Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет20/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

3. Шардара су қоймасы. 
  Шардара су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысының Сырдарияның орта ағысында, Шардара 
қаласының жанында 1966 жылы құрылды,сол кезде Оңтүстік Қазақстанда ең үлкен су қойма болған. 
Шардара гидроузелдің құрамына қуаттылығы 100 мың кВт су электростанция және су қоймасы 
жатады. Су қойманың басты мақсаты ирригациялық,су қойма құрылу нәтижесінде 100 мың гектар 
жаңа жер игерілді,500 мың гектар шамасында жайылымдар суландырылды.Одан басқа,балық  
шаруашылығы,электроэнергетика және сумен қамтамасыздану үшін аса маңызды болды.Соңғы 
жылдары мұнда рекреакциялық  мақсатта пайдалану күшеюде,бірнеше демалу орындары 
құрылып,суда демалудың бірнеше түрлері дамуда.
      Сырдария өзенін кесіп өткен плотинаның биіктігі 24 м,ал ұзындығы 5,8 км.
Плотинаның қалыпты тіреу деңгейі 252,5 м болған жағдайында су қойманың ауданы 900 км
2
 тең 
болады,орташа тереңдігі 6,5 м,максимальдық -25м,максимальды толған жағдайында ұзындығы 100 км
дейін,ал ені 25 км шамасында болады.Су қойманың шамамен 80% акваториясы тайыз болып келеді.
      Су қойманың ойысы Сырдарияның аллювиальдық террасалары болып табылады.Оның сол 
жағасы жайпақ,ал оң жағасы тік,төбелі болып келеді.Өзен бойы белдеуі ені 5 км дейін, ирригациялық 
тормен, уақытша ағымдармен,ескі арналармен тілімденген және адам өте алмайтын қолайлы 
ландшафтармен жабылған терраса болып табылады.Сырдарияның жайлымы мен Арнасай ойпаты 
арасында Мырзашөл массивінің суғармалы жерлері орналасқан.
       Шардара су қоймасының қазан шұңқырының басым бөлігі қара-сұр және сұр тұнбамен 
жабылған сазды шөгінділерінен құралған;қара тұнбаүлкен емес ауданды қамтиды;қазан шұңқырының
қалған бөлігін құм шөгінділері құрайды.
        Шардара су қоймасының суға толтырылуы 1965 жылы басталып 1968 аяқталды.Су қойма 
Сырдария өзенінің ағымы және су қойманың бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен 
қоректенеді.Су қойманың пайдалы су көлемі5,7 млрд м
3
 тең. Су қойма күз және қыс маусымдарында 
суға толады,ал сәуір айынан қырқүйек айына дейін су қойманың су ресурстары суғаруға жұмсалады.
          Су қоймадағы судың ең төмен деңгейі қазан айында байқалды, ал максимум наурыз айында 
болады (проекттік белгісіне дейін жетеді).Су деңгейінің көп жылдық тербелу ауытқуы 8 м, ал орташа 
көрсеткіші 5,4 м тең.Су деңгейінің тербелуі Сырдария өзені ағымының бір қалапты болмауымен ,су 
бетінен  күшті булануымен және шаруашылық пен техникалық қажеттілігі үшін суды пайдалануымен 
анықталады.
          Шардара су қоймасының гидрохимиялық режимі жылдың маусымына қарай су деңгейінің 
тербелуіне,климаттың құрақтығына (булану мөлшері жылына 1300 мм,нәтижеде судың 
минерализациясы 6,8 ден 10 промиллеге дейін жетеді),суғаратын территориядан және өзен суларымен
қайтып  келіп түскен қайтымды суға,су қоймадағы биологиялық процесстерге тәуелді.  12
           Судың минерализациясы жыл бойы 710 мг/л ден 1650 мг/л дейін өзгеріп отырады.Ферғана 
және Мырзашөлдің суғармалы территориялардан тұздылығы 4-5 промиллеге тең коллектрлі-
175

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дренаждық сулардың келу нәтижесінде су қоймадағы судың минерализациясының  маңызды өседі. 
Химиялық құрамы бойынша сульфаттық классқа, натрий тобына жатады.Судығы pH көрсеткіші 7,4-
8,5 аралығында, судың құрамындағы көміртегі қышқылдың бар болуы 1,5-8,5 мг/л дейін.Фосфордың 
бар болуы 0,001 ден 0,002 дейін өзгеріп отырады.
           Шардара су қоймасында табиғи сулар болғандықтан тіршіліктің барлық түрлері кездеседі,су 
қойманың фитопланктон жасыл-көк,жасыл,диатомдық және алтын сияқты балдырлар түрінде 
дамыған. Балдырлардың ең көп болуы жазғы маусымда байқалады,ең азы қыста, арасындағы 
айырмашылығы шамамен екі есе азаяды.
           Су қоймасының зоопланктонның шамамен 100 жуық түрі анықталған, оның ішінде, түрлі 
шаяндардың 45 түрі анықталған.Маусымдарға қарай зоопланктонның массасы бірнеше рет өзгерді.
           Шардара су қоймасы балықтарға өте бай,мұнда сазан,усач,лақа,көксерке, табан, 
шортан,тұқы,мөңке,жайын, дөңмаңдай түрлері мекендейді. Қазіргі таңда шардара су қоймасы 
Шымкент қаласын,айналадағы елді мекендерді,тағыда облыстан тыс елді мекендерге жібереді. 
Жалпы Шардара су қоймасында өнеркәсіптік деңгейі бар балық шаруашылығы дамуда.
            Шардара су қоймасынан Қызылқұм магистральдық канал басталды.Каналдың сулары 
жоспар бойынша Шардара ауданының 100 мыңдай гектар жерлерін суғаруға,500 мың гектар 
суландыруға дайындалған.Шардара ауданы ауыл шаруашылық  жерлерінің  жалпы ауданы 238011 
га,ауданның  жалпы жер көлнмінің 18,4% құрайды.   
            Гидротехникалық құрылыс дамуы нәтижесінде канал бойы күріш егістік ландшафтары 
жақсы дамыған.Күріш егуде табиғат кешеннің географиялық компонеттері маңызды өзгеріске 
ұшырады,әсіресе,жер бедері,топырағы, жер асты суларының режимі,осыған тәуелді табиғи өсімдік 
жамылғысы,яғни табиғи-техникалық геожүйелерге айналды.
Ауданның батыс үлкен бөлігі жайлым ретінде  пайдалануға жарамды,мұнда қысы жазы қой бағуға 
болады.Кеңес үкіметі кезінде Шардара ауданының ауыл шаруашылығы  басты салалары күріш егу 
және қаракөл қой шаруашылығы еді.Қазіргі  таңда, бұл бағыттар өзгерген,жердің сорлануына 
байланысты мақта және жоңышқа егуде.
            Шардара ауданының егістік жер көлемі 59648га,ол аудан территориясының 4,6%, ал ауыл 
шаруашылығы жерлер көлемінің25,06% құрайды. Шардара ауданы басым бөлігі шөл жерде 
орналасқан.Ауданның қиыр шығысы Сырдария өзені бойында құнарлы шалғынды топырақтарда 
орналасқан.Ауданның басым бөлігінде жайлым  ладшафтары дамыған,Қызылқұм шөлі қысқы 
жайлауға ыңғайлы,себебі жалпы тұрақты қар жамылғысы қалыптаспайды.  8
           Шардара ауданы жайлым және шабынық кешендерін Сырдария өзенінің  маңы және 
Қызылқұм шөлін алып жатыр.Қызылқұм магистральдық каналы жерлерді егістік мақсатта суғарумен 
қатар,жайлым кешендерін суландыруға мүміндік береді.Каналдың төменгі ағысында суғару арқылы 
шабындықтар қалыптасқан.
          Жоғарыда көрсетілгендей облыс территориясында суландыру жүйелері бұрыннан 
болған.Ертедегі суландыру жүйелері қуаттылығы,суғаратын жер көлемі бойынша үлкен емес 
болған.Облыс территориясында ең маңызды суғармалы жерлер Мақтарал ауданында орналасқан.
Қазіргі   таңда,   Мақтарал   ауданының егістік  шаруашылығының негізінде Сырдариядан 
басталатын „Достық” магистральдық каналы жұмыс жасап келеді. „Достық” магистральдық канал 
Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларымен шекаралас жерде Бекабад елді мекенінің жанында 
Сырдария өзені бойындағы су қоймасынан басталады.Канал Өзбекстан Республикасының Сырдария 
облысы территориясынан өтіп Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы жеріне келеді.
    „Достық”  каналы Өзбекстан Республикасының Сырдария облысын және Оңтүстік Қазақстан 
облысының Мақтарал ауданының егін шаруашылығын сумен қамтамасыздандырады.Магистральдық 
канал Мақтарал ауданы территориясына жылдың ылғалдығына қарай су шығыны 25-45 м
3
/сек.
15.
Көксарай су қоймасы
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында егіншілік үшін атмосфералық жауын-шашын 
жетіспейді.Ауыл шаруашылықтың түрлі салаларын дамытуда облыста бірнеше жасанды су 
объектілер құрылған,яғни түрлі су қоймалар,тоғандар, каналдар,
арықтар т.б түрлері салынған. Облыс территориясында жасанды су объектілер тарихы заманнан 
келе жатыр,тарихи жазба тағы басқа деректерде облыс территориясында суғармалы ауыл 
176

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
шаруашылық антикалық кезеңнен бар.Ежелгі гректердің тарихшылар мен географтарының 
еңбектерінде,Ескендір Зұлһарнайдың
әскері шабулар туралы баяндамаларында Сырдарияның оң жағасында суғармалы егіншілікпен 
шұғылданатын халықтар туралы мәліметтер бар,ол территория қазіргі біздің облыс территориясына 
сәйкес келеді.Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстан өңірі Орта Азия және Қазақстанда ерекше орын 
алды,бұл жерден Ұлы Жібек жолы өткен,сондықтан өлкеміз аса дамыған территоряның бірі болып 
келді.Отырар,Сайрам,Сығынақ,Сауран,Созақ,Түркістан үлкен сауда орталықтары,болуымен қатар 
олар ғылым және мәдениет орталықтары болған.Осы кезде, көлемі жүздеген мың гектарға жететін 
суғармалы ауыл шаруашылық дамыған,маңызды суландыру жүйелері болған.Жасанды су 
объектілерге түсіндірме беру алдын, суғару мелиорациясына жалпы түсінік берген дұрыс болады 
деген оймен, кіріспе ретінде суландыру мелиорация деген түсінікке жалпы түсіндірмені берейік.
       Суландыру мелиорацияның басты мақсаты,ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары және 
тұрақты өнім алу үшін қажетті ылғал жетіспейтін территорияларда топырақтың сулы,жылу азықтану 
режимдерін қамтамасыздандыру.
      Суландыру мелиорация жүргізу үшін талаптарына тәуелді және оны жүргізу жағдайына қарай 
суландыру мелиорациясын үш белгі бойынша жіктейді: жүргізу уақытына қарай, жүргізу түріне 
қарай, суғару мақсатына қарай.
       Оңтүстік Қазақстан облысында жоғарыда көрсетілген суландыру жүйелері қойылған 
талаптарға толық жауап береді.Облыс мысалында жасанды су объектілердің ең маңыздысы су 
қоймалары.Су қоймаларың құруда аса үлкен жұмыстар жүргізіледі.Ірі су қоймалар мыңдаған гектар 
жерлерді егістік айналымнан шығарады,кейбір жағдайда елді мекендердің орнын алады. 
Мысалы,Египет елінде Асуан плотинасы құрылғанда мыңдаған жыл тұрған перғауындардың 
ескерткіштерін көшірді, Еділ өзеніндегі су қоймалар каскадын құрылғанда жүздеген елді мекендер  
көшірілді,жүздеген мың гектар құнарлы жер егістік айналымнан алынды.Бірақ жаңа игерілген 
жерлерден,суғару арқылы,шығындарды жабатын жоғары өнім алынады.
      Жыл сайын көктем шыға Сырдария тасып,Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының 
50 елді мекеніне қоныстанған 40 мыңнан астам  халық әбігерге түсетін.Оның 19 мыңға жуығы 
жандарын шүберекке түйіп, үрей құшағында кез келген уақытта көшуге дайын отыратын. Бұл 
қиындықтардың алдын алу мақсатында мемлекет қоржынынан жыл сайын миллиардтаған қаржы 
бөлініп,бөгеттер мен тоспалар салынатын.ЕлҮкіметі қыстың соңғы айларында көрші Қырғыстан мен 
Өзбекстан басшыларына тікелей ұсыныспен шығып,Тоқтағұл су қоймасынан Шардара жасанды 
теңізіне жіберілетін судың көлемін азайтуды өтінетін. Сол себептен Көксарай су қоймасын салу елді 
қауіптен құтқарды.Кейде бұл келісімдер ұзаққа созылып,екі жақты бәтуаласу шаралары тараптардың 
бір-біріне деген тәуелділігін арттыра түсетін. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
 көрегендігімен 2008 жылы іргетасы қаланып, „ғасыр құрылысы” атанған Көксарай су реттегіші 
іске қосылғалы бері бұл қиындықтардың бәрі артта қалды.Ең бастысы,Қазақстан мемлекеті көршілес 
Өзбекстан,Тәжікстан және Қырғызстан республикаларына жазда су тәуелділігінен түпкілікті 
құтылды.
       Бұдан бөлек қыс пен көктемде Шардараның кемерінен тасып,Арнасайға жіберілетін мыңдаған 
текше метр суын Көксарайға жинаудың мүмкіндігі туды.
      Мәселен, үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында 2 млрд м
3
 су жиналды.Соның арқасында биыл Сыр
бойындағы 20 мың гектарға жуық егістік алқап ағын судан тапшылық көрген жоқ.Сырдарияны 
жағалай қоныстаған елді мекендердегі  ірілі-ұсақты шаруалар төрт түлігін көбейтіп қана қоймай,егін 
өсіру ісіне де ден қоя бастады.Ерте көктемде егістік алқаптарына қауын-қарбыз егіп,жиын-терім 
кезінде көкөністен көл-көсір пайда тапты.Осылайша,жұмыссыз жүрген ауыл жастары бағбандыққа 
бет бұрды.
      Арыс қаласы мен Отырар ауданының тұрғындары көктем,күз айларында алып  су реттегішінде 
балық аулау науқанын қыздырды.Сырдың сазандарын қиналмай ұстап, жаңа кәсіптен нәпақа табуды 
үйренді.
     Сол өңірдегі сан мыңдаған халық электр жарығынан да тапшылық көрмеді.Өйткені Көксарай  
көмегінің арқасында Шардара  СЭС-нің электр қуатын өндіру  көлемі 20-25 пайызға ұлғайды.Бұл өз 
кезегінде облысымыздағы электр тапшылығын жоюға ықпал жасады.
177

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
      Көксарайдың пайдасын Қызылорда облысының күрішшілері де молынан көрді.Олар биылғы 
аптап ыстықта ағын судан тапшылық көрген жоқ.Нәтижесінде табыстары да молая түсті.Аралға 
құятын су қоры жыл санап арта түсті.Мамандар-
дың мәліметіне сүйенсек,бүгінде кіші Аралдағы су қоры 27 млрд.м
3
 асып,
экологиялық ахуал жақсара түскен.
     Қазіргі таңда Көксарай су реттегішінде 15-ке жуық мамандырылған құрылыс мекемесінің 163 
техникасы мен 421 жұмысшысы екі 
кезеңде еңбек  етіп жатыр.Олар биыл Шөгірлі 
каналындағы 232 гектар алаңға суландыру жүйесін орнатып,оның құрлысын 30 қазанда аяқтаймыз 
деп отыр.
     Ел игілігін көре бастаған алып су қоймасының аумағы 46,7 мың гектарды құрайды.Мұнда 
бүгінде 3 млрд.м
3
 су жинауға толық мүмкіндік бар.Сырдарияға секундына 1800 м
3
 су жібере алады. 
Өткізгіш қабілеті өте жоғары.
    Көксарай су реттегішінің құрылысы барысында су астында қалған Арыс-Байырқұм асфальт 
жолының бір бөлігін қайта салу жұмыстары да жүргізілді.Бұл мақсатқа республикалық бюжеттен 2,3 
млрд.теңге қаржы бөлініп,бүгінде күре жол іске қосылды.
     Көксарай дарияға демеу болуға дайын. Оңтүстік  Қазақстан облысы,Арыс ауданының аумағында
салынып жатқан Көксарай су реттегіші алғашқы кезектегі 
1 млрд.м
3
 суды 10 ақпаннан бастап қабылдай бастауы тиіс.Қазіргі уақытта су реттегіші 
жоспарланған көлемдегі суды қабылдауға дайын.Барлық жұмыс кесте бойынша және жобаға сәйкес 
жүргізілуде.Бұл құрылыстың қарқыны әу бастан-ақ бәсеңдеген емес.  
 
16.
Орта Азия аймағындағы су ресурстарын бөлістіру мәселесі
     Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарының негізгі көзі Батыс Тянь-Шань тауларынан 
басталатын өзендер.Ең ірі өзендер ғылыми жұмыстың екінші тарауында 
көрсетілген,Сырдария,Арыс,Келес және Қаратау тауларынан басталатын ұсақ өзендер.Қаратаудан 
және Қаржантаудан басталатын өздерінің су ресурстары таусылу шамасына жетті.Облыстың 
суғармалы егін шаруашылығы келешектегі дамуы Сырдария өзенінен алынатын су және жер асты 
сулары пайдалану арқылы болады.
      Облыс территориясын сумен қамтамасыздандыратын өзендердің азықтанудың негізгі көзі 
таудағы қар жамылғысы және биік тауларда орналасқан мұздықтар. Соңғы жылдары Орта Азия 
аймағында құрғақтау процесі жүру барысында деген пікір бар.Дегенмен,ол пікірге қарсы пікірлер 
жарияланған.
       Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының География Институның гляциология 
лабораториясының меңгерушісі И.В.Северскийдің пікірі бойынша Жоңғар,Памир-Алтай 
тауларындағы мұздықтар тез жылдамдықпен еруде 1955-2000 жылдары аралығында мұздықтар 
ауданы бойынша жылына 0,6-0,8%, ал мұздың көлемі 0,8-1% жылдамдықпен 
қысқаруда.Мұздықтардың және мұздықар ресурстардың мұндай тез қысқардың басты себебінің бірі 
жалпы климаттың жылуы.
     Орталық Азияның таулы елдерінде грунттың маусымдық және көпжылдық тоң басу режимінің 
тұрақты мониторингі жоқ.Биік таулы жағдайдағы табиғи құбылыстар мен процестер туралы нақты 
ақпараттың жетіспеушілігі,болжамдық модельдері құруда жанама көрсеткіштерді пайдалануға 
мәжбүрлейді.Осыған байланысты зерттеушілерде климаттың өзгеруінің су ресурстарына ықпалы 
туралы соның ішінде мұздану туралы бір қалыпты пікір жоқ.
     Сөйтіп мұздықтардың есебінен Орталық Азиядағы су ресурстарының қысқару мәселесі 
маңызды жеңілдеу мүмкін.Қазіргі таңда аймақтағы су ресурстарының жылдан жылға 
жетіспеушіліктің көбеюінің негізгі себебі су ресурстарынынң қысқаруы емес, климаттың өзгеруі 
емес, ол су  ресурстарын басқа  жүйесінің қателігінен.
      Орталық Азия елдерінде соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын суғарусыз 
дамыту мүмкін емес. Аймақтың су реcутары 170-180 км
3
 беткі сулары,бүгінгі таңда оның 90% 
өндірістік айналымда.Су ресустары елдер арасында тең емес бөлінеген,беткі су ресустарының 90% 
Қырғызтан мен Тәжікстанда шоғырланған .Алайда,аймақтағы негізгі су тұтынушылар Қазақстан мен 
Өзбекстан,соның ішінде Өзбекстан бар су ресустарының 50% астам бөлігін алады.Орталық Азияның 
елдері жер асты суларына бай болып келеді.Мысалы Қазақстанның жер асты суларының көлемі 
шамамен 7 мың км
3
суды құрайды,ол көлемі  бойынша Балқаш көліндей 65 көл және Азов теңізіндей 
178

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
25 теңізге тең.Бұл жер асты суларының қоры жылына атмосфералық жауын-шашынның 
инфильтрация және беткі суларының фильтрация есебінен 45 км
3
су көлемі келеді.   3
6.Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі
   Су ресурстары облыстың шаруашылығында маңызды рөл атқарады.Су ресурстары 
шаруашылықтың барлық салаларында,өндірісте,ауыл шаруашылығында,тұрмыстық қажеттілікте 
қолдануда.
 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы дамыған сайын су ресурстар қажеттілігі өседі.ХХ 
ғасырдың басында облыс территориясында не бары бірнеше кіші-гірім өнеркәіп орындары 
болған,суғармалы егіншілік бірнеше мыңдаған гектар жер пайдаланды.Осы кезде облыс 
территориясындағы беткі суларының ресурстары жеткілікті болды.Суғармалы егін шаруашылығы 
шоқ-шоқ түрінде өзендерді бойлай дамыған.Сол кезеңіндегі шаруашылықтың өнімдері облыстан 
сыртқа экспортқа жіберілген,дермене шөбінен жасалынған сантонин,мақта талшығы т.б.
   Дүние жүзінде халық саны өсуіне байланысты табиғат ресурстарына, шаруашылықтың 
өнімдеріне сұраныс жүздеген,мыңдаған есе өсті.Адамның тұтынушы түрлері көбейді,жаңа 
техника,технологиялар пайда болды,қала тұрғындарының саны 50% асты.Оңтүстік Қазақстан облысы
еліміздің шаруашылығында ерекше орын алды,осы арқылы облыстың  дүниежүзілік 
шаруашылығнада белгілі бір орны бар.Қазіргі таңда облыстың халық саны 2млн. адамнан 
асты,жүздеген ірі,мыңдаған шағын өнеркәсіп орындары құрылды,суғармалы егін шаруашылықта 
жүздеген мың гектар жерлер игерілді.   3
   Сонымен қатар адамның тұрмыстық өмірінде су ресурстарының тұтынушылығы бірнеше рет 
өсті.Яғни ХХI ғасырда су ресуртары стратегиялық ресурстар түріне айналды.Оңтүстік Қазақстан  
облысындағы суғармалы егін шаруашылығы су ресурстарының басты тұтынушысы.Суғармалы егін 
шаруашылығында су жалпы бірнеше агротехникалық шараларда қолданылады.
Біріншіден,сортаңды топырақтарды егіс алдын жуып-шаю үшін суғарады,немесе топырақтағы 
ылғалдың мөлшері аз болған жағдайда.Екіншіден,дақылдарды суғару мақсатында 
қолданылады.Үшіншіден, егістік жерлерді өнім жинаудан кейін топырақты суландырады,кейбір 
жағдайда қатқақтан қорғау мақсатында.
   Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайында су ресурстары ең көп пайдаланылатын күріш 
егуде,нормативтер бойынша вегатациялық кезеңде 1 га егістікке шамамен 10-12 мың м
3
 су қажет,ал 
нақты су шығындылығы 28 мың м
3
 байланысты.Қазіргі таңда,облыстың жақсы құнарлы топырақ 
ресурстары таусылды,шамамен ондай жағдай XX ғасырдың 70-80 –ші жылдары айқындалды.
     Мақтарал ауданының суғармалы жерлері бір ғасыр бойы мақта шаруашылығында 
пайдалануда.Ауданның жер бетінің бедері суғармалы ауыл шаруашылыққа өте ыңғайлы,себебі оның 
беті солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай еңкістеніп келеді.Территорияның шөгінді 
қабатында осындай еңістілік байқалады.
Сондықтан сор басу процестері кеш басталады.Ауданның батысында Өзбекстан Республикасы 
территориясында Арнасай ойысы болған,қазір ол маңында ірі көлдер жүйелері 
қалыптасқан.Ауданның территориясында суғаруда қолданылған су қоллектрлі-дренаждық тор 
бойынша осы ойысқа ауысты.
     Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі ірі суландыру жүйелері коллектрлік-дренаждық 
жүйелерімен қамтамасызданған,мысалы Арыс-Түркістан суғару массивінде коллекторлық тордың 
жалпы ұзындығы 179,5 км,алғашқы дренаждардың (шығын суларын өткізетін арықтар) тереңдігі 2,5-
3 метрге тең, ал 1 гектарға келетін дреналардың ұзындығы 40м.
    Облыс территориясындағы суғармалы массивтерде горизонтальды және вертикальдық дренаждау
түрлерін қолданады.Горизонтальдық дренаж ең арзан және қолдануға қолайлы,себебі горизонтальдық
дренаж суғармалы каналдардың тереңдігінен төмен болады және жер бетінде ашық түрде болады. 
Яғни оның тереңдігі тайыздағанда оны эксковаторлармен тазалауға мүмкіндік бар.Облыс 
территориясында басым осындай типтегі дренажды пайдаланады. Мақтарал ауданында 
горизонтальдық және вертикальдық коллекторлік-дренажды жүйелер құрылған.Бүгінгі таңда,ол 
жүйелердің сапасы төмендеп біраз бөлігі қазір істемейді.Горизонтальдық дренаж бойынша егістік 
жерінен ауысқан су көлемі Арнасай ойыпатына қарай ағады.Су ресурстарының тиімді емес 
пайдаланудың және бір маңызды себептері судың канал бойы және егістік жерлерге ағып өту 
барысында судың топыраққа сіңу процесі (фильтрация процесі) және судың булануы.
179

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
7.Оңтүстік Қазақстан облысы жасанды су объектілерінің даму келешегі
   Жоғарыда көрсетілгендей облыстың жасанды су объектілеріне су қоймалар, каналдар, тоғандар, 
гидротехникалық ғимараттар, суландыру жүйелері жатады.Облыста ең маңызды суғару массивтері 
Түркістан,Мақтарал,Шардара,Отырар аудандарында дамыған.
XX ғасырдың аяғына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында гидромелиоративтік құрылыс 
экстенсивті жолымен дамыды,жаңа су қоймалар,жаңа каналдар,суландыру жүйелері,тың жерді игеру 
жолымен дамыды.Қазіргі таңда облыстың жасанды су объектілері алдында суды үнемі пайдалану 
және қысқы маусымдағы ауысқан су қорын жазға дейін сақтау мәселелері жатыр.
       Соңғы жылдары облыс территорясында жыл сайын Сырдарияның тасқын сулары ауыл 
шаруашылығына,халықтың тұрмысына көп зиян келтіреді.Оның себептері жоғарыда көрсетілгендей 
су және энергетика мәселелері бойынша мемлекеттер арасында келісім 
жоқтығы.Сондықтан,Сырдария өзенінің жоғары ағысында Қырғызстанның территориясында 
орналасқан Нарын өзеніндегі су электростанциялардың электроэнергияны өңдеу.
      Кеңес кезеңінде мұндай жағдайды Орта Азия республикалары Мәскеу деңгейінде шешілетін 
еді,ҚСРО ыдырағаннан кейін бұл мәселе бойынша Орталық Азия елдері белгілі бір келісімге 
келмеді.Сондықтан Қазақстан Республикасы 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Көксарай су 
қоймасын құруға шешім қабылдады.Көксарай су қоймасының басты мақсаты қысқы маусымдағы су 
тасқындарының беткі су ресурстарын жинау.Жоспар бойынша су қоймадан төмен орналасқан 
территорияда 60 мың  гектардай жаңа жер ашылады.Жоспар орындалған жағдайда Оңтүстік 
Қазақстан облысы егін шаруашылығының маңызды суғармалы жерлердің қоры пайда болады.
       Оңтүстік Қазақстан облысының басқа суландыру жүйелері алдында аса маңызды мәселелер 
жатыр,олардың ішінде қазіргі таңда өте қажетті суландыру жүйелерін реконструкциялау,яғни 
жаңарту.Облыстың суландыру жүйелері XX ғасырдың 60-70-ші жылдары құрылған.Ол кездегі суғару 
технологиялар ескірді,оның орнына суғарудың жаңа түрлері енгізуде.Жаңалықтар енгізудің басты 
идеясы су ресурстарын үнемдеу.
       Суғарудың жаңа технологиялардың бірі тамшылы суғару.Мұндай жүйелерді құру үшін өте көп 
инвестициялар,жаңа мамандар дайындау,республика деңгейінде  жер мәселесін шешу қажет.Оңтүстік 
Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына шетел инвестицияларды алып келу өте күрделі 
мәселе,облыстың ауыл шаруашылығы жоғары емес деңгейде сондықтан,қысқа мерзімде пайда 
түспейді.Облыстың экономикалық жағдайы суғармалы егін шаруашылығы мәселелерін өз есебінен 
шеше алмайды.Ал жекеменшік инвестициялары үшін,біріншіден халықтың деңгейі жоғары 
емес,екіншіден,жер және су ресурстарын пайдалануды заңдастыру бойынша көптеген мәселелер 
шешілмеген.Демек, облыстың суғармалы егін шаруашылығын мемлекеттік қаржыландыру есебінен 
дамытуға болады.
       Облыстың суландыру жүйелерін жаңарту мәселесі бойынша бірнеше бір-бірімен байланысты 
мәселелерді шешу қажет.
29.
Біріншіден,суландыру жүйелеріне тиісті каналдарды үздіксіз тазалап каналдардың су 
сыйымдылығы көлемін белгілі бір деңгейде сақтап отыру.
30.
Екіншіден,суғарылатын жерлердегі коллекторлік-дренаждық торын жаңарту,әсіресе 
вертикальдық дренаж жүйелерін.
31.
Үшіншіден,су ресурстардың топыраққа сіңу себебін шығындануды
қысқарту.Оның технологиялық шешімдері толық өңделмеген,дегенмен ұсақ суландыру каналдары 
табандарын бетондау немесе басқа бір материалдармен жабу.Қиратылған лотоктарды қайта қалпына 
келтіру,егістікке суды құбырлар арқылы жеткізу.Қазіргі таңда егістік жерлерге жер астымен құбырлар 
арқылы жеткізу идеясы даму барысында,бұл технологиялық ой тәжірбиеде тиімді пайдаланған 
жағдайда су ресурстарының әр фильтрация,әр булануға шығындану мәселелесі шешілер еді.
32.
Төртіншіден,егістік технологияға  байланысты,егіншілік шарауашылығында
дақылдар айналымын пайдалану,агротехникалық шараларын дұрыс қолдану,суды аз талап ететін 
дақылдарға өту,одан басқа дақылдардың жаңа сорттарын енгізу.
180

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал