Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет25/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Не сәтті болды? 
Диалогтік оқыту   арқылы өзара оқытуды, өзін – өзі басқаруды   үйренді. Сыни тұрғыдан оқыту
арқылы тыңдау, ойлау, сөйлеу дағдыларының қаншалықты маңызды екенін ұғынды, анализ жасап,
шешім   қабылдауға   дағдыланды.АҚТ   мүмкіндіктерін   пайдалану   оқушыларға   әсіресе   қатты   ұнады,
себебі, тұсаукесер т.б. шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында өз мүмкіндіктерін толық
көрсетуге мүмкіндік алды.
          Өз   айтулары  бойынша,   «аузын  ашқанға   «5»   емес,   керісінше,     әр  жасаған  жұмысын   елеп,
ерекшелеп бағалау дұрыс. Бағалаудың критериальды түрі оқушыларға тиімді болды. 
Не сәтсіз болды? 
-
Кейбір оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алмауы;
- Кей оқушылардың топпен келіспей шешім қабылдауы.
-
Топтағы көшбасшылардың «менге» салынып, басқаларға сөз бермеуі 
-
Уақыт тапшылығына байланысты кейбір оқушылардың диалогқа қатыспай, тыс қалуына мән
беріледі.
-
Сабақ барысында тиімді сабақты анықтайтын  алты принциптің 
толық қамтылмауы. 
-
Оқушылардың  кейбір бағалауларды қабылдай  алмауы;
Жеті модуль көрініс тапты ма?
-
Тұйық оқушымның постерді әрлендіріп, суретке қабілеті 
-
Тақырыпқа сай презентация жасап, интерактивті тақтаның көмегімен слайдтар көрсеттім.
-
Диалог мәтінге сұрақ дайындау барысында көрініс тапты.
-
Тапсырмаларды орындау кезеңдерінде оқушылардың  жұмысын, екі жұлдыз, бір ұсыныс 
арқылы бағалау жүргіздім.
214

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-
«Жұптасып  сурет салу» стратегиясында оқушылардың сыни ойлау қабілеті көрініс тапты
-
Берілген тапсырмалар мен іс-әрекеттер оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылып
отырды
Нені дамытар едім?
-
Баланың ойлау қабілетін ашатын, айқындайтын сұрақтар топтамасын көбейту. Тиімді сабақты
анықтайтын алты принципті  басшылыққа алуым қажет. 
-
Сабағымның сапасын арттыру үшін бағалаудың 12 стратегиясын қолдануым қажет.
-
Оқушылардың білім алудағы өзара іс қимылдың тиімділігін анықтау.
-
Білім деңгейі төмен оқушыларды сабақ үдерісіне тарту және оларды өз ойын, пікірін жеткізе
алуын қалыптастыру
-
Деңгейлік   тапсырманы   орындауда   оқушыларды   талдау,   жинақтау,   бағалау   деңгейлеріне
жеткізуге жұмыс жасау.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы  Арал ауданы Бекбауыл елді мекені 
  №65 орта мектептің педагог психологы
 Айжігітова Нұргүл Әкімжанқызы   
Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің 
педогогикалық-психологиялық  мәселелері
Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым-қатынастың нашарлығынан және
жанұямен мектептің байланысының әлсіздігінен «Қиын» балалар қалыптасады. Қазіргі күні біздер,
яғни психологтар өзіміз еңбек ететін мектеп, сынып, топ ұжымында «қиын» оқушы болса, алдымен
оның   ерекшелігінен   зерттейміз.   Осыған   орай   өзге   сынып   жетекшілерімен,   ата-аналармен,
мұғалімдермен бірлесіп, оқуына көмектесеміз. Оларға сенім артып, бойындағы жақсы қасиеттерге
сүйеніп,   түрлі   тапсырмалар   орындатып,   өзге   оқушылармен   қарым-қатынас   жасауына   мән   беріп,
тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізіп, ретіне қарай мадақтап отырамын. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы
үшін «қиын» оқушыға арнап күнделік дәптер жүргіземін.
«Қиын» балалар психологиялық, деңгейлік жағынан дамыған, бірақ мектеп-
тің , жанұяның, қоғамның талап-тілегіне көнбейтін, өзін ерікті санап жүріп-тұратын, қылмысты
әректтер жасайтын балалар. «Қиын» баланың негізгі белгілері жеткіншек кезеңде айқын көрінеді.
Баланы қиын деп атау үшін оған тән жеке  бастың қиындығын танытатын белгілерін атаған жөн.
Ондай белгілерге үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдамау, олармен қарсыласу, қыңырлық көрсету және
айтқанға көнбей   дегенімен жүріп тұру жатады. Балалардың мінез-құлқындағы мұндай ауытқулар,
олардың   қажеттілігін,     қызығуын   қанағаттандырмаудан,   үлкендердің   талап-тілегін   есепке   алады,
оларды тыңдайды, тәрбиені бірлесіп жүргізеді және көпшіл болуға үйретеді.
 Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп 
әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады.
Қиын балалармен жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізіп келемін. 
1. Мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы 
мәліметтерді білу. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындаймын.
2. Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шараларлармен толтыру арқылы алдын-алу 
шараларын қамтамасыз етті деу бекершілік. Тек оқушының қызығушылығын туғызған көңілінен 
шығатын іс-шаралар болса басқаша.
3. Жас ерекшелігін ескере отырып, жеткеншектермен, жасөспірім балалармен  олардың өз тілінде 
сөйлесу керек.
4.Келеңсіз отбасыларымен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал ету жеткіліксіз. 
Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданамын. «Қиын 
оқушы» деген термен қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың ортасын 
білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар жатады. 
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей 
тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп 
215

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
соқтырады.
Міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере 
алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше 
батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді.
Тәрбиесі   қиын   балаларды   тудыратын   себептердің   бірі-балаларын   оқытуда,   тәрбиелеуде   ата-
аналардың   жауапкершілік   сезімінің   жоқтығы   бала   мінезінде   мейірімсіздікті,   яғни   қатігездікті,
дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші  себеп-бұл үйдің сәтсіздік,  маскүнемдік,  ұрыс-төбелес,  ұрлық,  ата-аналардың және  басқа
отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу, неке бұзу.
Отбасы   тәрбиесінде   ата-аналардың   мінез-құлқы   шешуші   фактор.   «Сіз   өз   балаларыңыздың
тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С. Макаренко.
Оның сөзін жалғастыра келіп, егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз..... ал, онда
сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық
ұстамадан   (эпилепция)   азап   шегеді,   олардың   ақыл-ойы   баяу   дамиды.   Мұндай   балалар   енжар,
тынымсыз,   ашушаң   келеді.   Әрбір   ата-ана   азғындыққа   түспеу   үшін   күш   қабілетін   пайдаланып,
балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.
Үшінші себеп-ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін,
тілектерін ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете білмейді.
Тату   отбасында   ата-аналар   балалардың   күнделікті   өмірі   мен   іс-әректіне   басшылық   жасайды.
Балалардың   өздерінің   қуанышын   ,   қайғыларын,   ойларын,   уайымдарын   бөлісуге   үйретеді,   саяси
мәселелерді   жаңа   фильмдер   мен   кітаптарды   бірлесе   отырып   талдайды,   өздерінің   сүйікті   әндерін
орындайды.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, 
еңбексүйгіштік тағы басқа тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында 
қоғамның келешек азаматы өседі.
Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі мен мінез-құлық негізін қалайтын макро-ұжым. 
Төртінші себеп-бұл сынып жетекшілері мен мұғалімдердің оқу мен тәрбие жұмысындағы 
олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс-әрекеті 
көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар 
жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата-аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және 
қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан-жақты білу мүмкін емес.
Атақты педагог К.Д. Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-
жақты біліп алу керек» деген қағидасын қолдана отырып, «Қиын» баланың себебін анықтау  
мақсатында:
А) Жанұясымен және әке-шешесімен танысу және жанұясынан тест алу;
Ә) Мұғалімдермен ара-қатынасын анықтау;
Б) «Социометрия» арқылы сынып оқушыларымен ара-қатынасын анықтау;
Г) Еңбекке көзқарасын білу.
Біз қиын оқушылармен жұмыс жасағанда психодиогностикалық ақпаратты пайдалана отырып және
оны белгілі бір жастың даму заңдылықтары туралы теориялық мәліметтермен сәйкестендіріп, нақты 
балалар тобымен түзету жұмыстарының бағдарламасын құрастырамын.
Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша қиын баланың шығуына үш фактор себепші 
болады екен. Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады. 
Екіншіден балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше 
қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы. Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс 
болмауы.
Қиын балалармен жұмыс барысында мынадай әдістемені қолдануға болады.

Қиындық туғызатын оқушылармен жүргізілетін әңгіме-интервью

Сынып жетекшісімен әңгіме.

Мұғалімдермен әңгіме.

Жолдастарымен әңгіме.

Сынып старостасыме әңгіме. 
216

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

Ата-анасымен әңгіме.
Тәрбиеленуі «қиын» оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктері-олардың сабаққа, ақыл-ой еңбегі 
мен дене еңбегіне қабілетсіз болып келетіндіктері.
  Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, оны қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың 
ардақты борышы.
Ата-ана бала алдында сыпайы, тату, зиянды мінез-құлықтан аулақ болу керек. Баланың мектептен 
жақсы болып білім алуына да ата-ана зор әсер етеді. Ол үшін баланың ата-анасы мектеппен қатынас 
жасап, баланың хал-жайымен танысып отырулары керек. Ол үшін баланың күнделік, дәптерін қарап 
отыру ең қолайлы әдіс. Баланың мектетегі тәртібі, сабақ үлгерімі, мінез-құлқымен танысудың тағы 
бір жолы- ата-аналар жиналысына жиі қатысып отыру. Кейбір ата-аналар: «Менсіз де оқып жатыр 
ғой» деп мектептен қол үзіп алыс жүреді. Бұл баласының келешегін ойлаудан бойды аулақтату болып 
табылады.
Оқушының тәртібі төмендеуі мына жағдайларда кездеседі.
Ол:
А) Ата-анамен келіспеушілік жағдайлар 
Ә) Мектептегі қиындық пен сәтсіздік 
Б) Тәртібі қиын құрбы-құрдастарымен байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы 
құрбылармен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді.
Тәртіп бұзу тек баланың өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық 
ата-ана бірлігінің жоқтығына балаға қоятын талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі
жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, өсуі, оқуы қажет. Сонда ғана балада жағымды «Мен» 
бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады.
Тағы бір психологиялық ерекшелік ата-аналардың жауапкершілігінің жоқтығы ұл балаға 
жеткіліксіз көңіл аудармағандық, үйдегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың
және басқа отбасы мүшелерінің жеңіл мінез-құлқы бала мінезіне қатігездікті, дөрекілікті, 
ашуланшақтықты, тіпті өмірге деген жеккөрінішті өкпе мен ызаны туғызады.
Мектептегі тәрбие бұзуға бейім немесе жеке мінезі қиындық тудыратын балалармен қиналмай, 
шаршамай, жалықпай аталған ерекшеліктері ескере отырып, төмендегі міндеттерді іске асырамын:
> Оқушыға психологиялық қолдау көрсету.
> Оқушымен сыныптың және ақыл-ой еңбегін дамуына ықпал ету.
> Өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алуды үйрету;
> Эмоциялық мазасыздық пен күйзелістерде жүргенде түсіністікпен қарау және олардан арылуына 
ықпал ету.
> Баланың ойындағы өз құндылықтарын бағалай алуына үйрету.
>Оқушының өзіне деген сенімін нығайтуға көмектесу;
Қорыта келгенде, біздер жоғарыдағыдай жұмыстарды жүргізе келе мектебіміздегі оқу мен тәрбие 
ісінде қиындық тудыратын оқушыларды тәриелеу бағытында өз үлесімізді қосып келемін. Оқушы 
бойынан кемшіліктер табылған бойда оны түзету жұмыстарын жүргіземін, оқушымен жеке жұмыстар
жүргіземін. 
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда  облысы, Арал ауданы, Бекбауыл елді мекені
 №65 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің 
мұғалімі Айжігітова Жаннұр Әкімжанқызы
Оқушылардың  шығармашылық
қабілетін  арттыру  жолдары
Шығармашылық- бүкіл тіршіліктің көзі.Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгініне
дейінгі жеткені шығармашылық нәтижесі. Бұл жетістікке жетудің бірден-бір түрі-адамның қабілеті.
Қабілеттің бір түрі-шығармашылық.                               
Бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі- жас ұрпақты сөз
қадірін   білуге   үйрете   отырып,сөз   өнеріне   баулу,оқытудың   шығармашылық     маңызын   арттыру,
оқушылардың   қабілеттіліктерін   ұштау,   белсенділіктерін   арттыра   отырып,   шығармашыл   тұлға
217

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қалыптастыру.   Шығармашыл   тұлға   өзгелерден   өз   ісіне   деген     сенімділігімен,   ой   ұшқырлығымен,
танымдық   қызығушылығымен,   талабымен     танылады.     Өз   ойын   еркін   жеткізе   білу-
зерделілік.Шығармашыл     тұлға     қалыптастыру     үшін,   мына   жәйттарды   назарда   ұстау   керек.Ең
бірінші,   сыныпта   шығармашылық   көңіл   күй   орнату   үшін   оқушылардың     назары   бір   нәрсеге
бағытталуы,   әрбір   шығармашылық   тапсырманың   мазмұны   жеткіншектердің   жас   ерекшелігіне,
қызығушылығына   сай   болуы   шарт.   Әр   шәкіртке   қолжазба   қойын   дәптерін   арнату   –
шығармашылықтың   басы.Ол   дәптерге   өздерінің   шығарған   өлеңдерін   ,   әңгімелерін   жазып   жүруін
назарда ұстаймын.Сабақ үстінде осы қолжазбаларын ретімен пайдаланып отырады.
Оқушыларға «Сен өлең жаз», «Айбек ертегі жазсын», «Рысбек  әңгіме жазсын» деген нұсқау, 
тапсырмамен шығармашылыққа үйрете алмаймыз. Ол үшін өзім де шығармашылықпен үзбей 
айналысып, өз туындыларымды оқушыларға оқып беріп, шығармашылығым балалық шағымның  бал 
күндерінен бастау алғанын түсіндіремін, Мәселен, 5-сыныпта оқып жүргенде жазған,жадымда 
жатталып қалған:   
Лағым-ау, лағым,
Селтеңдейді құлағың,
Сенің көріп кейпіңді
Мен ойланып тұрамын- деген өлеңімді оқып берсем, 8- сыныпта жазған:         
                         Сегізінші наурыз келгенде , 
                         Аналарды қуантып ,
                         Далада өсіп қызғалдақ,
                         Тұр екен шіркін гүл атып.
                         Қызыл-жасыл гүлдерді,
                        Жұлып алдық реттеп,
                        Анамызға сыйладық,
                                           Шырайлары кіред   деп – деген өлеңдерімді оқып бердім. Оқушыларым риясыз
жымиып, жүздерінен нұр төгіліп, «Апай мен де өлең жазып жүрмін», «Менің мынадай өлеңім бар»
деп, қойын дәптерлерін ақтарып,  бір- бірімен жарыса жөнелді. Қуандықова Аружан деген оқушым :
Тәуелсіздікке арнап жазған:
                           Тәуелсіздік бойға таққан тұмарым,
                           Тарихыңды тереңнен – ақ ұғамын.
                           Тәуелсіздік самғап ұшқан қыраным,
                           Тәуелсіздік шырқап айтқан жыр әнім.
                           Қазақ енді тәуелсіз ел біл мұны,
                           Ақиқатқа айналады шындығы,
                           Шуақ шашып төбемізден күн күлді.
                           Елтаңба,ту ,гимн шықты жарыққа,
                           Рух беріп, шабыт сыйлап халыққа
                           Ана тілім-  мемлекеттік тіл болды,
                           Қазақ елі қол жеткізді бақытқа.
                           Өзге елдермен тереземіз теңесті,
                           Жиырма жылды бағындырдық белесті.
                           Ата-бабам ғасырлар бойы аңсаған
                        Тәуелсіздік тәңірдің сыйы емес пе?- деп өз жүрегінен жарып шыққан туындысын
ерекше шабытпен оқып ,мектеп партасында осылай алаңсыз білім алып жүрге   німіз, балалық бал
дәуреніміздің қамсыз,қызыққа толы өтуі- тәуелсіздікпен тығыз байланысты деп өз ойын сабақтады.  
          Қосан Маржан деген оқушым әкесіне арнаған:
                        Әкем менің асқар тауым ардағым,
                        Сен арқылы асқар шыңға самғадым.
                        Сен арқылы көкжиекті жалғадым,
                        Сен арқылы күллі жерді шарладым,
                        Әке сені қуанту- менің арманым,
                        Келешегімді бүгініме жалғадың
                        Қолдайсың да,демейсің де,жебейсің,
                       Перзент үшін шаршамадың, талмадың- деп шабыттанса, Баян, Жауқазын,Назерке
218

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
деген   оқушыларым   да   өз   шығармаларын   ерекше   көңілмен   орындап,   бір-біріне     баға   беріп,   пікір
алысты.   Оқушыларымның   жыр   шумақтарын   аса   байыппен   тыңдап,     білім   ордасында   еңбек   етіп,
шәкірттермен өткізген кызығы да, шыжығы да мол күндерімнің белгісі ретінде жүректен шыққан
«Мектеп тынысы» атты туындымнан мына үзіндіні айтып бердім. Ұстаз-жеміс ағашы ғой саялы,
                                        Терең бойлап өнегесін жаяды,
                                        Күтіп баптап, мәпелесе жемісін
                                        Жыл соңында сапалы өнім алады.
                                        Шәкірт-жеміс уылжыған нәрі бал,
                                        Дарындысы, өнерлісі бәрі бар,
                                        Ұстазына арқа сүйер еркелеп,
                                        Қылықтысы, тентектері тағы бар- дей отырып, шығармашылық сабағымды
қорытындыладым.
      Оқушы   жүрегін   жарып   шыққан   жыр   жолдарының   мазмұны   мен   оның   дұрыс   жолда   келе
жатқандығы туралы үнемі ескертіп, шығармашылық шабыттың кез- келген адамда бола бермейтінін
айтып отырамын.   Оқушы қаламынан туған дүниелердің бәрі мінсіз деуге келмейді. Оның жетістігі
мен кемшілігін оқушылармен бірлесе отырып түзетіп, көркемдік ерекшелігін жетілдіру- мұғалімнің
міндеті. Шығармашылыққа баулудың ,өзіндік іс- әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
-тақырыпты мазмұнына сай жинақтау,
         -шығарма, шағын әңгіме,өлең жазу.
         -сөзжұмбақ құру,шешу. 
         -қиялға ерік беріп сурет салу,
        - бір тақырыпқа пікірталас тудыру.
  Осындай   жұмыстар   нәтижесінде   оқушылардың   шығармашылық   қабілеті   танылып,   бойындағы
талант   көзі   ашылып,   тілі   байытылып,   қиялы   ұшталып   өз   бетінше   ізденеді.Оқушылардың   көркем
шығармашылық   қабілетін   арттыратын   жазба   жұмыстарының   бірі-   шығарма   жаздыру.   Шығарма
оқушылардың   туған   халқының   әдебиетінен   алған   білімдерін   өз   ойымен,   өзіндік   дүниетанымдық
көзқарасы тұрғысында терең талдап, пайымдауы, әсерлі оймен, көркем тілмен жүйелі жеткізе білуін
талап етеді.Ойланып толғанып жазылмаған шығарма мақсатына жетпейді. Сондықтан да жазыларда
алдын-ала дайындық жасалуы керек. Ол үшін оқушыға тақырыппен танысып ізденуге ,дайындалуға
бағыт – бағдар беру керек. Шығарманы жүйелеп жазып беру үшін  жоспар жасап алу керек екенін, ол
жоспардың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұратынын , тақырыпқа байланысты айтылмақ
ойдың тууын кіріспе деп, дамуын негізгі бөлім ,ал шешілуін қорытынды деп алатынымызды айта
келіп,   белгілі   бір   тақырыпқа   оқушыларды   қатыстыра   отырып,   естеліктерін,   көрген-білгенін
баяндатамын. Оқушылар жоспарды құрып алғаннан кейін, өзім бағыт беріп, жазылатын шығарманың
тек баяндауға емес, көркем тілге құрылу керектігін шағын әңгімеге ұқсас етіп,сезіммен жазуды талап
ете отырып , шығарманы ауызша баяндап шығамын. 
  Қорыта келгенде,   оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт 
орындалуы тиіс.    1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте жастан қолға алу.                                     
2.Шығармашылық әрекетті жүйелі түрде дамыту.                                                    3.Шығармашылық іс-
әрекетке жағдай туғызу.
 
Оқушылардың   шығармашылығына   бағыт-бағдар   беруді   ең   алғаш   білім   мазмұнына   енгізген
М.Жұмабаев: «Ойлау-жанның өте бір қиын терең ісі» деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап
үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Соған орай, сабақ үстінде әрбір оқушының ақыл-
ойын дамытуды көздеймін. Қазақ тілі сабағында мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіп, сөздер мен
сөз тіркестерінен сөйлем құрау, суреттер бойынша әңгіме құрау, талдау, салыстыру әрекеттері арқылы
оқушылардың ой белсенділіктерін арттырамын. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар өзара бақылау,
салыстыру   ісін   үйренеді,   пікір  айту,   өзіне   сеніммен   қарауға   дағдыланады,   яғни  білім   мен  тәрбие
сапасының   деңгейі   өседі.   Сабаққа   үлкен   тілекпен   ,қызығушылықпен   кіріседі,жақсы   дайындалуға
тырысады.   Дегенмен,   ең   ұнайтыны-оқушылардың   қойылған   сұраққа   жауап   іздейтіні,   жоғары
нәтижеге жетуге тырысатыны, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірінің пікірлерін тыңдай білуі.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
219

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Баланың ойлау қабілетін дамытатын ойындар
Пірекеева Сәуле Орынбайқызы
(ЖКШО)тәрбиешісі. ІІ санаты
Қызылорда облысы. Арал ауданы №82 орта мектеп
Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өріс жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру
мемлекетіміздің   алға   қойған   аса   маңызды   міндеті   болып   тұр.Тәрбие   мен   білімнің   алғашқы   дәні
мектепке   дейінгі   тәрбие   ошағында   беріледі.Отбасында   ата-ананың   ықыласы   мен   мейірімінен   нәр
алған бала балабақшада тәрбиешілердің шуағына бөленеді.
Баланың бойындағы жақсы қасиеттерді ашып,олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне
тәрбиешілердің   ықпалы   зор.Балаларды   тәрбиелеуде   ойын   әдісінің   маңызы   зор.Мектептке   дейінгі
жастағы     баланың   ойынға   деген   құлқы   ,   қарым-   қатынасы   ,   мінез-құлық   көрінестері   олар   өсіп
есейгенде   де   жалғаса   береді.Ойын   барысында   бала   өзінқоршаған   үлкендер   сияқты,өзінің   сүйікті
әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға ,шығармашылық әрекет байытуға бағыт алады.
Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпаратар алады, дүние
сырын ащады.
Ойындардың негізгі мақсаты-балалардың ықласы мен зейінін, сөздік қорын,байқампаздығын,есте
сақтау,қабылдауын   дамыту,   икемділігін   артыру,   өзінің   жеке   құрбыларының   іс-әрекетін
бағалай,құрметтей,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей біліуін анықтау, қалыптастыру.
Баланың   ойынға   деген   қызғушылығы   және   оның   бала   өміріндегі   мәні   психологиялық-
педагогикалық мақсаттарда пайдаланады.Дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың тілін дамытып
қана қоймайды,сабаққа еңбекке баулиды.Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды
ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандайда бір рөлді алады да,сол рөлге сәйкес іс-әрекет
жасайды.
Күнделікті   тежірибе   көрсетіп   жүргеніндей   алты   жасар   балалар   ойындарына   дұрыс   басшылық
жасалған жағдайда,олардың ақыл-ойы,тіл байлығы,создік қоры дамиды.
Ойын   жаттығулары   жүргізілсе   де   сабақта   көп   уақыт   алмайды,қай   дыбыстан   басталады»,   кім
жылдам көршісін тап осындай   ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор.Дыбыстарды дұрыс
есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазыуғатез бейімделеді.Сауат ашу   сабағында өткен
әріптерге байланысты шарды лақтыра отырып сөз ойла , тез ойла, немесе қай дыбыстан басталады
ойындарының алатын орны ерекше.Бұл   ойындар баланың тез ойлауына, ептілікке, тілін дамытуға
,сөздік қорын молайтуға көмектеседі.
Ойын баланың жан серігі іспеттес.Қай бала болсын ойынмен өседі.Мұғалім сабақтан тыс 
уақыттарда ойын арқылы;
тынығады
Бала
өмір танымын кеңейтеді
бірлеседі
ұйымшылдыққа үйретеді
Бала өміріндегі ойынның мазмұны туралы В.А.Сухамлинский былай деп жазады:ойын дегеніміз-
орасан зор жарық терезе,осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы 
түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады.
Баланың әдепті, көргенді қарапайым,қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына,үлкендерге 
байланысты.Ойын барысында   баланың бойында  қайырымдылық қасиеттерді сіңіруміз керек.
Сауат  ашу сабағында өткен әріптерді еске түсіру барысында «Пілге мінейік» ойыныда «Пілге 
мінгісі келген баланы артындағы жазуды оқыған оқушы міне алады» оқи алмаса келесі оқушы 
орындайды.
«Ғарышқа сапар» ойыны.Бұл ойынның шарты.Ғарышқа ұшқысы келген оқушысы, тақтаға менің 
айтқан әріптерімді жазады.Тақтаға швққан оқушыға әріп айтамын, егер оны дұрыс жазса ғарыш 
кемесіне орналастырамыз.
Сонымен бірге сөзжұмбақтар шешкізіп отырамын.
М
220

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
А
й
1.мысық
2.ай
3.тай
Сөзжұмбақтар шешу арқылы баланың ойбелсенділігі артып, сөздік қоры молаяды.Сонымен бірге 
математика сабақтарында да сабақты  ойын түрінде өткізудің маңызы зар , көбінесе сабақты , кім 
жылдам», қандай сандар жетіспейді, қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойындарын қолданып  
отырамын.
«кім жылдам» ойыны.Бұл ойында әрбір санның құрамын еске түсіреді.
2=  
+
3 =
+
4=
+
Балалар бұл ойында сандар құрамын  тез ойлап табуға қалыптасады.
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», 3 және 2 деп балаға допты лақтырамын,допты қағып 
алған бала 5 деп жауабын айтып, допты қайтарады.Бұл ойындар баланың есте сақтау қабілеттерін 
дамытады және шапшаңдыққа үйретеді.
Ойын түрін оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде қайталау сабақтарында
пайдалану тиімді.Ойын түрі материалдарды сабақтың тақырыбы мен  мазмұнына неғұрлым сәйкес 
алынса оның танымдық ,тәрбиелік маңызды да арта түседі.Дидактикалық ойындар барлық 
сыныптарда ойналады.Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістееріне көп көңіл бөлу керек.
Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға балады.Ойын барысында бүлдіршіндер бірін-
бірі сыйлауды, үлкендерді қадірлеуді, мектеп мүлкін бүлдірмеуге  үйренеді.Аңыз, ертегілер мысалдар 
тыңдау арқылы адамгершілік қасиеттерге,ерлік, шыншылдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ , сол ойындардан үлкенде мәнді, мағыналы істер 
туындап өрбитінін байқаймыз.Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің , 
шығармашылықтың бастауы деп білеміз.
Қорыта келгенде ойын баланың оқуға деген ынтесын арттырудың маңызды құралы.Ойын дегеніміз-
ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маңызды жанар оты.
                                                                                                              
Пайдаланған әдебиет:
1. Бастауыш мектеп № 5.2008.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту№4.2012.
3. Баст. Мектеп 2004 ж.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы
№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы. Арал ауданы
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне –өзі сенімді,  
дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу- білім беру 
жүйесінің басты мақсаты болып табылады, әрі бұл жолда сапалы жұмыстар атқарылып келеді.
«Халық мұғалімі- жас өрімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең 
құндысы- балаларды өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі», деген 
тұжырым бұған айқын дәлел. Қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесі мен ұрпақ 
тәрбиесінің бейнесінен көрінеді.
«Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, 
мұғалімге де оқушыға да, қоғам талабына сай міндеттер жүктелуде. Соның ішінде мұғалімге қойылар
талап ерекше. Ұстаздың бүгінгі бейнесі білімділік, парасаттылықпен қатар заман талабына сай 
болуымен ерекшеленеді. Олай болса білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар 
221

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ауадай қажет-ақ. [1]
Оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне 
енуде. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа 
заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық 
және де көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие 
үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім сапасы оқушының оқуға және өзінің білімін өмір бойы жетілдіруге дайындығы-еліміздің 
бүгінгі әлемдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық және әлеуметік дамуының 
маңызды факторы негізі алғы шарты болғандықтан білім сапасын  заман талабына сай көтеру үшін 
оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген үнемі ізденуден жалықпайтын 
жаңа әдісті тиімді пайдалана білген ұстаз ғана нәтижеге жете алады. 
Еліміздің рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдістерді көп білуге тырысу керек, оларды өзіне 
сүйеніш қолғабыс ету әрбір маманның жадында болуы тиіс»-деген. 
Қазіргі таңдағы мұғалімнің басты міндеті- педагогикалық технологиялар арқылы оқушының 
интеллектуалдық шығармашылық деңгейін жоғарлатып жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға 
бойындағы табиғат сыйлаған талантты тани біліп, оны ұштауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған 
білім берушілердің бірлескен нәтижесінде Ж.Пиаже мен Л.С. Виготский теориялары негізінде 
қалыптасып, «Сорос –Қазақстан» қоры арқылы біздің елге жеткен СТО бағдарламасының маңызы  
зор.
Сын тұрғысынан ойлау- белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу,
салыстыру, алынған идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте жүйелілікке түсіріп қолдану 
болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушымен бұл жұмысты 
дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге 
жетері сөзсіз.   Бұл жобаның мақсаты- барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып 
оқушыларының кез-келген мазмұнын түсінікке сыни  тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің беруін 
таңдауға сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.[2]
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек 
білімде ғана. Бұл орайда , Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген 
елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады» деген қанатты сөзін үнемі басшылыққа алған жөн. 
Бүгінгі таңдағы оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдықты талап етіп отыр. Қазіргі педагогикаға
еніп келе жатқан жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының 
қабылдаушы ретінде қалып қоюмен мүлдем сыйыспайды. Сондықтан СТО стратегиясымен оқыту, 
оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесуді жүзеге асырады.  Ұжымдық немесе топтық 
іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен 
оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды. 
Менің ойға алғаным –оқушыларға терең білім мен өнегелі тәрбие беру, оларды өмірлік мақсаттарға 
жету жолдарын көрсетуге баулу, бағыттау. 
Осы жобамен жұмыс істей жүріп, мынадай қорытындыға келдім. Жақсы нәтижеге жету үшін 
мұғалімге не керек?
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін шығармашылық, уақыт, шыдам, сабыр, парасат керек. 
Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға, еркін ойлауға мүмкіндік беру, әр түрлі идеялар 
мен пікірлерді тыңдай білу,үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау, 
сенімділік. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын 
талап ету. Сын тұрғасынан ойлауды бағалай алу.[3]
Мұғалім осы мүмкіндіктерді жасай алғанда ғана оқушылар мынадай нәтижелерге жете алады: 
Сенімділікпен жұмыс істейді. Бар ынтасымен оқуға беріледі. Пікірлерді тыңдап, құрметтейді. Өз 
пікірін ашық білдіре алады; 
Мен осы мәселелер туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме 
сәйкес пе? Маған бұл ойлар қаншалықты әсер етті? – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. 
Оқыту барысында алдыма мынандай мақсат қойдым: оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене 
отырып, оқушының ізденгіштік , танымдық іс- әрекетіне, өмірге көзқарасын қалыптастыру , өз жұмыс
тәжірибемде  алға қойған мақсатым: оқушылардың білімін іс- жүзінде пайдалана білуге үйрету. Сабақ
барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген 
222

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
белсенділігін арттыру  және сабақ беретін сыныптарда СТО бағдарламасын күнделікті сабақ 
жоспарына енгізіп келемін. Бұл бағдарламаның әдіс –тәсілдері оқушыларды тынымсыз 
ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін , терең, жан-жақты ойлауына , үздіксіз жұмыс жасауына жол
ашады. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс- әрекетінен
көрініс табады. Сондықтан сабақтағы әрбір минутты тиімді пайдаланып, оқушылардың 
бағдарламалық материалдарды меңгеруіне негіз болу, оқыту әдістерін үлестірудің негізгі сатылары 
болып табылады.
Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра 
отырып өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту болып табылады. 
І.  Қызығушылығын ояту.
           а) Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады.
           ә) Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артады.
ІІ.  Мағынаны тану.
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі.
ІІІ.  Ой- толғаныс.
Оқушылар байқаған ақпараттарды өз сөзімен, өз ойымен тартымды жеткізіп, өзара пікір алмасады.
Еліміздің елдігін  әлемге танытатын оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да 
еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігінен айқындалады. [4]
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын пайдаланып сабақ өту, тәрбиелік 
мәселелерді шешудің беретін нәтижесі өте мол. Әсіресе, Дүниетану сабақтарында оқушылардың 
дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытып отырады.
Балаға саналы білім беріп, өзімнің кәсіби шеберлігімді дамыту мақсатында 3
а
сыныбындағы 
Дүниетану пәнінен өткізген сабағымның бірі «Ауаның жер бетіне таралуы» мәтіні. Бұл сабақта СТО 
стратегиясының әлементтерін пайдаландым.  
Сабақтың тақырыбы:  « Ауаның жер бетіне таралуы»
Сабақтың мақсаты:  Ауа туралы ұғымдарын  кеңейту.Оқушылардың таным белсенділіктерін,
дүниетанымын  арттыру. 
Сабақтың барысы.   1.Ұйымдастыру кезеңі.
                                       2.Үй тапсырмасын қорыту.
                                       3.Жаңа сабақ кезеңі.
1.Қызығушылықты ояту сатысы кезеңінде «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға жұмбақтар 
шешкізіп, жауаптарын тапқызу арқылы жаңа сабақтың не туралы екендігін тапқыздым. 
Б. Б. к. Ү. кестесін толтыру арқылы бұрын не біледі, қазір не үйренеді, енді нені үйренгісі келеді, 
оқушы өз тұжырымды ойын түртіп қояды. 
2.Мағынаны тану сатысында –«ЖИГСО-1» Әңгімеге негізделген сабақ,
«Өзара оқыту» стратегиясының негізінде оқушылар берілген мәтінді оқып шығып,жаңа 
тақырыптың мазмұнын игеріп, жан-жақты ақпарат алып, білімді толық меңгеруге мүмкіндік алды. 
«Ассоциация» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты жан-жақты ашып, білгендерін топтастырып, 
толығырақ білім алуға қадам басты. 
3. Ой-толғаныс кезеңінде жазылатын эссе- оқушыларымның ең сүйікті, әрі қызықты ісі. Бір сабақта
бірнеше әдістерді пайдалана отырып өткізуге болады.
«Біз не үйрендік?» сұрағы бойынша өтілген тақырып бекітілді.
 СТО технологиясын пайдалану негізінде көрсеткен  іс-әрекетімдегі өзгерістер:
1.Сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарауға үйрендім. 
            2. Зерттеуге, ізденпаздыққа үйретті.
            3.Жұп сабақтар өтілетін материал түгел қамтылып өтілді.
Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер:
1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға 
үйретеді.
2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады. 
4.Қызығушылығы артып, сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік 
пайда болады.
5.Жеке дара жұмыс жасап, ізденетін оқушылар шешуші бір мақсатқа, нәтижеге жететіндігін 
223

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
түсінеді.
Нәтижесінде: 
Өз бетінше жұмыс жасауға, сабаққа белсенділігі артады.
Кітаппен толық жұмыс жүгізіледі.
Танымдық белсенділік артады.
Көптің пікірін тыңдап, сыйлайды.
Оқушы мен мұғалім бірлесіп білімге кең жол ашады.
Бір-біріне жүйелі сұрақ қоюға тырысады.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оқушыларымыз сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
арқылы жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға, белсенді іс- әрекетке бейімделуі тиіс. Осы 
бағытта білім берудің мазмұны мен құрылымында ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар 
мен технологияларды пайдалану керек. 
Қорыта айтқанда, әдіскер-ұстаз Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан 
жаңаны табатын өнер» дегеніндей, әр сабағымызда тек тақырыппен шектеліп қана қоймай, қазіргі 
заман талабына сай жан-жақты дамыған білім беру міндетіміз.[5]
Оқу үрдісіндегі көптеген жаңа технологиялар арасынан»Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын 
орынды пайдалану, оқушы мен мұғалім әрекеттестігіне, жеке тұлға болып қалыптасуына көп көмегін 
тигізеді деп ойлаймын.
ХХI ғасыр-жаңа технологиялар ғасыры, сондықтан жаңа технологияны қолдану мен іске асыру әр 
мұғалімнің еншісінде екендігін есімізге ұстап, мектеп аясында білімділікті, тәрбиелікті, 
ұлағаттылықты қалыптастырып, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып,болашақта білім 
көгінен көрінейік!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Бастауыш мектеп» журналы.        №5. 2005жыл.
2. «Бастауыш мектеп» журналы.        №3.  2005 жыл.
3. «Дауыс және көрініс» журналы.      №3.  2007 жыл.
4. «Дауыс және көрініс» журналы.      №2. 2008 жыл. 
5. «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың инновациялық жолдары»  Қызылорда -2013жыл.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мұғалім өзінің күнделікті білім беру қызметінде сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану 
арқылы оқушылардың іс-әрекетінде оң өзгерістерге жету жолындағы іс-тәжірибесін баяндаған. 
Нәтижесінде оқушының білімді меңгеруге деген белсенділігін, танымдық белсенділігін арттырудағы 
тәжірибесін әріптестеріне ұсынады. Мұғалімнің баяндамасы үлгі алуға жарамды.
Учительница излагала опыт работы по стратегии критического мышления по повышению 
эффективности обучения. Докладможносчитатьпримернымдляработыколлег-учителей. 
In her report the teacher writes about using new technology at the lessons as an important and useful.
This report can be used by colleges for their lessons.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ШӘРІПОВА АРЫНКҮЛ ДӘРІБАЙҚЫЗЫ
№ 82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең а/о.
«Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете 
білген ұстаздың мерейі үстем.» Э. Хаббард.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам
талабынан туындайды. 
Қоғам   қашанда   дарынды,   қабілетті   адамдарға   мұқтаж   болып   келген.   Қоғам   барған   сайын
224

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
күрделеніп, даму үстінде. Жаңа қоғам туып келеді. Сол қоғамға сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа
адам пайда болады. 
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі
грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. 
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше
күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы әл-Фараби болды. Бұл бір халықтың
ұстазы   ұлы   Абай   өзінің   қара   сөздерінде   (43-сөзі)   бала   өмірге   келгендегі   қабілеттерін   әрі   қарай
дамытуды,   шыңдауды   қажет   ететін,   сонда   ғана   олар   пайдаға   асатынын   жазған.   Ал   назардан   тыс
қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан. 
Оқыту   процесінде   оқушылардың   шығармашылық   қабілетін   дамыту   мәселесі   тыңнан   қойылып
отырған жоқ.
Дүниетану сабағында пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдеріме тоқтала кеткенді жөн санап отырмын.
Ең   алдымен   шығармашылық   тапсырмаларды   орындау   үшін   шартты   белгілермен   таныстырамын.
Дүниетану пәнінен 5-10 минут уақытты осы тапсырмаларды орындауға алып қаламын. Тапсырмалар
алмастырылып отырылады. 
- өлең, өзгермейтін сөздер, ойдан әңгіме, өтірік өлең т.б. құрастыруға дағдыландыру;
- қиялынан сөзжұмбақтар құрастыру;
- тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар;
- сөздік мағынасын ажырату, сөздік жұмыстарын жүргізу;
- тақырыпқа сай сурет салу;
- өлең құрастыру.
Шығармашылық   –ойлау   қабілетінің   ең   жоғарғы   қасиеті.   Шығармашылық   арқылы   оқушының
жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тақырыпты меңгеруде өз күшіне сену
қасиеті қалыптасады. Шығармашылық оқушыны ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге,
өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады. 
Оқушыларды   шығармашылық   жұмысқа   баулып,   олардың   белсенділіктерін,   қызығушылықтарын
арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі
жұмыстар жасауға болады. 
Жаңа сабақ барысында көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Мысалы, «Шөл өсімдіктері
мен жануарлары» тақырыбы бойынша келесі сабақ үлгісін ұсынамын.
Тақырыбы:  Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты:  а/   тірі   ағзалардың   табиғи   бірлестіктері   туралы   ұғымды   шөл   және   құрғақ   даладағы
өсімдіктері мен жануарлар тіршілігі туралы мағлұматтарын тереңдету;
ә/   оқушыларды   жүйелі   сөйлеуге   дағдыландыру,   тіл   мәдениетін   дамыту,   пәнге   қызығушылығын
арттыру;
б/   туған   жер   табиғатына   сүйіспеншілік   сезімге   тәрбиелеу,   өсімдіктер   мен   жануарлар   дүниесін
қорғауға баулу.
Сабақтың типі:     жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі:       аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:   түсіндіру, кластер, ойын, сұрақ-жауап, СТО
Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, слайд, суреттер, сызба-нұсқа.
Пәнаралық байланыс:   ана тілі, бейнелеу өнері,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:            Ұйымдастыру кезеңі.
                                             а/ оқушылардың назарын сабаққа аудару;
                                             ә/ топқа бөлу.
                                            Кіріспе сөз.  Мұғалім түсіндірмесі.
Ш  ө  л  д  е  р
Құмды шағылдар        Құмды шөлдер          сазды шөлдер
 
      Тастақ немесе тасты шөлдер              Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы,  -       
Үстірт, Бетпақдала 
 Мойынқұм, Сарыесік.                                    Сырдария өзенінің
                                                                               Атырау және Каспий маңы ойпаты            оңтүстігі
225

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақ «Атажұрт» ойыны арқылы өтеді.
Сайыс кезеңдері:
1.  Белес
2.  Бекет.
3.  Жекпе –жек.
4.  Атадан қалған асыл сөз.
5.  Қорытынды.
1)  Белес.
1.  Даланың неше түрі бар?
2.  Шөл қандай жер?
3.  Шөлді жерлердің  қандай түрлері бар?
4.  Құрғақ далалар негізінен қандай мақсатта пайдаланылады?
2)  Бекет.
Кеппе өсімдіктермен жұмыс.
Жалпы сипаттама және 4-5 сөйлеммен сипаттау.
1- топ:   - Дала және шөл өсімдіктерін ата. Оларды қайда қолданады?
2- топ:   -  Дала және шөл жануарларын ата. Олардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
3- топ:   -  Өсімдіктер мен жануарлар әлемін не себепті қорғау керек?
3)  Жекпе – жек.   Суреттермен жұмыс.
1 топ:     - Өсімдіктер әлемі:                                        
  -  қолданылуы;                                                           
  -  пайдасы; 
 2 топ:     - Жануарлар әлемі:   Ойын:   «Ойлан, тап».
Аңдардың мекенін және қорегін табу. Суретке қарап отырып сөйлем құрастыру.
3 топ:     -  Құстар әлемі:
-  қолданылуы;
-  пайдасы;
4)  Атадан қалған асыл сөз.     «Жалғасын тап» ойыны.
*  Атадан мал қалғанша, ..........     (тал қалсын)
*  Жақсы адам –елдің ырысы,
    .........................................         (жақсы жер – жанның тынысы)
*  Батаменен ер көгерер .............    (жаңбырменен жер көгерер)
*  Еңбек етсең ..........                      (емерсің)       
*  Еріншекке іс тапсырсаң ..........    (өзіңе ақыл айтады)
Сабақты бекіту.   Топпен жұмыс.
І   топ:     -   Шөптекті   өсімдіктермен   қоректенетін   жануарларды   ата,   олар   туралы   не
білесіңдер?                    («Топтастыру» әдісі)
                      Суыр                                                                                     саршұнақ
                       Ақбөкен                                                                                 жылқы                        
                       Түйе                                                                                    қарақұйрық     
                                                              Қосаяқ  
ІІ   топ:   -   Бунақденелілермен   және   етпен   қоректенетін   жануарлар   туралы   не   білесіңдер?
(«Венн диаграммасы»)
ІІІ топ:  - Қар қалың түсетін қыс айларында жануарлар қайда кетеді?  Себебін түсіндір.
Қорытынды.  
Түсініктер мен анықтамалардың сәйкестілігін бағыттауыш сызықпен белгіле.
226

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сұрақ –жауап кезеңі.
- Көктемде ерте шығатын гүлдерді ата.
- Дала жағдайының жануарлар тіршілігіне әсері қандай?
- Дала жануарлары мен өсімдіктерінін бір-біріне әсері қандай?
- Шөл өсімдіктері қалай тіршілік етеді?
- Шөлде қандай жануарлар тіршілік етеді?
- Шөлде қандай дақылдар өсіріледі?
Сөзжұмбақты шеш.
-
Дәрілік қасиеті бар жусан.
-
Бұл жануар бірнеше күн сусыз жүре береді.
3.  Шөлдің жабайы қойы.
4.  Шөлдің ең жүйрік жануары.
5.  Шөлде көп кездесетін бауырымен жорғалаушы.
6.  Құмды шөлдердің көркі, жануарлардың панасы болған ағаш.
7. Биіктігі 70-80 см, тамыры 20-30 метр тереңдікке дейін жететін тікенді өсімдік.
8.  Шөлдің ең үлкен кесірткесі.
9.  Шөлдің ең улы өрмекшісі.
Бағалау:   - топты марапаттау;
                  - жеке оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
-   Мәтінді оқу.  
-  өз жеріміздегі жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы материалдар жинау.
Сабақтың   соңында   диагностикалық   картаны   жасап   отырамын.   Әр   оқушы   шығармашылық
жұмыстың қай түрін қандай дәрежеде орындағынын белгілері арқылы бақылаймын.
Шығармашылық   жұмыстар   оқушы   белсенділігін   дамытып,   оқушыларды   ойлауға   жетелеп,
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.
Қорыта келе, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға
ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруымыз керек.  Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту барысында Дүниетану пәнінен білім- білік дағдылары қойылатын
талаптарды орындай отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасай білетіндігін тек қана
мұғалім көмектесе алады демекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тұрғынбекова Б. А. «Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»,                
Алматы, 1998 ж.
2. «Бастауыш сыныпта оқыту»   Алматы, 2007 ж. №3.
3. «Бастауыш мектеп»  №2, 2006 ж.
227

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
МАЗМҰНЫ
1. СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША ЖЕТІ МОДУЛЬГЕ КӨЗҚАРАС 
(БАЯНДАМА)  Мадиева Рыскүл Тұрғанбекқызы
2. Бастауыш сынып  оқушыларын сыни ойлау арқылы шығармашылық   қабілетін дамыту . 
Хайдарова Сауле Қуанышқызы 
3.  «Инновациялық технологиялар бәсекеге қабілетті білім беру негізі». Бермағамбетова Аягөз 
Қибатқызы
4. «Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары» 
Бекберова Күләш Джумаділдақызы 
5. Үшбұрыш теңсіздігі. Байжұмашева Гүлниса Хакімқызы
6. Қайталау сабағы 10 сынып Дүйсекова Айжамал Сагынгалиевна
7. Жай сөйлемнің түрлері жайлы түсінік беру  Ерешова Жаңылсын Сағындыққызы
8. Ауаның қысымы және желдер  Каренова Н. C
9. Аустралияның табиғат зоналары Серікбаева Нәмина Маделханқызы
10. Б дыбысы мен әрпі  Есмухамбетова Гулмира 
11. «Біз – болашақтың гүліміз»  Ибраева Қатира
12. Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі  Нуфтуллаева Гулзакира Зинадинқызы
13. АҒЫЛШЫН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
Басығараева Шынархан Есмаханқызы
14. Бейнелеу өнеріне саяхат   Искакова Нурила Серікқызы
15. «Ертегі, оның жанрлық ерекшелігі»   Құрманалі Айгүл Айбергенқызы
16. Книжное царство – мудрое государство!  Есентаева Жанар Сарсенбаевна
17. Қыз Жібек жырындағы салт – дәстүрлер   Аненов Э.Қ  
18. Қайталау   Алибаева Жанат
19. Н. Носов « Мишкина каша».  Менетаева Гульмира Жакиповна
20. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту   Абенова Раушан   Мырзасеитовна
21. Болымды және болымсыз етістік.  Иманалиева Айнұр Талапқызы
22. «Аспаптар сыр шертеді»  Иманалиева Құралай Самиғоллақызы
23. Ыдыстар  Қабденова Нұргүл Талғатқызы
24. Тарих сабағында интерактивті технологияны пайдалана отырып оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту   Қайсағалиева Рысты 
Жүнісқызы.
25. Бейорганикалық химия курсын қайталау   Лукпанова Сайлаугүл 
26. Қазақ  атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы   Медетова Айсулу Казиоллаевна
27. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог   Мұқанғалиев Жанболат Жүсіпұлы
28. Кальций қосылыстары. Судың кермектігі  Мухамбетова Нәзипа Мұратхановна 
29. Абылай тұсындағы қазақ хандығы  Салимбаева Жанар Дүйсенбайқызы
30. Сауыр – Тарбағатай   Калиева Любовь Александрқызы
31. «Толағайдың  ерекше сипаты,ерен  іс әрекеті»   Тақаева Ләззат Қабиболлақызы
32. Бөлінді разрядтың бірі нөл болатын жағдайдағы көп таңбалы сандарды бөлу.   Темесова 
Гүлсім Қабошқызы
33. Приставка. 5 класс.  Тулегенова Айзада    Каримовна   
34. «ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСІ» КӨРНЕКІЛІКПЕН ЖҰМЫС  Габдуалиева Жанна Болатовна
35. Білім берудегі жаңа технологиялардың жүзеге асырылуы және мүмкіндіктері.  Сукашев Мұрат
Ідірісұлы
36. ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИКТ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ И ВО 
ВНЕУРОЧНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ  Абдраемова Гульжанар Жалгасбаевна
37. Физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.  
Мырзағалиева Айгүл Сағынқызы
38. Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері. Асанова Жаннат Шымырбекқызы
228

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
39. «ҒАЛАМТОРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ЗИЯНЫ»  Николай Аяжан Жақсылыққызы/ Жұмыстың
жетекшісі: Асанова Мөлдір   Шымырбекқызы
40. Филиологиялық пәндерді оқытудың сапасын арттыру мәселелері  Абибуллаева Жазира
41. Дарынды оқушының қабілеті мен талантын дамыту   Илиясова Асель Жалмурзаевна
42. Ғұндар   Кемалова Гаухар Құлмырзақызы
43. «Жаным толған жақсылық»  Қосалиева Бибіт Бисенбайқызы
44. «Нестандартные уроки». Кыдыргалиева Сания Сулейменовна
45.  «В мире фразеологизмов»  Альдекешова Торгын Нептуновна
46.  Қазақ халқының ұлттық ою-өрнек  өнері  Бақанғали Ұлпан
47.  Адалдық пен әділдік.№23-сабақ.  Машекенова Әсемгүл Шерниязқызы
48. Урок –закрепление по творчеству А.С.Пушкина  Сарсенбиева Айнагүл Энгельсовна
49. «ВЗАИМОСВЯЗЬ МУЗЫКИ И ЗДОРОВЬЯ ЧЕЛОВЕКА» Гилко Настя, 7 «б» класс,  г.Актобе, 
средняя школа № 29 Руководитель: Абикеш Жанна Зулхарнаевна - учитель музыки   
50. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту  Ахметова Айдынгуль Тайсаловна
51. «Борсық майының емдік қасиеті» Рахымбай Әділет Еділұлы    Жоба жетекшісі:      Искакова 
Сауле Оразкановна
52. Египеттегі  ғылыми  білім негіздері.  Рустемова Ақбота Алтыбайқызы
53. ҚАЗАҚСТАН дүние жүзі картасында   Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
54. Ежелгі герман тайпалары  және Рим империясы  Рустемова Ақбота Алтыбаевна 
55. Жылқы – малдың патшасы   Қаратаева Майя
56. Мектептің жаны – мұғалім.  Канимкуль Саржанова
57.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су кешендерінің географиясы және оның даму 
келешегі.  Ғылыми жетекші: Сейдазимова Р.А.  Ізденуші: Серікбаева Қ.Б.                                    
58.  Мұғалімнің кәсіби біліктілігі-білім сапасының негізі   Г. Нұрмағамбетова     
59. 1 сынып оқушыларын сауат ашу кезеңінде оқу – жазуға үйрету жолдары.  Р.К. Батаманова
60. ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – ДАРЫНДЫ  БАЛАЛАРҒА.  Жақсылықова Жаңагүл Жасанқызы
61. СТО бағдарламасы стратегияларының оқушы  білімін дамытудағы жаңаша әсері.  Нұрлан 
Ерғалиұлы Көптілеуов
62. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға  бағытталған шараларды ұйымдастыру 
әдістемесі. Жаңабаева Гүлханыс   Қайруллақызы
63. Бисер мен бұйым дайындау технологиясы   Жақсылықова Дәмегүл Смағұлқызы ІІІ деңгей
64. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС  ОЙЫНДАРЫНЫҢ  МАҢЫЗЫ.  
Ерекешова Сәуле Ералықызы
65. РОЛЬ ИКТ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА.  Есетова Г.Ж
66. ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН  ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ  
ДАМЫТУ.  М.Ж.Жұмағалиева 
67. Қыз Жібек жырындағы салт – дәстүрлер  Аженова Эльмира
68. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ  бойынша есеп бір рефлексивтік есеп 
(2000 сөз) Есенкулова Нурбина Маратовна 
69. Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің педогогикалық-психологиялық  мәселелері.  
Айжігітова Нұргүл Әкімжанқызы   
70. Оқушылардың  шығармашылық қабілетін  арттыру  жолдары. Айжігітова Жаннұр 
Әкімжанқызы
71. Баланың ойлау қабілетін дамытатын ойындар. Пірекеева Сәуле Орынбайқызы
72. СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ. 
Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы
73. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.  ШӘРІПОВА АРЫНКҮЛ ДӘРІБАЙҚЫЗЫ
229

Document Outline



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал