ҚАНАТ: Қайыржан.., Қайыржан... Құрыдым, құрыдым.
ҚАЙЫРЖАН: Не болды? Айболға ұсталып қалдың ба?
ҚАНАТ: Жоқ. Одан да жаман.
ҚАЙЫРЖАН: Енді не болды? Катядан айырылдың ба?
ҚАНАТ: Катядан айырылдым. Бітті бәрі. Катя жоқ енді мен үшін.
ҚАЙЫРЖАН: Айырылғаны несі? Жоқ несі? Айтсаңшы бәрін дұрыстап.
ҚАНАТ: Айнала бермеші айтамын. Катя жоқ енді мен үшін.
Бұлт арылмай көңілден,
Жалғыз өтем өмірден.
О Катя!(Тізерлеп отырады) ҚАЙЫРЖАН: Өлең айтпай дұрыстап айтшы. Дұрыстап түсіндірші.
ҚАНАТ: Нағашы ағам келді.
ҚАЙЫРЖАН: Батыр ма?
ҚАНАТ: Иә. Сол.
ҚАЙЫРЖАН: Келгені жақсы емес пе.
ҚАНАТ: Кемей-ақ қойғанда жақсы болар еді.
ҚАЙЫРЖАН: Неге?
ҚАНАТ: Нағашы болмай-ақ қойса, одан да жақсы болар еді.
ҚАЙЫРЖАН: Досым, түк түсінбедім, дұрыстап түсіндірші.
ҚАНАТ: Олар бірін-бірі бұрыннан таниды екен.
ҚАЙЫРЖАН: Кімдер?
ҚАНАТ: Гүлзат пен Батыр. Бір-бірін жақсы біледі екен. Маған «Гүлзат деген жеңгең болады, танитын шығарсың»-дейді. Военный форма киіп алған өзі.
ҚАЙЫРЖАН: Шын айтасың ба, міне қызық!
ҚАНАТ: Қайдағы қызық, бұл нағыз шыжық. Оған плюс, маған минус, мынандай сызық!
ҚАЙЫРЖАН: Сен қалай білмегенсің?
ҚАНАТ: Есің дұрыс па? Мен қайдан білейін. Олар маған айтады деймісің. Оның үстіне ана Гүлзатта Батыр екеуміздің ағайынды екенімізді білмейтін шығар.
ҚАЙЫРЖАН: Ей жақсы емес пе? Жарың болмаса да жеңгең болады, қасыңда жүреді.
ҚАНАТ: Махаббаттан түк түсінбейтін мақұрым неме. Керек болса сен бар. (дауыс естіледі) БАТЫР: Қанат!
ҚАНАТ: Осы кезде Батырда келіп қалады. Гүлзатты шақырып кел деп жіберген ғой.
ҚАЙЫРЖАН: Ендеше мен шақырып келейін.
ҚАНАТ: Тұра тұр, бері кел. Осыдан Батыр осы аулаға кірсе, мен оны...Мойнаққа талатамын.