10-апта. 2 сабақ (2).Білім адам өмірін жақсартады
Шығыстың ұлы ақыны Жүсіп Баласағұни: «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер» деп білімнің адамзат үшін ең асыл, ең қымбат,ең қажет дүние екені туралы айтады. Білімді болсаң кез келген қиындықтарды жеңіп, бар армандаған, аңсаған дүниелерге, ойлаған бар мақсат,мұраттарға еш қиындықсыз қол жеткізесін. Ғылым мен жаңа технологияларды игерген адам кез-келген қиын жағдайдан шығатын жолды тауып, өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге шамасы жетеді. Адамзат баласы білімді, жан-жақты сауатты болған сайын оның дүниетанымы кеңейіп, креативті ойлау жүйесі дамып, басқа адамдармен қарым-қатынас жасап сөйлесу барысында көп нәрсе үйренуге және үйретуге мүмкіндігі арта түседі.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім — ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы екеніне ешкім де күмән келтірмейді. «Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек» деген аталы сөз қай уақытта да, қай кезеңде де өзінің маңыздылығын жоймақ емес. Ғасырлар қойнауындағы қазынадай көрінген Ахмет Байтұрсынұлының осынау жалынды сөзі бүгінгі буынның ұранына айналғаны қашан?! Ел дамуы мен өркениетті мемлекет қатарынан орын алудың да негізгі тетіктерінің бірі ұлт ұстазының межелеп кеткен биігінде жатса керек. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына. Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді әрі өзіңе жаңашылдық ашуға қабілетті болады. Білім — кез келген адамның өмірінің негізгі аспектілерінің бірі. Әр адам өз өмірінен бір нәрсе үйренеді. Адамның білімі қаншалықты жақсы болса, айналасындағы әлемді түсіну, өмірдегі әрбір адам үшін туындайтын проблемаларды шешу оңайырақ.Егер адам жоғары білім деңгейіне ие болса, онда ол өз білімін, дағдыларын және қабілеттерін іс жүзінде әртүрлі ақпараттық ресурстарды қолдана алады.Білімді адам жоғары ақы төленетін және перспективалы жұмысқа ие болу үшін көп мүмкіндіктерге ие, өйткені мұндай адамдар жаңа нәрселерді оңай меңгеріп, өздерінің білім ресурстарын барынша пайдаланады. (248 сөз)
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Жаңа 10 сөзді теріп, жазып,аударыңыз.
3. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: білімді адам, білімді болу, ел дамуы, ұлы ұстаз, жоғары білімді, ақыл мен парасат, адамның білімі.
4. Мәтін бойынша 10-15 сұрақ дайындаңыз, жауаптарын жазыңыз.
5. Шығыс септігі мен ілік септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңыздар.
6. Білім, ғылым туралы қанатты сөздерді мәнерлеп оқып, 4-5 жаттап алыңыз.
Дүниенің бар қызығы,
Білім менен ақылда.
Білім болса, ақыл болса,
Ардақталар атыңда.
***
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
***
Білімдіге дүние жарық,
Білімсізге дүние кәріп.
***
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
***
Халық пен халықты, адам мен адамды
Теңестіретін нәрсе – білім
***
Жас шағыңда білім жина
Кітап оқып үңіле,
Дүниенің бар байлығы білімде.
7. «Білім адам өмірін жақсартады» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.
8. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |