"Тұрмысқа"
(1914). Тұңғыш рет "Таң" журналында басылған. Текст Шəймерден
қолжазбасы, 1933 жылғы нұсқа негізге алынды.
"Альбомнан"
(1914). Тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта жарық көрген. 1933, 1950,
1957 жылғы жинақтардағы "сусыз, жеміс береді", - деген жол 1967
жылғы жинақта
"Сөзсіз жеміс береді", - деп түзетілген. Дұрысы осы.
"Орыс, ноғай қыздары, Қалар еді табанда
", - деген соңғы екі жолы 1950, 1957,
1957 жылғы жинақтарда түсіп қалған да, 1993 жылғы жинақта қайта қосылған.
"Жапырақтар".
Ең бірінші рет 1915 жылы шыққан "Айқап" журналының 11
нөмірінде "Шəйбай Айманов" атынан жарияланған. 1933 жылдан бастап С.
Торайғыровтың барлық жыр жинақтарында басылып келеді. 1992-1993 жылдары
"Жапырақтар" өлеңі кімдікі деген талас туды. Бірақ əдеби-ғылыми
жұртшылық бұл
өлең Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі, кезінде, "Шəйбай Айманов"
атынан жазылған
деген тоқтамға келді.
"Айт".
Бұл өлең алғашқы рет 1933 жылғы жинақта басылған. 1933 жылғы кітапта
"Жалғыз-ақ дорба астына кедей көріп" деп қате басылған. Қолжазба бойынша дұрысы:
"Жалғыз-ақ дорба асынған кедей көріп.
"Кеш"
(1914). Бұл өлең алғаш рет 1933 жылғы Сұлтанмахмұт шығармаларының
толық жинағында жарияланған. 1993 жылғы нұсқа негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: