Сборник статей IX международной научно практической конференции маб «бизнес и образование: вектор развития»



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#7078
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Список использованной литературы:
1.  Малое и среднее предпринимательство в Республике Казахстан. Статистический сборник / 
2011 - 88 стр.
2.  Евгений ХОН. Достижения и перспективы малого и среднего бизнеса в Казахстане// Казахс-
танская правда 17.04.2012
3.  www.economy.kz «Бизнес» Фактор конкурентоспособности  в Республике Казахстан Малое и 
среднее предпринимательство в Республике Казахстан. Статистический сборник / 2011 - 88 
стр.
4.  Евгений ХОН. Достижения и перспективы малого и среднего бизнеса в Казахстане// Казахс-
танская правда 17.04.2012
5.  www.economy.kz «Бизнес» Фактор конкурентоспособности  в Республике Казахстан

64
Қазақстан  Республикасында  экономиканың 
барлық  саласында    бәсекеге  қабілеттті  дамы-
туды  күрделендіруге  алып  келген  ғаламдану 
жағдайында  ол  өндірісті  шоғырландыру  мен 
ұйымдық  құрылымдарды  интеграциялау:  бұл 
процестің салалық белгілері бойынша ғана емес 
орналасуы бойынша да маңызы зор. Аумақтар 
мен  өндірістік  кешендердің  экономикалық  да-
муы және бәсекелестік қабілетінің жоғарылауы, 
сондай-ақ ұлттық және өңірлік экономикалық, 
азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  клас-
терге  бағдарланған  өңірлік  саясат  негізінде 
мүмкін болады.
Кластер  дегенде  өзара  байланысқан  жет-
кілікті  түрде  географиялық  жақын  орналасқан 
компаниялар,  жабдықтар  жеткізушілер,  ғылы-
ми-зерттеу  институттары,  оқу  орындары  және 
т.б.  тобын  түсінеміз.  Олар  бірін-бірі  өзара  то-
лықтырады  және  бір-бірінің  бәсекелестік  ар-
тықшылықтарын күшейтеді [1-3].
Республикада  тамақ  кластерін  қалыптас-
тыру  мәселесі  бойынша  бас  ұйымның  маман-
дары  -  «Маркетингтік-талдамалы  зерттеулер 
Орталығы»  АҚ  кластердің  тасымалдау  және 
сақтау,  көтерме  және  бөлшек  сауда  сияқты 
сегменттерінің  жағдайы  орташа  деп  есептейді 
[4].Біздің  ойымызша,  республиканың  тамақ 
өнеркәсібінде  логистикалық  қызмет  көрсетуде 
елеулі  проблемалар  бар,  соның  нәтижесінде 
тамақ  өнімдерінің  бағасы  өндірушіден  соңғы 
тұтынушыларға  қозғалу  процесінде  елеулі  жо-
ғарылайды. Оны жекелеген өнімдер түріне кө-
терме  және  бөлшек  сауда  бағаларын  қалып-
тастыру  механизмін  зерттеу  нәтижелері  рас-
тайды.  Сол  нәтижелерге  қарағанда  делдалдық 
құрылымдардың  баға  үстіне  қосқандары  ауыл 
шаруашылық  шикізат  өндірушілердің  көтерме 
бағасынан  40-90%-ға  жетеді.  Мысалы,  1  тонна 
астықты сақтағаны үшін тауар өндірушілер 60-
80 долл. төлейді [5].
Азық-түлік  тауарларын  сатудан  түскен  қо-
сымша  табыстар  делдалдық  ұйымдарда,  және 
сауда  ұйымдарында  қалып  қояды.  Олар  азық-
түлікті  қайтадан  сатқан  жағдайда  көтерме  ба-
ғаның үстіне өздері алатын  пайданың көлемін 
қосады. Нәтижесінде халықтың елеулі бөлігінің 
азық-түлікке 
экономикалық 
қолжетерлік 
мүмкіндіктері  қысқарады,  бұл  ұлттық  азық-
түлік қауіпсіздігінің критерийлерінің бірі болып 
саналады.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын 
қамтамасыз ету мақсатында нарықтық инфрақұ-
рылымдарға  қызмет  көрсететін  өнеркәсіптік, 
сауда  кәсіпорындары  мен  компанияларын 
интеграцияланған  жүйелерге  біріктіру  керек. 
Осындай  жүйенің  мысалы  ретінде  интегра-
цияланған  логистикалық  жүйені  келтіруге  бо-
лады.  Ол  ішкі  фирмалық,  фирма  аралық  және 
ғаламдық деңгейлерде салалық және аумақтық 
бағыныштылығына  қарамастан  жұмыс  жасап 
келеді,  себебі  ол  тез  арада,  дер  кезінде  және 
ең төменгі шығындармен тұтынушыларға өнім 
жеткізіп беруді жүргізеді.
Қазақстанның өнеркәсіптік салаларында ба-
рынша тығыз интеграциялық әрекеттер «соңғы 
өнім  өндірісі»  технологиясымен  біріктірілген 
кәсіпорындар  арасында  жүргізіледі.  Техника-
лық-технологиялық  интеграция  процестері  ең 
тез  қарқынмен  мұнай  алушы,  табиғи  газ  өнді-
руші, көмір, металлургия және тамақ өнеркәсібі 
салаларында  жүргізіледі.  Бұл  осы  салалардың 
логистикалық жүйелер қалыптастыруға дайын-
дықтарының  жоғары  екенін  көрсетеді.  Логис-
тикалық  жүйелер  мына  төмендегі  міндеттерді 
шешуге  жағдай  туғызады:  1)  жергілікті  өнімді 
тұтынушыға  жеткізу  үшін  нарықтың  инфрақұ-
рылымын  жетілдіру;  2)  өркениетті  делдалдық 
ұйымдар мен қойма шаруашылығы кәсіпорын-
дарының тізбегін қалыптастыру, олар тиімді кө-
терме және бөлшек сауданы қамтамасыз етеді, 
тауарды  ең  төмен  шығындармен  жылжытып 
отырады; 3) жергілікті өнімдердің бәсекелестік 
қабілетін  арттырады;  4)  тауар  қозғалысын  тө-
лем-есепті  және  несиелік  қажеттіліктер  тұр-
ғысынан  қамтамасыз  ететін  объекттер  тізбегін 
және  жағдайларын  ұйымдастыру;  5)  жергілікті 
нарықтың және оның инфрақұрылымдарының 
жұмыс  жасауындағы  нормативтік-құқықтық 
негіздерін жетілдіру; 6) тауарлы нарықтың жұ-
мыс  жасауына  тиімді  ақпараттық  қамтамасыз 
етуді құру [6].
Көрсетілген  міндеттерді  шешу  тауар  қозға-
лысының өңірлік жүйесінде нарықтық қатынас-
тардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық  кәсіпорындар  халықаралық 
кластерлер  қалыптастырудың  негізі  болуы 
мүмкін.  Бізде  «Vita  Soy»  халықаралық  кластері 
жұмыс істеуде, ол майлы дақылдарды қайта өң-
деумен  айналысады  және  өсімдік  және  сары 
Азық-түлік кластерін басқаруды ұйымдастыру
Исабаева А.Б.
Алматы гуманитарлы-техникалық университеті
«Экономика» магистранты, «Алматы облысының  
ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экономисі
Алматы қ-сы
Ғылыми жетекшісі: 
жүнісов К.Г., э.ғ.к., доцент

65
май,  майонез,  сондай-ақ  тереңдете  өңделген 
белоктық өнімдер өндіреді.
«Vita»  АҚ  Қазақстанның  30  корпоративтік 
көшбасшылары  тізіміне  қосылған,  Ақсу  қайта 
өңдеу қант комбинаты және Тоқмақ сүт зауыты-
мен (Қырғызстан) натуралды және құрама май 
өндіретін бірлесе отырып жұмыс жасайды. Ол 
Қазақстанда және шетелдерде белгілі «Иртыш» 
сауда белгісімен толық нарыққа өнім шығарады 
және «Vita Soy» белгісімен май өнімдерін шы-
ғарады. Өнімді сату компания филиалдары ар-
қылы  жүргізіледі,  олар  Қазақстанның  17,  Қыр-
ғызстанның 2 қаласында орналасқан және Ре-
сейдегі 5 еншілес компания арқылы сатылады.
Қазақстанның  әлеуетін  Қытай  бұршақ  өсіру 
жағынан  эксперттер  жылына  5,0    млн.доллар. 
деп бағалайды. Қытай бұршақ кластерін «Vita» 
АҚ-ы  негізінде  құру  және  дамыту  республи-
каға  ТМД  елдерінің  нарығында  Еуропада,  Ор-
талық Азияда тамақтық қытайбұршақ өнімдерін 
жеткізу  бойынша  генетикалық  таза  қазақстан-
дық  қытайбұршақтан  жетекші  орындарға  шы-
ғуға мүмкіндік береді.
Осы  бағытта  экспортқа  шығарылатын  өнім 
жоғары қосымша құнмен жіберіледі. Егер шикі 
қытайбұршақтың  1  тоннасы  230-250  доллар 
деп  бағаланса,  онда  келесі  кезеңдегі  дайын 
өнім  280-310  долл.;  үшінші  кезеңдегісі  -600 
долл.; төртінші кезеңдегі өнімнің қытайбұршақ 
ұны және текстураттар әрбір тоннасы - 700-900 
доллар, ал енді бесінші кезеңдегі өнімдердің 1 
тоннасы 1,0 мың доллардан -2 ,0 мың долларға 
дейін өседі [7].
Болашақта  астық  өндіру  бойынша  халықа-
ралық  кластер  Саратов,  Оренбург,  Жаңасібір, 
Омбы, Барнаул, Қостанай, Астана, Алматы ҒӨО-
рының  қатысуымен  Шортанды  қаласындағы 
астық  шаруашылығы  ҒЗИ-да  құрылуы  мүмкін. 
Осы  бірыңғай  табиғи  еуразиялық  «нан  бел-
демшесінде»  100-150  млн.  тонна  астық  алуға 
болады.
АӨК-і жүйесіндегі қызметтер түрлерін клас-
терлік  негізде  дұрыс  үйлестіру  оның  бәсеке-
лестік  артықшылықтарын,  тұрақтылығын  қам-
тамасыз етеді, соның ішінде бәсекелестік қабі-
летке елеулі әсер ететін инновациялық өзгерту-
лер есебінен:
 ▪ сала құрылымы өзгереді, бәсекенің жаңа 
ережелері белгіленеді; 
 ▪ кәсіпорындарға  бәсекелестерін  еңбек 
өнімділігі  бойынша  басып  озуға  жаңа 
мүмкіндіктер ұсынылады
 ▪ бизнестің  жаңа  түрлері  пайда  болады, 
көп  жағдайда  өмірге  келіп  қалған  про-
цестер мен операциялар негізінде пайда 
болады;
 ▪ бизнес-процестердің  бағыттары  құры-
лады  және  тәртіптері  өзгереді,  атап  айт-
қанда  ауылшаруашылық  кластерлерін 
ұйымдастыру есебінен.
  Ауыл  шаруашылық  кәсіппорындарының 
бәсекелестік  қабілетін  арттыруға  кластерлік 
тәсілдеме  аумақтық  және  салааралық  басқару 
қағидаларының  ерекше  комбинациясы  болып 
табылады. Ол интеграциялық процестерді эко-
номиканың  мезо  деңгейінде  ынталандырады. 
Ауыл  шаруашылық  кластерлерінің  бәсекеге 
қабілеттілік тұрғысынан тиімді кластерлер құру 
барысында  біріктірілген  бірлестіктерде  оларға 
қатынасушылардың өзара іс-әрекеттерінен си-
нергетикалық әсер, яғни  қосылу мен жұтылу-
дың  (поглощение) нәтижесінде қол жеткізілген 
үлкен тиімділік пайда болады. Азық-түлік клас-
терлерде  бәсеке  мен  кооперацияның  күрделі 
комбинациясы  қалыптасады.  Өңірлік  нарықта 
олар субъекттер мен бәсекенің бірыңғай агент-
тері ретінде қатысады, бұл оларға тең құқықты 
ретінде  көрінуге  және  ғаламдық  бәсекенің 
үрдістеріне  қарсы  тұруға  мүмкіндік  береді.  Ал 
ғаламдық  бәсеке,  әрине  Қазақстанның  ДСҰ-ға 
кіруі  барысында  елге  келетін  импорттық  ауыл 
шаруашылық  өнімдеріне  тосқауылдарды  бә-
сеңдету есебінен ерекше күшейетіні белгілі.
Азық-түлік кластері - өте күрделі шаруашы-
лық құрылым. Осы мағынада қарастырсақ, оны 
құруды  бірнеше  кезеңмен  жүргізу  керек.  Бұл 
жағдай  кластер  құру,  оны  қалыптастыру  әдіс-
намалығында көрініс табуы тиіс. Атап айтқанда, 
біздің ойымызша мына төмендегідей кезеңдер 
кластер құру барысында оңтайлы болар еді:
 ▪ бірінші  кезең  -  мақсатты  таңдау.  Бұл  ке-
зеңде  міндеттерді  шешудегі  негізгі  өл-
шемдер жалпыға таныс;
 ▪ екінші кезең - кластердің контекстуалдық 
элементін таңдау - бұл буын барлық тіз-
бекті  қалыптастыруды  жүзеге  асырады 
немесе  салалардың,  кәсіпорындардың 
және  т.б.  барлық  «шоғырлануы»  осында 
қарастырылады.  Технологиялық  және 
контекстуалдық элемент кластердің бар-
лық  буындары  мен  құрылымдарын  ре-
сурстармен жабдықтауды жүргізеді;
 ▪ үшінші кезең - кластерге кіретін салалар 
тізбегін және қызмет түрлерін ойластыру, 
басқаша  айтқанда,  азық-түлік  кластеріне 
қандай  қызмет  түрлері  кіру  керек  және 
қандай  тізбектілікпен.  Осы  тәртіптің  ғы-
лыми негіздері мен технологиясының да-
йындамасы талап етіледі.
Көрсетілген кезеңдерді және оларды қалып-
тастырушы міндеттерді салыстыру кластер құру 
ісіндегі ең басты міндет екенін көрсетеді. Бүгінгі 
таңда  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  осы  мә-
селе тиісті дәрежеде дайындалмаған.
Бізге, осы міндетті шешу негізін екі бағытта 
қарастыру керек сияқты көрінеді.

66
Бірінші  -  оның  негізіне  ресурстық  база  қа-
былданады,  яғни  қандай  да  болсын  өнімді 
өндіру, қайта өңдеу және тұтыну мүмкіндігі.
Екіншісі  -  ең  негізгісі  нарықтың  сыйымды-
лығы болып табылады немесе халықтың төлем 
қабілеті бар сұранысы. Екі бағытта ең соңында 
бір нәтижеге алып келеді - кластер құруға. Де-
генмен, кластер құру технологиясының өзі қан-
дай  бағыт  негізге  алынатынына  байланысты 
бөлектенеді,  яғни  азық-түлік  кластерін  қалып-
тастыру  контексіне  қайсы  бағыт  алынғанына 
байланысты.
Екінші бағыт бойынша, кластер жоғарыда ай-
тылған  контекстуалдық  элементін  дайындауды 
ескере  отырып  құрылады.  Оның  төмендегідей 
өзіндік  ерекшеліктері  бар:  кластер  ресурсын 
белсенді  шоғырландыру  және  бөлу  қабілеті, 
салалар мен қызмет түрлерін, сондай-ақ басқа 
параметрлерді  кластеризациялау  технология-
сын қалыптастыру.
Кластерге  кіретін  салалар  саны  және  қыз-
меттер  түрлері  -  контекстуалдық  элементтің 
қуаттылығына  байланысты  шама.  Дәл  осы 
элемент  кластердің  жалпы  конфигурациясын 
анықтайды.
Салалардың  және  қызмет  түрлерінің  өзара 
байланысына  келсек,  ол  өзара  инвестициялау 
технологиясына негізделеді.
Жоғарыда  көрсетілген  жұмыстарда  айтыл-
ған  негізгі  әдіснамалық  көзқарастарды  пайда-
лана  отырып  осы  проблеманы  шешуді  біздің 
мәселеге қолдану жағын көрсетеміз.
Міндеттерді шешу контекстуалдық элементті 
таңдауға  және  корреляциялық  матрицаны  құ-
руға  әкеліп  тірейді.  Контекстуалдық  ресурс 
ретінде  біз  төлем  қабілеті  бар  сұранысты  таң-
дап алдық. Соның негізінде тұтыну корреляция-
лық  матрицасы  құрылады,  ол  кластерді  құру 
технологиясын жинақтаған.
Тұтыну  матрицасын  құру  бірнеше  кезеңде 
жүргізіледі.  Бірінші  кезеңде  -халықтың  төлем 
қабілеті  бар  сұраныс  көлемі  анықталады  не-
месе  нарықтың  сыйымдылығы.  Ол  үшін  азық-
түлік  тауарлары  бойынша  шығындар  көлемі 
азық-түлік  емес  тауарлар  мен  қызметтерге 
шығындарды  ескере  отырып  түзетіледі.  Алын-
ған  шамаға,  қосымша,  халықтың  ақшалай  та-
быстары  шамасы  қосылады.  Ол  табыстар  да 
ішкі нарықтың сыйымдылығын кеңейтуге сұра-
ныстың импорттан отандық өндіріске және т.б. 
қайта бағдарлануымен әсерін тигізеді.
Нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс ша-
масы табылады. Екінші кезеңде - ірілендірілген 
тауарлар топтарын таңдау жүреді, ол тауарлар 
тұтыну  қағидасы  негізінде  емес,  өндірістік  қа-
ғида  негізінде  құрылған.  Үшінші  кезеңде  клас-
тердің өзінің жүйесін құру жүреді.
Біз  «әртүрлі  тауарлар  біріне-бірі  инвестор-
лар  болып  табылады»  деген  ережені  басшы-
лыққа  алып  отырмыз,  яғни  олар  өзара  қар-
жыландыру  жүргізеді.  Қаржыландырудың  өзі 
табыстармен  алмасу  ретінде  жүреді,  әртүрлі 
тауарлар тұтынушының табыстарынан «қарызға 
ала отырып», тауарлардың «табысты алаңына» 
қояды, бір-бірімен олар тұтыну барысында үй-
лесіп отырады.
Осы  тезис  кластерлер  қалыптастыру  тех-
нологиясы  мен  кластеризациялау  процесінің 
негізін  құрады.  Бастапқыда  әрбір  тауарды  тұ-
тыну мен халықтың тамаққа бағытталған табыс-
тары  арасындағы  өзара  байланыс  есептеледі. 
Есептеулер барысындаабсолюттік шамалардың 
орнына  салыстырмалы  көрсеткіштер  пайда-
ланылады, атап айтқанда корреляция коэффи-
циенті.  Алынған  мәліметтер  рет-ретімен  қо-
йылады.  Олар  корреляциялық  матрица  түріне  
айналады.  Алынған  коэффициенттердің  мәні 
тұтынушы өзінің табыстарының қандай көлемін 
қандай  тауарларға  салатынын  көрсетеді,  яғни 
осы көрсеткіш қайсыбір тауарлар өндірісіне ин-
вестициялар параметрін сипаттайды.
Дегенмен  қайсыбір  тауарды  өндіру  және 
барлық шаруашылық инфрақұрылым инвести-
цияларды  тек  қана  тікелей  каналдан,  аталған 
көздерден  ғана  емес,  тағы  да  өзара  байланыс 
жүргізу  негізінде  де  алады,  яғни  бірінен-бірі 
табыстарын  «қарызға  ала  тұруы»  мүмкін.  Осы 
мақсаттарда  корреляциялық  коэффициенттері 
де пайдаланылады. Бірақ алдындағыдан айыр-
машылығы,  мұнда  тауарлардың  өзара  бай-
ланысы  сатып  алушының  тұтыну  бюджетінде 
көрсетіледі. Солардың негізінде құрылған мат-
рицаның кластер құру үшін басқаша атқарым-
дық мәні бар. Ол алдындағыдан әрбір тауардың 
бірнеше  корреляциялық  коэффициенттері  бо-
латынымен өзгешеленеді, яғни корреляциялық 
коэффициенттен  басқа  табысы  бар  тауардың 
немесетұтыну шығындары бар, басқа тауарлар-
мен табыстары бойынша корреляциясы қосы-
лады.  Мұндай  жағдай  тауарлардың  олардың 
иелеріне  пайдаәкелу  тек  азаматтардың  табыс-
тарынанғана  емес,  тауарлардың  тұтыну  бюд-
жеттерінен де пайда әкелу қабілеті ретінде си-
патталады. Бұл дегеніміз, тауар өндірісі инвес-
тицияларды тікелей халықтың табыстарынан да 
және басқа тауарлардан «қарызға ала отырып» 
та инвестиция алады.
Кластерлерқұру  үшін  бірінші  матрицаға 
қарағанда  екіншісінің  мәні  жоғарырақ  екені 
белгілі,  себебі  кластерлер  -  салалар  тізбегі, 
олар қызмет түрлерінің өзара іс-әрекетінің жү-
йесін құрады, ол әртүрлі өндірістер ресурстар-
мен  өзара  алмасу  технологиясына  негізделеді. 
Бұл алмасудың негізін қаржылық ресурстардың, 
инвестициялардың қайта құйылымы, тауарлар-
дың  өзара  алмасуы  нәтижесінде  тұтыну  бюд-

67
жетіндегі табыстар арқылы көрсетеді. Осындай-
жолмен алынған матрица кластер құруға негіз 
ретінде қызмет етеді.
Дегенмен технологиялық схемасымен қатар 
ұйымдық  және  институционалдық  үлгілері  құ-
рылған кезде ғана кластеризациялауды аяқтал-
ған деп қабылдауға болады.
Ұйымдық-институционалдық 
кластердің 
құрамдасы  кластерді  басқаруды  ұйымдастыру 
жүйесі  болып  табылады.  Мұнда  бірқатар  сте-
реотиптер іске қосылады, оларкластерді дұрыс 
құруға кедергі жасайды.
Қазіргі  уақытта  кластерлерді  басқаруды 
ұйымдастыру  мәселелерін  шешуге  тікелей 
кірісіп  кететін  анық  өлшемдер  жоқ.  Біз,  жо-
ғарыда  келтірілген  материалдар  кластердің 
ұйымдық-институционалдық  жүйесін  құруға 
негіз бола аладыдегенпікірдеміз.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Михневич  С.  Либерализация  мировой  торговли  сельхозпродукцией  и  проблема  продо-
вольственной  безопасности  //  Әлемдік  экономика  және  халықаралық  қатынастар.  -  2005. 
- № 1. - Б. 59-63.
2.  Манилов В.Л. Безопасность в эпоху партнерства .-М.,1999.- 368 б.
3.  Казаирова  А.  Состояние  и  перспективы  развития  рынка  сельскохозяйственной  техники  // 
Транзиттік экономика. - 2005. - № 3.-Б.84-92.
4.  Тайбасарова Ж.Ж. Основы агропромышленной интеграции // Қазіргі кездегі білім беру мен 
ғылымның өзекті мәселелері тақырыбындағы халықаралық ғылыми тәжірибелік конф. мате-
риалы. - А. Мырзахметова атындағы Көкшетау университеті, 2005. - Т. 1. - Б. 358-366.
5.  Молдашев А.Б. Проблемы развития АПК // www.minagri.kz.
6.  Кайгородцев А.А. Маркетинг  (Қазақстан тәжірибесі): Оқу  құралы. Усть-Каменогорск: КАСУ, 
2006. - 165 б.
7.  Кайгородцева Т.Ф., Кайгородцев А.А. «Маркетинг принципіндегі Қазақстан Республикасының 
тамақ  өнеркәсібін  басқару»  атты  «Аманжол  оқулары-2007»  халықаралық  ғылыми  тәжіри-
белік конф. материалы. – Өскемен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік уни-
верситеті, 2007. - Т. 1.- Б. 66-69.
В статье рассмотрены методы  управления кластером производства продуктов.
Article examines the  management methods in the cluster of food products.

68
Қазақстанда  еркін  экономикалық  аймақ-
тардың  құрылу  тарихы  1990  жылдың  қараша 
айында  «Қазақ  КСР-індегі  еркін  экономикалық 
аймақтар туралы» заңның қабылдануымен бас-
талады.  Осы  заңға  бірнеше  рет  түзетулер  мен 
өзгерістер енгізіліп, қазір ол «Қазақстан Респуб-
ликасындағы  арнайы  экономикалық  аймақтар 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  деп 
аталады. 
Қазақстандағы  алғашқы  еркін  экономика-
лық аймақтар 1991-1992 жылдары пайда болып, 
Жезқазған облысында Жәйрем-Атасу, Талдықор-
ған облысында Жаркент және Алакөл, Қостанай 
облысында  Лисаков  еркін  экономикалық  ай-
мақтары  құрылды.  Алайда,  алғашқы  еркін  эко-
номикалық аймақтардың құқықтық және ұйым-
дық жүйесі жетік дамымағандықтан, көп ұзамай 
жабылды.  Негізінен,  бұл  аймақтар  билік  тара-
пынан тәжірибеден өткізіліп, оларға қаржылық, 
салықтық,  кедендік  және  басқа  да  мәселелерді 
шешуде, басқаруда толық дербестілік берілмеді. 
Еркін  экономикалық  аймақтардың  құры-
луы  өндірісті  жандандырып,  тауарлардың  ішкі 
нарыққа  шығарылуын  және  қосымша  жұмыс 
орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Осы-
ның  нәтижесінде  Қазақстанда  қазіргі  заманғы 
өнімділігі  жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер 
жедел дамып, қосымша инвестициялар тартуға 
және  жаңа  технологияларды  ендіруге  жағдай 
жасалады [1].     
Қазақстан  Үкіметі  арнайы  экономикалық 
аймақтарды  дамыту  мәселелері  бойынша  бел-
сенді  жұмыстар  атқаруда.  Өйткені,  Қазақстанда 
арнайы  экономикалық  аймақтардың  одан  әрі 
дамуы өңірлік экономикаларға қосымша инвес-
тиция  тарта  отырып,  өндірістен  жоғары  пайда 
мөлшерін алуға мүмкіндік береді. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  ар-
найы экономикалық аймақтарды басқару және 
олардың  жұмысының  тиімділігін  арттыруға  ба-
ғытталған  «Қазақстан  Республикасындағы  ар-
найы  экономикалық  аймақтар  туралы»  Қазақс-
тан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi 
№ 469-IV Заңына қол қойды. Сондай-ақ, салық 
жеңілдіктерінің пакеті анықталып, заңды тұрғы-
дан бекітілді. 
Бүгінгі күні Қазақстанда 9 арнайы экономика-
лық аймақ жұмыс істейді. Оның ішінде 6 арнайы 
экономикалық  аймақ  –  «Астана  –  жаңа  қала», 
«Ақтау  теңіз  порты»,  «Ақпараттық  технология-
лар  паркі»,  «Оңтүстік»,  «Ұлттық  индустриялық 
мұнай-химия  технопаркі»,  «Бурабай»,  Астана 
және  Қарағанды  қалаларындағы  2  индустрия-
лық аймақ – ойдағыдай дамуға қол жеткізді.
Мысал  келтірсек,  «Астана  –  жаңа  қала»  ар-
найы  экономикалық  аймағында  277  нысан, 
«Ақпараттық  технологиялар  паркінде»  63  ком-
пания  тіркелген.  «Ақтау  теңіз  порты»  арнайы 
экономикалық  аймағында  29  инвестициялық 
жоба  жүзеге  асырылуда.  «Оңтүстік»  аймағында 
«OxyTextile»  және  «Хлопкопром-Целлюлоза» 
компаниялары  екі  инвестициялық  жобаны  іске 
асырды,  «Ұлттық  индустриялық  мұнай-химия 
технопаркінде»  озық  үлгідегі  газ-химия  кешені 
құрылысының жобасы қолға алынуда. 
2011  жылдың  соңында  Қазақстанда  нақты 
салалық  бағыттағы  жаңа  үш  арнайы  экономи-
калық  аймақ  құрылды.  Олар  –  Қарағанды  об-
лысындағы  металлургия  және  металл  өңдеу 
салаларын  дамытуға  бағытталған  «Сарыарқа» 
арнайы  экономикалық  аймағы,  Алматы  облы-
сындағы  көлік-логистикалық  әлеуетті  дамытуға 
бағытталған  «Қорғас  –  Шығыс  қақпа»  арнайы 
экономикалық аймағы, Павлодар облысындағы 
химия және мұнай-химия өнеркәсіп салаларын 
дамытуға бағыттылған «Павлодар» арнайы эко-
номикалық аймағы.
2011  жылдың  соңына  қарай  арнайы  эконо-
микалық  аймақтарға  300-ден  астам  қатысушы 
тіркеліп, өндіріс көлемі 3 есе артты. Бүгінде Қа-
зақстан  Үкіметі  арнайы  экономикалық  аймақ-
тарды  дамыту  мәселелері  бойынша  белсенді 
жұмыстар  атқару  үстінде.  Мәселен,  Елбасының 
тапсырмасымен  барлық  өңірлерде  индустрия-
лық аймақтар құрылатын болады. 
Кеден одағы шеңберінде арнайы экономика-
лық аймақтар 2010 жылы 18 маусымда қабыл-
данған  Кеден  одағының  кедендік  аумағындағы 
еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар 
және  еркін  кедендік  аймақтың  кедендік  рәсімі 
мәселелері жөніндегі келісім арқылы реттеледі. 
Осы  келісімнің  негізгі  міндеті  Кеден  одағына 
мүше  мемлекеттердің  ЕЭА  қызметін  реттейтін 
заңдарын,  оның  ішінде  еркін  кедендік  аймақ-
тың  кедендік  рәсімі  туралы  жалпы  ережелерін 
бірыңғайластыру болып табылады. 
Келісімде  еркін  кедендік  аймақтың  кедендік 
рәсімінің  мазмұны  және  тауарларды  еркін  ке-
дендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастыру 
шарты  бекітілген.  Сондай-ақ,  Кеден  одағының 
комиссиясы  ЕЭА  аумағында  тыйым  салынған 
қызмет түрлерін және еркін кедендік аймақтың 
кедендік рәсіміне орналастыруға жататын тауар-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет