Сборник трудов международной научно-практической конференции «Современные экономические проблемы в области финансов, учета, управления и туризма»



Pdf көрінісі
бет32/75
Дата31.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#3070
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75

 

Литература 

1 Д.Абакаев В режиме развития. – Казахстанская правда, №225, 24 ноября 

2015 года. – С.1 

2  И.Лис  Локомотив  трансформации  Казахстана.  –  Деловой  Казахстан, 

№45-46, 11 декабря 2015 года. – С.2 

3 А.Тенизбаев «КазМунайГаз»: совместные предприятия как эффективная 

форма  международного  сотрудничества  –  Казахстанская  правда,  25  декабря 

2015 года. – С.7 

4 А.Машкевич Евразийская Группа: с новой энергией и новым видением.  

Казахстанская правда, №, 11 декабря 2014 года, с.3 

5 Предпринимательский Кодекс Республики Казахстан от 29 октября 2015 

года № 375-V 

6 Там же. 

7  Р.Алибекова  Исполнять  поручения  эффективно  и  своевременно.  – 

Казахстанская правда, №225, 24 ноября 2015 года. – С.2 

8  Г.Малых  С  учетом  глобальных  тенденций  –  Казахстанская  правда,  25 

декабря 2015 года. – С.9 

 

 


281

 

 



ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ 

ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Абдолла Ж.Х.  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 

E-mail: jazi2307@mail.ru 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Құлмағанбетова А.С. 

 

 



Әлеуметтік кәсіпкерлік – экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы.  

Аталмыш  саланың  негізгі  анықтамасы  төңірегіндегі  даулар  әлі  күнге  дейін 

тыншымай отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті не коммерциялық, не коммерциялық 

емес  салаға  жатқызуға  тырысуда. Алайда  Ұлттық  палата  сарапшылары 

әлеуметтік кәсіпкерлік профиттік және нон-профиттік секторлар элементіне ие 

бола  отырып,  өзінің  жеке  заңдарымен  тіршілік  етіп,  дамып  жатқанын 

пайымдайды. 

Бизнестің  мақсаты  табыс  көру  екені  жалпыға  белгілі.  Ол  нарық 

қатысушыларының мінез-құлық түрткісі мен логикасын айқындап береді.  

Алайда  коммерциялық  емес  сектордың  негізгі  міндеті –  бұл  барынша 

жоғары әлеуметтік әсерге қол жеткізу, қоғамдық маңызды түйткілдерді шешу. 

Сәйкесінше, бұл  ортадағы жүріс-тұрыс  логикасы,  шешім  қабылдау  механизмі, 

табыстылық  критерийлері  және  басқалары  белгіленген  түрткіге  сәйкес 

құрылады. 

Коммерциялық  саладан  да,  комерциялық  емес  саладан  да  бөлек  жатқан 

жаңа  кеңістікте  де  орын  алып  отырғаны  осы.  Профиттік  және  нон-профиттік 

секторларда  әрекет  етуші  тұлғалар  осы  жерден  табылады,  бірақ  олардың  өз 

мақсаттары,  құндылықтар  жүйесі,  өзара  байланыс,  жүріс-тұрыс  логикасы  мен 

мотивациясы  бар.  Қоғамдық  пайда  мен  қоғамдық  маңызды  түйткілдерді 

шешуге бағытталған өзіндік қарым-қатынас жүйесі бар. Әлеуметтік кәсіпкерлік 

– дәл осы ортаның өнімі. 

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» дегеніміз не? «Әлеуметтік» терминіне анықтама 

беру  салыстырмалы  түрде  оңай.  Бірақ,  әрине,  тұлғаның  ба,  әлде  қоғамның 

мүддесі  маңыздырақ  па,  не  болмаса,  экономиканың  дамуы  ма,  әлде  қоғамның 

басқа  қажеттіліктері  артық  па,  деп  дауласуға  болады, -  алайда  жалпы 

«әлеуметтік»  ұғымының  мағынасына  қатысты  айтарлықтай  келіспеушіліктер 

жоқ. «Кәсіпкерлік» ұғымының жалпыға белгілі анықтамасын табу басқа дүние. 

Кәсіпкерлікке  әлемдік  тәжірибеде  көпшілік  мақұлдаған  анықтаманы  табу 

біршама  қиын  болғандықтан,  -  кәсіпкерліктің  өзі  де  –  көп  қырлы 

күрделендірілген  процесс,  -  «әлеуметтік  кәсіпкерлік»  терминіне  бір  мағыналы 

анықтама беру де айтарлықтай қиындық тудырады. 

Әлеуметтік  кәсіпкерлік  –  бұл  экономикалық  тиімділікке  қол  жеткізу  мен 

кәсіпкерлік  жаңашылдықты  әлеуметтік  миссиямен  біріктіретін  әлеуметтік 

қызметті жүзеге асыру тәсілі. 

Бұл жерде әлеуметтік кәсіпкерліктің негіз қалаушы белгілері туындайды: 


282

 

 



 

Әлеуметтік миссияның коммерция алдындағы біріншілігі; 

 

тұрақты  коммерциялық  әсер  (өзін  өзі  ақтау  және  бәсекеге 



қабілеттілік); 

 



Әлеуметтік  және  экономикалық  ресурстармен  қисындастырудағы 

жаңашылдық[1]. 

Ел экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы? 

Әлеуметтік  кәсіпкерлердің  әлеуметтік  түйткілдерді  шеше  отырып,  жаңа 

немесе  бұрын  тартылмаған  ресурстарды  іздеуімен.  Бұл  мүмкіндігі  шектеулі 

тұлғалар  үшін,  не  болмаса  жалғыз  басты  аналар  үшін  арнайы  жұмыс 

орындарын  құру  түйткілдерін  шешу  болуы  мүмкін.  Не  болмаса  қоршаған 

ортаны  ластаумен  байланысты  түйткілдер.  Әлеуметтік  түйткілдер  жетіп 

артылады,  ал  әлеуметтік  кәсіпкерлер  оларды  шеше  отырып,  елдің  жиынтық 

экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды 

экономикалық айналымға енгізеді. 

Осы  әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымының  тарихына тоқталып өтетін болсақ, 

«Әлеуметтік  кәсіпкерлік»  (ағыл.  social  entrepreneurship)  және  «әлеуметтік 

кәсіпкер»  (ағыл.  social  entrepreneur)  терминдері  әлеуметтік  өзгерістер 

сұрақтарына  арналып,  алғаш  рет  1960  жылдары  ағылшын  тілді  әдебиетте 

аталды. Олар 1980 жылдары кеңінен қолданылатын болды.  

Әлеуметтік кәсіпкерлікті мамандық және зерттеу аймағы ретінде алғашқы 

рет  1990  жылдардың  аяғында  Дьюк  университетінің  Әлеуметтік  кәсіпкерлік 

дамуы орталығының директоры Грегори Диз ұсынды.  

1950-1990  жылдары  Майкл  Янг  әлеуметтік  кәсіпкерлікті  дамытуда  үлкен 

рөл  атқарды.  Гарвардтың  профессоры  Дэниэл  Белл  Янгты  «әлеуметтік 

бастамалар  саласындағы  әлемдегі  ең  табысты  кәсіпкер»  деп  атады,  оның 

рөлінің  арқасында  Ұлыбританиядағы  бірнеше  әлеуметтік  кәсіпкерлік 

мектептерін қосқанда бүкіл әлем бойынша 60-тан аса ұйымдар құрылды. Басқа 

британдық  әлеуметтік  кәсіпкер  болып  Британдық  империя  орденінің  иегері, 

экономикалық және әлеуметтік  жаңарту және қала территорияларын жақсарту 

жұмыстары  үшін  2007  жылы  пэр  лауазымын  алған  Лорд  Мосон  табылады,  ол 

«Әлеуметтік  кәсіпкер»  кітабының  авторы  және  оның  тәжірибесін  таратумен 

айналысатын компанияның басқарушысы болып табылады. 

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» термині салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, 

құбылыстың  өзінің  бұрыннан  тарихы  бар.  Әлеуметтік  кәсіпкерлікке  үлгі  бола 

алатын адамдардың қызметтерінің арасына мейірбикелер жұмысының үдемелі 

стандарттарын  өңдейтін  және  олардың  кең  таралуына  ықпал  еткен, 

Ұлыбританиядағы  мейірбикелер  үшін  бірінші  мектептің  негізін  салушы 

Флоренс  Найтингейлді;  кооперативтік  қозғалыстың  негізін  салушы  Роберт 

Оуэнді;  «Жерді  сыйға  беру»  (ағыл.  Bhoodan  movement)  үнді  қозғалысының 

негізін  салушы  Винобу  Бхавені  (            )  жатқызуға  болады.  ХІХ  және  ХХ 

ғасырларда  кейбір  ең  табысты  әлеуметтік  кәсіпкерлер  пайдалылығы  жоғары 

бағаланған,  инновацияның  кеңеюіне  жағдай  жасады,  олар  мемлекет  немесе 

бизнестің қолдауымен ұлттық деңгейге енгізілген.  

 


283

 

 



 

Кесте 1. Әлеуметтік кәсіпкерліктің пайда болу және даму эволюциясы 

Жылдар 

Ұсынған 


Мақсаты 

1990 


жылдардың 

аяғында  

Грегори Диз 

Әлеуметтік 

кәсіпкерлікті 

мамандық  және  зерттеу  аймағы 

ретінде ұсынды 

1950-1990 жылдары 

Майкл Янг 

Ұлыбританиядағы 

бірнеше 

әлеуметтік кәсіпкерлік мектептерін 

қосқанда  бүкіл  әлем  бойынша  60-

тан аса ұйымдар құрды 

2007 жылы 

Лорд Мосон 

 «Әлеуметтік  кәсіпкер»  кітабының 

авторы  және  оның  тәжірибесін 

таратумен 

айналысатын 

компанияның басқарушысы болды. 

ХІХ-ХХ ғасырлар 

Флоренс 

Найтингейл 

 Ұлыбританиядағы 

мейірбикелер 

үшін  бірінші  мектептің  негізін 

салушы 


 

Роберт Оуэн 

Кооперативтік қозғалыстың негізін 

салушы 


 

Винобу Бхаве 

«Жерді 

сыйға 


беру» 

(ағыл. 


Bhoodan 

movement) 

үнді 

қозғалысының негізін салушы 



 

Иоанн 


Кронштадтский 

Еңбексүйгіштік үйін құрды. Мұнда 

әрбір  мұқтаж  (жалғыз  басты 

аналардан  баспанасыздарға  дейін) 

адам  өзідеріне  жұмыс  таба  алды, 

баспана және қамқорлық алды. 

         Ресейде әлеуметтік кәсіпкерлік ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында пайда болды. 

Әлеуметтік  кәсіпкерлік  үлгісінде  Иоанн  Кронштадтский  әкемен  негізделген, 

Еңбексүйгіштік  үйін  айтуға  болады.  Мұнда  әрбір  мұқтаж  (жалғыз  басты 

аналардан  баспанасыздарға  дейін)  адам  өзідеріне  жұмыс  таба  алды,  баспана 

және  қамқорлық  алды.  Еңбексүйгіштік  үйлер  идеясы  ақырында  бүкіл  Ресей 

бойынша таралды[2]. 

Қазақстанда  мемлекет  пен  бизнес  тарапынан  әлеуметтік  кәсіпкерлік 

сипаттағы 

түсініспеушілік, 

заңнамалық 

және 

әкімшілік 



насихаттау 

идеяларының  қиындықтары  бар.  Сондай-ақ  әлеуметтік  кәсіпкерлікті 

үйлестіруге  механизм  құрылымы  жоқ  екенін,  әлеуметтік  бизнес-бастамаларды 

қамтамасыз етуге қаржыландыру көздері тартылмау мәселесі болып табылады. 

Әлеуметтік  кәсіпкерлікті  енгізу  арқылы,  біз  бір  жағынан  әлеуметтік 

мәселені, екінші жағынан, коммерциялық мәселелерді шеше аламыз. Мысалы, 

Ұлыбританияда  әлеуметтік  кәсіпкерлік  ЖІӨ-нің  шамамен  10%  -ын  өндіреді. 

Қазақстанда  мүлдем  басқа  сурет  байқалады.  Осы  механизмді  іске  қосу  үшін, 

заңнамаға  сәйкес  өзгерістер  енгізу,  осы  үшін  қажетті  инфрақұрылымды  салу 

қажет.  Біз  іс  жүзінде  әлеуметтік  кәсіпкерлік  тетіктерін  қайда  қолдануды, 



284

 

 



сондай-ақ  мемлекет  не  алатынын  білуіміз  қажет.  Әлеуметтік  кәсіпкерлік 

мемлекетке  тиімді,  ол  күрделі  мәселелерді  шешу,  бюджет  шығындарын 

азайтуға көмектеседі. 

Сондай-ақ,  әлеуметтік  кәсіпкерлікті  дамытудың  өзектілігі  экономикалық 

белгісіз  уақытта  айқын  екенін  атап  өтуге  болады.  Әлеуметтік  кәсіпкерлер 

қызметінің басым бағыттары болып мектепке дейінгі, одан әрі білім беру, азық-

түлік мәселесі, егде жастағы адамдардың проблемасы, мүгедектерді жұмыспен 

қамту, балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен қамту, көп балалы және жалғыз-

басты  аналарды  жұмыспен  қамту,  жұмыссыздық  мәселелері,  мәдениет,  спорт, 

экология табылады. Әрбір бағыт тиісінше белгілі бір әлеуметтік мәселелерден 

туындайды. 

Біріншіден,  әлеуметтік  кәсіпкерлік,  әлеуметтік  кәсіпкер,  әлеуметтік 

кәсіпорын  сияқты  ұғымдар  заңнамалық  түрде  бекітілмейді.  Бізде  өткен 

ғасырдың  60-шы  жылдарынан  бастап,  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың 

қоғамдарынан  құрылған  әлеуметтік  кәсіпорын  бар.  Яғни,  бес  компания  болса 

да,  «әлеуметтік  кәсіпкерлік»  ұғымы  жоқ.  Әлеуметтік  кәсіпорындар,  ол 

мәдениет  және  демалыс  үйлері,  қоғамдық  кітапханалар  және  т.б.,  бірақ  заңда 

көрініс  таппады,  сондықтан,  бәлкім,  көбі  осындай  әлеуметтік-кәсіпкерлік 

ұғымдарын  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі,  әлеуметтік  жоба  ретінде 

шатастырады.  Әлеуметтік  кәсіпкерлік  -  экономикалық  тиімділікке    және 

кәсіпкерлік  жаңашылдыққа  қол  жеткізу  арқылы  әлеуметтік  миссияны 

байланыстыратын әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын әдіс. 

Өткен  жылы  «Атамекен»  кәсіпкерлер  ұлттық  палатасы  жүйелі  түрде 

Қазақстанда  осы  саланы  дамыту  жөніндегі  жұмысты  жүзеге  асыру  үшін  іс-

шаралар өткізді. ҰКП қызметі халықаралық әріптестерден қолдау тапты, солар 

арқылы  «Атамекенде»  әлеуметтік  кәсіпкерлік  келешегін  талқылау  үшін 

семинар-кеңес  өтті,  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткен 

болатын,  әлеуметтік  кәсіпкерлік  жөнінде  алғашқы  топтамасын  шығарды. 

Сонымен  қатар,  ҰКП  арқылы  әлеуметтік  бастамалар  және  жастар  арасында 

кәсіпкерлік  қоры  құрылды.  Сондай-ақ,  Ұлттық  палатаның  жауапты 

қызметкерлері,  Парламент  депутаттары  және  әлеуметтік  кәсіпкерлер  АҚШ-қа 

шығып, осы саладағы өздерінің тәжірибелерімен танысты[3]. 

Қорыта  келе,  осы  орайда  әлеуметтік  кәсіпкерлік  бірқатар  мәселелерді, 

мемлекеттің  олқылықтарын  шешуге  мүмкіндік  береді,  шағын  бизнес  пен 

үкіметтік  емес  ұйымдар  аутсорсингіне  экологиялық  мәселелерді  шешу  үшін 

мемлекеттің  кейбір  функцияларын  беруге,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты, 

бюджеттік  қаражатты  үнемдеуге  ықпал  ететін  болады.  Халықаралық  тәжірибе 

әлеуметтік  кәсіпкерлер  қоғамның  ең  өзекті  мәселелерін  шешу  үшін  арналған 

деп  көрсетеді.  Осыған  байланысты  бұл  мәселелерді  шешудің  келесідей 

жолдары қарастырылуда: 

-  әлеуметтік  кәсіпкерлердің  табысқа  жәрдемдесу  іс-қимыл  жоспарын 

әзірлеу; 

-«әлеуметтік 

кәсіпорын»  терминін,  оның  түрлері,  қаржыландыру 

принциптерін нормативтік құқықтық актілер заңнамасына бекіту; 

- ҚР ҰКП арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорын құру; 



285

 

 



- әлеуметтік жобаларды қолдау үшін қаржы институттарын енгізу. 

Әдебиеттер 

1 Джилл Кикал, Томас Лайонс. Социальное предпринимательство: миссия 

–  сделать  мир  лучше.  Understanding  Enterpreneurship.  The  Relentless  Pursuit  of 

Mission in an Ever Changing World. — М.: Альпина Паблишер, 2014. — 304 с. — 

ISBN 978-5-9614-4458-2. 

2  Арай  Ю.  Н.  Социальное  предпринимательство  в  начале  ХХI  века: 

основные понятия и страновые особенности / Ю. Н. Арай // Российский журнал 

менеджмента. - 2013. - № 1. - С. 111-130. 

3 http://atyrau.palata.kz/kk/news/  

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ 

АЙМАҚТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 

МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

 

Аймұрза А.М. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 

Ғылыми жетекші: Нарымбетова А.Ж. 

 

 

Инвестицияларды  дұрыс  басқара  білу  кәсіпорынның  экономикалық 



тиімділігіне,  қаржылық  тұрақтылығына,  оның  өз  бизнес  саласындағы 

өміршеңдігіне  айтарлықтай  әсер  ететіні  сөзсіз.  Сондықтан  да,  инвестициялық 

қызметті  басқару  кәсіпорындағы  қаржы  менеджментінің  маңызды  да  жауапты 

міндеттерінің бірі болып табылады.  

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді: 

-  инвестицияларды  мемлекеттік  деңгейде  басқару  –  бұл  инвестициялық 

қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді; 

- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына 

сай  әдістер  мен  басқару  техникасын  қолдану  арқылы  инвестициялық  жобаны 

жүзеге  асыру  барысын  жоспарлауды,  ұйымдастыруды  және  бақылауды 

қамтиды; 

-  жеке  кәсіпорынның  инвестициялық  қызметін  басқару  –  бұл  кәсіпорын 

тарапынан  инвестициялау  объектілерін  таңдаумен  және  инвестиция  барысын 

бақылаумен сипатталады. 

Қазіргі  уақытта  «Қазақстан  Республикасының  қайта  құрылуының  қоры 

жайлы»  Заңы өз  күшін жоғалтып,  жойылса  да,  өзінің өтпелі  «көпір»  ретіндегі 

рөлін  атқарған  болатын.  Нарықтық  шаруашылық  кезінде  реттеуші  рөлін 

«сұраныс-ұсыныс» принципі атқарса да, өтпелі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен 

спецификасы  бар.  Әсіресе  Қазақстан  экономикасы  үшін  инвестициялық 

процесті  қаржыландыру  көзінің  ішінде  біршама  маңызы  бар  көздер  – 

бюджеттік ассигнациялар, бюджеттен тыс қор, Үкімет кепілімен сыртқы қарыз 

алу, инвестициялық процеске мемлекеттің араласуын керек етеді. Бұл мақсатта 



286

 

 



Қазақстан Республикасы экономикасында, соның шінде инвестициялық салада  

белсенді  құрылымдық  қайта  құрулар  бойынша  арнайы  курс  қабылданды. 

Капитал  салудың  үстінен  келіп  түсетін  директивті-жоспарлы  көрсеткіштердің 

орнына  Қазақстан  Республикасының  Жарлығы  деңгейінде  тікелей  отандық 

және  шетел  капиталын  тарту  үшін  экономиканың  приоритетті  секторларының 

тізімі,  ал  республика  Үкіметімен  жыл  сайын  айқын  инвестициялық 

объектілерінің тізімі тағайындалып отырады. 

Елдің 


экономикалық 

және 


әлеуметтік 

дамуына 


бағытталған 

инвестициялық саясат келесідей жүзеге асады: 

-

 

Инвестициялық бағдарламаларға сай; 



-

 

Мемлекеттік  инвестицияларды,  бюджеттік  ассигнациялауды  және 



бюджеттен тыс қорларды тікелей басқарумен; 

-

 



Дифференциалданған  проценттік  ставкалар  мен  жеңілдіктердің 

енгізілуі арқылы; 

-

 

Экономиканың шынайы жағдайына қарай (бұрынғыдай «жеті ағайынға 



жеті  тұлпардан»  деген  принцип  бойынша  емес,  себебі  соның  нәтижесінде 

аяқталмаған құрылыстың өсуі, капитал салудың тоқтауы белең алған) өлшенген 

қаржылық, бағалық және несиелік саясаттың жүргізілуімен; 

-

 



Инвестициялық жобаларды анализдеумен. 

Мемлекетаралық  масштабтағы  құрылымдық-инвестициялық  саясаттың 

негізгі бағыттары: 

-

 



Экономиканың  мемлекетаралық  интеграциясы  (Еуразиялық  одаққа 

ену); 


-

 

Инвестициялық  саясатты  жүргізу  мен  жетілдіруде  әріптестікті 



ұйымдастыру; 

-

 



Нарықтық  шаруашылыққа  бейімделген  құрылымдық-инвестициялық 

қайта құру; 

-

 

Көпшілікті  қызықтыратын,  перспективалық  жобаларды  іске  асыратын 



өндірістік кооперация; 

-

 



Инвесторларды  тәуекелден  қорғау  (гарантиялар,  сақтандыру,  залог 

және т.б.); 

-

 

Нарықтық  экономикаға  сай  кадрларды  дайындау  жұмысының 



тиімділігін арттыру және т.б.  

Мемлекеттік  инвестициялық  саясат  бірінші  кезекте,  дайындалуын 

неғұрлым  жоғары  дәрежедегі,  импорттық  тауарлармен  бәсекеге  түсуге  және 

оларды  ішкі  рыноктан  ығыстыруға  қабілетті  өнімдерді  экспорттауға 

бағдарланған өндірісті дамытуға және қолдауға бағытталатын болады. 

Белсенді  мемлекеттік  инвестициялық  бағдарламаларды  қолдаудың 

арнаулы  ұйымдастыру  нысандарын  құру  қажет.  Мемлекеттік  инвестициялар 

жүйесін неғұрлым ұтымды құру үшін жұмыс істеп тұрған Ұлттық қормен қатар 

даму бюджеті, мемлекеттік қаржы институттарын дамыту талап етіледі 

Мемлекеттік шығыстар ағымдағы және күрделі деп бөлінуге тиіс. Бұл үшін 

республикалық  бюджетте  дербес  бөлім  –  инвестициялық  жобаларды 

кредиттеуге, инвестициялауға және кепілдікті қамтамасыз етуге арналған даму 

бюджеті болуы қажет. 


287

 

 



Мемлекеттік  инвестициялық  саясатты  іске  асыру  қаржы  ресурстарының 

жеткілікті болуына байланысты болғандықтан, инвестицияның қажетті көлемін 

қамтамасыз етуге бюджеттің мүмкіндігі туралы мәселе өткір қойылады. 

Қалыптасып  отырған  жағдайда  ашық  емес  және  тиімді  емес  Мемлекеттік 

инвестициялар 

бағдарламасынан 

бас 

тарту 


жолымен 

мемлекеттік 

инвестициялық  саясатқа  өзгерістер  енгізу  және  даму  бюджетін  құра  отырып, 

бюджетті ағымдағы және күрделі деп бөлуге көшу қажеттігі пісіп жетілді. 

Даму  бюджетін  құру  және  оған  мемлекеттік  инвестицияларды  жүзеге 

асыруға  арналған  барлық  ьқтимал  ресурстарды  шоғырландыру  мемлекеттік 

инвестициялаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Даму  бюджетінің  қаражаттары  жеңілдікті  сыртқы  заемдардың, 

инвестициялық мақсаттар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен 

ішкі  қарыз  алудың,  мемлекеттік  мүлікті  жекешелендіруден  түскен 

табыстардың,  салықтық  табыстардың  бір  бөлігі  есебінен  қалыптастырылуы 

мүмкін. 


Мемлекеттік  бюджетті  ағымдағы  және  инвестициялық  деп  бөлу 

салықтардың  бір  бөлігін  инвестициялық  мақсаттарға  пайдалану  тұрғысынан 

маңызды, түптеп келгенде ол, салықтық түсімдердің артуына алып келеді. 

Аймақтық  дамудың  инвестициялық  ресурстармен  қамсыздандырылуын 

және  оларды  пайдалану  тиімділігін  дәлірек  бағалау  үшін  аймақтық  ұдайы 

өндіріс  процесіне  тартылған  инвестициялар  және  алынған  әлеуметтік-

экономикалық  нәтижелердің  қатынасына  негізделген  әдістеме  ең  қолайлырақ 

болып келеді. 

Еліміздегі 2015 жылғы капиталға салынған инвестициялар 7 024 690,9 млн 

теңгені  құрап,  2014  жылмен  салыстырғанда  3,7%-ға  өскен.  Оның  ішінде 

құрылыс-монтаж  жұмыстарына  шығындар  3 819 506,4  млн  теңге,  машиналар, 

жабдықтар,  құрал-саймандар  2 127 072,8  млн  теңге,  ал  негізгі  капиталға 

салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар 1 078 111,7 млн теңгені 

құраған. Бұл кқрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанлда өскен. 

Инвестициялық  потенциалды  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету 

шарттарына келесілерді жатқызуға болады: 

-

 

Инвестицияларды  қаржыландырудың  барлық  мүмкін  көздерін 



максималды пайдалану; 

-

 



Территориялық 

шаруашылықтың 

перспективті 

дамуының 

инвестициялық стратегиясын және басым бағыттарын дұрыс таңдау

-

 



Инвестициялық ағындардың үйлесімді құрылымы; 

-

 



Тиімді қызмет  ететін  құю  механизмдері  (мемлекеттік  және  нарықтық) 

негізінде  инвестициялық  ресурстарды  тиімді  бөлінуін  қамтамасыз  ететін 

өлшенген аймақтық саясаттың болуы; 

-

 



Территорияның ішкі және сыртқы қарыздарын басқару бойынша тиімді 

аймақтық менеджмент; 

-

 

Инвестициялық  ресурстарды  мақсатсыз  жұмсауға  тосқауыл  болатын 



сенімді құралдарды қолдану. 

 


288

 

 



Кесте  1-  Шығындардың  түрлері  бойынша  негізгі  капиталға  салынған 

инвестициялар 

 

  

Негізгі  капиталға 



салынған 

инвестицияларды

ң игерілгені 

соның ішінде 

шағын 

кәсіпорындар 



бойынша  

орта 


кәсіпорындар 

бойынша  

ірі  кәсіпорындар 

бойынша 


мың теңге 

2014


ж.  

%-

бен 



мың теңге 

2014


ж.  

%-

бен 



мың 

теңге 


2014

ж.  


%-

бен 


мың теңге 

2014


ж.  

%-

бен 



Негізгі 

капиталға 

салынған 

инвестици

ялар 

 7  024  690 



936 

    


103,7 

 3  136  162 

674 

    


107,8 

  522  425 

561 

    


96,3 

 3  366  102 

701 

    


101,3 

соның 


ішінде: 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ғимаратта

р 

мен 



имараттар

ды 


салу 

және 


күрделі 

жөндеу 


жұмыстар

ы 

 3  819  506 



480 

    


101,4 

 2  133  844 

790 

    


101,9 

  241  429 

994 

    


113,0 

 1  444  231 

696 

    


98,9 

олардан: 

 

 

 



 

 

 



 

 

Құрылыс-



монтаж 

жұмыстар


ына 

шығындар 

 3  627  659 

443 


    

102,8 


 2  059  798 

444 


    

102,9 


  228  719 

436 


    

118,5 


 1  339  141 

563 


    

100,5 


Машинала

р, 


жабдықтар

құрал-



саймандар 

 2  127  072 

788 

    


110,2 

  816  646 

633 

    


143,1 

  212  350 

728 

    


87,9 

 1  098  075 

427 

    


98,3 

Негізгі 


капиталға 

салынған 

инвестици

ялар 


көлеміндег

і  өзге  де 

шығындар 

 1  078  111 

668 

    


99,8 

  185  671 

251 

    


76,4 

  68 


644 

839 


    

78,9 


  823  795 

578 


    

109,7 


 

Территорияның  инвестициялық  ресурстарын  тиімді  пайдалануын 

толығырақ сипаттау үшін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға болады: 

-

 



өндіріс және алынған табыс көлемдерінің өсімі; 

289

 

 



-

 

ел  экономикасына  салынған  инвестициялардың  жалпы  көлеміндегі 



аймақ үлесі; 

-

 



инвестициялар көлемінің өсу индексі; 

-

 



инвестициялардың  салалық,  ұдайы  өндірістік,  технологиялық 

құрылымдарының динамикасы; 

-

 

қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымы



-

 

үй  құрылысы,  денсайлық  сақтау,  білім  беру,  мәдениетке  бағытталған 



инвестициялар үлесі; 

-

 



табиғи  қорғау  шараларына  және  экологиялық  тепе-теңдікті  сақтауға 

бағытталған инвестициялар үлесі. 

Инвестициялық 

потенциалды 

пайдаланудың 

тиімділігін 

бағалау 

аймақтарды мемлекеттік қолдау схемасын құру үшін өте маңызды. әлеуметтік 

және экономикалық жағынан әлсіз аймақтарды қолдаудың барлық мемлекеттік 

құралдары  негізгі  аймақ  аралық  сәйкессіздіктерді  жою  және  өзінің  табиғи, 

ресурстық,  экономикалық,  әлеуметтік  потенциалдары  бойынша  әркелкі 

аймақтарда  тепе-теңдікті  қамтамасыз  ету  үшін  бағытталуы  тиіс.  өлшенген 

аймақтық мемлекет саясаты және оны жүзеге асыру механизмімен  қамтамасыз 

етілетін аймақтар үшін тепе-теңдік шарттар келесіде көрініс табады: 

-

 

әртүрлі  аймақтардың  ұқсас  сегменттерінде  қызмет  ететін  капитал 



бірдей табысқа ие болуға тиіс; 

-

 



әр түрлі аймақ тұрғындары өмір сүрудің бірдей жағдайларына ие болуы 

және тепе-тең табысқа ие болуға тиіс; 

-

 

аймақтық  бюджеттер  өз  шығындарын  қаржыландыру  үшін  ұқсас 



мүмкіндіктерге ие болуы тиіс. 

          Аймақтың 

инвестициялық 

потенциалын 

пайдалану 

тиімділігін 

бағалаудың  жалпы  әдістемелерінің  ішінде  нақты  территорияда  жеке 

инвестициялық  жобалар  тиімділігін  бағалау  әдістемесі  ерекше  орын  алады. 

Нарықтық  жағдайда  инвестицияларды  қаржыландыру  көзіне  (ішкі  және 

сыртқы)  тәуелсіз  оларды  бөлудің  негізгі  өлшемі  болып  пайдалану  тиімділігі 

табылады.  Бұл  өлшемнің  міндеттлігі:  инвестициялардың  ішкі  ресурстық 

базасының  шектеулілігімен,  қарыз  қаражаттарын  тарту  және  тиімді 

пайдаланудағы  белгілі  бір  қиыншылықтармен,  инвестициялық  жобаларды 

адресті несиелеу қажеттілігінен туындап отыр. Мұның барлығы территорияны 

басқару  органдарын  инвестициялық  жобаларды  мақсаттылық,  оларды  жүзеге 

асырудың  коммерциялық  және  әлеуметтік-экономикалық  тиімділігі,  өмір  сүру 

қабілеттілігі,  экономикалық  және  экологиялық  қауіпсіздігі,  салымдардың 

тәуекелін минимизациялау негізінде таңдау жүргізу қажеттілігін туындатады.  

 


290

 

 



  

 

Қазақстан  республикасының  Үкіметі  басты  назарды  инвестицияның 



сапасына  бөлу  қажет  деп  санайды.  Сонымен  қатар,  әлеуметтік-экономикалық 

дамудың  маңызды  шарты  болып  республикадағы  соңғы  жылдардағы  жоғарғы 

инвестициялық белсенділік көрсетіледі. 

Елімізде  минералды  шикізаттар  ресурстарына  бай  аймақтарда  капиталды 

қажет  ететін  кен  өндіру,  қайта  өңдеу  кәсіпорындарына  базисті  ресурстар 

жинайтын  жаңа  ережені  енгізуде  ыңғайлы  жағдайлар  жасалды.  Ресурс 

жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет 

ететін өнеркәсіпті және қоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін 

құрды. 

Инвестициялар өндірістік аппаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс 



пен  кәсіпорындардың  құрылуын  қамтамасыз  етеді.  Сол  себепті  шетел 

капиталын  ынталандыру  және  қолдану  қазіргі  кезеңнің  инвестициялық 

процестің заңды басымдылығы болып табылады. 

Нәтижесінде  шетел  инвестициясын  мақсатты  бағытталған  әсері 

Қазақстанда  құрылымдық  саясат  экономикалық,  энергетикалық  және  азық-

түлік,  көлік  саясатын  қамтамасыз  етуге,  сонымен  қатар  минералды  шикізат 

2,38 

0,03 


54,20 

1,19 


1,86 

16,62 


0,66 

1,48 


0,88 

11,43 


0,93 

1,68 


0,64 

3,13 


1,12 

1,63 


0,18 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы 

Балық шаруашылығы және аквадақыл 

Өнеркәсіп 

Құрылыс 

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді 

жөндеу 

Көлік және қоймалау 



Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 

Ақпарат және байланыс 

Қаржы және сақтандыру қызметі 

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 


291

 

 



ресурстарын  пайдаланумен  байланысты  тау-кен  өнеркәсібінің  стратегиялық 

маңызды  саласының  жылдам  дамуына  бағытталды.  Бай  минералды  шикізат 

ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды. 

Қазіргі  таңда  өндіріс  пен  қызмет  көрсетулер  сфераларының  дамуында 

және  оларды  инвестициялауда  әлі  де  көптеген  кемшіліктер  байқалады.  Әрбір 

қызмет 


көрсету 

сфераларында, 

әрбір 

кәсіпорында 



инвестициялық 

қиындықтарды  жеңу  құралдары  мен  жаңа  жолдарды  іздеу  және  қаржылай 

ресурстармен  қамтамасыз  етілуі  қажет.  Әлеуметтік-мәдени  салаларда  бұл 

мәселелерді  шешу  бюджет  есебінен  қаржыландыру  үлесінің  өсуімен  және 

қайырымдылықпен байланысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет