Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

Буденный   тұқымы. Кеңестік   мамандардың   арқасында   1921-1948   жылы   Ростов   облысындағы
дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның   маршалы С. М. Буденный болатын. Дон
жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті.
Осы   еңбегі   үшін   Буденный   бастаған   ең   бірінші   Атты   әскерлерлер   құрмет   ордендерімен
марапатталды.
Аталған   тұқым   кез   келген   қашықтықта   жақсы   көрсеткіштерге   жеткен.   Олар   -   ұзын   денелі,
омыраулы,   сүйекті,   шапшаң   болып   келеді.   Және   төзімділіктерінде   шек   жоқ.   1946   жылы   Сальск-
Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен. 
Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа  дейінгі  жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы
156

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі
жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина,  Александрвск зауыттары  осы тұқымды ойлап
тапты.
Бұл  жылқылардың  бойлары,  мығым  денелері,  әдемі  де  еркін  жүрістері,  түр-түстері  адам
қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қазақ   тұқымы.   Жазиралы   даланың   бойындағы   қазақ   жылқылары   аласа   болып   жайлып
жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды
емін-еркін еңсеріп отырады.  Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі
шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар  арасында  ұлттық ат жарыстарында
табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.
Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің
текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы
соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз
жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.
Қостанай  тұқымы. Жергілікті  қазақ жылқыларының   дон,  орлов,  т.б.  тұқымдарымен будандасу
арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.
Қостанай  жылқылары қандай  жағдай  болмасын  алғыр,   еңбекте  төзімді   болып  келеді.  Қазақтың
ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т.б.с.с. 
Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті
жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда   ерекше көзге түседі.   Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ
болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.
Өмір мерзімі және кезеңдері
Түріне,   күтімі   және   өсу   айналасына   байланысты   қазіргі   үй   жылқысы   орташада   25-30   жыл
жасайды. Кей кезде,  кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне  сай ең көп 19 ғ. Ескі
Билли   деген   ат   62   жыл   өмір   сүрген. Қазіргі   заманда,   Шуга   Пафф   деген   пони   2007   ж.   56   жаста
өліп Гинесс кітабына енген. 
Жылқы төлдерін былай бөледі:
1. құлын (биенің жас төлі),
2. жабағы (6 айдан асқан құлын),
3. тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
4. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
5. құнажын байтал (2 жастан асқаны),
6. дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
7. дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
8. бесті бие (4 жастан асқаны),
9. қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
10.кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
11.жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
1. құнан айғыр (2 жастан асқаны),
2. дөнен айғыр (3 жастағысы),
3. сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
4. бесті айғыр (5 жастағысы),
5. сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Сипаттамасы
Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары
ширақ қимылды үлкен  не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын
салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын
ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші
және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан;
тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы
соған   келеді).   Асқазаны   қарапайым   болады,   өт   қабы   жоқ,   бүйені   қатты   дамыған.   Миі   біршама
157

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір
жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі.
Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық
далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Түсі
Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер,
қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;
баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады;
алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.
Алыстан   қарағанда   жылқының   денесіндегі   бозғыл   түктер   басым   болса,   ол қылаң   жылқы деп
аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы,
шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта  қашыр (лошак),
құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.
Түрлері
Жылқы жүк   жылқысы (Владимир   жылқысы, Першерон   жылқысы,   т.б.),   мініс   жылқысы (араб
жылқысы, ақалтеке,   т.б.), жазық   дала   жылқысы (Дон   жылқысы,  Буденный   жылқысы, Қостанай
жылқысы, моңғол
 
жылқысы, қазақ
 
жылқысы,
 
т.б.), тау
жылқысы(кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары,
 
т.б.), солтүстік
 
дала
жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары,   т.б.)   болып   ажыратылады.   Дүние   жүзінде   жылқының
250-дей түрі бар.  Қазақстанда  жылқының 16 түрі өсіріледі (қ. Жылқы өсіру).
1.5. Жылқыны  азықтандыру
Жылқы  — қарапайым қарынды мал.  Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі
14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бөрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл өсіресе
қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей
жеген   азығын   түпкілікті   ендеуден   еткізетін  месқарыны   болмағандықтан,   жылқы   жемшөпті   ауыз
қуысында   мүқият   шайнап,  мол  сілекеймен   ылғалдандырып   барып   жұтатындықтан,   азық-тануға
ұзағырақ уақыт жұмсайды.
Жұтылған азық қарынға сұйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді. Егерде қарынға енген
азық қоректік заттарының жедел түрде ашуынан (брожение) көп колемде ішек газдары пайда болса,
олар қарын аумағын керіп жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, еңеш арқылы кері ауыз қуысына
кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған жылқы қарны кернеп, қатты түйнеуінен (колики) ол
тіпті өліп кетуі мүмкін. Жылқының желінетін жемшөп пен суарылар судың тазалығы мен сапасына
аса  сезімталдық,   талғампаздықпен   қарайтыны   осындай   морфо-физиологиялық   ерекшеліктеріне
байланысты.  Эволюция   бойында  дамыған   иіс   сезгіштігінің   арқасында   жылқы   бүлінген   сапасыз
жемшөпті жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар.
Қарын сөлі ферменттерінің әсерімен қорытыла бастаған азық қоректік заттары жылқы ішегінің
күшті   дамыған,   химусының   реакциясы   сәл   сілтілі   айналмалы  (ободочная)  тоқ   және   аумақты
(сыйымдылығы  20—70  л)  соқыр  ішегінде   микробиологиялық  өңдеуден  өтеді.   Соның нәтижесінде
химус   микробтық   аминқышқылдары   жөне   витаминдерімен   байытылады.   Жылқы   ішегі   күйісті
малдікінен  2—2,5  есе   қысқалығынан   одан   жылдамырақ   өтетін   химус   қоректік   заттары   қысқа
мерзімде   қорытылып   үлгеруі   керек.   Сондықтан   атқаратын   жұмысы   ауырлап,   азықтануға   уақыты
қысқарған   сайын   жылқы   азығының   энергиялық   қуаттылығы   арттырылып,   желінген   азық   құрғақ
затындағы жеңіл ыдырап, жылдам сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас
пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы — сұлы дәні.
Оны жылқыға шектемей жегенінше беруге болады. Басқа дендерден жүгері мен арпаны жақсы жейді.
Оларды   бұршақ   тұқымдастар   пішенімен   араластырып   берген   дұрыс.   Ал   ауыз   қуысында   нашар
шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін тудыратын қара бидай дөнін тек ұнтақтап,
туралған сабанмен араластырып жегізуге болады. Жылқының ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі.
4—5 л жылы суға ерітілген  1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен  мен сабан  кесіндісін
158

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бұркіп, жылқының ас қорытуының бүзылуынан туындайтын «өлі тиюін»  (колики лошадей)  тоқтату
үшін жегізеді.
Жылқының,   әсіресе,   қара   жұмыс   атқаратын   аттардың   азықтандыруын   атқаратын   жұмыс
ерекшеліктерін   ескере   отырып   ұйымдастырады.   Сауылатын   немесе   соғымға   сойылатын   жылқы
азықтандырылуы олардың сүттілігін жөне салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп,
жегілетін, түрлі шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды  энергия  шығындау көлемі
мен мерзіміне төуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен өз
денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған (мінілген) жүкті тасуға  немесе  жегілген
жүкті тартуға  (сила тяги)  жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бүкіл энергия  шығынының 7з
бөлігі, яғни 25-30% жұмсалады.
Жылқының,   әсіресе,   қара   жұмыс   атқарып  немесе  мініліп   жиі   терлейтін   аттардың   суару   мен
азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау қажет. Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып
барып суарады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін
бастырғаннан   кейін   суарып,   шырынды   азықты,   артынан   жем   жегізеді   де,   қалған   уақытта   ірі
жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы, тірілей салмағы мен
өнімділігіне   (сүттілігі   мен   салмақ   қосуы)   сәйкес   азықтандырады.   Сонымен   қатар   жылқы
тұқымдарының   зат   алма-суындағы   барысы   едәуір   ерекшеленетінін   ескеру   қажет.   Мысалы,   жеңіл
жүрісті мініс тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс аттарының
зат алмасуы жедел жүреді де, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы баяу жүріп
алғашқылардыкімен   салыстырғанда  100  кг   тірілей   салмағына   шаққандағы   энергетикалық
мұқтаждығы 8—10% темен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары
мен жылдам  қимылдайтын мініс және  спорт аттары  энергетикалық мұқтаждығын алғашқы  3  сағат
мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп,
осы  мерзімде   оларды   толықтыруды   ойластыру   қажет.   Ол   үшін   жылқыға   жеңіл   қорытылатын
энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секідці тамыр-
түйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп,
атқарылатын  жұмысына   (жедел   қимылына)   кедергі   келтіретіндіктен,   олардың  көліктік   жөне   мініс
аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
Биені азықтаңдыру
Биені тұқымына, жасына, тірілей салмағына, буаздығы мен сүт түзуі секілді зат алмасуына күшті
ықпал ететін физиологиялық ахуалына сәйкес азықтандырады. Бие буаздығының 4—5-ші айларынан
бастап   құлындағанша  зат   алмасуы  күшейіп,   ұрық   дамуына   жұмсалатын  энергия  шығынын
қамтамасыз ету үшін организміндегі жылулық өнімі өседі. Қысыр биемен салыстырғанда буаз бие
денесіндегі   жылулық   өндірілуі   буаздықтың   басында  -   15-18%,  буаздықтың   соңында  28—35%
жоғарылайды. Ұрық эмбрионалдық дамуының алғашқы 6-8-ші айында — 7-8 кг тартып, туылғандағы
құлын  салмағының  (40  кг)  17—20%  ғана  құраса,  9-шы айында  — 16-17  кг тартып,  туылғандағы
құлын салмағының  40-42%,  10-шы  айында 28-30 кг тартып,  туылғандағы құлын салмағының  80—
85%  құрайды. 9-шы айдан бастап күрт өсетін ұрық қоректік қажеттігін толық қамтамасыз ету үшін
буаз бие азықтандыру нормасы буаздығының соңғы үштігінде жоғарылатады.
Физиологиялық  ахуалына байланысты  биенің  100  кг тірілей салмаққа шаққандағы мұқтаждығы...
кьісыр кезінде  - 1,4-1,5  а.ө., буаздығының алғашқы  3—6-шы айывда  - 1,6—1,7  а.ө., буаздығының
соңғы  7—11-ші  айында  - 1,8—1,9  а.ө.  ,  құлын  емізетін  кезеңінде  - 2—2,1  а.ө.,  ал  оған  қосымша
сауылатын болса 2,12-2,15 а.ө. күрайды. Әр 1 а.ө.-мен 100— 105 г қорытылатын протеин, 6—8 г Са,
4-5 г Р, 20-30  мг  каротин  жеткізілуі керек. Оны  100  кг тірілей салмағына есептегенде жегізілетін...
қысыр кезіндегі  — 3,4 кг, буаз  кезіндегі  — 3,6  кг, құлын емізетін  (сауылатын)  кезіндегі  — 3,75 кг
рацион құрғақ затымен жеткізеді. Буаз бие рационына 35-45 кг көк шөп, 4-6 кг сүрлем, 4-5 кг картоп,
5-7 кг тамыржемісті, 10-15 кг пішен, 2-3 кг жем; құлын емізетін және сауылатын биеге -45-50 кг кек
шөп,  8-10  кг сүрлем,  5-8 кг картоп, 5-10  кг тамыржемісті,  10—15  кг пішен,  3—5  кг жем қоспасы
кіреді.
Буаздығының соңғы айларында биені жұмыстан босатып, тек күнделікті серуендетіп тұрады. Буаз
бие азығы мен суының  таза,  сапалы болуын қатаң қадағалайды. Сапасы нашар, ластанған жемшеп,
159

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
көгерген не шіріген пішен мен сабан, суық су биенің ас қорытуын бұзумен қатар іш тастатуы мүмкін
екенін ескереді. Құлындауына он шақты күн қалғанда биеге берілетін ірі жемшөп көлемін 4-6 кг-га
дейін азайтып, бұршақ тұқымдастар пішенін мүлдем бермейді. Жемді ұнтақтап, быламық түрінде
береді. Құлындауга  2-3  тәулік қалғанда рациондағы азық мөлшерін '/з Дейін азайтып, құлындауын
жеңілдету үшін жылы суға  0,5 кг бидай кебегін салып ішкізеді. Жаңа құлындаған биеге жылы суға
араластырып бидай кебегі мен зығыр күнжарасының ұнтағын ішкізеді. Мүмкін болған жағдайда 0,2-
0,5 кг зыгыр дәнінің қайнатпасын ішкізген пайдалы.
Құлындаған  бие   сауылатын  болса,   қоректік   мұқтаждығының   толық  та  жан-жақты   сапалы
жемшөппен   жеткізілуін   жете   қадағалап,   қажетті   азықтық   қосындылармен  рацион  құнарлылығын
арттырады. Тірілей салмағы мен сүттілігіне сәйкес сауын биелерді азықтандыру деңгейі бойынша 3-4
топқа бөледі. Сүттілігі молайып, ал өздері арықтай бастаған биелердің азықтандыру деңгейі жоғары,
ал сүттілігі азайып, өздері, керісінше, семіре бастаған биелерді азықтандыру деңгейі төмен топтарға
ауыстырады.
Жазғы уақытта  сауылатын бие  азықтандыру нормасын қамтамасыз ету  үшін табиғи жөне мәдени
жайылым  30-50  кг көгінжегізіп, сүттілігіне қарай  2,5-4,5  кг сұлы,  0,5-2,5  кг бидай кебегін береді.
Биелер, өсіресе, сұлы-бұршақ тұқымдастар қосындысының көгіне жақсы жайылып тойынады. Күзге
қарай көп жылдық шөптер көгіне  осы  сұлы-бұршақ тұқымдастар қосындысынан салынған құрама
сүрлем мен тамыр жемістілер қосып беріп, сүттілігін молайтады.
Сауын  биенің  100  кг  тірілей салмағына   шаққанда  2-2,5 кг  сапалы  шалғын және  аралас   астық-
бұршақ тұқымдастар пішенін, 5—10 кг тазар-тылып туралған тамыр жемістілер, пішендеме жегізіп,
сүттілігіне қарай сұлы, кебек, күнжара мен шроттардан түратын жем қосындысын береді. Пішенді
турап, дәнінің бір бөлігін ондіріп, көктетіп, ал сұлы дәнін мыжып, жаныштап  (плющение) берген
жөн.
Жазғы уақытта биенің күнделікті жейтін 30—40 кг табиғи және мәде-ни жайылым кегін сүттілігіне
сәйкес 2,5-4,5 кг сұлы мен жем қосыңды-сы, 0,5—2,5 кебекпен толықтырады. Оларды сұлы-бұршақ
тұқымдастар көгіне жайған жөн. Күзге қарай көп жылдық шөптер көгін құрама сүрлем (жақсысы
сұлы-бұршақ тұқымдастардікі) тамыр жемістілер қосып береді.
Құлын-тайды азықтандыру
Жаңа туған құлын қорегі енесінің уызы мен сүті. Құлынды сүтке жарытумен қатар, тез өсіп-жетілуі
үшін ертерек қосымша азықтарға үйреткен жөн. Алғашқы айдан бастап енесі сауылып, өзі желіге
байланған құлынды қосымша азықты жақсы жеуге дағдыландырып, үйрету керек. Оларды алғашқы
күндерден   бастап   жеңіл   қорытылатын  диеталық  қабығынан   тазартылған   сұлы   ұнтағы   мен
жанышталынған сұлы дәніне, минералды қосындыларды жеуге үйретеді. Ол үшін алдарындағы жеке
науаға сүйек ұны, азықтық бор, ас тұзын үнемі тұратындай салып қояды.
Тұқымға қалдырылатын құлынды  7-8  айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Құлын  тез  өсіп-жетілуі
үшін мыжылған сұлы дәні, бидай кебегі, шөп ұны мен күнжара ұнтағынан түратын 1 кг-да 1 а.е., 110-
120 г қорытылатын протеині бар қосындыны жегізеді. Оған құлынды біртіндеп үйретіп, төулігіне эр
басы 2 айлығында - 0,5-1 кг жегізе бастап, 3-4 айлығында - 2-3 кг, енесінен ажыратар 5-6 айлығында
4-5 кг береді. Қыста бұл қосыңцыға қоса жақсы жапырақталған жұмсақ пішен салып, жазда құлынды
таза ауада, күн көзінде жайылым отына жаяды.
Енесінен ажыратылған құлынның есіп-жетілуі баяуламауы үшін түрлі дөн жармасы, күнжара мен
шрот ұнтағы, бұршақ түкымдастар дәнінің ұнтағы, сапалы сүрлем, пішендеме, тамыр жемістілермен
үстемелеп   қоректендіреді.   Құлын   жемінің   жартысына   жуығын   (қоректілігі   бойынша  40-45%)
протеинінің  биологиялық   құндылығы  жоғары,   қорытылуы   жеңіл  сұлы  мен  арпа   дәнінің  жармасы
құрайды. Олармен қатар жеңіл қорытылатын жүгері мен бидай дәні ұнтағын қосады.
Енесінен   ажырату   мезгілі   әдетте   жаздың   аяққы   кезеңі  -  күздің   бойынша   сәйкес   келетіндіктен,
ажыратылған құлынды оты сақталған табиғи немесе екпе  жайылым  көгіне жаяды. Қыста құлынтай
азықтандыруын алдымен  сапалы  пішенге негіздейді. Мініс жөне жегіс тұқымның құлынтай басына
тәулігіне 6 айлығында - 3-4 кг, 9 айлығында - 4-5 кг, 12 айлығында 6-12 кг пішен жегізеді. Оған қоса
сапалы  жүгері   сүрлемін,   туралған   сәбіз,   жем   қосындысын   береді.   Әр  100  кг   тірілей   салмағына
шаққанда  6-12  айлық   құлындарга  -   3,0  кг,  12-18  айлық   тай-жабағыларға  -   2,85  кг,  18-24  айлық
құнандарға - 2,6 кг, 2-3 жас-тағы дөнендерге - 2,4 кг өр 1 кг-да - 0,92-0,85 а.о., 94-76 г қорытылатын
протеин, 7-4,5 лизин, 7-5 кальций, 5-4 фосфор, 7-6 г каротині бар құрғақ зат жегізеді.
160

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тұқымдық   еркек   құлынның   қоректік   мұқтаждығы   үрғашы   құлындікінен  10%  жоғары   екенін
ескереді   де,  оларды   жазда  мүмкіңдігінше   үзақ   мерзім   жайылымда   бағып,   қыста   аралас   пішен,
пішендеме,   1/3   бөлігі   бидай   кебегінен   тұратын   бұршақ,   күнжара,   шрот,   сұлы,  арпа   мен  жүгері
жармасының қоспасын тәулігіне құнан басына - 3-4 кг, дөнен басына -4—5 кг жегізеді.
Тұқымдық айғырды азықтандыру
Асыл тұқымды айғырды үйірге салынбаған кезде орташа қоңдылықта ұстап, ол үйірге түсерден 1,5
—2  ай бұрын азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын күшейту арқылы тұқымдық қоңдылыққа
(племенная кондиция) жеткізеді. Үйірден тыс кезеңде мініс жөне жегіс тұқымдары айғырының 100 кг
тірілей салмағына  1  кг-да  - 0,72  а.ө.  (7,53  МДж АЭ),  66 г  қорытылатын  протеин, 2,1 г ас  түзы,  4 г
кальций, 3 г фосфор, 8 мг каротин бар 2,2 кг азық құрғақ затын жегізсе, үйірге салы-нарда жегізілетін
2,5 кг рацион құрғақ затының 1 кг-да — 0,8 а.ө. (8,37 МДж АЭ), 94 г қорытылатын протеин, 2,4 г ас
түзы, 6 г кальций, 4 г фосфор, 10 мг каротин шоғырланады. Яғни асыл тұқымды айғыр азығы-ның эр
1 а.ө.-де қорытылатын протеин деңгейі 120 грамнан 140 грамға, кальций деңгейі 4 грамнан 6 грамға,
фосфор деңгейі 3 грамнан 5 грамға, каротин деңгейі 10 милиграмнан 15 милиграмға жеткізіледі.
Тұқымдық айғырдың жыл бойы орташа қондылығын ұстау үшін отты жайылымда жайып, үйірге
түсуге дайындау кезеңінен бастап азықтанды-руының энергетикалық, протеиндік, минералдық және
витаминдік   құнар-лылығын   сапалы   ірі,   шырынды   және   құнарлы   жемшөппен  рацион  құрғақ
затындағы қоректік заттар шоғырлану дәрежесін күшейтеді. Үйірге түс-кен кездегі айғырдың күрт
өсетін энергетикалық шығынын толықты-рып, жыныстық потенциясы мен ұрық сапасын қамтамасыз
ету үшін сұлымен қоса энергетикалық қуатты мол жөне протеиндік құндылығы жоғары, минералдық
жөне   витаминдік   қоректілігі   жақсы,   сапалы   жем-шөппен   және   құнарлы   жем   қосындысымен
азықтандырады. Құнарлы азықтардан  тары,  бидай, бидай кебегі, бұршақ ұнтағы ұрық сапасына оң
әсер етеді.
Айғыр,   әсіресе,   ұнтақталған   бұршақ   дөнінің   сәл   ылғалдандырылған   бидай   кебегімен
араластырылған қоспаны сүйсініп жейді. Сұлыны мыжып, тары, жүгері, бұршақты ұнтақтап, арпаны
жарып, зығыр дөнін қайнатып, оның суына кебек, күнжара мен шроттарды шылап беруге болады.
Қыста сұлының бір бөлігін немесе оның арпамен жартылый араласқан қосындысын өндіріп кектетіп
барып   жегізуге   болады.   Соның   арқасында   үйірге   түсер   кезіндегі   айғыр   азығының   энергетикалық
қуаттылығы 25-30% жоғарылатылып, биологиялық құнарлылығы арттырылады.
Азықтандыру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тұқымдық айғыр басына тәулігіне 15—30
кг кек шөп, 4—6 кг сапалы сүрлем, 3—4 кг картой, 3—4 кг тамыржемістілер, 6—12 кг шалғын немесе
аралас  пішен,  жартысына жуығы сұлыдан түратын  4-6  кг жем қоспасын береді. Айғыр азығының
протеиндік   құндылыгын   арттыру   үшін  рацион   жалпы  қоректілігінің  5—10%  көлемінде   тауық
жұмыртқасы, сиыр сүті, көк сүт, сүт сары суы, ірімшік, қан ұны, ет ұны, ет-сүйек ұны, балық ұны
секілді жануар тектес азықтарды енгізуге болады.
Жұмыс атын азықтандыру
Жұмыс атын азықтандыруды олар атқаратын жұмыс түріне, оны атқару жағдайына сейкестендіре
ұйымдастырады. Ат атқарған жұмысын оған артылған немесе ол жегілген жүктің салмағын осы жүкті
тасымалдау қашықтығына көбейтіп есептейді. Бұл «килограм-метр» (кг-м) болып есептелінетін аттың
тарту күші (сила тяги), әдетте, дене салмагының 12—16% құрайды.
Ат қатты күшенгенде тарту күші қысқа мерзімге дене салмағының  70—100%  деңгейіне жетеді.
Денеде   шығындалған  1  ккал   энергияға   (жылулыққа)   ат  425  кг-м   механикалық   жұмыс   атқарады.
Жұмсалған  энергия  шығыны бойынша аттың атқарған жұмысы  жеңіл,  орташа  және ауыр  болып
бөлінеді.
Мысалы, тарту күшімен есептегеңде тірілей салмағы  - 400 кг, тарту  күші  — 60  кг ат  900  кг-м
жұмыс атқарса — ол жеңіл, 1500 кг-м жұмыс атқарса  — орташа, 2100 кг-м жұмыс аткарса  — ауыр
жұмыс болып, тірілей салмағы 500 кг тарту күші 70 кг ат 1100 кг-м жұмыс атқарса — жеңіл, 1800 кг-
м жұмыс атқарса - орташа, 2500 кг-м жұмыс атқарса — ауыр жұмыс болып есептелінеді. Соқа, шөп
шапқыш  машина   (сенокосилка),  тырма   секілді   ауыр   ауыл   шаруашылық   механизмдеріне   жегілген
аттар күніне  4  сағат жұмыс істесе  —  жеңіл,  6  сағат істесе  — орташа, 9  сағат істесе ауыр жұмыс
атқарды деп есептелінеді.
Бірақ   аттың   атқарған   жұмыс   ауырылығын   оған   жұмсалған   уақыты-нан   гөрі   олардың   тасыған
161

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жүгінің ауырлығы мен қашықтығына байла-нысты есептеген дәлірек болады. Өйткені жүк тасмалдау
жолы   ұзарған   сайын   аттың   жалпы  жұмсалған  энергия  шығынындағы   өз   денесін   алып   жүруге
жұмсалған энергия шығынының үлесі үлгая түседі.
Аттың   атқарған   жұмысының   ауырлығы   ат   жүріп   өтетін   жол   жағдайы   мен   жұмыс   атқару
жылдамдығына  да байланысты болады.  Батпақ жөне қүмдауыт жолмен жүріп өткенде  немесе  жүк
тасығанда аттың энергия шығыны 10% шамасыңца үлғаяды.
Жоғары жылдамдықпен жөне үзақ ауыр жұмыс атқарған  немесе  азық-таңдыру аралығы ұзарып
кеткен   жағдайда   аттың   механикалық   жұмыс   бірлігіне   жұмсайтын  энергия  шығыны   үлгая   түседі.
Өйткені бұлшық еттердің демалу мерзімі қысқарып, денедегі көмірсулардың алмасу қоры азайған
сайын гликогеннің қайта түзілуі бәсендеп, энергиялық мақсатта майлар мен белок жұмсала бастайды.
Мысалы, жұмыстың 1-ші сағатында бұлшық ет энергиясының 
4
/
5
 бөлігі көмірсулардан, тек 1/
5
 бөлігі
дене майынан пайда болатын болса жұмыстың 6-шы сағатында:.

am жумысты демалыссыз және азықтандырусыз істегенде — Уб бөлігі көмірсулардан, 
5
/
6
 бөлігі 
майдан;

екі сагат демалыспен азықтандырусыз істегенде — У
4
 бөлігі көмірсулардан, 
3
/
4
 бөлігі майдан;

екі сагат демалдырып азықтандырып барып істегенде — 42% көмірсулардан, 55% майдан пайда 
болады.
Мал организміндегі энергияның (жылулықтың) пайда болуын желінген азық қоректік заттарының
жұмсалуымен   қамтамасыз   етудің   биоэнерге-тикалық   мағынасы  -  көмірсулар   жұмсалуымен
атқарылған   жұмыстың  энергия  шығыны  май  жұмсалуымен   атқарылған   жұмыстың  энергия   шы-
ғынынан 9—10% кем жұмсалуында.
Демек, азықтандырусыз атқаратын жұмыс ауырлаған сайын организмнің энергетикалық қажеттілігі
ұлғайып, аттың энергия мен қоректік заттарга мұқтаждығы өседі.
Тарту  күші азайған сайын, аттың қоректік затқа мұқтаждығы арта түседі. Әр  100  кг-км жұмыс
атқаруға аттың тарту күші дене салмағының 12-16% құраса - 0,43 а.ө., 6-8% құраса - 0,55 а.ө., 3-4%
құраса  0,80  а.ө. жұмсайды. Өйткені, аттың денесін алып жүруге жұмсалатын организмдегі  25-30%
пайдалы   механикалық  энергия  үлесі   жұмыс   атқарғандағы   жол-дың   ұзаруынан   өседі.   Ал   ат
организмінің нақтылы механикалық жұмыс шығыны бүдан әлденеше жоғары болғандықтан, әр 100 кг
тірілей салма-ғына шаққанда жеңіл жұмыс атқаруға  - 0,0443  а.ө., орташа ауыр жұмыс атқаруға  —
0,0600 а.ө., ауыр жұмыс атқаруға - 0,0767 а.ө., мініп өткен әр 1 км жолға - 0,02 а.ө., жегіп өткен өр 1
км жолға 0,03 а.ө. қажетсінеді.
Жұмыс аты азығының 1 а.ө.-де 80 г қорытылатын протеин, 5-6 г кальций, 4—5 г фосфор, 10—15 мг
каротин  болуға   тиіс.  Ауыр  жұмыста   термен  көп  су,  түз   жоғалтылатындықтан,   жұмыс  ат   басын
күнделікті  40—50   кг   таза   сумен   жэне   эр   100   кг  тірілей   салмағына   шаққанда...  жеңіл  жумыс
атқарғанда  — 6 г, орта  ауырлықтагы  жумыс  атқарғанда  — 7 г, ауыр жумыс  атқарғанда  9  г ас
тузымен  қамтамасыз   етеді.   Механикалық   жұмыс   атқа-руга   жұмсалатын  энергия  шығынын
қамтамасыз ету үшін жұмыс аты алдымен тез ыдырап, жеңіл қорытылатын крахмал мен қант тектес
көмірсуларға  бай  азықтардан   құрастырылады,   ат   атқаратын   жұмыс   ауырлаған   сайын   жылдам
қорытылатын энергетикалық жемшөп  пен  құнарлы азық үлесі есе түседі. Ол жемшөп желінуі үшін
аттың 100 кг тірілей салмағына берілетін ірі жемшөп көлемі 1,5-2 кг дейін төмендетіледі. Арықтаған
аттың азықтандыру деңгейі құнарлы жемнің үлесінен қосымша 3—4 а.ө.жоғарылатылады.
Жұмыссыз   кездегі   аттарга   жақсы   жайылым   оты   жеткілікті   болса,   жеңіл   жұмыстағы   ат   басына
тәулігіне 35-50 кг көк шөп, 12-16 кг сүрлем, 4-5 кг картоп, 6-8 кг тамыржемістілер, 10-15 кг пішен, 1-3
кг жем, орта ауырлықтағы жұмыстағыларына - 30-40 кг көк шөп, 12-14 кг сүрлем, 5-6 кг картоп, 6-10
кг тамыржемістілер, 8-10 кг пішен, 3-5 кг жем, ауыр жұмыстағыларына - 20-30 кг көк шөп, 10-12 кг
сүрлем, 6-7 кг картоп, 8-12 кг тамыржемістілер, 6-12 кг пішен, 5-8 кг жем жегізеді. Тәулігіне жұмыс
атына 8 кг-ға дейін сұлы, 6 кг-ға дейін арпа, 4 кг-ға дейін тары, 2 кг-ға дейін бұршақ, 3,5 кг-ға дейін
зығыр, күнбағыс күн-жарасы, 2,5 кг-ға дейін кендір күнжарасы, 1,5 кг-ға дейін мақта күнжа-расы, 4 кг
бидай кебегін беруге болады.
Ауыр   жұмыстағы   аттарға  3-4  кг   сұлы  не   жем  қосындысын,   құрама-жем   береді.   Жеңіл
жұмыстағыларға олардың көлемін 1-2 кг азайтып, сұлының Уз бөлігін бидай кебегімен ауыстырады.
Жеңіл жұмыстағы ат азығындағы пішеннің жартысын жаздық сабанмен  ауыстырады. Рациондарды
қажетті мөлшерде керекті минералды қосындылармен, премикстермен байытады. Жұмыс аттарының
162

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
көп   терлеуіне   байланысты   денедегі   су   алмасуын   сақтау   үшін   қажетті   мөлшерде   ас   түзымен
қамтамасыз ету үшін ат азығының  1  кг құрғақ затында...  ат  жумыстан  бос кезде — 2,0  г,  жеңіл
жумыста — 2,4г, орташажумыста — 2,8г, ауыржумыста — 3,0гас тузы жеткізілуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет