Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45

АННОТАЦИЯ
Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының ұлттық бас киімдерін негізге ала отырып
жазған. Жазу барысында жалпы толық қамтылған. Онда ұлттық бас киімнің шығу тарихынан мәлімет
бере отырып, ерлер мен әйелдердің, жас келіншектер мен қыздардың бас киімдерін негізге алған.
Сонымен   қатар   тымаққа   қатысты   әдет   –   ғұрыптар   қамтылып,   қазақ   халқының   көшпелі   тұрмыс
тіршілігі сөз етіледі. 
Бас киімге қатысты қауырсын тағу, ырымдар мен тыйымдар кеңінен қамтылды. Оқушы бұл жобаны
жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. 
                         Мазмұны:
Кіріспе. Қазақ жерін мекендеген ежелгі  көшпенді халықтардың киімдері.
Негізгі бөлім
Бас киімнің негізгі түрлері
а) Ерлердің бас киімдері;
б) Әйелдердің бас киімдері;
     2.2. Бас киімдердің халық ұғымында қолданылуы.
Тымаққа қатысты әдет ғұрып.
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Қорытынды.
ұсыныс, пікірлер. 
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы ұлы   дала   көшпенділерінің   тарихымен   тығыз байланысты.
Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақталған салт – дәстүрін, киім кию мәдениетін,
ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата – бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап
кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып
отыр. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі:
қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазір өзіміз күнделікті киіп
жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алды.   
Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық бас киімін танытып, жаңғырту. Ата – бабаларымыздың өткен 
тарихын, олар жасап кеткен дүниелерді бүгінгі жас ұрпаққа мұра ету. Бас киімдерге байланысты 
ырымдарды таныту, тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Бас киімнің негізгі түрлері
     Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен әйелдердің бас киімдері әртүрлілігімен
ерекшеленеді.   ХІХ   ғасыр   мен   ХХ   ғасырдың   бас   кезіндегі   қазақтың   ұлттық   киімдерін   зерттеген
Захарова мен Ходжаева ер  адамдардың бас киімдерін төмендегідей 6 түрлерге бөледі:
    · Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелген матадан тіккен және қалпақ,
       тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;
    · Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;
    · Киізден тігілген бас киім – қалпақ;
    · Қалың матадан тігілген башылық «Күлпәра»;
    · Тері қапталған жылы бас киім – бөрік;
    · Аң терісінен жасалып суықта киілетін бас киім – тымақ.
   Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма,
шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б. түрге бөлінеді.   Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ
тақиялар оңтүстікте   кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек   кездеседі. Ал  жалпақ төбелі,
274

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай-ақ, қазақ  жерінде қазақы, ноғайша оқалы
тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең
таралған.
Еркектің баскиімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ,  (жекей, құлақты, жаба салма,
қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын,жалғабай (делбегей, басшылық,
далбай,   күлпара),   көпеш   (құстаңдай,   қолкесте,   бізкесте   түрлері   бар),   жепелер,   тақия   (зерлі,   үкілі,
оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б.), қырпу (ішті бөрік). 
Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас
киім. Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе мақта салып жасайтын
түрлері де болған. Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай  немесе дөңгелек
тебел   етіп   тігеді.   Тақияны,   еркектер   үлкен   баскиімнің   астына   міндетті   түрде   бас   киім   ретінде
ұстанған. 
Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа т.б. түрге бөлінеді.
Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар
орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.
Сондай – ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа
тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең тараған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген
тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған.
Сайлардың   пошымына   сәйкес   төбесі   үшкір,   конус   тәрізді   де   болған.   Төбелері   доғал,   жатыңқы
тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді
тақияларды   кестелеп   тіккен,   шеттері   мен   тігістерін   кантраст   мақта   қиындылары   мен   әдептеуде
қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зергерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе
жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады. Тақияның
орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекеленбейді. Тақиялар көбіне «Таңдай»,
«Ирек», «Қабырға» тігістерімен сырылады. Қазақстанда бұрындары құлынның терісі мен тулағынан
жасалған төбетейге түрі жақын келетін бас киімдер болған. Ерлер тақияның төбесіне шошақ ақ қиіз
қалпақ,   немесе   әр  түрлі   аң  терілерінің  жиектелген  бөріктердің  ішінен  киеді.   Тақияны  Маңғыстау
өңірінде   «телпек»,   шығыс   өңірінің   қазақтары     «кепеш»   деп   атайды.   Тақияның   кейбір   түрлерінен
көршілерден ауысқан өзгерістерді байқауға болады. Шынжан қазақтарының найман тайпасындағы
қызай руына  «Қызай тақия» деп аталатын тақия түрі де жиі ұшырасады. Оның керегесі көлбеу, төбесі
тегіс, жалпақ дөңгелендіре салынады. Балаларға арнап тігілген мұндай тақиялар барқыт, мақпал асыл
кездемелерден тігіліп, астарының арасына жұқа киіз немесе қатырма салып сырады. Төбесінің дәл
ортасынан   және   қабырғасының   төрт     жағынан   айналдыра   жұп   өрнекті   қошқар   мүйіз,   құс   қанат
формалары ою бастырып, жер жіппен кестелейді. Етегінің жиегіне зермен біргелкі тіс ирек түсіреді.
Қалпақ – киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде,
салқын   таулы   өңірлерде   жаз   айларында   таңертеңгі   және   кешкі   мезгілдерде   киеді.   Төбесі   шошақ
биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын
шашында   пана,   сәнді   де   сәулетті   киім.   Оны  ақ   киізден  немесе   қалың  матадан  тігеді.   Қойдың  ақ
жүнінен,   ақ   қозының   күзен   жүнінен,   төбесіне   ешкінің   ақ   түбітін   қосып   басқан   шымыр   ақ   жұқа
киізден тігеді. Ол негізі екі бөліктен құралады. Олардың қалпақтың төбесіне және кейде (қайырмасы)
деп аталады.
Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын,
аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім. Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішінді.
Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия,
т.б. матамен тысталады. Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жері милық деп атайды.
Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегі төбеге қайырып қою
үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды.
Оны құрысқақ дейді.
«Ескілік киімі» деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:
                Күләпара бастырған, пұшпақ мысақ,
                Ішкі бауын өткізген тегіс құлақ,
275

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
               Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
                Артық белге қыстырған, бар құрысқақ. 
В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15
түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей
тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.
Жаба салма тымақ  – негізінен түлкі терісінен сенсеңнен тігіледі, құлағы мол, милығы кең, төбесі
аласа болады.
Қайырма тымақ – түлкі немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы
келіп,   жұрындары   жалпақ   болады.   4-8   сай   тымақтар   –   төбелері   төрт,   сегіз   бөліктерден   немесе
киіздерден құралады.,
Дөңгелек төбел тымақ – төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.
Шошақ төбе тымақ  – төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және
қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден
құралады. Оны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің
жас   ерекшелігіне   сай  таңдалып  алынады.   Үш   құлақ   тымақты   алдын  ала   дайындалған  бөлек  үлгі
бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.
Жекей тымақ  –жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. «Жекей»
сәнді деген мағынаны білдіреді. Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде
оның артқы етегін көтере түсіріп, кейде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді. 
Бөрік – ерлер мен қыздар киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген,
көбіне бөрік киген.
Басына жарасымды кәмшат бөрік,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден
байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір» деуден
оның көбіне ерлерге тән бас киім екендігін көрсетеді.
       Әйелдердің бас киімдері: Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы да басқа түсті шұға,
барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі,
әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді.  «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек,
алтын, күміс, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Түрлі- түсті моншақ-
маржан,   алтын,   күміс   теңгелер   және   асыл   тастармен   безендіріледі.   Үкінің   үлпілдек   қауырсынын
әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып
киетін  бас   киімі   болған.   Қыздардың  киетін  тақиялары  жібек,   зер  жіптермен  тігіліп,   Маңғыстауда
«телпек», Шығыс Қазақстанда «кепеш» деп аталады.
Сәукеле  –   қазақ   әйелдерінің   дәстүрлі   киімдері   аса   бай,   керемет   сәнді   бас   киімдер   ішіндегі   ең
әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған қыз киетін аса қымбатбағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені Орта
Азия мен Қазақстанды мекендеген үшкір тымақты сақтар- тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады.
Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден
сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдептейді: алтын, күміс
әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі тірсекке түсетін асыл
тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегелейтін желек бекітеді. 
Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып
келеді.   Оның   төбесінде   тәж   деп   аталатын   жартылай   дөңгелек   айдары   болады.   Сәукеленің   екі
самайдан түсіп тұратын інжу, маржаннан жасалған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелік
немесе   жақтама   аталады.   Ол   барған   жерінің   ұрпағын   көбейтсін,   өсіп-   өнсін   деген   игі   тілекпен
жасалады. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген
салпыншақтарды  сәукеленің бетмоншағы  деп атайды.  («Бетмоншағы түсіп  (үзіліп)  тұр» дегендегі
бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады.
Сәукеленің   арнайы   күмістен   жасалған   төбелдірігі,   маңдайшасы,   екі   жағында   тізілген   маржанның
салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне
жібектен   желек   салынып,   оған   үкі   (қарқара)   қадалады.   Ту   сыртынан   жерге   жететіндей   ақ   желең
немесе жібек жаулығы тағылады.
Кимешек – қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Кимешек ақ бұлдан
тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын «шықшыт»
276

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекелейді. Елде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау,
ою-   кестесі   жеңіл   болады,   сары,   ақ   жіппен   сырылады.   Жас   әйелдердікі   қызыл,   жасылмен
әшекейленеді.   Кимешектің   алдын   «жақ»   деп   айтады.   Оны   қол   кестесімен   кестелейді.   Кимешек-
шылауышты   жас   келіншектер,   орта   жастағы   әйелдер,   кемпірлер   тартып   киеді.     «Кимешек   кию,
шылауыш тарту» деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестендіріп
пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны   «құйрықша» деп
атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға ұқсайды.
Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет- әлпеті шығып тұратын
жері   «Ойық»   болады.   Ойықтың   екі   жағы,   кеудеге   келер   тұсы   кестеленіп   әшекейленеді.   Жылтыр
жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен «шалып» тігеді. Мұны «алқым
шалу»   деп   атайды.   Алқым   шалудан   кейінгі     «жадағай»   тігісті   «су»   деп   атайды.   Судан   кейін
«қиықшалап»   тігеді.   Қиықшадан   кейін   су   «жүргізіп»,   «құман   бау»   деп   аталатын   әшекей   тігіспен
тігеді. Құман баудан соң «Күрең кесте» деп аталатын ою- өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден
кейін «сағат  бау» тігісі  жүргізіледі.  Сағат  бау  кей жерде   «ағақ бау»  деп те   аталады.  Кимешектің
кеудедегі   бөлігінің   ұшына   күміс   теңгелер   тағылады.   Бұл   кимешекке   сән   береді,   әрі   төмен   қарай
басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң тозаңнан
сақтап,   додырап   шықпауына   септігін   тигізеді.   Бұл   да   діни   наным-   сенімнен   туындап,   мұсылман
әйелдерінің   шашын   жасыруларына   көмегі   тиеді,   Кимешектің   Қазақстанда   бұрама   жаулық,   иекше
атаулары кездеседі.
Жаулық  - әр ру, елде түрліше аталған; оңтүстік, орталық, шығыс Қазақстанда оны көбінесе (матаның
көлеміне байланысты) шаршы, Жетісу, Алтай өңірлерінде шылауыш, ал оңтүстік Қазақстанда күндік
деп аталады. Рудың өзіне тән ерекшеліктері болған; Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген
бұрама жаулық кисе, Семейде ұшбырышты, шеттері тым созыңқы орамал тәрізді етіп ұшбұрыш түрі
болған. Арқа жерінде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетіне
қол   кестемен   қызыл,   жасыл,   сары,   шолақ   және   жалғасқан   қысқа   оюларды   салады.   Маржан
түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік салады. 
Бұрынғы Торғай облысы аумағындағы жас келіншектер ХХ ғасырдың басында сұлама немесе суәкеле
жаулық   киген,   бұл   жерде   оның   екінші   атауы   тегін   берілмеген,   себебі   оның   шығу   тегі   сәукелеге
байланысты.   Оның  негізін   бірнеше   қабат   қағаз   немесе   картоннан  жасалған  қатты   каркас   құраған
(бұрынғы   тәрізді   киізден   болса   керек).   Түрі   жоғарыдан   қиылған   конус   сияқты,   биіктігі   жарты
метрдей, қапталған матасының артқы шеті емін- еркін арқаға түсіп кетеді. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында   мұндай   бас   киім   Бөкей   ордасында   да   тараған,   яғни   жалпы   Қазақстанның   Солтүстік
батысына   тән   киім   үлгісі.   Оның   төменгі   жағына   оқалы   кесте   тігіп,   моншақтар   қадаған,   ал   жан-
жағына күміс әшекейлер бекіткен. Отра жастағы әйелдер оны кеңірек әрі төменірек тігіп, әшекей
тақпай киген. Қартамыс әйелдер үстіңгі жаулықты каркассыз бұрайтын болған. ХІХ ғасырда әйелдер
үшін міндетті киім түрі болған жаулық Орта Азия халықтарына да кеңінен тараған.
Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етіп пішіледі
де,   артқы   жағына   немесе   желкесіне   қарай   бірте-   бірте   ойыңқы   түскен   құлмасына   болады,   ұшы
әйелдің арқасына қарай төгіліп жатады. Айдыны зерлі жіптермен кестеленіп, қиылысқан жерін алтын
жолақпен   жауып,   зерлі   әшекеймен   безендіреді.   Құламасына   шашақтар   тағылады.   Шашақтың   көп
тағылуын «ұрпағы көбейсін» деген игі тілекпен түсіндіруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлі
асыл   тастармен   тізілген   дөңгелек   табақшалармен   бекітілген   қыстырма   ілінген.   Ал   самай   тұсына
ұзынырақ күміс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тізбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ)
бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді
дейді этнограф Ө. Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.
Қазақта   сирек   те   болса   кездесетін  бас   киімінің   ерекше   түрі   –  қарқара.   Ш.   Уәлиханов  еңбегінде:
«қыздардың   басында   төбесіне   құс   қауырсыны   қадалған   сұлтан   киетін   бас   киім   болыпты»   дейді
(Шығармалар жинағы. І том 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына
келтіре сәл шығарып кояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей
жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі
болады. 
Қазақ   халқының   қолынан   міне,   осындай   сан   түрлі   киім   үлгілері   жасалып   шыққан.   Әсіресе,   ұл
277

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
өңірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше
құрметпен  қарай дәстүрлі  мәденитіміздің  ерекше  көрінісі  екені  күмәнсіз.  Халқымыз қыз баланың
әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері
арқылы көрсетуді жөн көрген.  
Тымаққа қатысты әдет- ғұрыптар
Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы
атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. 
Ел арасында:  «Шала туып, тымаққа салып өсірген», - деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала
туған   сәбиді   осылай   өсіретін   ғұрып   бар.   Оның   себебі   шала   туған   сәби   ұстауға,   бесікке   салуға
келмейді, тымақ жылы, әрі бөлуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем болса,
сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге бас арқылы есептеледі. Мысалы:
қырық   күн   кем   болса,   керегенің   қырқыншы   басына   бала   тымақтан   алынып,   әдетте   жаңа   туған
баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда  үй қабырғасына шеге қағылып ілінеді.
Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек.
Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұры» немесе «Тымақ тастап кешірім
сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы
үлкен,   жөн   білетін   ақсақалдарының   құныкердің   ауылындағыларының   алдына   барып   «Құдай
кешсекеш!   Білместік,   оқыс   кездейсоқтық   іс   болды,   кешір!»   деп   өтінген   кезде   ортаға   ең   үлкен
ақсақалдың баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының
«аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығ тағы бар.
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Жоғарғы сакларды әлемдегі рухтар мен ата- бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім- бас
киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге
қатысты ырым- тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Айталық,
олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.
Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып
отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып,
иман   қашады.»   деген   наным   бар.   Адамның   басынан   қадырді,   ақылынан   қасиетті   ештеңе   жоқ.
Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның
маңдайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді,
жаулығын салмайды. Себебі еркектігі сөнеді, рухы жасиды.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсам бұл жұмысты жазу барысында маған ұлттық бас киімдер ұнаған болатын.
Сол себептен мен ғылыми жұмысымды бастаған едім. Ғылыми жұмысымда қазақ халқының бас киімі
жайлы жаздым.
Ұлы   дала   көшпенділерінің   тарихымен   тығыз   байланысты.   Бізге   көшпенділер   бірнеше   мыңдаған
жылдар бойы сақталған салт- дәстүрін, киім кию мәдениетінің, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып
кетті.   Осы   ата-   бабаларымыздың   өткен   тарихы,   олар   жасап   кеткен   дүниелер   күні   бүгінге   дейін
маңызын   жоймай,   мұрагер   біздің   қызығушылығымызды   тудырып   отыр.   Осы   мақсатта   менің
төмендегідей ұсынысым бар:
Жас ұрпаққа қазақ халқының бас киімін танытуда кеңінен зерттеу жүргізілсе.
Болашақта   тарихымызды,   әдет-   ғұрпымызды   ұмытпас   үшін   жаңа   үлгідегі   киімдерге   осы   негізде
өзгерістер енгізілсе.
Қазақ ұлттық бас киім түрлерінің жасалу жолдары, пішіндері, тігуге қолданылатын заттар туралы
мәліметтер көптеп шығарылса.
Оқушылар   қазақтың   ұлттық   бас   киімдері   туралы   білім   ала   отырып,   одан   туындайтын   киіммен
байланысты қазақ халқының дәстүрлі ырымдары мен тыйымдарына, салттарына құрметпен қарайды,
өз Отанын сүйетін елжанды, патриот азамат болып өседі.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
278

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА 
ЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАР АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
(БАУЫР ҚҰРТЫ ) 
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы.  Жаңадария ауылы
№203 орта мектеп  Автор:    Сқақ Айбану
Тақырыбы:        Экологияның жануарлар ағзасына әсері (бауыр құрты )
 Жетекшісі: Смаева Индира
Орындалған жылы:  2012-2013 оқу жылы 
        
Жалағаш ауданы Жаңадария ауылы № 203 орта мектептің 9-сынып оқушысы Шоқан Айданың 
«Экологияның жануарлар ағзасына  әсері(бауыр құрты)» атты жоба жұмысына оң баға берілді. 
                              
 Жетекші пікірі:  Жаңадария ауылы № 203 орта мектептің 8-сынып оқушысы Сқақ Айбанудың 
«Экологияның жануарлар ағзасына әсері (бауыр құрты ) »  ғылыми жоба жұмысында оқушы өте
жақсы зертеп ізденген. Оқушықоршаған ортаның жануар ағзасына тигізетін әсерін, оларда  
пайда болатын ауру түрлерінің (бауыр құрты)пайда болу себептерін , оның таралу жолдарын 
зерттеді.  Келешекте осындай жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын түсінді. Тәуелсіз 
еліміздің болашағы өзім деп сенетін оқушы келешекте мемлекетіміздің  жақсы азаматы болады 
деп сенемін. 
   Аннотация 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет