Қорытынды. «Үндемес» ойынын ұйымдастыру.Шартымен таныстыру.
Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ән: «Бағдаршам» Үйге тапсырма беру.
Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастаукыш мектеп, №12, 1998ж.
«Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу
дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» Құрастырған Л.Л.Глазырина Алматы 2009 ж
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП
Атырау облысы. Мақат ауданы. Мақат поселкесі
262
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Х.Санбаев атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Лаура Асылбековна
1-санатты мұғалім
Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сыни тұрғыдан
ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Cыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның
өн бойында екі мағынада қарастырылады :оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістің екеуін де
дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу
қабілеті ,ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана
білу қабілеті,өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау
қабілеті ретінде түсіндіріледі.(21-бет,Бағдарлама) Өзімнің практикамды бастауыш сынып
оқушыларына жүргізіп, үшінші сыныптың оқушылары бұдан қандай нәтеже береді деген оймен іс-
тәжірибемді бастап кеттім. Алдымен оларды шеңбер бойымен жүргізіп, қолдарына қағаздар бердім.
Ол суреттер бойынша оқушылар топ-топқа топтасып, өз орындарына отырды. Қолдарындағы
суреттерге қарап, оқушылар бүгінгі сабақтың табиғатқа байланысты екендігін өздері болжады. Одан
кейін бағалау бетшесімен таныстырдым. Мұнда олар күз мезгілінің байлықтары туралы білімдерін,
жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын, қолданылуын, сол арқылы өмірмен байланыстырып
қорыта алатындығы арқылы өз білімдерін сабақтың мақсатына сәйкестендіріп бағалай алатындығын
ұқты. Сонымен сабағымызды ой шақырумен бастап кеттік. Мұндағы сұрақтар оқушыларды сыни
ойлап, сындарлы пікірлер айтуына жағдай жасайтындай болды.
Мысалы: Күздің суретіне қарай отырып, күзде болатын құбылыстарды атауы Абай атамыздың
табиғатқа байланысты қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер? Абайдың «Күз» туралы өлең
жолдарымен сабағымызды аштық. Өлең жолдары арқылы күздегі табиғаттағы өзгерістер, жан-
жануарлардың, құстардың күзгі тіршілігі туралы оқушылардан сұрай отырып, берген жауаптарын бір
арнаға топтастырдық.
Келесі сөз тіркесін топ тапсырмасы бойынша тақтада алманың, моншақтай, қып-қызыл
сөздерінің тіркестерін анықтады.
Бұдан кейін суретпен жұмыс ой толғаныс бойынша үш топқа тапсырмалар берілді. Бірінші топқа
әңгіме құрау, екінші топқа алма бағындағы еңбек түрі туралы әңгімелеу,үшінші топқа венн
диограммасы бүгінгі оқыған мәтін мен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін салыстыра сипаттап берді.
Келесі тапсырма «Бес жолды өлең» тақтада алманың суреті бейнеленген. Суреттер қою арқылы өлең
құрастыру. Әр топ сұрақтарға жауап беру арқылы бес жол өлең құрастырды. Әр тапсырма, әр жауап
мұғалім тарапынан мадақтау сөздерімен, шапалақтаумен оқушыларды ынталандырып отырды.
Топ басшылары Ұлдана, Бибізейнап, Гүлназ топ мүшелерін алдарындағы бағалау парағына
критерийлерге сүйене отырып бағалады. Сабақ соңында сабақта не ұнады, не ұнамады сияқты
оқушылардың бүгінгі сабаққа деген рефлексиясын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырумен
аяқталды. Үйге тапсырма өздері жақсы көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме,
өлең жазып келулері берілді. Үшінші сыныпқа өткізілген жаңаша әдіске байланысты практикадан
менің түсінгенім, балалар топтың жұмыста өздерін ашып көрсете алды. Бағалау кезінде топ
басшысының берген бағасына барлығы риза болды. Себебі, бағалау критерийі көп көмегін тигізді:
Оқушылардың сабақтың мақсатына жетуіне топ болып жұмыла жасаған, ой қосқан әрекеттері
көмектесті деп ойлаймын, себебі Александр мен Мерсер айтқандай, диологтың пайдасын балалар
сезініп үлгерді және дәл солай рефлексия жазып өз пікірлерін білдірді.
Практика кезінде екінші сағабағымды 3сыныптан бастадым. Сынып оқушыларын алдымен үш түс
бойынша қызыл-○, көк-○, жасыл-○ үш топқа бөліп алдым. Оқушылар сабақтың қалай өтетініне
қызығушылық танытып, енді не істейміз, мен досыммен бірге отырсам бола ма деген сауалдар қоя
бастады. Мен бәріміздің бір-бірімізбен тату болу керектігімізді түсіндірдім. Одан соң сынып ережесін
құрғыздым. Сол ереже бойынша жұмыс жасау қажеттігін де ескерттім. Өздері жасаған ереже оларға
қызық көрініп, барлық оқушы өз ережесін айта бастады. Бәрі бірлесіп жасаған ережені құрып алып,
тақтаға ілдік. Одан соң мен миға шабуыл стратегиясы бойынша оқушыларға күздің суретін көрсеттім!
263
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бұл қай мезгіл деп сұрақ қойдым. Оқушылар күз деп жауап берді. Әрі қарай күзде қандай табиғат
өзгерістері болатынын туралы сұрадым. Балалар біреуі күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады,
ағаштардың жапырақтары сарғаяды, адамдар жылы киінеді, жеміс-жидектер пісіп жетіледі деді. Осы
аралықта мен жаңа тақырыпты аштым. Иә, балабар, бүгінгі жаңа сабағымыз «Күздің кереметі» деген
тақырып, ерекше күз кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен
танысамыз. Авторға мәлімет бердім. Одан кейін мәтінді мәнерлеп оқыттым, оқушылармен бірлесе
отырып, әңгімеге мазмұндық жоспар құрылды. Үш топқа тапсырма бойынша бағалау критерийлерін
топтардың алдына үлестіріп түсіндірдім.
1-топқа. «Күз-байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2-топқа осы мәтінге бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.
3-топқа «ребус шешу» (күз-мереке, күз-береке)
Әр топ берілген уақыт ішінде тапсырма бойынша ойларын оратға салып, бір-бірімен ақылдасып,
суретін де сала бастады. Одан соң топ ішінен бір оқушы жасаған жұмыстарын ортаға шығып
түсіндірді. Бұл тапсырма барысында мен оқушылардың жарыса ойларын ортаға салып жатқанын, бір-
біріне ынтамен қарап, бірлесіп жатқанын байқадым. Тіпті бұрын сабақта өзімен-өзі болып отыратын
оқушылар мағұлматты анық білмесе де, өзгенің айтқанын құлақ түріп, суретін мен салып берейінші
деген ұсыныстарын да айтып жатты. Сабақтың арасында сергіту сәтін ұйымдастырдым. «Ойлан-
топтас-талқыла» стратегиясы бойынша оқулықтан әр топқа мәтінді тауып оқыту. Бұл тапсырма
арқылы мен оқушылардың мәнерлеп оқуын, жүйелі сөйлеуін жетілдіргім келді.
Одан кейінгі тапсырмам күз туралы мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздырдым.
Соңында сурет бойынша күздің ерекшелігін әр топ қортындылап айтып берді: үй тапсырмасына
күздің суретін салып келуді ұсындым. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін тақтадағы плакатқа
стикермен жазып, жабыстыруын сұрадым. Оқушылар жаңаша өткізлген бұл сабақтың бұрынғы
сабаққа қарағанда қызықтырақ екенін, уақыттың аз болғанын, жазып қалдырыпты. Оқушылардың
сабақтағы ынтасынан мен жаңаша бастаманың алдағы уақытта жақсы әдіс боларына сендім.
Үшінші сабағымның тақырыбы «Адам болам десеңіз» Ана тілі пәнінен өткізілген бұл сабақтың
мақсаты-өлеңнің идеясын ашу.Өлеңдегі үзінділерге ой түйін айта білуін,сын тұрғысынан ойлауын,тіл
байлықтарын дамыту.Өлеңде адамгершілікке,білімдікке,сүйіспеншілікке,талапшылдыққа еңбекті
сүюге тәрбиелеу,бір-бірін тыңдауға үйрету.Оқушылар сабақтың жүру барысынан хабарлы
болғандықтан,топқа бөлінуге көп уақыт кетпеді.Оқушылар суреттер арқылы екі топқа бөлініп,өз
орындарына жайғасты.Сабаққа кіріспес бұрын оқушының көңіл-күйін байқау мақсатында әр түрлі
смайликтер бейнеленген парақшаға әр оқушыға сәйкесінше аттарын жаздырып алдым.Бұл арқылы
оқушының сабаққа ынтасын түсінуге ,сабақ барысында сол оқушыға қолайлы тапсырмамен қажетті
марапаттау қажеттігін түсіндім.Сондықтан бүгін бәріміз бірлесіп жақсы баға алу үшін топ болып тату
жұмыс жасауымыз керек екенін түсіндіріп айтып өттім.Одан соң сынып ережесін еске түсірдік.Бұл
өздері құрастырған ережені еске ұстап,сол бойынша жұмыс жасауларына себептігін тигізеді.Сабаққа
қатыспай отырған оқушыны журналға белгілеп алдым да,әрі қарай сабағыма кірістім.Сабақтың
жоспарын Блум таксономиясына сай құрып көрдім.Алғашқы «Білу»баспалдағында жазушының
өміріне қатысты сандар берумен бастадым.Бұл тапсырмада берілген сандарға қатысты мәліметтерді
айтып өтеді.Өлеңнің авторымен таныстыра отырып,жаңа сабақтың тақырыбын аштым.Осы жерде
видео ролик көрсетілді.Сабақтың мақсатымен таныстырып өттім. Одан соң сабақтағы бағалау
көрсеткішін әр топқа тараттым.Әр топтың белсенді әр тапсырма бойынша өз тобының,өзге топтардың
бір бағасын және мұғалімнің топқа берілген бағаларын бағалау парақшасына түртіп алып
отырады.Бағалаудың бұл әдісі оқушыға сабақ барысында тапсырмалардан алған бағаларын
байқап,өздерін бағалауына,алға қарай ұмтылуына себептігін тигізеді деп ойладым.Келесі тапсырма
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?деген сұрақпен оқушыларды әр түрлі шығармаларымен және
өлеңдерімен таныстырып өттім.Жаңа сабағымыз «Адам болам десеңіз» өлеңін роликпен оқушыларға
таныстырдым.Сабақтың басында екі топқа бөлінуі бойынша ; бірінші топ «Ибраһим»(азан шақырып
қойған аты) екінші топ «Абай» (әжесінің қойған аты). Екі топқа Абайдың «Желсіз түнде жарық –ай»
өлеңін айтқыздым.Осы жерде рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан
ойлауы жатады.Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді ,жазып
алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір
264
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дәлелдерді талқылап,қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс
береді.Бұл арқылы олар,мәселен адамдардың өмір жолын тілге тиек ете отырып,қажеттіліктерді
танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер мен үздіксіз ізденістер туралы біліп,адамның
әлеуметтік –экономикалық өміріне әсер ететін
қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастарымен танысу мүмкіндіктеріне ие
болады.(53-бет,Мұғалімге арналған нұсқаулық)
Келесі тапсырма екі топқа өлеңдегі «Бес асыл қасиетті іріктейді» «Бес дұшпанды» топ болып бірлесіп
отырып жауап берді. Бұл тапсырманы орындап отырғанда оқушылардан байқағаным ,топтың әр
мүшесі үзінді туралы өз ойларын ортаға салып,әркім өз пікірінің ескерілуін қалап,дауласқан
дауыстары да шығып қалды.Келесі тапсырма «Қолдану» баспалдағындағы әр сөзге түсінік беру.Содан
соң «Сыңарын тап»ойыны(мақал-мәтелдер жалғасын табу) екі топқа да берілді.Екі топта жақсы
орындап айтқандарға қол шапалақтау арқылы формативтік бағаланып отырды.Формативтік
(қалыптастырушы)және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960жылдардан бастап
белгіленген,бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бір мәнге ие болатын
бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты
мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану
болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.(21-бет,бағдарлама)
«Талдау» баспалдағы,одан кейінгі тапсырма суретпен жұмыс «Ой толғау» әр топ өз ойларын постер
қорғау арқылы жазып шығарды.Жинақтау баспалдағында «Тобықтай түйін» салыстыру
жасалды.Білім мен байлықты салыстыру.Білім,Білім сені бағады.Білім досыңды көбейтеді.Білімді
ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ.Білімің көп болса,сені құрметтейді. Ал,Байлық» Байлықты сен
бағасың.Байлық дұшпаныңды көбейтеді.Дүниеңді ұрылардан күнде қорғайсың.Байлығың көп болса
қызғанады.Сабақ аяғында бүгінгі топтардың жұмысын бағалау үшін алдарындағы бағалау
парақшаларындағы бағалардың ортақ қорытынды бағасын айтып өтеді.Үй жұмысына өлеңді жаттап
алуды бердім.Одан соң көңіл-күйді білдіретін смайликтердің астына сабақтан алған әсерлерін жазып
қалдырады.Мен оқушылардың бойынан қазіргі жаңа тәсілден қызығушылығын,сабақтың
ұнағанын,бұрынғы дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі,тиімді жақтары болғанын түсіндім. Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен
заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз
бетімен білімді игеруге , бір- бірімен қарым – қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу , жазу,
сөйлеу жене тыңдау сияқты іс – әрекет . Ол – белсенді , тұжырымдалған , күрделі шын ойды айтатын
құбылыс.«Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту » бағдарламасымен оқытудан
оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады.Шығыс
даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсен есімде қалар. Ал, өзім істесем,
үйреніп алам».Сыни ойлату арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен.
Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін – өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау
қабілеттерінің артатыны байқалды. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір
оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімінің емес , оқушының іс- әрекетімен
бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында
оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру мақсатында сыни ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға
сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл
қайнаған істің ортасында білім алу ісін ұйымдастырушы деуге болады.
(http://www.vestnikkfu.info/journal/13/493/)
Қашықтықтан оқыту кезеңінде мен өз сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану
арқылы байқағаным:
Дәстүрлі сабақтарда
Жаңа тәсілді қолданғанда
Мұғалім сабақты түсіндіреді
Топқа бөлініп ой қозғайды
Оқушыға шығарма жазу
Мәтінмен өздері танысады
265
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұсынылады
Оқушы мұғалімнің түсіндіруі
бойынша тапсырманы
орындайды
Шығарманың ең құнды
мәселелерін анықтайды
Сабақтын мазмұнын айтып
береді
Өзіндік ой-пікірін айтады
Бұл салыстыру кестесінен «сыни тұрғыдан ойлау» әдісін қолдану арқылы оқушыны
шығармашылыққа баулуға болатынын байқадым.
Курс кезінде білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдермен таныстым.Ғылыми зерттеу нәтижелері
сабақта диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті.Практика кезінде төртінші сабағымда
оқушылар өз ойларын топпен ақылдасып,бір шешімге келгеннен кейін әр топтан бір оқушыдан
шығып сұрақтарға жауап берді.Топпен жұмыс жасаудың тиімді екенін түсіндім.Себебі топта отырған
оқушылар бір-біріне көмектеседі,дарынды балалар нашар балаларға түсіндіреді.Выготскийдің білім
беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.[нұсқаулық 38-
бет].Оқушыларды сабақта сөйлету үшін,әңгімелесу әдісін пайдалана отырып оқушыларға ашық
,жабық сұрақтар,қайталама сұрақтар қойдым.Топ басшылары өз тобын бағалап
отырды.Сондықтан,оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі
ерекше.Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді.
-оқушылардың өз ойларын ашық айтуға үйреніп келе жатқанын,
-бір-бірін тыңдауға үйреніп келе жатқанын,
-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге үйрене бастағанын байқадым.
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі
емес,керсінше,идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі
алға жылжиды деп тұжырымдайды.[ нұсқаулық 39-бет
Әр тапсырма, әр жауап мұғалім тарапынан мадақтау сөздерімен, шапалақтаумен оқушыларды
ынталандырып отырдым.
-Бұл әдісті қолдану арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс – әрекет түрлерін
мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимын. Әрбір оқушыны өз беттерімен көркем
туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз.Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты
бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.
Сонымен ана тілі сабағында проблемалық сабақтарды бөліп алу, талқылау , өзіндік қорытынды жасау,
өзін –өзі бағалау жұмыстары балаларды шығармашылыққа , жүйелі білімге жетелейді.
Мынадай қорытындыға келдім:
1.Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2.Жаңа білім бойынша өз жобалары болжамдарын тыңдап талқылау.
3.Бір – бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтса білуге дағдыланады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында,қажетті дағдыларды
дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл –
балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.Бізде балалардың
қызығушылығын оятып,олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға
болатын,әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы
мысалдар жеткілікті.
Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып,бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер
жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды
дамытуды қарастырады.Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
Бақылау
Талдау
Қорытынды
интерпретация
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік
үлгілері,зерттеушілік әңгіме,дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді
266
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар,жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне
және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті.[49-50бет нұсқаулық]
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы .Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін
сабақтарда қолданудың маңызы зор,тиімді.Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану
негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз
ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.Ізденіске баулып,естіп көріп
білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді жақтары:
1.Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.
2.Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3.Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4.Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым –қатынастар орнайды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҚЫМЫЗДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
Ғылыми жоба
Авторы: Мұратбай Нұрбол
Тақырыбы: Қымыздың емдік қасиеттері
Сыныбы: 2
Мектебі: №203 орта мектеп
Жетекшісі: Байкенжеева Ғалияш
Жалағаш ауданы,Жаңадария ауылы №203 орта мектептің 2 – сынып оқушысы Мұратбай Нұрболдың
“Қымыздың емдік қасиеттері” атты ғылыми жобасы ізденімпаздықпен жазылған жұмысына жақсы
баға беріледі.
Жетекші пікірі
Жаңадария ауылы №203 орта мектептің 2 – сынып оқушысы Мұратбай Нұрболдың “Қымыздың
емдік қасиеттері”атты тақырыпта жазылған жоба жұмысына жақсы деген баға берілді.
Оқушының кең ауқымды жазылған аталмыш тақырыптағы еңбегі:біріншіден-қымыздың емдік
қасиеттері туралы білім беру,екіншіден – жылқы қасиеттері төрт түліктің бірі екендігі туралы
түсіндіру.
Қымыздың жасалу жолын жетік меңгеріп, оның күрделі процесс екенін сезіне білуі керек.жұмыс
арқылы жан-жақты талдауға деген ұмтылысы байқалады.Сондықтан Мұратбай Нұрболдың ғылыми
жобасы жақсы деңгейде жазылған деп есептеймін.
Пікір
Бұл оқушының жұмысында қымыздың емдік қасиеттерін,ондағы адам денсаулығына
пайдасы,жылқының сүтінен жасалытын сусын екенін және емдік қасиеті бар қымыз
дайындалытынын білді. Мал шаруашылығындағы жылқының маңызды оқушы жан-жақты
қызығушылықпен,дайындығы байқалды.
Аннотация
В данной работе учащегося рассмотрены качества кумыса.
Кумыс – это молочная смесь,приготовленная из молока кобылы,окисленное своеобразным путем.
У древних казахов он считался как лечебное средство, и как жаждоутоляющий напиток.
Все эти важные свойства,присущие кумысу,ярко выражены в работе ученика.
Kymyz
We have a lot of traditional drinks and one of the is kymyz.
Kymyz is a sour mailk beverage made of mare’s milk.In new warm mare’s milk add about few Persent of
sour milk bacillus ferment.
In a little while,pour the blend in bowl and let stand in a cool place.
We are proud of kymyz that we have this very nice drinkable thing.
267
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жоба тақырыбы: “Қымыздың емдік қасиеттері”
Жобаның мақсаты: Оқушыларға қымыздың емдік қасиеттері туралы білім беру.Қымыз жылқы
сүтінен жасалатын сусын болғандықтан,жылқы туралы,оның ерекшеліктері және жылқы қасиеттері
төрт төлектің бірі екендігі туралы түсіндіру.
Міндеті: Қымыз шипалы әрі емдік сусын екендігін түсініп,жылқы малын құрметтеп қадірлеуі
қажет.Қымыздың жасалу жолын жетік меңгеріп,оның күрделі процесс екенін сезіне білуі керек.
Өзектілігі:Қазіргі уақытты ата – бабамыздан келе жатқан ауруға ем,шипалы сусын қымыздың тұтыну
азайып барады және оның қасиеттері,құнарлы ас екенін қазіргі жастарымыз ұмыта немесе тәтті
сусындар орнына қымыз ішкен пайдалы екенін түсініп,оны дүкендерде көптеп сатып,адамдардың
сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |