдебиеттер:
1. «Әлеуметтану» Оксфорд сөздігі – Алматы 2002. 
2. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы. Оқу құралы. – Алматы, «Жібек жолы» БҮ, 2008.
3. Председательство Казахстана в ОБСЕ: глазами молодежи (по результатам социологического исследования). 
Научное издание. – Алматы, 2010г. 
4. Казахстанская правда. – 1988. 13 желт.
Суюмбаева Салима Болатқызы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының магистранты 
маскҮнемдІктен азап ШегетІн Әйелдермен ӘлеуметтІк ЖҰмыс 
ЖасаудыҢ ӘдІс амалдары
Қазіргі таңда әйелдер маскүнемдігі әлеуметті әрі-сәрі күйге түсіріп отырған жайы бар. Бір 
қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетуге тиісті кейбір ана атаулының ащы суға әуестігі 
бүгінгі қоғамның қасіреті болып отыр.   Қанша жерден жолы жіңішке жандарды ондайға қимасақ 
та, осы күні жиі көзге шалынатын көріністің бірі әйелдер маскүнемдігі деуге толық негіз бар. 
Бүгінгі қоғамда әйел затының арақ-шарапқа әуестігі үйреншікті көрініске айналып кеткеніне 
селт етпейтін тасжүрек бола бастағанымыз да жасырын емес. Олар біріміздің аяулы анамыз, 
біріміздің асыл жарымыз, біріміздің желкілдеп өскен қызымыз ғой.

333
Әйелдің масаю кезеңі адам аярлықтай. Бет терісі қызарып, көздері жалт-жұлт етіп, шаштары 
ұйпаланып, киім  дері олпы-солпы болып, бе ре ке сі кетеді. Қалыпты өмір де гі қа ра пай ым ұстамды 
әйел уа қыт өте жөн-жо сықсыз сөй лей тін ұят сыз ға айналады. Кө ңіл күйі тез ауы сып, жы лай-
ды, ай  қай  лай  ды, ыдыс тар ды сын ды  ра  ды, же ке  ба  сын  да  ғы  сәт сіз ді гі  мен ба қыт сыз ды ғы  үшін 
ай на ла сын да ғылар ды кінәлайды. Кейбірі тұйықталып үндемей қалады. Ішімдікті тұтынғаннан 
кейінгі көңіл күйі түсіңкі, жалпы жағдайы нашар болады. 
Маскүнемдіктің симптомдары: бақылауды жоғалту, толеранттылықтың өзгеруі, абстинентті 
синдром, салынып iшулер, маскүнемдiк сана, ішкі ағзалар мен жүйкенің зақымдалуы, әлеуметтік 
деградация және т.б.
Әйел маскүнемдiгiнiң сипаты және ағымы келесi сәттерден анықтауға болады:
• Маскүнемдiк тәуелдiлiктiң алғашқы әсер етуi – бұл физиологиялық деңгейдегi ішімдіке 
әуес болу, сонымен бiрге бiр уақытта бас жазудың симптомдары пайда болады: нашар көңiл күй, 
қызу жоғары немесе керiсiнше суық, қалтырау, iшкi кернеу және абыржу, бас ауыруы, лоқсық 
және құсық, ұйқының бұзылуы.
• Тұлғаның психикаы бiртiндеп өзгередi, әйел үшiн елеусiз жаңа сапалар, қасиеттер пай-
да болады: дөрекiлiк, ұятсыздық, қызбалық, өзiмшiлдiк, дөрекiлiк. Ішімдікке үнемі әуестенетiн 
әйелдер көңiлдiң жиi ауысуларына, жабығуларға, олар жылауық болып қалыптасады, қоршаған 
адамдар, жұмыста, жанұяның шеңберiнде құрметтен айырылады.
• Маскүнемдiктiң ары қарай дамытуы парасат, жадтың түбегейлi төмендетуi, психикалықтың 
азаюымен бейнеленедi.
• Ақыр соңында, маскүнем әйелдің барлық ойы ішімдікті қайдан тапсам және ішсем деп 
ойлайды [1].
Әйел маскүнемдiгiнiң ерекшелiгi ер адамдарға қарағанда үлкен психологиялық астар болып 
табылады. Әйелдерде ішімдікке құмарлығы жалғыздықта (жесiр қалғанда, жанұяның ыдырауы), 
жақын адамдарды жоғалтуы (балалардың өлiмi) осындай жағдайларда жйірек дамиды. Стрес-
стерге үйде отыратын әйелдер көбінесе ұшырайды. Балалар өседi, күйеулері жұмыста жоғалады, 
әйелге опасыздық жасайды. Осыдан реніш, жалғыздық сезiмi пайда болады. Алғашында олар 
ішімдікті көңілін жұбату үшін, жайлы ұйықтап, мазасыздықтан арылу мақсатында аз мөлшерде 
тұ ты на ды.  Ал  жыл  жарым  уа қыт  өткеннен  кейін,  кенеттен  әйел  өзінің  ішімдіктен  бас  тарта 
алмайтындығын байқайды, себебі өзін қанағаттандыратын сезімге ол арақ ішкеннен кейін ғана 
бөлене алады.
Әйелдер маскүнемдігінің бі рін ші сатысы алкогольді үне мі тұтынудан қалыптасады. Спирт-
тік ішімдіктерді ішуге деген па тологиялық құмарлық пайда болып, тұтынатын ішімдік мөлшері 
бірте-бірте ұлғая береді.  Мас болған кезде көп нәрсені ұмы тып, көңілі көтеріледі.
Екінші  сатыда  ішімдікті  көп  мөлшерде  тұтынумен  қатар  па тологиялық  құмарту  арта  тү-
се ді. Қызуы жоғары спирттік ішім дік тер ді көп ішіп, абстинентті синдром қалыптасады. Оның 
белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас ауыру, жүрек айну, қорқынышты түстер көріп, ұйқысы 
бұзылады, шөлдеп, бү кіл денесі дірілдейді. Олар бұ зыл ған өмірі, жоғалған отба сы  ла ры үшін 
өздерін  кінәлап,  өткен ге  жиі  өкінетін  болады.  Көңіл  күйі  күрт  өзгеріп,  күйзелістен  арылып, 
көңілін  көтеру  үшін  жасырын  ішетін  әдет  пайда  болады.  Алғашында  олар  өзінің  ішімдікке 
салынып  бара  жатқандығын  өзі  де  байқағанымен,  айна ласындағылардан  жасырып,  жұ мыс -
қа сау күйінде келуге тырысып, өз-өздерін алдайды. Бір кездегі көңілді, еңбек сүйгіш, сабыр-
лы  әйелден  тұйық,  ашушаң,  дөрекі,  өзімшіл  әйелге  айналады.  Өмірге  деген  қызығушылығы 
жоғалып, кәсіптік біліктілігі тө мен дей ді. Маскүнемдікке са лын ған науқастар жұмысынан айы-
ры лып, жүгенсіздікке, арам та мақ ты ққа жол береді. Ағзадағы жү рек-қан тамырларының, ас қа-
зан-ішек қарын, нерв жүйесінің жұмысы бұзылады. Ағза тез қар таяды. Тері жабынында әжім дер 
көбейіп, бұлшық ет кү ші әлсірейді, шаштары кө мес кі ле ніп, түседі, ерте аға ра ды, тіс тері сынып, 
есту қабілеті төмендейді.
Үшінші  сатыда  маскүнемдіктің  типтік  белгілерімен  қатар    мас күнем  әйелдерде  ішімдік 
ішу мөлшерін бақылау мүмкіндігінің жоғалуы, мас болған кездегі есін жоғалту әрекеттері пай-

334
да болады. Бұл жағдайда оларды ештеңе қызықтырмайды, бар ойы ішімдік іздеу, сатып алуға 
бағытталады. Өз жағдайына сын көзбен қарауды ұмытып, бейғамдық таныта бастайды.
Әйел  маскүнемдiгi  ер  адам  маскүнемдігінен  қорқыныштырақ  (дегенмен  кез-келген 
маскүнемдiк жаман). Тiптi, маскүнемдiк және адам баласының ғажайып жартысы – бұл ұғымдар 
анықтауы бойынша үйлесiмдi емес.
Әйел маскүнемдігінің айырмашылығы және еркек маскүнемігінен немен қорқыныштырақ:
- Әйелдер жиiрек жасырын түрде және жалғыз iшедi (сондықтан жақындары бұл зиянды 
әдет туралы сезiктенбейдi), бiрақ өз әлеуметтiк статустарын өте ұзақ қолдайды, жұмысқа бара-
ды… 
- Әйелге мас болу үшін ішімдіктің кішкене дозасы керек (бұл ер адамдардың организмінде 
10%-ға су көбiрек болғанына байланысты), әйелдерде iшiмпаздықтан маскүнемдiкке жол бар 
болғаны жарты жылдан екі жыл, ал ер адамда да он жылға дейiн; 
- Әйелдер сандық бақылауды жылдам жоғалтады, тiптi кішкене мас болғанда әлсiз жандар 
өкiлдерi өздерiне ықылас аударуға тырысады.
- Әйелдерде маскүнемдiктiң дамуы қысқа мерзімде (ер адамдармен салыстырғанда) адами 
қасиеттеі өзгередi, психикалық ауытқулар анағұрлым тез болады.
Психолог  мамандар  әйелдердің  араққа  әуестенуін  төмендегі  жайларға  байланысты  деп 
бағалайды. Жаныңды жегі құрттай жеген психикалық жарақаттар салдарынан ащы суға құмарлық 
пайда болады. Сонымен қатар сәтсіз махаббат, жақын адамының опасыздығы, жалғызбастылық 
және өзге де жайлар араққа үйір болуға алып келеді. Оның соңы неге соғары белгілі...
Ішкiш әйелдерде ер адамдарға қарағанда жиiрек iшкi органдардың аурулары пайда болады. 
Бала туу қабiлеттiлiгі iшкiш әйелдерде төмендейдi, жиi түсiктер, өлi туған балалар пайда бола-
ды. Балалар физикалық кемтар және зерделi мешеулiктердi иемдене алады. Егер әйел жүктiлiк 
уақытында iшсе, онда балада феталдiк маскүнемдiк деп аталатын синдром пайда болады – ортақ 
артта қалушылық және физикалық, психикалық дамуы, тұлғаның қалыпсыздығы, буындар және 
шектiлiктер дамымайды.
Маскүнемдiктiң  әлеуметтiк  зардаптары  әйелдерде  ер  адамдарға  қарағанда  анағұрлым 
ауырырақ.  Маскүнемдiктiң  зардап  шегетін  әйелдерде  парасаттың  төмендетуi,  моралдiқ  және 
әлеуметтiк әлпеттiң төмендетуi байқалады. Олар ер адамдарға қарағанда тез өз мамандықтарын 
жоғалтады, еңбектiң төменгі квалификациялы түрлерiне өтуге және тiптi жұмысын тастап кетеді. 
Адамның  маскүнемдiк  азып-тозуы  және  әлеуметтiк  декомпенсация  ер  адамдарға  қарағанда 
әлдеқайда тез пайда болады [2].
Маскүнемдiктен азап шегушi әйелдермен әлеуметтiк жұмыс – өте жауапты және күрделi iс. 
Ол бiрнеше кезеңдерден тұрады.
1  )  Әлеуметтiк  қызметкер  мәселенiң  күйiмен  алдын  ала  таныстыруы,  әйел  маскүнемдiгi 
Қазақстанда қаншалықты дамуын анықтауы керек. 
2 ) Бұл мәселенiң перспективалары қандай?
3 ) Мемлекеттік құрылымдар көмек көрсету және профилактика бойынша қандай жұмысты 
өткiзедi? Әлеуметтік жұмыстың мүмкiндiктері және жағдайдың перспективасы қандай? 
4 ) Әлеуметтiк қызметкер өз жұмысын жоспарлайды. Әлеуметтiк қызметкер өзін ресми, өте 
абай, қызметтiк этикет және нұсқаулардың бұзулуына жол бермеуi, әдiл және қатал болу керек. 
5 ) Клиентке зиянды әдеттерден арылуға және бейiмделуiне көмек көмектесу.
6  )  Маскүнемдермен  жұмыс  істегенде  үлкен  мәндi  профилактика  алады,  яғни  нормалы 
мiнез-құлықтан ауытқуды таратуға жол бермеу. Жанұямен жұмыс бұл жерде өте маңызды [3].
Психотерапия реабилитацияның негiзгi программасы болып табылады, және ол азап шегушi 
маскүнем әйелдердiң реабилитациясында ерекше рөлдi атқарады.
Ол бiрнеше формаларда iске асады және аурудың психикасына психологиялық құралдары 
көмегiмен кешендi емдiк әсер етеді.
Психотерапияның бiрнеше әдiстерi бар:
1  )  Гипноз  –  гипноздалған  күйге  емделушiнiң  батуы  –  емдiк  сендiрудi  пәрмендiлiктi 
жоғарылатуға мүмкiндiк беретiн үйреншiктi психикалық қабылдау.

335
2 ) Тиiмдi психотерапия – санаға қарап сөйлеу және адамның есіне оның логикасында гип-
ноздан айырмашылығы болады.
3 ) Автогендiк жаттығу – өзiн сендiру, алданысты әдiс.
4 ) Наркопсихотерапия – гипноидтық жағдайға сендіру. Осы күйге кiруге және шығуда пси-
хотерапевт өз сөздiк әсерлерiн өткiзедi.
5 ) Ұжымдық және топтық психотерапия – адамдарың психикасына әлеуметтiк қолдануда 
негiзделедi. Өзара көмектiң мақсаты бар емдiк тобына емделушiлерiнiң бiрiктiруi.
6 ) Өнер және ойын психотерапиясы (арттерапия ) – емдік әдістер адам туралы қай ғылыми 
ұсыныстарда  психологиялық  ғылымдардың  дәуiрлеуiмен  недәуiр  мөлшерде  байланған, 
әлеуметтік психология, тұлға психологясы. Әдiстемелiк қабылдаулар әр түрлi.
7 ) Қызу – стресс психотерапиясы – өз сырқаттығына және қоршаған микроәлеуметтiк салаға 
байланысты белсендi емдiк кiрiсу жүйесін, ауруды көндіретін барынша биiк қызу деңгейде және 
тiптi өз-өзіне қатынасты батыл өзгерту [4].
Психиатрия  және  арнайы  наркологиялық  ауруханалардың  наркологиялық  бөлімінде 
маскүнемдікті стационарлы емдеу, бірінші әдіс болып табылады. Бұл нұсқау, әсіресе, тоқтай ал-
май үнемі ішетін адамдар үшін келеді. Бірақ, осы әдістің ыңғайлығы мен нәтижелігіне қарамастан, 
кейбір су астындағы тастар жайлы ұмытпау қажет. Стационарда тәртіпті және емдік атмосфе-
расын бұзатын, тәжірибесі көп теріс жетекшілер мәселесімен қақтығысып қалудың қаупі бар, 
олар жаңадан түскендерді маскүнемдіктің емдеу әдістерін жою тәсілдеріне үйрету мүмкін неме-
се «дөңгелектерді» пайдалану тәжірибесімен бөлісу мүмкін. Осындай психологиялық өңдеуден 
кейін, дәрігерлердің күштері бекер болуы мүмкін. 
Гипноз  көмегімен  маскүнемдіктен  толық  емделу  мүмкін.  Бұл  жағжайда  науқас  шындап 
та  ішуді  тоқтатады,  бірақ  оны  гипнозға  түсірген  адам  тірі  болғанша  дейін.  Ол  адам  қайтыс 
болғаннан кейін, гипноз әсері тоқтайды да, науқас қайта еліткіш қабылдауды бастайды.
Ресей нарколог – дәрігері, «Маскүнемдік» атты кітаптың авторы А.В. Мельниковтың айтуы 
бойынша, «торпедо», эспераль және т.с.с. маскүнемдіктің дәрілік тыйымды емдеу әдістері зи-
янсыз болып келеді. Маскүнемдікке қарсы уколдардың оң жағы – инъекциялардан кейін бірден 
екiұштылықты күй жойылады, науқас  енді бір де бір тамшыны қабылдауға болмайтындығын, 
көпірлер өртенгенін жақсы ұғады.
Бірақ, А.В. Мельниковтың пікірі бойынша, кез-келген кодтаулардың  және маскүнемдікке 
қарсы уколдардың негізгі кемшілігі, емдеу әсерінің уақыты аяқталғаннан кейін, өкінішке орай, 
ол қайтадан басталады, оны болдырмау үшін арнайы дайындықтан өту қажет.
Маскүнемдіктен тыйылу өте қиын, ол үшін қатты ниет және күшті ерік күші болу қажет. 
Маскүнемдік  адам  ерiгiн  мұқалтады.  Бірақ,  маскүнемдікпен  ауыратын    адам,  көптеген  ара 
шағуларынан кейін сауығып кеткен жағдайлар да белгілі [5].
Жалпы, әйелдер маскүнемдігіне селсоқ қарауға болмайды. Қанымызда жоқ қасиет ұлттық 
қасіретке айналып бара жатқан секілді. Бұл бүгінгі қоғамдағы барлығымыз жүйелі түрде жұмыс 
жасайтын маңызды мәселенің бірі болса керек-ті.
 
пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алкоголизм: Хитрости и тонкости – А. В. Стрикалов; 2006ж
2. В.Б. Альтшулер « Алкоголизм », изд.,: ГЭОТАР-МЕДИА; 2010ж
3. Сарсенова « Әлеуметтік жұмыс » 2004ж
4. А.А. Чернецкая « Технологии социальной работы », Феникс 2006ж
5. А.В. Мельников « Маскүнемдік »

336
Таганова Нұргүл Қуанышқызы
 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3 курс студенті
Амитов Сұлтанқожа Әбдіқадырұлы
соц.ғ.к., әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті
әл- Фараби атыңдағы ҚазҰУ
ҚазаҚстан тӘуелсІз ел
 
Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз 
мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 
желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. 
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық 
көтерілістері,  қандай  ауыртпалықты  да  көтере  білген,  жасымайтын  асқақ  жігерлі  рухы, 
қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, 
патриоттық  дәстүр  16-желтоқсан  оқиғаларына  дейін  жалғасты.  Осылайша  бұл  тәуелсіздік 
күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың 
тізбегін  таяудағы  Махамбет  Өтемісұлының  200  жылдығына  арнаған  сөзінде:  «Ұлы  далада 
бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі 
тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын 
сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан 
ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін 
жеткізді.  Бұл  қасиетті  шежіре  –  бүгінгі  буын  арқылы  келер  ұрпақтың  бойына  жастайынан 
сіңірілетін  баға  жетпес  игілік.  Осы  өнегені,  елжандылық,  отансүйгіштік  дәстүрді  жастардың 
бойына  дарыту,  патриоттық  рухта  тәрбиелеу  –  бүгінгі  таңда  әрбір  қазақстандықтың  қасиетті 
борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  мезгіл  ішінде  көптеген  елеулі  табыстарға  қол 
жеткіздік.  Бұл  Президентіміздің  жүргізіп  отырған  парасатты  көреген  саясатының  нәтижесі  – 
Еліміздің  тыныштығы  мен  қауіпсіздігінің,  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының  жарастығы  мен 
ынтымақтастығының  арқасында  болып  отыр.  Еліміздің  тәуелсіздігі  мен  мемлекеттілігінің 
орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан 
халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық 
ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  
Сондықтан  бұл  күн  жас  мемлекетіміз  үшін  –  біртұтас  елдіктің,  ынтымақтастық  пен 
татулықтың,  сонымен  қатар  өткенге  деген  тағзымды  салауат  пен  болашаққа  деген  сенімді 
үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың 
қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу 
сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың ты-
ныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық 
өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан 
жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты 
тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. 
Бүгінгі күні Қазақстан сияқты үлкен ел үшін полиэтника жағдайында тұрақтылық пен бірлікке 
қол жеткізу үлкен жетістік болып отыр. Оның куәсі Қазақстан Халық Ассамблеясы. Еліміздегі 
130 ұлттан астам өкілдерін теңдей ұстау мемлекеттік саясаттың үлкен жемісі. Негізінен, бүгінгі 
таңда саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да Қазақсан өңірдегі ең тұрақты ел бола от-
ырып, Орталық Азияда маңызды рөл атқарады. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  тікелей  жүргізіп  отырған  данагөй  және  батыл  саясаты 
арқылы қол жеткенін атап өткім келеді. Мемлекеттік саясаттың тағы бір оң көрсеткіші еліміздің 
тірегі болатын, «Болашақ» түлектерін дайындау. 2008 жылы 30 қаңтарда Елбасымыз Нұрсұлтан 

337
Әбішұлы Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының 15 жылдығына орай сөйлеген сөзінде «Ин-
теллектуалды ұлт-2020» атты бағдарламасын ұсынған болатын. Соның аясында, жастарымызды 
шет елде оқыту барысында мемлекеттік саясат, құқықтану, техника және медицина саласында 
мамандандырып, елге адал қызмет ететін зияткерлі ұлт қалыптастыру. Осындай игі істермен кад-
рларымызды жасақтай отырып, еліміздің маңызды мақсаттарының бірі болып отырған әлемдік 
бәсекеге тауар шығаруға қол жеткізетініміз сөзсіз.
  Президентіміз  Н.Ә  Назарбаевтың  кемеңгер  басшылығы  арқасында  мемлекетті 
қалыптастыруда ғасырдың жүгін арқалаған уақыттар өтті, қыруар істер 20 жылда жүзеге асы-
рылды. Ең бастысы – аспанымыз ашық, халқымыздың бірлігі жарасып, ынтымағы нығая түсті. 
Кезінде 102 ұлттың өкілі мекендеген Қазақстан халықтар достығының ұясына айналды. Бүгінде 
қазақ елін бүкіл төрткүл дүние біледі, оның бейбітшілік сүйгіш саясатымен санасады. Жер көлемі 
жағынан дүние жүзінде 9-шы орын алатын еліміз, әлемдік қоғамдастықтан өз орнын иеленді. Бұл 
күнде мемлекеттік рәміздеріміз бекітіліп, шекарамыздың айқындалуы, қазақ тіліне мемлекеттік 
тіл мәртебесі берілуі-тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет құндылықтар болып табылады. «Тарихты 
білмей, болашаққа көз салма» дегендей өткенді де айтып өттік. Енді Қазақстанның болашағын 
елестетіп көрмекпіз. Бірде шет елден Қазақстанға бір топ саяхатшылар келеді. Арада бір неше 
жылдар өтіп кеткен болса керек. Ғылымы, білімі дамыған, гүлденген Қазақстанды көріп таң-
тамаша болыпты. «Бұл қалай болғаны»? -деп жергілікті халықтан білмек болып сұрай бастапты. 
Сонда бір қарт кісі тұрып, былай деген екен: «Осы ата-баба бізге қанды шайқас арқылы сақтаған 
елімізді дамыту біздің жас кезіміздегі міндетіміз еді, ол міндетті біз былай орыдадық: 2020 Қазақ 
даласында  ең  алғаш  Атом  Электр  Станциялары  іске  қосылды.  Оның  бірі  Балқашта  екіншісі 
Ақтауда орналасты. Қазір жұмыс істеп ең арзан, экологиялық таза электр қуатын өңдіріп жатыр 
ақ су, жел, күн, энергиясын пайдаланып электр қуатын өңдіріп жатырмыз. Соның арқасында 
бүкіл Қазақстан елі электр қуатымен қамтамасыз етіліп, жүздеген кәсіп- орындарымыз жұмыс 
істеуде, әр облыста, ауылдарда мыңдаған жылы жайлар соғылып, халықты қысы жазы көкөніспен 
қамтамасыз етеміз. Не керек еліміздің халқын түгелдей өзімізде өңдірілетін азық-түлікпен қамтып 
келеміз. Халқымыз не ішемін, не жеймін? – деп ертеңгі күніне алаңдамайтын болды. Жеріміз 
төрт-түлік малға толып 50 миллионға жетті. Табиғаттың берген байлығын халық игілігіне жара-
тып жатырмыз. Кейінгі 30-50 жылда жаңарған елдің халық саны 30 миллиоға жетті. Қазір әрбір 
отбасында 4-5 баладан бар. Астанадағы тұрғындардың саны артқан сайын 60-70 қабатты зәулім 
үйлер салынды. Астана және Алматы қалалары еліміздің ірі мегаполисіне айналды. Қаржы мен 
сауда орталығы атанды. Осы екі қаладағы халықтың өсуіне байланысты құрылыс жұмыстары 
қарқын алып, арендаға, ипотекаға берілетін үйлер көптеп соғылды. Осында тұрып жатқан от-
басы шағын жұмыс орындарын дамытып, көптеген ел тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен 
қамтыды. Еліміз дамыған сайын Жамбыл облысы туристтердің көп келетін орнына айналды. 
Оның ішінде 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы өзінің туристік орындарымен белгілі бол-
ды. Мұнда тарихи естеліктерге көп көңіл бөлініп, шет елден мыңдаған туристтер келіп жатыр. 
Келген туристтердің көбісі Қарахан Баба, Айша Бибі, Тектұрмас кесенелеріне соқпай кетпейді. 
Осылайша қалаға туристтердің келуіне, тарихымызбен танысуына жол ашылды. Сөйтіп Жамбыл 
облысы туристтер көп келетін тарихи алаңға айналып келеді. Кейінгі жылдың өзінде облыста 32 
жоба іске асырылды. Жаңа өндіріс орындары ашылды, 10 мыңдай адам жұмыспен қамтылды.
Туристтік кластердің дамуына байланысты жол қатынастарын дамыту қажет болды. Батыс Еу-
ропа, Батыс Қытай авто жолы аяқталып оның пайдасын қарапайым халық және туристтер көріп 
жатыр. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен елімізде білім беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  жаңа  мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілді.  Осыған 
орай бүгінде оқыту үрдісінде инновациялық технология енгізіліп, білім беру ісінің алдына жаңа 
міндеттер жүктелді. Бұрындары «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде оқып білім алатын 
болса, қазіргі күндері Оксворд, Кэмбридж сияқты атақты университеттер өз елімізде ашылды. 
Оны бітірген білімгерлеріміз өз еліне пайдасы молынан тиетін мамандар болып шықты. Олар 
Қазақстанда технологияның дамуына өз үлестерін қосты, жаңа ғылыми жаңалықтар ашты, іс 

338
жүзінде  жүзеге  асырылды.  Олардың  көбісі  өндіріске  енгізіліп  кейбірі  Нобель  сыйлығына  ие 
болды.  Сөйтіп  дүние  жүзіне  белгілі  ғалымдар  атаңды.  Өңдірісте  қол  жұмысын  қажет  ететін 
жұмыстарды енді техника атқаратын болды. Өңдірістің өнімділігі 2-3 есе көбейді. Елдің еңбек 
етуге  ынтасы  артып,  айлық  табысы  молайды.  Ерекше  жұмыс  істеп  еңбек  еткендерге  мемле-
кет  тарапынан  қамқорлық  көрсетіліп  тұрғын  үй  тегін  берілетін  болды.  Жаңа  технологияның 
өндіріске ене бастағанынан өнім шығару түрлері көбейіп озық елдер қатарына қосылдық. Осын-
дай  технологияның  күрт  дамуынан  кейін  ел  жағдайы  жақсара  бастады,  ауыл  түгел  өзгеріске 
ұшырап  жаңарды,  тұрғындардың  жағдайы  жақсарды.  Ауыл  өндірісі  дамып  көптеген  шаруа 
қожалықтары  ірілендіріліп,  бірлесіп  жұмыс  істеу  жолдары  қолға  алыңды.  Ауылдағы  барлық 
бос  жатқан  жерлер  пайдаға  асып,  егін  егіліп,  бау-бақша  өсірілетін  болды.  Ауылдарда  шағын 
фермалар, мал бордақылау пункттері көптеп ашылып қаланы ет, сүт, терімен қамтамасыз етті. 
Сонымен  қатар  елімізде  медицина  саласы  дамып,  халықты  емдейтін  құрал-жабдықтармен  әр 
медицина орталығы қамтамасыз етілді. Халықтың жыл сайын денсаулығын тексеріп тұруына 
мүмкіндік туды. Дәрігерлік көмек ауыл, қаланы толық қамтыды. Осындай дәрігерлік көмектің 
артуынан елдің денсаулығы жақсарып орташа өмір сүру 75 жасты құрады. Енді шет елдерде 
жасалатын күрделі операциялар өз елімізде ашылған дәрігерлік орталықтарда жасалып келеді. 
Еліміздің жақсы жағдайына қарай мәдениет ошақтары және спорт алаңдары көптеп салынды. 
Әрбір ауылда мәдениет үйі, кітапхана, жасаңды футбол алаңдары тұрғызылды. Ауыл мәдениеті 
қарқыңды дамыды. Жастармен әр түрлі қоғамдық жұмыстар жүргізіліп отыратын болды. Соның 
арқасында жастардың ұйымшылдығы артты, жастар ауылдың көркіне, тірегіне айналды. Ауылда 
мәдениет ошақтары көбейген сайын олардың белсенділігі күшейе түсті. Қазақстан 2011 жылы 
Қысқы Азия Ойындарын ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізгендіктен, олимпияда комитеті 
Қазақстанға 2022 жылғы Қысқы Олимпияда алауын сеніп тапсырды, сенім ақталды еліміз олим-
пияданы мұңсіз орындады. Бұл спортағы жеткен ең биік шың еді. Спортшыларымыз алдыңғы 
қатардан  көрінді,  мұның  өзі  Қазақстанда  спорт  дамып  кең  етек  алғаның  көрсетті.  Қазақстан 
Ислам  елдері  конференциясына  және  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етіп,  әрі 
республикамыздың  ішкі,  сыртқы  саясаттағы  ықпалдылығын  арттырып,  әлемдік  қауымдастық 
алдыңдағы беделін нығайтты. Демократиялық үрдістерге жол ашылып елімізде кең көлемді сая-
сат жүргізілді. Конституциямызға басқада мемлекеттердегі өзгерістерге байланысты түзетулер 
енгізілді,  сол  өзгерістерге  сай  енді  елдің  президенті  4  жылда  бір  сайланып  2  мерзімге  ғана 
отыруға құқылы. Парламенттегі депутаттарда 4 жылға сайланды. Сайлау ережелеріне де таза 
жариялық жағдайында өту үшін өзгерістер еңгізілді. Сөйтіп құқықтық мемлекет құрдық. Со-
нымен  қатар  ауыл,  қала  әкімдері  тағайындалмайды,  дауысқа  түсіп  сайланды»-деп  қарт  сөзін 
аяқтады. Сонымен барлық міндетті іске асырдық ендігі жолды жастарға бердік, елдің болашағын 
енді солар алға қарай дамыта берсін. Еліміз өркениетті елдер қатарына қосылғалы бері бізде де 
жастарға көп көңіл бөлінуде. Жастар ұйымы көбейіп, олар экономиканың, саясаттың белсенді 
мүшелері болып келеді. Білімді жастар университет пен жоғары оқу орындарын басқаруда. Олар 
парламент депутаттары болып халқымызға керекті заңдар қабылдау үстінде. Үкімет жұмысыны 
араласып  елді  билеу  тетігін  өз  қолдарына  ала  бастады.  Жастар  басқарған  ұйымдар  нәтижелі 
жұмыс істеп үлкен табыстарға жетуде. Жастарымызға берік сеніп халқымыз оларды ел басқаруға 
өздері ұсынуда. Сондықтан да еліміз гүлденіп, өнеркәсібіміз қарқыңды дамып дүние жүзіндегі 
алдыңғы мемлекеттер санатына қосылдық. Осындай елде өмір сүрген жастарымыз болашағы 
үшін еңбек етуден жалығар емес, халық оларға сеніп отыр
Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздік  ту ра лы  заңы  қабылданған  күннен  бастап-ақ  тәу-
елсіздіктің оңай емес жолын бастан кеш ті. Ешнәрсе де оңай болған жоқ. Жоспарлы экономика 
мен тоталитарлық коммунистік жүйенің шаруашылығы мен басқару құры лымдары да, құқықтық 
жүйесі де пайда лануға келмеді. Ал қазіргі күнгі жетістігіміз, әлем мойындаған мемлекеттігіміз 
сол  бір  қиын-қыстау  жолдардың,  дұрыс  ойласты рылған  саясаттың,  салиқалы  жүргізілген 
реформалардың жемісі. Алда әлі де қыруар шаруалар күтіп тұр. Әлемде болып жатқан соңғы 
саяси және экономикалық оқиғалар да тәуелсіздікті нығайтатын соны шаралар дың бар екендігін 
айғақтайды.

339
«Біздің аталарымыз қазіргі Қазақстандай ұлан байтақ елді, өзіндік мәдениет және ерек-
ше асқақ рух пен танымды қорғады және бізге мұра етіп қалдырды. 
Менің кезімдегі ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанды құруды алға қоя отырып, ел тағдырын сеніп 
тапсырды. Бұл қиын әрі тарихи жауапты міндет болатын, біз оны орындадық». Н.Назарбаев 
пайдалынған әдебиеттер:
1. «Елбасы және тәуелсіздік» айдос Шөкішұлы
2. http://www.studentoffice.narod.ru/   Тарихи таным
Тлепберген А.С.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс 
кафедрасының 1-курс магистранты
Әбдірайымова Г.С.
соц.ғ.д., профессор
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚазаҚ ЖастарыныҢ ӘлеуметтенуІне салт – дӘстҮрдІҢ ӘсерІ
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, күн көрісі, әдет – ғұрпы, салты 
болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, экономикалық жағдайлардың 
іргелілеп  дамуына  байланысты,  халықтың  тұрмыс  –  тіршілігі,  әдет  –  ғұрпы,  салт  –  сана-
сы, сана – сезімі, дүниеге көзқарасы т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп 
уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс – тіршілік, әдет 
–  ғұрып,  салт  –  сана,  алғашқы  мазмұнын  біртіндеп  жоғалта  да  бастайды.  Бұлардың  орнына 
қоғамдық – таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және 
экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс – 
тіршілікке, әдет – ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын 
біртіндеп  жоғалтуына  жағдай  жасайды.  Қазіргі  таңда  қазақ  жастарының  арасында  батыс 
мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар 
өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. 
Сондықтан  қазақ  жастарының  болмысын  сақтап  қалу  үшін  олардың  әлеуметтену  процесіне 
қазақи салт – дәстүрлерді енгізуіміз қажет. Әлеуметтену процесі дегеніміз (socialis латынның 
қоғамдық деген сөзінен шыққан) – сол қоғамға, әлеуметтік бірлікке, топқа тән оқу және адамдық 
құндылықтардың, нормалардың, бағыттардың, іс – әрекеттің үлгісін жеке адамның қабылдауы, 
оны қалыптастыру процесі. Әлеуметтену – адамның бүкіл өмір бойы жүргізілетін ұзақ үрдіс. 
Әлеуметтенудің  бірнеше  кезеңі  бар.  Бірінші  әлеуметтенудің  агенті  отбасы  болып  саналады, 
өйткені бұл кезеңге балалық шақ енеді. Екінші әлеуметтену неғұрлым ұзақ болады, оған есейген 
және қарттық кезеңі енеді. Жоғарыда аталып өткендей әлеуметтену процесіне салт – дәстүрді 
енгізуіміз қажет. Бұл құбылыс тәрбие арқылы жүзеге асады.
Тәрбие  әлеуметтенудің  мақсатқа  бағытталған  формаларының  бірі  ретінде  тұлғаны 
әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің кепілділігі 
мен  сенімділігін  қамтамассыз  ету  мақсатында  қоғам  арқылы  жүзеге  асады.  Қазіргі  заманғы 
өркениетті  қоғамда  тәрбие  тұрақты  сипатқа  ие  болып,  әр  түрлі  иниституттардың:  отбасы, 
білім  беру,  БАҚ  іс  –әрекеті  арқылы  жүзеге  асады.  Жаңа  ұрпақ  мәдениетінің  қалыптасуында 
отбасылық тәрбие басты рөл атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диопозонға ие. Оның 
негізі баланы дүниеге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік – мәдени ортаның құндылығын 
қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге 
келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пай-
далы мүше етіп жеткізу. Ата – ананың, отбасының басқа да мүшелерінің, әсіресе естияр ұрпақтың 

340
беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс тұрысы, салт – санасы, салт – дәстүрлерді ұстануы, сананы 
қалыптастыруы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы – бәрі де үлкен тәрбие мектебі.
Тәрбие салт – дәстүр арқылы жүргізілетіне белгілі. Олай болса, әлеуметтенудің ең алғашқы 
кезеңіндегі салт – дәстүрдің сәбиге әсерінн тоқтала өтсек.
Қазақ халқында жаңа туған жас балаға арнап шілдехана жасаған. Осы тойдан соң, сәбиді 
бесікке салады. Жас баланы салғаннан соң, оны тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой – 
арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды. Бесік жырында ай-
тылатын тілек, ақыл – өсиеттерден ата – ананың нені аңсап, нені көксегендігі көрінеді. Бесік 
жыры «Әлди, әлди, ақ бөпем» деп басталады да, халық жас баланың болашақта кім болып өсуін, 
қандай қызмет атқаруын қалайтындығын ана сөзімен баяндайды. Сонда:
Құрығыңды майырып,     Ақырып жауға тиісіп,
Түнде жылқы қайырып,   Атыр болар ма екенсің?
Жаудан жылқы айырып,   Бармақтарың майысып,
Жігіт болар ма екенсің?    Түрлі ою ойысып,     
Айыр қалпақ киісіп,       Ұста болар ма екенсің.., – дейді. Бесік қазақ халқында бір жағынан 
сәби денсаулығына, оның дұрыс өсуіне деген қамқорлықпен дүниеге келген. Бұл сияқты әрбір 
жаңалықтың одан әрі дамып, орнығуына, өмірден орын тебуіне таразы – уақыт десек, ғасырлар 
сынынан  сүрінбей  өтіп,  біздің  заманымызға  дейін  жеткен,  әлі  күнге  өз  орнын,  маңызың 
жоғалтпаған нәрсенің бірі, осы бесік деуімізгеәбден болады.
Өмір – үлкен мектеп. Әлеуметтік өмірдің көшу қонумен өткен қиын – қиын белеңдері нені 
үйретпеді қазақ халқына. Тұрмыстың ауыр кезеңдерінде сәби қамын ойлаған ата – аналар бесікті 
табады. Бесіктің құрлымындатерең ой, шеберлікті көрсететін детальдар бар. Сол микроүйшіктегі 
бала төсегі, жөрген – жаялық және басқалары бәрі де ойластырылып, барлық жағдайлар есепке 
ала отырып, ақылмен жасалғандықтан, бала денесі, оның күтімі, заттары, киімдері таза, ұйқысы 
тыныш  болып,  дұрыс  өседі.  Қарап  отырсаңыз,  сол  көшпелі,  ауыр  кезеңдерде  дүниеге  келген 
қазақ халқының мақтаныш етер ұлдары мен қыздары дәл осы бесікте өсіп, тәрбиеленген. Сол 
бесік еліміздің көптеген жерлерінде әлі күнге сол қызметін көрсетіп, әр үйдің жанындай көрген 
жас нәрестелерін құлан – таза өсіріп, төрінен орын алып келеді деуге болады. Ойлап қарасақ, 
бесіктің өзі де қазақ халқының өмір сүрген, тұрмыстық жағдайларынан туған, сол жағдайларға 
бейімдеп, ыңғайлап жасаған. 
Бірақ кезі келгенде тоқталып өтетін тағы бір мәселе – қазіргі кезде бесікті ескі тұрмыстың 
зиянды  қалдығы  деп,  қарсы  болатындығы.  Сондағы  олардың  айтатын  мәселелері:бесікті 
бүркеп  жапқанда  ауа  жетпей  сәби  тұншығады,  баланы  бесікке  бөлеп  таңғанда  денесіне  қан 
таралуы бұзылады, оны тербегенде миына зақым келеді т.с.с. Ғасырлар бойына атадан балаға 
көшіп,  қазақ  халқының  бала  тәрбиелеу  тәжірибесінде  өзін  ақтаған  бесікке  бұлай  мін  тағу, 
меніңше,  түсінбесітіктен  туып  жатса  керек.  Ғылыми  зерттеусіз,  яғни  бесіктің  қанша  баланы 
тұншықтырғанына, қаншасының қан таралуын бұзғанына және миын айналдырғанына дәлелсіз, 
жала жабу, әсіресе медицина саласындағы манандардың қателігі дер едім. Баланың денсаулығына 
зиян келтіретін затты ата – ананың өздері – ақ қолтанбайтыны анық.Егер бесіктің де бірде – екілі 
осындай зияндары болса, бұл да қазіргідей ғасырдан – ғасырға жетпей әлдеқашан – ақ, бір – екі 
зияннан кейін – ақ өмір сүруін тоқтатып, қолданыстан қалған болар еді. 
Отбасылық тәрбиеде бесік жырымен бірге батырлар жыры да үлкен танымдық – тағлымдық 
мәнге ие. Халқымыз батырлар жырын балаларды елін, Отанды сүюге, бүкіл дәуір рухын бойына 
жинақтаған төл дүниені баланың бойына сіңдіріп, халыққа деген адал қызметін, ыстық махаб-
батын, жанын салуға тәрбиелеитін құралдың бірі есебінде пайдаланды. Жырдағы батырлардың 
ел  қорғаудағы  ерлік  істерін  жастарға  үлгі,  елге  ұшқан  оққа  кеудесін  тосатын  тәрбиені  өнеге 
етті. Әрине бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәнінің болғаны. Сонымен қатар, ба-
ланы  ертегімен  де  сусындатып  отырған.  Ертегі  халық  өміріне,  еңбек  процесіне  байланысты 
туып, қоғамдық даму жағдайына сәйкес өсіп ұлғайған. «Ертегі Құраннан сыр шертеді» деген-
дей, баланың алар тәрбиесі, ондағы пенденің дүниеқоңыздығы емес немесе апайтөстігі емес 

341
керісінше  арқасанда  адалдық  тасын  арқалаған  пендесіне  Алланың  көзқарасының  қашанда 
түзулігі. Дәл солай, халықтың арман – мүддесін, дүниетанудағы ой – өрісін, тапты көзқарасын, 
тұрмыс – тіршілік және қоғамдық салт – сана жайларын, т.б. бейнелейді. Енді осы батырлар 
жыры мен ертегідегі әлеуметтенудің көрініс алуы жайлы тоқталып өтейік.
Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмеген ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отырған күрделі 
де мол бір саласы – батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы – жыраулар ғасырлар бойы қобызға 
немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан – ауызға таратып келген. Қазақ ба-
тырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат – мұраты халқын, 
Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң 
–  мүддесі  көрсетіледі.  Батырдың  халыққа  қамқоршы  болу  арманы,  сол  жолдағы  іс  –  әрекеті 
жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз рухына деген сүйіспеншілігі де айқындалады. Батыр-
лар жырынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадын жәбір – 
жапа  көретіні  де  танылады.  Басқыншылардан  қорғайтын  батыр  жайлы  жырлар  ел  қиялында 
осындай  зарығу,  торығу  тұсында  туады.  Мұндай  батырларды  халық  қартайған  ата  –  ананың 
амандығы  үшін  қажет  деп  біліп,  оның  көршілес  рулармен  де  күш  біріктіруін  көздейді.  «Ал-
памыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» сықылды қазақ батырлар 
жырларында қалмақ, монғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол 
күрестегі ерлігі жырланады. Олардың Отан сүйгіштігі мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық 
пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы 
өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралып, жүздеген жыршы – жыраулардың аузынан 
өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында 
«әр дәуірден құралған кезеңнен» алынған батырдың жиынтық бейнесі тұрады.
Негізінде  қазақ  халқының  ертігілері,  батырлар  жыры,  аңыз  –  әңгімелері  кеңінен  тарап, 
кез  келген  қазақ  осыларды  бойына  сіңіріп  өскен.  Кез  келген  қазақтың  бойында  рухани  бай, 
имандылық тәрбиесі басым болған. Шоқан Уәлиханов айтпақшы: «Қазақ дегенде құлпысы жоқ, 
абақтысы жоқ ел елестейді. Қазақ халқында қазіргі кездегі проблемалар мысалы, ажырасу деген 
болмаған». Бұл қазақтың қаймағы бұзылмаған ел екенін көрсетеді. Қазіргі кезде, ертегі, батыр-
лар жыры, аңыз – әнгімелер бар. Бірақ, айтушылар кем де кем. Осыларды бойымызға сіңірсек, 
рухани бай иманды болып қалыптасамыз деген сенім жүрегіміздің түбіне ұяласа деймін.
Әлеуметтендірудің  ертегілердегі  көрінісі  дегенде  меніңше,  ертегінің  балаға  деген  әсері. 
Бауыржан  Момышұлы  атамыз  айтқандай:  «Мен  қазіргі  кездегі  ертегі  айтпайтын  әжелерден 
қорқамын және бесік жырын айтпайтын келін, аналардан қорқамын. Ертегі тыңдамаған адам 
– рухани мүгедек адам» деп тегін айтпаса керек.Сондықтан да, ертегі баланың әлеуметтенуіне 
үлкен әсері бар.
Ерте кезде жазу, сызу, кітап болмаған заманда біздің ата – бабаларымыз, әйгілі жыршы-
ларымыз өздерінің ойдан шығарғын қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан – ұрпаққа 
ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме де-
уге де болады. Жыршылардың қызықты, үлгі – өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, 
еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған, есте сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін көреміз. 
Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры 
соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштар өсіп, 
аспанға ұшатын, айға қонатын карабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, 
телеграф,  теледидарлар,  жер  астындағы  метролар,  т.б.  ойлар  табылды.  Бұл  –  халықтың  ой  – 
қиялының іске асуы, адамның дамып, әлеуметтенуі деуге болады және адамның ақыл – ойының 
керемет күші деуге де болады.
Елбасымыз  да  балалық  шағында  «Ер  Төстік»  ертегісін  қызыға  оқып,  есіне  сақтаған. 
Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала рухани мықты тұлға болып қалыптасуы сөзсіз.

342
Жас баланың алғашқы әлеуметтенуі осылайша өтеді. Сәби кезінен бастап анасының айтқан 
бесік жырындағы ақыл – өсиеттерді тыңдап, көкірекке тоқып, батырлар жыры мен ертегілерді 
батырлардың еліктеріне қызығып, еліктеп өз мінезін, жүріс – тұрысын, дұрыс ойлау қабілетін 
қарастырады.
Ал әлеуметтенудің екінші кезеңінде баланың қоғамға араласуы жатады, яғни бала мектепке 
келген кезден бастап болатын кезең. Ең бірінші ұстазы, содан соң кітаптары мен достары ары 
қарай әлеуметтенуіне көмектеседі. Сондықтан мектептегі ұстаз балаға екінші ана болуы керек, 
бала үйде алған тәрбиесін мектепте жалғастыруы тиіс. Ұстазы балаға әдеи кітаптарды оқып, 
тыңдатып,  мектепке  мерекелік  і-  шаралар  болса,  дәстүрлі  ойындарды,  әндерді,  көріністерді 
көрсетуі тиіс. Осы реттен ары қарай баланың әлеуметтенуі жалғаса береді. 
Қорыта  айтар  болсақ,  қазақ  халқының  дүниетанымы,  көзқарасы,  ұлттық  құндылықтары, 
діні мен ділі дегенде ең алдымен салт – дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрыптың ұстанымы еске 
түсетіні  анық.  Олай  болса,  қазақтың  жастарының  да  тәрбиеленуі  мен  әлеуметтенуі  де  осы 
құндылықтарды бойына сіңіре отырып, өз халқының болашағы мен мақтанышы, еліміздің аза-
маттары болатынына сеніміміз мол екені айқын.
пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Есхожин І. Шешендік шиырлары. Алматы «Қайнар» 1993.
2. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. – Алматы; 2004.
3. Орзақов Е. Қазақ халық медидинасы. – Алматы: «Ғылым» 1989.
4. Абдикерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы. – Алматы. 2004.
Тлеспаева А.А.
 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
магистранты
Жас Ғалымдар: ӨткенІ, бҮгІнгІсІ ЖӘне болаШаҒы
Бүгінгі қоғам – ақпараттық қоғам. Ақпараттық дүмпу мен жаңа ақпараттық технологиялардың 
пайда  болуы  барлық  қоғамдық  салалардың  дамуын  тездетті  және  күрделендірді.  Ақпаратқа 
қолжетімдік жеңілдеп, оның таралу жылдамдығы артты. 
Білімге негізделген жаңа экономика дамыған елдер арасындағы бәсекелестіктің жаңа қырын 
ашты. Білім жүйесі өзгерді және жоғары технологиялар орныққан қоғамдар өз білімдерін қайта 
ұйымдастыра  бастады.  Бұл  Н.Ә.  Назарбаевтың  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды 
өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі 
алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық 
экономиканы құра алмаймыз» сөздерінен де көрініс табады.
Қазіргі қоғамда болып жатқан ірі және қарқынды өзгерістер тек мәдениет, саясат, экономи-
ка және шаруашылық салаларын ғана емес, сонымен қатар өмірдің барлық жақтарын қамтып 
отыр. 
Жаһандану  процесі  жас  ұрпаққа  әр  түрлі  әсер  етті.  Әлеуметтік  уақыт  қысқа  мерзімді 
бөліктерге бөлінген категория ретінде қабылданып, индивидтен бар ресурстарды сарқа моби-
лизациялауды және бірден жаңа жобаға өтуін талап етеді. Аға ұрпақ уақыттың жаңа ұғымын 
қабылдауға мәжбүр болады. Жаһанданудың жаңа шындығы ұзақ мерзімді болашаққа жоспар 
құруға мүмкіндік бермейді. Бүгінгі жастар аға ұрпақтан ерекшеленеді, олар кез келген әлеуметтік 
өзгерістерге тез бейімделеді. 

343
Сонымен қатар, «іргелі білімнен алшақтау» тенденциясы орын алып, жастардың бұқаралық 
ақпарат құралдарына және жарнамаға еліктеуі, әділдік, қоғам алдындағы жауапкершілік, теңдік 
секілді игіліктік құндылықтардың жойылу процессі байқалуда [2].
Ақпараттық  қоғамға  өтудің  басты  мақсаты  мен  іргелі  ұлттық  басымдық  –  адам,  оның 
материалдық, интеллектуалдық, рухани және т.б. әлеуеттерінің дамуы. 
Қазіргі қазақстандық қоғам мемлекет модернизациясы бағытын ұстана отырып, өзінің ин-
теллектуалды және мәдени әлеуетін нәтижелі пайдалануды қажетсінуде. Бүгінде шикізат эко-
номикасынан білім экономикасына өту мәселесін шешу үшін өтпелі кезеңде адамдарға бағыт-
бағдар  көрсететін  ой  айқындығы,  үнемі  өзгерісте  болатын  жәйттарда  дәстүрлі  емес  шешім 
қабылдау, жаңа идеялар мен мән-мағынаны ұсыну, ұлттық идеяны іздеу қажет.
Осылай, қоғам дамуындағы ғылым рөлі бүгінгі күні өте өзекті. Бұл тұрғыда мемлекет жас 
ғалымдардың  маман  ретінде  қалыптасуына  үлкен  мән  беруі  қажет.  Олардың  құндылықтары 
мен  басымдылықтарын,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын,  білім  және  денсаулық  сапа-
сын  талдау  дамудың  болашақ  тенденцияларын  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Стратегиялық 
маңызы бар сұрақтардың ішінде мыналар бар: ұрпақтар арасында жауапкершілікті бөлу, рөлдер, 
көшбасшылық  және  биліктің  ара  қатынасындағы  тепе-теңдік,  жаңа  салалардың  дамуына 
жастардың қосатын үлесі. 
1990  жылдардың  басында  отандық  ғылымды  қаржыландырудың  төмендеуі  ғылым  са-
ласында кадр мәселесінің пайда болуына, ұрпақаралық сабақтастықты жоғалту қаупіне және 
ғалым мамандығы мәртебесінің төмендеуіне алып келді. Отандық ғылымның сан саласы егде 
мамандардың  орнын  басатын  жас  мамансыз  қалды,  оған  қоса  материалдық-техникалық  база 
көнерді. 
Қаржыландырудың өсуіне қарамастан бүгінгі таңда қазақстандық ғылым мен жоғары мектеп 
1990 жылдары орын алған экономикалық және саяси тұрақсыздық ықпалынан болған жағымсыз 
тенденцияларды жеңе алмай отыр.
Қазіргі таңдағы негізгі мәселе – отандық ғылымды қалай нәтижелі және дамушы, яғни жас 
талант үшін тартымды сала етеміз? Ғылым ұлттық экономиканың шынайы секторы талап ететін 
азық-түліктің,  қызметтердің,  технологияның  бастауы  болуы  керек,  олай  болмаған  жағдайда 
Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетін, ал экономика – ғылым мен инновацияның тірегінсіз, бәсекеге 
қабілеттілікті сақтай алмайды.
Әлемнің  кез  келген  елінде  жастар  –  белсенді  қоғамдық  күш,  яғни  қоғам  мен  мемлекет 
дамуының стратегиялық ресурсы, сондықтан жағымсыз тенденцияларды жеңу және ғылым мен 
білімдегі мәселелерді шешу үшін жас ғалымдарға баса назар аудару қажет. Жас ғалымдардың 
құндылығын, мемлекет дамуындағы олардың алға жылжуға итермелеуші күш ретіндегі рөлінің 
маңыздылығын  ұғыну  болашақта  сол  мемлекетті  тұрақты  прогреске  жетелейді  және  мәдени 
жандануға жол ашады [3]. 
Реформа  жүргізу  кезеңінде  қазақстандық  жастардың  таңдау  мүмкіндіктері  кеңейді. 
Сыртқы  ортадан  келіп  түсетін  ақпаратпен  тікелей  байланысты  шекаралардың  жойылуы  тек 
экономикадағы емес, сонымен қатар қазақстандық қоғамның басқа да салаларындағы «нарықтық» 
қарым-қатынастардың  орнауымен  тұспа-тұс  келді  және  ғылыми  жұмысшы  мен  мемлекеттік 
қызметкердің қоғамдағы мәртебесі «заманауи» кәсіптермен (банк ісі, қаржы, ақпараттық тех-
нологиялар, туризм, көтерме сауда) салыстырмалы түрде төмендеді. Бұл ғылыми ортадағы орта 
жастағы қызметкерлердің санының көбейіп, жастардың азаюына алып келді. 
Қазіргі заманда жастар өздерінің кәсіби болашағын бюджеттік мекемелерде емес, көтерме 
саудамен, қаржыландырумен, консалтингпен және аудитпен айналысатын коммерциялық фир-
маларда,  шетелдік  компанияларда  қалыптастырғысы  келеді.  Ғылым  жолы  өмір  деңгейінің 
төмендігімен, әлеуметтік аз қамтылу мәселесімен ассоциацияланады.
Шетелдік  компаниялар  Қазақстанның  әлемдік  экономикаға  интеграциялануын  күшейтеді 
және  іскери  этиканың  дамуын  қамтамасыз  етеді,  жастар  үшін  ұтымды  жұмыс  орындарын 
қалыптастырады.  Алайда,  шетелдік  компаниялар  жастарды  отандық  экономиканың  дамуына 

344
бағыттамай, компанияның табысы шетелге кететін болғандықтан, басқа мемлекеттердің эконо-
микасын қолдауға ықпал етеді. Оған қоса, шетелдік компанияда қызмет ететін жастардың өз 
қызметінде шығармашылығы өте төмен болады.
Ал ғылым жолындағы жастар еркіндікті, өз шығармашылықтарының жүзеге асуын жоғары 
бағалайды.  Дегенмен,  жас  ғалымдар  шығармашылығы  ғылыми  емес  мәселелерді  шешуге 
бағытталған, мысалы, жұмыс жағдайларына бейімделу. 
Жарқын  болашақты  құру  процесінде  жас  ғалымдардың  рөлінің  ерекше  екенін  билік 
басындағылардың  түсінгені  анық.  Бұл  жас  ғалымдардың  ғылыми,  интеллектуалды  әлеуетін 
көтеруге бағытталған іс-шаралардан көрініс табуда (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті 
Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және т.б.). 
Әйтсе де, жастардың ғылыми-педагогикалық қызметке келуіне қаржылық қолдаудан басқа тағы 
бір фактор – қоғамның білімге және ғылымға қызығушылығы ықпал етеді. 1990 жылдар қоғамдық 
құндылықтар жүйесін күрделі өзгертіп, ғылым өз беделін жоғалтты. Ғылым мәртебесінің төмен 
болуы және нақты келешегі жоқ даму орын алған кезеңде дарынды жастарды білім мен ғылым 
саласында қалуға үгіттеу мүмкін емес. Мұндағы мәселе – тек жалақыға байланысты ғана деп 
есептеу қателік. Себебі, әлемде банк ісі немесе сақтандыру бизнесінен түсетін кіріс салыстыр-
малы түрде ғылымнан өте көп. Алайда, алдыңғы қатарлы инновациялық елдердің қоғамдық са-
насында ғылым – элитарлық позициясынан айырылған жоқ, сондықтан, дамыған елдерде ғылым 
нәтижесі қоғам игілігі үшін барлық салаларда кең қолданыс тапқан.
Сонымен  қатар,  қазақстандық  ғалымдар  да  қоғамның  дұрыс  қызмет  етуі  үшін  қоғамға 
жағымды қазіргі заман ғалымының келбетін қалыптастырулары қажет. 
Ғылымдағы  жәйтті  жақсарту  үшін  біріншіден,  уақыттың,  екіншіден,  жас  ғалымдарды 
толғандыратын  өзекті  мәселелерді  анықтап,  оның  шешу  тетіктерін  ұсыну,  үшіншіден,  жас 
ғалымдар  мен  билік  органдары  арасында  өзара  тиімді  байланысты  оңтайландыру  керектігі 
түсінікті. Дегенмен, қойылған мақсатқа жету үшін жасалған әрбір әрекет – бірнеше фактордың 
өзараәрекетінің нәтижесі және ғалымдар, әсіресе жас ғалымдар, өздері қалайтын перспективалар 
мен мақсаттарды анықтауы қажет. Осындай жағдайда интеллектуалды күш-жігердің, жастардың 
ғылыми  қауымдастығындағы  пікірталастың  орын  алғаны  оң  болар  еді.  Жас  ғалымдарға 
қойылатын талап – инициатива және ғылыми, біліми әлеуетті дамыту бағытындағы ұсыныстар. 
пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 ж. 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, 
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауы 
2.  Гвоздева  Е.С.,  Жданов  А.С.,  Нуртдинов  А.Н.  Лидерство  молодежи  и  развитие:  взгляд  молодых  ученых  
Новосибирского научного центра. http://www.nsc.ru/
3. Касаткин Е.С. Движение молодых ученых в России: значимость и перспективы. http://www.rosmu.ru/ 
Тогайбаев Руслан Каиргельдинович
Павлодарский Государственный университет имени С.Торайгырова
Магистрант 1 курс по специальности «История» 
роль социальных сетей в социализации молодеЖи казахстана
Интернет предоставляет огромный простор для работы, отдыха, общения, обмена разноо-
бразной информацией. Можно смело утверждать, что с момента его появления в доме практи-
чески каждого человека, мир перешёл на совершенно новый уровень развития. Если говорить 
конкретно, то новую форму обрели такие понятия, как бизнес и управление, общение между 
пользователями,  возможность  расчетов  виртуальными  деньгами,  имеющих  силу  реальных  и 

345
прочее. Но разговор пойдёт не обо всём и вся интернет возможностей, а о социальных сетях, 
которые популярны и востребованы среди пользователей интернета. Пожалуй, среди владель-
цев ПК, имеющих доступ в интернет, не осталось тех, кто не слышал о сетях ВКонтакте и Мой 
Мир.  Эта  «пара»  является  самой  популярной  среди  пользователей  казахстанского  интернета. 
Эти ресурсы имеют огромную аудиторию, и о данном факте говорит статистика. Например, чис-
ло пользователей ВКонтакте совсем недавно перевалило за 30 миллионов пользователей. [1]Чем 
же популярны подобные ресурсы? 
В связи с обозначенными проблемами влияния социальных сетей на социализацию молодёжи, 
был проведен комплексный социологический опрос. Объектом опроса является молодёжь в возрасте 
от 14-30 лет.
Предмет исследования – социальные сети как фактор социализации молодёжи.
Задачи исследования состояли в следующем:
1) Выяснить, как молодёжь проводит своё свободное время;
2) Выявить, как часто молодёжь пользуется глобальной сетью Интернет;
3) Проанализировать с какой целью молодёжь посещает социальные сети;
4) Выяснить считает ли молодёжь общение в сети достойной заменой реальному общению;
5) Исследовать, какие социальные нормы и ценности распространены в социальных сетях;
Основным инструментом исследования является опрос, состоящий из 10 вопросов, который 
позволяет решить поставленные задачи. Опрос был размещен в популярных сетях казнета Мой 
Мир и Вконтакте. В опросе приняли участие 250 человека, с различными формами занятости. 
Подобное анкетирование позволило в полной мере сделать выводы о мнении молодёжи о соци-
альных сетях и их влиянии на социализацию.
Анализ результатов опроса показал, что на сегодняшний день глобальная сеть Интернет занимает 
значительное место в жизни современной молодёжи.  Об этом свидетельствуют данные, полученные 
в ходе исследования. 
В результате анализа было установлено, что основной целью посещения социальных сетей 
молодёжью является в первую очередь – просмотр видео, скачивание музыки и т.д., на втором 
месте – общение с друзьями на интересующие темы и третье место – поиск друзей, однокурсни-
ков, одноклассников и общение с ними. Так же помимо этого целью посещения социальных се-
тей является – получение информации по учёбе от сокурсников и одноклассников, на одной по-
зиции стоят – общение в группах по интересам и знакомство с противоположным полом. Малая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет