бойынша берілді. Мағзум молдаға арналған өлеңдерінің бірі.
"Орнымыз медресе оқып жатқан"
(1908). Ш.
Торайғыровтың қолжазбасы
бойынша берілді (253-254 бет.) Б. Кенжебаевтың 1950, 1957
жылғы жинақтарында
өлеңнің "Əуелден ресім жоқ ғылым сатқан", - деп қате терілген. Дұрысы: "Əуелден
рəсім жоқ ғылым сатқан".
Өлеңдегі
айтылар ой оқуға, ғылымға насихаттау турасында "молда"
деген атты
сатқан, шариғатты өтірік уағыздаған Мағзум сияқты молдаларды əшкерелейді.
"Ақ сəуле, алтын жүзді, құндыз қабақ
" (1909). Өлең мəтіні Шəймерден
Қожахметұлы тапсырған ҚР Ұлттық академиясының
ғылыми кітапханасының
қолжазба қорындағы 655-ші нөмірлі (А. Кенжетай, 2 дəптер) папкадан алынды. Кейінгі
жинақтардағы мəтіндермен салыстырылды. Өлеңнің тақырыбы "Ақ сəуле, күміс жүзді,
құндыз қабақ" əр жинақта əр түрлі берілген. 1987 жылғы жинақта "Ай сəуле, күміс
жүзді, құндыз қабақ" (156 бет), ал 1993 жылғы жинақта "Ақ сəуле, күміс жүзді, құндыз
қабақ" (243 бет). Қолжазбада жəне дұрысы: "Ақ сəуле, алтын жүзді, құндыз қабақ".
Өлең алғаш С. Торайғыровтың 1962 жылы шыққан 2 томдығында жарияланды.
"Қ...ға сəлем"
(1909). Сұлтанмахмұт бұл өлеңін Мағзумның қызына арнап жазады.
Шəймерден Торайғыров қолжазбасынан (656 п., 251-252 бет.) жəне 1950, 1957, 1987,
1993 жылдардағы жинақтар бойынша ұсынылды.
"Жан қайда əділетті іздейтұғын"
(1909). Шəймерден қолжазбасы (656 п., 252-254
бет.) 1950, 1957, 1967, 1993 жылдардағы жинақтар бойынша берілді.
Достарыңызбен бөлісу: