Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


Он екі нәрсе адамға пақырлық келтіреді



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

Он екі нәрсе адамға пақырлық келтіреді:
Өтірік сөйлесе. 2. Өтірік ант ішсе.  3. Арам күйінде тамақ жесе.  4. Кез-келген шөппен тісін шұқыса.
5. Нан үгіндісін жерге тастаса.  6. Қолын жумай тамақ жесе.  7. Ата-анасын атымен атаса. 8. Дәрет
алған жерге намаз оқыса.  9. Шалбарын түрегеп тұрып кисе.  10. Шамды үрлеп өшірсе.  11. Етегімен
бетін сүртсе.  12. Ғылымды қорласа – осылардың бәрі де адам басына пақырлық келтіреді.
   18 мың ғаламның падишасы Ұлы Аллаһ Тағаланың есеп – қисабында шек жоқ. Жалпы Космология
құрылымы керемет жасалынған. «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі» деп Абай
атамыз айтпақшы, кейбір дүниеден тыс нәрселерге ой – санамыз жетпейді. Бірақ өзіміз өмір сүріп
жатқан жаратылыс хақында пікір жасау арқылы ала аламыз. Кез – келген дүниенің өзара орайласып,
шым – шытырық байланысып, халықтың қажетіне жарауы біздер үшін ойланарлық ғибрат. 
Көне Грекия
  Ежелгі   дүние тарихында Грек елінің алатын орны ерекше. Себебі, Көне Грек елінің ұлы ғалымы
Пифагор б.д.д. V ғасырда Самос аралында дүниеге келген. Жасынан білім ғылымға үйір ол Египет
елінде білім алып, б.д.д 530 жылы гректердің Оңтүстік Италиядағы Отар қаласы Кротонға келіп,
Пифагорлық   одақ   құрды.   Пифагорлықтар   бірге   өмір   сүріп,   ашқан   жаңалықтарын   барлықтарына
ортақ деп санады. Пифагорлықтар өздерінің зерттеулерін «Математа» деп атады. Бұл сөз «ғылым»
деген   мағына   білдіреді.   Олар   «Математаны»   төрт   бөлікке   бөлді.   Олар:   арифметика,   геометрия,
астрономия және гармония (музыка  туралы ілім). Олардың бастысы болып сандар туралы ғылым –
215

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
арифметика   болды.   Себебі,   арифметика,геометрия,   астрономия   және   гармонияның   негізгі   болып
саналды. 
Үндістан
  Күнделікті   өмірімізде   қолданылатын   сандар   шамамен   бұдан   1500   жыл   бұрын   Үндістанда   пайда
болған. Әуелі  сандар сызықшамен белгіленген.  Кейін оларды атап үйренді. Өмір оларды санауға,
өлшеуге   үйретті.   Адам   баласы   қазіргі   біз   түсінетін   сандарды   үйренуге   талай   ғасырларды   бастан
кешірген. Әуелі   олар табиғи сандарды (1,2,3,4,5,6,7,8,9) меңгерсе нөлдің пайда болуынан сандарға
революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруге жаңа жүйелерді өмірге әкелді. Олар 10-дық, 12 - лік, 60
– тық санау жүйелері болды.
«цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде Цифр- « шунья », арабтарда « сифр » сөзімен
түсіндіріледі.   Яғни,   «бос   орын»,   «түк   жоқ»   мағынасында   алынған.   Ғылым   мен   өнердің   қайта
өркендеген дәуірде (XV̵XVI ғасырларда) математикалық   еңбектер латын тіліне аударылып, «сифр»
сөзі   сол   қалпы   қалдырылды.Тек   алғашқы   әрпі   «ц»   деп   өзгертілген.   «Цифр»-0,   «бос   орын»
мазмұнында жазылғанымен, кейін 1-ден 10-ға дейінгі сандар кестесі арқылы өрнектеліп, жаңа күрделі
сандар   тізбегі   өмірге   келген.   Ол   математикада   натурал   сандар   деп   атайды.   Нөл   таңбасы   басқа
сандарға елеулі  өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Сандар сыр шертеді
саны:     бұл   сан   абсолюттік   символы.   Шексіздік   белгісі   және   жаратылмаған   әлемнің   саны   болып
табылады.  Бұл барлық  заттардың  бастамасы.  Графикалфқ  жоба  бойынша  сақина  немесе  дөңгелек
ретінде белгіленеді.
саны:   Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық
санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді.
Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.
саны: Пифагорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және
теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық,
мейірімділік   пен   қатыгездік,   жарық   пен   қараңғылықтың,   байлық   пен     жұтшылдықтың   арасында
жүреді.
саны: Пифагорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан.
Көптеген  халықтарда   3 саны есептеудің  соңы  деп саналды.   Оны толықтың,   толудың,   аяқталудың
символы     деп   есептейді.   Ежелгі     Грекияда   бұл   сан   бақытты   деп   саналса,   Ежелгі   Вавилонда   үш
құдайға: Күн, Ай, шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті
сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3)
үш өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.
саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік,әділдіктің символы   болып саналады. Ол шаршы
түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер,
су,   ауаны   білдірді.   Геометриялық   бейнелеуі   шаршы   немесе   ромб.   Славьянсимволикасында-   жер.
Жапондар мен Қытайлар  4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді.
саны:     Пифагордың   аса   көп   көңіл   бөлген,   бақыт   саны  деп  есептеген,   ертеде   оны   тәуекелге   бару
символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және   тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5-
жай сан, 5- саусақ санау жүйесінің бестігі, 5- тармақты жұлдыз, 5- сезім  (көру,есту, тітіркену, сезіну,
тепе-теңдік). Проваслав шіркеуінде 5 басты   діни мереке бар. Буддизм ілімінде 5 басты өсиет, ал
Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.
саны:     Бұл   сан   туралы   бір   нәрсе   айтуға   бола   ма?   6   саны   дүниенің   жаралуын   білдіреді.   Әрине,
Пифагор оны ерекше сан деп есептеген,басқа сандардан  ерекшелігі оның өзіне тән  ерекше қасиеті
бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3-ке бөлінеді.
Оларды қосып немесе қоссақ қайтадан 6 саны шығады. (1+2+3=1*2*3=6) мұндай қасиет басқа еш бір
санда   қайталанбайды.   6-   шығармашылық   сан.   Геометриялық   дәлдігі   дұрыс   алтыбұрыш-жетістік,
еркіндік, махаббат, адам бейнесі (екі қол, екі аяқ, бас, дене) тегіс, шығыңқы фигуралар алтыбұрыш. 6
саны шай және ас ішу сервиздарының   саны. 6 саны бұл әсемдік пен үйлесімдік саны.
саны:     Бұл   санды   Пифагоршылар   Афинамен   байланыстырған.   Ежелгі   Египет   философиясы   мен
астрономиясында ол өмірлік екі санның 3 пен 4-тің қосындысы деп қарастырылды. 3 адам - әке,
216

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
шеше, бала өмірдің негізін қалайды.  Ал 4- бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге
дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, 3 пен 4-тің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш
символдары), аяқталғаның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп саналған. Сондықтан 7 саны
қасиетті саны,  өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы 7
«тесік» арқылы түйсінген. (2 көз, 2 құлақ, 2 мұрынның екі танауы, аузы). Мұсылмандарда Аллаһтың
қасиетті орны жеті қат аспан деп саналады. Жапондарда 7 қайырымды құдай, адам өмірінде 7 рет
сәттілік болады. Жеті саны- халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық,
күлше тарату, Әлемнің жеті кереметі, апта күнінің саны жетеу, ғарыш әлеміндегі жеті қарақшы.
саны:  Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. 8 саны 8 төбесі
бар кубты білдіреді. 8 санының   құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. 8 саны-
мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны  бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді.
Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2,2,2,2)
саны:   Қателіктер   мен   кемшіліктер   бірлестігі.   9   санының   қасиетіне   тоқталсақ,   ана   құрсағындағы
нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге
келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған.  Көшпенділер 9
санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны
қасиетті болып есептелінген. (тоғыз шелпек, тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз т.б.
саны:   Он саны   үйлесімділік пен рухани  толығудың бейнесі   болып саналады.   Ол  орта   ғасырлық
Европада   1+2+3+4   сандарының   қосындысы   ретінде   философиялық   тастың   символы   болып
есептелінген. 10 саны ондық санау жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында
қолданылады.
саны:  Он екі санының қасиеті өз алдында. Бір жыл он екі айдан тұрады. Кейде бұл сан теңеу тіркес
ретінде қолданылады. «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тұрақты 
тіркес пәк, бейкүнә деген ұғымды білдіреді. Әр жылға он екі жануар, хайуанаттар аты берілген.
 саны:  сәтсіздік саны. 13 санына сенбеушілік пен қорқақтаушылық көп елдерде кеңінен жайылған.
40    саны:     Қырық   санына   байланысты   оның   қасиетін  ашатын    мағыналы  тіркестер   көп  көлемде
таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап,
қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық
күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзбаған,
қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - Қыдыр» деп қонағын күтіп қалғанды айтады. 
60  саны:  Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мағынаға ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.
Сандар өткен тарихи белестер
    Тіпті,   адам   баласы   дүниеге   келген   әртүрлі   таңбалардан   бұрын,   сандарды   меңгерместен   -   ақ,
сөздердің   мағыналарын   халықтың   сөздік   қорларынан   жиі   аңғарамыз.   Сан,   санау   әдістері   әуелде
әртүрлі жолдармен дамығанын да байқаймыз. Мысалы, Египет, вавилон, Грек тілдеріндегі сандық
таңбалау әдістерінен- ақ көреміз. Көне американ үндістерінің санау жолдары осы соқпақты бастан
кешірген. Олар сандарды ертедегі шумерлер сияқты көрсеткен. Мысалы, американдық үндістердің ер
адамдары аң аулауға, ұзақ   сапарға кеткенде, үйлерінде қалған әйелдері үй иесінің оралу уақытын
түрлі-түсті жіптермен немесе жіптен түйін түйіп белгілеп отырған. Түске боялған жіптер адамның
көңіл-күйін білдіріп, белгілі ұғымдарды берген. Қара бояу - қайғы – қасірет, ақ бояу – бейбітшілікті,
ал сары бояу – алтын, күн ұғымын білдірген.
     Осындай санау әдістерінің бірі орыс халқының «бирка»   деген борышты өтейтін белгілерінен де
көруге болады. Егер еңбек адамы жер мен дін иелеріне берешек болса, онда ағашқа кертіп, оны екіге
бөліп отырған. Салық жинаушымен есептескенде, осы екі ағашты беттестіріп, тексеріп отырған екен.
Бұл әдіс – хат танымайтын адамдар тапқан сандық таңбалардың бірі деуге болады.
Түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды
меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір  санын үйрену үшін саннан бұрын
заттың   белгілерін,   қасиеттерін   салыстырып,   олардың   бізге   жеткен,   халық   педагогикасынан   –   ақ
байқаймыз. Мысалы: Ай, Күн – біреу өзі де біреу. Осы бір санының сөздік баламалары – жеке, дара,
жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдіреді. Енді, адамдар 2 санын меңгере бастады, ал бұл
санның баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ
217

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
болса, киім сатып алғанда екі қолға, екі аяққа бір - біржұптан қолғап пен етік алады.
мен  2 санынан кейін адамдар 3 санын ұзақ жылдар бойы үйрене бастады. Бұл сан тұрмыста өте жиі
кездеседі. Мысалы, ошақ бұты – тері киім 3 бойдан (кеуде мен жең) тұрады, шалбар да  3 бойдан  (бел
мен балақ ) тұратынын байқаған. Сөйтіп, бір алақандағы 5 саусақты меңгеріп, екінші алақандағы
саусақтарға көшіп отырған. Егер саналатын заттың мөлшері көп болса, екі аяқтағы бақайды қосып, ол
жетпесе екі алақанды саусақ пен бақайдың буынын санап, қимылдайтын бүгілетін дене мүшелерін де
пайдаланған.
Сандар әлем халықтарының қолданысында
       Баяғы замандарда түркі тайпалары жайлауда отырып, бірнеше түтіннен тұрған екен. Олар сол
кезден – ақ санның   орнына жанұя мүшелерін, ауыл санын   әр үйден шыққан түтінге балаған. Сол
кездегі ырым бойынша, жанұя мүшелерін қолмен санамаған, өйткені адамның шығыны болады деп
түсінген. Ол кезде торғауыттар – 10 сан, қалмақтар – 40 сан, ноғайлықтар – 100 сан, қырым татарлары
– 40 сан түтіннен тұрған екен. Мұндағы сан ұғымы ол кезде «мың» деген сандық ұғымды білдірген.
    Түрік халқы сан деген ұғымды өздерінің сөздік қорларында әртүрлі атаған. Мысалы: сан, сансыз,
қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол   заттардың ең кішкентай   бөлшектерін
кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат
тебеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек  ұғымдарды – жарым,
жарты деген. Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі
елінің   шаңырағын   шайқалтпай   отырған   қазақ   елі.   Түркілер     саудадағы   айырбас   кезінде   өз   дене
мүшелерін жиі пайдаланған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, сере қарыс, кере қарыс, табан, бір елі,
екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша,матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты
– шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақыт   ұзақтығын өздерінің
күнделікті тұрмыстарынан алған екен.
Санды   орыс   тілінде   «число»   дейді,   бұл   сөз   латынның   «числяре»   деген     сөзінен   алынған.   Оның
мағынасы ұсақ тас кесу, керту, белгі сияқты түсінікті береді. Сандардың дамуына әлемдегі пайда
болған алфавит реттерінің әсері де көп болды. Алфавиттің пайда болуынан сан мен фонетика арасы
бөлініп, әрқайсысы өз қызметін атқара бастады. Санау жүйесінің арасында әр халықтың заманына
қарай санағы болады. Солардың ішінен тек біреу ғана әлі күнге дейін қолданыста. Оған 2,5 мың жыл
болса   да   ол   сандар   бәріне   таныс.   Осы   сандар   сағаттарда,   ескерткіштерде,     кітап   парақтарында
кездеседі.   Ол   –   римдік   санау   жүйесі.   Одан   кейін   римдік   санау   әдістері   орын   ауыстырды.   Бұл
сандардың пайда болуынан кейін сандарды қосуға, алуға жағдай туды. X+V=XV, XX-X=X.
Жұлдыз жорамалшылар  пайымдауынша сандар қасиеті
XV   ғасырларда атақты КорнемейАгриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба
жұмыс   жасаған.   Содан   бері   астрологтар   планеталық   әсерлерді   бағалап,   маңызды   сандық
астрологиялық   ақпараттарды   жинақтаған.   Жұлдыз   –   жорамалшылардың   пайымдауынша   әр
планеталардың   өзінің   сандық   мағынасы   бар.   Мысалы,   Меркурий   –   4,   Нептун   –   9   сандарымен
байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен
шығармашылық   әкеледі.   Ал   нептун   адамға   күшті   психологиялық   энергия   береді.   Ол   да   үлкен
жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне   байланысты   бақытты, бақытсыз
күндері   анықтаған.   Әр   адамның   туылған   күні,   айына,   жылына   байланысты   өз     санын   шығаруға
болады.
Өз саны
Ай ішіндегі сәтті күндер
1
1,10,19,28
2
2,11,20,29
3
3,12,21,30
4
4,13,22,31
5
5,14,23
6
6,15,24
7
7,16,25
8
8,17,26
218

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
9
9,18,27
Қорытынды
         Сандық ұғымдар математика пәні бойынша бізді қоршаған дүниенің бір жағын, яғни сандық
қатынасын   білдірді.   Демек,   тіл   –   адамзат   қоғамының   дамуы   барысында   қатынас   құралы   ретінде
ерекше   қызмет   атқарса,   сан   ұғымдары   да   ұзындықты,   уақытты,   салмақты,   бөлшекті   және   заттың
құнын анықтаса, ол да осы белеске ие болған. 
         Егер сан таңбалары болмаса, рухани өміріміз бен күнделікті жұмысымызды   өз дәрежесінде
жүргізе алмай, халқымыздың тарихи халқының ар – ожданы болған ұлы Абай да былай деген:
«Дүние – үлкен көл, алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпен көрісер, баяғыдай
көрінер».
         Адам жас кезінде есейгенде аңсаса, елудің белінен асқанда, балалығын еске алып, содан қуат
алады. Егер әр жас ұрпақ көңілінде ұялап қалған өмір суреттерінен өкінбес үшін, тал бесікпен жер
бесік   арасындағы   жылт   еткен   өмір   сәулесін   мағыналы   өткізсе,   уақытпен   жарысып,   артына   із
қалдырса, ата – ана тілегі де осы емес пе? Уақытты босқа өткізу ессіздіктің ісі ғой.
   Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай  саласы болмасын санмен
өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де
санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Пікір
№40  жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Абишова  Бекзат Абсултановна
Ахтанқызы   Гаухар   «Сандар   қасиеті»   атты   тақырыпта   біраз   уақыттан   бері   ізденіс   жүргізуде.
Қарастырылған   жобада   сандар   және   олардың       қасиеттеріне,   түрлеріне,   ерекшеліктеріне   толық
тоқталған.   Математика   әлемінің   тереңіне   бойлап,   оның   аса   мазмұнды   да,   көпшілік   қажетіне
жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.
        Оқушы   өзіндік   ізденіс   жұмыстарын   жүргізіп,     ақпараттар   жинаған.   Жобада   қолданылған
әдебиеттер   санын  көбейтіп,   ізденіс   жалғастыруда.   Әлі   де   болса   дерек   жағынан  молырақ   қамтып,
архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.
    Бұл   ғылыми   жоба   білімділік   пен   тәрбиелік   мақсаттарын   жүзеге   асырумен   қатар,   оқушыларды
шығармашылыққа баулуда үлкен маңызы бар.
     Осы жоба   ішінде оқушыларға таныс емес сандар қасиеті енгізілген. Мектеп оқушыларына осы
ғылыми жобамен  таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.
   «Сандар қасиеті» тақырыбын одан әрі жүргізетініне,оның қолдау табатынына сенім білдіремін.
Қолданылған әдебиеттер
1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р, Дүсіпбаева Қ.С, «Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескеліктері» Ғылыми 
басылым  ШҚТУ , Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан  тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті  Алматы 2001 ж.
5. Дж. Болл «Бәрі де сандар туралы» Алматы кітап 2006 ж
6. Азия транзит әдеби – танымдық  журналы.
7. Математика оқулық беттерінен и.Я. Депман, Н.Я. Виленки; «Просвещение», 1989 ж.
8. Факультативный курс   по математика 7-9  И.Л. Никольская; «Просвещение» 1991ж. 
9. Физика және математика журнал беттерінен
10. Математика әлемінде  В.В.Волина  1999 ж.
11. Интернет беттерінен
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ – ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
219

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Кельдибаева Айгуль Рымбаевна
Қарағанды облысы Осакаров ауданының 
«Осакаровка кентінің № 1 ОМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазіргі  кезде  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласында  түбірлі  өзгерістердің  болуына
байланысты  білім  жүйесінде  де  біршама  жаңарулар  болып  жатыр. Жаңа заман дәуірі оқушыдан
тек жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу
қызметі   барысында   алынған  тұтас   білім   мен  шынайы  өмір  тәжірибесі     негізінде   тұжырымдалған
тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент, магистрант. Бүгінгі бала – қоғамның ертеңгі мүшесі. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін,
жауапкершілігі мол жұмыс. Сондықтан да     білім берудің негізгі міндеттерінің бірі -   оқушыларды
заманауи тұрғыда, жаңаша оқыту, оларды ойлана білуге үйрету, оқушы кез-келген жаста туындаған
проблемаға төтеп бере алатындай етіп тәрбиелеу. 
Жалпы орта білім берудің басты мақсаты - шығармашыл, бәсекеге қабілетті және құзырлы тұлғаны
дайындау. Ал құзырлы тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін оқушыларды шығармашылыққа,
зерттеу жұмыстарына баулу қажет. Себебі зерттеулер, iзденiс қажеттiлiгi баланың биологиясына тән
қасиет  екендiгi   ешкiмге   таңсық   емес.   Зерттеу   балаға   тән,   қалыпты  жағдай  .Әрбір    денi   сау   бала
зерттеушi болып туылады. Көз алдымызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетейікшi! Бала бұл
ойыншықты  жан-жақты  қарайды,   умаждайды,   жапырады,    тiстейдi,   ал одан сәл ересектеу бала  –
бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз объектiнi немесе құбылысты байқаған бала,
ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?”  деген сұрақтарын жаудырады. Баланың қажымай-талмай
жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгілi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден
өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi
десек қате болмас. Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа
бiткен   қасиет.   Баланың   нақ   осындай   танымдық   ынтасынан   зерттеулiк   бағыты   қалыптасады   және
зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Сондықтан да оқушының бiлуге деген құштарлығын бастапқыдан
қолдап, үнемі дамытып отыру - бiлiм берудегi маңызды мәселелелердiң бiрi. Ал оның шешу жолдары
– оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың   өзіндік   зерттеулері   олардың   жеке-дара   қажеттіліктері   мен   сұраныстарын
қанағаттандыруға   ықпал   етеді.   Ғылыми-зерттеу   жұмысын   жазу   барысында   оқушының   бойында
ізденіс әрекеті ұйымдастырылады, проблеманы танып, оны шеше білу дағдысы қалыптасады.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін
дамытып, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының
интеллектуалдық   дамуының   өсу   деңгейін   арттырады.   Ғылыми   сипаттама   беруді   үйренеді.
Ғалымдардың   тәжірибесіне   негізделген   материалдарды   іздестіріп,   танымдық   белсенділігін
арттырады.   Ғылыми   еңбектермен   жұмыс   жасау   әдістерін   меңгереді.   Ғылыми   жұмыстардың
теориялық   және   тәжірибелік   аспектілерін   шешуде   шығармашылық   белсенділік   көрсетіп,   ғылыми
нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің
ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады. 
 Бұл функциялар ғылыми-зерттеу жұмысының жазылу барысында орындалып жатса,  жобаны қорғау
кезеңінің   де   тиімді   жақтары   бар.   Қорғау   баланың   зерттеулiк   iзденiсiнiң   мотивациясын
қалыптастыратын   фактор   болып   табылады.   Жеке   шығармашылық   iзденiсiнiң   қорытындысын
хабарлау басқаны оқыту әрекетi болып саналады. «Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың» деген
Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда.
Өз   жұмысын   қорғау   –   қазiргi   өмiрде   маңызды   дағдыларды   игеруге   мүмкiндiк   туғызады.   Қорғау
барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға, проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын
дәлелдеуге,  басқаны сендiруге  жаттығады.  Сондықтан  да  жүзеге  асырған жобасын қорғау  кезеңiн
елеусiз қалдыруға болмайды.
Ғылыми-зерттеу   жұмыстарын   ұйымдастыру   –   біздің   мектебімізде   басты   мәселеге   айналып   отыр.
Оқушыларды   зерттеу   жұмыстарына   баулу   бастауыш   сыныптардан   негіз   алады.   Бұл   орта   буынға
220

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
келген     оқушының   белгілі     бір   пәнге   деген   қызығушылығын   қалыптастырып   қана   қоймай,
ізденімпаздылыққа   жетелейді.     Мәселен,   мен   өз   практикамда   оқушыларды   осындай   зерттеу
жұмыстарына   баулуда   көбіне   сабақтарда   этнопедагогика   элементтерін   қолдану   мәселесіне   ден
қоямын. Сабақтарда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертіп қана қоймай, қазақ халқының
ұлттық болмысы мен құндылықтарын танытуға жетелеймін. Соның нәтижесінде   бірнеше ғылыми-
зерттеу   жұмыстары   жазылып,   қорғалды.Атап   өтетін   болсақ,   Юсупова   Петимат   «Жеті   –   қасиетті
ұғым» атты жобасында қазақ ұғымындағы 7 санының қасиетін қарастырып, осы санмен байланысты
атаулардың түпкі мағыналары мен тәрбиелік маңызын сараптап, құрамында жеті саны бар мақал-
мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жинақтады. 
Солдатов Сергей қазіргі қазақ балалары арасында ұмытыла бастаған асық ойындарына қызығушылық
білдіріп, «Қазақтың асылы - асық» атты зерттеу жұмысымен айналысты. Жұмыс барысында оқушы
асық түрлері мен атауларын зерттеп, асық ойындарының тәрбиелік мәні мен пайдасын ашып, асыққа
қатысты ойын түрлерін жинақтады. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы Сергей қазақ халқының
ұлттық   ерекшелігін   тани   түсті.   Көптеген   байқаулардың   жеңімпазы   Забровская   Александраның
республика көлемінде қорғаған «Жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестер» атты ғылыми-
зерттеу   жұмысын   ерекше   атап   өтуге   болады.   Мектебіміздің   биылғы   жылғы   түлегі   Кореновская
Юлияның   «Даналық   ойдың   жемісі     -   тыйым   сөздер»   атты   жұмысы   да   сәтті   болды.   Аталған
жұмыстардың бәрі аудандық, облыстық жобалар байқауында жүлделі орындарды иеленді.  
«Бұлақ   көрсең,   көзін   аш»   деген   ұлағатты   сөзге   сүйеніп,   бар   мүмкіндікті   пайдаланып,   баланың
қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта
білуіне   жағдай   жасау   –   мұғалімнің   басты   міндеттерінің   бірі.   Ендеше   мектепте   оқушыны
ізденушілікке   баули   отырып,   ғылым   мен   техниканың   жетістігіне   сәйкес   армандарына   жетуге,   өз
жолдарын   дәл   табуға,   ғылымға   жетелеу   арқылы   өздерінің   қабілеттерін   ашуларына   көмектесуіміз
қажет.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет