5.Шығыс əдебитінің тарихы пəні бойынша тапсырмаларды орындау жəне
тапсыру кестесі
№
Жұмыс түрі
Тапсырманың
мақсаты мен
мазмұны
Ұсынылатын
əдебиеттер
Орындау мерзімі
жəне тапсыру
уақыты
Балл
Бақылау түрі
1
ОЖСӨЖ
тапсырмалар-
ын орындау
Теориялық
білімнің
меңгерілуін
бақылау,
берілген
тапсырмалард
ың
орындалуын
тексеру
ОЖСӨЖ
тақырыбына
байланысты
1- 15 апта
1%
Ауызша
тапсырма.
зерттеулер
қорытындылар,
Жаттығулар,
ибаяндама
2
СӨЖ тапсыр-
малары
Студенттің өз
бетімен
жасаған
жұмыстарын
тексеру.
Жан-жақты
ізденуге,білімі
СӨЖ жоспар-
лары
бойынша
Сабақ кестесі
бойынша
1 %
Тапсырма
орындалуын,
ауызша, жазбаша
жəне орындау
қабілетін,
білімділігін
тексеру
н дамытуға
үйрету
3
Жеке
тапсырма
(реферат,
баяндама)
Талдау жəне
танымдық
қабілеттерін
арттыру
4,7,11,15 апта
2%
Тапсырмаларды
ң орындалуын,
сұрақтарға
жауап беру
қабілетін
тексеру
4
Жазба жұмыс
түрінде
аралық
бақылау
Ойлау
қабілетін
тексеру
Бірінші
жұмыс 1-15
тақырыптарға
байланысты.
Екінші
жұмыс 15-30
тақырыптарға
байланысты.
№7 семинар
№15 семинар
Тапсыр
малар
саны
бойынш
а əрбір
жұмыс
8%
баға-
ланады
Жазба жұмысын
тексеру.
5
Емтихан
Білімді
кешенді
тексеру
Пəн бойынша
Жазғы сессия
Тест
Студенттің
білімін
бағалау.
6. Оқу əдістемелік құралдар жəне авторлық дəрістер
«Шығыс əдебиетінің тарихы» курсы
Пəн бойынша дəрістер кешені
№ 1- дəріс. Көне дəуір əдебиеті. Египет
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Көне дəуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай.
2. Ежелгі Египет əдебиетінің қалыптасу тарихы. Діни əдебиет.
Дəріс мақсаты: Көне Мысыр əдебиеті жəне мəдениеті қазынасының əлем
мəдениеті дамуына ықпалы турасында хабардар болу.
Дəріс мазмұны:
Көне дəуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай. Ежелгі Египет
əдебиетінің қалыптасу тарихы. Діни əдебиет. «Пирамидалар кітабы» - ежелгі
египет əдебиетінің көрнекті ескерткіші. Байырғы мысырлықтардың наным-
сенімдері. Гор, Сет, Осирис, Исида, Нефтида – көне мысырлықтардың құдайлар
пантеонының басты образдары. «Өлілер кітабы» - ежелгі дəуірден біздің
заманымызға дейін жеткен əдеби ескерткіш. Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші
ғасырларындагы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының қалыптасуы.
Көшпелі жəне отырықшы ирандар.
Перғауындар есіміне қатысты бақсылық, арбау, абыздық əнұрандар, шешендік
өнер дəстүрлерінің қалыптасуы. Абыздар орындайтын кейбір жазбаға түсірілген
Гат жанрының ерекшеліктері, тұрмыс-салт, мінез-құлық дағдылары. Гат
шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, қоғамдагы қарама-қарсы күштерді
бейнелеуі. Жердегі "Заттық əлем" жəне руханилық əлем туралы Заратуштраның
шақырулары. Гат мазмұнындағы отырықшылық, бақташылық, байлыққа кенелу,
басқарудағы əділдік туралы. Гат түйіні - төрт түлік малды қырып-жоюға қарсылық.
Гаттардағы үш топ (отырықшы, бақташы - жер иеленушілер, көшпелі-тонаушылар,
өздері дүрыс санаған ауытқушылар). Өгіз рухының мүнəжаты. Заратуштраның үш
қисыны: ой — сөз — іс. Заратуштраның гаттардағы екі қызметі. Гаттардың жанрлық
бөліністері.
Ежелгі Египет əдебиетінің өркендеуі 3000 жылдан астам уақытқа есептеледі. Б.з.д. 4
мыңжылдықтың соңында Ніл өзенініңтөменгі жағалауында, Солтүстік Африка
жерінде əлемдегі ірі мəдени орталықтың бірі Египет мəдениеті пайда болған. Египет –
алғашқы құл иеленуші мемлекеттердің бірі. Ежелгі Египет елінің 2000 жылдық
тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
1. Ежелгі дəуір ( б.з.б. 2800-2250 жылдар)
2. Орта ғасырлық хандық дəуір (б.з.б. 2050-1700жылдар)
3. Жаңа дəуір (б.з.б. 1580-1070)
Египет деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға пирамидалар елестейді.
Пирамидалар – бір кезде əлемді дүрліктірген мемлекеттің тастан салынған
символдары. Зерттеушілер əлі күнге пирамидалардың нақты санын айта ламайды.
Кейбіреулер олардың жалпы саны жүзден асады дейді.
Бұл тарихи кезеңдер мəдени мұраларға өте бай. Қазіргі египеттіктер, соның ішінде
арабша сөйлейтіндері өз елдерін «Мысыр» деп атайды. Ал «Египет» сөзі көне грек
тілінің «Айгуптос» сөзінен шыққан. Өз кезегінде бұл сөз атақты көне египеттік қала
Мемфиса атаумен ұйқастырылса керек деген болжамдар бар. Көне египеттіктер өз
елін «кеме» - «черная» деп атаған. Ежелгі жəне орта ғасыр ескерткіштеріне – Хеопс,
Хефрената, Микерина ескерткіштерін, фараондардың табытын жатқызуға болады.
Египеттердің өмірі мен табыттардың тарихы туралы көбірек білу үшін Осирис
мəдениетіне даму кезеңдерімен танысу керек.
Тексеру сұрақтары:
Көне дəуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай.
Ежелгі Египет əдебиетінің қалыптасу тарихы. Діни əдебиет.
Əдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
1 кредит сағат
№ 2 дəріс. Тақырыбы:Таяу Шығыс пен Орта Азия əдебиеттері.Араб əдебиеті
Дəріс мазмұны:
1.VII ғ. Араб жазба əдебиетінің пайда болуы
2.Құран — араб жəне əлем əдебиеттерінің классикалық үлы ескерткіші.
7 ғасырдын бірінші жартысында арабтар Иран,Византия,Орта Азия,Солтүстік Африка
елдерін басып алумен шектеліп қалған жоқ,сонымен қатар 8 ғасырдың жиырмасыншы
жылдары Испанияға да шабуыл жасайды.
Күні бүгінге дейін Испанияда осы шапқыншылық жайлы көптеген аңыз əңгімелер
бар.Олар Испанияны арабтардың басып алуының басты себебін өз патшаларының
жаратушы
алдында
кешірімсіз
күнəға
батуынан,қаһарына
ұшырауынан
іздейді.Мысалы,əмірші Родерика өмірін парықсыз,қызық қуып өткізіп күнəға
белшесінен батыпты.Гот корольдері өсиет етіп келген шартты бұзады.Сол өсиетте
Толедо қаласындағы патша сарайы бір бөлмесінің есігін еш уақытта ашпау
жайында.ал оны бұзған адамның таусылмас қайғы-қасіретке душар болатындығы
жайында айтқан екен.Родерико оны құлағына ілмей есікті бұзып ішке кірген кезде
қабырғалардан қабақтары қатыңқы,түстері суық.қолдарына найза ұстаған. Салт
аттылардың суретін көреді.Міне,сол күннің ертеңіне-ақ Испанияға Тариқ бин Зийад
бастаған қалың қол жойқын шабуыл жасайды.
Арабтар Испанияны «əл-Андалус» деп атаған.Бұл сөз Испанияның оңтүстігін
мекен еткен «Вандал»деген тайпа атына байланысты шыққан сияқты.Олар Испанияны
бағындырған соң басып алған жерлерін осы тайпа атымен атап кеткен деген пікірді
Ханна əл-Фахури де атайды.
Бірақ Андалусиядағы араб имиратының одағы ұзаққа созыла қоймаған.Ислам
дінін жергілікті көп халық қабылдағанымен християндардың біршамасы өз діндеріне
берік боп қала береді.Сондай-ақ олар Испанияның əр жерінен оқтын-оқтын көрінген
көтерісшілеге жиі қосылып отырған.
Əйткенмен де Андалусияны умаийад əулеті билеген дəуірде Кордова сауда мен
мəдениеттің ірі орталығына айналды.Ал əдебиетпен ғылым жағынан андалусиялықтар
Бағдат пен Кайрдың жазушы, ақын, ғалымдарының алдында ғана бас иген. Ханна əл-
Фахури андаласуия қалаларында қағаз, пергамент, шыны , тоқыма өнеркəсібі,
зергерлік өнермен өндірістің барынша өріс алғанын, халифалар мен əміршілердің бір
бірімен бақталасып əдемі қалалар мен мешіттер, зəулім сарайлар, хауыздар, əшекей,
айшықты көпірлер мен басқа да құрылыстар салумен əуестенгенін айтады. Шынында
да олардың бір қатары күні бүгінге дейін сақталған.
Арабтар испанияға тек қылыштарын сүйретіп қана келмеген, сонымен қатар
терең мазмұнды шынайы шығармалары мен зерделі əдебиеті мен мəдениетін де ала
келеді. Оның үстіне Андалусияны жаулап бір орталыққа бағындырған тұс шығыста
араб əдебиеті өзінің кемеліне келіп, жұлдызының жарқырыап тұрған кезі болатын.
Сондай-ақ андалусияға Дамаск, Бағдат, Басра, Харран, Халаб, Мекке мен Медене,
Кайр, Мараккеш пен Фес, Қайруаннан əдебиетшілер мен əншілер, ғалымдар мен
ақындар, талай саңылақ өнерпаздар ағылып жатқан. Ислам дінін қабыл алған
жергілікті халық та араб тілін үйреніп, араб халқының əдет-ғұрыпына көп еліктеген.
«Еліктеу» дəуірі
«Еліктеу» дəуірінің əдебиеті – Машриқ ақындарына еліктеуден туған Андалусия
шайырлары мен қаламгерлерінің шығармаларынан тұрады. Дамаск, Бағдат, Халаб,
Кайр, Фестен келген ақындар əуелде жаңа жерді менсінбей тəкəпарлықпен қараған.
Шығыс, араб жұртының əдет-ғұрпын, мəдениетін, əдебиетін испандықтарға үлгі еткен,
өнеге алуға шақырған. Сондықтан да олар дəстүрлі поэзия канондарын өзгертпей
ежелгі араб поэзиясының дəстүрлерін қызғыштай қорғаған. Ол жайлы Ибн Бассам
деген əдебиетші өзінің «Аз –Захира фи махасин ахл əл-Джазира («Жарты арал
(Андалусия) тұрғындары абыройының қазынасы») атты антологиясында: «Бұл елдің
адамдары қайткенде де шығыс жұртының ізімен жүргісі келеді. Олар туралы айтылған
жай əңгіменің өзін таңғажайып ооқиға көреді. Шығыс жерінде қара қарға қарқ етсе
немесе Сирия мен Ирактың алыс түкпірінен қоңыз ызылдаса болды бұлар міндетті
түрде идол алдында тұрғандай тізерлеп отыра қалады. Оларды қасиетті кітаптай
қадірлейді»,- деп орынды айтқан.
1 кредит сағат
№3 Дəріс. Тақырыбы: Парсы (Парсы, Иран, Тəжік) əдебиеті.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі иран тайпаларының əдебиеті.
2. "Авеста" - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.
Дəріс мақсаты: Студенттерді аталмыш кезеңдегі əдебиет жəне мəдениет дамуы
барысынан хабардар ету.
Дəріс мазмұны:
Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі (Гиндукуштан Еділге жəне
Оралдан Парсы шығанағына дсйін) иран тайпаларының мəдениеті. Орта Азиядагы
Шығыс ирандары (қазіргі Ауғанстанның Гиндукуш үстіртінің біраз бөлігі). Шығыс
ирандарының басым орналасқан жерлері. Ферғана, Хорезм, Согда, Бактрия, Памир,
Хорасан.
Батыс ирандары: Месопотамия, Жсрорта теңізі, Миди, Фарс. Гаттар" ("Жыр
жырлау") - он жеті мүнəжат дүғаларының жинағынан тұратын "Авестаның" көне
бір бөлігі. Қасиетті кітап "Авеста" — ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық
үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.
Геродот, Ктесия жəне т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі
ирандардың, оның осіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы (атап айтқанда,
скифтердің) мəліметтер. "Гаттар" (жыр жырлау) мүнəжат дүғаларының жинағы).
Авторы — ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра (немесе грекшс бсрілуінде
Зороастру).
Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындагы отырықшы, бақташылық, жер
өңдеу жұмыстарының қалыптасуы. Көшпелі жəне отырықшы ирандар.
Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау, абыздық əнұрандар, шешендік өнер
дəстүрлерінің қалыптасуы. Абыздар орындайтын кейбір жазбаға түсірілген Гат
жанрының
ерекшеліктері,
тұрмыс-салт,
мінез-құлық
дағдылары.
Гат
шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, қоғамдагы қарама-қарсы күштерді
бейнелеуі. Жердегі "Заттық əлем" жəне руханилық əлем туралы Заратуштраның
шақырулары. Гат мазмұнындағы отырықшылық, бақташылық, байлыққа кенелу,
басқарудағы əділдік туралы. Гат түйіні - төрт түлік малды қырып-жоюға қарсылық.
Гаттардағы үш топ (отырықшы, бақташы - жер иеленушілер, көшпелі-тонаушылар,
өздері дүрыс санаған ауытқушылар). Өгіз рухының мүнəжаты. Заратуштраның үш
қисыны: ой — сөз — іс. Заратуштраның гаттардағы екі қызметі. Гаттардың жанрлық
бөліністері. Ежелгі иран шығармалары ежелгі иран тайпалары мен халықтарының
мəдениеті болып табылады. Б.д.д. ІІ мың жылдықтарда Евразия кеңістігіндегі
Пендукуштан Донның сағасына дейін жəне Уралдан Персид Бұғазын дейінгі
жерлерде орналасқан. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта шығыс жəне батыс ирандықтардың
орналасуы жəне территориясы белгіленді. Шығыс ирандықтар Орта Азияда
мекендеді жəне шығыс Еуропалық халықтармен өзара араласып отырған. Шығыс
иарндықтардың орталық облыстары Ферғана, Хорезм, Соғды , Амир Хорасан
аймақтары болды.Батыс ирандықтар қазіргі Иран территориясында тұрды жəне
Жерорта теңізі мен Месопотами халықтарымен қарым – қатынаста болды. Батыс
ирандық ирандықтардың көші – қоны Мидги Атропотен, Форса облыстарын
мекендеді. Шығыс жəне Батыс ирандықтардың бір – бірімен байланысуы ғасырлар
бойы жалғасты.
Жаңашылдардың айтуынша, ежелгі ирандықтардың нанымдары көшпелі
тайпалардан басталып, антикалық автордың, соның ішінде Геродот пен Ктесияның
еңбектерінде ежелгі шығыс тілдерінде жазылған дейді. Иран жазбаларының
ішінде біздің заманымызға жеткен ескертуіші – Авеста туралы қасиетті кітап.
Одан да ежелгі кітап, ол – «Гаты». Ол жеті дұғаның жиынтығы. Автор мұнда
ертедегі ирандық Зоротуштрия религиясының негізінде көшірген.
Парсы əдебиетінде 20 ғасырдың орта шенінде роман жанры дамыды. М.Хосроуйдың
"Күн мен Жарлық" атты тарихи романы ортағасырлық моңғол əскерлерінің парсы
жеріндегі іс-əрекеттері жайында жазылса, М.Ахангидің "Махаббат пен Салтанат"
аталатын романында Ахемен əулетінің шахиншахы Куруштың (Кирдің) жорықтары
кеңінен сөз болды. Сондай-ақ тарихи романдар қатарында Х.Бадиғтың "Ежелгі
дастан", С.Керманидің "Тұзаққа түсірушілер" (кейде "Маздактың кегін алушылар"),
салжұқтар билігі тұсындағы парсылар тұрмысын бейнелейтін З.Мутаманның
"Бүркіттің ұясы" шығармаларын айтуға болады. М.Каземидің ''Қауіпті Тегеран"
романында 20 ғасырдың 20-жылдарындағы Иранның ішкі жағдайы суреттелген. Басты
кейіпкерлер Ферох пен ақсүйек қызы Мейннің махаббаты негізінде қоғам қайшылығы
бейнеленген. М.Хажазидің "Əдемі", М.Масғудтың "Түнгі көңіл көтерулер",
Р.Ансаридың «
:
Адам қылмыстары», А.Халилидің "Қара тіршілік" романдары
қоғамдағы шынайы көріністерді бейнеледі.
Авеста Вендидат (шын шайтанға қарсы Виспера ұлы жандар туралы кітап.)
Авеста «абаста» деген пехлеви сөзінен шыққан «орнату», «бекіту», деген
мағынаны береді. Авеста қасиетті жазу зороастризмнің , қасиетті кітаптың
жиынтығы. Ал Авестаның пехлевиге түсініктемемен аударылған түрін зенд деп
атайды. Авеста мəиіндері сасанилер кезінде б.з.д. ІІІ ғ. Ауызша түрінде бір колнға
біріккен еді, ал арнайы жазу формасында пехлеви əліппесінің негізінде ХІғ.
Түсті. Сасанид авестасы 21 кітаптан құралған. Бізге жеткені Венвидад еді, Ясна
толық жетпеді. Веспидад жəне Мисти бар. Қалғандары жеке үзінділер ғана.
Авеста тілі шығыс ирандықтардың, Орта Азия халықтардың ежелгі жəне жазбаша
жəдігерлерінің негізінде қалыптасқан. Бұл халықтардың арасында зороастризм
кеңінен тарап тұрған болатын.
Бізге Авестадан 63000 сөз жетті. Бұл алыптың жұқалары болса керек. Ескрткіш
Ясна, Мита, Курда, Вендидот дейтін бөлімдерден тұрады. Солардың ішінде
дұғалық сөздерден құралған. Ясна 72 тараудан құралыпты. Мисты мифтерді
жинақтайды.
Авестаның алғашқы жиыны көп тармақты, көп тараулы болып келеді. Тек ғана
дінді уағыздамай, дəрігерлікті, заңды қамтиды. Ислам кліп, дүниеге өз үстемдігін
орната бастаған кезде зороастризм кейін шегінді. Соның нəтижесінде
«Авестаның» толық тараулары таратылып, кейбір үздіктері ғана қалды.
Авестаның ағылшынша аудармасын жасаған – Д.Дормстетер.
Сасанидтер тұсында Авестадан 348 тарау ғана қалған,бұдан 21 кітап шыққан.
Араб шапқыншылығы кезінде біраз қолжазбаларды өртеп жіберген.
Авестаны ерте иран тілдері немесе авеста тілінде жазылған шығарма деп
таниды. Осы күнге дейін бұл кітаптан үзінділер оқылады. «Авестаның» екінші
редакциясы - Зенд та Авестада айтылады. Авестаның бірінші кітабы Вендидад 21
тараудан құралған. Зартуштра мен Ахура Мазданың арасындағы диалогпен
түзіледі.»Висперед» - 24 тараудан тұрады,ал «Ясна» - 14 тараудан құралған.
Антикалық автордың айтуына қарағанда, Қоражида Авестаның көлемі 3 млн. – дай
өлең екен. Сасанидтер династияның тұсында ғана Авеста мəтіні бір қалыпты
болса керек. Сасанидтер билік құрған кезде Австадан 348 тарау немесе 21 кітап
қалыпты.
Араб шапқыншылығы кезінде Авестаның қолжазбалары өртеліп, «Вендидағы»
ғана сақталып қалған. Ең ескі қолжазба 1278 жылмен белгіленеді.
«Авеста» малшының, аңшының, жер өңдеушінің еңбегіне ерекше ілтипатпен
қарайды. Алғашқы қоғамның бірлігі мен бақыты осында дейді.
«Авеста» алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы Орта Азия мен Иран
халықтарының өмірге, табиғатқа, дінге көзқарастарын бейнелейді. Жерге, егінге,
малға деген ықылас ерекше байқалады. Су мол болсын, жер жасарып гүлден
берсін дейді.
«Авеста»-адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар əрі аса дарынды ақын Заратуштра
жасаған қасиетті ілімнің жазбалар жинағы. Бұл кітап біздің заманымыздың бұрынғы 3-
ғасырда көне тілдердің бірі саналатын авеста тілінде қағазға түсірілген. «Авеста»
алғашқы кезде жиырма бір кітаптан тұратын шығарма болатын. Бүгінгі күнге соның
төрттен бір бөлігі ғана жетіп отыр.
«Авестаның» бізге жеткен екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы түрлі мазмұндағы
мінəжат-уағыздар болып келеді. Ал екінші нұсқасында табиғатқа, дүние
жаратылысына, адам құқығына, діни сенімге, т.б.қатысты өлеңдер, дұғалар, əнұрандар
бар.
«Авеста» бірқатар шығыс елдерінің, соның ішінде түркі тілдес халықтардың
тарихына, əдебиеті мен мəдениетіне, дініне, салт-санасы мен əдет-ғұрпына қатысы бар
ортақ жəдігерлік болып табылады.
Ғылымда Заратуштра-ежелгі Иран тайпалары арасынан шыққан пайғамбар, сол
себепті «Авеста» парсылар елінде жазылған деген де пікір бар. Алайда Еуропа
ғалымдары «Авестаны» қадым замандарда Орталық Азияны мекен еткен көшпенділер
арасында өмірге келген киелі кітап деп біледі.Ал «Авестаны» ұзақ жылдар зерттеп,
бұл жинақ туралы аса құнды пікірлер айтқан ағылшын ғалымы М.Боис: «Зороастризм
ілімінің негізін қалаған Заратуштра-Азия даласының көшпенділері ішінен, ұлы Еділдің
Шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан» деген түйін жасайды.
Академик Əлкей марғұлан қазақтың ежелгі дəуір əдебиеті туралы айта келіп:
«Авестаны» ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дəстүрін басынан кешірген,
қазақтың байтақ сахарасын қоныстанған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар»,-дейді.
Сонымен, «Авеста»-пайғамбар заратуштраның рухани ілімі мен құдайға құлшылық
ету уағыздары. Жалпы, зороастризм ілімі бойынша, бүкіл əлемдегі нəрселердің бəрі
бір-біріне мүлдем қрама-қарсы тұрған екі топқа бөлінеді. Олар:жақсылық пен
жамандық, жарық пен қараңғылық, əділет пен зұлымдық, шындық пен өтірік, т.б. Бұл
ілім бойынша əлемдегі осы екі күштің арасында тынымсыз, мəңгілік күрес жүріп
жатады. Мəңгілік күрес идеясы «Авестада» Ахура- Мазда мен Ангра Майнью
арасындағы үздіксіз тартыс арқылы бейнеленген.
Ахура-Мазда-аспан мен жерді, адамдар мен жануарларды-дүние жүзіндегінің бəрін
жаратушы, əлемнің жалғыз иесі. «Ахура»- əлемнің əміршісі, ал «Мазда»- «даналық
құдайы» деген мағына береді. «Ахура-Мазда»-өмірдегі барлық жақсылықтың,
ізгіліктің, қайырымдылықтың, мейірімділіктің, шындықтың жауы,қас дұшпаны.
Бұл екі қарама-қарсы күштердің арасында үздіксіз күрес жүріп жатады. Мұны
«Авестада»айтылатын басты пікір деуге болады.
Тексеру сұрақтары:
Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі иран тайпаларының əдебиеті.
"Авеста" - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.
Əдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
№4 дəріс. Тақырыбы: Үнді əдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ежелгі үнді əдебиеті — қазіргі Пəкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра.
Ведалар.
Дəріс мақсаты: Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі əдебиет жəне
мəдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.
Дəріс мазмұны:
Б. з. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді əдебиетіндегі драмалық, лирикалық
поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі əдебиетке көне əдеби үлгілердің
əсері. Б. з. д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты
тайпалар мен халықтар араласуыныц əдебиеттері. Ежелгі үнді əдебиеті — қазіргі
Пəкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді əдебиетіндегі
тайпалық тілдср. Веда тілі — ритуалдық əнұрандар тілі; Санскрит, пали - буддистер
тілі; джайндар - пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махарашпри/ жəне
апабхраншу /діни қауымдастық/ тілі.
Ежелгі үнді əдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың аздығы. Кез
келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи — бəрінің де
өлеңмен де, прозалық түрде де жазыла бергені. Пəлсапа, дəрігерлік, грамматика,
астрономия, сəулет туралы бəрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның
нақыш-өрнек қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.
Веда əдебиеті "веда" — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім"
ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда əдебиеті /əнұрандары ведасы/ негізін құрайды
/"риг" сөзі "əнұран" ұғымын береді/. "Самаведа" — салтанатты өлең айту ведасы
("саман - əуен"). "Яджурведа" — құрбандық нақылдарыныц ведасы (яджус —
"құрбан", "құрбандық" формуласы). "Атхарваведа" — дуалау, арбау ведасы (атхарван
— "арбау", магиялық формула).
1. Б. з. д. бірінші ғасыриидагы санскрит əдебиеті. Əдеби эпостың, драманыц,
лириканың өкілдері. Ашвагхоши II ғ., Бхасы /III-IV ғғ./ жəне Халы /IІІ-IV ғғ./.
Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мсн
диалогтар, өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар.
Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тəңірі Брахмага драманы жасау туралы жазылған
"Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттагы
Брахманың театр өнерін жерге жібергені туралы. "Натьяшастрада" оның негіздерін
жазғаны туралы аныздың айтылатыны.
Б. з. д. IV—VIII ғ. Санскрит əдебиеті. Үнділік орта ғасырдағы Гуптар əулеті билеген
империя. Əдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни
бағыттың түпкілікті жеңуі.
Ежелгі үнді əдебиеті жалпылама үнді əдебиетіне қарағанда күрделі де
ауқымды.Іргелес шығыс əдебиетімен тұтастай пайда болып, ежедгі дүние əдебиетінде
кең етек жайды. Ежелгі үндінің драммалары, лирикалық поэзиялары, прозалары, біздің
э.д.1-мың жылдығында тіпті екінші жартысында жаңа үнді тілінде одан əрі дамыды.
Ежелгі үнді əдебиетінің төменгі шекарасын 6,9,12 ғасырмен байланыстырсақ, əр
кезеңнің өзінің кемшіліктері мен жетістіктері де бар. Ақиқаты-нағыз томдардың
хронологиялық шекарасынан тым əріде. Сондықтан да əдебиеттің алғашқы
эпохаларын б.э. алғашқы ғасырларындағы дінмен көне эпостармен, жазба əдебиет
үлгісінен бұрынғы тұрмыстық формадағы əдебиеттің циркуляциясы есте сақталған.
Ежелгі үнді əдебиетінің күрделілігі сол əдебиет нақтылы түрде емес хронологиялық
шекарасы шектелген жəне құрамы, шығуы жағынан біртекті емес. Көптеген уақыттар
бойына əдебиет тудырушылар арилар, яғни үнді еворпаның отарындағы шығыстық
тобырлары. Б.э.д. 2-мыңжылдықта қазіргі үнді территориясында жүрген. Анықталғаны
ежелгі үнді мəдениеті нақтырақ айтсақ əдебиет əр түрлі нəсілдер мен ұлттардың
синтезінен арилардың, дравидтердің, мұнда тағы бір айта кетер жайт б.э.д.1-
мыңжылдықта үнді европа тілімен параллель дравидтік (тамиль)əдебиеті өмір сүрді.
Үнді əдебиетінің дəл нақты шеңберінде əр түрлі тілдегі шығармаларын қарастырамыз.
Ежелгі жəне орта ғасырлық үнді əдебиетінің естеліктері бізге санскрит- əдеби тілде,
қатаң грамматикалық үлгіде жеткен. Санскрит үлгіде классикалық санскрит,
эпикалық,гибриттік əдебиетте басқа тілдермен диалектілер де кездеседі.Көне үнді
əдебиетінің үнділік «Ригведа» туындысы б.э.д. 2-1мыңжылдықта діни-философиялық
мəтіндері солтүстік үнді, веда тілінде санскритке туыс болғанымен, біршама
айырмашылықтары бар.1-мыңжылдықтың ортасында санскритпен қатар орта үнді
тілдері, практрит қатар жүрді. (Практрит- қарапайым мағынасында қолданылды). 1-
мыңжылдықтың 2-ші жартысынан бастап санскитпен қатар орта үнді тілдерімен
қолданыста соңғы орта үнді тілдері немесе апабфранша, жаңа үнді тіліне ықпал
етушілер етек жайды. Осындай сан қырлы тілдер мен диалектілер этникалық құралы
«ежелгі үнді» термині Үндістан территориясындағы субкантиненттік көнелік пен орта
ғасырлық уақытты білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |