Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды 
шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту 
жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде 
тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл
балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан 
ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, 
тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. 
 Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:
1. Қол-аяқ жансызданған-да, сары ара ұясының үлкені-нен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы 
өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады. 
2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышы-маға бірнеше 
284

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
рет жағады.
3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұн-дырып, суынан 
күніне 2-3 рет ішеді.
4. Ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. 
Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады. 
5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін 
ара ұясы-ның ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада 
жараға жағады.
6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу 
мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.
8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, 
қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин 
қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, 
бір күнде үш рет ішеді. 
10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті 
мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жа-раға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап 
ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні
ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады. 
12. Отқа, қайнаған суға күй-ген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап 
жуып, артынан жараға бал жағады.
13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі 
бекемделеді, тіс аппақ болады.
14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның 
ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, 
қайнатпасына бал қо-сып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады. 
16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қо-сып күніне екі 
рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
17. Мәйітті бір мезгіл сақ-тауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті 
уақытқа дейін бұ-зылмайды.Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың 
құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош 
иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар. 
18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. 
Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, 
тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін 
тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының 
тұрақтылығына ықпал етеді. Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Қан аздықтан 
болатын ұйқы-сыздыққа ыстық су құйған жы-лытқышты аяққа басу керек. Бір жағдайларға мазасыз-
данғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады. Ал қан қысымы жоғары 
адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар. 
19. Суық тигенде, тұмаурат-қан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына 
қосып, науқастан әбден айық-қанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық 
қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден 
езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде 
жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле 
береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. 
Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, 
әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. 
Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып 
285

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәй-некте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал 
қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қы-зарғанын басады.
20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен 
адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас 
тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп 
отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның 
құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды 
тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қыш-
қылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады. 
21. Жөтелді басу үшін пи-яздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-
ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған 
отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны 
суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек. 
22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір 
мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың 
(редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт 
жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. 
Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды. 
       Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға 
ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда 
бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жара-қатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе 
тез айы-ғатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру 
керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап 
араластырып жасайды. 
24. Балды үккіштен өткізіл-ген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әб-ден еріп, сәбіздің 
шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы 
ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин
деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақта-са, бүйрегі, бауыры, өт 
жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына 
ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды 
араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына 
шипалы. 
25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) 
шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір 
жақсарады.Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектесе-
ді.Қатарынан бір-екі ай үз-бей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір 
жақса-рады.
26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының 
құра-мында майды ыдырататын элементтер болса, бал жа-ғып жасалған массаждың қан айналымын 
жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.
Балдың құрамы мен қуаты:
Ара   балының   химиялық   құрамы   шырын   жинаған   өсім-діктердің   түріне,   ол   өскен   топыраққа,   сол
жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім
қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар,
ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір,
марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады
Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық
қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара
балы   адам   ағзасын   дәрумендермен,   белокпен,   ферменттермен   тағы   да   басқа   тіршілікке   қажетті
286

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10
градусқа дейінгі температурада сақтайды.
Жазда жәндік шаққаннан бәріміздің де мазамыз кетеді. Алайда, араның шаққандағы уы – ем. Мұны
ғылым тілінде «апитерапия» деп атайды. Латын тілінен аударғанда «apis» – «ара» деген екен. Ара –
емдік   фаунада   көшбасшылардың   бірі.   Ол   –   уымен   емдейтін   жәндік.   Ара   уының   таңғажайыбы   –
физиологиялық процестердің мықты катализатор болуы. Бір тамшы уының құрамында ақуыз, тиісті
20 амин қышқылының 18-і, бейорганикалық қышқылдар, Менделев кестесінің түгелге жуығы және
көптеген дәрумендер бар. Ал оның қаншама шақырым жерді жүріп өтіп, сан алуан гүлдерден теретін
балы көп ауруға шипа екені белгілі.
 – Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – осы ара.
Олар   жиналған   әртүрлі   өнімдерді   зиянды   заттардан   тазартады.   Араларды   жергілікті   жердің
экологиялық   жағдайын   жақсартуға   да   қолданады.   Топырақтың   құнарлылығын   қалпына   келтіре
алатын   да   қасиетке   ие.   Қалай   дейсіз   ғой.   Аралар   барлық   өсімдіктерді   аралап   жүріп,   олардың
тозаңдану процесін жақсартады. Аралар ұшқан жерде шөп бітік әрі тығыз шығады. Әртүрлі дала
өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін
топырақ құрамына сіңіп, құнарлылығын арттырады. Мұндай жерде шөптің, бау-бақшаның, егіннің де
бітік шығатынын көріп жүрміз.
                                                 Пайдаланған әдебиеттер:

И.Д.Митяев, Р.В.Ященко, В.Л.Казенас  «Ғажайып омыртқасыздар» Қазақстан  Қызыл кітабы 
беттерінен, Алматы 2006 ж        

Стив Паркер және Брайан Уильямс « Сұрақ және жауап» Энциклопедия Алматыкітап баспасы 
2009ж 

Құрастырушылар: А.Ү.Сужикова, Ф.С. Лекерова, М.Қ. Солтанғазина «Менің алғашқы 
Энциклопедиям» Алматыкітап 2009 ж 

Құрастырушы А.А.Иващенко «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматыкітап 
2006 ж

Әбшенов Л.Ү, Заирова Б « Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары» 
(Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал) Алматы 2010 ж
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БӨЛМЕ ФИТОЭКОЛОГИЯСЫ
Мукажанова Наргиза Нұрланқызы. 9 сынып оқушысы
Жамбыл атындағы облыстық
мамандандырылған мектеп-интернаты,
Жетекшісі: Бекбауова Айнаш Толеухановна
Ғасырлар   бойы   адамдар   табиғатта   өмір   сүріп,   оның   туындысы   ретінде   дамып   келеді.   Адам
баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіре отырып, аурудың
алдын алу үшін күресуде. Денсаулықтың кепілі – табиғаттың тазалығы мен азық – түліктің сапасына
тәуелді екендігін ертеден білді. Халық даналары адам баласының аурулары қоршаған табиғи ортаның
әсерінен болатынын біліп, одан қорғану үшін түрлі дәрі-дәрмек ойлап тапты. Жұқпалы аурулардың
таралу   жолдарын   іздестіріп,   емдеу   тәсілдерін   зерттеді.   Дәрігерлер   жұқпалы   аурулардың   ауа,   су,
топырақ арқылы таралатынын байқап, зерттеулер жүргізе бастады.  Адамдардың тұратын мекенінде
тазалық сақталуына, азық – түлік құрамына көңіл аударып, олардың әсеріне медициналық тұрғыдан
287

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сипаттама бере бастады. Адам экологиясының зерттеу нысаны – адам мен оның денсаулығы. Халық
табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді. Өсімдіктердің сан алуан құпияларын ашып, оны өзінің
денсаулығы үшін пайдалануда.
Өзектілігі. Адам баласы тәуліктің көп бөлігін жабық кенселерде өткізеді. (үй, жұмыс орны). Бұл
дәл  шаң   бөлшектерінің   демалыс   жұмыс   орындарында   жиналған  жері,   шаң  өсімдік   жапырағының
тақтасында,   бөлме   жиһаздарында   жиналып,   тыныс   жолдарының  жұмысын  бұзады.   Шаңмен   бірге
көптеген микроорганизмдер, патогенді микрофлора түрлері де кіреді. Сондықтан жабық бөлменің ауа
тазалығын қорғау, адамдардың денсаулығын сақтауда және аурулардың алдын алу үшін өте қажет.
Мәселе: Фитонцидтер – латын-грек сөзі: «Фито» - грекше «өсімдік», «цидо» - латынша «өлтіремін»
деген   мағынаны   білдіреді.   Олар,   бактериялардың   дамуын   бәсеңдетіп,   қарапайым
микросаңырауқұлақтарды жоятынын дәлелдеу.
Мақсаты: Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін қолданып, белсенді ұшқыш заттары
бар бөлме өсімдіктерін анықтау.
Міндеті: 1. Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін игеру.
2. Мектептің бөлме өсімдіктерінің ішіндегі фитонцидті белсенділерін анықтау.
3. Бөлме өсімдіктеріне талдау жасап, тізім құрастыру.
Гипотеза: Біз биологиялық белсенді ұшқыш заттардың әсерін зерттеу арқылы, фитонцидтердің бөлме
микрофлорасын күрт төмендететінін анықтадық..
Зерттеу объектісі: Бөлме өсімдіктері мен микроорганизмдер.
Зерттеу заты: Фитонцидтердің әсері. Ауадағы микроорганизмнің сандық құрамы.                  
Күтілген нәтиже: Бөлме өсімдіктерінің ішінде фитонцидтік белсенділігі жоғары өсімдіктерді 
анықтау.
1.1 Жабық бөлменің ауасы және ластану көздері.
Бөлме ауасының ластануының негізгі себебі адамдардың көп уақыт бөлмеде болып, уақытында 
желдетпеуі. Екінші себебі бөлменің антисанитарлық жағдайы. Үшінші, қоршаған ортанын 
антисанитарлық жағдайы(мысалы; аула, көше т.б.). Төртінші, ғимараттың санитарлы-гигиеналық 
жағдайы мен орналасқан жері. 
Жабық бөлмеде адамның ұзақ уақыт болуы, шамадан тыс шоғырлануы кезінде адамның өзі ауаны 
ластаушы болып табылады. Біздің ағзамызда шоғырланатын СО
2
 газы, ауаның сапасына кері әсер 
етеді. Ағзадан бөлінетін ауа 4,1 % көмірқышқылынан тұрады, ол қоршаған ауа концентрациясынан 
150 есе көп. Көмірқышқылымен паралель әр түрлі иісті газ және бу тәріздес заттар жинақталады. Ол 
жағымсыз иісті бөлменің «тұрғын ауасы» (жилой воздух) деп атайды. Осындай бөлмеде ұзақ 
уақыттан соң адам өзін әлсіз сезіне бастайды (бас ауруы, жұмысқа деген қабілеттін төмендеуі, 
тәбеттің болмауы).
Қоршаған ортаның ластануы үйдің терезе, есік, желкөзі арқылы өтеді.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуда: көшелерді көгалдандыру, асфальт төсеу, су – 
канализация құбырлар жүйесін кеңейту кенінен қолдануда. 
Бірақ осы шаралармен қатар, экологиялық салауатсыздық қатарласып жүр. Тоқтала кетсек, қоқыс 
қалдықтарын уақытында тазаламау, көк желектің болмауы. Ластанудың себептері екен, [5,6]
Жабық бөлменің ауасының сының ластануының соңғы себебі –ғимараттың санитарлы гигиеналық 
жағдайының қанағатсыздығы, құрылыс жұмыстарының, қабырға мен төбенің әрленуі, жылу жүйесі 
мен желдету нормасының , бұзылуы, ғимараттың орналасу жері.
Қоғамдық орындарда, ауа тазалығын қорғауда, санитарлы – гигиеналық сұранысқа сай, жылу мен 
желдету жүйелерінің маңызы зор. Жылу жүйесі ауаны зиянды газдар мен шаңдар мен ластамау керек.
Ауаны ластайтын басты факторлардың бірі – микрофлора. Атмосферадағы микробтардың ішінде 
патогендік түрлері аз. Себебі; күн реакциясы мен ауа массалары оларға кері әсер береді.
Ал жабық орында жағдай басқа. Қозғалыссыз жағдайдағы ауа, микрофлорасының көбеюіне өте 
қолайлы жағдай туғызады. Бөлмедегі шаң мен сұйықтық тамшылары, ауру тудыратын инфекциялық 
аурулардың таралуына көмектеседі.
Бөлме ауасында әр түрлі микробтар кездескенде ауа арқылы, тұмау, ангина, қызылша, скарлатина, 
шешек, т.б. инфекция таралатыны белгілі болды.
Инфекциялық аурулардың таралуының екі жолы бар: шаң – тозаң және тамшы арқылы. Бөлмені 
288

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сыпыру кезінде микробтар, шаңмен бірге қайтадан ауаға көтеріледі. Төсек – орындар мен бөлме 
шанында апталап, айлап микроорганизмдер вируленттігі мен өмірбелсенділігін сақтай береді.
Профессор А.И.Шафирдің зерттеуі бойынша койлектен 1 минутта 100-ден аса шаң тозаң бөлінеді 
екен. Оның жартысы микроорганизмдерден тұрады.
Осы зерттеулерден, көптеген қоғамдық жерлерде киім – ауаның ластаушысы екені анықталды. 
Сондықтан микроорганизмдермен күресу деген сөз, себебі микробтар тек шаң – тозаңдарда болады 
екен.[2,4]
1.2Бөлме ауасының микрофлорасы.
Бөлме ауасының микрофлорасы сапалы және сандық құрамы бойынша ерекшеленеді. Ауадағы 
бактериялардың болуы келесі факторға байланысты: бөлменің санитарлы гигиеналық жағдайы, 
адамдардың саны мен белсенділігі, желдету деңгейі, маусымға, жыл мезгілдеріне, инсалляцияға. Осы 
көрсеткіштердің өзгеруі ауаның жалпы бактериялармен көбеюіне әсер етеді.(микроорганизмдердің 
1см³ ауадағы қатынасы).Топырақ бөлшектері бар су мен ауаға таралады,тіршілік бөліндісінен, 
жөтелген адамнан сілекей тамшылары мен сөйлесу кезінде, қоректік заттары бар ортада, 
микроорганизмдер ауада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Нәтижесінде атмосфералық ауа тәрізді бөлме 
ауасы да микроорганизмдер көптүрлілігі мен ерекшеленеді. Өте жиі стафилакокк пен стрептакокк 
кездеседі. Мұрын – жұтқыншақ флорасы өкілдерінен басқа, ауада кейде вирустар, туберкулез 
микробактерияларын кездестіруге болады.
Бөлме ауасында көп таралған стафилакоктар. Олардың төзімділік қасиеті, бөлмеде көп сақталуын 
және ауаға периодты түрде бөлінуіне себеп. 
Жабық бөлме шаңындағы «сandida» туысына жататын зең саңырауқұлақтарына зерттеу кезінде 
анықталды, 1г бөлме шаңында «сandida» жазда саны - 2000-ға тарта, қыста – 3000 жетеді. Жол 
маңында жазда ашытқы зең саңырауқұлақ тәрізділердің саны 1000 артады.Адамның ашытқы флорасы
мен оның мекен ортасы пигменттік емес түрлерімен берілген. Ауадағы зең саңырауқұлақтарының 
споралары болатын маусымдық ауытқулар айқын білінбейді. 
Ауадағы зең саңырауқұлақтарының спораларының маусымдық ауытқуы табиғатта тіршілігін сақтаған
споралардың табиғи циркуляциясына байланысты. Бұл байланыс жылдың жылы кезеңінде білінеді, 
себебі бөлме мен атмосфера арасындағы ауа айналымы максималды болады. Төмен санитарлы – 
техникалық сипаты бар ауада, 1м³:1500-60000 микробтар санитарлы – техникалық сипаты жоғары 
ауада, 1м³:5000-6000 микроорганизмдер кездеседі. 
Осы уақытқа дейін бөлменің санитарлы жағдайы туралы – жалпы бактерияның себу көрсеткіші мен α
және β гемолитикалық стрептококтардың жалпы саны арқылы айтылады. Санитарлы көрсеткіш 
микроорганизмдер ретінде баска бактерия түрлерін қолдану, қазіргі уақытта ғылыми дәлелденбеді.
Ауа арқылы ірін коккалары (стафилококк, стрептококк, пневмококк, менингококк),туберкулездің 
қоздырғышы,дифтерия, күйдіргі, оба, әр-түрлі вирустар (тұмау, қызылша, эпидемиялық паротит, 
энцефалит) т.б. таралады. Аэрогенді инфекциялар үлкен қауіп төндіреді. Олар тез таралады, кең 
аумақтағы адамдарды таңғалдырады. 
Сондықтан гигиена ғылымдарының атмосфералық ауа мен бөлме ауасын зерттеудегі қызығушылығы 
да түсінікті. 
1980 жылдардан бастап бактериалдық аэрозоль және инфекцияның ауада таралуы туралы жаңа білім 
пайда болды. Көптеген аэрозольдар дегеніміз – коллоидті бөлшектер, ол ауа мен шаншылған қатты 
бөлшек немесе сұйық тамшылары. Сипаттамасына байланысты аэрозольдар бірнеше фазаларға 
бөлінеді:
Ірі ядролы фаза (α=0,1мм көп), ұсақ ядролы фаза (α=0,1мм кем), бактериялды шаң фазасы.
Бактериялардың аэрозольді жолмен таралынуы ауада тіршілігін сақтау мен сыртқы орта 
факторларына төзімді болуына байланысты.
Өте қауіпті микроорганизмдер ұсақ бөлшекті (100мм дейін), олар өкпе альвеолаларына, тыныс алу 
мүшелерінің қорғанысын бұзып өтіп кетеді. 
1.3 Өсімдіктердің микроорганизмдерге әсері.
Өсімдік - өмір бойы адамның серіктесі. Бактерия мен антисептиктерді білмей ежелгі адамдар 
микрофлораға қарсылық көрсететін өсімдіктерді анықтай білген. Тұрмыста, халық медицинасында 
өсімдіктерді қолдану, адамдардың ғасырлық дәрежесінің айқын дәлелі. Өсімдіктердің – олардың 
289

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұлпаларының немесе ұшқыш фракцияларының қарапайымдар мен микроағзаларды қыратын 
қабілетін көптеген ғалымдар атап өткен. 
Фитонцид –латын-грек сөзі: «Фито»-грекше «өсімдік», «цидо»-латынша «өлтіремін» деген мағынаны 
білдіреді. Олар, бактериялардың дамуын бәсеңдетіп, қарапайым микросаңырауқұлақтарды жояды. 
Онымен қоса өсімдіктің қорғанысы, қазір адамның өмірінде кең қолданысқа енді. Өсімдіктің барлық 
түрлері мен сорттары, фитонцидтік қасиетке ие. Бұл құбылыс, барлық өсімдік әлеміне тән. Ұшқыш 
фитонцидтер өсімдіктің жер үсті мүшелері арқылы атмосфераға, жер асты мүшелері арқылы – 
топыраққа, су өсімдіктері – суға бөлінеді.
Фитонцидтік құбылысты 1929 жылы Б.П.Токин ашты. Әр-түрлі өсімдіктердің фитонцидтері, құрамы 
мен әсері бойынша ерекшеленеді. Бір өсімдіктердің бактериостаттық қасиеті бар 
(микроорганизмдердің көбеюі мен дамуын тежейді, бірақ жоймайды),үшіншілері бактериялардың 
көбеюі мен өсуін стимулдайды.
Өсімдіктің қорғаныш қасиеті,фитонцидтік ерекшеліктеріне байланысты. Бір гектар жапырақты орман
жаз айында 1 күнде 2 кг ұшқыш фитонцидті, қылқан жапырақты орман -5 кг, арша-30 кг, 
микроорганизмдерге кері әсер тигізетін ұшқыш заттар бөледі.
Бөлме өсімдіктері де фитонцидтер бөледі. Ауаны микроорганизмдерден тазартады.Себебі, бөлме 
өсімдіктері дегеніміз – экзотикалық түрлердің интродукциялануы.Мысалы: циперус-59%, хризантема 
– 66% микрофлораны төмендетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет