Семинар 15 ожсөЖ 15 СӨЖ 15 Барлығы 60



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата22.12.2016
өлшемі1,26 Mb.
#59
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тексеру сұрақтары: 
Ежелгі үнді əдебиеті — қазіргі Пəкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра.  
Ведалар.  Олардың шығу тарихы.  
Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
 
№5 дəріс. Тақырыбы: Ежелгі Қытай əдебиеті  
Қарастырылатын сұрақтар:  
1.Б.з.д.  II  мың  жылдықтан  б.з.  III  ғ.  дейінгі  үш  кезеңі.  Б.з.д.  Қытай 
ІІатшалығының тарихы - өркениеттің тез дамуының  тарихы.  Конфуций  /551—479 
жж./.  
2.Мо Ди /479-400 жж./ - адамды сүю. Гуманизм өкілдері.  
3."Луньюй"  /тұжырымдар  мен  сұхбаттар/  —  қытай  ойшылдығындағы  адамды 
ардақтау туралы. "Дао-цзы" /"Дао жəне табиғаттың болмысы туралы"/.  
Дəріс мақсаты: Ежелгі Қытай əдебиеті мен мəдени өмір дамуы барысынан мағлұмат 
беру. 
Дəріс мазмұны:  
Ежелгі Қытай əдебиеті б.з.д. ІІ мыңжылдықтан б.з. ІІІ ғ. Дейін үш кезеңді қамтиды. 
Шань-иньдік  тайпалық  одақ  (б.з.д.  ХҮІІІ-ХІІ  ғасырлар),  империялық  дəуір  (б.з.д.  ІІІ 
ғасырдан  б.з.д.  ІІ  ғасыр).  Ежелгі  Қытай  əдебиетінің  нұсқаларына  «Шан-шу»  (Ежелгі 
жазу)  –  декларациялар,  жарғылар,  мемлекеттік  істер  туралы  аңыздық  мазмұндағы 
мəдени  ескерткіштердегі  шешендік  сөздер,  Сыма  Цяннің  тарихи  жазбалары  жатады. 
Б.з.д. Қытай өркениетінің дамуы Конфуций (551-479) жəне Мо Ди (479-400)  ілімдері 
үлкен  үлес  қосты.  Бұл  ойшылдардың  еңбектерінде  гуманизм  мəселесі  басты  орынға 
қойылды.  «Луньюй»  (тұжырымдар  мен  сұхбаттар)  –  қытай  философиясындағы 
адамды ардақтау туралы ойлар жиынтығы. «Дао Цзы» (Дао жəне табиғаттың болмысы 
туралы) – метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу.  
Хань  империясы  тұсындағы  Қытай  əдебиеті.  Хань  империясы  тұсындағы 
философияның  негізін  салушы  Чжун-Иудың  ірі  шығармалары:  «Шицаиы»  («Өлеңдер 
кітабы»),  «Шуцзиы»  (Тарих  кітабы),  «Ицзин»  («Өзгерістер  кітабы»),  «Чунь-цю» 
(көктемдер мен күздер), «Лицзи» («Əдет-ғұрыптар кітабы»). 
Əлемдегі көптегеген халықтар  əдебиеті  де жазу пайда болудан бұрын ауыз əдебиеті 
түрінде  пайда  болып,əрі  дамыды.  Мысалы  жауласқан  бектіктер  дəуірінің  (б.д.б.475-
б.д.б.221ж.)  көрнекті  ақыны  Чуй  Юаньның  «Жырдан  безіну»,«Тəңірге  сұрақ»,«Тоғыз 
өлең»  деп  аталатын  шығармаларынан  байырғы  қытай  əдебиетінің  мифтер  мен 
аңыздарға  бай  болғанын  байқаймыз.Ол  өлеңдерде  кездесетін  «Да  Ю-дің  топан  суды 
тоқтатуы»,«Хоу  И-дің  күнді  атып  түсіруі»тектес  мифтер  өте  ерте  кездегі  адамзаттың 
қоғамды,табиғат  дүниесін  танып-білудегі  тылсым  көзқарастарын  бейнелейді.Ол 
бүгінде əлемде ең таза сақталған санаулы мифтердің қатарынан орын алады. 

    Бұдан  соң,  көп  елдердегідей,  алдымен  поэзия  жанры  дамыды.Қытай  поэзиясының 
дəуіріне  тəн  ең  жарқын  үлгісі-«Жырнама»  (Шицзин).Онда  жинақталған  өлеңдердің 
алды  Батыс  Чжоу  патшалығының  бас  кезінде  (б.д.б.1066-б.д.б.771ж.),  кейінгілері 
Чуньчию  дəуірінде  (б.д.б.770-б.д.б.476ж.)  туған.«Жырнамадан»  соң  жарыққа  шыққан 
«Чу  жырлары»(Щуцы)  да  Қытайдың  ерте  заман  əдебиетіндегі  өзгеше  өлең  үлгісі 
болатын.Бұл  аталған  жыр  үлгілері  тек  форма  жағынан  емес,жасампаздық  тəсіл 
жағынан біреуі реализмнің,екіншісі романтизмнің негізін қалады. 
   Цин,Хан,Үш  патшалық,Екі  Цзинь  жəне  Оңтүстік-Солтүстік  хандықтар  дəуірінде 
(б.д.б.221-б.д.581ж.) жарыққа шыққан «ақ өлеңдер» Қытай поэзиясының кеиінгі алтын 
ғасыр  деңгейіне  көтерілуіне  негіз  болды.Осы  кезде  «ақ  өлеңнің»  бес  сөзді 
(буынды),жеті  сөзді  үлгілері  пайда  болып,ұлттық  жыр  қазынасын  одан  əрі  байытуға 
қызмет етті. 
  Осылайша,əр  дəуірде  ұдайы  дамып  отырған  қытай  поэзиясы  ұйқас,ритм  жағынан 
кемелдене  келе,кейінгі  кездегі  мүлтіксіз  сұлу,теңдессіз  биік  «Таң  дəуірі 
поэзиясына»ұласып  кетті.Дүние  жүзіне  əйгілі  Ли  Бай,Ду  Фу,Бай  Цзиюй,Ван  Вэй,Ли 
Сени тектес ақындар осы кезде өмір сүрді. 
Қытайдың  ерте  заман  əдебиеті  поэзиямен  қатар  дамыған  халықтық  өнердің  тағы  бір 
саласы-жыр  сарындары,яғни  сазды  сөз(санчуй)  еді.Оның  жəй  поэзиядан  басты 
айырмашылығы-диалект  сөздерді  молынан  пайдаланып,қала  тұрғындарының  өмірін 
арқау  еткендігі.Сондай-ақ,ол  мысқыл  мен  юморға  бай  болды.Өлеңдегі  бұл  тəсіл 
үздіксіз дамып, Юань əулеті кезіне (1271-1368) келгенде қытай поэзиясының таихынан 
өшпес  орын  алды.Поэзия  кейінгі  Мин,  Цин  хандықтары  дəуірінде  де  үздіксіз  дамып 
отырды. 
  Проза  жанрына  келсек,оның  түп  тегі  де  арыдан  басталады.Қытай  əдебиетінің 
тарихында  ту  ертеден  поэзиямен  қатар  туып,тел  өркендеген  жанр  түрі  «қара 
сөз»(саньвэнь)  деп  аталады.Жалпы  алғанда  ол  қара  сөзбен  жазылатын,  формасы 
еркін,көлемі 
айқындалмаған 
шығармаларды 
(естелік,эссе,публицистикалық 
шығармалар  т.б)  меңзеді.Тіпті,Сы  Мацянь  мен  Бань  Гудің  тарихи  жазбаларында  да 
кейбір көркем прозаға тəн мазмұндар кірігіп жүрді.Себебі ол кезде əдебиет пен тарих 
белгілі  бір  сюжетті  оқиғаны  бейнелеу  жағынан  ұқсас  ерекшеліктерге  ие  еді.Қара 
сөзбен баяндалатын бұл туындылар кейінгі кезде нағыз прозалық шығармаларға негіз 
болды. Қытай əдебиетіндегі алғашқы прозалық шығарма «Құрмет кітабы»(шаншу) деп 
аталады.Ондағы  шығармалардың  дені  анттар,үкіметтің  қаулы-қаһарлары,  патшалар 
мен бектердің атына айтылған марпат сөздер болғанымен, олардың көбінен əдебиетке 
тəн  стилистикалық  тəсілдерді  табуға  болады.  Осылайша  ең  алғашында  ресми 
құжат,арыз-арман,марапат,өсиет,тарихи 
пайым,естеліктер 
жəне 
философиялық 
толғаныс  түрінде  пайда  болып,қытай  прозасы  кейінгі  Суй,Тан,Юань,Минь 
патшалықтары  тұсында  өз  алдына  жеке  жанр  ретінде  қалыптасып,қанатын  кеңге 
жайды.Əсіресе,Мин,Цин  патшалықтары  дəуірінде  жарыққа  шыққан  «Үш  патшалық 
шежіресі»,«Су  бойында»,«Ляоцзай  аңыздары»,«Ғұламалар  шежіресі»,  «Қызыл  сарай 
түсі» атты романдар жалпы əлем  
 
Тексеру сұрақтары: 
Ежелгі Қытай əдебиеті.  
Б. з. д. II мың жылдықтан б. з. III ғ. дейінгі үш кезеңі. 
Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
№6 дəріс. Тақырыбы: Əзірбайжан əдебиеті 

Қарастырылатын сұрақтар: 
1. Əзербайжан халқының ауыз əдебиеті.  
2.Əзербайжан халқының XII гасырдағы əдебиеті. 
3. Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Əбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - 
əзербайжан əдебиетінің классигі.  
 
 
Дəріс мақсаты: Əзірбайжан əдебиетінің дамуы барысынан мағлұмат беру.  
Дəріс мазмұны:  
Азербайжан əдебиеті бай тарихы бар көне əдебиеттің бірі. Ол б.з.б. 7-6 ғ-да туған. 
Таяу жəне Орта шығыс халықтарының ежелгі ескерткіші «Авеста» (ескі қолжазбалар 
кітабы) – Азербайжан əдебиеті көне шығармаларының бірі. Басқа да түркі халықтары 
сияқты  А-да  ауыз  əдебиеті  кең  дамыған.  Ертегілердің  басты  кейіпкері  –  тазша  бала 
(тазша  Ахмед)  болып  келуі  жəне  Молла  Насреддин  атынан  айтылатын  сатиралық  – 
юмористік  аңыздардың  көптігі  көне  А  əд-ін  Орта  Азия  жерін  мекендеген  халықтар 
əдебиетімен туыстастырады. 
А. əд-ң көне тарихы туралы мəліметтер аз сақталған. Б.з-дың Ү-ғасырында А-ның 
солтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрген Албан мемлекетінің өз алфавиті болып, соның 
негізінде діни кітаптар мен əдеби шығармалар жазылған. Бірақ арабтардың шабуылы 
(ҮІІ ғ.) Албан мемлекетін құлатып, азербайжандардың мəдениетіне көп тежеу жасады. 
ҮІІ-ХІ  ғ-да  А.  мəден-ң  көрнекті  қайраткерлері  –  философ  Бахманер  (1066  ж.ө.), 
ақындар Қатран Тебризи (1010-80), Хатиб Тебризи (1030-1108) т.б-лар шығармаларын 
араб-парсы тілдерінде жазған. Бұл дəуірде туған Шығыс халықтарының ортақ мұрасы 
«Китаби Дəде Қорқұд» эпосының А. халықтық əдебиетіне едəуір қатысы бар. Бұл Х-ХІ 
ғ-да Кавказға өткен оғыз руларының туындысы. Оғыздар кейін азербайжан жəне түркі 
тұқымдас халықтарға сіңіскен. ХІ ғ-дан бастап А ақындары парсы тілінде қасида, ғазол 
үлгілерін  жазған.  ХІІІ  ғ-да  азербайжан  тілінде  əдебиет  пайда  бола  бастайды  (ақын 
Изаддин  Гасан  оғлының  өлеңдері).  Шығармаларында  халық  өмірін  арқау  еткен  осы 
тұстағы ақындардың көрнектілері: Əбу-л-
Аьла Гəнжауи 
(«ақындар патшасы» атанған), 
Фелеки  Шируани  (1118-1181),  Эфзелиддин  Хагани  (1120-1119).  ХІІ  ғасырлардағы 
Азербайжан  əдеб-ң  биік  шыңы  –  Низами  Тəнжауидің  (1141-1209)  шығармашылығы. 
ХІІІ ғас-дан бастап А-да софизм ықпалымен туған поэзия өрістеді. ХІҮ ғасырларда А-
да  діни-саяси  ағым-  хуруфизм    кеңінен  тарай  бастады.  Хуруфизмді    жақтаушылар 
ислам  дініне,  Темір  үстемдігіне  қарсы  наразылық  білдірді.  Осы  ағымның  көрнекті 
ақыны  Имадеддин  Несими  хуруфизмге  қарсылар  қолынан  қаза  тапқан.  Несими 
азербайжан  тілінде  лирикалық  өлеңдер  жанрын  (диуан)  қалдырған  ірі  ақын.  ХҮ  ғ-да 
А-да махаббат  тақырыбына жазылған лирика кең өріс ала бастады. ХҮІ ғ-дың белгілі 
ақындары Хатам (Исмаил шаһтың лақап аты), Хабиби, Мұхаммед Физули (1494-1556) 
А  əд-не  елеулі  үлес  қосқан.  Əсіресе  Физули  лирикасы  мен  ғазолдары  Шығыс 
халықтарына кең тараған. Ол да «Лəйлі – Мəжнүн» атты романтикалық поэма жазған. 
ХҮІІ  ғ-да  түріктер  шабуылының  ықпалымен  А-ның  жазба  əдебиеті  біраз  тежеліп, 
халықтық дастандар кең жайылған. «
Ашиг-Гариб
», «Шаһ-Исмаил», «Асли мен Керім», 
«
Көроғлы
», «
Аббас пен Гюльгаз
» дастандары – дəуірдің тарихи шындығын танытатын 
едəуір  маңызды  туындылар.  Əсіресе  «Көроғлы»  сыртқы  жауға  қарсы  тəуелсіздік 
идеясын  кең  бейнелейді.  ХҮІІІ  ғ-да  екі  үлкен  ақын  Видади  (1709-1809)  мен  Вагиф 
(1717-1797)  халық  поэзиясы  əсерімен  əдебиеттегі  демократиялық  бағытты  дамытты. 
Феод. құрылысқа қарсы күресе отырып, реалистік поэзияға жол ашты. А-ның Россияға 

қосылуы  əд-те  жаңа  кезең  туғызды.  Аса  көрнекті  жазушы,  философ-материалист, 
драматург Мирза Фатоли Ахундов (1812-1878) дəуірдің жаңа идеясының басы болды.  
  ХІХ  ғасырлардың  сатирик  ақындары  Касумбек  Закир  (1784-1857)  Селд  Азим 
Шируани (1835-1888) патша шенеуніктері мен жергілікті озбырларды сынады. Сатира 
дəстүрін  дамытуда  Ж.  Мамедкулизаде  (1856-1932)  шығарған  «Молла  Насреддин» 
журналының  (1906-30)  үлкен  мəні  болды.  Онда  А.Сабирдің  (1862-1911)  сатиралық 
туындылары  басылды.  Төңкеріс  алдындағы  А  əд-ті  негізінен  реалистік  бағытта 
дамыды. 
Аббас
  Сиххат  (1874-1918)  Крылов,  Пушкин,  Лермонтов,  Горький  шығ-рын 
аударды.  А-да  кеңес  Үкіметінің  орнауына  байланысты  аға  буын  жазушылар  Ж. 
Момедкулизаде,  Н.Нариманов  (1871-1925),  А.  Ахвердов  (1870-1933),  С.  Ахундов 
(1875-1939),  М.
  Ордубады
  (1872-1950),  Абдолла  Шомк  (1881-1959)  жаңа  əдебиет 
жасауға  белсене  ат  салысты.  Олар  рев-қ    шығ-р  туғызды.  Поэзияның  көрнекті 
өкілдерінен  Самед  Вургунді  (1906-1956)  ерекше  атауға  болады.  Расул  Рзаның  (1910 
ж.т.) Мамед Рагимнің (1907 ж.т.), О. Сарывелли (1905 ж.т.), А. Джамиль (1913 ж.т.), З. 
Холиль (1914 ж.т.), М. Дильбози (1913 ж.т.), М. Сеитзиде (1907 ж.т.) т.б. ақындардың 
əр  тақырыпқа  жазған  патриоттық  лирикалық  туындылары  –  А  əдебиеттің  елеулі 
табысы. Соғыстан соңғы дəуірде де Н. Бабаев, Г. Гусейзаде, К. Касумзаде, И. Сафарли, 
З. Джабарзаде, А. Керимов т.б. талантты ақындар тобы өсті.  
  А. проза-ң табыстары М. Ордубадының «Тұманды Тавриз» (1933-48), «Бакудегі 
астыртын  жұмыс»  (1940),  С.  Регимнің  (1900  ж.т.),  «Шомо»  (1-3,  1931-64),  «Сачлы» 
(1940-48), М. Гусейннің (1909 ж.т.), «Таңертең», «Аплирон», А. Абульгасонның (1906 
ж.т.)  «Достық  қаламы»,  М.  Ибрагимовтың  (1911  ж.т.)  «Туады  күн»,  «Тоғысқан  су» 
тəрізді романдарымен өлшенеді.  
  А.  кеңес  драматургиясының  негізін  қалаған  аса  көрнекті  драматург  Джафар 
Джабарлы  (1899-1934  ж)  болды.  А.  драмат-ң  табыстарына    М.  Ибрагимовтың,  С. 
Вургунның, Сабит Рахманның туындылары қосылды. 
  А.  əдебиеттің  басқа  жанрлары  да  кең  өркендеді.  3  томдық  «А.  əдебиеттің 
тарихы»  (1957-60),  А.  классиктері  (Низами,  Физули  т.б.)  туралы  туындылар  жарық 
көрді.   
Тексеру сұрақтары: 
 Əзербайжан халқының ауыз əдебиеті.  
Əзербайжан халқының жазба əдебиеті. Кезеңдері.  
Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Əбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - əзербайжан 
əдебиетінің классигі.  
Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
№7 дəріс. Тақырыбы: Өзбек əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар:  
1.Өзбек халқының қалыптасу тарихы.  
2.Ауыз əдебиеті, жырау, шайырлары, олардың дəстүрлері.  
Дəріс  мақсаты:  Студенттерге  өзбек  əдебиеті  салаларының  жалпы  даму 
барысынан мəлімет беру. 
Дəріс мазмұны:  
Өзбек əдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз əдебиеті мен көрші халықтар 
əдебиетінің  ықпалы  негізінде  қалыптасқан.  өзбек  əдебиетінде  əлемдегі  фольклордың 
барлық  түрлері  кездеседі:  эпостық  циклдер,  лиро-эпостық  жырлар,  салт  жырлары, 
жоқтау,  сықақ  т.б.  Аталған  жанрлардың  ішінде  көш  орын  алатыны  –  халық  өмірін 
баяндайтын  тарихи  оқиғаларға  құралған  дастандар.  Оларға  «Күнтуғмиш», 

«Алпамыш»,  «Таһир  мен  Зуһра»,  «Арзигүл»,  «Ашиқ  пен  Ғариб»  т.б.  жатады.  Өзбек 
əдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі 
əдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тəжік əдебиетінің классигі Жəми творчествосы 
үлкен ықпал жасады. Өзбек əдебиетінің дүние жүзі əдебиетіне белгілі болып, кеңінен 
танылуына  Лутфидің  шəкірті  Ə.Науаидің  творчествосы  негіз  болды.  Ол  сол  кездегі 
дəстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. 
Науаи  «Екі  тілдің  таласы»  атты  кітабында  өзбек  тілінің  поэтикалық  байлығы  мен 
мүмкіндігін  теориялық  жағынан  дəлелдеп  шықты.  16ғ-да  өзбек  əдебиетінің  игі 
дəстүрін  жалғастырушы  Бабыр  болды.  Ол  өзінің  «Бабырнама»  атты  көлемді 
шығармасы  арқылы  өзбек  əдебиетінде  əдеби  мемуарлық  шығарманың  негізін  салды. 
17ғ.мен  19-ғ-дың  1-жартысы  аралығында  Тұрды,  Гүлхани,  Мунис,  Хорезми  (1778-
1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), 
Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында 
өзбек  халқының  Россияға  қосылуы,  өзбек  əдебиетінде  демократтық-ағартушылық 
идеяның  пайда  болуына  себепші  болды.  Мыс.,  Мұқими  (1850-1903),  Фурқат  (1853-
1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс  мəдениетінен 
тəлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Əсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу 
Х.Хакімзаде 
Ниязи 
(1889-1929), 
С.Айни 
(1878-1954), 
А.Қадыри(1894-
1940)шығармаларында  кең  орын  алды.  Олар  өз  шығармалары  арқылы  халықты 
отаршылдық  мен  феодалдық  езгіге  қарсы  күреске  шақырып,  əйел  теңдігі  мен  бұхара 
халықтың  саналы  түрде  топтасуын  қозғауды  негізгі  тақырып  етіп  алды. 
Өбастаушылары  да  Айни  мен  Хамзаның  революциялық  рухта  жазылған  «Бай  мен 
батырақ  (1927)  драмасы,  «Кеңес  жасасын,  «Ей,  жұмысшылар  т.б.  өлеңдері  жаңа 
заманды,  соц.  өмірді  насихаттады.  Айнидің  реалистік  прозалары  мен  А.Қадыридің 
«Өткен  күндер»  (1925),  «Мехрабтан  шаян  (1929)  романдары  өзбек  əдебиетінде 
алғашқы жазылған романдар болды. 
20ғ-дың  басында  Ғ.Ғұлам  (1903-66),  Айбек  (1905-68),Х.Əлімжанов  (1909-
44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. 
Бұл  кезде  өзбек  əдебиетінің  өкілдері  қала  мен  ауылдағы  соц.құрылыс  жеңістерін 
суреттей отырып, ескіліктің кесапатын əшкереледі. Əсіресе дінге, аяққа басылған əйел 
теңдігі мəселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап 
жауларын  сынайтын  «Муштум»  сатиралық  журналы  шыға  бастады.  Ол  өзбек 
əдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-
жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тəсілінен арыла бастады. өзбек 
совет əдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дəстүрін жалғастыра отырып, жаңа 
бағыт,  жаңа  түр  мен  мазмұнға  ие  болды.  Өзбек  əдебиеті  15-20  ғасырлардағы  қазіргі 
Өзбекстан  аумағында  жазылған  шығармалар.  200  ден  астам  эпикалық  поэмалар 
көптеген  аңыздар,  эпикалық  əндер,  халық  ақындарының  орындауындағы  əндер 
(бахиш)  ежелгі  өзбек  əдебметі  шығармашылығын  құрайды.  Ауыз  əдебиетінің 
қаһармандары  зұлымдық  күштермен  шайтан,  перілермен  күреседі.  Эпикалық  поэма 
«Кер-оглы»  жəне  «Алпамыс»  поэмасы  шамамен  10  ғасырда  жазылған.  «Алпамыс» 
жыры Орта Азиядағы бүкіл халықтың ауыз əдебиетіне енеді. Онда халық  батырының 
ерлігі,  қайсарлығы,  айбарлығы,  дұшпанға  деген  жеккөрушілік  керемет  суреттеулер  -  
афоризмдер,  метафоралар  арқылы  бейнеленеді.  Халық  ақындарының  бірнеше 
өзгертулеріне  ұшыраған  əйгілі  шығарма  Кер-оглыда  махаббат  күші  бейнеленген. 
Хандар  мен  байларды  əшкерелеп  мазақ  ететін  əйгілі  шығарма  болып  есептелетін 
сатиралық  новелла  –  Насредин  Афанди.  Ауыз  əдебиеті  шығармаларында  əр  түрлі 
халықтардың мысалы, қытай, иран, түркімен əйелдері туралы айтылады. 

13  ғасыр  Орта  Азияны  монғолдар  алғаннан  кейін  басым  көпшілігі  парсы 
əдебиетшілері  жəне  оқымыстылары  Египетке  жəне  Кіші  Азия  т.б.  жерлерге  кетті. 
Мауренахрдан кейінгі Самарқан астанасы Шыңғыс ханның ұлы Шағатай қаған болды. 
Мауреннахр  түркі халқының əдеби тілі шағатай тіті болып табылады. Ол барлық түркі 
тілді  халықтардың  Орта  Азия  халқының  əдеби  тілі  болып  саналады.  Ол  түрік-ұйғыр 
тілінің негізінде қаланған, ол  көптеген араб, парсы элементтерінен құралған. 
Мауренахрдың  бұрынғы  орталығы  Самарқандта  əдеби  шығармалар  жазыла 
бастады. Оның бірі -   Қыссай  Юсуф  Али  ,  ұйғыр  əдебиетінің  əсерінен  жазылған 
Кыссасуль Анбия Насреддин Рабғузи, Муфтархуль Адль қалған авторлар белгісіз. 
Тимурды  жаулап  алғаннан  кейін  Орта  Азияда  15  ғасырда  өзбек  қауымы 
интенсивті  мəдениетпен  ауысты,  Шағатай  мен  өзбек  тілінің  жақындасуы  жүзеге 
асырылды.  Поэзия  жанры  өзбек  əдебиетінде  өте  жақсы  дамыды.  Өлең  түрінде  тек 
лирикалық  шығармалар  ғана  емес басқа  жанрларда да  көптеп жазылды.  Тек  ғылыми, 
тарихи шығармалар ғана проза түрінде жазылды. 
14-15  ғасырда  Тимурдың  кезінде  өзбек  əдебиеті  өте  жақсы  дамыды.  Əдеби- 
ғылымның        қайнаған  ортасы  болып  Самарқанд  пен  Герат  табылды.    Əдебиетшілер 
өзбек  тілінде  шығармалар  жазды.  Соның  бірі    болып  Дүрбек  саналады.    Ол  өзінің 
Жүсіп-Злыиха повесін ұсынады. Онда екі ғашықтың махаббат тарихы суреттеледі.  Ал 
Саид  Ахмет  өзінің  Таашук  –нама  шығармасын  ұсынды.  Сол  кездегі  лирик  ақын 
Лютфидің шығармасын əлі күнге халық орындап келеді. 
15  ғасыр  өзбек  əдебиетінің  гүлденген  кезі  болды.  Оның  тілі  өте  көркем,  əдеби 
тілдермен  баий  түсті.  Соның  бір  көрінісі  ретінде  Əлішер  Науаиды  алуға  болады.  
Ақын, философ, тілші, тарихшы, суреткер Əлішер Науаи (1441-1504) өзбек əдебиетінің 
дамуына  үлкен  үлес  қосқан.  Оның  шығармалары  Орта  Азия,  парсы  жұртшылығына 
кеңінен  танымал.  Ол  өз  шығармаларын  парсы  ақыны  Жалилмен  салыстырып  жазды.  
Харасан  Сұлтан  Хусейн  кезінде  1469  жылы  Науаи  баспа  ісін  сақтап  қалушы  болып 
табылады.  Оған  1472  жылы  əмір  есімі  тағайындалады.  Ол  көптеген  оқымыстыларға, 
сазгерлерге,  ақындарға  өз  көмегін  берді.  Науайдың  артынан  қалған  мұралары  30 
поэтикалық таңдамалы шығармаларын, үлкен поэмалары, проза, ғылыми трактаттары 
бар.  Ол  парсы  тілінде  жазды,  сол  кездегі  түріктің  тілі  өзбек  болғанымен,  алайда  ол 
поэзия тіліне келіңкіремейтін. Науаи шығармаларының ең көрнектісі-  Хамсе, Лейлə- 
Мəжнүн,    Фархад-Шырын,  жеті  ғалам,  Ескендір  бұл  поэмалар  махаббат,  сол  кездегі 
зұлымдық,  хандардың  халыққа  көрсеткен  қорлығы  суреттеледі.  Лейлə-  Мəжнүн-  өте 
ерте  кездегі  араб  жеріндегі  Қайсаның  сұлу  Лəйлəға  ғашықтығы,  ақырында  олардың 
тарихы  қайғылы  оқиғамен  аяқталады.  Фархад-Шырын  –  романтикалық-батырлық 
поэма батырдың армян сұлуы Шырынға деген махаббаты. Фархад қорқақ иран шахы 
Хұсрауға  қарсы  шығатындығы  суреттеледі.  Жеті  ғалам-  онда  жеті  керемет  новелла 
Тамурдың жəне оның қызметшілері туралы айтылады. Ескендір поэмасында – ақылды, 
батыл  Ескендірдің    іс-əрекеттері  туралы  айтылады.    Науаидың  күрделі 
шығармаларының  бірі  –  Сокровищница  мыслей  (1498-1499)  Редкости  юности, 
Диковины    средних  лет.  Науаидың  қысқа  шығармалары.  Бұл  шығармалар  əр  түрлі 
жанрда жазылған Науаи шығармалары өте көркем, шебер тілмен жазылған. Əлі күнге 
дейін  сақталып  қалған.  Оның  шығармалары  түркі  тілдерінің  ішінде  тек  өзбек  тілінде 
ғана  емес  сонымен  қатар  ұйғыр,  түркімен,  əзірбайжан,  түркі  тілінде  т.б.  сақталған.  
Əлішер Науаидың тарихи шығармалары: «Иран ханының тарихы», «История пророков 
и мудрецов» əйгілі тарихи Орта Азия жəне Иран кезі суреттеледі, сол мифологиялық 
жазылған шығармалары Науай өмірінің соңғы жылында «Язык птиц» (1499) поэмасы, 
философиялық-дидактикалық  шығармалары  «Возлюбленный  сердец»  (1500)  жазды. 

Науай  көзқарасы  өмірді  шынайы  жеңе  білетін  оптимист,  оның  шығармалары 
шығыстың ең көрнектісі болып табылады. 
Əдебиеттегі  гүлдену  тек  өзбек  əдебиетінде  ғана  емес,  ұлы  Моғол,  Үнді 
имперясында  да  жақсы  дамыды.  Олардан  Таймурадов  хан  Захаррадин  Мухаммад 
Бабур  (1483-1530)  Оның  шығармалары  сол  кездегі  өзбек  əдебиетімен  де  тығыз 
байланыста  болды.  Оның  мемуарлық  прозасы  Бабыр-наме  шығармасы  қарапайым 
тілмен жазылған өз өмірінен сыр шертеді, тарихи оқиғалар Ауғанстан, Үнді жеріндегі, 
феодалдық қатынас жазылған.  
Таймуридовтың  ауысуынан  кейін  Орта  Азияда  тоқырау  пайда  болды,  оның 
мəдени-сауда байланысы көрші мемлекеттермен əлсіреді. Сол кездегі əйгілі шығарма 
болып  сатиралық  Шейбани-нама  Мухаммед  Салих  (1512)  болып  табылады.  Онда 
басшылықтың  кемшілігі,  Таймуридовтың  сергелдең  өмірі,  жаңа  құрылған  Шейбани 
үкіметі туралы айтылады. 
 
 Патшалық    дəуірінде  ұлттық  буржуазияның  дамуы  белсендірек  болды.  Өзбек  
əдебиетінде  демократиялық  жəне  ағартушы  бағыт  күшейе  түседі.  Оның  қатарында: 
Залбек,  Мукими,  Завки,  Фуркат  жəне  т.б.  Залбектің    Залбек-нама  поэмасында 
халықтың патшалық үкіметке қарсылығы көрсетіліп, еркіндік алар күнді аңсау сарыны 
көрінеді.  Демократиялық    бағыттағы  ақындардың  бірі  –  Мухаммед  Амин  Хаджа 
Мукими  (1850-1905).  Ол  өткір  сатиралар  мен  лирикалық  өлеңдердің  авторы. 
Сатиралық  өлеңдер ішінен Танбачилар, Маскавчи бай тарифида, Авлия, Баччагар т.б. 
кедейлік  пен  əділетсіздіктің  анық  суреті  берілген,  ол  өлеңдері  арқылы  халықты 
күреске шақырған. Ақын – ағартушы Исхокхон Ибрат та атақты саяхатшы, публицист, 
филолог, алғашқы баспашылардың бірі болды. Ұлттық күрескерлер қатарынан ақын – 
ағартушы  Фукрат,  Хорезмнен  шыққан  ақын  Ахмад  Табиби  ол  -  өзбек  жəне  парсы 
тіліндегі  5  диуанымен  атақты.    19-20  ғасырдың  басындағы  ақыны  мен  философы 
Анбар  Отин  –  ағартушылық  тақырыбын  қозғап,  Каролар  филсафасы  трактатының 
авторы.  
 
19 ғасырда өзбек эпосы мен фольклоры дами түсті. Түркістанда өзбектің халық 
ақыны – бақсысы Джуман Халмурадовтың есімі (лақап аты  
Бұлбұл), 
Юлдаш 
Маматкулов  (Юлдаш  -  шаир),  Джасак  Халмухамедов  (Джасак  бақсы  немесе  Кичик – 
буран ) есімдері əйгілі болды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет