Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет21/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

15 -апта. Экономика және өндіріс жаңалықтары. Қимылдың өту сипаты: іс-әрекеттің басталуын білдіру, басталуға жақын тұрғандығын білдіру (жаза бастады, басталғалы жатыр).
Экономика және өндіріс жаңалықтары


Қазақстан экономикасы – абсолютті түрде жан басына шаққанда Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып табылады. 2021 жылы Қазақстан тәуелсіз республика болғаннан бері 370 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартты. Елде мұнай, сондай-ақ пайдалы қазбалар мен металдар қоры бар. (https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_экономикасы)
Былтыр ел экономикасында біраз өзгеріс болды. Үкіметтің есебіне сәйкес, инфляция екі есеге төмендеді. Энергетика саласында маңызды жобалар рәсімделді. 2023 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында маңызды құжаттарға қол қойды. Соның бірі – Қазақстанның үш қаласында ЖЭС салу. Ресейлік мамандар Көкшетау, Семей мен Өскеменде жылу электр станцияларын салады. Ал "Самұрық-Қазына" АҚ ақысын төлеп береді. Мәселен, Көкшетауда ЖЭС мүлдем болмаған. Ал жаңа станцияға 389 миллиард теңге жұмсалады. Көмірмен жұмыс істейтін жаңа жылу электр станциялары Қазақстанның "жасыл энергетикадағы" жағдайын жақсартпаса да, нақты экономиканы дамытуға және халыққа уақытында жылу беруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, отандық энергетикаға қатысты тағы бір маңызды мәселе – атом электр станциясын салу бастамасын жалпыұлттық референдумға шығаруға шешім қабылданды. Тоқаев нақты мерзімі кейін анықталатынын айтты. Атом электр станциясы құрылысы үшін Алматы облысындағы Үлкен ауылы ең қолайлы жер ретінде таңдалды. Осы саладағы әлемдік тәжірибе де зерделенді. Соның негізінде ядролық технологияларды жеткізе алатын мына HPR-1000 қытайлық "CNNC" компаниясы; APR-1400 реакторы бар "KHNP" корей компаниясы; ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей "Росатом" компаниясы; EPR-1200 реакторы бар "EDF" француз компаниялардың тізімі де жасалды. 
Ал "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы отандық инвесторға сатылып, бұрынғы "Qarmet" деген атауын қайтарып алды. Қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев сатып алды. Лаврентьев активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады. (https://sputnik.kz/20231229/zhyldyn-7-zhanalygy-qazaqstan-ekonomikasy-qalay-ozgerdi-41232311.html)
Тапсырмалар:



  1. Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.

  2. Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.

  3. Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.

  4. Көсемше жұрнақтарын еске түсіріңіз, дәптерге жазып, мысалдар келтіріңіз.

  5. Мәтінді оқып, өз ойыңызбен толықтырып айтыңыз.

  6. Грамматиканы еске түсіру. Етістіктің шақтары туралы не білесіз? Неше түрі бар? Мысалдар келтіріп, жасалу жолын түсіндіріңіз.

  7. Мына сөздерді жіктеңіз. Орында, есеп шығар (О.ш.), үйрет, төле (К.ш.) жекеше, көпше түрде.

  8. «Табиғи таза өнім». Интервью жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет