Литература
1 Концепция развития туристской отрасли Республики Казахстан до 2020
года от 23 февраля 2013 г.
2 Официальный сайт Фонда развития предпринимательства «Даму». -
Режим доступа:
http://www.damu.kz/
3 Ержанова С.К.. Современное предпринимательство в туристской
индустрии// Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. - 2011.
- №4(64). –С.72-78.
4 Ержанова С.К, Жолт Хустъи. Культура, как объект образования и
туризма. Кросскультурное и полиязычное образование в современном мире //
Матер. межд. науч.-практ. конф. - Костанай, 2013. Т.2. - С.19-24.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДА ЭТНОТУРИЗМДІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБЫСТЫ ТУРИЗМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Хасенханов Н.Б., Ахметова С.Е.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: nurshuak.mail.ru@mail.ru
Туризм саласын дамытуды насихат жұмыстарын қарқынды жүргізу
арқылы ғана жолға қоюға болады, өйткені, туристер қай жерге баратындығы
жайлы шешімді өздері ат басын бұрған елдердің табиғатының әсемдігі мен
саяси тұрақтылығының бекемдігін, демалуға барлық жағдайдың жасалған-
жасалмағандығын, туристік кешендер мен демалыс орындарындағы сервистік
қызмет сапасының жоғары-төмендігін талдап, таңдау жасағаннан кейін барып
қана қабылдары анық. Жалпы, туризмнің тек демалудан басқа өзге елдердің
тарихымен, мәдениетімен және ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе
жатқан салт-дәстүрі һәм әдет-ғұрпымен танысуды мақсат тұтумен жасалатын
этнотуризм деп аталатын түрінің де маңызы зор. Жер қойнауы табиғи байлыққа
толы Қазақстан туризмге, соның ішінде этнотуризмді дамытуға сұранып тұрған
мемлекет екені ақиқат. Өйткені, туристік кластер жүйесін мүмкіндігінше
қарқынды дамытудан еліміз мұртын майлап, бюджет әмиянына түсетін мол
қаражат тауып қана қоймай, қазақ жері мен республиканың байырғы ұлт өкілі
— қазақтарды жалпақ жұртқа тереңірек таныстыруға қол жеткізеді [1].
Қазақстанның қай өңіріне барсаңыз да, бұрынғы ата-бабаларымыздың
тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен мол мағлұмат беретін тарихи
ескерткіштер мен көне мәдени жәдігерлерді көптеп кездестіруге болады. Құс
қанаты талып, құлан тұяғы мүжілетін ұлан-ғайыр аумақты бір өзі алып жатқан
Қазақстанның батысындағы Атырау мен Маңғыстау, Орал мен Ақтөбе, одан
бергі абыздар мен би-батырлардың, толып жатқан баптардың мекені —
Қызылорда мен Шымкент өңірі, солтүстіктегі Көкшетау мен Павлодар, жер
жәннаты Жетісудың көз тартар әсем жерлері қай елдің болсын мәртебесін
80
асырып, атақ-абыройын еселеуге негіз бола алатындай өңірлер. Шығыс
Қазақстан облысының өзін алайықшы. Еліміздің ірі индустриялық өңірі
саналатын Кенді Алтай өлкесі жатжұрттықтарға: “Біздерде мынадай бар,
мынадай бар”,— деп мақтанышпен көрсететіндей жерлерге кенде емес.
Міне осындай таңғажайып туған жерімізде халқымыздың салт-дәстүрін
ұлықтап жер жаһанға паш ететін мүмкіндік туып тұр. Бар болғаны қолда бар
қазынамызды әлемдік деңгейде таныстыру. Ал алпауыт туристік жабдықтаушы
елдердің назарын аудару үшін тамыры тереңде жатқан тарихымыздан, тұрмыс-
тіршілігімізден сыр шертер этнотуризмді дамытуға тиіспіз.
Этнотуризм – бұл туризм түрі ауылдық жерлерде жүзеге асады. Туризмнің
осы түріне төмендегілер кіреді: халық әдет-ғұрыпымен танысу, қол өнер, жер
өңдеу және т.б. Этнотуризмді дамыту идеясы (өзін және жан-ұясын табыспен
қамтамасыз ету мәселесі қиын) өңірлерде ерекше өзекті
Қызметтің аталмыш түрін қолданушылардың басым бөлігі ірі қала
тұғындары мен шетелдік туристер. Қызығушылығын арттырған туризмді
туристер тегінде ауыл тынысымен танысу мақсатында келіп, ұлтттық мәдениет
пен тіршілікке біте қайнасады. Кейіңгі кездері этнотуризмге деген
қызығушылық артып келеді. Ауылға келген турист күйбелең қала тіршілігінен
арылып кеңінен тыныстап қана қоймай, сонымен қатар өз қолымен тіршілік
қамын жасауға мүмкіндік алады.
Нәзік жандылар қазан-ошаққа араласып ет, бауырсақ, талқан, қымыз (күбі
ыстау, пісу үрдісін) т.б. меңгерсе, ер адамдар білек сыбана қора жайдағы (малға
шөп салу, қой қырқу, ат тағалау т.б.) жұмыстарды істеп көруге мүмкіндік
алады. Шет елдік туристер және қала қонақтары үшін бұл нағыз экзотика. Ал
ауыл тұрғындары үшін бұл өз бизнестерін дөңгелету үшін өте ұтымды
мүмкіндік.
Этнотуризм бизнес ретінде – клиентті қалай қызықтыруға болады?
Басты ескеретін мәселе бизнестің бұл түрі «Этнос» сөзінен шыққан, яғни
территориялық және мәдени тұрғысынан біріккен ұлт немесе адамдар тобы.
Жалпы айтқанда өзгелерден мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, дәстүрімен
ерекшелінетін адамдар тобы.
Ауылға келген туристерге қандай қызмет түрін ұсынуға болады? Ойланып
қарасақ көңіл көтерудің түрлері өте көп. Этнотуризм кең ауқымды. Туристер
үшін жергілікті жердің тұрғылықты адамына айналу оны өз жан дүниесімен
сезіну өте қызық. Келген қонақтарды тұрғылықты жердің тұрғындардың
бейнесіне келтіру үшін келесідей іс-шараларды жасауға болады:
ұлттық нақышта безендіріліп тігілген киімдерді киуі тиіс.
саятшылық құру. Оптикалық көздеуі бар қару қолданбастан, дәстүрлі
қаруларды қолдану арқылы тіпті садақ пен жебе алып дала тағысын аулауға
шығару. Балық аулаймын деушілерге спининг емес қарапайым қармақ
қолдануды ұсыну.
қысқа отын дайындау - туристі балтаны дұрыс қолдануға және ағаш
жаруға үйрету.
атқа міну. Жазда ат арба ал қыста шананы қолдану.
81
өріске төрт түлікті шығару. Сонымен қатар сиыр, бие сауу бұл
туристерге өте қызықты болмақ
мөлдір таза өзен-көлдерде шомылу.
жеміс-жидек жинау , омарташыларға барып бал алу және тағысын тағы.
Ауылдық жерде екі қолға бір күрек табылары анық. Әрине туристің
айналысар ісі барған жерінің тұрғындарының тұрмыс тіршілігіне тікелей
қатысты және жыл мезгілдері де әсерін тигізеді.
Нарықтық заманында өмір сүріп жатқанымыздан әрине қаржы мәселесі
пайда мәселесі өтек өзекті. Ескере кетер ен басты мәселе бұл туризм түрі кең
таралмаған сондықтан нақты бір санды атау қиындық туғызады. Біріншіден
барлығы клиент категориясына байланысты. Қазақстан резиденттері яғни қала
тұрғындары жайы өз алдына бір мәселе, ал шет елдік туристер мәселесі өз
алдына бір төбе. Әрине алыстан ат терлетіп келген шет елдік туристер бұл
салаға міндетті түрде қомақты қаржы салары анық.
Ел экономикасына айтарлықтай пайда келтіру үшін, туристердің санының
көп болғаны айтпаса да түсінікті. Ал елімізге шет елдік туристерді мейлінше
тарту үшін жарнаманың орны ерекше. Туризмнің бұл түрін жарнамалаудың
оңтайлы жолы болып туристік агенттіктермен қоян қолтық жұмыс жасау. Егер
сіз әріптесіңізбен расымен жақсы қарым қатынаста және өз қызметтеріңіздің
сапасына сенімді болсаңыз, онда олар сіз жайында клиенттерге міндетті түрде
жағымды ой қалыптастыруға тырысады.
Сонымен қатар әлемдік, халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысу.
Мысалы: Италияның Милан қаласында өткен «ЭКСПО-2015» халықаралық
көрмесінде Қазақстан павильоны әлемнің үздік үштігіне кірді делінген «МИР
24»-те. Павильонға жауапты басшылықтың айтуынша «барлық адамдар біздің
павильонннан шықпастан Қазақстанға келіп, біздің таңғажайып елімізбен
етене танысқысы келеді, себебі олардың сол жерде көргені елімізге деген көз
қарасты түбегейлі өзгертті» делінген [2].
Аталмыш мәселеге көз жүгірте отырып түйіндейтініміз көпшіліктің
қызығушылығын туғызған біздің мәдениетіміз, сал –дәстұр, тұрмыс
тіршілігіміздесек артық айтқан болмаспыз. Осы тәжірбиені қолдана отырып
алда келе жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне тыңғылықты дайындалып. Ата –
бабамыз мұрат еткен ғұрпымызды әлемге лайықты түрде паш етейік.
Әдебиеттер
1 http://biznesvbloge.ru/biznes-ideya-158-etnoturizm/
2 http://mir24.tv/news/society/12665972
ОҚИҒАЛЫҚ ТУРИМНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Торжанова Д.А.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
82
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: danagul.ru@mail.ru
Ғылыми жетекші: э.ғ.д., профессор Шаекина Ж.М.
Туризм саласы экономикалық дамуды либерализациялауға бағытталған
өзгерістердің маңызды құраушы бөліктерінің бірі. Туристік саланы дамыту
аймақтық бюджет табыс көздерін диверсификациялауға мүмкіндік береді, бұл
өз кезегінде басқа көздермен біріккенде жеке аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуының синергетикалық әсерінің факторы болуы мүмкін.
Туризм саласын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану қажеттілігін
жете бағаламау аталған секторды елдің әлеуметтік және экономикалық
жағдайын жоғарылату мақсатында пайдалану мүмкіндігін жоғалтуға әкеледі.
Саяхаттың мақсаттары мен уәждемелері туризмнің әрсипатты түрлерін
анықтайды. Туризмнің жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі
болып оқиғалық туризм табылады. Сапардың негізгі мақсаты белгілі бір
мемлекет не аймақта ұйымдастырылатын оқиға не іс-шараға бағытталған. Өзіне
дәстүрлі демалыс пен әр түрлі сипаттағы оқиғалық іс-шараларға қатысуды
біріктіретін ерекше турлар демалушылардың әртүрлі топтары арасында
танымалдылыққа ие болуда [1].
Мәдени-танымдық туризм саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеушілердің
бірі германиялық маман, профессор Альбрехт Штайнекенің пайымдауынша
туризм екі негізгі модель түрінде дами алады: «геттодағы туризм» немесе
«голландық үлгідегі туризм». Бірінші жағдайда туристің барлық «курорттық
өмірі» қонақ үйдің шектелген және қорғалатын аймағында өтеді. Бұның басты
себебі қонақ үй кешенінен тыс аумақтағы әлеуметтік инфрақұрылым мен
қызмет сапасының деңгейінің, сонымен бірге қауіпсіздік деңгейінің төмендігі.
Қонақ үйлер туристердің
Оқиғалық туризм – бұл сапар мақсаты нақты бір іс-шара болып табылатын
адамдардың саяхаты. Оның басты өзгешелігі – ашық түсті қайталанбас
сәттердің көпшілігі. Бұл әлеуетті және динамикалық дамып жатқан туризм түрі.
Бүгінгі күнде оқиғалық туризм ерекше қызметтердің анықталған кешенін
ұсынатын туризм саласы болып табылады. Одан басқа оқиғалық туризм сала
ретінде индустрияның дамуының алғышарттарын болжау арқылы жалпы
туристік индустрияның дамуына әсер етеді [2].
Оқиғалық туризм бүгінде туризм саласының жас және әлеуеті жоғары түрі
бола, қарқынды дамып жаппайлық сипатқа ие болып отыр.
«Оқиғалық туризм» термині алғаш рет 1987 жылы Жаңа Зеландия
қоғамдастық және туризм департаментімен қолданды және сонымен оқиға және
туризм түсініктері арасындағы байланысты нығайтты [3].
Оқиғалық туризм түсінігі көптеген алыс және жақын шет ел, отандық
авторлармен
қарастырылған.
Ұсынылатын
дефинициялар
талдауы,
зерттеушілердің «оқиғалық туризмді» басым түрде келесі тұрғылардан
қарастыратыны анықталды:
1) Оқиғалық туризм туристік әрекет ретінде;
83
2) Оқиғалық туризм жеке туризм түрі ретінде (кесте 1).
Кесте 1.
Анықтама
Авторы
Оқиғалық туризмді туристік әрекет ретінде қарастыратын тұрғы
Оқиғалық туризм – шет елдерден туристердің
үлкен көлемін тартатын әр түрлі қоғамдық
шаралармен,
өзінің
қайталанбастығымен,
экзотикалығымен ерекшеленетін сирек кездесетін
табиғат құбылыстарымен байланысты туристік әрекет.
Сирченко А.А. [4]
Лакомов Е.Ф. [5]
Оқиғалық туризм – туристерді әртүрлі қалыптағы
мәдени және спорттық өмірдегі қоғамдық іс-
шаралармен
қызықтыратын
және
туризм
инфрақұрылымының
дамуына,
халықтың
түрлі
қабаттарының
қоғамға
интеграциясына,
дестинацияның жағымды имиджін қалыптастыруға
мүмкіндік туғызатын туристік әрекет
Алексеева О.В. [6]
Оқиғалық туризмді жеке туризм түрі ретінде қарастыратын тұрғы
Оқиғалық туризм – негізінде мәдени, саяси
немесе басқа оқиға жататын туризмнің болашағы бар
түрі.
Киреева Ю.А. [7]
Оқиғалық туризм – белгілі бір уақытта қоғам не
қауымдастықтың өміріндегі ерекше оқиға, сирек
кездесетін
табиғат
құбылысымен
байланысты
дестинацияға сапар шегуге бағытталған мәдени
туризмнің маңызды бөлігі.
М.Б. Биржаков [8]
Оқиғалық туризм – сапардың мақсаты белгілі бір
оқиға немесе сирек кездесетін құбылысқа бағытталған
туризм жаңа түрі
Е. Пастухова [9]
Ескерту: автормен құрастырылған
Жоғарыда берілген анықтамаларды қарастыра келе, біздің ойымызша:
«Оқиғалық туризм – туристер мен экскурсанттардың оқиғаны оның өтіп
жатқан, тұрғылықты жерінен тыс жерде, іс-шараның өткізілу уақытына сәйкес
келетін уақытта тамашалауы және қатысуымен байланысты туризм түрі».
Аталған анықтамада туристермен бірге экскурсанттар да қарастырылған, және
іс-шараның өткізу уақытымен байланыстылығы атап көрсетіледі.
Әлемнің әрбір мемлекетінде тарихи, мәдени, спорттық маңызы бар
оқиғалар өткізіліп отырады. Егер туристік объектінің жеке тарихи оқиғасы
болмаса, онда оны арнайы ойлап табуға болады. Мұндай жағдайда туристік
өнімнің танымалдылығы мен мәнділігін жоғарылату үшін, қатысушылардың
және бақылаушылардың үлкен көлемін тартуға бағытталған және сәйкесінше
тек көрікті жерлерді аралаумен ғана шектелмейтін, іс-шараға белсене қатысуға
ынталы туристерден ақша ағымының үлкен көлемін алуға бағдарланған
кампанияны құру және өткізу маңызды болып табылады [7]
Оқиғалық туризм іс-шараларының үлкен экономикалық маңызы бар,
өйткені оларды өткізу кезінде туристік индустрия қатысушылары белсенділік
танытады. Іс-шараға дайындық кезінде жергілікті салт-дәстүрлердің
84
жандануын, патриоттық сезімнің жоғарылуын, ұлттық өнердің дамуын
байқауға болады .
Оқиғалық туризмнің басты мақсаты белгілі бір оқиға және іс-шарамен
байланысты болса да, алайда ол экскурсиялар мен көрікті жерлерді аралауды
білдіретін дәстүрлі демалысты жоққа шығармайды. Оқиғалық туризмнің
ерекшелігі дәстүрлі туристік-экскурсиялық қызметтердің спорттық не мәдени
туризм аясындағы көрсетілім объектілерімен бірігіп демалыстың дәстүрлі
қалыптары мен мерекелік атмосфераны жалғайтын жаңа туристік өнімді
қалыптастыруда. Мұның барлығы туристердің демалыстан алатын әсерін және
туристік өнімнің тартымдылығын жоғарылатады [10].
«Оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясы – табысы орташадан жоғары
ауқатты туристер және бірнеше жұптан тұратын адамдар тобы» [11] Бүгінгі
таңда оқиғалық туризм әртүрлі бағытта және қалыпта жүзеге асатындықтан,
оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясының кеңейгендігін және тек
жоғарыда айтылған топтармен шектелмейтіндігін атап көрсеткіміз келеді.
Сонымен бірге оқиғалық туризмге қызығушылық танытушылар тек шет
елдіктермен ғана шектелмейтіндігін ескеру қажет. Егер іс-шара қала не елді
мекен аумағында ұйымдастырылса, оған қатысушылардың белгілі бір үлесін
көрші аймақ тұрғындары алады.
Оқиғалық туризмге деген қызығушылықтың артуына ХХ-ХХІ ғасырлардың
шегінде бірнеше факторлар қатары әсер етті. Олардың арасында маңыздылары
болып келесілер табылады:
1) әлемнің дамыған мемлекеттерінде білім деңгейінің және жалпы мәдениет
деңгейінің өсуі. Университет дипломы және академиялық дәрежелері бар
клиенттер үшін тек экскурсиядан тұратын турлар қызығушылығын жоғалтуда.
Заманауи туристер үшін белгілі бір объект туралы білуден (ондай ақпаратқа
Интернет желісінің көмегімен қол жеткізуге болады), оқиғаға қатысу, белгілі
бір мәдени толғанысты тікелей бастан кешіру маңызды;
2) демалыс кезеңін бірнеше уақыт аралықтарына бөлу беталысы (жылына 3-
4 ретке дейін). ХХ ғасырдың екінші жартысында демалыс алдын-ала
жоспарланып, бір рет 14-21 күндік сапар ретінде жүзеге асырылды. Мұндай
жағдайларда белгілі бір оқиғалық іс-шараға қатысу басым мақсат ретінде
қарастырылмады. Ал ХХІ ғасырдың басында демалыс алдын-ала
жоспарланбайтын қысқа мерзімді «демалыс күндеріндегі сапарлар» түрлерінде
жүзеге асырыла бастады. Бұл жағдайда мүмкін болатын дестинация аумағында
қызықты және жарқын оқиғаның ұйымдастырылуы маңызды факторлардың
біріне айналады.
3) мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының «аймақ
маркетингіне» үлкен көңіл бөле бастауы. Заманауи қалалар мен әкімшілік
бірліктерге жағымды беделін, танымалдылығын, туристер мен инвесторлар
үшін тартымдылығын қалыптастыру үлкен маңыздылыққа ие. Жарқын оқиға
БАҚ құралдарында оң сипат алуға және жағымды қоғамдық резонансқа ие бола
алады [10].
Оқиғалық туризмнің неғұрлым маңызды ерекшеліктері болып келесілер
табылады:
85
1. Оқиғалық туризм сапардың мақсатының нақты белгілі бір уақыт
аралығында нақты белгілі бір жерде өткізілетін оқиғамен байланысымен
сипатталады. Бұл ретте оқиғалық туризм үшін дәстүрлі туристік маусымдылық
факторынан гөрі іс-шараның кезеңділігі мен уақыт аралығы маңыздырақ болып
табылады. Мысалы, көпшілік Еуропа мемлекеттері үшін туристік кезең 4-5 айға
(мамырдан
қыркүйекке
дейін)
созылады.Осы
уақыт
аралығында
туроператорлар туристік сұранысты реттей алады (жеңілдіктер, жарнама
көмегімен), ал тұтынушылар өз таңдауын жасауға ерікті: маусымның
жандандану кезінде турды сатып алу, немесе жеңілдіктер кезеңін күту.
Оқиғалық туризмге қатысты өндірушілер мен тұтынушылардың мұндай тәртіп
логикасы қолданылмайды.Егер 2015 жылдағы жеңіл атлетика бойынша Әлем
чемпионаты Бейжің қаласында қыркүйек айында ұйымдастырылса, онда оған
мамыр не маусым айларында жеңілдікпен қатысу мүмкіндігі болмайды.
Басқаша айтқанда оқиғалық туризм үшін туристік кезең бірнеше күнге дейін
(Формула 1 бойынша Гран-При) немесе бірнеше аптаға дейін (футбол бойынша
Әлем Чемпионаты) сығылады.
2. Турдың негізі ретінде алынған оқиға өзінің талассыз ерекшілігімен
және/немесе түпнұсқалығы сапасымен айқындалуы керек. Мысалы, Венеция
карнавалы өзінің көпғасырлық тарихымен, ерекше дәстүрімен, талғамы жоғары
мерекелігімен туристердің тұрғылықты жеріндегі ұқсас карнавалдардан артық
және әсерлірек болу керек. Венеция карнавалын көшіруге не қайталауға
болмайды. Тек осы жағдайда ғана турист өзінің қаржысын және уақытын қию
арқылы белгілі бір уақытта қажетті жерге сапар шегуге қажетті негіздеме
алады.
3. Оқиғалық туризмді ұйымдастыру тұрғылықты халықтың ізгі ниетімен,
олардың
талаптарымен,
оқиға
не
іс-шараны
ұйымдастырудағы
қызығушылығымен және қатысушылығымен тікелей байланысты. Мысалы
Сочи қаласының Халықаралық Олимпиада комитетімен 2014 жылғы қысқы
Олимпиада ойындарын өткізу орыны ретінде таңдауға бір жағынан қала
тұрғындарының 80%-ның спорт жанкүйерлерін өз үйлеріне пәтер жалдаушылар
ретінде қабылдау дайындығы әсер етті. Олимпиадаға үміткер тағы бір қала
австриялық Инсбрукте бұл көрсеткіш 25% шамасында болды. Жергілікті
қоғамдастықтың қысқа уақыт аралығына жеке кеңістігін тарылтуға,
дайындалып жатқан оқиғаға өздері қатысуға дайындығы кез-келген іс-шараның
кепілдігі. Басқа жағдайда оқиға мерекенің орнына тапсырыс берілген
анимациялық бағдарламаға айналады.
4. Туристте міндетті түрде оқиғаға жеке қатысу мүмкіндігі болу керек. Бұл
тікелей қатысу түрінде (венециандық карнавалдағы маска) немесе оқиғаға
жанкүйер ретінде қатысу ретінде (кинофестивальдегі конкурстық көрсетілім
көрермені болу) жүзеге асуы мүмкін. Туристе оқиғамен бірігу мүмкіндігі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол оқиғадан жағымды әсерді молырақ
алады, сатып алынған туристік өнімнің сапасын жоғарырақ бағалайды.
Қорыта келгенде, оқиғалық туризмнің әлемдік туристік нарықтағы даму
әлеуеті жоғарылауда. Қазіргі таңда мамандар оқиғалық туристердің әр
сегментіне арнап арнайы іс-шара ұйымдастыруға дайын. Бұл өз кезегінде
86
туристік саланың құраушы бөліктеріне әсер етіп, ұйымдастырушы аймақты
қосымша жұмыс көздерімен, қаржымен қаматамасыз етеді.
Әдебиеттер
1 Вань Мяо. Основные доминанты событийного туризма. . Ученые записки
Таврического национального университета им. В.И. Вернадского. Серия
«Экономика и управление». -2009.- Том 22 (61).- № 2. -С. 80-86.
2 Дадаева Е.И. Событийный туризм как современное направление
развития туристкого рынка.
3 Вoorstin D. The Image: A Guide to Pseudo-Events in America / D. Вoorstin
// Harper, New York, 1994. – 452 p.
4 Сирченко А.А. О перспективах развития событийного туризма в
Российской
Федерации
[Электронный
ресурс].
–
URL:http//lexandbusiness.ru/view-article.phd?id=1313
5 Лакомов Е. Ф. Повышение конкурентоспособности регионов России на
основе развития услуг по со-ытийному туризму: автореф. дис. ... канд. экон.
наук. – М., 2013. – 28 с.
6 Алексеева, О. В. Событийный туризм как фактор социально-
экономического развития региона: автореф. дис. ... канд. экон. наук. – М., 2012.
– 24 с.
7 Киреева Ю.А. Событийный туризм как новое направление на
современном туристком рынке // Научный вестник МГИИТ. - 2010. - №6. –
С.16-21.
8 Биржаков Б.М. Введение в туризм. – М.– СПб.: Издательский Дoм
ГEРДА, НП «Издательствo «Невский Фонд», 2014. — 543 с.
9 Пастухова Е. Семь фактов о событийном туризме [Электронный ресурс].
– Режим доступа : http://азбука-туриста.рф/vidy-aktivnogo-turizma/7-faktov-o-
sobytijnom-turizme.html
10 Донских С.В..Событийный туризм.- Мн.: РИПО. -112 с.
11 Бабкин А.В. Специальные виды туризма: учебное пособие.-Ростов-н/Д.
Достарыңызбен бөлісу: |