Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

3D МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ АНИМАЦИЯЛАУ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
"№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі " 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
информатика  пәні мұғалімі
 Есімханова Жайна  Садуақасқызы
Тақырыбы:     3D модельдеу және анимациялау
Мақсаты:        3D кеңістігінің бағдарымен таныстыру. мүмкіндіктерін және  түрлерін түсіндіріп, оларды  
                         пайдалануды үйрету.  
 Жабдықтар:   Презентация слайдтарын қолдану.
Жұмыс түрлері:  Жаңа материалдарды түсіндіру,  презентацияларды демонстрациялау,                 
                               тапсырмалармен компьютерлік жұмыс.
Сабақтың жоспары:                        
5.
Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы 
дайындық (2 минут).  
6.
Жаңа  материалдарды түсіндіруге кіріспе (3 
минут).
7.
Жаңа материалды түсіндіру.  (15 минут).
8.
Жаңа материалды бекіту. (2 минут).
9.
Компьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).
10.
Қорытындылау.  (3 минут).    
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
11.
3D кеңістігі туралы жалпы түсінік;
12.
3D модельдеу және анимациялау;
13.
3D кеңістігінде  жұмыс істеуді;
14.
3D кеңістігі мүмкіндіктерін және қолданылу 
ортасы ;
Оқушылар үйренуі тиіс:
15.
3D кеңістігі туралы жалпы түсінік;
16.
3D модельдеу және анимациялау;
Сабақтың барысы:
175

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
11.
Ұйымдастыру кезеңі
                 Оқушыларды түгендеу, сабақ тақарыбы мен мақсатын баяндау.
Кіріспе.       
   3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды 
қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, 
ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б 
салаларда қолданылады. Әрине, көпшілігіңізге „бұл қалай жасалады„ деген сұрақ қызық болар. Бүгінгі 
шолуымызда 3 қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастырамыз.
Жаңа сабақ
Бастамас алдын аздап мектеп бағдарламасындағы геометрияны еске түсірейік. Декарттық координаттар 
жүйесін еске алыңыздар (X, Y және Z осьтері еске түсті ме?). Ал енді функцияларды және олардың графигтерін
еске алайық. Мысалы: сызықтық функция, квадрат функция және т.с.с. (Парабола, гиперболалар еске түсті 
ғой?) Бұған қоса векторлардың да не екенін еске түсіріп алсаңыздар жөн болады. 
Ал, енді қанекей бастайық: жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған 
барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір 
координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын 
байқайсыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни „аса күрделі 
заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру„. 
Мысалы: „қазіргі осы мақаланы оқып отырған мониторыңыздың өзі бірнеше сызықтар мен 
төртбұрыштардан құралған. Ал одан әрі оны кіші бөліктерге бөлсеңіз, оның аса кіші төрт бұрыштардан, яғни 
нүктелерден тұратынын байқайсыз„. Бұдан келіп шығатын ой: „белгілі координаталарда орналасқан нүткелерге
түс беру арқылы, кеңістікте кез-келген фигураны жасап шығуға болады„.
Жоғарыда сіздерге компютерлік анимацияның жалпы жұмыс істеу принципін түсіндірдік. Әрине, қиын 
фигураларды жасау үшін оны нүктелеп құрастыру мүмкін емеске жақын іс. Сондықтан қазіргі уақытта 3D 
модельдеу үшін түрлі бағдарламалар пайдаланылады. Олар біздің жұмысымызды жеңілдету үшін, майда 
жұмыстарды автоматты түрде жасайды, тіпті кейбір бағдарламалар аса қиын функцияларды да іске асыра 
алады.
Енді сол бағдарламаларда жұмыс қалай жүретінін қарастырайық. Ол жұмысты мынадай бөліктерге 
бөлуге болады:
1) Моделлинг – бұл ең алғашқы этап және ең негізгі деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл 
фигуралар детальизация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы 
осында жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар „3 қатпарлы модель„ деп аталады. Бұл модельдің әлі 
түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер сұр-ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D 
бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер 
береді. Оларды қолданып модель жасау тек жасаушының таланты мен тәжрибесіне және, әрине, оның 
фантазиясына тәуелді.
2) Текстуринг – бұл этапта 3D модельдер нормалдар картасына бөлініп, яғни барлық модельдің 
фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. Бұл процессті мынадай көзге елестетсе болады: „кез-келген
фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның бетіне 
жабыстыру„ сынды. Бұл этаптан өткен соң объектілерге реалистичный түр енеді, яғни олардың сыртқы көрінісі 
шын өмірдегіге қатты жақындайды. Оң жақтағы сурет осыған мысал.
3) Риггинг – бұл процессті былай сипаттаса болады „қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау„. 
Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны қимылға 
келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, сол сүйекті 
қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты бөлік қимылға келеді.
4) Анимациялау – бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. 
Жоғарыдағы риггингте жасаған суйектеріміз осында кеңінен қолданылады. 
5) Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 
1) Сурет рендерлеу 
2)Видео рендерлеу.
Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) 
суретке түсіру. 
Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп камерелар көмегімен түлі ракурстан 
қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, 
сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер компютерлерде орындалмаса, бұл процесс 
ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға: „Шрек 3„ мультфилмінің рендерингі 20 
миллион сағатты алған. Ескеретін жайт: мұнда 1000 линуксте істейтін дербес компютерлер және 3000 мың 
линукстегі серверлер күші қолданылған. 
Сіздерге аздап болсын түсінікті болған шығар деген сенімдемін. Енді аздап 3D модельдеуге 
176

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
байланысты пайдалы ақпарат:
1) 3 қатпарлы модельдеуді уйренуді Blender 3D бағдарламасында бастауды кеңес беремін. Себебі бұл 
бағдарлама тегін және өзінің мүмкіндіктерінде ақылы бағдарламалардан кем түспейтін жалғыз бағдарлама. Оны
бағдарламаның ресми сайтынан көшіріп ала аласыз. Оған қоса бағдарламаның ресми сайтында бағдарламаны 
пайдалануды үйрететін документация және тәжрибелі сайт қолданушылары бар. 
2) Blender 3D бағдарламасының ресми сайты: www.Blender.org
3) 3D модельдеуді үйренуге қорқпаңыз, бұл сырттай мүмкін еместей қиын болып көрінгенімен, әрбір 
адам үйрене алатын қызықты, әрі пайдалы іс.
4. Бекіту сұрақтары.
17.
3D кеңістігі туралы жалпы түсінік;
18.
3D модельдеу және анимациялау дегеніміз не?;
19.
3D кеңістігінің бағдары
5. Практикалық жұмыс
Презентацияда  көрсетіледі.
6. Қорытындылау.
 
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ПЫСЫҚТАУ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кысабекова  Жанат  Жақыпқызы
Сыныбы:1 «Ә» Пәні:математика
Сабақтың мақсаты:  білімділігі:  3,4,5  сандарының + - кестесін қайталау.
 дамытушылығы: оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөйлеуін жетілдіру.
 тәрбиелігі: оқушылардың  патриоттық  сезімін оята  отырып,   тапқырлыққа, адамгершілікке  баулу.
Көрнекілігі: сабаққа байланысты сурет,кеспе сан,кіші тірек сызбалар.кестелер жинағы,үн таспа.
Түрі: қайталау.
Әдіс – тәсілдері: проблемалық, ақпараттық сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі.
Сабақтың барысы:
     І. Ұйымдастыру кезеңі.
     Оқушылардың назарын сабаққа аудару, қонақтармен сәлемдесу.
  ІІ. Психологиялық  дайындық.
Бас – бармақ – әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – әпкем,
Кішкентай бөбек – мен     
 Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде біз (бесеуміз)
Сыныпты екі топқа бөлу.
І – топ.Алғырлар
Ұранымыз: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
ІІ – топ.Тапқырлар 
Ұранымыз:Ақыл озбайды, білім тозбайды.
Еліміз мықты болу үшін, бір қандай  болуымыз керек? Білімді.
Білімді болу деген не?
Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді 
болуы тиіс.Бүгінгі сабағымызды біз де «Болашақ баспалдағымен көтеріліп,білім шыңына шығу арқылы 
білімімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық.
І – басқыш. Болашақ баспалдағы. Өткенді пысықтау. Кассамен жұмыс.
                    3+2=5                                4+1=5             
                    2+3=5                                1+4=5
Қосылғыштардың орын  ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Кіші тректер арқылы пысықтау.
     4-3=                       3-2 =                        4+1=                         4-1=
     5-5=                       4-2=                         2+2=                         3-3=
177

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сергіту сәті.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
Алақанды ашамыз,
5 – ке 5 – ті қосамыз.
Кел санайық, ал мұны,
Нешеу болды барлығы-?
ІІ – басқыш. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс (ауызша).
                        Кіші трекпен оқу.
Өрнектерді оқы олардың мәнін тап.
3+2=5                               5-2=3                      0+2=2
5-1=4                                3+1=4                     5-0=5
4-2=2                                3-2=1                      4+0=4
ІІІ – басқыш. Теңдіктерді құрастыр сурет бойынша жұмыс.Қосу амалдарының және азайту амалдарының 
компоненттерін  ата.
2+3=5     5-2=3
Ойын «Көршісін тап».  
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақ басталды.
Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Әдемі етіп жазайық.
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.
VІ – басқыш    Төмендегі сандарды  бастыра   жаз.
№3. Дәптермен жұмыс.
0          1          01         01        01
2          3           2          3      2   3
4          5           4          5      4   5     Үлгі бойынша бастыра сыз.
VІІ – басқыш. №5. Салыстыру.  <,=,>  табу.
0+5*5+0                    5-5*5-3                        4-3*4-4
5-1*5-0                      3-0*0+3                       0+2*1+2
Сабақты бекіту: шығармашылық жұмыспен міне біз де болашақ баспалдағының «білім шыңына» да 
жеттік.Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға бізде өз үлесімізді қостық деп айтамыз.Көк туды желбіретейік! 
Берілген тапсырмаларды толығымен жұмыс орындау.
 Үнтаспадан ән тыңдату. «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдай отырып шығармашылық жұмыс 
орындату.Бәйтеректің суретін салу.
 Фишка арқылы оқушыны мадақтау, бағалау.
ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ- КЕМБРИДЖТІК ТӘСІЛМЕН АЙҚЫНДАЛАДЫ
З.А.Кангелдиева. Мақтарал ауданы білім бөлімінің  «№25 Г.Титов атындағы
 жалпы  орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі                 
«Өмір бойы білім алу –әр қазақстандықтың  өмірлік кредосына айналуы қажет!Н.Ә.Назарбаев 
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың қаңтар айындағы «Қазақстан -2050 Мәңгілік ел» деп
аталатын   Қазақстан   Халқына   арналған   Жолдауында   «Қазақтың   Мәңгілік   ғұмыры   ұрпақтың   Мәңгілік
Болашағын баянды етуге арналады.   Ендігі   ұрпақ –Мәңгілік Қазақтың Перзенті.Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда. Бұл үшін өзіміз үнемі қамшымен, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» –деген сөздерін ой толғаныспен
қабылдар болсақ, еліміздің мектептеріне кіріп келген  Кембридж бағдарламасымен оқыту жас ұрпақтың іздене
отырып, алға ұмтылуына ең бір тиімді тәсіл болып табылады. Еліміздің ертеңі мен бүгінгі күнін салыстырсақ
уақыт талабына орай көптеген өзгерістер болуда.    Қазақ мектептерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
«Кембридж» тәсіліне негізделген жаңаша оқытудың бүгінгі баспалдағы осы өзгерістің бірі болмақ. Бұл тәсіл
жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейте отырып, еркін ойлауға үйретеді. Тек қана бір жолмен жүріп өзгенің айтқанын
істеу   ғана   емес,   өздігінен   іздене   отырып,   сыни   тұрғыдан   ойланатын,   құзырлы   тұлғаға   айналып,     елінің
мәңгілігін сақтар ұрпақ болып қалыптасу керек.
«Әлем өзгеруде, біз де өзгереміз!» -деп курс тыңдаушылары ұрандап жатқанда мен де бағдарлама аясында
білімімді толықтырғым келді. Мен өз саламды білемін деп келсем,  білмейтінім көп екен. Сол үшін білімімді
толықтыра отырып,   «Мен неге өзгеруім керек, өзгерсем,   мұғалімнің қай қырынан көрінуім керек?»   деген
178

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сансыз ойлармен бағдарлама тыңдаушысы болдым. Курста жүргенде   мұғалімде   Шульманның «Мұғалімнің
үш   көмекшісі»   деп   атаған   қасиеттері   болса,     оқушының   дамуына   жол   ашылатындығын   түсініп   жеттім.
Кембридж тәсілімен сабақ өтуде  әдісім де, тәсілім де өзгерді.  Бір сөзбен айтқанда, мен өзгердім. Осы жерде
ұлылардың «Өзіңді біл, таны, сен сол кезде әлемді де аша аласың» -деген сөзі есіме түседі. 
Мен өзгердім, кәсіби түсінігімді (бас) Кембридж бағдарламасының тәсілдерімен толықтырдым, күнделікті
сабағымда   қолдануға   дағдыландым.(қол)     Нәтижесінде   өзім   де   жаңалыққа   ұмтылуға,   үнемі   ізденуге
талпындым. Қазіргі таңда мен өзімді  өзгердім деп айта аламын. Қай  жағынан  өзгердім? Алдымда  отырған
оқушымен   ой   бөлісіп,   пікірлесетіндей   болдым.   Жүздерінен   қуаныш   пен   күлкі   нышаны   байқалатын
шәкірттерімді сыни тұрғыдан ойландыруға жетелеу арқылы өзім де сыни тұрғыдан ойланатын болдым. Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету Кембридж бағдарламасындағы 7 модульдің бірі. 7 модульді кіріктіре отырып, сабақ
өту- әрбір оқушының жүрегіне жол табу деп  білем.   
Оқушы мен оқушының ынтымақтастығы, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы осы тәсілді қолдануда
көрінеді. Ұлы ақын А.Құнанбаевтың қара сөзінің жетінші   сөзінде айтылған:   «Жас бала анадан туғанда, екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деген –тән құмары, ал   екіншісі -білсем екен, көрсем
екен, үйренсем екен деген –жан құмары».
Ұлы тұлғаның айтқан   осы сөздерінен ғибрат алар болсақ, оқушының бойына   жан құмарлықты сіңдіру,
Кембридж тәсілі арқылы болатындығын өз тәжірибемнен байқаудамын. Оқушыларымның күнделікті сабақта
қызығушылықпен отыруы, белсенділік танытуы мені  алға жылжуға, қиындықтан қашпауға жетелеуде. Өз ойын
айтуға құштар шәкірттерім әр сабақта дамуға,  шығармашылықпен айналысуға  ұмтылуда. Әр кез оқушыларым
менен жаңа нәрсе күтіп тұрады, сондықтан маған ұдайы өзгеру, даму қажет. Осындайда ойыма:
«Жақсы  ұстаз – жан азығы» білсеңіз,  Әрқашан да сыналатын әр ісі –
деген   өлең жолдары   келеді.   Сабақ үстінде оқушылармен топтық жұмыс жүргізу олардың таланты мен
дарынын көрсетуге беретін бірден-бір мүмкіндік екендігін сезіндім. Өзгенің ойын, түрлі пікірлерін   тыңдай
келе   мен   неге   ондай   бола   алмаймын,   оның   алған   жақсы   бағасын   мен   де   ала   аламын   деген   ұмтылыстар
оқушылар   арасында   көбейді.   Сабақтағы   белсенділік   бірте-бірте   шығармашылыққа   ұласты.   Өлең   жолдарын
құрастыратын, тақырыпқа сай шағын эсселер жазу оқушылардың қабілеттерін, дарындылығын ашуға әсер етті.
Өздігінен ізденіп, ой-пікірін дәлелді түрде ізденетін оқушылар кіші ғылыми жұмыспен де айналысуда. Осы
жетістіктердің бәрі де білім саласындағы үлкен өзгерістің бірі Кембридж тәсілімен оқытуда болып жатыр. Бұл
дегеніміз Елбасымыз көрсетіп берген даңғыл жолмен жүру.  Мәңгілік елдің жарқын болашағын құратын тұлға
қалыптастыру болып табылады. Сабақты үнемі бір –біріне жылы сөз, тілек айтудан бастау, оқушыларды бір-
біріне   жақындастырады.   Шаттық   шеңберін   сабақ   басында   құрып,   соңында   «Тілек   ағашына»   сабақ   туралы
пікірлерін жазу, оқушылардың сабақ бойы өзінің қатысып  отыруына мүмкіндік береді. Яғни, сабақтың басынан
аяғына     дейін   өзім   сөйлемей,   оқушыны   ойлантуға,   ойын   айта   білуге,   тың   идея   тудырта   отырып   шешім
қабылдауға, оны шешуге бағыттаймын.
Сабақта бағдарламаның   оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану модулін кірістіре отырып өту, сабақтың   бір
жүйеде өтуін және уақыт үнемділігін қамтамасыз  ететіндігін түсініп жеттім. 
Оқушылардың қызығушылығы өз алдына бір жетістік  деп білемін. Ғаламтордан мәліметтер жинауға, өтілген
тақырыпты   пысықтауда   мульфильм   үзінділерін   теледидардан   көрсету,   үзінділерден   мысалдар   келтіру
оқушылар белсенділігінің жоғарлығын көрсететінін байқадым. 
Оқушыларды   бағалаудағы   бұрынғы   тәсілдерді   өзгертіп,   оқыту  үшін   бағалау   мен   оқуды   бағалау   модулін
қолдану   арқылы   оқушылардың   өзін-өзі   және   сыныптастарын   бағалауды   ұдайы   жүргізіп   отырдым.   Бағалау
критерийлерін құру арқылы нақты сөз, түйінді ой айтуға жетелейді. 
«Бағалау»   термині   «жақын   отыру»   дегенді   білдіретіннің   өзі   оқушы   мен   мұғалімнің   қарым-қатынасының
жақсаруына,  білім деңгейінің  көтерілуіне әсер  етеді. Оқушы жан  дүниесін    түсінуге әсер  ететін бірден-бір
тәсілді формативті бағалаудан табуға болады. Қарастырылатын мәселені бақылау, бақылау арқылы жаңа ой
туындату, одан арғы жүргізілетін іс –әрекеттеріне шешім қабылдау оқушы дамуына жол ашады. 
Сабақ   үстінде   формативті   бағалауды   ұдайы   жүргізу   -   оқушылардың   белсенділігін   ,   берілген   тапсырма
бойынша топтық   жұмысты талқылауға қатысуға әсер етеді. Смайликтер, кеспе суреттер арқылы формативті
бағалауды жүргізу барысында оқушылардың бойынан ерекше шабыт, ойындағысын айтуға , алға ұмтылыс   ,
көтеріңкі көңілді байқадым. 
Олармен бірге критерийлерді талдау, өздері тұрған критер ийлер бойынша бағалану- бойларындағы оқуға,
білімді болуға деген жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. 
Елдің   ертеңін   дамытуға   үлкен   үлесін   қосатын   ұрпақтың   келешегі   үшін   Кембридж     тәсілімен   сабақ   өту-
мұғалімнің құзіреттілігінің  артуы.  Мұғалім оқушының жан дүниесіне тереңірек енуі үшін материалдық және
рухани жағынан ерікті болуы керек деп ойлаймын. Мұғалімнің оқушылар алдында өзін еркін ұстауы, сөйлеу
мәнері, еркін оқыта алуы, соның нәтижесін бақылай алуы - қорытынды жасай алуы .Мысалы , оқушы алдында
мұғалім   білімінің   төмендігі,   сөзін   дұрыс   сөйлей   алмайтын,   жүріс   -тұрысы   ерсі,   киімдері   ретсіз   болатын
ұстаздан қандай үлгі алады.? Мұның өзі мұғалім құзіреттілігін төмендетуге әсер етеді. 
179

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қазіргі оқушылардың   ғаламторға енуі, әлем жаңалықтарын естуге, үлкен орталарда болуға мүмкіндіктері
бар. Сол себепті  қазіргі  кезеңде әрбір ұстаз  өз ісінің  ең  биік шыңына жетпесе  болмайды. Қазіргі ұстаздар
баланың бойына білімді жан жүрегінің жылуымен тағы да басқа мыңдаған қадір қасиеттерді дарыта білсе,
бағдарламаның іске асқандығы,   құзіретті оқушы мен құзіретті мұғалімнің қалыптасқандығын көреміз. Осы
орайда  ұлы Абайдың :       Дүние де өзі, мал да өзі,         Ғылымға көңіл бөлсеңіз ... -  
деген аталы да баталы сөзі әрбіріміздің жадымызда мәңгі жаңғырып тұруы тиіс деп ойлаймын. «Әлем өзгерді
- мен өзгердім»   деген бағдарлама тыңдаушыларының   ұранды сөзіне оралар болсақ –мен өзгердім. Қандай
дәрежеде өзгердім?  Ізденуге,  шығармашылықпен айналысуға  ұмтылдым. 
Әлем өзгерісіне мен де еніп келемін. Сондықтан  елдің ертеңі үшін бағдарлама арқылы сапалы білім беруде
жалықпай, талмай еңбектенуге, өзгеруге міндеттімін. Адам өміріндегі қиыншылықтарға   қарсы тұра алатын
жаңашылдықты қабылдай білетін мықты тұлға болуы керек. Себебі,  өзгеру деген өмір, өмір бұл- қозғалыс,  ал
қозғалыссыз   даму   жоқ.   Дамусыз   өмір   жоқ.   Мұғалім   ретінде   елдің   ертеңі   мен   болашағын   айқындайтын
Кембридж  тәсіл екендігін түсіне отырып, мен өзгермесем, онда шәкірттерім де өзгеріссіз қалады екен. 
Олардың заман талабына сай өзгере алмауы,  мен үшін оларға деген  зияндығым  болып табылады. Менің
сабақты   Кембридж тәсілімен өтуім бір оқушыға болса да,   жалпы   оқушыға болса да   адам ретінде елімнің
дамуына   аз мөлшерде болса да үлес қосқаным деп білемін. Ендеше осы бағдарлама бойынша жұмыс істей
отырып, оқушылардың болашағы, елімнің ертеңгі жарқын бейнесі үшін мен өзгеріп келемін. Алдағы  мақсатым
да   осы.   Сол   мақсатқа   жету   үшін   Карл   Роджерстің   «Мен»   тұжырымдамасын,   Бандураның   тиімділік
компонентінің 4 факторын,  Выготскийдің «ЖАДА» - сында жұмыс істеуді ұдайы жүргізіп келемін.
Кембридж   бағдарламасымен    жұмыс істеу- әріптестермен  үнемі  байланыс жүргізу.   Басқамен  ой бөлісу
арқылы,  өз ойыңды айту арқылы дамимыз. Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті  -  басқаларды үйрету.
Өз білгеніңді әріптестермен  бөлісу - пікір алмасу. 
                 Ұстаз болу –батырлықтың белгісі,         Ұстаз болу –адамдықтың үлгісі- 
деген   өлең   жолдары   арқылы   өз   ойымды   аяқтағым   келеді.   2014   жылы   қаңтар   айындағы   Елбасымыздың
Қазақстан Халқына Жолдауында айтқан Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін осы бағдарламамен
жұмыс істеуді тыңғылықты,  нәтижелі етіп жүргізуіміз керек.
                          
АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТІ
Мақтарал ауданы білім бөлімі
«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Тақырыбы: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті».
Зерттеуші :7 «А»сынып оқушысы Серік  Айгерім Нұрланқызы.
Ғылыми жетекшісі:биология пәні  мұғалімі  Жиеналиева Атыркуль
І.Негізгі бөлім. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар
емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы
сияқты   құбылыстардың   байқала   бастауына   байланысты   оның   маңызы   арта   түспесе   кеміген   жоқ.   Дәрілік
өсімдіктерді   ем   ретінде   пайдалану   сонау   көне   заманнан   бері   дағдыға   айналған,   мұны   ескі   ескерткіш
қолжазбалардан айқын көре аламыз.. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер
бетінде Қазақстан жері  әр   түрлі   табиғи жағдайдан, орманды   далалы,    таулы аймақтардан тұрады. Міне
осындай ұланғайыр өлкемізде   алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда   болмасын, адамзат баласы өсімдік
өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына  да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің
40% өсімдіктен дайындаладыөсетін  барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын
емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –
дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.
Шипалы   өсімдіктер   қатарына   әр   түрлі   сәнді   өсімдіктер   де   жатады.   Сондай-ақ,   біздің   бау-бақшамызда   аяқ
астында қаптап өсетін  арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында
өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса
пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан   астам
мәдени   өсімдіктерді   қолдан   өсіріп   шығарады.   Сөйтіп   қазіргі   кезде   олар   адамның   игілігіне   айналды.   Ерте
заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану
жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген .
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді.
Сонымен   қатар   дәрігерлер   мыңжылдық   деп   те   атайды.   Алоэнің   қоспалары   Қытайдың   мыңжылдық
қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады.  Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет