Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы. Шығыс септігіндегі есімше



бет11/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

10-апта. Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы. Шығыс септігіндегі есімше
Қазақстан Жоғары білім берудің Болон жүйесіне 2010 жылы өз еркімен қосылып, ел азаматтарының шет елдерде білім алуын ашық қолдайтынын әлем алдында паш етті.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша осы уақытқа дейін 11 399 әлемнің 36 еліндегі үздік 300 оқу орнында қазақстандық білім алған.
Негізі, Қытай мен Ресей қазақстандық білім миграциясында басымды бағыт саналады. Бұл ретте бірінші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, шетелде білім алып жатқандардың жартысы немесе 15 мыңы сол жаққа кеткен. Әрі қарай Чехия мен Түркия. Көп студент арман еткен елдердің қатарында АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания да бар, бірақ бұл бағыттар қымбаттау.
Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жетекші білім ордаларының филиалдарын ашып, отандық жоғары білім беру саласының дәрежесін, деңгейін, сапасын көтеру қажеттігі тұрғысында жұмыстар жүргізуде. Бүгінде бірқатар шетелдік ЖОО Қазақстанның білім нарығына ресми түрде жол ашып, орнығуға талпыныс білдіруде. Айтқандай, «қос диплом» бағдарламасы БАӘ, Катар, Малайзия, Қытай сынды елдерде бұрыннан танымал оң тәжірибеге айналған. Әлемдік білім саласында тиімді қолданылып жүрген бұл үрдіс жоғарыда аталған елдерде жергілікті студенттерге ғана емес, шетелдік студенттер үшін де мейлінше қолжетімді.


Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
паш етті арман
үздік дәреже
бағыт шетелдік
ыңғайлы тәжірибе
қолжетімді мейлінше
2. Бірінші абзацты орыс орыс тіліне аударыңыз.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Мүмкіндігіңіз болса қандай шетел оқу орынын таңдайтыныңызды және себебін жазыңыз.
5. Шығыс септігіндегі есімшені қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. «Қазақ жастары неге шетелден білім алуға құштар?» тақырыбына өз ойыңызды жазыңыз.
8. Сөйлемді аяқтаңыз, орыс тіліне аударыңыз. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша .....




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет