Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет19/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

Тақырыбы: „ Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су 
кешендерінің географиясы және оның даму келешегі”
Ғылыми жетекші: Сейдазимова Р.А.
Ізденуші: Серікбаева Қ.Б.                                                                                                         
                                                                        №25 Г.Титов атындағы жалпы орта
                                                                        мектебі мемлекеттік  мекемесінің
                                                                        география пәнінің мұғалімі
                                                                        Сейдазимова Розаның жетекшілігімен
                                                                        ізденуші  9
Ә 
сынып оқушысы
                                                                        Серікбаева Қарлығаштың
                                                                        «Оңтүстік Қазақстан облысы жасанды  
                                                                        су кешендерінің географиясы және 
                                                                        оның даму келешегі»  тақырыбына 
                                                                        жазған ғылыми зерттеу  жұмысына
        Пікір
Жоғарыда аты аталған тақырып бойынша ғылыми жетекші Сейдазимова  Роза ізденуші Серікбаева 
Қарлығашпен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар жүргізілген.Бұл ғылыми еңбекте,яғни «Оңтүстік 
Қазақстан  облысы жасанды  су кешендерінің географиясы және оның даму келешегі»ізденуші 
ізшілдік, табандылық танытып,шығармашылық ойлау қабілетін,нәтижелерді талдай алу қабілетінен 
алынған деректерді түсінікті  баяндай білу шеберлігін көрсете білді.Ғылыми-зерттеу жұмыс оқушыға 
білімдерін тереңдетіп,молайтуға мүмкіндік берді.
      Ғылыми-зерттеу жұмыс міндеттері орындалған,ізденуші өзі қосқан үлестерін айқындап көрсете
берген.
    Оқушы Серікбаева Қарлығаш ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында қойылған мақсатқа 
жеткен және жақсы теориялық білім практикалық дағдыларын көрсеткен.Ғылыми-зерттеу жұмыс 
сапалы  әрі өз дәрежесінде жазылған.
«Сырдария» университетінің
«Тарих және география» кафедрасының
меңгерушісі,т.ғ.к.доцент:                                                           Ғ. Искаков
Аннотация
      Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Абай ауыл әкімшілігігің №25 Г.Титов атындағы 
жалпы орта  мектебі мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі Сейдазимова Розаның 
жетекшілігімен ізденуші 9 «Ә» сынып оқушысы Серікбаева Қарлығаштың «Оңтүстік Қазақстан 
облысы жасанды су кешендерінің географиясы және оның даму келешегі» тақырыбына жазған 
ғылыми-зерттеу жұмысы.
     Ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы су ресурстарын 
тиімді пайдалану мәселелерін және жасанды су кешендерінің даму келешегі жайында ашып дәлелдеу.
Ізденіс жұмысының мақсаты:
    Зерттеудің басты мақсаты – «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су кешендерінің 
географиясы және оның даму келешегі» жайлы өзекті болған мәселелеріне сипаттама беру. 
Орындауда картографиялық,статистикалық-талдау,салыстырма-баяндама әдістері 
қолданылады.Жұмысты орындау үшін ең маңызды статистикалық-талдау әдіс болды, себебі су 
ресурстары климаттың салдары болып келеді сондықтан,климаттық көрсеткіштерінің 
кестелері,жасанды су кешендеріне гидрологиялық бақылау кестелері тағы басқа материалдарға 
талдау жасалынды.
Ізденіс жұмысының міндеттері:
169

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 Ғылыми-зерттеу  жұмысының нәтижелерін жаңа жасанды су  объектілерін жоспарлауда, 
құруда,мектеп географиясында қосымша материалдары ретінде,арнайы курстар оқытуда пайдалануға 
болады.   Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы құрғақ континентік климатта 
орналасқан.Табиғат жағдайы су ресурстарына кедей болуына байланысты облыс территориясында 
ерте заманнан суармалы егін шаруашылығы дамыған.Су ресурстарын тиімді пайдалану облыс үшін 
маңызды мәселенің бірі.Осы мәселені  шешуде суландыру жүйелері маңызды орын алады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижесі:
«Оңтүстік Қазақстан облысы жасанды су кешендерінің географиясы және оның даму келешегі» 
тақырыбына жазылған ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктерін зерттеу жұмысының басты 
нысаны еткендіктен,бұл тақырыпта жасанды су кешендерінің келешегі туралы мәселесіне оқушы 
өзіндік пікірлерінің ерекшелігіне ғылыми жаңалығы деп түсінеміз.
Ізденіс жұмысының әдістемелік және практикалық құндылығы:
 Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық құндылығы Серікбаева Қарлығаштың  «Оңтүстік 
Қазақстан облысы жасанды су кешендерінің географиясы және оның даму келешегі» ғылыми 
жұмысында сан түрлі мәселелерді көрсеткенін айтуға болады. 
Аннотация
Научно- исследовательская работа на тему: «География Южно-Казахстанских водохранилищ и их 
развитие» ученицы 9 «Ә» класса Серикбаевой Карлыгаш под руководством учительницы географии 
Сейдазимовой Розы  Госудаственного учреждения общей средней школы №25 имени Г.Титова  с/о 
Абая Мактаральскога района Южно-Казахстанской области.
  Основа научно-исследовательской работы: доказать умелое использование водных ресурсов и 
развитие водохранилищ в Южно-Казахстанской области.
Цель исследовательской работы:
Задача исследовании: водные ресурсы Южно-Казахстанской области и их развитие.При 
выполнении были использованы картографические,статистические данные и сопоставительные 
методы. Анализированы материалы картографий, водных ресурсов,таблица климатических 
показателей,таблица гидрологических  водохранилищ.
Задача исследовательской  работы:
Результат научно-исследовательской работы - обучение специальных курсов по географии как 
дополнительного материала в школах  при планировании новых водных объектов.
     Южно-Казахстанская область расположена на сухой климатической территории.
     С давних пор на территории области при нехватке природных и водных ресурсов развито 
поливное  сельское хозяйство.
     Для области основная задача – умелое использование водных ресурсов.
Результат и научное открытие исследовательской работы.
     Особенность исследовательской работы «География Южно-Казахстанской области и  развитие 
водных ресурсов и водохранилищ».   Ученица вскрывает разные проблемы, связанные с 
использованием водных ресурсов, их будущего.
Методика и практическая ценность исследовательской работы.
     Научно-исследовательская работа Серикбаевой Карлыгаш на тему «География Южно-
Казахстанской области и развитие водных ресурсов и водохранилищ» поднимает очень важные  
различные вопросы.
                           Annotation
The scientific research work on the theme:
 “ The geography of  South  Kazakhstan reservoirs and their development”.
    The  investigator is Serikbaeva  Karlyqash 9 th form pupil of the general secondary school  № 25  by 
G.Titov  Maktaral region of South Kazakhstan oblast.
170

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
The coordinator is geography teacher Seidazimova Roza.    
   
        The   aims of the research work:
    Explain the problem of main in the  fulfillment the cartography, the static facts  and comparison method.
    To develop their Water resource of geography in the south of Kazakhstan oblast.
    To bring – up to analyse the materials cartography resource of water to find hydrology of reservoirs.
        The science of research work:
   Is to prove the skill full  employment of south Kazakhstan reservoirs.
        Theory and practice of  research work:
   -Result scientific research work to teach a new artificial objects for geography in the school.
  - The south of Kazakhstan oblast is situated on the dry climatic territory.
  - In this territory oblast to develop the natural watering and agriculture.
The main task in this oblast to use skill full water reservoirs.
       The practice and method value of research work.
The investigator Serikbaeva Karlygash in her research work she has rised different questions about the 
geography of south Kazakhstan oblast reservoirs and their development.
      The news of the research work.
To water desert regions of south Kazakhstan oblast and to develop agriculture.   
  
I. Кіріспе     
      Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында : „ ҚазАгроның” негізгі міндеті 
ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және 
басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру” - деп көрсетілген.  Оңтүстік Қазақстан 
облысында құрғақ, шөлді аймақты дамыту үшін жасанды су қоймаларын салу өте тиімді фактор 
болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының жасанды су объектілеріне жалпы сипаттама беру 
негізінде суландыру жүйелерінің қазіргі жағдайын көрсетіп,келешекте даму жолдарын 
анықтау.Облыстың қазіргі суландыру жүйелері заманауи жаңа технологияларға сәйкес емес,XX 
ғасырдың 60-70-ші жылдары құрылған су объектілері,әсіресе суғару технологиясы,суғармалы 
егіншіліктің кешегі күні.
Дамыған   мемлекеттердің   ауыл   шаруашылығында   суғармалы   егін   шаруашылығына   көп   көңіл
аударуда,себебі суғармалы ауыл шаруашылығы кепілді өнім алуға мүмкіндік береді, яғни суғармалы
ауыл шаруашылығының,сонымен бірге жасанды су объектілерінің дамуы сөзсіз.
    Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы құрғақ континенттік климатта орналасқан.Табиғат
жағдайы   су   ресурстарына   кедей   болуына   байланысты   облыс   территориясында   ерте   заманда
суғармалы егін шаруашылығы дамыған.
Су   ресурстарын   тиімді   пайдалану   облыс   үшін   маңызды   мәселенің   бірі.Осы   мәселені   шешуде
суландыру жүйелері маңызды орын алады.
       Оңтүстік Қазақстан облысы суғарылатын жер көлемі бойынша еліміздің басқа облыстарынан
алда тұрады. Облыс территориясында Республика деңгейіндегі Арыс-Түркістан,Қызылқұм, Достық
ірі суландыру жүйелері орналасқан.Қазіргі таңда олар ескіргенімен облыстың ауыл шаруашылығынан
түсетін пайдасының басым бөлігін суғармалы егін шаруашылығы құрайды.Суландыру жүйелерінің
мал шаруашылығында,жайылымдарды суландыру арқылы үлкен маңызы бар.
Су   географиялық   кешенінің   табиғат   компоненті   болғандықтан,оның   табиғаттағы   су
айналымы,табиғат   кешеніне   ықпалы,шаруашылықта   пайдалануы   гидрология   ғылымдар   жүйесімен
қатар су ресурстарын пайдалану,гидрография, физикалық география салаларының зерттеу объектісі
болып табылады.БҚҚ мамандарының,
көптеген   ғалымдардың,саясаттанушылардың   тағы   басқа   мамандардың     пікірі   бойынша   су
ресурстары XXI ғасырда стратегиялық ресурстарға айналуы мүмкін,
171

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
әсіресе, аридттік аймақтарда бұл мәселе өте маңызды болып табылады.
Келешекте   судың   бағасы   мұнай   мен   газдан     да   қымбат   болып,мемлекеттер   арасындағы
экономикалық,саяси   қарым-қатынастарына   ықпалы   аса   маңызды   болады.   Сондықтан   Оңтүстік
Қазақстан   облысында,жалпы   Қазақстан   Республикасында   гидромелиоративтік   құрылысқа     көңіл
аудару қажет.
         Оңтүстік Қазақстан облысы территориясындағы бір-бірімен тығыз байланысты жасанды су
объектілерінің   географиясы   -   су   ресурстарын   тиімді   пайдалану,   Орталық   Азия   мемлекеттер
арасындағы су ресурстарын бөлістіру мәселелерін қарастыру.
           Оңтүстік Қазақстан облысының суғармалы ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндігі
бар.Облыстың   басты   дақылдарының   бірі   -   ең   қымбат   техникалық   дақылдарға   жататын   мақта
дақылы,сонымен қатар облыста күріш,көкөніс,
бидай,темекі,жүзім,мақсары   т.б.   ауыл   шаруашылық   дақылдары   егіледі.Облыстың   егін
шаруашылығының негізі - суғару,яғни суландыру жүйелері,су қорын сақтайтын су қоймалар ауыл
шаруашылығының негізін құрайды.
II. Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясына физикалық-  
 географиялық сипаттама
   Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран плитасында орналасқан, 
оңтүстік-шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекстанмен шектеседі (облыстың ең қиыр оңтүстік-
шығысында Қырғызстанмен аз ғана қашықтықта шекараласады). Батыста Қызылқұм бойы 
Өзбекстанмен шекара жалғасады.Солтүстікте Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас 
болады,ал шығыста Қаратау мен Мойынқұм бойынша Жамбыл облысымен шекара өтеді.Облыстың 
ортасын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Қаратау жотасы кесіп өтеді.Өгем жән және 
Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының бөліктері болып табылады.Облыс шегіндегі Тұран ойпаты 
сазды Бетпақдала,құмды Мойынқұм шөлдеріне және Сырадрия бойы тау алды шөлейт жазыққа 
бөлінеді.
       Бетпақдала,борпылдақ қабат-қабат орналасқан мезозой және палеоген тау жыныстарынан 
құрылған жазықтық,оның орташа биіктігі 300 м.Жазық  үстінде басым теңіздік және континентік 
палеогенді шөгінділер-құм,құмтас,саз,ұсақ жұмыр тас. Жазықтық кеңістіктер сор жерлерімен тұйық 
ойыстармен және ағынсыз төмен жерлермен кезектеседі .  1   
     Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизаның басым бөлігін алып жатыр,ол Тянь-Шань тау алды 
еңкіс жазықтар мен ойпаттың жазықтарына өтпелі болып табылады.Мойынқұм шөлінің жер бедері 
негізінен эолды-төбелі (ячеистые) және тізбекті (грядовые) құмдар.Кейбір жерлерде эол жер бедері 
астынан аңғар тәріздес және ежелгі террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер түріндегі су 
тектес ежелгі пішіндер көріністе болады.
      Облыстың оңтүстік-батысын Қызылқұмның солтүстік-шығысы алып жатыр.Мұнда эолды құм 
жер бедері басы. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат,ал Сырдария маңында аллювиалды-
көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және аллювиалды-көлді шөгінділері желмен електеу есебінен 
эолды құм пайда болған.Құмды массивтер басым бөлігінде өсімдіктермен бекітілген.Тізбекті және 
төбелі жер бедері қалыптасқан,кейбір жерде барханды құм төбелер кездеседі.
      Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейі мен Сырдария өзенінің арасындағы облыстың 
территориясы,Сырдарияның және оның оң салаларының аллювиалдық және пролювиалдық 
шөгінділерінен пайда болған.Бұл  тау алды жазықтық сайлармен тілімденген және сынық 
шөгінділерден құрылған.Мұнда еспе сулары салыстырмалы тұщы,ал Сырдария өзеніне қарай 
жылжыған сайын еспе сулар тұздалады.  3
Климат жағдайы
       Оңтүстік Қазақстан облысы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.Облыстың 
жақызтықты аудандарының климат жағдайының ерекшелігі кескін кониненттілігі. Л.Н.Бабушкиннің 
климаттық аудандастыруы бойынша (Бабушкин,1983) облыстың территориясы үш климаттық 
провинцияда орналасқан.Облыстың солтүстігі Орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала 
округінде орналасқан.А.А.Пузырева бойынша (Пузырева,1975) облыстың бұл бөлігі Балқаш-Арал 
облысының  Орталық Қазақстан ауданында орналасқан.Облыстың солтүстік ауданының климаттық 
172

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
шекаралары авторларда бір-біріне сәйкес келеді.Бұл аудан ауа температурасының үлкен жылдық 
ауытқуымен сипатталады,
38
0
 шамасында (қаңтар- -10,7
0
С,шілде- +27
0
С) , мұндай ауытқу климаттың кескін континенттігіне 
байланысты.  9
     Шу өзенінен оңтүстікке қарай Қаратаудың солтүстік-шығыс тау алдына дейін территория 
Л.Н.Бабуушкин Жоңғар-Тянь-Шань провинциясының жазықтық провинция тармағының жеке 
Мойынқұм округі деп бөледі.Ал, А.А.Пузырева оны Балқаш-Арал облысының Мойынқұм климаттық 
ауданы деп есептейді. Мойынқұмның климат жағдайы жоғарыда көрсетілген Бетпақдаланың  
климаты сияқты өте континентті болып келеді.Бірақ жауын-шашын мөлшері салыстырмалы көбірек 
болуына байланысты (200 мм аса) бұл аудан флора мен фаунаға бай болып табылады.
    Жауын-шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының салыстырмалы үлкен 
қалыңдығы 30 см дейін,ал ұзақтылығы 80 күнге дейін созылады. Мұндай сумен қамтамасыз ету 
жағдайы суарылмайтын егістікке жағымды болып табылады,негізінен суыққа бейімделген ауыл 
шаруашылық дақылдары,әсіресе,астық тұқымдастарға ыңғайлы болып табылады.Жеткілікті 
ылғалдану әртүрлі шөптесінді таулы дала дамуына жағдай туғызады,яғни таулы жайылым ретінде 
пайдалануға мүмкіндік береді.   
Беткі сулары
     Облыстың жері құрғақ климатта орналасуына байланысты беткі ағын сиректелген,уақытша су 
ағыстар көп.Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында-Бетпақдалада,Мойынқұмда және Шығыс 
Қызылқұмда беткі ағын жоқтың қасы.Шу өзені Бетпақдала мен Мойынқұм арасындағы табиғи 
шекара болып табылады,ол бұл ауданда танзиттік  өзен болып келеді. Оның жалпы жылдық су 
ағымы-2,5 км
3
 шамасында оның басым бөлігі өзеннің бас жағында суғаруға пайдаланады,нәтижеде 
орта және төмен ағысында кейбір жылдары су тартылып қалады,яғни төменгі ағысында тұрақты су 
ағасы жоқ.
     Облыстың ең үлкен өзені Сырдария,оның жылдық су ағымы шамамен 27 км
3
 құрайды.Облыс 
шегінде Сырдарияға Арыс және Келес өзендері ғана құяды.Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде 
басталатын көптеген ұсақ өзендер Сырдарияға жетпейді,себебі олардың сулары суғаруға және басқа 
да шаруашылық қажеттіктерге пайдаланылады.Ал оң жағында Сыдарияның мүлдем сала 
жоқ.Сырдария өзені Ферғана аңғарында Нарын өзені мен Қарадария қосылған жерден басталады.Су 
ағымының басым бөлігі Қазақстан жерінен тыс қалыптасады.
     Облыс территориясындағы көлдердің басым бөлігі ескі арналарда қалыптасқан көлдер,мұндай 
көлдер әсіресе Сырдария аңғарында көп кездеседі.Көктемде қар ерігенде Сырдарияда су тасып 
ағады,осы кезде су ескі арналарды да толтырады,кейін олар жазға дейін суға толы болады,кейбір 
көлдерде жыл бойы су болады.
      Оңтүстік Қазақстан облысында тарихы ерте заманнан суғармалы егін шаруашылығы 
дамығанын көрсетеді.Сондықтан,облыстың көптеген өзендерінде түрлі гидротехникалық құрылыстар
су қоймалар,каналдар,тоғандар т.б. болған. Қазіргі таңда,облыстың беткі суларын тиімді пайдалану 
үшін ірі су қоймалар,каналдар құрылған.Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасының максималдық 
су сиымдылығы 6,2 млн м
3
. Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистралдық каналы Сырдарияның 
оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады.
     Оңтүстік Қазақстан облысының территориясындағы жер асты сулары екі ірі Мойынқұм және 
Қызылқұм алқабтарына жатады.Бұл жер алқаптар шөлді құмдарда пайда болған.Жер асты сулардың 
тереңдігі әр түрлі,бірнеше ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін,кейбір жағдайда мыңдаған
метрге дейін барады.Қазіргі таңда,жер асты суларын басым өнеркәсіптік,ірі қалаларды ауыз сумен 
қамтамасыз ету мақсатында және жайылымдарды суландыруда пайдаланады.   5
Топырақ жамылғысы. 
      Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-
шалғынды,таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ.Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ,тақыр 
сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады.Олардың арасында сор және сортаң жерлер 
кездеседі.Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. 
Облыстың солтүстігі мен оңтүстік –батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр «құмды 
шөлдер»).    4
173

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Өсімдік жамылғысы.
 Жер ресурстарының сапасына және оны пайдалануу түрлеріне өсімдік жамылғысының маңызды 
әсері бар.Облыстың өсімдік жамылғысы өте түрлі болып келеді,шамамен 1,5 мың түрі 
бар.Жазықтықтарда шөлді өсімдіктер басым болады.Бетпақдала үстіртінде бұйырғын мен жусан көп 
тараған.Шу өзенінің аңғарында жусаннан құрылған шалғынды-сор өсімдіктер дамыған,арасында 
жыңғыл,шеңгел,сексеуіл  кездеседі.Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тау етегінде пролювиалдық 
жазықта боялғыш пен жусан басым болады.Қызылқұмда бұталы өсімдіктер көп кездеседі – 
сексеуіл,жусан,Коноллидің құмды қарағаны «құмды акация»),жүзгін т.б. Шөлдің қиыр оңтүстігінде 
жусанды-эфемерлік өсімдік басым.Ал,өзенге жақындаған сайын қамыстық және тоғай өсімдіктері 
көбейеді (жиде,қамыс,шенгел,тораңғыл,тал т.б.)
     Қаратаудың оңтүстік –батыс беткейінің өсімдігі Батыс Тянь-Шань таулы жоталарының 
өсімдігінен айрықша болады.Қаратаудың жайпақ төмен тау алды эфемерлік шөлді өсімдіктерімен 
жабылған,500 м биіктіктен жусанды-астық тұқымдас өсімдіктеріне ауысады.  10
 2. Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстары
    Су ресурстары табиғи зат ретінде,сонымен бірге өзен,жер асты сулары, мұздықтар, көлдер, 
теңіздер, мұхиттар,батпақтар,осыған қоса қолдан жасалынған суаттар мен каналдар сияқты су 
объектілері ретінде қарастыруға болады.Су ресурстары сарқылмайтын деп есептеледі,бірақ оның 
орналасуында табиғи кешеннің басқа компоненттерінің жанама және тікелей ықпалы 
бар,сондықтан,су ресурстары таралуында үлкен өзгермелілігімен және біркелкі еместігімен 
ерекшеленеді.Су ресурстарының өзіндігі айналымға қатысатын судың үздіксіз қозғалмалылығымен 
анықталады.Айналымдағы орнына ылайықты адамның талабын қамтамасыз ету көзқарасынан,яғни 
су ресурстар ретінде Жер бетіндегі сулар түрлі формаларда кездеседі.
    М.И.Львовичтің (Ж.Достай бойынша келтірілген,1994) әдісі бойынша су балансы теңдемесіне 
сәйкес құрлыққа жауын-шашын түрінде келетін судың көлемі өзен ағынына және булануға 
бөлінеді.Су балансының осы компоненттері су ресурстары
ретінде қызмет етеді,себебі сумен тұрмыстық және шаруашылық қажеттілігін қамтамасыз ету,өзен 
және жер асты сулары техникалық жағынан өте ыңғайлы және экономикалық тиімді болып табылады.
      Су ресурстары адамның іс-әрекетінде кең пайдалануда,өнеркәсіп,ауыл шаруашылық,тұрмысқа  
қажетті т.б салалар басты су тұтынушылар болып табылады.Облыстың басты су тұтынушылары: 
ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, зауыттар және  ауыл, қала халқы.
     Мемлекеттік су кадастры құрамына төмендегідей су объектілер кіреді:
12.
Беткі сулар-өзендер,көлдер,су қоймалар,каналдар,тоғандар т.б. су объектілері.
13.
Жер асты сулары.
14.
Мұздықтар.
     Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың км),34 көл (көлемі 110 
млн м
3
),30 бөген (көлемі 6 млрд м
3
), 29 пайдаланылатын  жер асты сулары және 5 минералды су 
көздерін құрайды.
Жалпы облыс аумағында жылына орташа есеппен 37 млрд текше метрге жуық су келіп,осыншама 
мөлшерде су кетіп отырады.
      Облыстың ең үлкен өзені Сырдария,ұзындығы 2219 км соның 1400 км Қазақстан территориясы 
бойынша өтеді,жылдық су ағымы шамамен 27 км
3
 құрайды.Облыс шегінде Сырдарияға Арыс және 
Келес өзендері ғана құяды. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде басталатын көптеген ұсақ өзендері 
Сырдарияға жетпейді,себебі олардың сулары суғаруға және басқа да шаруашылық қажеттілітеріне 
пайдаланылады.Ал,оң жағында Сырдарияның мүлдем сала жоқ Сырдария өзені Ферғана аңғарында 
Нарын өзені мен Қарадария қосылған жерден басталады. Су ағымының басым бөлігі Қазақстан 
жерінен тыс қалыптасады.   7
      Сырдарияның жоғары Ферғана алабындағы ағысында өзеннің көптеген салалары болған,бірақ 
тарихи кезеңінде мұнда суғармалы шаруашылық дамуына байланысты олардың басым бөлігі өзенге 
дейін жетпейді. Өзбекстан Республикасының Ташкент облысы территориясында Сырдарияға 
Шыршық және Ахангаран ірі салалары құяды.Ташкент және Сырдария облыстарының 
территориясынан Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданына келетін „Достық” каналы 
174

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
басталады «бұрынғы Киров атындағы канал». „Достық” каналынан көптеген суғару жүйелері 
басталады.Сырдария өзені облыс территориясын суландырады.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Сырдария өзені Шардара су қоймасына құяды.Осы екі су 
арнасының қосылған жерінде Сырдарияға Келес, Құркелес салалары қосылады. 
Шардара су қоймасыАрнасай қойсымен тікелей байланыста,су мол кезінде осы байланыс арқылы 
ауысқан су көлемі Арнасайға ағады.
      Шардара су қоймасынан кейін Сырдарияға тек қана Арыс өзені құяды.Осы саласынан кейін 
Сырдарияға мүлдем сала құймайды,Арал теңізіне дейін транзиттік өзен болып ағады.
     Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында Сырдариядан Шардара ауданында Қызылқұм 
магистралдық каналы (Сол жағалы магистральдық каналы) басталады,онда жоспар бойынша 50 мың 
га асатын жер көлемін суландырады.
     Көксарай – Сырдария алабындағы өзен.Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып 
басталып,оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып,Арыс-
Түркістан каналына құяды.Ұзындығы 46 км су жинау алабы 228 км
2
. Үлгілі ауылы тұсында бөген 
салынған.Орта ағысында оның атауы  Жаңақорған өзені деп өзгереді.Жоғары ағысында аңғары тар,тік
жарлы. Негізінен қар,жер асты суымен толығады.Шөл далада орналасуына байланысты бұл өзеннің 
мал суаруда,  жайылымдарды суландыруда маңызы зор.    

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал