Жобаның мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашақта өзіміз өмір сүретін ортада қоршаған орта
экологиясының адам және жануар ағзасына кері әсер етет факторларды болдырмау. Соған өзіндік
үлесімді қосу. Қызылорда облысында жануарлар ауруының жиілеп кетуі жайында зерттеліп
жазылған. Сонымен қатар қазіргі таңда мал ауруларын болдырмау шараларының жетістіктері
толық баяндалады.
Мен «Болашақтың» бәсекеге қабілетті халықтың қалыптасуына бағытталған аса маңызды бұл
жобамның, аса маңызды жобалардың біріне айналатынына сенемін және болашаққа деген сеніммен
өз үлесімді қосамын.
Зерттеу жұмысының болжамы: Мал шарушылығын өркендету, жануар ауруларының алдын алу.
Күтілетін нәтиже: Қоғамға пайдалы еңбек ету, осы жобамды дамыту.
Ұсыныс пікірім: Өзіміздің облысымызда жоғарғы білімді мал дәрігерлік мамандарды даярлайтын
оқу орындары ашылса
Мазмұны
І . Кіріспе
«Әлеуметтік экологиялық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты»
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мал шаруашылығындағы даму жолдары және малда кездесетін ауру түрлері (бауыр құрты)
2.Малда кездесетін аурудың алдын алу, оған пайдаланатын дәрі дәрмектер.
3. Тәуелсіз еліміздің болашағы- білімді ұрпақ.
ІІІ . Қорытынды.
Кіріспе Жаңа мыңжылдықтың табалдырығын адамзат өркениеті орасан экологиялық
проблемалармен бірге аттады. Экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілген көптеген
мемлекеттер, бүгінде аса күрделі экологиялық қиындықтарға ұшырап, оларды түбегейлі шешудің
шараларын қарастыруда.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің територясында қоршаған ортаға экологиялық қауіп төндіріп отырған
аймақтар пайда болуда. Соның ішінде қазіргі таңда жануарлар ағзасына әсер етіп отырған
экологияның кері әсері жануарда түрлі ауруларды тудырып жатыр. Сонымен қатар адамзаттың
279
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
экологияға кері әсері, антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп
келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында
адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми- техникалық жаңару
биігіне көтерілуі-экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен
интергациялануына) түрткі болады.
Менің ойымша экологиялық білім дегенім- адамзат перзентінің қоршаған ортаға тигізетін
антропологиялық ықпалдарының себеп салдарын терең ұғынуға, оқып тануға бағытталған теориялық
ой –пікірлер жиынтығы болса сол экологияның жануар ағзасына кері әсерін келтіруде бүкіл әлемде
экологиялық апаттар ұлғая түсуде. «табиғат –қоғам -адам» жүйесіндегі қарым қатынастардың
шиеленісуі экологиялық тіршілікке қауіп төндіріп отыр.1991 жылғы « Қ.Р 2004-2005 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында атап көрсетілген.»Жылдың таңдауы
экологиялық ұсыныс оның мақсаты –қоршаған ортаның ахуал-жағдайын жқсарту бойынша ұтымды
ұсыныс,мал шаруашылығындағы экологиялық мәселелерге назар аудару.
Халқымыздың денсаулығымен қоса,пайдаланылып отырған мал өнімдерінің талапқа сай болуы. Ауру
малдың адам ағзасына кері әсер тигізетіні белгілі. Қазақстан Республикасының қоршаған орта
қорғау,экологиялық проблемалардың туындауына жол бермеу негізгі міндет.
Ауа,су,жер ресурыстары,жер қойнауы, өсімдіктер мен жан-жануарлар қорғау,өндіріс қалдықтарын
тиімді қарап оның кері әсерлерін болдырмау. Адамзат пен жан-жануарлардың өсімдіктердің бір-
бірімен тығыз байланыстылығы тіпті бұларды ажыратуға келмейді.Себебі күнделікті тұтынып
отырған азық-түлігіміз, ет өнімдеріміз айналып келгенде таза әрі құнарлы болуы тиіс. Мал
шаруашылығы үшін аса қатерлі деп саналатын зиянды ағзалардың таралуы жзануарлардың ауруына
әкеп соқтырады. Агроценозбен фитоценозда зиянды ағзалармен пайдалы жәндіктер, аң мен құстар,
өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттар тіршілік етеді.
Өңделген шабындықтармен жайылымдарда мал бағылады,жиналған өсімдік өнімі малдың жем-
шөбіне пайдаланылады Пестицидтердің табиғатта таралуы өсімдіктерден басталып қоршаған
ортаның ауасымен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануарларға кеп тіреледі.
ІІ негізгі бөлім
1. Қазіргі кезде мал шаруашылығы алға қойылып отырған міндеттеррдің бірі. Мал санын көбейту,
оның сапасы жоғары болу.
Мал шаруашылығы: 2011 жылдан АӨК – те мүйізді ірі қара мал етін өндіру бойынша экспорттық
әлеуметті дамыту жөнінен кең ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады.
Асыл тұқымды мал өсіруді халықаралық талаптарға сәйкес келтіруі тиіс заң қабылданды.
17,7 мың бордақы- орынға арналған бордақылау алаңдары құрлысы қаржыландырылды.
Ет бағытындағы 13,5 мың бас мүйізді ірі қара мал әкелінді.
2011 жылы агроқұрылымдарда мал саны мұнша % - ға ұлғайды:
Мүйізді ірі қара мал 8 % - ға. Соның ішінде мен тұрып жатырған Жаңадария елді мекенінде 4% -ға
өсті. Қой мен ешкі 5%- ға.
Жылқы 12%- ға.
Малдың инвазиялық аурулары- эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік
тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл
аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы- гельминтоздар. Оларды трематота (сорғыш құрт), цестода
(таспа құрт), ниматода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында
фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт (бауыр құрт) дернәсілдері тудыратын аурулар
жиі кездеседі. Сиырдың, қой- ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы- фасциолез
республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен мплды алдын ала құрттан
арылтады ( дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын
тазартады. Дикроцелиоз – малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру.
Республиканың барлық өңірінде, әсіресе Оңтүстік пен Оңтүстік -Шығысында жиі кездеседі. Оны
тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор- параксилол, гетолин беріп
(дегельминтизация жасап) , құрттан арылтуға болады. Таспа құрт (бауыр құрт) дернәсілдері
тудыратын аурулар – эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі
280
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қабықтары зақымданады.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз,тизаниезиоз,т.б) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және
тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін
өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтан уүшін малға тотияйын мен ас тұзының
қоспасы, фенасал т.б дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы –тейлерия,
пироплазма, қан паразиттері(бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы
жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер ). Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз,
безнойтиоз, қотыр,ауруларының эпизотоотологиясы мен патогонезін зерттеп, анықтау әдістерін табу
ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
Эхинококкоз ауруын эхинококк құрты тудырады, аурудың негізгі көзі болып ит, мысық тектес
жануарлар табылады. Себебі, осы аталған жануарлардың ішегінде бауыр (эхинококк) құрты өсіп
жетіледі және нәжісімен қоршаған ортаға түсіп, ластайды.
Құртпен ластанған шөпті жеп, суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде жарамсыз
бауыр, өкпесін итке тастаймыз, осылай құрт жолы шеңбердегі айналымдағыдай болады.
Бұл ауру бау-бақшада жұмыс істеп, малға қарағаннан соң, жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда
адамға да жұғуы мүмкін. Адамның ішіне түскен құрт қан арқылы өкпе, бауыр тағы басқа органдарды
зақымдайды. Құрт түскен жеріндегі органды жегідей жеп өсе береді де, аурудың белгілерін білдіреді.
Егер құрт бауырда өссе, оң жақ бүйірі ауырып, өкпеге түссе адам жөтеліп, қан құсып, ауа жетіспей
ауыруы мүмкін. Құрт түскен сайын органды зақымдап, адам өміріне қауіп төндіреді. Эхинококкоз
ауруын тек хирургиялық жолмен емдейді, ал дәлелді диагноз кешенді тексерулерден соң қойылады.
Бұл аурудың алдын алу және ауруды болдырмау мақсатында келесі қағидаларды есте сақтау қажет:
1. Үйде мал сойған жағдайда, мал дәрігерін шақырып анықтама алу қажет.
2. Сойылған малдың жарамсыз органын байқасаңыз, иттерге тастамай, жағып жіберу қажет.
3. Иттер мен мысықтарды мал дәрігерінің есебіне тіркеп, куәлік алу қажет.
4. Иттерді арнайы орынға тиянақты байлап ұстап, әр үш ай сайын құртқа қарсы дәрілермен емдеу.
5. Үй жануарларын күтіп-қарап болған соң, әрине, қолды сабындап жуған жөн.
6. Көкөністермен жеміс-жидектерді тазалап, ағынды сумен шайып жіберу қажет.
Жылауық құрт.
Жылауық құрты — адам мен мал ағзаларында құрт ұрықтарының түсуінен туындайтын ауру.
Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне
түсуі керек.
Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен
қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң
терісін, ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде,
ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.
Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді.
Содан қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған
жерінде жылауық құрты өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы
бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады.
Жылауық құрттың белгілeрі, өрбуі
Жылауықтың өрбуін екі кезеңге бөлуге болады. 1.Жасырын өрбуі. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі
мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық
сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық
құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін. Ал, кейде басқа
дерттердің белгілері сияқты көрінеді, басқа дәрігерлерде емделіп жүреді. 2. Жылауық құртының ауыр
түрі. 1.Бауырдағы жылауық асқынғанда, а.) Жылауық қалтасының жарылуы, б.) Сар-ғаю, өт жолын
жапқандықтан, в.) Жылауықтың іріңдеуі. 2.Өкпедегі жылауық асқынғанда а.) өкпедегі іріндік, іріңді
плевра, б.) өкпеден қан кету. Бауырда көлемдері әртүрлі, іші мөлдір суға толған жылауық құрт ісіктері
пайда болады. Адамның іші өтеді, асқазан, бауыр тұсы сыздап ауырады. Оң жақ қабырға астынан
сыртқа қарай томпиған ісікті байқауға болады. Жылауық асқынып жарылғанда науқастың жағдайы
нашарлайды. Жылауық қалтасы өт жолын жапқанда науқас сарғайып кетеді. Бауырдағы жылауық
281
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
іріңдегенде ағзаның түгелдей улану қаупі басталады. Өкпедегі жылауық асқынғанда тыныс
жолдарының, өкпенің, плевраның іріңдеп қабынуы болады. Өкпедегі тамырды сорып, жегідей жеп,
өкпеден қан кеткенде өте ауыр жағдайға соқтырады.
Егер жылауық мида орналасса, наукастың басы ауырып, көзі нашарлап, бойын әлсіздік басады.
Аурудың алдын алу. Жылауық құрты бұрын ауыл адамдарында, әсіресе балаларда ұшырасатын еді.
Қазіргі таңда ластанған орта, жекеменшік мал шаруашылығы, қалаға еркін, тексерусіз түрлі
ауылшаруашылық өнімдері үздіксіз ағылудың әсері, қалада ит пен мысықты ұстаушылар көбейген
жағдайда, шала піскен еттен жылауық құртының жұғу қаупі күшейеді. Ауруды болдырмаудың жалғыз
кепілі — тазалық. Бала далада ойнап келгенде және ересектер жұмыстан келген де қолды сабындап
жууы керек, жеміс-жидек, көкөністі пайдаланарда сақтық шараларын орындауы керек
2) Аурудың алдын алу үшін жануарларда қазіргі кезде ветеринарлық дәрі- дәрмектердің көптеп
пайдаланылуында. Менің жобамның тақырыбына сай жануарлардың бауырында болатын құрттың
болдырмау шараларын қарастыру мақсатында, ауыл мал дәрігерімен кездестім. Ондағы мақсатым
жануар бауырындағы құрттың өрбуі, жылдың қай мезгілінде күшейеді. Қазір бізде пайдаланылып
жүрген дәрі «Альбен» бір таблеткасының құрамында 360 мг альбендозолға көмекші дәрілер
болады.Бұл дәріні салмағы жоғары ірі қара малдарға, қой мен ешкіге тіпті құстарғада пайдалануға
болады.
Альбенді пайдалану ережесі жоғары салмақты ірі қара малдарға жылқы мен сиырға салмағы 50 кг –на
1 таблеткадан пайдаланады.
Қой мен ешкіге 70 кг-на 1 таблеткадан ал құстарға 35 кг-на 1 таблеткадан 2 күн қатарынан береді.Бұл
дәріні пайдалану мезгілдері көктем және күз айларында.Буаз малдарға пайдаланылмайды.Бұл дәріні
бергеннен кейін 14 күннен кейін қайта, береді ал ірі қара малдарға 7 күннен кейін беріледі. Дәріні
бергенннен кейін сауын сиырлардың сүтін 2-3 күнге дейін ішуге болмайды.Қазіргі кезде жануар
бауыр құртына пайдаланып жүрген дәрілер.
Адамдар үшін: ойда жоқта бауырыңыз сыздап сыр беріп сырқаттанып қалсаңыз инновациялық
Артишок сығындысының бір қабықшасын қабылдасаңыз жеткілікті ол бауырды қорғауға арналған.
Холесенол артешок адамның бауыр ауруына пайдаланылатын дәрі.
Бұл дәрі – тағамдардағы химиялық субстанциялардан болатын ыдыраудан бауырды барынша тез
тазартады әсіресе жазда бұл дәрінің көмегі ерекше.Бағамдап қабылдау тиімділікті арттырып, бауырды
қалыпты ырғақта болуын реттейді.
Қорытынды
Эхинококк ауруының қалай, қайдан пайда болады?-деген сұраққа мынадай жауап беремін.
Соңғы жылдары эхинококк ауруы адамдар мен жануарлар арсында өсіп отыр. Эхинококкоз ауруын
эхинококк құрты тудырады, аурудың негізгі көзі болып ит, мысық тектес жануарлар болып табылады.
Себебі, олардың ішегінде бауыр(эхинококк) құрты өсіп жетіледі және нәжісімен қоршаған ортаға
түсіп, ластайды. Құртпен ластанған шөпті жеп суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде
жарамсыз бауыр, өкпесін итке тастаймыз осылай құрт жолы шеңберімен айналып жүреді. Бұл ауру
бау-бақшада жұмыс істеп, малға қарағаннан соң жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда адамғада
жұғады. Адамның ішіне түскен соң құрт қан арқылы өкпе, бауыр т.б органдарды зақымдайды. Құрт
түскен жерінднгі органдарды жегідей жеп өсе береді де, аурудың белгілерін білдіреді. Егер құрт
бауырда өссе, оң жақ бүйірі аурып, өкпеге түссе жөтеліп қан құсып ауа жетпей ауырады. Құрт өскен
сайын жануардың тіршілігін тоқтатады. Эхиникоккоз ауруын (адамда)тек хирургиялық жолмен
емдейді. Эхинококктың қауіптілігі – құрт жатқан қабық жарылып кетсе, оның уы ішкі ағзаларға
тарап асқынады ал егер эхинококк жарылып кетсе мал өледі,ал адам өмірін сақтап қалу үшін күрделі
операция жасалады. Эхинококктың алдын алу шараларын білу абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Высокоэффективные лекорственные средства для продуктивных животных.
2. «Егеменді қазақстан» газеті №13-14(27085) 2012 жыл
3. Қазақ энциклопедиясы 6
4. « Экологиялық білім биологияда»- Материалдар жинағы Б.Ділманов
282
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАЛ АРАСЫНЫҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ
Умирсерикова Аружан Жомартқызы. 9 «Б» сынып оқушысы
Жамбыл атындағы облыстық №7 мамандырылған мектеп интернаты,
Жетекшісі: Бекбауова Айнаш Толеухановна
Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз,
солай екендігіне көзіңіз оп-оңай жетеді. Ол үшін тек қана ірі жаратылған піл, түйе, мамонт сияқты
тіршілік иелерін мысалға келтірудің тіпті де қажеті шамалы. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз
шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын
ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап
көрсек...
Сіз өміріңізде тым болмаса бір рет араның ұясын қолыңызға ұстап көрдіңіз бе?! Көрмесеңіз
солай етуге кеңес береміз. Әрине, бал аралары айнала ұшып, құжынап, бал құйып жатқан
«қызметтегі» ұяны емес. Күзге салым босап қалатын немесе дүкендерде балымен қоса сатылатын
осынау араның мекенін қолыңызға ұстап бір сәт бағамдаңызшы. Небір кереметті көрер едіңіз. Мен
бұл кереметті қалай сезіндім?
Көрші үйдегі сарай боғатына салынған ара ұясы күзге салым жерде домалап жатқан еді. Алты
ай қыс қар мен жаңбырдың астында мыжылған әлгі ұя келер жазда сол маңда әлі домалап жатты.
Ойын балалары қызық көріп, ләңгі іспетті тепкілесті. Соған да төтеп берген ескі ұяны олар, тіпті
болмаған соң, қолдан бұтарлаған болатын. Осы көрініске қарап тұрып: «өздері жейде түймесіндей
кіп-кішкене ғана бола тұра аралар осындай мықты үйді қалай соғады екен?» деп ойға қалған едім.
Аралар тобы бал жинау үшін әуелі ұясын сайлайды екен. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара
жұмыспен тек қана жұмысшы аралар айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысатындары -
басқалар. Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін және
әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір бірімен керемет үйлесімділікпен дәл келетінін
байқайсыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен өлшей отырып, әдейі орналастырғандай
дәлдікпен жасалған.
Осы жерде «Ол неге үш, төрт я болмаса жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» деген сауал
туындауы мүмкін. Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор-клеткаларын бір бірімен
үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете орналастыру ісінде алты
бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін емес көрінеді. Қолыңызға
қалам алып, өзіңіз де жайлап сызып қарасаңыз, алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты
бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өзінен сұранып тұрғанын байқайсыз. Яғни алғашқы алты
бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ине шаншар жер қалмайды екен.
Ғалым Ибн әл-Қайымның «Шипа» атты еңбегінде дәлелдеуінше, осындай үлкен шеберлікпен
салынатын ара «үйінің» тағы бір артықшылығы бар көрінеді. Атап айтқанда, бал арасын еш қуыс
қалдырмастан толтыруға тек алты бұрышты ыдыс қана ыңғайлы. Үш, төрт бұрыштыға да бал құюға
болады. Алайда оның бұрыштары аса кең болмағандықтан, бал жарықтық оны толық толтыра
алмайтынға ұқсайды.
Заманауи жабдықтармен жарақтанған қазіргі құрылысшылардың өзі осындай алты қанат үйлерді бір
біріне жапсарластыра, сантиметрлік аса дәлдікпен сала алар ма еді?
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті
сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация
өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара
желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт
дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа,
еңбексүйгіштікке баулиды.
Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы
кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау
келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш
283
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын
себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін
келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.
Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.
Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл
үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек
араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ
балауыз шығаратын балауыз безі болады.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және
он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы
араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара
патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады. Еркек араның
бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-
тығы, балы дәрілікке жасалады.
Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша
сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ
және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс
мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек
өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы,
жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін
өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қо-ректендіру арқылы
алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды
ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн,
желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан
қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде
тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың
құрамында крахмал-дың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсім-діктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың
бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып
келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны
қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар.
Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын
қасиеті бар.
Достарыңызбен бөлісу: |