Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

САНДАР ҚАСИЕТІ
Ақтөбе облысы. №40 жалпы орта білім беретін мектеп 
Жетекші бастауыш класс мұғалімі Абишова Б.А.
Ахтанқызы Гаухар
Кіріспе. Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі - математика еді. 
Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан 
жаңалығы ол - жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. 
Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазудың негізінде пайда болған
таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер 
қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-
сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы – үнді халқының бос орын«Сунья» деген сөзінің 
аудармасы  екен. 
   Сан есептеу мен   өлшеудің   нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы
көптеген   математикалық   теориялардың   негізі   болып   саналады.   Сандар   химия,   физика,   механика,
астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданады. Күнделікті өмірде де сандарды
үнемі   пайдаланамыз.     Пифагордың     оқытуы   бойынша,   заттардың   тылсым   мәні   математикалық
абстракциялы   әлемді   құпия   басқарып   отыр,   онда   белгілі   бір   тәртіп   орнатуда.   Пифагорлышылар
болжамы  бойынша   әлемнің   барлық   заңдылықтары   сандармен  берілген.   Сандар    тек   заңдылықтар
тәртібі емес, олар әлемнің материалдық негізі  болып саналады.
    Пифагорлықтар   өз   теорияларындағы   үйлесімді   жоғары   бағалаған.   Сандар   олар   үшін   бірліктер
жиыны   деп   есептеледі.   Бірліктер   сандарды   құрай   отырып,   бөлінбейтін   нүктелер   арқылы   дұрыс
геометриялық денелер құрайды.
Жобаның  негізгі мақсаты:
Сандар қасиеттерінің алатын орнын түсіндіру
Жобаның міндеттері:
208

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Өмірде сандар қасиеттерінің алатын орнын түсіндіру.
Жұмыстың өзектілігі:
Білім беруде және күнделікті тұрмыста сандар қасиеттерінің қажеттілігін қалыптастыру
Тақырыпты зерттей келе көз жеткізгеніміз.
Сандар және олардың қасиеттерінің  білудің қажеттігі. Сандардың қасиеттері туралы ескерсек, оның
мағынасына   мән   берілуі,   дұрыс   түсіндірілуі   қажет.   Ол   үшін   сандар   қасиеттері   жөнінде   нақты
мәліметтерді оқулықтарға  енгізу қажет деген тұжырымға келдік.
Адамдар қалай санай бастады?
  Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық 
адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы 
санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған.
Неге қол пайдаланылған?
  Адамзат баласы сандардың санауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін
табуға   көмектескен.   Сен   бірдеңені   санау   кезінде   саусақтарыңды   пайдалансаң,   ешқашан   есептен
жаңылмайсың.   Саусақтарыңа   қарап-ақ,   сандарды   атамастан   оларды   көз   алдыңа  елестете  аласың.
Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit» -
«сан» сөзін пайдаланамыз, ол  «саусақ» деген ұғымды білдіреді.
Бұл не қылған ондық?
  Математиктердің айтуынша, біз ондықтармен, яғни 10 сандық топтар арқылы санайды екенбіз. 
Біздің  неліктен дәл осылай санайтынымызға математикалық түсіндірме жоқ, адам биологиясының 
арқасында осылай болған. Егер сегіз саусақты бөтен планеталықтар бар болса, олар, сірә, 
сегіздіктермен санайтын шығар.
Үңгір адамы санауды білді ме?
  Көптеген ғасырлар бойы адамдарға сандардың қажеті болмады. Егіншілік пен мал шаруашылығы 
пайда болғанға дейін адамдар «жинаушы-аңшылар» болған, олар жабайы табиғаттан күнкөріске 
қажет мөлшерде ғана азық-аулақ мөлшерін ғана қалдырған, сондықтан олар бірдеңені санауға зәру 
болмаған. Алайда олар күнге, ай мен жұлдыздарға қарап бақылап отырған.
Адамдардың барлығы бірдей санау біле ме?
  Әлемде әлі де аз да болса жинаушы - аңшылар сияқты тіршілік ететін адамдар бар. Олардың 
көпшілігі санай біледі, бірақ кейбіреулері санақпен басын қатырып жатпайды. Амазонияның 
тропикалық ормандарында тұратын пираха тайпасының адамдары тек екіге дейін ғана санайды, одан 
артығы олар үшін «көп» деген мағынаны білдіреді. Танзанияны мекендейтін хадзатайпасындағылар 
үшке дейін санайды. Осы қос тайпа да үлкен сандарсыз – ақ тамаша тіршілік жасайды, мүмкін, оларға
үлкен сандардың еш уақытта қажеті болмаған шығар.
Сонда сандар не үшін керек?
  Егер адамдар сандарсыз-ақ өмір сүре алатын болса, неліктен біреулер бір кездері санай бастаған?
Алаяқтыққа жол бермеу үшін. Сандардың пайда негізгі себебі де осы. Айталық, сен 10 балық ұстадың
да, оны досыңнан үйіңе апаруды өтіндің. Егер сен санай білмесең, ал досың бірнеше балықты өзіне 
қалдырса, сен ол туралы ешқашан білмес едің.
Нені санауға тұрады?
   Адамдар есептеуді ойлап тауып және сандарды пайдалануға үйренген кезде тек өздеріне бағалы 
болып көрінетін заттарды ғана санаған- ау. Кейбір тайпалар осы уақытқа дейін солай істеді. Жаңа 
Гвинея Папуасындағы юпно  тайпасының адамдары ауды, шөптен өрілген белдемшелерді, 
шошқаларды санаса да, күндерді, адамдарды, бататтарды немесе жаңғақтарды санамайды.
   Кейбір көне мәдениеттер бестіктермен санау кезінде бір қолдың саусақтарын пайдаланған. Қол 
саусақтарымен тек онға дейін санау ғана ыңғайлы. Адамзат баласы ғасырлар бойы дене мүшелерін 
пайдалану арқылы 10-нан кейінгі сандарды есептеудің көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Тіпті қазірдің
өзінде де кейбір халықтар осындай тәсілдерді пайдаланады.
209

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
   Жаңа Гвиниядағы Папуа аралдарындағы тайпаларда санаудың кем дегенде 900 әр түрлі жүйесі 
бар.Көптеген тайпалар саусақтарымен санайды, бірақ ондық жүйені пайдаланбайды. Бір тайпа қол 
саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды, яғни 20-дан. 10-оларда екі қол. 15-екі қол мен бір 
аяқ, ал 20-адам.
   Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек  саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. 
Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал 
шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты, ферфермен айналды.
Сандарды белгілеу.
   Вавилондықтар сандарды-символдары көне жетондарға ұқсас шеңберлер мен конустар.
   Мысырлықтар адамның дене мүшелерін негізге алған. Тіпті қазірде кейбір адамдар биіктікті футпен
өлшейді. Олардың сандары есептеу мен қосуға ыңғайлы болатын, бірақ оларды көбейту мүмкін емес
еді.
    Мая сандары 1-4 сандарына арналған символдар какао бұршақтарына немесе ұсақ малта тастарға
ұқсас болғандықтан. 5 санын белгілейтін символ таяқша тәріздес. 20-дан көп сандарды бейнелеу үшін
таяқшалар мен бұршақтар топтастырылған.
  Рим сандары Римдіктер ондықтармен санаған және әріптерді сан ретінде пайдаланған. 
  Үнді сандары 10 символды ғана пайдаланған, бұл амал жүйені оңайлатқан.
  Біз кейде қазіргі заманғы араб сандары деп атайды, өйткені осы сандар  Еуропадағы Араб елдерінен
келген.
Табиғат сандары
  Сандардың тізбектілігінен осыдан 800 жыл бұрын Пизада (Италияда) тұратын  Леонардо 
Фибоначчи ашқан. Осы жүйелікті ең күтпеген жерлерден табуға болады.
Егер үй қояндары жыл бойы көжектеу арқылы көбейетін болса, олардың жалпы саны қанша жұп 
болады?
Үй қояндарынша көбею керек
Фибоначчи үй қояндары туралы жұмбақ-есеп ойлап тапты. Айталық, сенде қоянның  кішкентай екі 
көжегі бар, олардың өсуі және өздері де көжектеп көбейе бастауы үшін не бары бір-ақ ай уақыт 
керек.Ұрғашы қояндар көжек туады, әр ұрғашы қоянда екі ұрықтан бар және соның екеуі де өлмейді. 
Бір жылдан кейін қанша жұп қоян болады? Оның жауабы Фибоначчи тізбегінің 13-ші саны болады, 
яғни 223.
Неге?
Фибоначчи тізбектілігі қатарындағы сандар неге табиғат  құбылыстарынан көрінеді? Үй қояндарына 
қатысты жағдайда осы жүйелік байқалмайды. Үй қояндары әдетте екеуден көп көжек туады және 
олар анағұрлым жиірек балалап отырады. Бірақ Фибоначчи жүйесіне жататын сандар көптеген 
өсімдіктерден көрінеді, өйткені бұл- үлкен аралықтары немесе тығыздықтары жоқ шектеулі бос 
орынға өсімдік тұқымдарының, қауыздарының немесе жапырақтарының орналасуының ең жақсы 
тәсілі.
Спиральды санағанда
Фибоначчи сандары гүл шоғырларында жиі кездеседі. Егер сен осы рудбекии гүліне үңіліп қарайтын 
болсаң, онда сен не сағат тілінің бағыты бойынша бұралған спиральға орналасқан кішкентай күлтерін
көресің. Әр бағыттағы спиральдар саны Фибоначчи санына сәйкес келеді. Осы жағдайда сағат тілінің 
бағыты бойынша бұралған 21 спираль және сағат тіліне қарсы бағыт бойынша бұралған 34 спираль 
бар.
    Гүл күлтерінің саны да сондай-ақ көбіне Фибоначчи тізбегі қатарына жататын сан болады. Астра 
гүлінде, мәселен, 34,55 немесе 89 күлте болады.
Фибоначчиспиральдарынан құралатын тек гүлдер ғана емес, оларды сондай-ақ қарағай бүрлерінен, 
брокколи гүл шоқтарынан және гүлді орамжапырақтардың, ананас қабығынан табуға болады. 
Фибоначчи  сандары сондай-ақ өсімдіктердің жапырақтарында, бұтақтары мен сабақтарында да бар. 
Өсімдік бұтақтары көбіне иіліп өседі. Егер сен бұтақтарды төменнен жоғары қарай санасаң, онда  
бұтақ сандарының  Фибоначчи  сандарына сәйкес келетінін байқайсың.
Музыкалық сандар
210

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Пиониноның клавиштік панеліндегі бір октава 13 клавиштен тұрады: 8 ақ және 5 қара. Олар үш-
үштен және екі-екіден топтарға бөлінген. Бұлар да-Фибоначчи сандары.
Фибоначчи  жүйелілігі Ф саны ретінде белгілі 1,618034 санымен тығыз байланысты. Математиктер 
мен суретшілер осы өте өзгеше санның бар екені туралы бірнеше мыңжылдықтар бойы біледі. Ұзақ 
уақыттар бойы осы санның сиқырлы қасиеттері бар деп саналып келді.
Өнердегі сандар
Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы
қолдана   бастады.   Олар   суреттегі   қашық   орналасқан   заттардың   анағұрлым   ұсақ   болып   көрінуі
керектігінің (перспектива), ал қашықтар сызықтарының бір нүктеде- қиылысу керек екенін түсінген.
Суретшілер үш өлшемділіктің елесі сияқты
Голландияның суретші-иллюстраторы М. Эшер өзінің суреттерін үш өлшемді жасау үшін басқа 
суретшілер қолданатын математиканың заңдарын әдейі бұзу арқылы былайша мүмкін емес, 
шындыққа жанаспайтын сияқты көрінетін дүниелер жасаған. Соның арқасында ғалым ең тартымды 
суретші-математик болды.
3 өлшемді өнер
Біздің заманымызда 3 өлшемді кескін жасау үшін адам компьютерді пайдаланады. Сурет-
стереограммаға үңіліп қарасаң және бір мезгілде қатар суретті жақындатып-алыстататын болсаң, онда
кеңістікте ғажайып түрде қалқып жүрген кәмпиттерді көресің.
Леонардо да Винчи және орта ғасырдағы Еуропаның өзге де суретшілері математикаға тәнті болған. 
Олар Ф бар формаларды көзбен шолу арқылы қабылдауға ең қолайлы пропорциялар деп есептеген, 
сондықтан өз туындыларында осы форманы жиі пайдаланып отырған.
Ежелгі Грекия сәулетшілері ғимараттар салу кезінде Ф-ны пайдаланған деп есептелген. Кейбір 
ғалымдар  Афинадағы Парфенонды тұрғызу кезінде алтын тік төртбұрыштарды пайдаланған деп 
сендірді.
Үлкен сандар
Мұхиттың суында қанша тамшы бар? Сенің денеңде қанша атом бар? Ғаламды толтыру үшін қанша 
майда құм керек? Кейбір сандардың үлкен екені соншалық, оларды біз тіпті көзімізге елестете 
алмаймыз немесе қағазға түсіре алмаймыз.
     Бір стакан суда 8 септиллионға жуық молекула бар. Грек математигі Архимед әлемді толтыру үшін
қанша құм ұнтағы керек екенін есептеп көрді. Жауабы: көп. Есептеу үшін оған дәреже ретінде 
қолданылатын мириада (1 мириада-10 000) деп аталатын өте үлкен санды қатыстыру арқылы жаңа 
тәсіл ойлап табуға тура келді.
Жазуды оңайлату үшін ғалымдар әдетте үлкен сандарды он дәрежелерінде  жазады- осы жүйе 
стандарттты форма аталады. Калькулятордың көпшілігі сандар дисплейге сыймаған кезде, оларды 
стандарттық формада көрсетеді.
Гугл интернет іздеушінің гугол сандарына байланысты аталды, ол бірден және одан кейінгі жүз 
нольден тұрады. Осы санға атауды математик Э. Каснер берді. Бұл санның ақылға қонымсыз үлкен  
болғаны соншалық, ол іс жүзінде қолданылмайды.
Мыңда үш нөл, миллионда алты нөл жазылады. Әр жолы сен тағы үш нөл қосқан сайын сен жаңа 
атауы бар сан жасайсың.
Қасиетті сандар
Бір санның киелігі:
Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Күні –түні дем алмайтын екеу:
Ай.  2. Күн
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан:  1. Сүлеймен.  2. Ескендір Зұлқарнайын. 
Кәпірлерден:  1. Налерут. 2. Шиддат. 
Пейіште көрінбейтін:
Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын:
211

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ауру-сырқау.  2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
Әйеліңмен.  2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос:
Мал-мүлік.  2.  Ұл-қыз
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
Нәпсі.  2. Шәкуат (жүріс жүру)
Үш қуат:
Ақыл.  2.  Жүрек.  3. Тіл.
Үш жүз:
Ұлы жүз.  2.  Орта жүз.  3.  Кіші жүз.
Үш құсыт өлтіруге болмайды:
Көкқарға.  2. Қарлығаш.  3.  Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық:
Өтірік айту.  2.  Сөзінде тұрмау.  3. Аманатқа қиянат жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:
Ақыл.  2.  Ұят.  3. Сабыр.
Үш нәрсе аз болса да. Көп болады:
Қайыр-садақа.  2. Сауап.  3. Дұға.
Үш нәрсе үш нәрсесіз болуы:
Басы бар, ақылы жоқ іс.  2. Ғылымы бар, амалы жоқ іс.   3. Байлығы бар, қайырсыз іс қылушы.
Үш нәрсені ұстазсыз білетіні:
Үйрек, қаз балапаны.  2.  Денедегі баланың дүниеге келуі.  3. Қойдың құрттағаны.
ҮШ БИ
Үш жүзде болса да олар басты кісі,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едім,
Сардар деп құрметтейін үлкен-кіші.
Жеңіс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңіске жету үшін қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.
Мәлім ғой, елге әскер басқарғаным, 
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпір жаудың,
Қалмақтың әскерінен жасқанбадым.
Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл, 
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.
Төрт кітап:
Мұсаның кітабы-Тәурет.  2. Дәуіттің кітабы-забур.  3.  Исаның кітабы-Іңжіл. 4.  Мұхамбет 
пайғамбардың кітабы-Құран.
Төрт тұрман:
Ер тұрманы.  2. Мұкәмммалы.  3. Жаужарағы.  4. Бес қаруы.
Төрт пайғамбар тірі:
Иса. 2. Ыдырыс.  3. Қыдыр. 4. Ілияс.  Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге 
212

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
құлшылық жасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын 
береді.
Төрт нәрсені адам Атаны жаратқанда жібереді:
Өлім.  2.  Ләпсі.  3.  Ашу.  4.  Нәпсі.
Төрт асыл:
 Иман.   2.  Намаз.  3.  Ілім.  4. Мейір-шапағат.
Төрт ұры:
Азғырушы шайтан.  2. Күпірлік.  3. Тәкаппарлық.  4.  Мейірімсіздік.
Төрт дария:
Ніл.  2. Фират.  3. Жейхун (Амудария).  4. Сейхун  (Сырдария).
Төрт бейғамсыздық:
Өлімді ойлау. 2.  Залым адаммен  отырмау.  3. Онымен сөйлеспеу.  4. Аулақ жүру.
Пайғамбарымыздың бір хадисінде ақиқат ақпарат бар. Рауаят Масхудтың баласынан. Разы болсын
Алла   Тағала.   Айтты   пайғамбарымыз   Мұхаммед   с.ғ.с.   «шындықта   жаратылдың   әрбіреуінің
аналарының құрсағында 40 күн тамшы күйінде, одан соң жоғарғыдағыдай 40 күн ұйыған қан күйінде.
Одан   соң   жоғарғыдай   40   күн   кесек   ет   жасап,   кесек   еттен   сүйек   жаратып,   оны   етпен   қаптаған
жоғарғыдағыдай қылып 120 күнде, яғни 4 айдан соң алланың әмірі бойынша періште рух үрлейді де
құрсақта пайда болған баланың тағдырына 4 нәрсені жазады:
Жақсылығы.  2.  Жамандығы.  3.  Рызығы.   4.  Өмірі.
Исламдағы бес парыз:
Иман.  2.  Намаз.  3. Ораза.  4.  Зекет.   5. Қажылық.
Бес анық:
Тіл.  2. Дін.  3.  Тарих.   4.  Дәстүр.   5. Атамекен
Бес пайғамбар патша болды:
Жүсіп.  2.  Дәуіт.  3. Сүлеймен.  4.  Ескендір Зұлқарнайын.  5. Мұхаммед.
Бес нәрсенің атасы жоқ:
Адам Ата.  2.  Хауа Ана.  3. Смағұлдың қошқары.   4. Салық пайғамбардың түйесі. 5. Мұса 
пайғамбардың түйесі.
Бес нәрсе баянсыз:
Бұлттың көлеңкесі- баянсыз.   2.  Еңбексіз  келген   байлық.  3. Қорқақтың достығы.  
4. Жалған мадақ.  5. Опасыздың махаббаты-баянсыз.
Алты парыз:
Бір-біріне салем беру.  2. Шақырса бару.  3.  Кеңес сұрас-ақыл қосу.  4. Сұрағына жауап беру.  5.  
Ауырып қалса-көңіл сұрау.  6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.
Алты алаш
І нұсқасы
Қазақ.  2.  Қарақалпақ.  3. Өзбек.  4.  Түркімен.  5. Қырғыз.  6. Жайылған (Төле би).
ІІ нұсқасы
Ұлы жүз.  2. Орта жүз.  3. Кіші жүз.  4. Қарақалпақ.   5. Қырғыз.  6. Қазақтың құрама рулары ( М. 
Тынышбаев ).
Алты асқар:
Ақыл.  2. Білім.  3. Жомарттық.  4. Әділдік.  5. Шыншылдық.  6. Кең пейіл.
Алты тоймайтын нәрселер:
Көз қараудан тоймайды.  2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды.  3. От отыннан тоймайды.  4. 
Ғалым  ғылымнан тоймайды.  5. Бай  малға тоймайды.  6. Адам өмірге тоймайды.
Бес қару:
Сойыл.  2. Дойыр.  3. Шоқпар.  4. Найза.  5. Жар-садақ.
Бесқаруы батырлардың аңдасаң,
Солармен-ақ батыр баба шайқасқан.
Имандағы жеті парыз:
213

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Алланың барлығына сену.  2. Періштелерге сену.  3. Кітаптарға сену. 
 4. Пайғамбарларға сену.  5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық алладан деп сену.  7. Өлгеннен 
кейін тірілетінге сену.
Жеті тозақ:
Сағир-жалғаншылар түсетін жайы.  2. Лазо- зекет бермейтіндер жайы. 3. Сақар-намаз оқымайтындар 
жайы. 4. Жаһим-нәпсіге берілгендердің жайы.  5. Жаһаннам-екіжүзділердің жайы.  6. Хауия-
Аллаһтың бұйырғандарынан бас тартушылардың жайы.  7. Хатома-адамдардың арасына ірткі 
салушылар жайы.
Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:
Күдік-күман.  2. Сиқыр.  3. Тойымсыз нәпсі.  4. Өсімқорлық.  5. Жетімнің ақысын жеу.  6. Жаумен 
шайқасқанда қашу.  7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.
Әйелдердің жеті түрлі пиғылдары:
Атқа мінуді көксеу.  2. Аманатқа қиянат жасау.  3. Өзінің еріне қанағат қылмау, намаз оқымау.  4. 
Жылтыраған киімдерге құмарту.  5. Маймылға ұқсап әркімге күліп қарау.  6. Пиғылы есекке ұқсау.  7. 
Көршілерін өсекпен ұрыстыру.
Құрандағы жеті қасиет:
Құранның басы-таза дәрет.  2. Анасы-бата.  3. Қорғаны-аятылгүрсі (аят аты). 
 4. Көңілі-Ясин.  5. Кілті-Ысырайыл ықылас.  6. Тілі-қатесіз, беріліп оқу.  7. Тәсбісі-шырағы.
Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:
Ең жеген нан.  2. Зімәдан болған жан.  3. Боямалы тән.  4. Нашадан бұзылған қан.  5. Темекінің түтіні. 
6. Арақтың жұтымы.  7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
Шүміш әулие ана.  2. Мария әулие  ана.  3. Рахима  әулие  ана.  4. Гульфайруз  әулие  ана.  5. Зәуре  
әулие  ана.  6.  Хадиша  әулие ана.  7. Райнаму  әулие ана.
Жеті ғашық:
Ләйлі - Мәжнүн.  2. Фархад - Шырын.  3. Таһир – Зухра.  4. Арзу - Камбар.               5. Уәлик - Ғарра.  
6. Уәки - Күлшаһ.  7. Жүсіп – Зылиқа.
Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
Әкімдердің шарапаты.  2. Ғұламалардың шариғаты.  3. Байлардың салауаты.
  4. Кедейлердің  қанағаты.  5. Үлкендердің  ұлағаты.  6. Жастардың инабаты. 
 7. Азаматтардың ар - ұяты
Жегідей жеген жеті кесел:
Коррупция.  2. Мафия.  3. Парақорлық.  4. Бюрократтық.  5. Рэкетерлік.  
6. Маскүнемдік.  7. Жезөкшелік.
Жеті ата:
Тек ата.  2. Түп ата.  3. Баба.  4. Арғы ата.  5. Ата.  6. Әке.  7. Бала.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты - жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
 Құмай тазы – бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:
Дәрісләм   –   Қызыл   жақұттан.     2.   Дәріл   қарар   –   күмістен.     3.   Жәннатілнағим   –   замруттан.     4.
Жаннатілғадин   –   лағылдан.     5.   Жәннатілмәғуй   –   гауһардан.     6.   Дәрін   нақар   –   нұрдан.   7.
214

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жәннатілфердәуіс – зұбаржаттан.  8. Жәннатілағла – алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
Ораза ұстағандарға.  2. Жаман сөзден сақтанғандарға.  3. Құран оқығандарға.           
4. Аш адамға тамақ бергендерге.  5.  Жас  уақытында намаз оқығандарға.                      6. Сиқырдан
аулақ болғандарға.  7.  Өзіне жақсылық болсын дегендерге.                
   8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер:
«   Лә   илаһаилла   Аллаһ   мұхаммадурРасуллаһ   »     климасы   жазылған   есіктен   Пайғамбарлар,   шейіт
болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі.   3. Малдарынан зекет
бергендердің   есігі.   4.   Алланың   үкімін   орындағандар   есігі.   5.   Нәпсісін   тыйғандар   кіреді.   6.   Хаж
амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар.   8. Арам нәрселерге көздерін
жұмып, жақсы істерге орындағандар.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
Жәбірейіл   –   пайғамбарларға   Аллаһ   Тағаланың   сөзін   хабарлаушы.   2.   Мекайіл   –   барлық   адамға,
мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.   3. Әзірейіл – барлық адамның, жан – жануарлардың жанын
алатын құдай уәкілі.  4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште.  5. Дардайыл
– ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі  киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл –
қиямет  күнінде   адамдарды  алып  баратын  періште.    8.  Ахрайыл  – барлық  дария,   көл,   өзен бұлақ
сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. 
Тоғызқұмалақ   –   қазақ   ұлттық   дәстүрлі   ойындарының   бірі,   ақыл-ой   ойыны.   Соңғы   деректерге
қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша,
оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда
қазақ даласындағы  ең кең тараған ойын болатын.
Он түрлі жаман:
  Тәуке хан « Не жаман? » деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп,
үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұқсат болса, жауап
береміз»- деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
Бірлігі кеткен ел жаман.  2. Егесіп өткен ер жаман.  3. Төсектен қашқан ер жаман. 
  4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман.   6. Аймағын билей
алмаған  адам  жаман.    7.  Жетем  деген мақсатына  жете  алмаған жаман.    8.  Серкесіз бастаған қой
жаман.     9.   Төскейге   шыға   алмаған   кәрілік   жаман.       10.     60-тан   қыздай   қосылған   бәйбішеден
айырылған тіпті жаман.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет