АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА
303
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп-бала бақшасының
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың
өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен
оқушы арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің талабы болып отыр.
К.Ушинский «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім
беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта (Strong, Ward
&Grant, 2011) атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға
– мұғалім болуы керек [МАН, 9- бет]. Екінші кезең - «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде зерттеу
тақырыбымды «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі
» деп алып, Диалогтік
оқыту әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділігін анықтау мақсатын көздедім. Осы
мақсат негізінде орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрып, диалогтік әдіс-тәсіл
арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйретуді, сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау
қабілеттерін арттыруды міндеттедім. басты міндеттер болып табылды.
Болжам: «Егер ағылшын тілі сабағына диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда оқушылардың
сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде
«диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосады»деп тұжырым жасаған. Сондықтан «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың
тиімділігі
» мақсатындағы міндеттерім:
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс- тәжірибе алмасу;
-Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс- әрекетін зерттеу. Осы мақсат- міндет негізінде күтілетін нәтиже:
«Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады.»деп күтілетін
нәтижені анықтап алдым.
Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк
oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн
(2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың
бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы
диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн
дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa
aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi
бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі
бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ [МAH, 98- бет].
Мен 6-сыныпта өткен сабақта оқушыларды 5 оқушыдан 10 оқушыны екі топқа бөлу арқылы өткіздім.
Онда шет тілі болғандықтан міндетті түрде тіл үйрену үшін тақырыптық диалогтар беріледі. Сол
диалогты оқушылар оқып, өз бетімен оқып, түсініп, аударуға және өз ойларын еркін жеткізуге
бағытталған жаттығулар орындады.
Т. Аяпованың «Ағылшын тілі» оқулығының соңғы тараулары бойынша «Астанаға барғым келеді»,
«Каникулда қай жаққа барғың келеді?», «Каникулды қалай өткізгің келеді?» тақырыптары бойынша
сабақ өткізгенде «Астана қандай қала?», «Кім Астанада болды?», "Кім Астанаға барғысы келеді?"
деген сұрақпен бастадым. Оқушылар бар мүмкіндігінше жауап берді. Топтастыру стратегиясы
бойынша «Астана» сөзі жазылған ментальді карта арқылы екі топқа бөлінген оқушыларға «қандай
ассосация береді соны жазыңдар» деп жазғыздым. Олар ментальді карта жасауда «Әдемі қала, жаңа
қала, Елорда, Хан шатыр, Байтерек, Пирамида» деген сөздерді қамтыған.
Осы ментальді карта толтырып болғаннан кейін осы сөздерді ағылшын тілінде айтайық деп сөйлеуге
жетеледім. Оқушылар екі топта осы сөздерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тілінде «Astana is the
304
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
capital of Kazakhstan», «Astana is new city», «Аstana is the modern city», «The Monument of Baiterek is
new builbing» деген сөйлемдерді құрады.
Мерсердің әңгіменің үш түрін- әңгіме- дебат, кумулятивті әңгіме, зерттеушілік әңгімелерді
сабағымда қолдана отырып, қарым-қатынас орната білдім. Менің диалогтік оқыту арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамытудағы көздеген мақсатым, оқушылар көптеген жағдайда өз ойларын ашық
айтуға жасқанады. Қазақ халқының менталитетінде үлкеннің алдын орап сөйлеуге, үлкендердің сөзіне
араласуға тиым салынады. Бұл тежеу кейбір балаға ортаға шығып сөйлеуіне кедергі туғызады.
Диалогтік оқытуды қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы мәдениетті сөйлеуге, ұшқыр
ойлауға, белгілі бір тақырыпты толыққанды ашып, шегіне жеткізе отырып, көз жеткізуге, нақты
мәліметтерді қамту арқылы өз ойларын еркін жеткізуге үйрету болатын.
Диалогтік оқыту әдісінің бірі – сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі
сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім
алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (МАН, 40-бет). Осы зерттеуге сәйкес мен
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс-әрекетімен
ұштастыру жұмыстарын ұйымдастырдым. Оқушылар ашық диалогке көшіп, өз ойларын еркін, ашық
жеткізе білді. Қай жаққа саяхат жасаған тиімді, «өз еліңе саяхат жасаған тиімді ме, шетелге саяхат
жасаған тиімді ме?» деп оқушыларды әңгіме-дебатқа шақырдым. І топтағы оқу озаты- Ақжайнақ
«шетелге саяхат жасаған жақсы, бірақ өз еліңнен бастаған жақсы, өйткені өз еліңнің жерін, тарихын
білмеген адам, өзге елдің тарихын, жерін танып жарытпайды деген пікір айтса», ІІ топтағы оөу
екпіндісі- Нұрқан «Әр адам өз елінің, туған жерінің тарихын білу керек, әрине өз еліңнің жерлеріне
білген жақсы, алайда шетелге барып келген адам ғана өз елінің қадірін түсінеді. Шетелді көріп
мәдениетімен танысудың орны бір бөлек. Ел көресің, жер көресің. Шетелде демалғанның жөні бөлек
деп ойлаймын» деген пікір айтты. ІІ топтағы оқу үлгерімі төмен- Мейрамбек «Мен шетелге барғым
келеді. Ондағы адамдармен танысқым келеді» деп жауап берді. Бұрын сабаққа көп қосылмайтын
Мейрамбек топтық жұмыста өзінің белсенділігін көрсете бастады. Бірнеше оқушылардың пікірі
тыңдалды. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар
бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104- бет) деген
ережесін осы жерде растауға болады.
Мерсердің зерттеуіндегі әңгіме түрінің бірі басқаға бағыттау арқылы «Тағы қандай идеялар
қосуға болды?» деген сұрақтарға оқушыларды сөйлетіп, бір- бірімен байланыс орната отырып, тілдік
қорларын молайтуға тырыстым. Басқаға бағыттау барысында оқушының дұрыс емес сұрақтарына
басқа оқушыларға бағыттау арқылы «тағы кімнің қандай пікірі бар?» деп ойларын ортаға салдым.
Сабақты өткізу барысында жаңа тақырып бойынша ынтымақтастыққа бағыттауда жұмыстар
жүргіздім. Оқушыларға «Каникулда қай жаққа барғың келеді?» Тыңдауға арналған мәтінді оқып,
оқушылар түсінгені бойынша өздері топта талқылады. Сонан соң берілген постерге нақты тіректерді
бейнелеу ұсынылып, уақыт берілді. Жұмыстарын аяқтаған соң бір-біріне постерлерін ұсынып,
бейнеленген суреттер бойынша ағылшын тіліндегі тыңдалым бойынша мәтінді қазақша айтып береді.
Оқушының қаншалықты түсінгенін осы сөйлеу арқылы түсінуге болады. Диалогтік қарым-қатынаста
ситуацияны бірге талқылап, өзекті мәселені бірге шешуге мүмкіндік туады, яғни барлық
қатысушылардың белсенділігін арттырады. (А.Ш.Орақова, 2009). «Каникулды қалай өткізгің келеді?»
тақырыбы бойынша оқушыларға берілген жаттығулар бойынша сөйлемдерді бөліп беріп, сол
сөйлемдерді аудырып, оқушылардың каникулды қалай өткізгісі келетіні туралы толық ақпаратты
қамтып алдым. Екі топ бір-бірімен ағылшын тілінде сұрақ-жауап қойып диалог түрінде сөйлесті.
Мұнда оқушылардың жаңа сөздерді есте сақтауы, сөздерді түсіне отырып, тиімді қолдануы кезінде де
оқушылардың қабылдау қабілеттеріне көңіл бөліп отырдым. Диалог арқылы сөйлескен екі топ
түсінгендері бойынша постер жасап, сол сөйлемдерді пайдаланып, өздерінің каникулды қалай
өткізгісі келетіні туралы әңгімелеуге машықтанды.
«Астанаға барғым келеді», «Каникулда қай жаққа барғың келеді?», «Каникулды қалай өткізгің
келеді?» Үй тапсырмасын бере отырып, оқушылардың сабақта не түсінді, нені түсінген жоқ, қандай
сұрақтар туындады, стикерлерге рефлексия жаздырып алдым. Сабақтан соң оқушыларға рефлексия
305
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жазарда оқушыларға «балалар, бұл сабақтың қандай тұсына түсінбедіңдер, қандай тұсына көңілің
толмады, әр оқушыда бұл сабақ бойынша болсын, немесе мұғалімге болсын сұрағы болмауы мүмкін
емес, сондықтан ойланып отырып, өз ойларыңды осы үш стикерге жазыңдар» дегеннен кейін өз
ойларын ашық жазған.
Мен «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі
» тақырыбына «Диалогтік оқыту
әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділігін анықтау» мақсатталған
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс- тәжірибе алмасу;
- Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс- әрекетін зерттеу міндеттері бойынша міндеттелген орта мерзімді жоспар
негізінде қысқа мерзімді жоспар бойынша диалогтік әдіс- тәсіл арқылы ынтымақтастықпен топтық
жұмыс жасауды үйрете отырып, диалогтік оқыту арқылы сөйлеу дағдыларын арттыруға алғашқы
қадам жасай алдым. Кездескен кедергілер: 1.уақыттың үнемделмей қалуы;
2. Оқушылардың тілдік қорының аз болуы; 3. Бағалаудың ауытқушылығы
4. Оқушылардың рефлексия жасай алмауы болды. Осы кездескен кедергілерді жою барысында
тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне сәйкес жоспарладым, түрткі сұрақтар беру арқылы диалогқа
жетеледім, Критериалды бағалау түрлерін түсіндірдім, рефлексия туралы анықтама бердім.
Нәтижесінде уақыт тиімді қолданыла бастады, оқушылардың тілдік қорлары арта бастады, оқушылар
әділ бағалауға тырысты, рефлексия жасауға бейімделе бастады.
«Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады» деген күтілетін
нәтижеге алғашқы деп ойлаймын.
Алдағы уақытта «бүгінгіні жоққа шығара алмаймын, бұрынғыны жаңашалаймын, диалогтік
оқытуды зерттеуді жалғастырамын, сындарлы оқыту негіздері қамтылған әдіс-тәсілдерді
қолданамын, жеткен тәжірибемді әріптестеріммен бөлісемін.»
Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі мектептегі іс-әрекетті зерттеу тақырыбы бойынша жеткен жетістігім
оқушылардың әңгіме барысында өз ойларын айту дағдылары қалыптаса бастады. Төменгі деңгейдегі
оқушым Мейрамбек өзінің кластағы рөлін айқындай бастады. Сабаққа араласа бастады. Алдағы
уақытта әлі де осы оқушылармен зерттеу жұмыстарын жалғастырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012 ж. (3-басылым)
М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. 2002ж.
Т. Аяпова «Ағылшын тілі» 6-класс. 2012 жыл.
А.Ш.Орақова. Интерактивті модульдік оқыту технология- Алматы, 2009.,
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТІН
ЖҰМЫСЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қарағанды облысы Осакаровка кентінің №1 жалпы білім беретін
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хыраубай Орныхан
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді
тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы
қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық
жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары
педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген
мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес
олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ата–аналарға бала тәрбиесінде,
біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және
дамуын міндеттейді. Осы орайда мұғалімнің ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып тиянықты
306
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұмыс жасау міндеті тұр.
Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының
жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп,
оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір
сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың
жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата –
аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
Ата–аналар ұжымын құру.
Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның
жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге
талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін
үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру.
Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіруді
насихаттауы тиіс.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің
ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды.Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің
ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан
қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып
жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін
меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық
қызмет жүктейді.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы
тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы
әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды
көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі
формаларын қолданады:
- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық
жарыстар, т.с.с.;
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;
- алалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне
т.б.;
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат,
кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің бейімділіктеріне сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
-мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана
қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
-мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге көмек
көрсету т.б.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта
кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету,
ақыл-кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен,
жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың
комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын
307
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта
атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық
шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау
көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып
өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге
сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық
ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді .
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары
Даралық және Топтық
•
Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы
•
Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
•
Педагогикалық
•
лекция,
•
консультация
•
Ашық есік Күні
•
Сұрақ-жауап кеші
•
Жалпы ата-аналар жиналысы
•
Ата-аналар жиналысы
•
Жиналыс диспуттар
•
Жиналыс-практикумдар
•
Тоқсандық қорытынды
•
Жиналыс
Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме
Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ:
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап,
көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің
жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.
2. Топтың жеке әігімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу
тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді
шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізукерек.
3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының күрделі түрі,
баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке басты дамытудың
жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады.
4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық ерекшеліктері
туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы педагогикалық
қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі мінездеме таныстыруы.
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің
тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді
жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер
308
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.
7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің куәгері
болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық
нормаларын барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары.
Міне осы жапғдайда ата-ана мен ұстаз ортасында түсініспеушілік туындамайды. Баламен жұмыс
жасау ата-анаға да мұғалімге де оңтайлы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп . №7 2007 ж, 3 бет.[1]
2. Бала тәрбиесі №10, 2009 ж, 16 бет.[2]
3. Сыныптан тыс жұмыстар №6, 2004ж [3]
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ақтөбе қаласы. Новый орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Хабибуллина Жанна Бахтияровна. I санат
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға,мазмұнын ашуға үйрету.
Білімділік: Мәтіннің мазмұнын ашу. Әр жәндік, жануарлардың өз мекендерін қалай жақсы
көретінін түсіндіру. Өз тұрған жерін бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу, рөлге бөліп
оқу,негізгі ойды табу, салыстыру,сипаттау машығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еліне,туған жері,үй-іші,достарына деген ыстық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілік, СТО
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер ,кестелер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын сұрау:- Сәкен Жүнісов туралы не білеміз?
1934ж Көкшетау облысы Қызылтау ауданында дүниеге келген. Жазушы. «Кімнің мекені жақсы»
«Шәркей» т.б. кітабы
-Мәтінді рөлге бөліп оқу,әңгімелеу.
Үй тапсырмасын бекіту:-Қалай ойлайсыңдар,үш кейіпкер жақсы мекен,жайлы қоныс тапты ма?
-Мәтіннен көкейіңе не түйдің ?
IY. Жана сабақ: Ой қозғау
- Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
8.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
9.
Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары.
10.
Бақа көлінде патша.
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
-Мақал-мәтелдердегі ойды түсінуге өзімізге таныс үш кейіпкердің сөздері көмектеседі.Кәне,ары
қарай тыңдайық.
Мұғалімнің оқуы.
Оқушылардың оқуы: тізбектеп оқу
-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?»мәтініндегі негізгі ой не туралы?
309
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Y. Мағынаны тану
Анықтама: Соңғы сөйлем С.Жүнісовтің әңгімесінің негізгі ойы болады.Негізгі ой бір оқиғамен
байланысып,бірнеше оқиғамен жалғасады.
-Мәтіндегі негізгі ойдың басталуын,жалғасуын,аяқталуын тап.
Басы: Құрбақа,тышқан,құмырсқаның жолға шығуы.
Жалғасы: Жақсы мекен,жайлы қоныс іздеуі.
Аяқталуы: Әркімнің өз жері,өз мекені жақсы.
YI. Эссе
Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз тұрған жерің туралы толғана жаз: «О,шіркін! Дүниеде мен тұрған
жерден....»
YII. Ассосация жайлы
әдемі жарық
биік кең
жылы
YIII. Үйге тапсырма : түсініп оқу
IX. Бағалау.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Шалтаева Гулназ Құнанбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі, І санатты
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. Шынықсын денеміз.
Сабақтың мақсаты:
1 . Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға салауатты өмір салтының бір тармағы денені
шынықтыру жайлы түсінік беру.
2.Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету,сөздік қорын молайту. Өз ойларын
жинақтап, жуйелеп қорыта білуге біліктіктерін жетілдіру.
3.Табиғат тамашасына суйсіне білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мультимедия. Слайдтар , қыс келбетінің суреттері , сызба, қысқы ойын түрлері т.c.c
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, іздену,шығармашылық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, дене тәрбиесі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Сыныбымыз тап-таза,
Борда дайын тақтада.
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
Үй жұмысын сұрау, тексеру.
- « Құлақ пен тымақ » өлең-мысалын рөлге бөліп оқыту, сахналау.
- Шығармашылық тапсырманы сұрау.(4 жол өлең)
310
Менің
мекенім
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
- Қорытындылау
Қызығушылығын ояту: Ой қозғау:
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы , коньки тебеміз.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?
-Қыс
ОЙ ШАҚЫРУ стратегиясы: Ассоциация әдісі.
Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсірейік
(сызбаны оқушылар өздері толдырады.)
Түн ұзарады, шаңгы, шана тебеміз. Қар жауады, боран болады , аяз болады, күн қысқарады.
ТОПТАСТЫРУ стратегиясы: ҚЫС
- Сурет бойынша жұмыс:
- Қыс мезгілі, қыс айлары, табиғи өзгеріс
- Қыс мезгілін қалай суреттер едің?
(Оқушылар пікірін тындау)
- Мағынаны ажырату
- Сендер қыс мезгілін суреттедіндер.
- Ал балалар жазушысы әрі ақын Б.Соқпақбаевтың « Шынықсын денеміз » атты оленің оқып түсініп
алайық.
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
Жазушы « Менің атым - Қожа » Алматы өңірінде
Ақын деген кітап жазған . дүниеге келген
VI.
«Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
VII.
Кітаппен жұмыс: Мұғалімнің оқуы
VIII.
Оқушылардың тізбектей үзіп – үзіп оқуы
Сөздік жұмыс:
IX.
Малақай – жылы қысқы бас киім.
X.
Биялай – теріден тігілген қолғап.
ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ СТРАТЕГИЯСЫ:
XI.
Сабақтан шыққанда уйге қайтып бара жатқанда қыс туралы , табиғат туралы, қысқы ойын
туралы, айналада не болды, не байқадың? Сол туралы жазып келген әңгімелерін оқыту.
АВТОРДЫҢ ОРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫ:
Жазып келген әңгімелерін АВТОРДЫҢ орындығында оқиды.
МАҒЫНАНЫ ТАНУ КЕЗЕҢІ:
Дәптерлерін ашқызу, бүгінгі күнді жазғызу.
XII.
Желтоқсанның жиырма үші.
XIII.
Шынықсын денеміз.
XIV.
Б.Соқпақбаев
СЕЗІМНЕН ШЫҚҚАН ӨЛЕҢ СТРАТЕГИЯСЫ:
Тақтада қыс мезгілінің суреті тұрады.
XV.
Ал балалар қыс мезгіліне байланысты оның ерекшеліктерін ойланып мына сұрақтарды
басшылыққа ала отырып өз ойларыңнан 1 шумақ өлең шығарып көріңдер
Шығармашылық тапсырма
Қар жауады ( Жапалақтап )
Жүр шапалақтап ( Балалар )
Балалар киеді ( тон мен қолғап )
Бетті суйеді? (аяз)
ОЙ ТОЛҒАНЫС СТРАТЕГИЯСЫ:
Жұмбақтын шешуін суретпен байланыстырады:
311
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1.Табаныма байладым 2.Зулап түсіп төменге
Қос таяқпен айдадым ( Шанғы ) Шықпас менсіз төбеге ( Шана )
3. Табанға тақтым 4.Қыста ғана болады
Жаплаң қақтым Ұстасан қолын тоңады ( Қар )
Зырлап бақтым ( Коньки )
5. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй көшеді. ( Шырша )
Қысқы ойын түрлерімен таныстыру. Слайд арқылы : биатлон , хоккей , мәнерлеп сырғанау т.с.с
ВЕНН диаграммасын көрсету арқылы (салыстыру).
ҚЫС Жыл мезгілі КӨКТЕМ
Суық , қар жауады. 3 ай , күн жаңбыр жауады
Аяз, боран болады аспан , жер құстар келеді
Шана, шаңғы коньки тебеміз Ағаштар бүршік атады
Ағаштар тоңады Асық жіп ойнаймыз
Сабақты қорытындылау, бекіту:
XVI.
Не өтілді?
XVII.
Нені уйрендік?
XVIII. Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
XIX.
Б. Соқпақбаевтың өлеңін жаттау
XX.
Өзің қандай қысқы ойын түрін ұнатасың? Суретін салып келу
БАҒАЛАУ:
XXI.
3 – дегеніміз орта баға
Сапасы да орта ғана
XXII.
4 – дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы бала
- 5 – дегеніміз үздік баға
Оқитын бол үздік қана
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Борашева София Қайыржанқызы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі, І санатты
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, күн шуақтары, ақ қағаз.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Баяу музыка қою.
Балалар, арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған
сайын, сабырлы болуға тырысыңыз. Өзеріңнің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа,
махаббатқа, тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Жүректерің
қуанышқа толсын. Ал, енді көздеріңді аша қойыңдар.
312
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Үй тапсырмасын сұрау: Б. Әбіловтің «Қанат пен Жанат» әңгімесін үйден оқып келдік. Кімдер
әңгіменің мазмұнын айтуға дайындалып келді?
Әңгіменің мазмұнын 1-2 оқушыға айтқызамын.
Сұрақтар арқылы пікірлерін айтқызу:
1.Қанат пен Жанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер.
2.Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?
3.Талаптыға нұр жауар, Талаптансаң , алмайтын асу жоқ деген сөздердің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
4.Талапты бала қандай болады , деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз: Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.Ш. Құдайбердіұлы
Оқушылардың жауаптарын тыңдау, түйіндеу.
Жаңа ақпаратты оқыту.
Адам өмірден өз орнын табуда талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденгіш болуы қажет.
Адам өзінің ынта- ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.
Жаңа ақпарат бойынша түсінгендерін айтқызу.
Шығармашылық жұмыс:
Төменде берілген сөздерден талапты балаға тән қасиеттер- ді тауып , айтып беріңдер. Күн шуағымен
бейнелеңдер.
Ізденгіш, енжар, ұмтылғыш, талантты, жалқау, ұқыпты, қабілетті, еңбекқор, өнерлі, әдепті, сабырлы,
табанды.
Ойын: «Домино».
Дәптермен жұмыс. Топтық жұмыс.
Талапты баланы неліктен құсқа, тұлпарға, тауға теңейді?
XXIII. топ: Талап- тұлпар, білім- сұңқар.
XXIV. топ: Талапты бала-талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
XXV. топ: Талпынған тау асар.
Мақал туралы түсініктеріңді жазыңдар.
Әр топтан 1-2 балаға оқыту.
Топпен ән айту. «Бала тілегі» Сөзін жазған: С. Молдасанұлы Әнін жазған: Ф.Лұқпанова
Қорытынды: Балалар, сендер бүгін талаптанудың адамның өмірінде маңызды құндылық екенін
білдіңдер.Мен білемін сендердің бәрің талаптысыңдар.Сол талаптарыңмен қанаттарың талмай биікке
самғап , елімізге, халқымызға, өзімізге пайдалы іс істейді деп ойлаймын. Мен сендерге әр түсті
жүрекшеге жақсы тілегімді жазып келдім, өздерің қалаған түстен ала қойыңдар.
Үй тапсырмасы: Мен талапты баламын. Өлеңді жаттау.90-91-бет.
Дәптердегі мақалдар туралы түсінгеніңді жаз. 24-бет
Тыныштық сәті: Баяу музыка қою.
Көзімізді жұмып, ыңғайланып отырайық. Бүгінгі сабағымызда қандай жақсы нәрсе үйрендік еске
түсіріңдер. Өз талаптарыңмен қандай мақсатқа жететініңді ойлаңдар. Өмірде саған жақсылық
ойлаған адамдардың бәріне ризашылық білдір. Ал енді жайлап көздеріңді аша қойыңдар.Сау
болыңдар.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Дәулетова Шархат Ермекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты
Сабақтың тақырыбы: «Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы»
Мақсаты: Оқушыларға сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер туралы түсінік беру.
313
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Типі: Білімді бекіту.
Түрі: пысықтау сабағы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Көрнекілігі: мультимедия экраны.
Сабақтың жүрісі:
5)
Ұйымдастыру а) Амандау
Ә) Психологиялық дайындық
А) Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сәрсенбінің сәттә күні,
Қуанышқа болсын толы.
Ә) Әрбір адам- досым, сыныптасым
Әрбір сабақ – оқу іздену
Әрбір ісім – тірлік, тірекі адалдық
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
-Балалар, қазір қай ай?
-Желтоқсан.
-1 желтоқсан қандай мереке болып аталып өтіледі?
- Еліміздің тұңғыш президенті күні.
- Желтоқсан айында тағы қандай мереке бар?
- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
- Тәуелсіздік жолында құрбан болған жастар кімдер еді?
- Ноғабайұлы Қайрат, Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира.
- Ендеше сол желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіз еске алайық.
- Жақсы отыра қойыңыздар.
ІІ. Пысықтау «Сөйлем».
А) Ойын «мен бастаймын, сен жалғастыр».
1. Сөйлем аяқталған....(ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден......(құралады)
3. Сөйлемдегі сөздер....(бөлек жазылады)
4. Сөйлемнің бірінші сөзі....(бас әріппен жазылады)
5. Сөйлемнің соңына...... (нүкте қойылады)
6. Хабарлы сөйлемнен кейін.....(нүкте қойылады)
7. сұраулы сөйлемнен кейін.....(сұрақ белгісі қойылады)
Ә) «Сөйлем» сөзіне фонологиялық талдау жасау
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:......
Себебі, ...
2. Буын ... Себебі, ...
3. Тасымал ... Себебі, ...
Сөйлем
4. екпін
5. буын үндестігі ..... Себебі, ....
6. Дыбыс үндестігі .. Себебі, ....
ІІІ. Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.
А) Күннің жадын жазу
Ә) Көркем жазу. С с
1. Сурет арқылы (көрсетілген сурет бойынша мысал жазу).
Бұл ат па?
314
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-Балалар, бұл сөйлемдерде жазылуы басқа, бірақ естілуі сөздер бар ма?
- Атпа ? Ат па?
-Дұрыс . қай сөйлемде па, бірге жазылады ?
-Бірінші.
-Бұл қандай сөйлем?
-Хабарлы.
-Хабарлы сөйлемдегі атпа сөзі қимылды білдіріп тұр. па – жұрнақ . сөзбен бірге жазылады.
-Екінші сөйлемде па қалай жазылып тұр?
-Бөлек.
-Бұл, сұраулы сөйлем болады, па – көмекші сөз, сұраулық мағына беріп тұр.
IV. Салыстыру.
а) Оқулықтағы 1 жаттығу ауызша орындалады, оқушылар кезек тесе оқиды.
Бүгін кинога барма. Сенде қарындаш бар ма ?
Ініңнің қасынан кетпе. Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме. Бүгін досың келе ме?
Бірінші бағандағы сөздерге ма, пе , ме жұрнақтары бірге жазылып қимылды білдіріп тұр.
Екінші бағандағы сөздерге ма, пе, ме бөлек жазылып, көмекші сөздер қызметун ақтарып,
сұраулы сөйлем жасап тұр.
Ереже: оқу, дауыстап
Сұраулы сөцлем жасаитын ба, бе, ма, ме, па, пе бөлек жазылады.
Мысалы: Олар қаладан келді ме? Тапсырманы жаздың ба?
V. Дәптермен жұмыс. 2-жаттығу.
а)Берілгенін оқу. Сөилем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?
Жақшаны ашып, дұрысын жаз.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн
суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабақақа қалды ма?
ә) 3 –жаттығу. Парақшамен жұмыс. Берілген хабарлы сөилемді сұраулы сө»лемге айландырып жазу.
1.Таң атты.Күн шықты.
2. Қанат ерте тұрды.
3.Қоңырау соғылды.
4.Сабақ басталды.
Сабақ қызықты өтті.
5.Сабақ аяқталды.
Балалар үйлеріне көңілді қайтты.
б)Ойын «Не қажет?».
Сурет арқылы не қажет екенін табу.Хабарлы және сұраулы сөйлем құрау.
315
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
VI. Шығармашылық жұмыс.
I – топ. «Сөйлем» сөзіндегі дауысты дабыстарға мінездеме беру
ө , e
1.Бұл – дауысты дыбыс.Себебі ...
2. Тілдің қатысына қарай - ... Cебебі …
3. Жақтың ашылуына қарай - … Cебебі …
4 .Ерін мен езудің қатысына қарай – … Себебі …
II – қатар. «Сөйлем» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарға мінездеме беру.
1.Бұл – дауыссыз дыбыс. Cебебі …
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай - … Себебі …
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай - … Себебі …
4.Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай-…
III- қатар. «Нүкте» сөзіне сөзсазындық ( фонологиялық ) талдау жасау.
1.Айтылу , жасалу , жазылу жолдарына қарай - … Себебі…
2.Буын … Себебі…
Нүкте 3.Тасымал … Cебебі…
4. Екпін
5. Буын үндестігі… Себебі…
6. Дыбыс үндестіг … Себебі …
VII.Сабақты бекіту. «Қандай сөйлемдер» ойыны.
Мұғалім сөйлемдерді оқиды. Оқушылар сөйлемдерге қандай тыныс белгісін қою керектігін
көрсетеді ( таңба арқылы )
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
16 – желтоқсан – Тәуелсіздіккүні ме?
Алақай ! Біз жеңіске жеттік!
Атырау – әсем , көрікті қала.
Мектеп маңына ағаштар мен гүлдер егілген.
VIII.Сабақты қорыту.
11.
– Бүгінгі сабақтан не уйрендік , нені білдік?
316
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-Ма,ме,па,пе,ба,бе көмекші сөздері сұраулы сөйлем жасайтынын және сөзден бөлек жазылатынын
білдік.
ә) Оқушылар тыныс белгі туралы өлеңдер оқиды.
1- оқушы.
Ей , кішкентай ғана нүкте ! Сенің осы керегің жоқ-ау түкке
Керек болсаң, айта қойшы, Сырыңды менен бүкпе.
2 – оқушы. Нүкте
Мен сөйлемнің соңында тұрам Сөйлемдердің жігін ажыратам,
Кідіріс белгісі орнында тұрам. Тиянақты ойдың біткенін білдірем.
3 – оқушы.
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?
4 – оқушы – Сұрақ белгісі.
Мектепке барасың ба? Мұғалім тілін аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерде Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгісін қоймай кетеді. Өзің айтшы білсең
Осылардың соңында
Қандай белгі келеді?
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма.
Бес хабарлы сөйлем жазу және сол сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
МОРФЕМИКА. ОДНОКОРЕННЫЕ СЛОВА.ФОРМЫ ОДНОГО И ТОГО ЖЕ СЛОВА
Актанова Гульнур Айтмаганбетовна
Преподаватель русского языка и литературы
ГКУ “Средняя школа №29” имени Т.Изтилеуова
Кызылординская область, Кармакшинский район
Достарыңызбен бөлісу: |