Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-апта. Мәдени жаңалықтар. Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметі



бет20/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

14-апта. Мәдени жаңалықтар. Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметі.
Мәдени жаңалықтар

Қазақстанда экономикалық ілгерілеу мен саяси тұрақтылық әлеуметтік-мәдени салада реформаларды тиімді жүргізуге кеңінен жол ашты. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік мәдениетті қолдау бағдарламасы жасалып, еліміздің мәдениеті мен өнері мемлекеттік қолдауға ие болды. 2000 жыл Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланды. 2004 жылдан бері «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып, халқымыздың тарихы мен мәдениеті жайлы ірі-ірі еңбектер жарық көрді. Елімізде театрлар саны өсті: 2 опера және балет, 33 драм, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театры, 73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы киноқондырғылар халыққа қызмет етеді. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні елімізде 48 театр, 62 концерттік ұйым, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 2259 клуб түріндегі мекеме, 42 луна-парк пен демалыс саябақтары, 4 хайуанаттар паркі жұмыс істейді. Сонымен қоса, «Азия дауысы», «Жас қанат», «Жігер», «Алтын алма», «Шабыт» халықаралық ән байқауы және де Айтыс мектебі қалыптасып, «Айтыс өнері» өткізіліп тұрады. Фольклорлық өнер ұжымдары, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі, Отырар сазы оркестрі, Салтанат би ансамблі өнер көрсетті.


2001 жылы «Асыл мұра» атты Қазақстанның музыкалық мұра жобасы ашылды. Жобаның мақсаты құнды ұлттық музыкалық мұраны табу, жүйелеу, қайта өңдеу және қазіргі аудиотаспаларға көшіру. Жоба аясында халықтық, классикалық және қазіргі Қазақстанның үздік мәдени мұра үлгілері қалпына келтірілді. Бүгінгі күні Қазақстанның елордасы – Астана қаласының мәдени инфрақұрылымы кеңейтіліп келеді. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы орыс драма тетры, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс істейді. Президенттің мәдени орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Мемлекеттік цирк, Бейбітшілік және келісім сарайлары іске қосылып, қолданысқа берілді. (https://stud.kz/referat/show/36021).


Тапсырмалар:

  1. Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.

  2. Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.

  3. Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.

  4. Көсемше жұрнақтарын еске түсіріңіз, дәптерге жазып, мысалдар келтіріңіз.

  5. Мәтінді оқып, өз ойыңызбен толықтырып айтыңыз.

  6. Сәйкестендіру. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөздермен тіркестіріңіз, Көсемшенің астын сызыңыз.

Домбыра

бұралып би билейді

Сыбызғы

күңіренеді

Әнші

күмбірлегелі тұр

Қобыз

сызылып сыр айтады

Биші

ән салады




  1. Мәтіннен сан есімдер мен жалқы зат есімдерді тауып жазыңыз.

8. Мәтіннен сын есімді сөзтіркестерін көшіріп жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет