68
Қазақстанда еркін экономикалық аймақ-
тардың құрылу тарихы 1990 жылдың қараша
айында «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық
аймақтар туралы» заңның қабылдануымен бас-
талады. Осы заңға бірнеше рет түзетулер мен
өзгерістер енгізіліп, қазір ол «Қазақстан Респуб-
ликасындағы арнайы экономикалық аймақтар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы деп
аталады.
Қазақстандағы алғашқы еркін экономика-
лық аймақтар 1991-1992 жылдары пайда болып,
Жезқазған облысында Жәйрем-Атасу, Талдықор-
ған облысында Жаркент және Алакөл, Қостанай
облысында Лисаков еркін экономикалық ай-
мақтары құрылды. Алайда, алғашқы еркін эко-
номикалық аймақтардың құқықтық және ұйым-
дық жүйесі жетік дамымағандықтан, көп ұзамай
жабылды. Негізінен, бұл аймақтар билік тара-
пынан тәжірибеден өткізіліп, оларға қаржылық,
салықтық, кедендік және басқа да мәселелерді
шешуде, басқаруда толық дербестілік берілмеді.
Еркін экономикалық аймақтардың құры-
луы өндірісті жандандырып, тауарлардың ішкі
нарыққа шығарылуын және қосымша жұмыс
орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Осы-
ның нәтижесінде Қазақстанда қазіргі заманғы
өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер
жедел дамып, қосымша инвестициялар тартуға
және жаңа технологияларды ендіруге жағдай
жасалады [1].
Қазақстан Үкіметі арнайы экономикалық
аймақтарды дамыту мәселелері бойынша бел-
сенді жұмыстар атқаруда. Өйткені, Қазақстанда
арнайы экономикалық аймақтардың одан әрі
дамуы өңірлік экономикаларға қосымша инвес-
тиция тарта отырып, өндірістен жоғары пайда
мөлшерін алуға мүмкіндік береді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ар-
найы экономикалық аймақтарды басқару және
олардың жұмысының тиімділігін арттыруға ба-
ғытталған «Қазақстан Республикасындағы ар-
найы экономикалық аймақтар туралы» Қазақс-
тан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi
№ 469-IV Заңына қол қойды. Сондай-ақ, салық
жеңілдіктерінің пакеті анықталып, заңды тұрғы-
дан бекітілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда 9 арнайы экономика-
лық аймақ жұмыс істейді. Оның ішінде 6 арнайы
экономикалық аймақ – «Астана – жаңа қала»,
«Ақтау теңіз порты», «Ақпараттық технология-
лар паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркі», «Бурабай», Астана
және Қарағанды қалаларындағы 2 индустрия-
лық аймақ – ойдағыдай дамуға қол жеткізді.
Мысал келтірсек, «Астана – жаңа қала» ар-
найы экономикалық аймағында 277 нысан,
«Ақпараттық технологиялар паркінде» 63 ком-
пания тіркелген. «Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймағында 29 инвестициялық
жоба жүзеге асырылуда. «Оңтүстік» аймағында
«OxyTextile» және «Хлопкопром-Целлюлоза»
компаниялары екі инвестициялық жобаны іске
асырды, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия
технопаркінде» озық үлгідегі газ-химия кешені
құрылысының жобасы қолға алынуда.
2011 жылдың соңында Қазақстанда нақты
салалық бағыттағы жаңа үш арнайы экономи-
калық аймақ құрылды. Олар – Қарағанды об-
лысындағы металлургия және металл өңдеу
салаларын дамытуға бағытталған «Сарыарқа»
арнайы экономикалық аймағы, Алматы облы-
сындағы көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға
бағытталған «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы
экономикалық аймағы, Павлодар облысындағы
химия және мұнай-химия өнеркәсіп салаларын
дамытуға бағыттылған «Павлодар» арнайы эко-
номикалық аймағы.
2011 жылдың соңына қарай арнайы эконо-
микалық аймақтарға 300-ден астам қатысушы
тіркеліп, өндіріс көлемі 3 есе артты. Бүгінде Қа-
зақстан Үкіметі арнайы экономикалық аймақ-
тарды дамыту мәселелері бойынша белсенді
жұмыстар атқару үстінде. Мәселен, Елбасының
тапсырмасымен барлық өңірлерде индустрия-
лық аймақтар құрылатын болады.
Кеден одағы шеңберінде арнайы экономика-
лық аймақтар 2010 жылы 18 маусымда қабыл-
данған Кеден одағының кедендік аумағындағы
еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар
және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі
мәселелері жөніндегі келісім арқылы реттеледі.
Осы келісімнің негізгі міндеті Кеден одағына
мүше мемлекеттердің ЕЭА қызметін реттейтін
заңдарын, оның ішінде еркін кедендік аймақ-
тың кедендік рәсімі туралы жалпы ережелерін
бірыңғайластыру болып табылады.
Келісімде еркін кедендік аймақтың кедендік
рәсімінің мазмұны және тауарларды еркін ке-
дендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастыру
шарты бекітілген. Сондай-ақ, Кеден одағының
комиссиясы ЕЭА аумағында тыйым салынған
қызмет түрлерін және еркін кедендік аймақтың
кедендік рәсіміне орналастыруға жататын тауар-
Достарыңызбен бөлісу: