Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


Бидай, асбұршақ  құрамындағы  микроэлементер



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Бидай, асбұршақ  құрамындағы  микроэлементер      
                                                                                                                 № 2кесте
Р/с
Микроэлемент-тер
құрамы                     мг
%
 Қара бидай
    Бидай
  Асбұршақ
 Астық
Кәдімгі
  нан     
Астық 
1   сорт   ұн
батоны
Аршыл-
мағаны
 1
Темір
5,38
3,60
5,415
1,86
9,40
 2
Йод
0,009
0,005
0,0078
0,0036
0,005
 3
Кобальт
0,007
 -
0,0055
0,0016
0,0131
 4
Марганец
2,77
1,76
3,76
0,86
1,75
 5
Мыс
0,46
0,26
0,47
0,174
0,75
 6
Молибден
0,018
0,008
0,0236
0,00136
0,0842
 7
Селен
0,0258
 -
0,0291
 -
0,0131
 8
Фтор
0,067
0,035
0,070
0,0023
 -
 9
Хром
0,007
0,005
0,0055
0,0031
0,009
10
Цирконий
 -
 -
0,0245
 -
0,0112
296

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 Бидай ұнынан жасалған мақтаулы батонымызда темір 3 есе, йод 2 есе, кобальт 3 есе, марганец 5 есе,
мыс 2,5 есе, молибден 23 есе, фтор 3 есе, хром 1,5 есе, цирконий 3,5 есе азайған.   Халқымыздың
қасіреті болған қаназдықтың болуына басты себеп: бидай дәнінде темір 5,4 мг болса, ұнда – 1,86
мг, йод дәнінде 0,0078 болса, ұнда 0,0038 ғаға қалған, аса қауіпті ісікті болдырмайтын селен ұнда
мүлдем жоқ. Ауыл тұрғындарының күнделікті тамағында ақ нанды көп пайдаланатынын ескерсек,
болашақ   ұрпақтың   денсаулығын   ойлаудың   өзі   қорқынышты.   Қазіргі   таңдағы   18   жасқа   толған
азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге жарамай жатқаны яғни біреуінің бойы қысқа,
екіншісінің салмағы жетпейді, үшіншісінің денсаулығы жарамайтындығы бізді ойлантуы тиіс.
Ғылыми   зерттеулерде   дәрумендердің   ағзада   әрқайсысы   өз   алдына   бөлек   қызмет   көрсете
алмайтындығын   тек   бір-бірімен   тізбекті   байланыстағана   әсер   ететінін   дәлелдеген.   Ағзада   «В»
витамині   жеткілікті   болғанымен   «С»   витамині   жетіспесе   оның   пайдалы   әсерін   төмен-детеді,   «Р»
витамині   «С»   витаминінің   әсерін   күшейтеді,  магнийсіз   -кальций   сіңбейді.  Олай   болса   көп
пайдаланатын   астық   дақылдары   мен   жармаларды   сіңіру   үшін   биокатализаторлар-ферменттер,
белсенді элементтер, витаминдер қажет-ақ. Олар жеткіліксіз болса, қант пен крахмалдан алған бос
қуаттың пайдасы аз. Дұрыс тамақтана білмеудің салдарынан қазіргі таңда ұлтымыздың негізгі бөлігі
биологиялық аштықта өмір сүріп жатыр. 
Ұлттық тағамдар – ұлт денсаулығының кепілі
Ол кезде ана мен бала өлімі сирек еді. Қаназдық (анемия) деген мүлдем жоқтын. Тіпті Ұлы Отан
соғысы жылдарында да ондай ауру болмаған (әжемнің айтқандарынан). 
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін ауыл тұрғындары бидайды қол диірменге тартып ірі ұнын
тамаққа   пайдаланып   келгені   белгілі.   Тарихи   деректерге   сүйенсек,   қазақ   халқының   дастархан
мәзірінде   сөк,   талқан,   қымыз,   қымыран,   ашыған   көже,   шұбат,   айран,   сүзбе,   құрт,   боза   ата   –
бабаларымыздың   сүйікті   асы   болатын.   Бүгінде   бұл   тағамдардың   бірі   сирек   көрінсе,   көбісі
қойылмайды   да.   Қазақ   халқының   тағамдары   негізінен   ашытылып   дайындалған.   Ал   ашытылған
көжелерімізде ферменттер көп болады да астық тез қорытылып, оңай сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Ашытылған   тағам   құрамында   пайдалы   заттардың   мол   екенін   ескерсек,   түрлі   дәннен   ашытылып
жасалған   көже   мен   ашытпаның,   сондай-ақ   талқанның   қаншалықты   пайдалы   екенін   айтудың   өзі
артық.. Ферменттері көп ашытылған тағамдар мен ашытпалардың, ана сүтінің көбеюіне де әсері зор
екенін   қазірде   көзі-қарақты   қарияларымыздан   жиі   естиміз.   Ашытылған   тағамды   ішкендердің
бүйрегінде тас, тұз болмайды. Ата-бабаларымызда бүйрек, бауыр, өт, несеп жолдары, қатерлі ісік,
қаназдық кеселдерінің сирек кездесуі де ұлттық тағамдарымыздың пайдасы болған.
Бүгінгі медицинада әлсіреген бала мен анаға өндірілген бидай өскінін ботқаға қосып береді. Бидай,
тары   дәндерінен   ашытып   істеген   тағамдардың   асқазанның   жоғарғы   қышқылдығын   қалпына
келтіретін,   ауру   туғызатын   микроағзаларды   жоятын,   қаназдықты   емдейтін,   несеп   жолдарын
тазартатын қасиеттері көптеген ғылыми әдебиеттерде жазылып жүр.
Төп – тарының шикі, піскен сөгінен, талқанынан, күріштен әзірленетін дәмді тағам. Қазанға су 
құйылып, тұз салынып пісіріледі де үстіне шыжық, май қосып әкелінеді.
Бөртпе – күріштен, піскен сөктен сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.
Быламық – ұннан, тал-қаннан, бидай жармасынан жасалатын тағам. Ұнды, жарманы қазанға аздап 
қуырып алып, қойдың шыжғырылған іш майын қосып, үстіне су құйып, үздіксіз араластырып 
жасайды. Көбінесе қарттарға, сәбиге береді. 
Ботқа – дәнді дақылды суға қайнатып жасайды. Олар: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, тары, 
ноқат т.б. Бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатпасынан әзірлейді. 
Құрткөже – суық суға ұн қосып араластырып, басқа ыдыста қайнаған суға тұз, күріш салып, екі 
сұйықты араластырып қайнатады, оған езілген құртты құяды. Ыстықтай ыдысқа құйып, үстіне сары 
май салып ішеді.
Боза- бидай мен тарыны өндіріп, тарыдан ботқа жасап, ескі бозамен ашытып жасайды
Сүт көже – сүтке сөк немесе күріш қосып қайнатып жасайды.
Ашыған көже – құрамында су, ұн, тұз, сүт бар сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге 
болады.Әсіресе,күн ыстықта шөлдеп үйге келгенде, салқын ашыған көже ішсең, шөлің басылады. 
297

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Көпіршік – сиыр сүтіне қымыз қосып қайнатқанда бетіне шығады.
Ақірім – сүр еттің сорпасына айран не қымыз қосып араластырып жасайды, сусын ретінде ішеді.
        Адам жаны мен тәнінің саулығы дұрыс және сауатты тамақтануға, тікелей байланысты екені 
анық. Ауыл қазағының қалай тамақтанып отырғанын қазіргі әлеуметтік ахуал айғақтап береді. 
Экологиямыздың да оңып тұрғаны шамалы. Қазіргі таңда жастарды былай қойғанда жасы 40-50 ге 
келген аналарымыздың өзі ұлттық тағамдардан жеріп, қуаты мен нәрі жоқ еуропалық тәтті-лерге 
әуес.Ашытылып жасалатын пайдалы көжелеріміздің орнына өздерімен бірге балаларына да пепси-
кола, кока-кола т.б химиялық бояулар мен қоспалар қосылған сусындар береді.Ал оның ертеңі не 
болмақ? Қазіргі ұрпаққа да, келешекке де жақсылық әкелмейтіні анық. Жасы отызға жетпей 
аузындағы тісінен айырылу, екі адамның бірінің денсаулығының қалыпты болмауы осының дәлелі. 
Биологиялық тойып тамақ ішу, жағдайымыз қанша жақсарып келеді дегенмен көп қазақтың 
әлеуметтік жағдайы көтермейді. Сондықтан біз, өзімізде өсірілетін дәнді дақылдардан жасалынатын 
ұлттық тағамдарымызды қайта қолға алу керек екенін айтқымыз келеді. Бұл әрі оңай, әрі арзан.           
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бекбосынов Б.  «Қаназдықпен күресу және емдеу шаралары»  Алматы, 1998 жыл
2   Попровский  А., М. А. Самсонов   «Азық –түлік өнімдерінің  құрамы» Москва.1987 жыл 
3.Скурихин  И. М., Шатерников  В.А «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» «Қайнар»  Алматы,1992 ж
4. Ұлттық қасіретке ұнның қаншалықты қатысы бар?    Жас алаш .  № 40. 3 сәуір . 2003 жыл
5. Біз нені жеп, нені жемеуді білеміз бе?    Жас алаш. №130. 30 ақпан. 2004 жыл
6. Шарманов айтқан шындықтар   Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
УРОК –ЗАКРЕПЛЕНИЕ ПО ТВОРЧЕСТВУ А. С. ПУШКИНА
Сарсенбиева Айнагүл Энгельсовна
СОШ имени Гали Бегалиева
Западно -Казахстанская область
Казталовский район. с. Кушанкуль.
Цель урока:  Закрепление изученного по творчеству А.С.Пушкина.  Привить интерес к русской 
литературе.
Форма урока:  урок-игра   Наглядность:   портрет поэта, книги, интерактивная доска.
Ход урока: Слово учителя: Здравствуйте ребята. Мы с вами изучили биографию и творчество 
А.С.Пушкина. И сегодня подведем итоги. С творчеством А.С.Пушкина мы знакомы уже с детства. 
Знаете его сказки, стихи. И сегодня мы хотим больше узнать о поэте. Его жизни, творчестве. 
Эпиграфом нашей игры мы взяли слова самого поэта:
«Я лире посвятил, души прекрасные порывы»
       Игра состоит из четырех геймов.
1 гейм «Дальше, дальше, дальше…»
  За одну минуту нужно ответить на вопросы.
2 гейм « Заморочки из бочки»
    Вынимаете из мешочка бочки с номерами и определяете вопрос. А так же здесь есть номер «Ты 
мне, я тебе» , где вы задаете друг другу вопросы.
3 гейм Темная лошадка» 
    Вопрос от нашего гостя.
4 гейм «Гонка за лидером»
     Каждая команда по очереди отвечает на вопросы. Напоминаю, каждый правильный ответ один 
балл.
Итак, начинаем. Команды просим тянуть жребии и определить какой команде начинать игру.
1 гейм «Дальше, дальше, дальше…»
1. Где и когда родился А.С.Пушкин?
2.Как зовут няню Пушкина? 
298

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
3.Где учился поэт? 
4.Какой язык во времена Пушкина считался Светским? 
5. За какое стихотворение Пушкина сослали в ссылку? 
6.Назовите главных героев поэмы «Цыгане» 
7.Как называлось имение Пушкиных? 
8.Любимое время года Пушкина
9.Кому посвящено стихотворение Пушкина «Я помню чудное мгновение»? 
10. «У Лукоморья дуб зеленый.
        Златая цепь на дубе том,
        И днем, и ночью кот ученый
       Все ходит по цепи кругом…»
Откуда этот отрывок? 
11. В каком году было Декабристское восстание
12.Что написал поэт друзьям-декабристам? 
13.Что такое Анчар? 
14.Сколько раз Пушкин был в Болдино?
15.Кем был Самсон Вырин? 
16. Кто впервые перевел Пушкина на казахский язык? 
17.Назовите сказки Пушкина 
18.Кем оказался вожатый? 
19.Как зовут капитанскую дочку? 
20.Куда ехал Петр Гринев? 
2 гейм «Заморочки в мешочке»
1. Почему в XIX веке Москва напоминала большую деревню?
2.Почему русские аристократы пренебрегали русским языком? И на каком языке они говорили?
3.Когда и зачем приехал А.С.Пушкин в Уральск?
4. «Ты мне, я тебе»
Ваши вопросы к соперникам.
5.Какие повести входят « В повести Белкина»?
6.Прочитайте одно стихотворение наизусть.
7.За что Онегин и Ленский стрелялись на дуэли?
8.Какой случай помог избежать Петру Гриневу казни?
9.Кто впервые перевел Пушкина на казахский язык?
10.Какой казахский эпос перевел на русский язык поэт?
3 гейм  «Тёмная лошадка»
     Угадайте, наш гость тоже любит Пушкина. Учила и меня. Привила любовь к русскому языку.
Правильно эта наша любимая Роза Джанибековна. Она приготовила для вас вопросы.
4 гейм. «Гонка за лидером»
1.Офицерское звание Пушкина при царском дворе
2.Где и когда Пушкин впервые встретился с А.П.Керн?
3. С кем стрелялся Пушкин на дуэли?
4.Кто такой пиит?
5.Назовите имя и фамилию коменданта Белогорской крепости.
6.Чиновником какого ранга был Самсон Вырин?
7.Как назывался первый путевой лист?
8.Как называется перевод письма Татьяны на казахский язык?
9.Назовите несколько поэм Пушкина.
10.Сколько детей было в семье Пушкиных? Назовите имена.
Подведение итогов игры. Определить победителя.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕК  ӨНЕРІ
                
299

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы,
Жоғарғы Егінсу  ауылы  «Егінсу орта мектеп – бақша» КММ
7 сынып оқушысы Бақанғали Ұлпан, оқу озаты
                         
Қазақ  халқы өзінің  ұзақ   даму  тарихында    бірсыпыра  елдермен  араласып, әр   кезеңде  түрлі
қарым-қатынаста  болғандығы  мәлім.Сондықтан  қазақ   халқының негізін құрайтын  ою - өрнектерді
көршілес  елдердің   қолөнерінен   де кездестіруге болады. Қазақ  ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ
ғалымы  Төлеу    Бәсенов.  Ол     қазақ     мәдениетінің  мәдени шежіресі   болып  табылатын ою-өрнекті
түбегейлі   зерттеп   көптеген   құнды  пікірлер  қалдырды. Қазақ  оюларының  араб, иран  оюларынан
басты   айырмашылығы - ою - өрнектің       әрбір   элементі дара тұрады.Төлеу Бәсенов негізінен ел
арасынан жиналған қолөнер туындыларын алъбом  етіп  шығарып, әсемдік тектес  ою - өрнектердің
даму тарихын  және  оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі  әшекейлеудің  басты  құралы   ретінде,
біз  қолданып    жүрген   ою-өрнектер  руға  біріккен адамдар  тобының   белгісі. Туымыздан  орын
алған  ою-өрнек те  осының  айғағы.  Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде
елдігіміздің   нышаны - көк  байрағымызды  да  көріктендіріп  тұрған  ою. Көп  жағдайда  халықтың
тілін, мәдениетін  білмесек  те қолөнерде  бейнеленген  оюларға  қарап,  қай  халықтың  қазынасы
екенін  танып  білеміз,өйткені ою- өрнек  әр  халықтың  таңбасы,  сол  елдің  қолөнерінің көнеден
келе жатқан мәдениеті. Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақта қызықты тарихы бар. Ежелден  келе
жатқан кәсіп қолөнер халықтың  өмірімен,  тұрмысымен бірге  дамып, ұрпақтан -  ұрпаққа  беріліп
отырады. Қолөнер   шеберлері   оюмен     танылады.   Орнамент - әсемдеу,   сәндеу     деген     ұғымды
білдіретін  латын  сөзі  қазақ  тілінде  ою-өрнек  болып  алынып  жүр. Бұл сөздің  ұғымы  бір  нәрсені
ойып,  кесіп алып  жасау   немесе  екі   затты   оя   кесіп  қиюластырып    жасау,  бір  нәрсенің  бетіне
ойып     бедер   түсіру     деген     мағынаны   білдіреді. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында
құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынш,
құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене
мүшесі,   тұяғы,   құстың   тұмсығы,   түлкінің   басы,   бөрінің   құлағы   немесе   иттің   құйрығы   т.б.   және
өсімдіктердің   түрлері   кеңінен   белгіленген.   Эпиограф   Сауық   Қасимонов   пен   сәулетші   Төлеутай
Бәсеновтың ою – өрнектері туралы жазылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы,
задылықтары   бар   тұтас   сала   ретінде   таныпты.Қазақ   ою–өрнегінің   арқауы   болған   «мүйіз»   оюы
заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді,
ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді. Ол
сонау ғасырлар қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре
тарихы.  Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп  және оюдың элементінде терең
мағына, үлкен мән бар. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына.
Өрнектердің шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен байланысты екенін көрсете  келе олардың
даму ерекшелігін, дәуірдің, адам баласының   сана-сезіміне қарай   өрнектің   таңба,   элементтердің
дамуы   мен   өркендеу     ерекшелігін   байқауға   болады.Ғалымдар   ою-өрнектердің     200-дей   түрін
анықтады. Ғылымда  ою - өрнекті    хайуанаттық   (зооморфтық), өсімдік тектес (көгеніс), ғарыштық 
(космологиялық),  геометриялық   деп   бөледі.
1.Жан   жануарлар     тектес     ою   -   өрнектер.  Ою-өрнектердің   ішінде   мүйіз   тектес   тобын   қазақ
халқының ою-өрнектерінің төркіні десек те болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде
жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз,
қос мүйіз, сыңар мүйіз, қос алқа, құс қанаты, қаз табан,   қаз мойын, қарға тұяқ, итарқа, итмойын,
өрмекші, төртқұлақ  т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек  композициясы
жасалады. Бұл мал мен жануарлар өмірінен алынған оюлармен қазақ  еш уақытта киім безендірмеген.
2.  Өсімдік  тектес ою – өрнектер.  Ою-өрнектің   екінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ
ежелден   табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып
келе   жатқан   өнер   туындысы.   Халқымыздың   қай   қолөнер   саласын   алсақ   та,   ою-өрнектер   өзіндік
ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Гүл оюларының өзінде де
халықтың дана ойы жататынын мынадан байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-
бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс
жағдайын,   ақыл   –   парасаттың,   әдептілік,   адамгершілік,   мейірімділік,   тәлім   –   тәрбие   ұғымдарын
300

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
кілемшедегі ою – өрнек   нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен   жеткізіп отырған.   Қазақ ою-
өрнектерінде кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен
өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі.
Оны   қазақтар   тоқтаусыз,   қозғалыстағы   үзілмес   өмір   белгісіндей   қабылдайды.   Мұндай   өрнектер
көрнекі  жерге-киім   өңірлеріне  түсіріледі.  Толқын тәріздес  таусылмас   өрнектер  күрделі   жануарлар
немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.   Сондай-ақ
“сүйір”,   “ирек”,   “балдақ”,   “қармақ”,   “тұмарша”   тәрізді   атаулар   оюларды   киім   безендіруге
пайдаланбаған.   Олар   алаша,   ши,   басқұр,   текемет   және   басқа   тұрмыстық   заттар   үшін   таптырмас
безендіру үлгілері. 
3.  Космогониялық   ою - өрнектер.    Көнеден келе жатқан өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты
(космогониялық)  оюлар.   Қазақ  қашан да  қияли жүйрік  халық.  Қазақтар  ежелгі  заманда-ақ ғарыш
сырын   ұғуға   тырысқан.   Өз   қиялдарын   тұрмысындағы   заттарды   жасауға   немесе   безендіруге
пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы,
алдымен  күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау
болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық, “Ай гүл”
деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.“Ай гүл”қазақ тарихындағы
алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. «Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді.   Күн, Ай, аспан
бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың магиялық  күші бар деп
сенген.   «Күн»,  «күн-көзі»,  «күнсәулесі»,  «шыққанкүн»  оюлары  кілемнің,  тұскиіздің  дәл  ортасына
салынады,   сол   сияқты   бұл   өрнек   кесте   тоқуда   немесе   ағаштан,   сүйектен   ойылған   заттарды
бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады. 
4. Геометриялық  ою - өрнектер. Ежелгі  адамдар  геометриялық  ою-өрнектердің  магиялық  және
символдық мәні бар     деп   сенген. Қола дәуіріндегі     саз     балшықтан   жасалған       құмыраларда
геометриялық       ою-өрнектермен         әрленген.   Бұл   топтағы   оюлар   киім   безендіруде   молынан
кездеседі.Кейде   өзен,   аққан   су   сияқты   иректер   кездеседі.   Оны   қазақтар   тоқтаусыз   үзілмес   өмір
белгісіндей   қабылдайды.   Мұндай   өрнектер   көрнекі   жерге   киім   өңірлеріне   түсіріледі.   «Сүйір»,
«Ирек»,  «Балдақ»,  «Алшы» т.б.  оны қазақ бақыттың, табыстың, ақ жолдың белгісі деп білген. Сол
себепті әйелдер жаулығының, кимешектердің, бешпеттердің шетіне кестелеген. Қолөнер шеберлерін,
суретшілер   мен   сәнгерлерді   ұлттық   рухта   тәрбиелеуде   ою-өрнектің   атқаратын   рөлі   зор.   Қолөнер
шеберлері   жасаған   бұйымда   ұлттық   нақыш   айқын   тұруы   тиіс.Сол   ұлттық   нақышты   айқындап
бейнелейтін өнер түрі  – ою-өрнек. Қазақ   халқы   ою-өрнекті   киелі   санаған. Мәселен  қабырғаға
тұтылған тұскиіз   бен   кілемдегі   өрнектерге   біраз   зер   салып   көріңіздер.   Қараған   сайын       ой-
қиялдарың   оянып, сол  ою-өрнектер, бейнелер  мен  сызықтар арқылы   шеберлердің   не  айтқысы
келгенін     байқайсыздар.   Халықтың   рухани   өмірі:   ұлттық   салт-дәстүрлер,   наным-сенімдерге
байланысты  оюлар. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен
жерге,   алыс   ауылға   күйеуге   ұзатылатын   қыз   баланың   белгілі   бір   уақыттан   кейін   төркін   жағына
сәлемдеме   жіберу   дәстүрі   болған.   Сәлемдемеге   жас   келіншек   өзінің   күйеуге   шыққаннан   кейінгі
тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың
үйіне   жіберген  сәлемдемесінде   “құсмұрын”   бейнесі   салынған   сәлемдеме   келсе,   ата-анасы   одан
баласының   барған   жерінде   құстай   ерікті,   басы     бостандықта,   жағдайы   жақсы   екенін       ұғатын
болған.Сол   сияқты     орамалдың    бетінде     ұшқан       құс     пен     бүршік     атып    келе     жатқан       гүл
бейнеленсе, ата – анасы қызымыз  құстай  емін – еркін, жайраңдап  өмір  сүріп  жүр  екен,-деп  мәз
болысады. Сонда   әр   өрнектің   астарында   алуан   мағына бар. Қазақ       халқының   ою-өрнектер
бейнеленетін    қол  өнер  бұйымдары  бірнеше  түрге  бөлінеді. Олар  ағаштан жасалған,  теріден,
жүннен, т.б. Ою-өрнектер  өзіндік   ерекшелігін  сақтай  отырып,  белгілі  бір  тәртіппен орналасқанын
көреміз. Оюлардың     ежелден       келе     жатқан   нұсқаларында құстың,   гүлдің , жануардың   түрін
тұспалдап  тұратыны белгілі.  Әр  оюдың  өзіндік  мағынасын  түсіне  отырып , қабырғаға  әсемдік
үшін  ілетін  болған.   Ата –бабаларымыз  «тұмар», «қошқар  мүйіз»  ою-өрнегінің   магиялық  күші
бар  деп  сенген. «Тұйық» оюы ел  қорғаған батырлардың иығы мен қалқанына,  аузы дуалы билердің
жауырын тұсына салынған. Тұйық оюы  бақыттың, достықтың, шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі. 
               Ай найзасы болмаса,
               Ерді қайдан танырсың.
301

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
               Ен-таңбасы болмаса,
               Малды қайдан  танырсың   –  деп қазақ атамыз айтқандай,  тұйық оюы  еліміздің белгісіндей
болып, мемлекеттік Туымызда бейнеленген.   «Қошқар  мүйіз»    ою-өрнегі қойдың  төбесі мен  екі
жаққа     иіріле     түскен     мүйіз     бейнесінде     келіп,     оның     қолтық     тұсынан     қойдың       құлағын
долбарлайтын   тағы   бір   шолақ    мүйіз  тәрізді  екі  буын   шығып   тұрады.  Одан  байқаған адамға
қошқардың   тұмсық   бейнесі   аңғарылады. «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі   байлық пен молшылықтың
нышаны.  Мал  шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты
туған. Қошқар  мүйіз  ою   туралы    халқымыздың  сүйікті  ақын  қызы  Фариза  Оңғарсынова   былай
деп   жазыпты:
               Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай?
                Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
                “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп,
                Әжем кеп сипағандай шашыма жай.
  Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі.
  Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
  Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан ,
  Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
 «Қай үйге кірсемде, жердегі киіздің бетіне  оюдың  бір  ғана  түрін  көремін. Сөйтсем, мен 
қазақтың киіз кітабының үстінде демалып отырған екенмін. Қазақ  халқының  адамгершілігін  
күннің  мейірімділігімен  теңеуге болады екен»,-деп  Александр Македонский  айтқан деген аңыз да  
бар.
Қай халықта және қашан да болса   мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың
тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану
халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде,  ортақ арман едi. Соның нәтижесiнде бiздiң  бабаларымыз
бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер  мұраларын  қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн
бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi
жоғары бағалаған Абай. Ал,Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер
екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының  молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн
айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Ою - өрнектерді  әр  түсті бояулармен
алмастырып   отырудың кейде   мазмұнға   байланысты   логикалық ұғымы да бар.Бояу мен түстерді
таңдап   пайдаланудың   қазақ  халқының   этнографиялық  тарихымен  де  байланысты  символдық
мәні   де  болған.  Қазақта  қайсыбір  түстердің   символикалық   мәні  бар:  көк түс – аспанның  түсі ,
қызыл   түс  -  оттың,   күн  көзінің    символы,   ақ  түс  -  ақиқатты, қуаныштың,  бақыттың
символы, сары түс -  ақыл – парасаттың қайғы –  мұңның   символы,  қара  түс  - жер  символы;
жасыл  түс  -  жастықтың,  көктемнің  символы.  Затты  осы   түстердің    бірімен   бояғанда  оған
белгілі   мән  беріледі.   Демек,  бояу   мен  түсті   таңдап   орналастыру   тарихында   әрбір   елдің
ұлттық   өзіне   тән    талғамы  мен  татымы    болған. Түстер  адам  өмірінде  үлкен  роль атқарады.
Түс  адамға  психологиялық  -  физикалық  жағынан  әсер  етеді Мысалы, жылы, суық түстен  адамға -
ширақтық  пен  еңбекқорлық,  қуаныш  пен  қайғы  сезімдерін  туғызады. Түстерді дұрыс  қабылдауға
қабілеті   бар   адам  он мың түстердің   реңдерін   байқап,  ажырата    алады.   Қолөнер   бұйымдарын
жасауда  әрбір түсті   белгілі   тәртіппен  кемпірқосақ   көркіне   лайықтап  орналастырылады. Өрнек
дегеніміз   –   кез   келген     бұйымның     сыртына     түсірілетін   біртұтас     байланысты    әшекей.   Жалпы
алғанда   ою - өрнек   дегеніміз - әдемі   ырғаққа   арнаулы   жүйемен   құрылған   өрнек   бөлшектері.
Композиция  дегеніміз - өрнекті  бұйымның  бетіне  реттеп  орналастыру,  жүйелеу. Композициялық
тұйық     өрнектер     дегеніміз-   шеңбер     ішінде,   түрлі     бұрыштар     ішінде   орналасқан   өрнектер.
Өрнектерді  орналастыру  үшін  симметрия  сақталу  керек.  Симметрия  дегеніміз - ою  өрнектің  екі
жағының  тең  болуыОю-өрнекте  бір  элемент  қайталанып  келсе  мұны- ритм  дейміз.  Бұйымға
салынатын     ою-өрнектің     бояу     түрлерінің     бір-бірімен     үйлесіп,     жарасым     табуы–колорит   деп
аталады.
«Тәуелсіздік   таңы»  деп   аталатын   бұл   композициялық   шығармамызда   симметрия,   ритм,   түс
үйлесімділік   заңдылықтарын     сақтай   отырып,   ілмек   бізбен     тоқыдым.  «Күн»,   «күн-көзі»,   «күн
сәулесі», «шыққан күн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады.  Халық қолөнерінің бай
302

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қай халықтың болса да, тұрмыс – тіршілігіне
қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Халық шеберлерінің қолынан
шыққан   әдемілеп,   әсемдеп   тіккен   бұйымдары   көзімізге   ыстық   көрінетіні   анық.   Халық   арасында
осындай өнерімен әйгілі шеберлеріміз көп. Олардың қолтаңбасы күнделікті өмірде мен мұндалап үй –
үйде жайнап тұр. Осы халық шеберлерінің мұрасын, біздің қазіргі заманымызға дейін алып келушілер
кімдер?       Әрине, олар он саусағынан өнер тамған шеберлер. Мәшһүр Жүсіп Көшетұлының   аңыз
әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынандай үш асыл қасиет бар.   Асылдығы   бір – бірінен
өтеді, бірі – көз, бірі – көңіл, бірі –  ақыл. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, әсемдікке
баулуда әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі болуға үйретіп отырған. Шеберлерді үлгі ете
отырып, қолөнерді үйреткен. «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналары. Көне
көз қариялардан сұрастыру арқылы өзінің шеберлік қасиеттерімен халқының ғасырлар талғамынан
өткен асыл қазынасын меңгерген қолөнер шеберлері біздің ауылымызда да өмір сүрген, қазірде бар.
Соның   бір – екеуіне   тоқтала   кетейін. Халқымыздың мұрасын қазіргі кезге дейін алып келген ел
ішіндегі он саусағынан өнер тамған шеберлер. Халық   өнерін   игере білген, ұлттық бұйымдарды
шеберлікпен тігетін   Рая, Нұргүлсім, Жұпарқан апа - әжелеріміздің қолынан шыққан бұйымдар әр
түрлі   көрмелерден   жүлделі   орындар   алып   жүр.   Ол   апаларымыздың   қолынын   шыққан   әдемі
бұйымдары   ауылымыздың   мұражайында   тұр.   Олардың   көзін   көріп,   қолөнерін   үйреніп,   өздерінің
тұрмыстық  қажетін өтеп  отырған   Камалхан,  Роза,  Қарлығаш,  Айман  сияқты  апай көкелеріміздің
тіккен бұйымдары көздің жауын алады. Бабаларымыздың ғасырлар тарихынан өткен асыл қазынасын
осындай елдегі шеберлердің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Халық өнері мені қызықтырады. Оларды жоғалтпай, үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Өткенді  еске  алып, ойға  толам,
Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,
Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,
Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Б. Момышұлы  атамыз  айтқандай  мен де  бос уақытымда
анаммен бірге ою ойып, оны кестелегенді   қолөнермен айналысқанды   ұнатамын. Қазақ   халқының
өзіне  тән  ерте  заманнан   қалыптасқан  ұлттық  тәлім- тәрбиесінің  асыл  қазынасы,  мол  тәжірибесі
бар.  Оның ұрпақ тәрбиесінің  негізіне  алынуы  - еліміздің    мүддесі,  халқымыздың  талабы. Ұлттық
ою-өрнектердің     бүгінгі     заманға     пайдасы     зор.     Ендігі           міндет       ұлттық         дүниетанымын
ерекшелігін  танытатын  осы   өнер   саласын   заман    талабына  сай  жетілдіріп,   көркем,  рухани
қазына  ретінде  пайдалана   білу.   Қазақ    қолөнерінің    күрделі  саласы   ою-өрнекті әлі  де  ғылыми
тұрғыдан    тереңірек  зерттей   түсу  қажет. Оюдың адам баласын тигізер әсері мол. Адам ойын бір
жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге , ашуды,
қайғыны басуға ықпал етеді .Бұл туралы Зейнеп Ахметова апамыз   Бауыржан ата туралы жазған
естеліктерінде     көптеген  мысалдар  келтірген.   Атамыз  жазып  отырған  еңбегі  өнімсіз болған кезде
қолына жедел қайшы мен қағаз  алып, түрлі  ою ояды екен.  Қорыта  айтқанда   ою-өрнек  дегеніміз-
дәлдік,   есеп,   теңдік, үйлесім,   жарасым, сәндік,   көркемдік,   парасаттылық,   жылылық,   сұлулық,
ойлылық,  ақылдылық,   зеректік,    көңілге    шабыт,     шаттық     ұялатады,     ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке,   икемділікке,   дәлдікке     баулиды,   тәрбиелейді. Ою-өрнек   өнерге   деген   махаббат,
сұлулыққа  деген   құштарлық  жиын-тығы.  Ою  ойған  адамның  жүрегі  жылы,  нәзік  болады - деп
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру біздің қолымыз.
                                    Пайдаланған  әдебиеттер
1.  Қазақстан  ұлттық  энциклопедия     7  том   Алматы, 2005.
2. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ  халқының   дәстүрлі  өнері Алматы,2003.
3. «Шаңырақ»  үй-тұрмыс  энциклопедиясы   Алматы.Рауан,1990.
4.  Ш. Өмірбекова.Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері.  «Алматыкітап» 2003ж
5 Ә. Ысқаққызы. Сырмақ өнері. «Алматыкітап», 2007 ж.
6.  Сапар Төленбаев, М.Өмірбекова «Ою-өрнектердің жасалу жолдары» 
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет