Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


"Жүрек"  (1914). Бұл өлең 1987 жылғы жинақтан ұсынылып отыр. "Қыз сүю"



Pdf көрінісі
бет58/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Жүрек" 
(1914). Бұл өлең 1987 жылғы жинақтан ұсынылып отыр.
"Қыз сүю" 
(1914). Тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта (139 бет) жарияланған. Сол
текст ұсынылып отыр.
1. Көргенде құмарланып кеудең толса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса. - 1967 жылғы жинақты құрастырушылар
қолжазба негізінде дұрыс түзету енгізген.
"Өмірімнің уəдесі" 
(1914). Өлең тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта жарияланған.
1967 жылғы ақын кітабында: Бұл өлең қолжазбада небəрі 16 жол болса, 1933, 1950,


1957 жылдардағы жинақтарда 20 жолдан тұрады", - деген ескерту жазылған. Сол нұсқа
алынды.
"
Гүлəйім
" (1914). Бұл өлең Сұлтанмахмұт шығармаларының 1933 ж жинақта
жарияланған. Өлеңнің мазмұнына, кейбір материалдарға қарағанда ұзақ өлең. Көбі
жоғалған.
"Лəнет бұлты шатырлап" 
(1914). Өлең тұңғыш рет "Таң" журналында
жарияланған. 1950 жылғы жинақта "Лағнат бұлты шатырлап" деген тақырыппен
берілген.
"Келді хатың, мен шаршап" 
(1914). Өлең алғаш рет 1933 жылғы жинақта "Келді
хаты мен шаршап" деген тақырыппен ұсынылған.
"Нешелер көз жасы төгілді" 
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.
1950 жылғы жинақта: үшінші жолы "қанша аясаң да, талпынсаң да" болып басылған.
Дұрысы "Қанша аянбай талпынсаң да", - деген түсінік келтірген.
"Күңгірт түспен айға батып" 
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.
"Ей, махаббат! Ей, достық!" 
(1914). Бастапқысы 1933 жылғы жинақта
жарияланған. Оған күнделік дəптерінен көшіріліп жазылған екен. Барлық жинақтарда
жарияланып отыр.
"Дүниедегі қызықтың
" (1914). Əуелде 1933 жылғы жинаққа енгізілген. Тосқаным
қабір құшағы. 1933 жылғы жинақта "құшады" болып кеткен, кейінгі жинақтар
бойынша түзетілген.
"Жан қалқам" 
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет