Тапсырмалар: 1.Мәтінді оқыңыз.
2.Жаңа сөздерді теріп жазыңыз,аударыңыз,сөз тіркестерін құраңыз.
3.Өзіңіз құраған сөз тіркестерімен 5 сөйлем жазыңыз.
4.Мәтін бойынша 7-8 сұрақ құрастырыңыз.
5. «Отбасылық құндылықтар» тақырыбына эссе жазыңыздар.
6. Зат есім жасаушы күрделі жұрнақтарға сөз тіркестерін құрастырыңыз.
7.Ұлттық діл, ұлттық мінез дегеніміз не? Жауабын дәптерге толық жазып, оқыңыз.
8. Мәтінді оқып шығып, қысқаша мазмұндаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
12-апта. Қазіргі қазақ киноиндустриясы деңгейі Қазақ киносы қайраткерлеріне жұмыста жетістікке жетіп жəне ұлттық кино өнердің дамуын қамтамасыз ету үшін əрдайым шығармашылық ізденіс жүргізу қажет болды. Осындай ізденіс пен білімнің арқасында қазір еліміздегі киноиндустриясы көптеген жетістіктерге жетті.Қазақстан мен Еуропа кинорежиссерлері бірігіп түсірген кинофильмдер - «Көшпенділер», «Адасқан жан», «Моңғол: Шыңғыс ханның көтерілуі», «Алқызыл қоян туралы аңыз» және Сергей Дворцевой түсірген «Қызғалдақ» қойылымдары көрермендер тарапынан оң бағаланған болатын.Алайда, ұлттық кино өнеркәсібінің өзінің даму барысында кино түсіру саласындағы жергілікті ескі дәстүрлер аясынан әрмен аттап үлгергенін айта кеткен жөн. Бұл киноиндустрия дала батырлары жайлы тарихи-эпостық кинохикая жанрының да ауқымынан асып,жетілудің жаңа жолына түсті.Режиссер Фархат Шәріповтың кинотеатрларда көрсетіліп, көрерменге қатты ұнаған «Алқызыл қоян туралы аңыз» атты фильмінің көрсетілімі Қазақстанның табиғи газ өндіру саласында жұмыс істейтін мультимиллионер алпауыттардың бетімен кеткен шолжаң балаларының өмірін бейнелейді.Ал режиссер Ахан Сатаевтың «Адасқан жан» фильмі –кең даланың шетсіз төсінде адасып кеткен отбасының тауқыметі туралы түсірілген метафизикалық триллер.Қазақстанда ел режиссерлері түсірген кинофильмдер көбейіп келеді.Кино түсіру саласына жұмсалатын инвестициялар көлемі де артып жатыр.Ұлттық кинематограф Еуропа,Азия және Америкадағы өнер орталықтарынан серіктестерді көптеп таба бастады.Мамандардың айтуынша, соңғы үрдіс болашақта елдегі кино өнеркәсібінің көптеген табыстарға жетуіне жол ашады. «Біз бұл елде мықты серіктес пен өз өнеріне дүйім әлем жұртын тәнті ете алатын режиссерлердің жас буынын таптық.Бұның бәрі Қазақстанды расында да қызықты ел етеді»,- дейді ресейлік Анна Качко. «Қазақстан кино өнеркәсібі осыншама ықылас пен көп қайратқа ие екенін танытты.Ол алдағы уақытта да дүниежүзілік кинокөрермен аудиториясының назарына ілінбей қала береді деп айтуға дәтің шыдамайды»,- дейді «The Screen Daily» сайты.Қазір Қазақстан кино түсіру саласы жағынан АҚШ,Ресей,Үндістан,Оңтүстік Кореядан кейінгі 5 орында деп айтуға болады.Яғни бұл дегеніміз ұлттық кино өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығының дәлелі.Қазақ киносы – қазақ тарихы. Өшпес із қалдырар мәдени мұра.Ертеңгі күнге бүгіннен естелік. (266 сөз)