Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)



бет27/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8



11-апта. Ұлттық ділге тән тұрақтылық пен өзгермелілік
Діл – жалпы менталитет дегенді білдіреді , негізі ағылшын тілінің – mentality сөзінен енген, кейде mindset деп те айтады — ойлаудың үлгісі, этностыңәлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Ұлттық діл - этностың, ұлттың жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға-беруі,әлеуметтік позициясы өзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады. Ұлттық менталитет — белгілі,бір этносқа тән адамдар тобының өмір салты мен мәдениеті, сондай-ақ ұлттық құндылықтар жүйесі, ұлттың көзқарастары мен дүниетанымы, жалпы мінез-құлық қасиеттері.
Тұрақтылық, өзгермейтіндік, тұрақтылық, консерватизм — ұлт менталитетіне тән белгілер.
Адамдардың өзіндік ерекшеліктері, мінез-құлықтары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тілі - осының бәрі әр халықтың өзіндік ерекшелігін және өзін-өзі көрсетуін тудырады.
Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтарының және іс-әрекеттерінің біркелкі сипатын білдіретін үғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, тағы басқалар), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін тандау қабілеті негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. Ұлттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. (200 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет