Тапсырмалар:
Мәтіннен он жаңа сөзді теріп жазып, сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Өзіңіз құрастырған сөз тіркестерін пайдаланып 6-7 сөйлем құрастырыңыз.
Мәтін бойынша 10 сұрақ , жауап жазыңыз.
Мәдениет пен өнер туралы өнегелі сөздерді оқып, жаттап алыңыз.
Мәдениет пен өнер ісінің сан алуан сәулетті түрін көп уақыт сақтап, келесі заманға мирас етіп отыруға болады. (Әлкей Марғұлан)
***
Сұлулық – адам баласының жан дүниесіндегі ұдайы қайталанып отыратын жақсы қасиет.
***
Әдемілікті әр халық өз ерекшелігіне қарай қабылдап, өзіне тән ұғыммен баяндайды.
(Ілияс Омаров)
5.«Қазіргі өнер туындылыры» тақырыбына эссе жазыңыз.
6.Қазіргі уақытта әлемге танымал Еуропа мен Қазақстанның қандай суретшілерін білесіздер? Қазіргі суретшілер туралы 4-5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастырыңыз.
7.«Нағыз өнер туындылары уақыт талғамайды» мәтіні бойынша сұхбат жазыңыз.
8.Мәтінді толық оқып шығып, әңгімелеңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
13-апта. Ақпараттық мәдениет
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам сезіне білуі керек. (260 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |