Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ
Ещанова Гүлжан Кенжешқызы информатика пәні мұғалімі
        Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектеп Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы
«Еліміздің   ертеңі   бүгінгі   жас   ұрпақтың   қолында,     ал   жас   ұрпақтың   тағдыры   ұстаздардың
қолында» Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім
беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы
жоқ.   Осы   орайда   білім   ордасы   –   мектеп,   ал   мектептің   жаны   –   мұғалім   екендігі   баршаға   мәлім.
Мұғалімдік қызметтің басты бағыты – тәрбиеленушілермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен
рухани мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,
ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-
дәстүрді   аялай,   ардақтай   білуге   тәрбиелеу   –   басты   міндеттердің   бірі.   Жас   ұрпақтың   ұлттық
дүниетанымын, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөз мәнерін қалыптастыруда ұлттық
құндылықтарымыздың   алатын   орны   ерекше.   Оқушылардың   мәдени   құзыреттілігін   қалыптастыру,
оны ұлттық құндылықтарымызға негіздеу бүгінгі жаһандану дәуіріндегі педагогика ғылымындағы
айшықты міндеттердің бірі.  
Бізді де осы үрдістен алып шығар–ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз   және   білімді
ұрпақ   болмақ.   Сол   себептен   де   жас   ұрпақты   тәрбиелеуде   басты   ұстанар   бағытымыз   –   ұлттық
құндылықтар   болуы   қажет.   Осындай   бағытта   баланың   бойына   ұлттық   құндылықтың   нәрін   сеуіп,
азамат қылып өсіру ұстаз бен ата-аналарға байланысты. Осы жерде  тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен
бастау алатындықтан ұстаздың білімді де білікті болуы  маңызды болмақ. Балаға жүрек жылуы жоқ
жан ұстаз бола алмайтындығы белгілі.
221

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның   тұлғасы
болар  білімді,   тәрбиелі,   мәдениетті   азаматтар  шыға   қояр  ма   екен  деген  ой  көпшілігімізді   әсіресе
тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің
ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты.
Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді
де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың
жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал  бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты   міндет – енселі еліміздің
кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,
тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік  құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай
терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
  Елбасымыз   Н.   Ә.   Назарбаев:   —   Болашақ   ұрпағымызды   тәрбиелегенде,   оларға   жастайынан
имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының
гүлденуіне   өз   үлесін   қоса     алатын   азамат   өсіре   аламыз,   —   деген   болатын.   Ол     үшін   ең   әуелі
ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін  жақсы біліетін
саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан   қатардағы   пендені   нағыз   толыққанды   тұлғаға   айналдыру   үшін   ұлттық   құндылықтар
арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.
Ұлттық   құндылықтарын   бойына   сіңіру   арқылы   бүкіл   адамзаттың   құндылық   тұғырнамасында
қалыптасқан тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми -теориялық білімділігі мен тәжірибелік
қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие
және әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы сынып жетекшіге  жүктелетін міндетте  зор.
Жеке тұлға — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ
айтсақ,   ана   тілі   мен   ұлттық   салт-дәстүрін   құрметтейтін,   басқа   тілде   де   жетік   сөйлей   білетін,
дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа
жету   жолдарын   таңдай   білетін,   жауапкершілігі   мол,   мінез-құлқы,   айналадағы   адамдарға,   қарым-
қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын,
өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға.
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өткен,
бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты.
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра
болып   келе   жатқан   тәрбие   жөніндегі,   баланы   бағып-қағып,   өсіріп,   өнегелі   азамат   етіп   шығару
жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып, бірте-бірте қорланып, бай
тәжірибемен кемелдене келе «Халық айтса, қалт айтпайтын» кемістіксіз, ақаусыз дәрежеге жеткен.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандардан
жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр.
Балаңды   өз   тәрбиеңмен     тәрбиелеме,   өз   ұлтыңның     тәрбиесімен   тәрбиеле,-деп     бабаларымыз
айтқандай   халық   педагогикасы   баланың   тәрбиесі   туып-өскен   ортасына,   ата-ананың,   отбасы
үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Баланың   қалай   өсетіні:   ары   бар,   адал   да,   жер   бетіндегі   жақсылық   атаулы   үшін   күрескер   болып
шығатыны немесе керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан -ашық зұлым адам болып шығатыны көп
ретте   мұғалімнің   балалармен   жүргізілетін   тәрбие   жұмысының   мазмұны   мен   әдістемесіне
байланысты.   Сонымен   бірге   балаға   ұлттық   тәлім-тәрбиені   дер   кезінде   беру,   меңгерту-мұғалімнің
басты міндеті.
“Ел болсам десең, бесігіңді түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие
тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып
үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Елін сүйген адам  сол елдің салт-санасын,  мәдени  мұрасын
қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы әр оқушының   тағдырырының
қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептердің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып,
жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу. 
222

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жастайынан   орнығып   қалыптасқан   тәрбие,   орынсыз   көріністерге   баланы   сын   көзбен   қарауға
үйретеді.Ұлттық   құндылықтарымыздың   туын   биік   ұстап,   жас   ұрпақты   қасиетті   халқымыздың
тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.
Елбасымыз   Н.   Ә.   Назарбаев:   «Біз   құрап   жатқан   қоғамның   ең   жоғарғы   құндылығы   –   адам,   бүкіл
өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Олай болса, оқушының өз
өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер баламен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи
міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға
сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы.
Мектепте   баланың   тарыдай   болып   кірген   күнінен   таудай   болып   шыққанына   дейінгі   аралығында
жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн.
Әр   бала   –Алланың   ата-анаға   тартқан   сыйы,   табиғаттың   ғажайып   құбылысы   десек,   әр   баланың
мүмкіндігі   жоғары-   төмендігіне   қарамастан,   өзінше   тұлға   ретінде   тануымыз   жөн.   Оның
шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға  ұмтылып, баланың әр жастағы
рухани өзгерісі,табиғи тілегін ескеруіміз керек.
Ұлттық   мәдениет   шәкіртті   адамгершілікке,   парасаттылыққа,   жақсы   қасиеттерге   тәрбиелейді.
Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу,
жазу,   білім   жинау,   киіну,   тамақтану   мәдениеті,   қарым-қатынас,   тіл   мәдениеті   тағы   басқа
мәдениеттерден   хабардар   болып,   білмегнін   меңгеруі   және   осылардың   бәрі   ең   алдымен   ұлттық
мәдениетті   игеруден   басталатынын   білуі   қажет.   Қазақстанның   дамуына   үлес   қосатын,   әлемдік
өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-
қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ
халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы
тәрбиелеудің маңызы зор.
Мектептегі   тәрбие   жұмысының   нәтижелілігінің   бір   ұшы   ата-аналар   мен,   мектептің   бірлескен
әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге
асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі
оқу-тәрбие   үрдісінің   мәні   мен   маңызын,   ұстанатын   бағыттарын   түсінеді   әрі   оған  қатысады.   Егер
сынып     жетекші     сыныптың   ата-аналармен   қарым-қатынасты   жақсы   орнатса   онда   сынып
оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда өз мәнінде болады. 
Бала   тәрбиесіне   келгенде   ата-ананың   да,   мектеп   ұйымының   да,   сынып   жетекшісінің   де   жүгінері
қаншама   заман   өтсе   де   маңызын   жоймаған   халықтық,   ұлттық   педегогика.   Сондықтан   ұлттық
құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс.
Осыған байланысты «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты  ата-аналардың
қатысуымен өткізілген шара мектеп пен ата-ана байланысын нығайтты. Бұл шара барысында әке-
бала,   ана-бала   байланысы   жақсы   қалыптасты.   Әр   отбасы   өз   жанұяларын   таныстыру,   өнерлерін
көрсету, ситуациялық сұрақтарға жауап берді.   Бұл кештен балалар өз пікірлері мен ойларын еркін
білдіре   алды,   ата-анада   өз   балаларының   бойында   сыйластық,   адамгершілік,   әдептілік   сияқты
қасиеттерді көрді. 
«Ұстазға   қарап   шәкірт   өсер»   деп   халқымыз   ұстазға   үлкен   жүк   артқан.   Сондықтан   қазіргі   таңда
мұғалімдерге   оқушылардың   тәрбие   жұмысын   ұйымдастыруды   қатаң   талаппен   сұрайды.   Оған
негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.
- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
- мектеппен отбасының байланысын жасау;
Ұстаздардың  жұмысы қиын,  жауапты,  өте  күрделі.  Сондықтан  балаларға  сүйіспеншілікпен қарап,
барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының
дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала
бастады.
Әсіресе   баланың   даму   барысын   есепке   алу,   бейімділігін,   қызығушылықтарын,   сабаққа   деген
көзқарасын   т.б.   кейбір   объективтік   көрсеткіштерді   назардан   тыс   қолдануға   болмайды.   Мектептің
жүрегі   мұғалім   болса,   сыныппен   жүргізетін   сынып   жетекшісі.   Ойымды   тұжырымдай   келе
223

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-
шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.
Әр   халық   өзінің   жас   ұрпағын   қайырымды,   адал,   үлкенді   құрметтейтін,   ержүрек,   ар-ожданы   мол
болып өссе дейді.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ТУҒАН ЖЕРІМДІ СҮЙЕМІН
Ақтөбе қаласы. Благодар орта мектебінің 
4 А класс оқушысы Жүрсін Лаура
Жетекшісі:  Исабекова Айманкүл Шайқұлқызы
Мен туған жерім - Кішіқұм бойындағы - Шалқар өңірі.  Шалқарда Кеңес Одағының батыры - Ідіріс
Үргенішбаев,   сықақшы,   жазушы   -   Үмбетбай   Уайдин,   әнші   Жанар   Айжанова,   белгілі   жүргізуші,
"Жайдарман" бағдарламасының негізін қалаушы - Есен Елеукен,   саясаткер, президент жанындағы
аппарат басшысы - Марат Тәжин сияқты елімізге әйгілі адамдар туып   өскен. Менің туған жерім
Тоғыздан   Ақтөбе     қаласының   әкімі   болған   Сержан   Жаманқұлов,   техника   ғылымының   докторы,
профессор Нағашыбай Жадырасинов шыққан. Осындай атақты адамдар туып-өскен ауылымды, туған
жерімді   мақтан тұтамын. Шалқардай шалқыған көлі бар құтты мекенде көптеген білім ордалары,
бала-бақшалар, мұражайлар, мәдениет үйлері, ескерткіштер бар.
Шалқар   қаласының   маңында   ұлт-азаттық   көтерілістің   батыры   Есет   Көтібарұлының     кесенесі
орналасқан.
АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ  №42 ОРТА МЕКТЕБІ
                               Оразгалиева   Гауhар  Алпысқызы
                                дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сыныбы:10 Күні: 25.10.2013ж
Тақырыбы: Ықшамдалған ережемен баскетбол ойыны
Сабақтың тақырыбы:    Жауырынға тұру .Көпір жасау.
Сабақтың мақсаты:     Оқушылардың дене қасиетттерін нығайту.
Сабақтың міндеттері:  1. Сабақтың тақырыбын түсіндіру.
                            2. Қимыл - қозғалысын жетілдіру.
                           3. Икемділік қасиетін дамыту.
Сабақ өтетін орны:    Спорт зал
Спорттық  жабдықтар:  Спорт  киім, спорттық төсеніш, ысқырғыш т.б.
Сабақтың
бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыт 
мөлшері
Ұйымдастыру және
әдістемелік нұсқаулар
I.Кіріспе
 бөлімі 
Сапқа тұрғызу,түгендеу
 мәлімдеме беру, амандасу сабақтың 
 тақырыбын түсіндіру.
 Саптық жаттығулар:
  а) оңға б) солға в) кері айнал бұрылу
 Жүру жаттығулары: 
  а) қол жоғары,аяқ ұшымен
  б)қол желкеде,өкшемен
  в)қол белде,табан іші,сыртымен
  г)қол алда жартылай отырып жүру.
 Жүгіру жаттығулары:
     1. Тізені көтеріп 
15 
Сапқа сызық бойымеен 
 тұру.Хабарлау, 
түсіндіру.      
 
 Бұрылу техникаларын 
 дұрыс орындау.
 Аяқ ұшымен жүру
 тізені бүкпеу.
 Жартылай отыру,
 денеі тіке ұстау.
 саппен жүгіру 
224

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
     2. өкшені артқа сермеп
    3. Қол белде , аяқты алға созып
    4. Қол желкеде , аяқты артқа созып
    5. Оң, сол аяқпен
    6. Тез жүгіріспен
 Дем алу жаттығулары:
   3 қатар сап түзу.
 Жалпы дамыту жаттығулары: 
 1) Б.қ. қол белде, а.а.и.к. басты 4 сан - 
оңға, 4 сан - солға 
 айналдыру.
 2) Б.қ қол белде , а.а.и.к. 1-басты алға ,
 2-артқа, 3- оңға , 4- солға иію.
 3) Б.қ қол басы иықта а.а.и.к  4 сан-
 иықты алға , 4 -сан артқа айналдыру.
 4) Б.қ оң қол жоғары, сол қол дене 
 бойында,1-2 қолды артқа сермеу, 
 3-4 қол алмастыру.
 5) Б.қ қол басы желкеде, шынтақ 
ашылған. 1-2 оңға бұрылу,
 1-2 оңға бұрылу, 3-4 солға бұрылу.
 6) Б.қ оң қол жоғары, сол қол белде,
 1-2 солға иілу, 3-4 қол алмастырып 
 оңға иілу.
 7) Б.қ.қол белде а.а.и.к. 1-оң аяққа, 
 2-алдыға,3-сол аяққа иілу, 4-Б.қ.
 8) Б.қ. қол басы құлыпта, 4- сан -оң 
 аяқпен , 4- сан сол аяқпен, 3- сан қос
 аяқпен, 4- сан 360 айналу. 
 Сапқа тұру.
 тізені жоғары көтеру,    
 өкшені қолға тигізу,
 аяқ ұшын созу.
 Аяқты түсірмеу.
 Тыныс алу.
 Мойыннан 
 толық айналдыру.
 Иықты дұрыс 
 ұстау.
 Қолды шынтақтан 
бүкпеу.
 Кеудені тіке ұстау.
 Дұрыс иілу.
 Аяқты тізеден 
 бүкпеу, қолды
 тигізу.
II.Негізгі 
 бөлімі 
Гимнастика. Жауырынға тұру, көпір
 жасау тәсілдері.
   1) Жүрелеп отыру.
   2) Артқа жата аяын жоғары көтеру.
   3) Белден қолмен тірей , аяғын созу.
   4) 5 сек аяқты тіке соза тұру
   5) Артқа аунай жартылай шпагатқа
   отыру.
 Осы тапсырмаларды оқушыларға 
 үйрету, қайталату, жетілдіру.
25
Отыру техникасын 
қарау. 
 Аяқты тізеден бүгу.
 Аяқты тіке ұстау.
 Тіке айналу.
III.Қорытынды  
 бөлімі 
 Сапқа тұрғызу. Тыныс алуын 
 қалпына келтіру. Қателерді түзету.
 Оқушыларды бағалау. Үйге
 тапсырма беру. Сабақты аяқтау,
 қоштасу. 
5
Жақсы орындаған   
 оқушыларды атап өту.  
 Сабақты қортындылау.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
225

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ТАҚЫРЫБЫ: «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЖӘНЕ АДАМ»
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауылы, Күршім ауданы
 «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»
қазақ тілі мен әдебиеті
Умутбаева Асыл Булаткановна
ОРЫНДАҒАН: 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЕРЛІКОВА НАЗЕРКЕ
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: УМУТБАЕВА АСЫЛ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: ф.ғ.м.МҮРСӘЛІМ ГҮЛНҰР ОРАЗБЕКҚЫЗЫ
   Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Мұқағали поэзиясының көркемдік қуаты
2.2. Жүрегі табиғаттың тілін білген ақын
2.3.Мұқағали Мақатаевтың табиғат пен адам бейнесін өрнектеуде қолданылған көркемдеуіш тәсілдер
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоба тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы табиғат және адам»
Жобаның құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың   өзектілігі:  ақиық   ақын   Мұқағали   Мақатаев   шығармашылығымен   танысу   арқылы
поэзиясының тақырыптарын саралай отырып табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына талдау
жасау.
Мақсаты:
1.Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен танысу.
2.Мұқағали Мақатаев шығармалары туралы жазылған ғылыми мақалалармен танысу.
3.Мұқағали Мақатаев шығармаларын тақырып бойынша сұрыптау.
4.Табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына әдеби талдау жасауға ұмтылу.
Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. 
Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан, шын күйзелістен шын   
сағыныштан   туған жырлар. Әбіш Кекілбаев
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне қяласа, ол
мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру,
сырғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Қазақта Абай
теңдесі жоқ ақын, ал туған халқының жүрегіне ұялаған ақындар сасақпен санарлық. Соның бірі-
Мұқағали Мақатаев.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали. «Пайғамбардығң атын
түгелдей айту балаға ауыр болады» деп әрі еркелетіп,қысқартып кеткен. Шешесі Нағиманың айтуы
бойынша,1931 жылы 13-наурызда (куәліте 9 ақпан деп қате жазылған). Алматы облысы Нарынқол,
қазіргі Райымбек ауданында қарасты Қарасаз ауылында туған. Ол   кезде әкесі Сүлеймен 1930 жылы
ұйымдасқан Энгельс атындағы колхоздың алғашқы төрағасы еді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда,  яғни Мұқағали 10 жасқа  келген кезде  әкесі  майданға
аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Үй
ішінің бар ауыртпалғы баланың тұңғышы Мұқағалидың иығына түсті.
Сөйтіп, баланың оқушылық кезі қой бағып, егін орып, кетпен шабумен өтеді. Сол кездерде өлең жаза
бастайды. 1948 жылы ауыл мектебін үздік бітіріп,Алматы жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің
226

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
арқасында, еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі.
Бірақ   орталыққа   жақын   аудандардың   студенттеріне   жатақханадан   орын   берілмегендіктен,
степендиясы не тамағына, не пәтеріне жетпей асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі
қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бенрмей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын
көрші ауылда ауылдық кеңес хатшысы болып орналасады, әрі қызыл отау меңгерушісі, кітапханашы
да болады. Комсомол мүшесі, әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа, көркемөнерпаздардың
ойын-сауық   жұмыстарына   белсене   атсалысады.   1949   жылы   «Советтік   искра»газетінде   екі   өлеңі
жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұмыстарында
Мұқағалиға сенімді серік болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасында Мұқағали-Қозы, Лашын-
Баян рөлін ойнап жүріп, бірін-бірі ұнатады. 1949 жылдың көктеміңнде екеуі үйленеді.
Мұқағали   үзіліп   кеткен   оқуын   жалғастыруды   армандайды   да,   сол     арманды   жетелеп   екінші   рет
Алматыға оқуға аттанады. 1950 жылы Шет тілдер институның неміс тілі факультетіне түсіп, оны да
тұрмыс жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болады. Ақын болам деген кісі заңды жете білгені
дұрыс деген оймен Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1952 жылы
Қасым   Аманжолов   құрастырған   «Жастық   жыры»   жинаққа   өлеңдері   М.Әкімов,   Ғ.Қайырбеков,
У.Мәмбетовтермен бірге енеді.
1954 жылы ауылға қайтіп, өзінің туған жері Қарасаздағы орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
Ауыл мектебіндегі мұғалімдік дипломы бар кадр алынып, Мұқағали жұмыссыз қалған соң, қалаға
келіп, 1957 жылы Алматыда Республикалық радиоға диктор болып қызмет істейді.
1960-1962   жылдары   аудан   орталығы   Нарынқолда   «Советттік   шекара»   газетінде   жауапты   хатшы
болады.
1962  жылы  Алматы  қаласына   қоныс   аужарып,   «Социалистік   Қазақстан»газетіне   әдеби   қызметкер
болып   орналасады.   Одан   Жазушы   одағында   кеңесші,   «Жұлдыз»журналында   поэзия   бөлімінің
меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара»газетінің беттерінде
жарияланды. 1954 жылы «Әдебиет және Искусство»(«Жұлдыз»)журналында бір топ өлеңдері жарық
көрді.   Қазақ   әдебиеті   газетінде   өлеңдер  топтамасы  (Әбділда   Тәжібаевтың  қоштауымен)оқырманға
жол тартты.   Арада   10 жыл санап,  1964  жылы тұңғыш  кітабы  «Ильич»  атты  поэмалары  жарыққа
шықты.   1966   жылы   «Армысыздар,   достарым»   атты   өлеңдер   мен   поэмалар   кітабы,   1967   жылы
«Қарлығашым  келдің бе?»  тты  жыр  жинағы оқырман қолына  тиіп қаламгерлік  беті  айқындалған,
өзіндік   қолтаңбасы   бар   ақынның   тұлғасын   танытты.   Соңғы   жинақтарының   тақырыптарынан-ақ
«Армысыздар достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?» ақынның өз үні мен таным дүниесі бедерленіп
бой көрсетті.
Жазушылық   жолы   осылайша   сәтті   басталған   жас   ақынның   бұдан   барлық   саналы   өмірі   поэзия
тынысымен   тығыз   байланыста   өтті.   Өмірінің   екінші   жартысында   бірыңғай   еркін   әдеби
шығармашылықпен іске шығып алды. 
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге   іздедім?»-   деп  тебіренетін  Мұқағали  бүкіл  ғұмырын,   жан  дүниесін  қалтқысыз  өлең  жолына
арнады.
Талантты да шамырқанысты ғұмыр кешіп, үдете өнімді жазды. Таланты бой,ішкі рухани қуаты берік
ақын небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр»(1969), «Дариға-жүрек»(1972), «Аққулар
ұйықтағанда»(1974),   «Шуағым   менің»(1975)   жинақтары   қазақ   поэзиясында   өзіндік   белесті   із
қалдырып өз оқырмандарын тапты.
1976 жылы жарық көрген «Өмір-дастан» атты таңдамалы өлеңдер мен поэмалары ақындық өмірдің
бір түйінді белесіндегі қорытындысы секілді. Келесі 1978 жылы жарияланған  «Өмір-өзен» кітабын
авторы көре алмады. Жомарт дарын арқалы ақын кемеліне келіп, гағыз толысқан шағында 1976 жылы
45 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл кезде ақын поэма,дастандармен талантты лирикалық
шығармалармен, әлем әдебиетінің кесек туындыларын қазақ тіліне аудару арқылы қазақ әдебиетінің
танрихында ерекше тұлғалы орын алып,, жарқын да шынайы талантымен кеңінен танылып үлгерді.
Ақын   соңында   бай   да   талантты   туған  мұралар  қалдырды.   Оның  жеке   өмірі   мен   шығармашылық
227

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ізденістерінің ішкі бірлігі, тұтастығы, дүние құбылыстарына деген шыншыл да сезімтал ақындық
көзқарасы   туындыларынан   барынша   айқын   аңғарылады.   Шығармашылық   өмірінің   алғашқы
қалыптасу   кезеңі   бүкіл   кеңес   әдебиетінде   үлкен   серпіліс   тудырған   алпысыншы   жылдардағы
«жылымық» жылдарына тұспа-тұс келген ақын дүниетанымы одан кейінгі социалистік қоғамдағы
тоқыраудың әуелгі жылдарына күрделі қайшылықтарға ұшырады. Ал, өткен ғасырдың соңындағы
қайта құру, қазақ елінің  тәуелсіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті.
Көзінің   тірісінде   де   ақын   ретінде   жақсы   танылып,   әдебиетте   өз   үнімен   дараланған   суреткердің
мұратына   көзқарас   ықылас  күшейе  түсті.   «Бәсере»(1981),   «Зов души»(1981),  «Соғады  жүрек»  екі
томдық таңдамалы шығармалар жинағы (1982), «Шолпан» (1984) қалың оқырман қолына тиді. 1991
жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.
Ақын   У.Уитменнің   «Шөп   жапырақтары»(1996),   В.Шекспирдің   «Сонеттерін»(1970),   Дантенің
«Құдыретті комедиясының», «Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тіліне аударып жариялатты.
Өткен   ғасырдың   тоқсаныншы   жылдарында,   қазақ   елінің   тәуелсіздік   алған   кезеңінде   Мұқағали
Мақатаев   мұрасына   жаңаша   көзқарас   қалыптасты,   ақын   мұраларын   танудың   жаңа   бір   кезеңі
басталды.   Ақын   шығармалары   өзі   дүниеден   қайтқаннан   кейін,   бәрі   де   Қазақстан   Республикасы
Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.
Мұқағали   өлеңдері-ұлттық   поэзияның   жаңа   бір   белеске   көтерілгендігін,   жаппай   евроцентристік
ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып,бұрынғыдан да
толысып,кемелдене   түскендігінің   куәсі.Ол   қазақ   өлеңінің   ұлттық   бояуы   мен   рухын   ұстанды,
түрлендіре   байытты   да,   сонысымен   қалың   қазақ   оқырмандарының   жүрегіне   жол   ашып,   ұлттық
поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы ретінде мәңгілік ұялап қалды.Сонымен қатар,ақын қазақ
лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің талантты түрде құнарландырды.Білікті, парасатты ақын ретінде өз
заманының   ірі   мәселелеріне   қалам   толғаса,   соның   өзінде   қазақ   өлеңі   мен   ана   тілінің   ғасырлар
қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай, жарасымды дамытты. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын алға тартқан.
Адамды бірде азынаған үскіріктің құшағына, бірде апшыны қуырған аңызағына, бірде жапырағын
желден   басқа   жан   желпімеген   жаратылыс   жаннаты   жазира   жайлай   жасыл   аймаққа   алма-кезек
алмастырып, өмірдің нәрін көңілдің аңсары мен кәусеріне айналдыратын уақыт атты құдыреттің өз
мақамы,өз күйі болатындай, поэзияның да сол уақыт атты қайсар еменнің шор боп біткен иір-иір
бұтақтарының жамырап, бүр ашық өзіне ғана, кезеңіне ғана сай сымбат, бітімі бар. Содан жаратылған
мінез-құлқы бар.Шынайы талантты поэзия тармақтарында тіршіліктің тынысы қан лүпіліндей соғып
тұрмақ.Өлеңнің де өз кезеңінде лайық тынысын содан естиміз, түсінеміз.
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ
үні   халық  санасына  сіңді   деп  айтуға   болады.Ақынның шыншыл,  сыршыл  қоңыр дауысы  әдебиет
әлемінде   орнықты.Өзімен-өзі   арпалысқан,   мазасыз,Ақын-Жүрек   миллион   жүректі   адамгершілік,
суреткерлік жалынмен  жылытып келеді.  Сонда  есте  көп  сақталатын да,  еріксіз  тілге,  зердеге  нәр
болып таматын табиғаттың тұлғалы, тұрлаулы, тебіреністі жырлары.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің!
Бұйрат құмдар-бұйынып шөлдегенім,
Бура бұлттар-бусанып терлегенім,- деп қайталаймыз ақын жыры.
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел
тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология табиғат көрінісінің көркем бейнесін жасауға негізделген.
Мұқағали   поэзиясы   тазалық,шынайылық,табиғи   тазалық   болмыстан   тұрады.Мұқағали
жырларындағы сезім мен сурет астасып жататындықтын сурет бояулары мағыналы-мазмұндығымен
ерекшеленеді. Ақын жырларында жайбарақаттық, салқынқанды бояу қолдану мүлде кездеспейді, ол
ақындық мінезден туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет